Болашақ мұғалімдерге педагогикалық пәндерді оқытудың психологиялық негіздері


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   

Болашақ мұғалімдерге педагогикалық пәндерді оқытудың психологиялық негіздері.

Педагогика гректің “пайс” - балалар, “ Эгейн” - баланы басқару, тәрбиелеу, жетектеу ұғымдарынан шыққан.

Ертедегі Грециядағы өзінің қожайынының баласын қолынан ұстап, жетектеп, мектепке ертіп апаратын құлдарды педагогтар деп атаған.

Қоғамның даму формацияларының әр кезеңінде “ педагогика” кең, жалпы мағынада қолданыла бастады. Білімнің жетілуіне байланысты балалардың тәрбиесі туралы ғылым пайда болды.

Педагогика оқулықтарында, жекеленген ғалымдардың зерттеу жұмыстарында, сөздіктермен анықтамаларында педагогика ғылымына берілген анықтамалар көп және әртүрлі. Соларды жалпылай келе қорытындылайтын болсақ, педагогика тәрбие туралы ғылым.

Педагогикалық ғылыми таным саласы - тәрбие.

Педагогика қоғамдық өмірдегі тәрбиенің мәні мен рөлін анықтайды.

Әртүрлі ғылымның өзіне тән тану саласы және ғылыми ұғымдарны бар. Педагогика ғылымының негізгі ұғымдары:

  1. Тәрбие - дегеніміз оларды қоғамдық өмірге және өндіргіш еңбекке дайындау мақсатын көздеп, жаңа ұрпаққа қоғамдық - тарихи тәжірибені ауыстру процесі болып табылады.
  2. Білім беру- ғылымдар жүйесіне білім алу және танымдық іскерлік пен дағдыны қалыптастыру, соның негізінде жеке бастың көзқарасын, адамгершілік т. б. жағымды қасиеттерді қалыптастырып, жеке адамның шығрмашылық қабілеті дамыту.

Білім - адамның дамуына жағдай тудыратын арнайы ұйымдастырылған ішкі жағдайлар жүйесі.

  1. Оқыту - білім берудің негізгі жолы. Оқыту оқытушы мен оқушылардың біріккен іс - әрекеттері. Сондықтан да ол екі жақты, бір текті процесс: біріншіден, оқытушы оқушыларға білім беріп, іскерлікке, дағдыға үйретеді, екіншіден, оқушы таным міндеттерін жете түсініп, дағдыны игереді және оларды өмірде қолданады.

Педагогика тәрбие, білім беру ұғымдары бірыңғай және тұтас процесс болып қарастырылады. Оқыту барысында білім беру мақсаты іске асырылады. Олай болса, оқытудың білім беру және тәрбиелік мәні бар. Оқыту барысында. Оқушыларға теориялық білім мен тәрбие беру бір - бірімен ұштастырыла жүргізіледі.

Негізгі педагогикалық ұғымдар - тәрбие, білім беру, оқыту біріне - бірі тәуелді, табиғи байланысты бұл ұғымдар оқушыларды өмірге практикаға дайындаудың басты кұралдары. Тәрбие, білім беру, оқыту үрдістері оқушылардың даму үдерісімен тығыз байланысты өйткені тәрбиелеу объектісі өсіп және дамып келе жатқан тіршілік иесі-бала болып табылады.

Баланың бүкіл өмірі бойында оның даму удерісі журіп жатады. Ол сан алуан дене күші мен психикасы жағынан, сандық және сапалық жағынан өзгерістерге ұшырайды. Дене күштері өзгерістеріне - сүйек және бұлшық ет системасының, ішкі органдарының, нерв системаларының өсуі мен дамуы жатады. Психикалық өзгерістер, ең алдымен, ақыл-ой жағынан дамуына, жеке басының барлық психикалық сипаттарының қалыптасуы мен қоғамда тіршілік ету үшін қажетті әлеуметтік сапаларды алуына қатысты болып келеді.

Адамның дамуы- өте күрделі үдеріс. Бұл сыртқы әсер етудің де, ішкі күштердің де ықпалымен өтіп жатады. Бұл қандайда болмасын тірі және өсіп келе жатқан организм сияқты адамға да тән болып келеды. Сыртқы әсерлерге, ең алдымен, қоғамдық материалдық өмірінің жағдайлары - баланы қоршаған табиғи және әлеуметтік орта мен оның қоғам өміріне қатынасуы, яғни тәрбиесі үшін қажетті сапаларды балаға дарыту жөніндегі адамның арнаулы мақсат көздеген қызметі жатады.

Барлық осы сыртқы әсерлер мен ықпалдар әрбір жеке адамның даралық өзгешеліктерін сипаттайтын ішкі жағдайлар мен орайласады. Басқа сөздермен айтқанда, сыртқы жағдайлардың ықпал етуінің нәтижесі бұларға балалардың қалай қарайтындығына, олардың мұны қалай қабылдайтындығына, яғни әрбір баланы психикасында болып жатқан ішкі үдерістерге түгелдей және толығымен тәуелді болып келеді. Нақ сондықтан да тіпті өмір мен тәрбиенің бір келкі жағдайларында да адамдар мүлде әр түрлі даралыққа ие болып өсіп жетіледі.

Осы іштей елең етудің сипатына ата-анадан мұраланған және әр балаға тән болып келетін дара табиғи деректер - нерв системасы дамуының типімен дәрежесі және оның дене күші дамуының ерекшеліктері ықтал етеді.

Сыртқы күштер мен ықпалдарға адам организмінің елең ету үдерісінде ішкі қайшылықтар үнемі туады. Бұл туып келе жатқан дамып отырған қажеттіліктердің, тілектер мен баланың қолда бар мүмкіндектерінің арасындаға, ескі мен жаңадан қалыптасып келе жатқан сапалардың арасындағы қайшылықтар.

Осы туып және дамып келе жатқан қайшылықтардың болуы диалектикалық материалмз көз қарасы тұрғысынан алғанда адам дамуының басты қорғаушы күшіде болып табылады.

Тірі организм үздіксіз өзгеріп тұратын қоршаған ортаға үнемі бейімделіп отырады, бұл адам миының қыртысында барған сайын үсті-үстіне жаңа байланыстардың түзілуінен көрінеді. Сондықтан да адам өзін қоршан шындық өмірде бағыт бағдар алу және өзінің дамуы үшін ең жақсы жағдайларды анықтау мүмкіндігін алады.

И. П. Павловтың іліміне сәйкес, даму дегеніміз ішкі нерв процестерінің және қоршаған шындық өмірдің адамға үздіксіз көрсетіп отырған сыртқы ықпалдарының өзара әрекеттестігі, бұл процесс тіршілік иесі ретінде адам белгілі бір туа біткен қасиеттердің және қоршаған шындық өмірмен араласудың ықалы арқылы оның бойында болып жатқан өзгерістердің қоспасы болып келеді.

Баланың дамуы дегеніміз күрделі қайшылықтары бар процесс бұған үш негізігі фактор - тұқым қуалаушылық ( ішкі жағдайлар саласы. ) орта және тәрбие (сыртқы әсерлер саласы. ) ықпал етеді.

Осы үш фактор баланың дамуына қалай әсер ететіндігі, бұлар өзара қандай қарым-қатынастарда болатындығы бұлардың қайсысы және қашан жетекші болып шығатындығы туралы мәселенің өте зор ғылыми және практикалық маңызы бар. Сондықтан осы үш факторлар өзара тығыз әрекеттестікте болып дамуға бірігіп ықпал еткенімін әрбір фактор мен олардың көрсететін ықпалын жеке алып қарастырған пайдалы болады.

Тұқым қуалаушылық тың ықпалы: Ұрпақтарда ата - аналарға биологиялық ұқсастықтардың мол болуы тұқым қуалаушылық деп түсініледі.

Әрбір бала ата - аналардан белгілі бір тұқым қуалаған қасиеттерімен дүниеге келеді. Мәселен, ата - аналардан балаларға дене қалыптасуы мен конституция ерекеліктері және кейбір басқа ден күші сапалары мен қасиеттері: шаштарының түрі - түсі, көздерінің терілерінің реңі ауыса алады.

Осының бәрі туа ауыса алады, осының негізінде қоршаған шындық өмірмен өзар әрекеттесудің нәтижесінде жоғарғы нерв қызметінің белгілі бір типі (холериктік, сангвинникалық, флегматикалық, меланхоликалық) дамиды.

И. П. Павловтың іліміне сәйкес, адам туған кезде толып жатқан туа біткен қасиеттерге және инстиниктерге ие болады, бұлар шартсыз рефлекстер тобына жатады. Бұлардың ішінде тамақ рефлекстері (асты көргенде сілекейдің бөлінуі. ) қорғану (ыстықтан қолды тартып алу шақырайған жарық түскенде көзді жұму т. б. ) бағдарлау (дыбыс шыққан жаққан, жарыққа т. б. басты бұру) рефлекстері бар. Бұл қасиеттер жоғарғы жануарлар мен адамдарға да тән болып келеді.

Тік жағдайда жүру нышандары тілдің дамуы, сондай-ақ ойлауға және еңбек етуге қабілеттілік сияқты, адамның өзіне тән нышандар (адам тегінің қасиеттері) тек адамдармен араласқанда ғана дами алады.

Балаларды жануарлар ұрлап әкеткен немесе жағдайлардың ыңғайына қарай олар ерте балалық шағынынанарманда қалып қойып, тек кейінде ғана, тек бір қатар жыл өткеннен соң барып адам тауып алған жағдайлар мәлім. Бұлар әрқашан да түгелдей дерлік негізгі адамдық қасиеттен айрылған балалар болып шығады. - олар сөйлейалмайды, төрт аяқтап жүреді, олардың ойы мүлде дамымаған болып шықты.

Бұдан бірнеше жыл бұрын әдебиеттерде Үндістанда осылай екі қыз баланың табылған жағдайлары суреттеліп жазылады. Оларды тауып алғанда біреу - түріне қарағанда 7-8 жаста, ал екіншісі екі жас шамасынада еді. Тегі туғаннан кейін біраз уақыт адам қоғамында қыз баланы үлкені өзінің бойында тек дами бастаған қасиеттерінен. Әрең -әрең тік жүруінен, табақтан ас ішуінен және бірнеше сөз айта білуінен ғана айрылып қалған болса керек. Ал сәби қыз болса тегі мұндай әлеуметтік тәжірибесі мүлде дерлік болмай, тәрбиеге көне алмай көп кешікпей өліп қалады.

Осының бәрі адамды адам еткеннің өзі тіпті тұқым қуалаған жалпы адамдық нышандардың дамуы тек тұқым қуалаушылыққа ғана емес, сондай - ақ, ең алдымен, әлеуметтік жағдайлар мен қоғамдық қатынастарға тәуелді екендігін көрсетеді.

Педагогика мен писхологияда қанай да болсын қызметте немесе жұрт жиі айтатындай, қайсы бір саладағы қабілеттілікке ыңғайлы болып келеді. Сипаттайтын тұқым қуалаған нышандар проблемасы мейлінше күрделі болып келеді.

Кейбір балалар ерте жас шағынан-ақ музикаға, живопиське, биге, дәл ғылымдарға, әсіресе математикаға, тілдерді меңгеруге т. б. қабілеттерін көрсете бастайды. Қызметтің белгілі бір түрін ойдағыдай атқарудың аса маңызды шарттарының бірі болып табылатын жеке бастың дара - психологиялық ерекшеліктерін қабілеттіктері деп түсіну қабылданған.

Физиолгия мен психологияның деректеріне сәйкес адамның бойындағы туа біткен қабілеттіктер дайын қабілеттіктер бола алмайды, бұларды, яғни нышандарды дамыту үшін потенциальды мүмкіндіктер ғана болады. Мұнда нышандар дара психологиялық ерекшеліктер қабылдау, ойлау, ес, қиял және басқада жеке бастың психикалық қасиеттерімен өте тығыз байланыста болып келеді.

Арнаулы психологиялық зерттеулермен орасан мол практикаға қабілеттердің көрініп, дамуымен туралы мәселеде белгілі бір қасиеттерді көрсетуді талап ететін бала әрекетінің жағдайлары шешуші болып табылатындығын дәлелдейді. Арнаулы іріктеуге ұшырамаған балалардың үлкен бір тобына музикалық тәрбие беру тәжірибесі дұрыс педагогикалық басшылық етіп, музикалық әрекетте тиісінше практикада болған жағдайларда балалардың бәрі түгелдей толық құнды музикалық білім алғандыған көрсетеді. Музикалық білімді, әдетте музикалық қабілеттері айқын көрінген балаларға ғана беру тиімді деп саналады.

Екінші жағынан, тәжірибе кейінде аса көрнекті қабілетке ұласып дамыған, тіпті аса күшті нышандардың өзі осы өткендерді тиісті қызметте көрсете алатын жағдай болғандықтан ұзақ уақыт бойына көрінбей келгендігін тәжірибе паш етіп отыр.

Әсіресе ақыл және таным күштерінің даму негізіне алынатын интеллектік қабілеттерден орталық қабілеттердің тұқым қуалауы туралы мәселе күрделі болып келеді.

Психологиямен биологияның тұрғысынан алғанда жеке бастың ьарлық психикалық салалары организмнің сыртқы, әрі, ең алдымен әлеуметтік, ортаман өзара әрекеттестігін үдерісінде өмір бойына қалыптасып дамыған, жинақталған сапалап болып табылады.

Ортаның ықпалы:

Адамға стихиялы түрде әсер ететін, мейлінше сан алуан сыртқы құбылыстардың комплексі, әдетте, орта делініп түсініледі. Бұл адамның дамуына едәуір ықпал етеді.

Табиғи немесе географиялық, әлеуметтік және үйішілік ортаның ықпалы туралы сөз етуге болады. Әрбір орта адамға ерекше ықпал ететіні сөзсіз.

Климат пен барлық сан алуан табиғат жағдайлары мен ресурстары қоса алғанда географиялық орта адамның тіршілік ету салты мен оның еңбек қызметінің сипатына ықпал ететіндігі даусыз. Ауыл шаруашылығы дамыған ауданда тұратын, әрі ыстық тропикалық климат жағдайларындағы ауыл шаруашылық өндірісіне қатынасуға дайындалған тропикалық аймақта туған адамның тіршілік салты қиыр солтүстіктегі турғыны еңбек қызметінің басты салалары бұғы және балық шаруашылығы деп санауға әдеттенген, ол қақаған аяз бен қатты желдер де жүріп шыққан. Түрлі географфиялық жағдайлардағы тіршілік шарттары адамның мінез-құлынада өзінің тобын түсіреді.

Үй-іші ортасының, сондай-ақ мектептен тыс жердегі бала төңірегінің ықпал күші(ауласы, көшенің, яғни микроорта дейтінің ықпалы) өте айқын болып келеді. Педогогиканың тұрғысынан алғанда ең маңызды да анықтаушы ықпал-әлеуметтік ортаның ықпалы болып табылады. Әлеуметтік орта ұғымына осы қоғамдағы қоғамдық қатынастармен осы қатынастарды реттеп отыратын институттар кереді.

Әлеуметтік ортасыз, адамдармен араласпайынша, жоғарыда көрсетілгендей, адам өзі адам бола алмайды. Адам дегеніміз - қоғамдық қатынастардың өнімі.

Адамдармен араласпайынша тәжірибе, білім ауыстыру, өмірмен еңбекке дайарлану процесіде бола алмайды.

Егерде барлық ересек халық құрып кетіп, тек сөйлей білмейтін және ешқандай әлеуметтік тәжірибесі жоқ өте сәби балалар ғана қалса, әрі сонда барлық материалдық және құнды заттар сақталады дегенді көз алдымызға келтіретін болсақ, адамзаттың бүкіл тарихы тек тоқтап қана қалмай, сондай-ақ сірә, бастауынан дерлік басталған болар еді, өйткені өндіріс құрал-жабдықтармен пайдалануды өсіп келе жатқан ұрпаққа ешкім үйретпеген, мәдениетке оны ешкім тартпаған болар еді.

Дамудағы тәрбиенің роль:

Тәрбие дегеніміз- баланың дамуына ықпал ететін үшінші фактор. Орта сияқты, бұл да дамып келе жатқан адамға сырттай ықпал етудің формасы болып саналады. Сан алуан сыртқы факторлардың, негізінен алғанда, стихиялы түрде ықпал етуінен көрінетін ортаның ықпалынан айырмашылығы тәрбие дегеніміз адамның дамуына әрқашанда мақсат көздеп, ықпал ету болып табылады.

Жоғарыда атап көрсеткендегідей, тәрбие біреуде алға оның бағдар- бағыты, ал нәтижелері алдын ала көріп білітетін белгі бір макқсат қойылады. Тәрбие белгілетенін мақсаттары бар адамдардың қызметін арнайы ұйымдастырады, әрі алға қойған мақсаттарды мейлінше нәтижелі жүзеге асыру үшін құралдарды, метоттар мен ұйымдық формаларды таңдап алуды қарастырады.

Тәрбие дамуымен күрделі өзара қатынастарда болады. Даму егер бала тіршілік ету үшін құралдармен қамтамасыз етілсе, мақсат көздеген тәрбиесіз-ақ өте алады егерде мұның үстіне ол әлеуметтік ортаның ықпалына ұшырайтын болса, онда мұның адамдық тіршілік иесі ретіндегі тек ортаның стихиялық әсерлерінің ықпалымен қайсы бір арнаулы тәрбие беретін мекемелерсіз-ақ өте алады.

Рас, бұл соңғы жағдайда тәрбие мүлделі жақ деп айтуға болмайды- адамды ол араласып жүрген адамдар тәрбиелейді, олар мұны сұрауларына жауап береді, өзінің өмірлік тәжірибесі негізінде баулиды және тағы басқаларға үйретеді, яғни адамның әлеуметтік қалыптасуы жүзеге асырылады. Сонымен бірге психологтардың толып жатқан зеріттеулері көрсетіп отырғандай тәрбие дамуға белгілі бір ықпал жасайтындығыда сөзсіз. Алайда бұл мәселе жөнінде түрлі елдер мен бағыттардың психологтары мен педагогтары арасында елеулі алшақтықтары бар. Мәселен атап айтқанда, тәрбиенің ролі шектеулі, ол даму заңдарына бағынады, сондықтан да тәрбие мен оқытудың жағдайлары өзгерістерінің қандайы болса да табиғи жетілуі мен баланың дамуының барысының өзгерте алмайды деген қағиданы жақтап қорғайтын ғалымдар тобы бар. Бұл бағыттың басында әйгілі щвейцар психологы және педагогы Жан Пиаже тұр. Педагогтар мен психолготары қатысатын басқа бағыт оқыту мен тәрбиелеу жағдайларын өзгерту жолымен дамуға ықпал жасау мүмкіндігіне сенім көрсетуімен сипатталады.

Бұл соңғы концепцияны жақсылап анықтай түсу үшін адамның дамуын анықтайтын екі басқа факторлармен, - тұқым қуалаушылық пен және ортамен тәрбиенің өзара әрекеттестігі болатынын қарастыру керек.

Қазіргі тұқым қуалаушылық механизімінің биологиялық сипаты мейлінше терең зерттелген.

Тұқым қуалау қасиеттерінің ауысу теориясы қазірдің өзінде-ақ жеткілікті тұжырымдалған және мақсат көздеген селекция жұмысы мүмкін болатын ауыл шаруашылығының практикасында ойдағыдай қолданылып отыр. Генетиканың-тұқым қуалаушылық заңдары туралы ғылымның деректерін адамға қолдануда, ең алдымен, тұқым қуалаушылық қасиеттерді ауыстыру процесінің мән жайын түсіну және адамның алғашқы табиғи қасиеттерінің генетикалық, туа біткен шарттылығын зерттеу көмектеседі. Туа біткен, тұқым қуалайтын ауруларға күресуге көмектесетін медициналық генетиканың зор маңызы бар. Бүтінедей алғанда генетиканы адамға қолдану саласы мейлінше шектеулі деп айту керек. Жануарлардан айырмашылығы адамға жануарлар дүниесіндегі дамудың биологиялық процесіне жағдай жасайтын табиғи сұрыпталу тән болмайды.

Сондай-ақ генетиканы жеке адамның белгілі бір мақсат көздеп, ауыстыруды ұйымдастыру үшінде пайдалануға болмайды.

Жоғарыда анықталып отырғандай, адамның дамуы тұқым қуалаған дене күш ерекшеліктерінің және табиғи нышандардың көрініп дамуы мен де, сондай-ақ оның өмірі бойында қоршаған өмір шындығының өзара әрекет етуінің ықпалымен қалыптасатын орасан көп мөлшердегі жаңа сипаттар мен қасиеттерді алумен де сипатталады.

Туа біткен қасиеттер, ерекшеліктер мен нышандар жағдай жасайды, бірақ жеке адамның даму жолдарын алдын ала анықтап бермейді. Тәрбие осы тұқым қуалаған, туа біткен қасиеттердің дамуына ықпал етудің орсан зор мүмкіндіктеріне ие бола келеді.

Бұл проблеммаларды ғылыми шешу үшін И. П. Павловтың нерв қызметінің типтерінің өзгергіштігі мен тәрбиеленгіштігі туралы және ие болған қасиеттерді тұқым қуалай ауыстыру мүмкіндігі жайындағы білімнің ерекшк маңызы болды. И. П. Павлов нерв қызметінің әр түрлі типтерінің негізінде жатқан нерв процестерінің күші, тепе-теңдігі және жылжымалылығының едәуір дәрежеде тәрбиенің ықпалымен өзгертуге көнетіндігін дәлелдеді. Бұлардың тәрбиелене алынатындығы нерв сипаттамасының пластикалығы, сыртқы әрекеттердің ықпалы арқылы оның өзгере алатындығы мен мінез-құлықтың қажетті сипатына жағдай жасайтын, жаңа нерв байланыстарын орасан көп мөлшерде құрауы арқасында мүмкін болады. И. П. Павловтың ілімі тәрбие ролін төмендететін тұқым қуалаушылықтың фаталистік ықпалы теориясының негіздерін әшкерлеуге көмектеседі. Физиологтар мен психологтардың зерттеулері көрсетіп отырғандай тұқым қуалаған нышандар дегеніміз тұрған қабілеттіктер емес, дамудың тек потенциялдық мүмкіндіктері ғана. Бұларды жүзеге асыру үшін тиісті жағдайлар, яғни мақсат көздеген және ұйымдасқан түрдегі тәрбие керек. Тәрбие көріністі анықтайды және нышандар мен қабілеттіктердің шеңберін кеңейте түседі. Тәрбиенің ықпалымен өте нашар нышандарды дамытуға болады. Әрі, керсінше, теріс тәрбие тіпті күшті нышандардың дамуын кідіртіп, тұншықтыра алады немесе нашар нышандард мүлдем басып тастайды.

Қандай да болсын қызметте бейімділік немесе белгілі бір пәнге ынта қою көбінесе осы нышандардың алғашқы көрінісі бола алады. Бейімділіктің көінуі өзінің ынтасын аударған саладағы практикалық қызметке оқушыны тартуға жол ашады. Ойдағыдай қызмет оқушның бейімділігі мен оған ынтасын нығайта түседі, бұл кейіннен мамандық пен өмірлік жолды таңдап алуды алдын ала белгілеп бере алады. Сондықтан да тәрбиенің аса маңызды міндеттерінің бірі осындай бейімділіктерді табу да болып саналады.

Алайда, қабілеттерді дамытуға бейімділіктер мен ынта әрқашан да жеткізе бермейтінін атап айтқан жөн:Жастарда модалы немесе романтикалық мамандықтарға және қызмет салаларына уақытша әрі кездейсоқ бейімділікпен ынта жиі көріне береді. Сондықтан да көрінген нышандар мен бейімділіктерге мұқиат қарағанда тәрбиеші оқушыларға және олардың ата-аналарына алғашқы көрінген осы нышандар мен қабілеттерді асыра бағалап, болашақ мамандықты таңдап алу туралы апыл-ғұпыл қорытынды жасауға желеу бермей, бұларға баға беруде мейлінше сақ болуға тиіс.

Екінші жағынан алғанда, нышандарды дамытып, оларды қабілеттіләкке немесе талантқа айналдыру үшін жұмысқа қабілеттілік пен еңбек сүйгіштік керек болады. А. М. Горький айтқандай, талантты адам дегеніміз төтенше жұмыс қабілетінің адамы. Еңбек сүйгіштік пен ұзақ орнығып отырып жұмыс істеу қабілеті дегеніміз, ең алдымен, тәрбиенің нәтижесі болып табылатын қасиеттерден саналады.

Арнайы машықтандырып, жаттықтыру жолымен болашақ денсаулығын нығайтып шынықтыруға болады, алайда, мысалы, оның бойы мен конститутциясына елеулі ықпал жасауға болмайды.

Тәрбие мен баланы қоршаған ортаның арсында күрделі байланыстар бар.

Мәселен, тәрбие, ең алдымен, әлеуметтік ортамен өзара әрекеттестікке түседі. Жұртқа мәлім, тәрбие әрқашан да әлеуметтңк-экономикалық қатынастарлың сипатына сай келеді. Арнаулы оқу-тәрбие беру мекмелерінде жүзеге асырылатын тәрбие әрқашан да билеуші таптардың саясатын білдіреді. Мектептегі тәрбие жаппай ықпал етудің, мемлекет қолындағы барлық басқа құралдардың (баспасөз, кино, радио, телевизия) оқушыларға тәрбие берерлік ықпалымен нығайтылады, сондай-ақ бұлар мемлекеттің саясатын жүргізуші де болып келеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Болашақ мұғалімдерді ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу негізінде кәсіби дайындау жүйесі
Компьютерлік оқыту программаларын қолдану
Мультимедиалық жүйелік дыбыстар
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлауда оқытудың белсенді әдістерін жүзеге асырудың дидактикалық шарты
Мектепте оқылатын тарих пәні
Бастауыш сыныпта дүниетануды оқыту әдістемесі
Бастауыш сынып жастағы оқушыларды оқыту процесінде пәнаралық байланысты жүзеге асыру мәселелері
Болашақ мұғалімдердің педагогикалық пәндерді меңгертудің кәзіргі жағдайы
ОҚЫТУДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ҚОЛДАНУ
Химия курсын дәстүрлі оқыту технологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz