ІІ БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА КОМПЬЮТЕРДІ ҚОЛДАНУ



Кіріспе

І ОҚУ ҮДЕРІСІНДЕ КОМПЬЮТЕРДІ ҚОЛДАНУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ

1.1. Оқыту үдерісінде компьютерді оқыту құралы ретінде қолданудың дидактикалық негіздері 7
1.2. Оқыту үдерісінде компьютерді қолданудың психологиялық мүмкіндіктері
1.3. Оқыту үдерісінде компьютердің орны мен рөлі

ІІ БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА КОМПЬЮТЕРДІ ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕМЕСІ

2.1 Бастауыш сынып математикасында есептерді шешуде компьютерді қолдану
2.2. Бастауыш сыныптарда компьютерді қолдану арқылы математиканы оқытудың тиімділігін жүзеге асыру
2.3. Бастауыш сыныптарда тест әдісін қолданып математиканы оқыту нәтижесін бақылаудың тиімділігін арттыру


Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Қосымша
XXI ғасыр компьютерлік қоғамда және өндірістің дамуының негізгі құралы болып компьютерлік ресурстардың қажеттілігі көрінеді. Сондықтан білім беру әлемі де өзінің дамуы үшін жаңа қадамдар жасауда.
Қазіргі ақпараттық технологиялардың қарқынды даму кезеңінде бастауыш, орта білім беретін оқу орындарының оқу үдерісінің тиімділігі заманауи педагогикалық технологияларды ұтымды қолдана білуге тікелей қатысты. Сол себепті, ақпараттық-компьютерлік технологиялар құралдарын педагогикалық іс-әрекетте кеңінен қолдана білу іскерліктерінің жоғары деңгейде қалыптасуы орта арнаулы оқу орындары мамандарының кәсіби дайындығына қойылатын талаптар қатарына енеді. Осы орайда, бастауыш білім беру орындары педагогикалық үдерісінде ақпараттық технологиялар мен бағдарламалық құралдарды қолдану және осының негізінде ақпараттық-логикалық модельдеуді оқыту үдерісінде пайдалану өзекті мәселе болып табылады. Бүгінгі ақпараттық қоғамның материалдық технологиялық қоры компьютерлік техникалар мен компьютерлік желілер, ақпараттық технологиялар мен телекоммуникациялық байланыстарға негізделген жүйелер болып табылатындығы айқын болып отыр.
Сондықтан оқушыларға білім беруде компьютерді математиканы оқытуда қолдану арқылы тәжрибелік іс-әрекеттер барысында пайда болатын мәселелерді қалыпты түрде сипаттау, яғни біліктілік, іскерлік пен машықтар жүйесін қалыптастыруды қажет етеді.
Осы аталған талаптардың қажетті көлемде жүзеге асырылуы оқушылардың математикалық сауаттылығының жоғары деңгейде қалыптасуын компьютерді қолдану арқылы қамтамасыз ету.
Мәлібекова М.С. Жаңа ақпараттық технологияны математика және информатика пәндері байланысында қолданудың педагогикалық негіздері. АКД. –Қарағанды, 1999.
1. Караев Ж.А. Активизация познавательной деятельности учащихся в условиях применения компьютерной технологии обучения. АДД. –А., 1994.
2. Баймаханова Л., Искакова Л.Т. Бастауыш мектепте компьютерді қолданып математиканы оқыту нәтижесін бақылау // Оқу-әдістемелік құрал. -Шымкент, 2008.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010-2015 жылдарға арналған бағдарламасы. ҚР Президентінің 2010 жылғы 30 наурыздағы №80 Жарлығымен бекітілген. //Егемен Қазақстан. 2010.
4. Халықова Қ.З. Оқушыны компьютер негізінде дербес оқытудың педагогикалық мүмкіндіктері. -Алматы, 1995.
5. Кеңесбаев С.М. Жоғары педагогикалық білім беруде болашақ мұғалімдерді жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана білуге даярлаудың педагогикалық негіздері. АДД. –Түркістан, 2006.
6. Семенова М.В. Педагогические условия формирования профессиональной компетентности будущих педагогов в вузе. АКД. –Караганды, 2005.
7. Бидайбеков Е.Ы. Информатизация образования в Казахстане. –А.: изд. АГУ, 1998.
8. Благов М.В. Формирование готовности студентов к использованию информационных технологий в педагогической деятельности. -Саратов, 2004.
9. Турсынбаев А.З. Особенности формирования готовности будущих учителей к использованию компьютерных технологий для успешной деятельности учащихся. АКД. –Алматы, 2005..
10. Сарбасова Қ.А. Бастауыш сынып мұғалімдерін даярлаудағы жаңа педагогикалық технологиялар. //Бастауыш мектеп. 2004. №2.
11. Жоғары оқу орнында болашақ мұғалімдердің педагогикалық іс-әрекеттерін модельдеу. //Қазақстан жоғары мектебі, №1. 2007.
12. Лапчик П.М. Психолого-педагогические проблемы компьютеризации обучения. –М., 1988.
13. Гершунский Б.С. Компьютеризация в сфере образования: проблемы и перспективы. –М., 1987
14. Әбішева Л.П. ЖОО студенттерінің оқу іс-әрекеттін компьютер көмегімен дараландыру. -Түркістан, 2007.
15. Сарбасова Қ.А. Инновациялық педагогикалық технологиялар негізінде бастауыш сынып мұғалімдерінің даярлығын жетілдіру. АКД, –Қарағанды, 2005.
16. Баймаханова Л. Бастауыш сынып оқушыларының білімін, біліктіліктерін, дағдыларын бақылауда ЭЕМ-сын қолданудың тиімділігі //Бастауыш мектеп. -Алматы, 2008. – №10.
17. Сенцова Т.М. Управление качеством образования на сонове информационных технологий. -М., 2004.
18. ҚР мұғалім даярлаудың үздіксіз педагогикалық білім беру тұжырымдамасы. 2005 жылғы 18 тамыз.
19. Абрамян Г.В. Теоретические основы профессионального становления педагога в информационной среде. АКД, 2002.
20. Пидкасистый П.И., Коротяев Б.И. Организация деятельности ученика на
уроке. –М., 1985.
21. Керімбаев Н.Н. Орта мектепте жоғары сынып оқушыларын физика сабағында компьютерлік оқытудың әдістемлік ерекшеліктері. –Алматы, 2000.
22. Медетбекова Н.Н., Баймаханова Л. Бастауыш мектепте математиканы оқытудың нәтижесін бақылаудың әдісінің маңызы. // III «Сәтбаев оқулары» атты жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференция материалдары. -Павлодар, 2008.
23. Тульбасова Б.Е. Дидактические условия подготовки учителей в институте повышения квалификации к использованию информационных технологий обучения. АКД. –Алматы, 2000.
24. Байжұманов М.Қ., Жапсарбаева Л.Қ. Информатика: ЖОО студенттеріне арналған оқу құралы. –Астана, 2004.
25. Баймаханова Л. Болашақ мұғалімдерді математикалық және ақпарттық модельдеу негізінде даярлау. //Математика және физика. №2(32), 2007.
26. Құсайынов А. Ұстаз биігі: қазіргі заман мұғалімінің кәсіби шеберлігі туралы толғаныс. //Егемен Қазақстан. 2002, 30 тамыз.
27. Бидайбеков Е.Ы., Григорьев С.Г., Гриншкун В.В. Создание и использование образовательных электронных изданий и ресурсов. –Алматы: Білім, 2006
28. Тотикова Т., Баймаханова Л. Есептерді шығару барысында оқушыларды ойлауға үйрету жолдары // «Вестник» Кыргызского национального университета имени Ж.Баласагуна. -Бишкек, 2008.
29. Баймаханова Л. Бастауыш мектеп жасындағы балаларды информатикаға оқыту бағдарламасы. //«Ізденіс». 2008. – №1/2.
30. Оспанов Т.Қ., Құрманалина Ш.Х., Қайыңбаев Ж.Т., Қосанов Б.М., Ерешева К.Ә. Математика. 4-сынып, –Алматы, 2004.
31. Әділов Қ. Мұғалімдер даярлау – уақыт талабы // Ақ жол, 2006, 20 маусым.
32. Сластенин В.А. Формирование профессиональной культуры учителя. -М., 1993.
33. Есбосынов М.Б. Дидактические условия организации дистанционного обучения в средней школе. –Тараз: КАО им.Ы.Алтынсарина, 1999.
34. Байдыбекова А.Ө. Бастауыш сыныптағы математиканы оқытуда компьютерді пайдалану. –Шымкент, 2000.
35. Искакова Л.Т. Медетбекова Н.Н., Баймаханова Л. Бастауыш мектепте математиканы оқытудың нәтижесін бақылау үшін компьютерді қолданудың әдістемелік аспектілері // «Ізденіс» – 2008. – №2.
36. Баймаханова Л. Бастауыш мектепте математиканы оқытудың нәтижесін бақылау ерекшеліктері //«Жастар – Қазақстанның стратегиялық потенциалы» атты жас ғалымдардың және студенттердің республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары. -Талдықорған, 2007.
37. Искакова Л.Т., Баймаханова Л. Обучение информатике детей младшего школьного возраста в условиях общеобразовательного учреждения // (Психолого-педагогические основы профессионального формирования личности в условиях перехода к двухуровневой модели образования» Международная научно-практическая конференция. – Пенза, 2008.
38. Плясунова И.В. Использование компьютерных математических систем в обучении математике студентов специальности «Информатика» педагогических вузов. Ярославль, 2004.
40. Исабек Н.Е. Студенттерді компьютерлік графиканы кәсіби іс-әрекеттерде
пайдалануға даярлау. АКД. –Алматы, 2005.
41 Абдолдинова Г. Тестілік бақылау тәсілдері. //Қазақстан мектебі. №7-8, 2007.
42. Әбілқасымова А. Т.б. Тестілер –оқушылардың зердесін дамыту құралы.
// Информатика, физика, математика. №3 -2005
43.Мұстафаев А. Математикалық тест мазмұны жөнінде. // Математика және
физика. №1- 2005

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   
ІІ БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА КОМПЬЮТЕРДІ ҚОЛДАНУ

Мазмұны

Кіріспе
4

І ОҚУ ҮДЕРІСІНДЕ КОМПЬЮТЕРДІ ҚОЛДАНУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ- ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
МӘСЕЛЕЛЕРІ

1.1. Оқыту үдерісінде компьютерді оқыту құралы ретінде қолданудың
дидактикалық негіздері 7
1.2. Оқыту үдерісінде компьютерді қолданудың психологиялық
мүмкіндіктері 16
   1.3. Оқыту үдерісінде компьютердің орны мен рөлі
25

ІІ БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА КОМПЬЮТЕРДІ ҚОЛДАНУ
ӘДІСТЕМЕСІ

2.1 Бастауыш сынып математикасында есептерді шешуде компьютерді қолдану
2.2. Бастауыш сыныптарда компьютерді қолдану арқылы математиканы
оқытудың тиімділігін жүзеге асыру 46
2.3. Бастауыш сыныптарда тест әдісін қолданып математиканы оқыту
нәтижесін бақылаудың тиімділігін арттыру 55

Қорытынды 60

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 61

Қосымша 64

КІРІСПЕ

   Зерттеу жұмысының көкейкестілігі. XXI ғасыр компьютерлік қоғамда
және өндірістің дамуының негізгі құралы болып компьютерлік ресурстардың
қажеттілігі көрінеді. Сондықтан білім беру әлемі де өзінің дамуы үшін жаңа
қадамдар жасауда.
Қазіргі ақпараттық технологиялардың қарқынды даму кезеңінде бастауыш,
орта білім беретін оқу орындарының оқу үдерісінің тиімділігі заманауи
педагогикалық технологияларды ұтымды қолдана білуге тікелей қатысты. Сол
себепті, ақпараттық-компьютерлік технологиялар құралдарын педагогикалық іс-
әрекетте кеңінен қолдана білу іскерліктерінің жоғары деңгейде қалыптасуы
орта арнаулы оқу орындары мамандарының кәсіби дайындығына қойылатын
талаптар қатарына енеді. Осы орайда, бастауыш білім беру орындары
педагогикалық үдерісінде ақпараттық технологиялар мен бағдарламалық
құралдарды қолдану және осының негізінде ақпараттық-логикалық модельдеуді
оқыту үдерісінде пайдалану өзекті мәселе болып табылады. Бүгінгі ақпараттық
қоғамның материалдық технологиялық қоры компьютерлік техникалар мен
компьютерлік желілер, ақпараттық технологиялар мен телекоммуникациялық
байланыстарға негізделген жүйелер болып табылатындығы айқын болып отыр.
Сондықтан оқушыларға білім беруде компьютерді математиканы оқытуда
қолдану арқылы тәжрибелік іс-әрекеттер барысында пайда болатын мәселелерді
қалыпты түрде сипаттау, яғни біліктілік, іскерлік пен машықтар жүйесін
қалыптастыруды қажет етеді.
Осы аталған талаптардың қажетті көлемде жүзеге асырылуы оқушылардың
математикалық сауаттылығының жоғары деңгейде қалыптасуын компьютерді
қолдану арқылы қамтамасыз ету.
Бастауыш мектеп кезеңі үздіксіз білім алу жүйесінің құрамды бөлігі, ол
адамның жеке басының дамуының бастапқы кезеңі болып табылады.
Алайда осы бағыттағы ең бір көкейтесті мәселелерінің бірі –дербес
компьютерді бастауыш мектепте оқу құралы ретінде пайдаланудың
теориялық та, практикалық жақтары жан-жақты зерттелген.    Математиканың
жеке тақырыптары мен бөлімдерін компьютерді пайдаланып оқыту мәселесін
Т.Ж.Байдильдин (алгебра және анализ бастамаларын оқыту тиімділігін
арттыруда), Б.Беседин, М.Вахидов, М.Е.Степанов (функцияларды зерттеуде),
Ю.А.Дробышев (көпмүшеліктерді оқытып-үйретуде), К.А.Таңатаров
(математиканың мектептік курсында қолданбалы есептерді шығаруда),
Н.И.Аманжолова (жалпы математиканы оқытуда компьютерлік технологияны
қолдану), Р.Б.Бекмолдаева (бағдарлы мектептерде туынды тақырыбын оқытуда),
Р.С.Шуақбаева (көпжақтарға берілген есептерді шығаруда), А.Ө.Байдыбекова,
Е.А.Вьюшкова (бастауыш сынып математикасын оқытуда) және т.б. ғылыми
еңбектерінде негізге алған [1].
Компьютерді оқу үдерісінде және оқудан тысқары жұмыстарда пайдалану –
баланың сұранысына жауап беріп, оқытуды мотивациялау және жеке даралаудың
мазмұнын терең байытатын, шығармашылық қабілетті дамытатын, қолайлы
эмоциялық әсер беретін өте бір бір тиімді тәсіл.
Білім беруде компьютерлік технологияларды пайдалану бүгінгі заман
талаптарына сәйкес келеді, бұл жайлы мына фактілер дәлел, 80-жылдарыдың
ортасында орта мектептердің оқу жоспарына жаңа пән - Есептеуіш техникалар
мен информатика негіздерін енгізу біздің еліміздің саяси, әлеуметтік
жәнеикалық жағдайлардың өзгеру кезеңіне тура келді. Мектепте
информатиканы оқытудың бастапқы базалық кезеңі ретінде оны оныншы сыныптан
жетінші сыныпқа ауыстыру және бастауыш сыныптардың оқу үдерісінде дайындық
шараны ендіру, қолданыстағы білім беру жүйесін толықтыру қажеттілігі уақыт
талабына қарай оған бейімделуді мойындау болып саналады [2 ].
    Бастауыш мектептер үшін компьютерлік технологиялар саласында қажетті
білім деңгейін жетік меңгерген педагогтардың қажетті санын дайындау
педагогикалық жоғары оқу орындары үшін қиын соғуда. Математикадан есептер
шығаруға үйрету сапасын басқару үшін біріншіден істің жай күйін білу қажет.
Мұндай білімді бақылаудың әр түрін өткізу жолымен жүзеге асыруға болады.
Оқушылар білімін сапалы бақылау – бұл бақылау тапсырмаларын қалыптастыру
және тексеру бойынша маңызы көп қыруар  жұмыстардың жүргізілуі себебінен
қиындатылған жүйелілік бақылау. Автоматтандырылған бақылау жүйелері оқушы
мен ЭЕМ аралығында жүретін диалогпен іс жүзіне асырылатын жаңа ұғынумен
бірге қарапайым біліктілік пен жұмысқа дағдыландыруда оқытушы еңбектерін
елеулі түрде жеңілдетуге мүмкіндік береді.
    Белгілі қазақстандық ғалым Л.Т.Искакованың зерттеу жұмысы мектепте
математиканы оқытудың нәтижесін әр деңгейлі жеке-дараланған тапсырмалар
жүйесін қолданудың негізінде, оның тиімділігін арттырудың ғылыми-
әдістемелік негізіне арналған. А.Б.Медешованың еңбегінде бастауыш сынып
оқушыларының икемділігін компьютерлік технологияны қолдану арқылы дамытудың
педагогикалық шарттары қарастырылған.
Бүгінгі ақпараттық технологиялардың даму деңгейі мен оларды
математиканы оқытуда қолдану деңгейінің арасындағы қайшылықтарға байланысты
білім берудің неғұрлым тиімді технологияларын іздестіру көкейкесті мәселе
болып саналады. Сондай-ақ, бастауыш сыныптарда математиканы оқытуда
компьютерді қолдану мәселесін теориялық жағынан негіздеу қажет. Сондықтан
осы мақсаттан туындаған қайшылықтар бар. Осы қайшылықтар зерттеу тақырыбын
“Бастауыш сыныптарда математиканы оқытуда компьютерді қолдану”-деп
таңдауымызға негіз болды    [3].
Зерттеудің нысаны. Бастауыш сыныптарда математиканы оқытуда компьютерді
қолдану үдерісі.
Зерттеу пәні. Бастауыш сыныптарда математиканы оқытуда компьютерді
қолдану әдістемесі.
Зерттеудің мақсаты. Компьютерді бастауыш сыныпта математиканы оқыту
құралы ретінде пайдаланудың әдістемесін теориялық тұрғыдан негіздеу және
оны бастауыш сыныптарда математиканы оқытуда іске асырудың әдістемесін
жасау.
Зерттеудің ғылыми болжамы. Егер бастауыш сыныптарда математика курсын
оқытуда компьютерлік оқыту бағдарламаларын қолдану жағдайында ақпараттық
технологияны теориялық-әдістемелік тұрғыда негізделсе және оның әдістемесі
даярланса, онда оқушылардың компьютерлік оқыту бағдарламаларын қолдануға
негізделген ақпараттық мәдениеті қалыптасады және математиканы оқытудың
сапасы артады, өйткені бұл бастауыш мектепте білім беруді ақпараттандырудың
мемлекеттік сұранысына сәйкес келіп, оқушылардың оқуға деген қызығушылығы
мен белсенділігін арттыра түседі.
    Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер бастауыш мектепте математиканы
оқытудың нәтижесін бақылауда компьютердің мүмкіндіктерін пайдаланса, онда
бақылаудың тиімділігі артып, оқыту сапасы жақсарады, өйткені, бұл жағдайда
мұғалімнің бақылауды жүргізудегі жұмысы жеңілденіп, тексеру дер кезінде
жүргізіліп, оқушылардың оқуға деген жауапкершілігі артады.
   Қойылған зерттеу мақсатына жету мен тексеру үшін зерттеу жұмысының
төмендегідей міндеттерін  шешу қажет болды:
- Компьютерді оқу үдерісінде пайдаланудың психологиялық-
педагогикалық мәселелерін қарастыру;
. - Бастауыш сыныптарда компьютерді қолданып есептерді шешуде
алгоритмді пайдалану;
- Бастауыш сыныптарда компьютерді қолдану арқылы математиканы
оқытудың тиімділігін жүзеге асыру.
    Зерттеу әдістері: Зерттеу тақырыбының мазмұнына қатысты философиялық
педагогикалық, психологиялық, және әдістемелік еңбектермен танысу және
талдау жасау; бастауыш мектеп бағдарламаларына, математика оқулықтарына,
есептер жинағына дидактикалық материалдар және оқу құралдарына зерттеу
мәселесі тұрғысынан талдау жасау; бастауыш сыныптарда математиканы оқыту
үдерісін бақылау, бақылау жұмыстарын жүргізу, тексеру және талдау жасап,
қорытындылау; зерттеу мәселесіне сәйкес жүргізілген жеке өз тәжірибесін
талдап, одан қорытынды жасау.
    Диплом жұмысы кіріспе, 2 тарау, 5 бөлім, қорытынды және қосымша,
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І ОҚУ ҮДЕРІСІНДЕ КОМПЬЮТЕРДІ ҚОЛДАНУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ- ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
МӘСЕЛЕЛЕРІ

1.1 Оқыту үдерісінде компьютерді оқыту құралы ретінде пайдаланудың
дидактикалық негіздері

Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: Білім беру жүйесінің
басты міндеті- ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика
жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға
бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа
технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық
коммуникациялық желілерге шығу - деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту
міндеттерін көздейді. Бұл міндеттерді шешу үшін, әрбір білім беру
мекемедегі ұжымының, әрбір мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы, барлық
жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа практикаға,
жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттігі туындайды [4 ].
Қазіргі кездегі жоғары білім беру қоғам талаптарын қанағаттандырудың
бірнеше жүйелерін қарастырады, яғни ғылымды, білімді және өндірісті
интеграциялау түрі ретінде ғылыми оқу-өндірістік кешендер құру; оқытуды
және студент еңбегін дараландыру, білім беруді ізгілендіру; оқытушылардың
кәсіби даярлығына жоғары талап қою, жоғары оқу орнында болашақ мұғалімдерді
даярлау мен олардың кәсіби деңгейін көтеруде педагогикалық мұғалімдерді
жаңа технологиялар негізінде көтеру. Мұндай үдеріс әлемнің түрлі елдерде
өздерінің ұлттық ерекшеліктеріне, экономикалық жағдайына, білім беру
жүйесінің дәстүрлеріне қарай әртүрлі деңгейде көрініс тапқан.
Жеке тұлғаны жан-жақты дамыту шеңберінде білім берудің мақсаты мен
мәнінің өзгеруі білім беру технологиясы деп алатын жаңа ұғымның пайда
болуына ықпал етті. Бұл ұғымның мәнін білім беру үдерісін өздігінше
дамытатын жүйе деп түсінуге болады, онда білім алушылардың қызметі жетекші
фактор болып табылып, оқыту мұғалім мен білім алушының субьектаралық өзара
әрекетін қарастыратын және олардың мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін
рефлексиялық басқару ретінде көрінеді.
Оқыту, білім беру тәжірибесі педагогикалық үдерістің сапасын үнемі
арттырып отыруды талап етеді. Сол себепті педагогикалық үрдісті
технологияландыру мәселесі маңызды болып саналады.
Қазіргі компьютерлік қоғамда өндірістің дамуының негізгі құралы болып
компьютерлік ресурстардың қажеттілігі көрінеді. Сондықтан білім беру саласы
да өзінің дамуы үшін жаңа қадамдарға баруда. Осыған байланысты адамға
ақпараттар кеңістігінде дұрыс бағытты таңдауға мүмкіндік жасай алатын
оқытудың жаңа технологиялары пайда болуда.
Жаңа компьютерлік технологиямен орындалатын қызмет өзінің кез келген
нақты формасында тиімдірек орындалады, адам өркениетті бола бастайды.
Ұрпақ үшін кітаптың маңызы қандай болса, компьютер де оқушы үшін
қоршаған әлемді танудың табиғи құралы болып табылады. Олай болса, барлық
сабақтарды компьютерлердің қуаттануымен жүргізуді үйрену – бүгінгі күннің
кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі.
Соңғы жылдары білім беру аясы жүйесінде компьютерлік техниканы
пайдалану белсенді түрде жүзеге асырылуда. Білім беру жүйесіндегі жаңа
компьютерлік технология дегеніміз – оқу және оқу-әдістемелік материалдар
жинағы, оқу қызметіндегі есептеуіш техниканың техникалық құралдары, олардың
ролі мен орны туралы ғылыми білімнің жүйесін және оқытушылар еңбектерін
жүзеге асыру үшін оларды қолдану формалары мен әдістері деген анықтама
беруге болады. Яғни, компьютерлік технология – білім беру мекемесі
мамандарының жұмысын жүзеге асырушы әдістер мен формалар және балаларға
білім беруші құрал.
Компьютерлік технология қызметінің құралы ретінде жаңа компьютерлік
технологияның компьютерлік құралдары қолданылып жүр, алайда заман талабына
сай компьютерлік техниканың дамып жетілуіне байланысты ғылыми сипаттағы
компьютерлік бағдарламаларды жасау керек және ол оқушының іс әрекетінің
интеллектуалды құрылысымен сәйкес келуі тиіс [5 ].
Педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерде оқытуда компьютерлік
технологияларды пайдаланудың бірнеше бағыттары көрсетілген, солардың ішінде
мектептегі оқу практикасында қажеттілерінің негізгілері мыналар: компьютер
- оқушы білімін бағалау құралы; компьютерлік модельдеуді қолданатын
зертханалық практикум; мультимедиа-технология, жаңа материалды
түсіндірудегі иллюстрациялық құрал; дербес компьютер, білім жетілдіру
құралы.
Мұғалім жұмысы оқушы білімін бағалау үшін алатын тақырыптық
тестерден көрінеді. Тест көзі мультимедиа компакт-дискілер немесе интернет
желісі болуы мүмкін.
Қазіргі кездегі компьютерлік технологиялар оқу материалдарын
иллюстрация жасау кезінде (мысалы анимациялы слайд-фильмдер) қолданылады.
Бұл оқу үрдісін қозғалыста бейнелеуге мүмкіндік береді. Компьютердің
көмегімен дыбыстық және бейнефрагменттерді де демонстрация жасауға болады.
    Балалардың ЭЕМ ерте жастан бастап танысуының тиімділігі оқушыларды
компьютерлік қоғамдағы өмірге дайындау қажеттілігі болып табылады. Бұл
міндетті шешу информатика негіздерін игеруді бірнеше сатыға бөлу және
компьютерлік мәдениетті алғашқы болып бастауыш сыныптардағы пропедевтикалық
курс ретінде мектептегі оқу үдерісіне енгізу. Бастапқы буын педагогтары
өзінің технологиялық дайынсыздығы себебінен оқу үрдісін информатика
пропедевтикасы аспектісінде оқу пәндерінің сапалы ұйымдастыра алмайды.
Қазіргі заманғы компьютерлік технологияларды пайдалану өз білімін
көтеру тиімділігін де арттырады. Бұл бірінші кезекте сандық түрде жазылған
ақпараттарды пайдалану кезінде қажетті мәліметтерді оңай табуға мүмкіндік
береді. Қазіргі кезде көптеген әлемге танымал энциклопедиялар, сөздіктер
электронды түрге айналдырылған.
Оқу үрдісінде компьютерлік техниканы қолданудағы қиыншылықтар көбіне
мұғалімнің дербес компьютерді дидактикалық құрал ретінде қабылдауына дайын
екендігіне байланысты.
Қазіргі кезде компьютердің көмегімен тек белгілі бір аудиторияларда
ғана емес, сонымен бірге қашықтан оқыту үрдісі де дамып келе жатыр. Ол үшін
Интернет желісіне қосылған компьютер керек. Қашықтан оқыту кезінде
тапсырманы және онымен бірге ұсынылған оқулықтарды қарап отырып білім
алғысы келетін адам өзі ізденіп, жауаптарын салып жібереді. Немесе
бірлескен телеконференцияларға қатысады. Оқытудың бұл түрі анағұрлым арзан,
әрі қалаған уақытыңда оқуыңа, тапсырмаларды орындауыңа мүмкіндік береді.
Ғылым мен техниканың қарқынды дамуы және әлеуметтік экономикалық өзгерістер
жас ұрпақты тәрбиелеуге жаңаша көзқараспен қарауды талап етуде. Бұл әрбір
адамның психикалық, жеке тұлғалық қасиеттерін дамытуға мүмкіндік беретін
жаңа жағдайлар құруды қажет етеді.
Осыған байланысты қазіргі педагогика ғылымы оқушылардан          
белгілі бір білім жүйесін терең меңгеруін талап етіп қана қоймастан,
олардың әрқайсысының шығармашылық қабілетін дамытуды талап етіп отыр.
Мұндай әлеуметтік сұранысты педагогикалық тұрғыдан қамтамасыз ету оқу
үдерісін компьютерлендіру арқылы шешуге болатындығын мектеп тәжірибесі
көрсетуде. Сондықтан да оқыту жүйесін компьютерлендіру қазіргі кезде білім
беруді жетілдірудің негізгі бағыттарының біріне айналды.
Дегенмен бастауыш мектепте алгоритмдік бейімділікті қалыптастырып
оқыту оқушылардың жалпы оқу іс-әрекетіне және дамуына әсері
қарастырылмаған. Бастауыш сыныпта дербес компьютерді қолданып математиканы
оқыту нәтижесін бақылау тиімділігін арттыру жолдарын қарастыруға арналған
әдістемелік құралдар сирек кездеседі. Сонымен бастауыш сыныпта оқыту
тиімділігін арттыруда, оқу іс-әрекеті мен дамуына алгоритмдік
бейімділікті қалыптастырудың айтарлықтай мүмкіндігінің бар болуы мен
оның дидактикалық және әдістемелік жағынан қамтамасыз етілмеу
салдарынан жеткілікті дәрежеде қолданыс таппай отырғандығы арасында
қарама-қайшылық пайда болды [6 ].
Егер бастауыш мектеп математика пәнін оқытудың әдістемелік
жүйесіндегі алгоритмдеудің ролі анықталса, ұстаздар оны күнделікті
оқу үдерісінде тиімді пайдаланып отырса, оны нәтижелі пайдаланудың
шарттары белгіленсе, онда бастауыш сыныпта алгоритмдік бейімділікті
қалыптастырудың дидактикалық әдістемелік жағынан қамтамасыз ету жүзеге
асырылады
Мұндағы компьютерді оқыту құралы ретінде пайдаланудың педагогикалық
тиімділігін негіздеуде мүмкіндік беретін екінші бағыттың маңызы ерекше.
Компьютерді мектептегі кейбір пәндерді (математика, физика, еңбек және
т.б.) оқытуда және математикалық, физикалық, химиялық құбылыстарды
модельдеуге қолдануға  болады.
Қазіргі уақытта компьютерді ақпараттану және есептеу техникасы
негіздері пәнін оқыту үдерісінде қолдануда ғана емес,  басқа да пәндерді
оқытуда пайдаланудың жақсы нәтижелер беретіндігін дәлелдейтін біршама
еңбектер, диссертациялық зерттеулер бар.
Көрсетілген мәселенің теориялық жағы И.В.Апатова, В.С.Гершунский,
В.А.Кальней, А.П.Ершов,  А.А.Кузнецов, В.М.Монахов, И.В.Роберт,
Н.Ф.Талызина және тағы басқа зерттеушілердің еңбектерінде қарастырылған.
Мектеп курсының жекеленген тақырыптары немесе тарауларын компьютерді
қолданып оқыту да кеңінен қарастырылған.
С.Рахтың (орыс тілінің кейбір тақырыптарын оқытуда компьютерді
пайдалану), В.А.Кальнейдің еңбек пәнін оқытуда компьютерді оқытудың
техникалық құралы ретінде қолдану [7 ].
Компьютерді оқу құрал-жабдығы ретінде пайдалану зерттеулерінде,
көрнекіліктің тиімділігін арттыру, дерексіз математикалық ұғымдарды
меңгеруді жеңілдету, оқу іс- әрекеттерін жекелендіру арқылы оқушылардың
белсенділігін арттыру т.б. мәселелерді нәтижелі шешуге болатындығы
көрсетілген.
Қазақстандағы жалпы білім беретін мектепке ақпараттандыруды енгізуде
және компьютерді оқу-құрал жабдығы ретінде пайдалану мәселесімен 
Ж.А.Қараев және оның шәкірттерінің еңбектері үлкен роль атқаруда.
Компьютерлік техниканы оқу құрал-жабдықтар кешеніндегі басты буынның
бірі ретінде қарастырып зерттеу мектепте білім беру педагогикасы мен
әдістемесінің теориялық негіздерін дамыту және мұғалімдердің практикалық іс-
әрекетіндегі маңызды әлеуметтік- педагогикалық мәнге ие болатын негізгі бір
мәселе болып табылады.
Бастауыш мектеп — орта мектептің алғашқы баспалдағы. Бастауыш мектеп
математика пәнін оқытудың теориясы мен әдістемесін жетілдіруге Ресейде
М.И.Моро, А.М.Пышкало, Н.А.Менчинская, т.б. Қазақстанда Т.Оспанова,
Ж.Қайыңбаев, К.Ерешова және т.б. ғалым-әдіскерлер үлкен үлестерін қосуда.
Бастауыш мектептегі оқу-құрал жабдықтар кешеніне дербес компьютерді
кірістіру мәселесінің маңызы да ерекше. Оның өзіндік себебі де жеткілікті.
Қазіргі кезде балалардың көпшілігі ерте бастан-ақ компьтерлік ойын ойнап,
микроүдерісорлы электронды ойыншықтармен етене таныса бастайды.
Сондықтан бастауыш мектепте компьютерлік техника оқу құрал жабдықтар
кешенінің бірі ретінде пайдалану мүмкіндіктерін қарастыру кезінде
балалардың өмірлік тәжірибесін, олардың даму ерекшеліктерінің
психологиялық, педагогикалық заңдылықтарын ескере отырып оны байыта түсу,
оқыту кезеңдерінің сабақтастығын қамтамасыз ету шарттарын зерттеудің
маңыздылығы арта түседі.
Соңғы кезде Ресей ғалымдары А.А.Кузнецов пен А.М.Пышкалоның
басшылығымен төменгі сыныптардағы математика пәнін оқытуда компьютерлік
техниканы оқыту құралы ретінде пайдалануға байланысты зерттеу жұмыстары
қарқынды жүргізілуде [8 ].
Дербес компьютерді бастауыш мектепте оқу құралы ретінде пайдаланудың
теориялық және практикалық та жақтары жан-жақты зерттеліп жеткілікті
дәрежеде толық шешімін таба қойған жоқ. Біздер бастауыш мектеп математика
пәнін оқыту тиімділігін арттыру құралы ретінде дербес компьютерді
пайдаланудың айтарлықтай мүмкіндігінің бар болуы және оның дидактикалық
мүмкіндіктерін пайдалануды іздестірдік.
Ұрпақ тәрбиесін жаңа құндылықтар негізінде жетілдіру қоғам алдында
тұрған ауқымды істердің бірі, сол себепті де мектептерде, оның ішінде
бастауыш мектептерде математиканы оқытуды жаңа көзқарастар негізінде талдау
- кезек күттірмейтін іс.
    Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға
міндетті стандартында математика пәнін оқытудың мақсаты: ...практикалық
қызметте пайдалануға, іргелес пәндерді оқып үйренуге білім алуды
жалғастыруға қажетті нақты математикалық білімді меңгерту, – деп
анықтайды. Жалпы білім беретін мектептерде математикадан сапалы білім беру
мәселесі Қазақстанда А.Е.Әбілқасымова, Б.Баймұханов, М.Е.Есмұқан,
А.Көбесов, Ә.К.Қағазбаева, А.М.Мүбәраков, Д.Рахымбек, О.Сатыбалдиев және
басқалар, Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы елдерінде И.Б.Бекбоев, В.А.Гусев,
В.А.Далингер, Ж.Икрамов, А.И.Мордкович, В.А.Оганесян және басқалар
тарапынан зерттелген. Бастауыш мектепте математиканы оқыту ерекшеліктері
Ә.Б.Ақпаева, Ж.Т.Қайыңбаев, М.И.Моро, Т.Қ.Оспанов, А.М.Пышкало және т.б.
ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған.
    Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2010-2015 жылдарға
арналған Мемлекеттік бағдарламасында қоғамдағы қазіргі кездегі қайта
құрулар, экономиканы дамытудағы жаңа стратегиялық бағдарлар, қоғамның
ашықтығы, оның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы білім беруге қойылатын
талаптарды түбегейлі өзгертеді делінген .
    Қоғамды ақпараттандыру мәселесіне, оның негізгі белгілері мен
сипаттамаларын анықтауға В.Г.Афанасьев және т.б. философтардың,
В.В.Давыдов, Г.Е.Журавлев, Е.И.Машбиц сынды психологтардың,
С.И.Архангельский, Е.Ы.Бидайбеков, Ж.А.Қараев және т.б. педагогтардың
еңбектері арналған. О.П.Таркаев, А.В.Иващенко, В.К.Цонева, В.П.Пустовойтов
зерттеулерінде компьютерлік техниканы пайдаланудың  дидактикалық және
педагогикалық шарттары анықталған. Компьютерлік технологиялардың оқыту
үдерісіне тигізер әсерінің психологиялық-педагогикалық негізі
Б.С.Гершунский, В.М.Монахов, В.А.Новиков, А.Я.Савельев, Н.Ф.Талызина және
т.б. ғалымдардың еңбектерінде зерттелінсе, жалпыға бірдей компьютерлік
сауаттылық, оның мәні, оқыту мазмұны Я.Ваграменский, С.Гримм, А.П.Ершов,
Г.Б.Кочетков және басқа ғалымдардың еңбектерінде келтірілген [9 ].
Оқыту жүйесін компьютерлендіруді жедел қарқынмен жүзеге асыру мынадай
қоғамдық-әлеуметтік мәселелерді шешумен ұштасады:
1. Ғылыми — техникалық және өндірістік — технологиялық мәселелерді
шешуге қабілетті, шаруашылықтың кез келген саласында күрделі компьютерлік
техниканы пайдаланып қызмет істей алатын білімді және кәсіптік деңгейі
жоғары мамандарға деген сұранысты қанағаттандыру.
2. Білім беру жүйесінің деңгейі мен арнайы кәсіби мамандық берілуіне
тәуелсіз ақпарат құралдары мен компьютерлік техниканы сапалы түрде
пайдалана алатын оқушыларды дайындаудың жалпылық сипатта болуын қамтамасыз
ету.
3. Оқу-тәрбие үдерісінің сапасын жетілдіру, оны басқару тиімділігін
арттыру, оқу-педагогикалық зерттеу жұмыстарын жандандыру мен оның
нәтижелерін педагогикалық практикаға енгізуге байланысты білім беру
жүйесінің ішкі сұранысының артуы.
Қазіргі кездегі оқу жүйесінде компьютерлік техника негізінен төрт
бағытта:
1) компьютерлік техника ақпараттануды оқып-үйрену құралы;
2) компьютер - оқыту құралы;
3) компьютер - педагогикалық басқару жүйесінің бір саласы;
4) компьютер- ғылыми-зерттеу және педагогикалық іс-әрекеттің құрамды
бөлігі ретінде пайдаланылуда.
Қазіргі өмір талабына сай компьютерлік сауаттылықты жылдам дамыта
отырып, педагогикалық, психологиялық әдістемелік бастапқы дайындықты
қалыптастырмайынша, балалар өз білім деңгейін көтере алмайды. Сол себепті
информатика пәнін бастауыш сыныптан бастап енгізу қажеттілігі туындайды.
Бастауыш сынып оқушыларына информатика мен жаңа компьютерлік технология
элементтерін енгізудің қажет екендігі зерттеу жұмыстары арқылы толық
жүргізіліп, оқыту әдістемелері жан жақты қарастырылады. Атап айтатын
болсақ, отандық және шет елдік зерттеулермен таныса отырып, алдымен
теориялық материалдар жиналады, кейін осы жиналған материалдарға қатысты
бағдарлама жасалды осы жасаған бағдарламаға сәйкес жазылған әрбір
тақырыпқа тереңнен талдау жасалады. Ол үшін алдымен бастауыш мектептерге
арналған әр түрлі басылымдағы педагогикалық – психологиялық теорияға
негізделген көзқарастарды, мектептегі тәжірибелі мамандар бастауыш сынып
мұғалімдерінің көзқарастарын есепке ала отырып,т осы мақсатта жүргізілген
ата-аналар пікірі мен экспериментар жұмыстың қорытындысын қолдана отырып 1
сыныптан бастап мектеп оқушыларына информатика пәні бойынша өткізілетін
сабақтардың жылдық күнтізбелік – тақырыптық жоспарының үлгісі жасалды.
Оқушылар информатика пәнін жеңіл және тез меңгеруде, олардың қазіргі
өмір ағымына деген көзқарастарының жан-жақты жоғары дәрежеде дамуына
байланысты, енді информатика пәнін тіпті 1-ші сыныптан бастап енгізуге
болады деген пікірлер ұсынылуда.
Информатикалық қоғамда балаларды жұмыс істеуге дайындау үшін алдымен
логикалық ойлауға, талдау жасай білуге, өзара қарым – қатнасқа үйрету
керек. Психологтардың айтуы бойынша, баланың негізгі логикалық ойлауы 5-11
жаста қалыптасады [ 10].
Жаңа компьютерлік технологияның жылдан жылға кең құлаш жайып дамуы
адам қызметінің барлық салаларына енуіне орай, жас ұрпақты компьютерлік
техниканы пайдалану үшін даярлауда, олардың компьютерлерге деген оң
көзқарасын қалыптастырумен қатар, оқушылардың сыныпта және сыныптан тыс оқу
қызметін компьютер арқылы ұйымдастыру Қазақстан 2030 бағдарламасында
көрсетілгендей көкейкесті мәселелердің бірі. Бұл мәселелер бойынша
тәжірибелер жинақталуда. Қазірден бастап балаларды кішкентайынан өздерін
қоршаған ортамен жан-жақты таныстыру, олардың логикалық ой өрісін
шығармашылық жағынан дамыту, сөйлеу және жүріс – тұрыс мәдениеттілігін
арттыру, оларды компьютер әлеміне баулу бүгінгі күннің басты талабына
айналып отыр. Осы мәселелердің әр-түрлі жолдары қарастырылып, басқа шет
мемлекеттердің оқу іс тәжірибелерін оқып, үйрене отырып:
- Бастауыш мектепте оқытылатын сабақтарда компьютерді жиі пайдалану;
- Бастауыш сыныптан бастап жүйелі түрде информатика пәнін оқыту;
- Мектептерде балаларға арналған информатика үйірмелерін
ұйымдастыру арқылы жүргізуге болатынына көз жеткізуде.
Ал жоғарыда көрсетілген әдістердің барлығы бір бірімен ұштастырылса,
жас жеткіншектердің компьютерлік сауатты, әрі компьютерлік мәдениетті болып
өсуіне жол ашады.
Ғылым мен техниканың жылдан жылға кең өріс алып, жедел қарқынмен
дамуы, білімнің негізі болып табылатын – бастауыш мектепке де өз әсерін
тигізуде. Сондықтан бастауыш білім жүйесіне басты мақсат - әрбір оқушыны
информатика ғылымының алғашқы фундаментальді білім негіздерімен таныстыру,
өз бетімен жұмысын арттыру мен шығармашылық қабілеттерін дамытуда жаңа
компьютерлік технологияны пайдалану және оның тиімді әдістемесін ұсыну.
Сонымен қатар, оларды информатика пәнін мектепте оқытатын басқа пәндермен
үйлестіре отырып түпкілікті және саналы түрде меңгеруге қажетті
дағдылармен қамтамасыз ету болып табылады.
Жаңа компьютерлік технологияның басты тиімділігі – бұл мұғалімге
бастауыштағы оқу үдерісінің құрылымын түбегейлі өзгерту, оқытудағы
пәнаралық байланысты күшейте отырып, оқушылардың дүниетанымын кеңейтуге
және жеке қабілеттерін көре біліп, оны дамытуға толық жағдай жасауы.
Сонымен қатар, жаңа компьютерлік технологияның негізгі ерекшелігі – бұл
оқушыларға өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен
шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, өз- өзіне сын көзбен
қарауына және жеткен жеңістіктерінен ләззат алуға мүмкіндік беруі.
Информатика пәні 2-сыныптан бастап енгізілгенімен, оны әртүрлі
әдістермен оқытып, осы пәнге деген бала қызығушылығын арттыратын түрлі
оқыту бағдарламалары, әсіресе қазақ мектептері үшін өте тапшы. Сондықтан
бастауыш сынып оқушыларына информатика сабағын жүргізудің тиімді жолдарын
қарастырып, оны нақты материалдармен теориялық және практикалық жағынан
байыта түсу – бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
Информатика пәнінің пропедевтикалық курсын бастауыш сыныптан бастап
оқытуға болатындығы және оның тиімділігі дүниежүзілік тәрбие негізінде
дәлелденіп отыр.
Ғалымдардың, практик – мұғалімдердің пікірінше, бұл курсты бастауыш
сыныптарда оқытуға негіз болатын факторлар мыналар:
- бастауыш мектеп оқушысын компьютерлік қоғамға бейімдеу;
- ерте жастан балалардың компьютерлік ойлау қабілетін дамыту;
- бастауыш мектеп оқушыларының компьютерлік мәдениетін қалыптастыра
отырып, әлемдік компьютерлік білім кеңістігіне даярлау.
Ресей ғылымдарының соңғы зерттеулеріне сүйенсек бастауыш сыныптағы
информатиканың пропедевтикалық курсының негізгі бағыттары төмендегідей:
-Қолданушылық: мұнда оқушылар компьютермен алғаш танысып, оқу,
ойындық және бастауыштағы пәндер мазмұнына құралған жаттықтырушы
бағдарламалар негізінде компьютерлік сауаттылықтары қалыптасады. Бұл
бағытты қолданушылардың пікірінше, баланың компьютерлік сауаттылықты
меңгеруі – бұл сабақта және сабақтан тыс кезде компьютерді өз қажетіне
қарай еркін пайдалана білуі, сондай ақ техникаға сауатты ұқыпты қарауы.
Қолданушылық бағыттары пропедивтикалық информатиканы меңгеру нәтижесінде
оқушыларда төмендегідей білім мен іскерлік қалыптасуы тиіс:
- оқу ойын бағдарламалары мен жұмыс істей білу;
- бағдарламамен жұмыс істеу кезінде бағдарламалық құжаттарды
пайдалану;
Ақпаратты - логикалық. Бұл бағыт бойынша оқыту біріншіден,
оқушылардың қоршаған ортаның элементтерін танып, оларды ажырата білу
қабілеттерін дамытса, екіншіден, ойлау, есте сақтау қабілеттерімен қатар
байқағыштығын зейінін, берілген тапсырманы орындаудың оңтайлы, тиімді
жолдарын таба білу қабілетінің дамуына әсері мол. Психологтардың
зерттеуінше, ойлаудың логикалық құрылымының негіздері 5-11 жас аралығында
қалыптасады. Сондықтанда алгоритмдік даму қабілеттерін барынша ерте жастан
қалыптастыру қажеттігі өзінен-өзі туындайды [11].
Шығармашылық бағыт бойынша оқытудың жаңа әдіс – тәсілдерін қолдану
арқылы баланың кішкентай кезінен дүниеге өзіндік көзқарастарының
қалыптасуына жол ашу, үздіксіз білім алуға дайындаудың тиімді жолдарын
іздестіру. Басты мақсаты – оқушы зерттеуші есебінде.
Ғaлымдардың зерттеулері бойынша, оқу үдерісінің тиімділігін арттыруда
компьютерлік технологиялардың рөлі зор. Бүгінгі күні психологтар мен
педагогтар оқу үдерісінің тиімділігін арттырудың негізгі тәсілі ретінде
төмендегі шарттарды ұсынады.:
-Проблемалық оқытуды қолдану;
-Алгоритмдік оқыту;
-Оқытуды ақпараттандыру;
-Пәнаралық кіріктіру.
Информатика пәні баланың техника құлағында ойлап отырған өз
замандастарынан кем болмауы үшін қажет. Кез келген пәнді үйретудің
әдістемелік негізі 5 компоненттен тұрады. Олар: мақсат, мазмұн, әдістер,
қажетті құрал жабдықпен оқыту формасы. Информатика үшін қазір әдістерінің
жолдары жаңаруда.
Бастауыш сыныптарда информатика курсының мақсатын төмендегідей
сипаттауға болады:
1. Компьютерлік сауат ашудың бастау негізі;
2. Ойды логикалы түрде дамыту;
3. Алгоритмдік білімді жетілдіру мен мақсатты шешудегі жүйелілік;
4. Компьютерді үйренудің оңай жолдарын іздеу.
Бастауыш сыныптарда бала үшін оқудың негізгі саласы ойын болып
табылады. Ойын және ойын жағдайлары баланың жан-жақты ой-өрісінің дамуына
да, тәрбиесіне де әсер етеді. Сонымен бірге әртүрлі педагогикалық
мәселелерді шешуге көмектеседі.
Бастауыш мектептің оқу үдерісінде компьютерді қолдану оқушының
денсаулығы мен психикасына тікелей әсер етеді, сондықтан сабақта
компьютерді қолданарда дидактикалық, тәрбиелік, психологиялық және гигиено-
эргономикалық талаптарды ескеру қажет.
Бастауыш мектепте компьютерді қолданудың маңызы жайлы төмендегідей
тұжырым жасауға болады:
-компьютерлік технологиялардың мүмкіндіктері, балалардың мектепке
дейінгі жастан бастап компьютерге ойын құралы ретінде үлкен қызығушылықпен
қарауы, олардың сапалы оқуы мен дамуына толық мүмкіндік береді;
-қазіргі уақытта шетел және отандық мектептерде компьютерді бастауыш
мект ептерде пайдалану ауқымының кеңейе түсу үдерісі байқалады. Жаңа
педагогикалық жүйелер жасалуда, компьютермен жұмыс істеудің санитарлық-
гигиеналық нормалары анықталып, үй және қашықтықтан оқу тәсілінде жаңа
мүмкіндіктер ашылуда. Оқу мазмұнының қолданбалы компонентінің рөлі артып
келеді;
-компьютерлік технологияны бастауыш сыныпта пайдаланудың өзіне тән
ерекшелігі –сабақты ойын үлгісінде жүргізу;

1.2 Оқыту үдерісінде компьютерді қолданудың психологиялық
мүмкіндіктері

Қазіргі ақпараттық қоғамға байланысты білім беретін орта мектептер мен
жоғары оқу орындарында оқу үрдісін компьютерлендіру – оқу жүйесін
жетілдірудің негізгі шарты екені белгілі.
Бірақ оқу жүйесн компьютерлендіруде объективті мүмкіндіктер мен оны
нақтылы жүзеге асыру барысында қайшылықтар пайда болуы мүмкін. Оқытудың
автоматтандырылған эмпиризмдік сипаты сияқты, оқу үрдісінде ЭЕМ-ді қолдану
секілді маңызды өзгеріске теориялық ілімнің жетімсізділігі де қарама-
қайшылықтың шиеленісуіне әкеп соқты. Сондықтан бастауыш сыныптарда
компьютерді пайдаланып оқытудың психологиясын анықтаудың бірінші кезектегі
мәселелерінің бірі - ғылыми талдау жасау және компьютерлі оқытудың
жинақталған тәжірибелер мәнін түсіндіру болып табылады. Бұл бағыт бір
жағынан алып қарағанда, автоматтандырылған оқытудың психологиясын
экстенсивті зерттеу болып табылады.
Компьютерлік оқытудағы психологиялық зерттеулерді интенсивтендіруді
екі кезеңге бөлуге болады: біріншісі, адамның ойлау әрекетінің тарихи жаңа
типінің жалпы психологиялық зерттеу нәтижелерін осы салада қолдануды - ЭЕМ
бағдарламалары-ның жәрдемімен ойлау, екіншісі, дәстүрлі оқытудың шеңберінен
шығатын эксперименттің қалыптасу жағдайында, оқытудың қазіргі психологиялық-
педагогикалық зерттеулерінің контекстісімен құрылған диалогтық оқу
бағдарлама жобасын түзу негізінде компьютерді қолдану дағдысын
қалыптастыру.
Автоматтандырылған оқыту адамды шатастырғыш істерден алшақтайтын және
оның шығармашылық мүмкіндіктерін кеңейтетін ой еңбегін (ғылыми зерттеулерді
ұйымдастырып басқару, техникалық жобалау т.б.) автоматтандырудың жеке
саласы ретінде қарастыру керек. Бірақ, оқуда ЭЕМ-ді немесе
Д.С.Толлингерованың айтуы бойынша, жасанды педагогикалық интеллектті
қолдануда бірқатар өзіндік психологиялық мәселелер бар. Біздің көзқарасымыз
бойынша олардың ішіндегі ең маңыздысы техникалық құралдардың және тікелей
адам байланыстарының рөлін мыңдаған жылдар бойы пайымдалған практикаға
арналған диалогтық бағдарламалардың көмегімен адамды тәрбиелеу саласын одан
ары дамыту болып табылады.
Ғылыми-педагогикалық зерттеу нәтижелері педагогикалық еңбекті
автоматтандырудың негізгі психологиялық құндылығы-мұғалім мен оқушылардың
тікелей өзара қарым-қатынасын жоғалтып алуға соқтырмайды - деген пікір
түйеді. Сондықтан компьютерді пайдалану оқу үрдісінде мұғалім мен оқушының
өзара қарым-қатынасы жоғалмайды және басқа түрге енбейді, керісінше,
шығармашылық баюға, жаңа мүмкіндіктерге ие болады. Демек, компьютерді оқыту
жағдайындағы педагогикалық үрдісте мұғалімнің басты рөлі кемімейді,
керісінше, арта түседі.
Дегенмен, оқытуды автоматтандыру жағдайында қазіргі мектептер үшін
коммуникативтік, білім беру және тәрбиелеу мүмкіндіктерін толық іске асыру
кезінде автоматтандырылған оқыту жүйесін жобалау мен құру тәжірибесіндегі
сияқты, диалогтық оқыту бағдарламасын түзу және оларды оқу үрдісінде
қолдану кезінде психологиялық ахуалдар негіз бола алады. Әңгіме
автоматтандырылған оқу үрдісін басқаруға қойылатын талаптар санына
психологиялық талаптарды жай ғана қоса салу емес. Оқу үрдісін басқарудағы
психологиялық проблемаларды зерттеуді одан ары жалғастыруда және танымның
қалыптасу механизмін зерттеуде машиналық оқу бағдарламаларын түзу мен
қолдану жағдайындағы қарым-қатынас пен іс әрекеттерге тың зерттеулер қажет.

Оқытудың диалогтық табиғатын есепке алу - АОЖ-ны (автоматтандырылған
оқыту жүйесі) түзудегі және оқу бағдарламасындағы таным үрдістерін
модельдеудегі түйінді кезең болып табылады. Өйткені компьютер арқылы іске
асатын диалогтық оқу бағдарламасының көмегімен басқару, бақылау мәселесі-
оқушылардың жеке танымдық әрекетін емес, жаңа әрекеттің пәндік, ұғымдық
мәнін меңгеру үрдісінде мұғалім мен оқушының өзара қарым-қатынас жүйесін
жүзеге асыру болып табылады. АОЖ-ні құрастырушылар осы ара қатынастың бір
ғана жағын ескереді, ол - оқушының пәндік ұғымдарды меңгеруге қатысы. Бұл
жағдайда оқу үрдісінің мынадай ең маңызды сипатына назар аударылмайды, яғни
оның әлеуметтік-психологиялық байланысы ескерілмейді.
Меңгеру үрдісі тек амалдың пәндік түрлендіруге ғана тіреледі, іс -
әрекеттің жаңа тәсілдерін игеру кезіндегі оқу үрдісіндегі ара қатынастан
туындап жатқан оқушының таным әрекетінің мақсаты мен мағынасын қайта құру
еленбейді. Сонымен қатар өзгеріске ұшыраған оқудағы ара қатынастар мен
әрекеттер жүйесіндегі оқушылардың санасы мен өмірлік позициясының қайта
құрылуы да есептелмейді.
Демек, психологиялық тұрғыдан қарағанда, автоматтандырылған
оқытудың жалпы принциптерінің біріншісі – оқу үрдісіндегі пәндік оқыту
әрекетті басқаруды толық қамтуға жету. Олай болса, басқару әсерлерінің
нысаны болып жеке оқушы және оның өзіне тән таным әрекеттері емес, жалпы
оқу кезеңіндегі құбылмалы жүйелер, соның ішінде, әсіресе, мұғалім мен
оқушының арасындағы ара қатынас болмақ. Ал басқару әсерлерінің нысаны
ретінде есептелетін оқу ахуалын ұйымдастыру принципі ДОБ-ға жасағанда
мынадай өзгешелік сипаттағы жағдайларды есепке алуды міндеттейді:
1) Меңгеру мақсатында құрылымдық және амалдық оқу пәнінің нысанды
мазмұнын, яғни мазмұнның құрылымдық сипаты мен оқушылардың меңгеретін
қимыл, амал және олардан қалыптасатын таным әрекеттерінің бағдарламасын
анықтайды;
2) Оқу пәндерінің мазмұнын игеру үрдісін ұйымдастыру мен оқудың талдап
қорыту тәсілдерінің амалдарын және игерудің бір деңгейі мен кезеңінен
келесісіне өту сәтін көрсетеді;
3) Мұғалім мен оқушылардың өзара бір-бірімен қарым-қатынас жүйесімен оқу
мақсаттарын орындау үрдісіндегі бір-бірімен бірлесіп жүргізу формасын
нақтылайды.
Бұл айтылған жағдайларда өзара байланыстылық динамикасы (оқу
тапсырмаларының типтерін, меңгеру этапын және оқу үрдісінің барлық
мерзімінде мұғалім мен оқушылардың бірлесіп істеу формаларын сәйкестендіру)
дегеніміз АОЖ-нің көмегімен басқару әсерлерінің нысаны.
Жасанды педагогикалық интеллектті қолдануға қойылатын екінші
психологиялық талап - басқарудың озық принципі, яғни оқу үрдісін уақытпен
өлшенетін жағдайды есепке алатын озық басқару принципі болып табылады. Ол
уақыттық сипатқа ие болуымен бірге оның мақсаты іс-әрекетті кеңістікті
уақытпен ұйымдастыру жағдайында іске асады.
Ол сөзсіз дискретті және оқудағы мақсаттарға жету үрдісін басқаруға
қойылатын маңызды талап-оқу жағдайы жүйесінің мағыналық бүтіндігін және
тиімділігін қамтамасыз етеді. Осыған байланысты компьютерді оқыту
жағдайында орындалатын оқыту моделінің бірыңғайлық негізгі шарты-оқу
жағдайының құрылымында іс әрекеттердің барлық түрінің мағыналық және
кеңістікті-уақыттық ұйымдастыру жоспарының бірлігін құру. Сондықтан алдын
ала ойлап басқару жүйесін нақ осындай бір тұтастыққа жеткізуге бағытталған
болуы тиіс.
Шынайы өмірдегі адамның іс-әрекеттерінде көрсетілген мағынадағы алдын
ала ойлап басқару функциясын адамның жады атқарады. Компьютерде бұл
функцияның аналогы болып құрамына төмендегідей кіші жүйелер кіретін
мәліметтер банкі болады деп болжамдауға болады:
1. Оқу жағдайында жүзеге асырылатын мақсатқа сай оқу әрекетін
ұйымдастырушыларға (оқушыларға, мұғалімдерге) нәтижелі қызмет көрсету.
2. Оқу әрекетінің келесі сатысын қамтамасыз ететін алдын ала ойлау қызметі
мен оқу жағдайының жүйесінде қолданатын адекваттың дидактикалық
стратегиясын таңдау және болжау мақсатындағы оқу жағдайының құрылымындағы
барлық параметрлерді пайымды түрде басқару.
Ол үшін АОЖ-дегі басқарудың төмендегідей жалпы психологиялық
принциптерін айқындай түсудің қажеттігі көрінеді. Нақты айтқанда, мұғалім
мен оқушының бірлескен оқу әрекеттеріндегі материалдық субтракт ролінде
немесе меңгеру үрдісінің барысы мен нәтижесінде олардың қатынасымы іс-
әрекеттерінің және өз позицияларының қайта құрылуында сарапшы ролінде бола
алатын ДОБ-ны (диалогтық оқыту бағдарламасы) түзу кезінде айқындалады. ДОБ-
да оқушылардың білім дәрежесіне қарай өзгеріп тұратын әр типті оқу
тапсырмаларының мазмұны ғана емес, сонымен қатар оны меңгеру, таным
әрекеттерін басқару амалдар, оқушылардың оқу әрекетіндегі барлық
компоненттерін іске асыру, оқушы мен бағдарламаның өзара қатынасы мен іс-
әрекеттерінің амалдары алдын ала анықталғаны жөн.
Мұғалімнің қызметі мен дидактикалық стратегиясының мақсаты ДОБ-
сын белгілі мөлшерде бір-біріне қатысты оқу жағдайындағы барлық айнымалы
шамаларды нысандандыратын оқу қатысымының “ұжымдық субъекті” ретінде
көрсетілуі. Сондықтан ДОБ-на қойылатын талап бала мен ЭЕМ-нің арасындағы
диалог жүйесіндегі есептерді шығару тәсілдерін айқындайды. Осыған
байланысты ДОБ-ның жалпы қызметін және оны құру және қолдану бойынша мына
төмендегідей психологиялық принциптер ұсынылады.
1. Оқу іс әрекетінің мотивтілігін ескеру.
Оқу мотивінің әр алуандылығы оқу ахуалына қажеттік жүйесін
қанағаттандырумен байланысты. Бұл жүйеге таным қажеттілігі, нәтижелік,
қатысымдық және өздігінше жүзеге асыру т.б. қажеттіліктер енеді.
Сонымен, ДОБ-сы бұл қажеттіліктерді қанағаттандырып қана қоймай және
олардың дамуына да жағдай жасап, оқу барысындағы мотивтің қалыптасу
үрдісінің жиынтығы, машина мен адамға берілетін мағлұматтардың толықтығы,
жағымды (позитивтік) және жағымсыз (негативтік) әсерленушілік аясы
есептеледі.
2. Оқытудың шығармашылық компоненттерінің дамуына назар аударылды.
ДОБ-сын интеллектуалдық және пәнді практикалық дағдыларды
автоматтандыру деңгейіне дейін көтеретін тренажер-репетитор қызметінде де
қолдануға болады. Тиімді және тиімсіз мәселелерді шешу үрдісі машинамен оқу
диалогының ерекшелігі болып табылады. ЭЕМ-мен диалогтағы шешілген мәселе
ойлаудың формальды логикалық және интуитивтік үрдісін құруға мүмкіндік
береді. Ал проблемалық жағдайларда таным белсенділігін зерттеу нәтижелі
ойлау әрекеттерін ДОБ-сының көмегімен модельдеуді негіздейді.
3. Оқу үрдісін модельдеудегі таным мен қатысым бірлігінің
қажеттілігі.
ДОБ-сын құру кезінде кез-келген әрекеттің қалыптасу үрдісінде таным
және қатысым аспектілерінің бір-бірімен тығыз байланыстылығын ескеру керек.
ДОБ-сы арқылы жүзеге асатын қатысымдық әрекеттер жалпы таным мен өзін-өзі
реттеу механизмінің қалыптасу белсенділігін жоғарылатып дұрыс бағытқа салуы
мүмкін. Сондықтан таным әрекеттерінің кезеңдері бойынша қатысымдық амалдар
да өтеді.
Мәселен, оқушылардың бастапқы, өтпелі және аяқталу кезеңдері
бойынша меңгерілетін бағдарламамен “сөйлесу” және әрекет түрлері машинасыз
тікелей оқу қатысымы жағдайында іс-әрекет үрдісін ДОБ-ы бойынша
модельдеудегі маңызды талап болып есептеледі. ДОБ-сын құру кезіндегі
меңгеру деңгейі мен кезеңдеріне сәйкес келетін әрекеттестік актілерін
зерттеу таным және оқу әрекеттерінің ойдағыдай қалыптасуы үшін ғана емес,
сонымен қатар оқушының өзіндік көзқарасын құру, оқып үйренуде өзін-өзі
реттеу және пәнді меңгеру әрекетінің жоғары сатысына өтуі үшін қызмет
етеді.
Сондықтан ДОБ-сын оқушыларды пәндік – мазмұнды білім алуға және
іскерлікке үйрету үшін қойылатын шарт деп ғана қаралмайды. Сонымен қатар,
оқу үрдісін дамытуда түйсік актілерін қалыптастыру негізінде оқытуды жүзеге
асыра алатын жаңа білімді меңгерудегі танымдық міндеттерді қоюға мүмкіндік
туғыза алатын құрал деп есептеген жөн.
4. Оқу пәнінің мазмұны туралы құрылымдық жүйелі түсінік болуы қажет.
Оқытушы диалогты әрекеттің сапалы болуы мынадай жағдайларға
байланысты: егер оқушы меңгеретін әрекеттің пәндік мазмұнын амалды атқару
ісінен бастап таныстырмай, әрекетті ұйымдастырудың ең жоғарғы деңгейі –
мақсатты ойлаудан бастап меңгерту жүзеге асқанда ғана тиімді болмақ. Осыған
байланысты ДОБ-сында оқушыға оқудың баламалы мақсатын құрып немесе нақты
есепті шығару кезінде баламалы мазмұнда мақсатын таңдау үшін берілетін
кеңесті алдын-ала ойластырып олардың таңдап алған оқудың мақсаттылығына
сәйкес нақты есеп шығарудың тиімді жолдарын көрсету керек.
Ал бұл көмек бағдарлама арқылы жүргізіледі, яғни қатынас режимі есепті
жеке шығару үрдісін ұйымдастырудың түрлі құрылымдық деңгейіне еркін өту
тұрғысынан өз бетінше реттеу мүмкіндігі амалды – техникалық шеберліктің
және мақсатты, саналы ойлаудың механизмін меңгерудің ойдағыдай қалыптасуын
қамтамасыз етеді.
5. ДОБ-сының тиімділігі өлшем бірлігінің толықтығы мен жүйелілігі.
Оқыту бағдарламаларының тиімділігі білімнің сапасы, жақсы оқу
бағаларының деңгейі сияқты, сенімге жол берілмейтін бірқатар эмпирикалық
көрсеткіштер негізінде бағаланады. Бұндай бағалау өлшем бірлігінде оқу
үрдісінің жүйелілік табиғаты ұмытылып кетеді де, оқу жағдайындағы
бағдарламада модельденетін айнымалы шамалардың толықтығы қамтылмайды, тек
ғана бағдарламаны меңгерудің жиынтық нәтижесі ғана есептеледі.
Олай болса, бағдарламаның тиімділігінің өлшем бірліктерінің негізін
зерттеуде оқу ахуалын өзінің құрылымынан бөліп қарастырылуы байқалады. Ал
өлшембірліктің толықтығы болып соңғы нәтижеде оқушының қол жеткізетін
білімі мен іскерлігі ғана емес, сонымен қатар оқу жағдайындағы бір-бірімен
байланыстылығының өсу жүйесі бойынша алынған, өзгеріп отырған білім
дәрежесі мен оның сапасы болмақ.
Бағдарлама тиімділігінің маңызды динамикалық өлшембірлі-гіне мынадай
көрсеткіштерді жатқызуға болады, мысалы, мақсатты оқу түрлерінің көп
түрлілігі, қорытындылау сатыларының түрлері, оқу мазмұнының қайта құрылуы,
қатысымдық мақсаттарды ауыстыру, іс шара және дербестендіру бағдарламасына
қатысты бағыттарды қайта құру, психологиялық тиімділік деңгейі т.б.
6. Оқуды автоматтандырылған түрде және табиғи түрде басқаруды
жетілдіру принциптерінің бірлігі.
ДОБ – бұл адамды табиғи түрде өтіп жатқан оқытудың ерекшеліктері мен
заңдылықтарын ұғынудың және жалпы қорытындылаудың нәтижесі. Сондықтан
бағдарламамен жүзеге асатын басқарудың нысаны тек қана кибернетикалық емес,
оқытудың психологиялық принциптеріне де сәйкес келуі керек. Өйткені
оқушының бағдарлама мен әрекеттесер психикалық жаңа құрылымдардың біртіндеп
қалыптасыуын интернозациялық деңгейіне дейін ғана емес, сонымен қатар
рефлексиялық, өзін-өзі реттеушілік, жаңа мақсаттар мен мәселелердің
туындаушылық деңгейіне дейін көтереді.
Меңгерілетін қимыл тәсілдірінің оқу мақсаттары мен мотивтерінің өзін-
өзі реттеушілігі – бұл оқушылардың мұғаліммен табиғи түрде әрекеттесу және
бірлесіп істеу жағдайында игерілетін іс-әрекеті ішкі психикалық
ұйымдастырудың ең жоғарғы сатысы. Компьютерлер оқу әрекеттері динамикасының
дәл осы маңызды тарауын қамтамасыз етуге бейімделген. Оқуды
автоматтандырудың осы жағдайы ғана үйренушілердің өзін-өзі басқаруы мен
өзін-өзі дамытуының алдыңғы шартына жол ашады. Сондықтан оқыту үрдісін
жалпы басқарудың психологиялық моделін теориялық жетілдіру компьютерлік
оқуды жетілдіру маңызды шарты болып табылады.
Психолог-педагогтардың зерттеулерінше оқушының мектептегі кезеңдерінің
ішінде, әсіресе 7-8 сынып мектеп кезеңі оқушының танымдық, шығармашылық
қабілеттерінің дамуына ең тиімді және қолайлы кезеңге жатады. Себебі осы
кезеңде оқушылардың танымдық іс-әрекетінің психологиялық негізі қалыптасады
және армандау, қиялдау, елестету, шығармашылық ойлау және ойлау амалдары:
жинақтау, салыстыру, талдау, жалпылау және т.б. жетілдірудің жоғары
деңгейінде болады. Сонымен қатар, қорытынды жасау және өз пікірін айту
сияқты негізгі қабілеттер кеңінен көрінеді.
Жалпы оқытудың негізгі мақсаты – оқушыны дамыту. Осы мақсатқа сәйкес,
оқыту теориясында негізгі орын алған мәселе - дамыта отырып компьютерді
қолданып жүзеге асыруға болады.
Психологтардың, педагогтардың мектеп кезеңіне қатысты айтқан пікірлері
мен тұжырымдарын қорытындылай отырып, бастауыш сынып оқушыларының ақыл-ойы
мен шығармашылық қабілеттерін компьютер арқылы тиімді түрде дамытуға
болады. Бұған біріншіден бастауыш сынып оқушыларына тән қызығушылық, өз
қабілеттерін көрсете білу, іздену, өз бетімен жұмыс істей білу сияқты
икемділігін дамытуға болады; екіншіден, компьютердің мүмкіндіктері бояу,
графиктік, мәтіндік редактор ретінде мультипликациялық элементтерімен іс-
әрекеті баланың логикалық ойын дамыта отырып, пәндік білім мен икемділік
дағдыларын қалыптастырудағы күрделілікті жеңілдетеді.

1.3 Оқыту үдерісіндегі компьютердің рөлі мен орны

Ғылым мен техниканың қарқынды дамуы және әлеуметтік экономикалық
өзгерістер жас ұрпақты тәрбиелеуге жаңаша көзқараспен қарауды талап етуде.
Бұл әрбір адамның психикалық, жеке тұлғалық қасиеттерін дамытуға мүмкіндік
беретін жаңа жағдайлар құруды қажет етеді.
Осыған байланысты қазіргі педагогика ғылымы оқушылардан          
белгілі бір білім жүйесін терең меңгеруін талап етіп қана қоймастан,
олардың әрқайсысының шығармашылық қабілетін дамытуды талап етіп отыр.
Мұндай әлеуметтік сұранысты педагогикалық тұрғыдан қамтамасыз ету оқу
үрдісін компьютерлендіру арқылы шешуге болатындығын мектеп тәжірибесі
көрсетуде. Сондықтан да оқыту жүйесін компьютерлендіру қазіргі кезде білім
беруді жетілдірудің негізгі бағыттарының біріне айналды.
Оқыту жүйесін компьютерлендіруді жедел қарқынмен жүзеге асыру мынадай
қоғамдық-әлеуметтік мәселелерді шешумен ұштасады:
Компьютерлік – қатынастық технологиялардың біздің өмірімізге етене
енуі, білім беру жүйесін ұйымдастыруға жаңаша көзқарасты талап етеді,
компьютерлік қоғам талабына сай, компьютерлік технологияның соңғы
жетістіктерін пайдалана білетін білімді, жан-жақты дамыған ұрпақ
тәрбиелеуді қажет етеді.
   XXI ғасыр компьютерлік қоғамда және өндірістің дамуының негізгі
құралы болып компьютерлік ресурстардың қажеттілігі көрінеді. Сондықтан
білім беру әлемі де өзінің дамуы үшін жаңа қадамдар жасауда.
Компьютерлік технологияны оқу үдерісінде қолдану мектептегі оқу-тәрбие
үдерісінің көптеген аспектілеріне елеулі ықпалын тигізері өз-өзінен
түсінікті. Оқытуды компьютерлендіру оқу жұмысын белсендірудің аса қуатты
құралы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныпта компьютерді қолданып математиканы оқыту нәтижесін бақылау тиімділігін арттыру жолдары
Бастауыш сыныптарда математиканы оқытуда компьютерді қолдану
Бастауыш сыныпта информатика пәнінің оқыту ерекшелігі
Математика мен информатиканы интеграциялап оқыту мүмкіндіктерін анықтау
«Бастауыш сынып оқушыларының математика пәніне қызығушылығын ақпараттық технологиялар негізінде арттыру»
Компьютерді бастауыш сыныпта математиканы оқыту құралы ретінде пайдаланудың әдістемесі
Бастауыш мектепте ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолданып математиканы оқыту нәтижесін бақылаудың тиімділігін арттыру әдістемесі
Бастауыш мектепте математика пәнінде ақпараттық технологияларды пайдалану
Бастауыш сыныпта математика сабақтарында оқушылардың білім деңгейін арттырудағы мұғалімнің іс-әрекеттері
Сыныптарда информатика пәнін оқытудың оқу бағдарламасының тұжырымдамалық негізі
Пәндер