Білім беру мекемелеріндегі кәсіпкерлік қызмет пәні бойынша дәрістер



1 тарау. КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТ НЕГІЗДЕРІ

1.тақырып. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік ұғымы, оның түрлері мен нысандары. Жеке кәсіпкерлік.
2.тақырып. Заңды тұлға құрылған кәсіпкерлік.
3.тақырып. Заңды тұлғалар . коммерциялық ұйымдар
4 тақырып. Заңды тұлғалар . коммерциялық емес ұйымдар
5.тақырып. Бизнес.жоспарды түзудің мақсаты және міндеттері, оның құрылымы
2 тарау. БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТТЕРІНІҢ МАРКЕТИНГІ
1 тақырып. Білім беру қызметтері маркетингінің тұжырымдамасы.
2.тақырып. Рынок сегментациясы, тұтыну тауарлары сегментациясының негізгі қағидалары.
Өндірістік кооперативтің ерекше белгілері
Өндірістік кооперативтің Жарғысы:
- кооперативтің фирмалық атауы;
- кооперативтің орналасқан жері;
- өндірістік кооператив мүшелерін қабылдау, шығу және шығару тәртібі, олардың құқықтары мен міндеттемелері;
- басқару және бақылау органдарының құрамы және құзіреттері туралы ережені құру және олармен шешім қабылдау, оның ішінде сұрақтар шешімдерін бірауыздан немесе білікті басым көпшілігінің дауыстарымен қабылдау тәртібі;
-өндірістік кооперативтің әрбір мүшесінің пай мөлшері, өндірістік кооперативі мүшесінің мүліктік салым енгізу құрамы және тәртібі және олардың салым енгізу бойынша міндеттемені бұзғаны үшін жауапкершілігі
- кооператив қызметіне оның мүшелерінің жеке еңбек қатысу сипаты және тәртібі және олардың жеке еңбек қатысуы бойынша міндеттемені бұзғаны үшін жауапкершілігі;
- кооператив және оның мүшелері, кооперативтің атқарушы органы мен жұмысшылардың еңбек ұжымы арасындағы қарым-қатынастары;
- кооперативтің таза пайдасы мен шығындарын бөлу;
- кооперативті тарату және қайта құру тәртібі
Мүлік:
Мүлік жарғымен көзделген мүшелердің мүліктік салымдары, өз қызметінің пайдасы, несие берушілер, сыйға берілген мүлік, және басқа да көздер есебінен құрылады.
Кооперативқа мүліктік салым ретінде ақша, бағалы қағаздар, заттар, мүліктік құқықтар, оның ішінде жерді пайдалану құқығы, шығармашылық санатты қызметтің қорытындыларына құқық және басқа да мүліктер болуы мүмкін.
1. Деловой мир Казахстана: Журнал. Предпринимательство, инновация плюс информация. Алматы, 1997. № 1.
2. Ермаков В.А. Казахстан в современном мире. Алматы. 2003.
3. Ершова И.В., Иванова Т.М. Предпринимательское право. Учебное пособие. М., Юриспруденция, 2000.
4. Индивидуальное предпринимательство: Сборник // Составители: В.И. Скала, А.И. Белкин, Н.В. Скала. Алматы, 1998.
5. 2006 ж. 31-қаңтардағы №124-III ҚРЗ «Жеке кәсіпкерлік туралы» заң. «Бико» Баспа үйі, 2006 ж.
6. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. Жалпы бөлімі. Екі кітаптағы құрастырушылардың түсініктемелері. Жауапты редакторлары: М.К.Сүлейменов, Ю.Г.Басин. – Алматы: «Жеті жарғы», 2003.
7. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. Ерекше бөлімі. Түсініктемелер. 2-басылым. Жауапты редакторлары М.К. Сүлейменов, Ю.Г.Басин. – Алматы: «Жеті жарғы», 2003.
8. Абчук В. Занимательная экономика и бизнес,-Сп. литература, 1998 г.
9. Акимов В.В., Мерзяков В.Ф., Огай К.А. Основы экономических знаний, - Москва, 2000 г.
10. Минаева Н.В. Экономика и предпринимательство.- 2001 г.
11. Yotts Maikl. Нарықтық экономикасы әліппесі, - Алматы, 1997 ж.
12. Өскемен қалалық статистика бөлімі, 1999-2002 жылдар мәліметі.
13. Котлер Ф., Келлер. К. Л. Маркетинг менеджмента 12-е изд. – СПБ.: Питер, 2006
14. Котлер Ф. Основы маркетинга. Краткий курс – М. Издательский дом Вильемс, 2007
15. Экономикалық теория негіздері. Оқулық – Алматы, 2004, 480 бет.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   
ДӘРІС КЕШЕНІ

БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕГІ КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТ

Глоссарий (анықтама, сөздік)
Кәсіпкерлік - жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кіріс алуға
бағытталған, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің өздерінің меншігіне
негізделген және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің атынан олардың
тәуекелімен және мүліктік жауапкершілігімен[1] жүзеге асырылатын
бастамашылық қызметі.
Жеке кәсіпкерлік – азаматтардың жеке меншiгіне негiзделген табыс
табуына бағытталған, сол азаматтардың атынан тәуекел етуiмен және мүлiктiк
жауапкершiлiгiмен жүзеге асырылатын азаматтардың жеке қызметi.
Дара кәсіпкерлік – жеке меншік құқығымен өзіне тиесілі мүліктің
негізінде, сондай-ақ мүлікті қолдану және (немесе) иемденуге жол беретін
өзге құқыққа сәйкес бір азамат дербес жүзеге асырады.
Ортақ кәсіпкерлік –жеке меншік құқығымен өзіне тиесілі мүліктің
негізінде, сондай-ақ мүлікті ортақ қолдану және (немесе) иемденуге жол
беретін өзге құқыққа сәйкес азаматтардың тобы жүзеге асырады.
Зайыптылардың кәсіпкерлігі – ерлі-зайыптылардың жалпы бірлескен жеке
меншігіңің негізінде жүзеге асырылады.
Жанұялық кәсіпкерлік – шаруа (фермер) қожалығының жалпы бірлескен
меншіктің негізінде немесе жекешелендірілген мүлікке жалпы бірлескен жеке
меншіктің негізінде жүзеге асырылады.
Жай серіктестік – жалпы үлесті меншік негізінде жүзеге асырылады.
Заңды тұлға – төмендегідей белгілері бар ұйым:
- меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау
мүлкі бар;
- өз мүлкімен өз міндеттемелері бойынша жауап береді;
- өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге
ие болып, оларды жүзеге асыра алады;
- сотта талапкер және жауапкер бола алады;
- өз балансы немесе сметасы бар;
- өз атауы жазылған мөрі және т.б. бар
Шаруашылық серіктестік – бұл өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде
табысын келтіруді көздейтін, жарғылық капиталы құрылтайшылардың
(қатысушылардың) үлесіне (салымына) бөлінген коммерциялық ұйым; өзге де
шаруашылық серіктестіктердің құрылтайшысы бола алады; акциялар,
облигациялар, бағалы қағаздар шығаруға құқығы жоқ.
Толық серіктестік – толық серіктестіктің мүлкі жеткіліксіз болған
жағдайда қатысушылары серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі
барлық мүлкімен ортақ жауапкершілікте болатын серіктестік.
Сенім серіктестігі – серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзінің
бүкіл мүлкімен (толық серіктерімен) ортақ қосымша жауап беретін бір немесе
одан да көп қатысушылармен (сенімшілермен) қатар, жауапкершілігі
серіктестіктің (салымшылардың) жарғылық капиталына өздері салған
салымдардың жиынтығымен шектелетін және серіктестіктің істерін басқаруға
қатыспайтын бір немесе одан да көп қатысушыларды да енгізетін серіктестік.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік - бір немесе бірнеше адам құрған,
жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде үлеске
бөлінген мекеме. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар оның
міндеттемелері бойынша жауап бермейді және серіктестіктің қызметіне
байланысты залалдарға өздерінің қосқан салымдарының құны шегінде тәуекел
етеді.
Өндірістік кооператив - азаматтардың бірлескен кәсіпкерлік қызмет үшін
мүшелік негізде олардың өз еңбегімен қатысуына және өндерестік кооператив
мүшелерінің мүліктік жарналарын (пайларын) біріктіруіне негізделген
ерікті.
Акционерлік қоғам - өз қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту
мақсатымен акциялар шығаратын заңды тұлға.
Мемлекеттік мекеме - конституцияға сәйкес немесе ҚР Президентінің,
ҚР Үкіметінің және Әкімдердің шешімдерімен құрылатын және заңнамалық
актілермен қажыландырудың қосымша көздері белгіленбесе мемлекеттік бюджет
есебінен ғана ұсталатын мемлекеттік ұйым.
Жекеше мекеме жеке және (немесе) мемлекеттік емес заңды тұлғалардың
басқару, әлеуметтік, мәдени немесе коммерциялық емес сипаттағы өзге де
функцияларды жүзеге асыру үшін құрған ұйымы.
Қоғамдық бірлестік - ҚР заңнамасына қайшы келмейтін жалпы мақсаттарға
жету үшін ерікті негізде құрылған саяси партиилар, кәсіби одақтар мен
азаматтардың басқа да бірлестіктері.
Заңды тұлға ретіндегі тұтыну кооперативі - мүшелік негізінде
қатысушыларының материалдық және өзге де сұраныстарын қанағаттандыру үшін
азаматтардың мүшелерінің мүліктік (пайлық) жарналарды біріктіруі жолымен
жүзеге асыратын ерікті бірлестігі. Заңнамалық актілермен көзделген
жағдайларда тұтыну кооперативіне заңды тұлғалар кіре алады.
Заңды тұлға ретіндегі қор - азаматтардың және (немесе) заңды
тұлғалардың ерікті мүліктік жарналардың негізінде құрған, әлеуметтік,
қайырымдылық, мәдени, білім беру және өзге де қоғамдық –пайдалы
мақсаттарды көздейтін, мүшелігі жоқ ұйым.

Діни бірлестік - заңнамалық актілермен белгіленген тәртіппен
мүдделерінің жалпылығы негізінде, рухани сұраныстарын қанағаттандыру үшін
бірлескен азаматтардың ерікті бірлестігі .

Коммерциялық емес акционерлік қоғам - кірістері тек қоғамды дамыту
үшін қолданылатын, акцияларын өз қызметін жүзеге асыруға қаражатты тарту
мақсатында шығаратын заңды тұлға. Артықшылықты акцияларды, туынды
айырбасталатын бағалы қағаздарды шығаруға құқылы емес. Коммерциялық емес
ұйым ретінде құрылған акционерлік қоғамды коммерциялық ұйым болып қайта
құруға болмайды, солайша коммерциялық ұйым ретінде құрылған акционерлік
қоғамды коммерциялық емес ұйым ретінде құруға болмайды.
Заңды тұлға ретіндегі қауымдастық (одақ) Коммерциялық ұйымдар
өздерінің кәсіпкерлік қызметін үйлестіру, сондай-ақ жалпы мүліктік және
өзге де мүдделерін ұсыну мен қорғау мақсатында өзара шарт бойынша, сондай-
ақ коммерциялық емес ұйымдармен бірге мынадай нысанда бірлестіктер құра
алады.

1 тарау. КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТ НЕГІЗДЕРІ

1-тақырып. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік ұғымы, оның
түрлері мен нысандары. Жеке кәсіпкерлік.

Дәріс мақсаты: Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік ұғымымен, оның
түрлерімен және нысандарымен оқып танысу.

Дәрістің негізгі сұрақтары:
1. Кәсіпкерлік туралы ұғым.
2. Кәсіпкерлік қызметтің белгілері мен принциптері.
3. Шағын кәсіпкерліктің субъектілері.
4. Орта және ірі кәсіпкерліктің субъектілері.
5. Жеке кәсіпкерлік.
6. Жеке кәсіпкерліктің артықшылықтары мен кемшіліктері.

Дәрістің қысқаша мазмұны

1 сұрақ. Кәсіпкерлік - жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кіріс алуға
бағытталған, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің өздерінің меншігіне
негізделген және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің атынан олардың
тәуекелімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылатын бастамашылық
қызметі.

2 сұрақ. Кәсіпкерлік қызметтің белгілері мен принциптері
Белгілері:
- дербестілік (мүліктік; ұйымдық),
- тәуекел (ойдағыдай жұмысқа қуатты серпін),
- табысты жүйелі түрде алу,
- табыс тауарларды сатудан,
- жұмыстарды орындаудан немесе қызмет көрсетуден алынады,
- кәсіпкер заңмен белгіленген тәртіппен міндетті түрде тіркеледі.
Принциптері:
- бостандық (Әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне ... құқы бар (ҚР
Конституциясының 26-б-ы));
- мемлекеттік және жеке меншікке теңдігі (ҚР Конституциясының 6-б-бы);

- жосықсыз бәсекеге тыйым салынады; монополистік қызмет заңмен
реттеледі және шектеледі;
- кәсіпкерлікті мемлекеттік – тікелей (әкімшілік әдістермен), жанама
(экономикалық әдістермен) реттеу;
- заңдылық – яғни қолданыстағы заңнаманы қатаң сақтау;
- кәсіпкерлер мен тұтынушылардың құқықтарын қорғау.

3 сұрақ. Шағын кәсіпкерліктің субъектілері

Құмар ойындар мен шоу-бизнес саласында қызметті, есірткі заттар мен
прекурсорлардың, психотроптық заттардың айналымымен байланысты,
акцизделетін өнімді өндіруді және (немесе) көтерме сатуды; астық қабылдау
пункттерінде астық сақтау жөніндегі қызметті; лотереялар өткізуді; ойын
және шоу-бизнес саласындағы қызметті; сертификаттау, метрология және сапаны
басқару саласындағы қызметті; басқа); аудиторлық қызметті; бағалы қағаздар
нарығындағы кәсіби қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды
тұлғалар шағын кәсіпкерлік субъектілері болып таныла алмайды.

4сұрақ. Орта және ірі кәсіпкерліктің субъектілері

5 сұрақ. Жеке кәсіпкерлік - азаматтардың жеке меншiгіне негiзделген
табыс табуына бағытталған, сол азаматтардың атынан тәуекел етуiмен және
мүлiктiк жауапкершiлiгiмен жүзеге асырылатын азаматтардың жеке қызметi

Қалай жеке кәсіпкер бола аламыз

6 сұрақ. Жеке кәсіпкерліктің артықшылықтары мен кемшіліктері

Өзін өзі бақылау сұрақтары
1. Кәсіпкерлік туралы ұғым.
2. Кәсіпкерлік қызметтің белгілері мен принциптері.
3. Шағын кәсіпкерліктің субъектілері.
4. Орта және ірі кәсіпкерліктің субъектілері.
5. Жеке кәсіпкерлік.
6. Жеке кәсіпкерліктің артықшылықтары мен кемшіліктері.

Әдебиеттер
1. Деловой мир Казахстана: Журнал. Предпринимательство, инновация плюс
информация. Алматы, 1997. № 1.
2. Ермаков В.А. Казахстан в современном мире. Алматы. 2003.
3. Ершова И.В., Иванова Т.М. Предпринимательское право. Учебное пособие.
М., Юриспруденция, 2000.
4. Индивидуальное предпринимательство: Сборник Составители: В.И. Скала,
А.И. Белкин, Н.В. Скала. Алматы, 1998.

2-тақырып. Заңды тұлға құрылған кәсіпкерлік.

Дәріс мақсаты: Заңды тұлға құрылған кәсіпкерлік туралы ұғым алу.
Заңды тұлғалар азаматтық құқықтардың субъектілері ретінде қарастыру.
Жалпы ережелерімен танысу

Дәрістің негізгі сұрақтары:
1. Заңды тұлғаның ұғымы.
2. Заңды тұлғаның құқықтық қабілеттілігі.
3. Заңды тұлғалардың түрлері және ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары.
4. Заңды тұлғалардың ерекшеліктері.
5. Заңды тұлғаның филиалдары мен өкілдіктері.
6. Заңды тұлғаның құрылтай құжаттары.
7. Заңды тұлғалар органдары.

Дәрістің қысқаша мазмұны
1 сұрақ. Заңды тұлға – төмендегідей белгілері бар ұйым:
- меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау
мүлкі бар;
- өз мүлкімен өз міндеттемелері бойынша жауап береді;
- өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге
ие болып, оларды жүзеге асыра алады;
- сотта талапкер және жауапкер бола алады;
- өз балансы немесе сметасы бар;
- өз атауы жазылған мөрі және т.б. бар.

2 сұрақ. Заңды тұлғаның құқықтық қабілеттілігі

3 сұрақ. Заңды тұлғалардың түрлері және ұйымдастырушылық-құқықтық
нысандары

4 сұрақ. Заңды тұлғалардың ерекшеліктері

5 сұрақ. Заңды тұлғаның филиалдары мен өкілдіктері

6 сұрақ. Заңды тұлғаның құрылтай құжаттары

7 сұрақ. Заңды тұлғалар органдары

Өзін өзі бақылау сұрақтары
1. Заңды тұлғаның ұғымы.
2. Заңды тұлғаның құқықтық қабілеттілігі.
3. Заңды тұлғалардың түрлері және ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары.
4. Заңды тұлғалардың ерекшеліктері.
5. Заңды тұлғаның филиалдары мен өкілдіктері.
6. Заңды тұлғаның құрылтай құжаттары.
7. Заңды тұлғалар органдары

Әдебиеттер
1. 2006 ж. 31-қаңтардағы №124-III ҚРЗ Жеке кәсіпкерлік туралы заң.
Бико Баспа үйі, 2006 ж.
2. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. Жалпы бөлімі. Екі
кітаптағы құрастырушылардың түсініктемелері. Жауапты редакторлары:
М.К.Сүлейменов, Ю.Г.Басин. – Алматы: Жеті жарғы, 2003.
3. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. Ерекше бөлімі.
Түсініктемелер. 2-басылым. Жауапты редакторлары М.К. Сүлейменов,
Ю.Г.Басин. – Алматы: Жеті жарғы, 2003.

3-тақырып. Заңды тұлғалар – коммерциялық ұйымдар

Дәріс мақсаты: Заңды тұлғалар – коммерциялық ұйымдар ретінде оқып
танысу.

Дәрістің негізгі сұрақтары:
1. Коммерциялық ұйымдардың ұйымдастырушылық-құқықтық нысандарының
сипатты белгілері.
2. Шаруашылық серіктестік.
3. Толық серіктестік.
4. Сенім серіктестігі.
5. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік.
6. Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік.
7. Өндірістік кооператив.
8. Акционерлік қоғам.
9. Заңды тұлғалар ретіндегі мемлекеттік кәсіпорындар

Дәрістің қысқаша мазмұны
1 сұрақ. Коммерциялық ұйымдардың ұйымдастырушылық-құқықтық
нысандарының сипатты белгілері

Нысан Қатысушылардың мәртебесі Қатысушылардың
(мүшелердің) саны
Толық серіктесік (ТС) Тек қана жеке тұлғалар Кемінде екеу
Сенім серіктестігі Толық серіктер (тек жеке Кемінде екеу,
(СС) тұлғалар); салымшылар (жеке нақтырақ айтса,
және заңды тұлғалар) кемінде бір толық
серік және бір
салымшы
Жауапкершілігі шектеулі Жеке және заңды тұлғалар; ЖШС
серіктестік жалғыз қатысушы ретінде бір
(ЖШС) адамнан тұратын басқа 1-ден шексізге дейін
шаруашылық серіктестігі бола
алмайды.
Қосымша жауапкершілігі Жеке және заңды тұлғалар; ҚЖС
бар серіктесік жалғыз қатысушы ретінде бір
(ҚЖС) адамнан тұратын басқа 1-ден шексізге дейін
шаруашылық серіктестігі бола
алмайды.
Акционер қоғам (АҚ) Жеке және заңды тұлғалар 1-ден шексізге дейін
Халықтық акционерлік Жеке және заңды тұлғалар Кемінде 500
қоғам (АҚ)
Өндірістік кооператив Жеке тұлғалар Кемінде 2 –ден
(ӨнК) шексізге дейін
Мемлекеттік кәсіпорын Мемлекет басқару органдары Меншік иесі
(шаруашылық жүргізу анықтайды
құқына)

Жарғылық капиталының құрылымы және құрылу тәртібі

Шаруашылық Ең кіші
серіктестіктердің есептік Құрылу тәртібі
және акционерлік көрсеткіштің Ерекшеліктері
қоғамдардың нысаны мөлшері (ЕЕК)
Толық серіктесік 25 ЕЕК Құрылтай құжаттарменҚұрылтайшылар тек
анықталады жеке тұлғалар
болып табылады
50 ЕЕК Құрылтай құжаттарменСалымшылар үшін
Сенім серіктестігі анықталады 50%-дан жоғары
емес
Тіркеу сәтінде– Серіктесік жалғыз
жарғылық капиталыныңқатысушы ретінде
25%, бірақ ең кіші бір адамнан
Жауапкершілігі 100 ЕЕК мөлшерден кем емес, тұратын басқа
шектеулі серіктестік жыл бойына – қалған шаруашылық
бөлігі серіктестігі бола
алмайды
Тіркеу сәтінде – Қатысушылардың
Қосымша жарғылық капиталыныңжауапкершілігі
жауапкершілігі бар 100 ЕЕК 25%, бірақ ең кіші Жарғы арқылы
серіктесік мөлшерден кем емес, енгізілген
жыл бойына – қалған капиталдың
бөлігі еселенген
мөлшерімен
анықталады
Акционер қоғам 50000 ЕКЕ Тіркеу күнінен
бастап 30 күн ішінде
Халықтық акционерлік 1000000 ЕЕК Өз жарғылық
қоғам капиталының мөлшері
Шаруашылық жүргізу 10000 ЕЕК Кәсіпорын
құқына мемлекеттік меншіктеушісімен
кәсіпорын тіркеу сәтінде 100%
құрылуы тиіс

2 сұрақ. Шаруашылық серіктестік
Шаруашылық серіктестік – бұл өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде
табысын келтіруді көздейтін, жарғылық капиталы құрылтайшылардың
(қатысушылардың) үлесіне (салымына) бөлінген коммерциялық ұйым;
- өзге де шаруашылық серіктестіктердің құрылтайшысы бола алады;
- акциялар, облигациялар, бағалы қағаздар шығаруға құқығы жоқ.

Шаруашылық серіктестіктің белгілері:

- коммерциялық ұйымның мәртебесі;
- жалпы құқықтық қабілеттілігі (арнайы болуы да мүмкін);
- жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) үлесіне
(салымына) бөлінген;
- құрылтайшылар (қатысушылар) салымдарының есебінен жасалған, сондай-
ақ қызметі барысында өндірілген және алынған мүліктерінің меншік иелері
болып табылады

3 сұрақ. Толық серіктестік – толық серіктестіктің мүлкі жеткіліксіз
болған жағдайда қатысушылары серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзіне
тиесілі барлық мүлкімен ортақ жауапкершілікте болатын серіктестік.
Толық серіктестіктің жарғылық капиталы: Толық серіктестіктің
қатысушылары айлық есептік көрсеткіш 25 мөлшерінен кем болмауы керек (АЕК)
Толық серіктестікті басқару: Толық серіктестіктің жоғарғы органы
қатысушылардың жалпы жиналысы болып табылады. Толық серіктестікті басқару
толық серіктестіктің атқарушы органдары жүзеге асырады. Басқару
органдарының түрлері, құрылу тәртібі және олардың құзіреттері құрылтай
құжаттарымен анықталады
Толық серіктестіктің борыштары бойынша қатысушылардың міндеттері: Егер
толық серіктестік тартатылған жағдайда оның барлық борыштарын өтеу үшін
нақтылы мүлкі жетпейтін болса, серіктестік борыштары үшін жетіспейтін
бөлігі жөнінен оған қатысушылар ортақ жауапкершілікті өздерінің заң
құжаттарына сәйкес ақы өндіріп алатын барлық мүлкімен өз мойнына алады.
Толық серіктестік тоқтатылған жағдайда серіктестік тоқтатылғанға
дейін өз бөлігін айырып алған қатысушылардан басқа қатысушылар серіктестік
тоқтатылған күннен бастап екі жыл бойы ол тоқтатылған кезге дейін пайда
болған серіктестік міндеттемелері бойынша жауапты болады.
Толық серіктестік қатысушыларының құқықтары мен міндеттері
Қатысушылардың құқықтары:
- “Шаруашылық серіктестіктер туралы” ҚР Президентінің Заң күші бар
Жарлығымен анықталған тәртібінде толық серіктестікті және серіктестіктің
құрылтай құжаттарымен басқаруға, оның ішінде серіктестікпен алынған табысты
бөлуге қатысу;
- серіктестіктің қызметі туралы, оның ішінде серіктестіктің
бухгалтерлік және басқа да құжаттамалары жөнінде толық ақпарат алу;
- егер басқа жағдайлар құрылтай құжаттарда қарастырылмаған болса, онда
серіктестік мүлкіндегі үлесінің мөлшеріне байланысты толық серіктестіктің
қызметінен табыс табу;
- белгіленген тәртіп бойынша толық серіктестіктен шығу;
- толық серіктестік таратылған ретте несие берушілерден кейін қалған
серіктестік мүлкіндегі үлеске сәйкес келетін оның мүлігінің бір бөлігін
немесе оның құнын алу;
- қатысушылар заңнамалық актілермен және құрылтай құжаттармен
көзделген басқа да құқықтарға ие болуы мүмкін.
Қатысушылардың міндеттері:
- толық серіктестіктің құрылтай құжаттарының шарттарын сақтау;
- құрылтай құжаттармен анықталған тәртіп бойынша толық серіктестік
қызметіне, оның ішінде серіктестік атынан іс жүргізу немесе оған қызметтік
жүзеге асыру барысында атсалысу;
- толық серіктестіктің құрылтай құжаттарында көзделген тәртібінде,
әдіс пен мөлшерінде салымдар енгізу;
- өз атынан және өз мүдделері үшін серіктістік қызметінің мәнін
құратын шарттарға біртектес келетін шарттар жасаудан бас тарту;
- толық серіктестікпен коммерциялық құпия деп жарияланған мәліметтерді
таратпау;
- қатысушылар заңнамалық актілермен және құрылтай құжаттармен
көзделген басқа да міндеттерді атқаруы мүмкін
Толық серіктестікке жаңа қатысушыларды қабылдау
Жаңа қатысушылар тек толық серіктестіктің барлық қатысушыларының
келісімімен ғана қабылдануы мүмкін. Жаңа қатысушылар қабылдаған кезде толық
серіктестіктің құрылтай құжаттарына:
- серіктестік мүлігіне қатысушылары үлестерінің жаңа мөлшеріне;
- серіктестікті басқару тәртібіне;
- серіктестіктің жаңа қатысушысының өз салымының мөлшеіне, енгізу
тәртібіне, мерзіміне және тәсіліне;
- жаңа қатысушыны қабылдауға байланысты басқа да қажетті өзгерістер
енгізіледі.
4 сұрақ. Сенім серіктестігі – серіктестіктің міндеттемелері бойынша
өзінің бүкіл мүлкімен (толық серіктерімен) ортақ қосымша жауап беретін бір
немесе одан да көп қатысушылармен (сенімшілермен) қатар, жауапкершілігі
серіктестіктің (салымшылардың) жарғылық капиталына өздері салған
салымдардың жиынтығымен шектелетін және серіктестіктің істерін басқаруға
қатыспайтын бір немесе одан да көп қатысушыларды да енгізетін серіктестік.
Сенім серіктестігінің жарғылық капиталы толық серіктер мен
салымшылардың (сенімшілердің) салымдарынан тұрады және АЕК 50 мөлшерінен
кем болмауы керек.
Сенімшінің үлесі жарғылық капиталда 50% аспауы керек.
Сенім серіктестігін басқару. Басқару толық серіктестіктермен жүзеге
асырылады. Толық серіктестіктерінің сенім серіктестіктерін басқаруының
тәртібі және істерін жүргізуі олармен толық серіктестіктер туралы ережелері
бойынша белгіленеді.
Салымшылар сенімхатпен жұмыс істемеген жағдайда, сенім
серіктестігінің істерін басқаруға қатысуға, сондай-ақ оның атынан сөз
сөйлеуге құқылы емес.
Сенім серіктестігінің борыштары бойынша қатысушылардың
міндеттері.Толық серіктер өздерінің барлық мүліктері бойынша ортақ қосымша
жауапты. Салымшылар - серіктестіктің жарғылық капиталына өздері селған
салымдардың жиынтығымен шектеледі
Сенім серіктестігі қатысушыларының құқықтары мен міндеттері
Салымшылардың құқықтары:
- құрылтай құжаттарымен көзделген тәртіпте серіктестіктің жарғылық
капиталындағы және мүлігіндегі оған тиесілі үлесіндегі табыстың бір
бөлігін алу;
- серіктестіктің жылдық есебімен және балансымен танысу, сондай-ақ
оларды дұрыс құрылуын тексеру мүмкіндігін қамтамасыз етуді талап ету;
- заңнамалық актілермен немесе серіктестіктің құрылтай құжаттарымен
көзделген тәртіп бойынша өз үлесін мүлікке немесе оның бөлігін басқа
салымшыға немесе үшінші тұлғаға беру;
- қаржы жылы аяқталғаннан кейін серіктестіктен шығу;
- заңнамалық актілермен және құрылтай құжаттармен көзделген басқа да
құқықтарға ие болуы мүмкін.
Салымшылардың міндеттері:
- серіктестік құрылтай құжаттарының шарттарын сақтау;
- серіктестіктің құрылтай құжаттарында көзделген тәртібінде, әдіс пен
мөлшерінде салымдар енгізу;
- серіктестіктің құрылтай құжаттарымен анықталған реттерде
серіктестікке өз қызметін жүзеге асыруға атсалысу, оның ішінде
серіктестікке қызмет көрсету;
- заңнамалық актілермен және құрылтай құжаттармен көзделген басқа да
міндеттерге ие болуы мүмкін.

Сенім серіктестігіне жаңа қатысушыларды қабылдау

Жаңа серіктер тек толық серіктестіктің барлық қатысушыларының
келісімімен ғана қабылдануы мүмкін. Сенім серіктестігіне жаңа толық
серіктер мен салымшыларды қабылдаған кезде:
- серіктестік мүлігіне қатысушылары үлестерінің жаңа мөлшеріне;
- серіктестікті басқару тәртібінің өзгеруіне;
- серіктестік жарғылық капиталына жаңа толық серіктерімен және
салымшылармен өз салымдарының мөлшеріне, енгізу тәртібіне, мерзімі мен
тәсіліне;
- жаңа қатысушыны қабылдауға байланысты басқа да қажетті өзгерістер
енгізіледі.
5 сұрақ. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік - бір немесе бірнеше адам
құрған, жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде үлеске
бөлінген мекеме. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар оның
міндеттемелері бойынша жауап бермейді және серіктестіктің қызметіне
байланысты залалдарға өздерінің қосқан салымдарының құны шегінде тәуекел
етеді.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті атқарушы орғандарының құзіреті,
сондай-ақ, олармен шешімдер қабылдау немесе серіктестіктің атынан сөйлеу
“Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер туралы” Заңмен, басқа да заңнамалық
актілермен және серіктестік Жарғысымен анықталады

6 сұрақ. Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік
Қатысушылары серіктестік міндеттемелері бойынша өзінің жарғылық
капиталға салымдармен жауап беретін, ал бұл сомалар жеткіліксіз болған
жағдайда өздеріне тиесілі мүлікпен оған өздері еселенген мөлшерде енгізген
салымдар арқылы жауап беретін серіктестік.
Қатысушылар жауапкершілігінің шекті мөлшері серіктестіктің жарғысында
көзделеді.
Қосымша жауапкершілігі бар серіктестікке ҚР Азаматтық Кодексінің
ережелері және Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар
серіктестіктер туралы ҚР Заңы олданылады.
Қатысушылардың бірі банкрот болған жағдайда оның серіктестік
міндеттемелері жөніндегі жауапкершілігі, егер құрылтай құжаттарында
жауапкершілікті бөлудің өзгеше тәртібі көзделмесе, қалған қатысушылар
арасында олардың салымдарына қарай бөлінеді.
7 сұрақ. Өндірістік кооператив
Азаматтардың бірлескен кәсіпкерлік қызмет үшін мүшелік негізде олардың
өз еңбегімен қатысуына және өндерестік кооператив мүшелерінің мүліктік
жарналарын (пайларын) біріктіруіне негізделген ерікті.
Өндірістік кооперативтің ерекше белгілері
Өндірістік кооперативтің Жарғысы:
- кооперативтің фирмалық атауы;
- кооперативтің орналасқан жері;
- өндірістік кооператив мүшелерін қабылдау, шығу және шығару тәртібі,
олардың құқықтары мен міндеттемелері;
- басқару және бақылау органдарының құрамы және құзіреттері туралы
ережені құру және олармен шешім қабылдау, оның ішінде сұрақтар шешімдерін
бірауыздан немесе білікті басым көпшілігінің дауыстарымен қабылдау
тәртібі;
-өндірістік кооперативтің әрбір мүшесінің пай мөлшері, өндірістік
кооперативі мүшесінің мүліктік салым енгізу құрамы және тәртібі және
олардың салым енгізу бойынша міндеттемені бұзғаны үшін жауапкершілігі
- кооператив қызметіне оның мүшелерінің жеке еңбек қатысу сипаты және
тәртібі және олардың жеке еңбек қатысуы бойынша міндеттемені бұзғаны үшін
жауапкершілігі;
- кооператив және оның мүшелері, кооперативтің атқарушы органы мен
жұмысшылардың еңбек ұжымы арасындағы қарым-қатынастары;
- кооперативтің таза пайдасы мен шығындарын бөлу;
- кооперативті тарату және қайта құру тәртібі

Мүлік:

Мүлік жарғымен көзделген мүшелердің мүліктік салымдары, өз қызметінің
пайдасы, несие берушілер, сыйға берілген мүлік, және басқа да көздер
есебінен құрылады.
Кооперативқа мүліктік салым ретінде ақша, бағалы қағаздар, заттар,
мүліктік құқықтар, оның ішінде жерді пайдалану құқығы, шығармашылық санатты
қызметтің қорытындыларына құқық және басқа да мүліктер болуы мүмкін.
Кооператив мүшелерінің жауапкершілігі
Кооператив мүшелері кооперативтің міндеттемелері бойынша субсидиялық
(қосымша) жауапкершілік атқарады.
Кооператив мүшелерінің құқықтары мен міндеттіліктері
Өндірістік кооперативтің мүшесінің құқықтары:
- кооперативтің құрылтай құжаттарында белгіленген тәртіппен
кооператив істерін бір дауыс құқығымен басқаруға қатысуға;
- кооперативтің басқару органдарына сайлауға және сайлануға,
кооператив қызметін жақсарту, оның органдары мен лауазымды тұлғаларының
жұмысындағы кемшіліктерді жою туралы ұсыныстар енгізуге;
- кооператив қызметі туралы толық ақпарат алуға, соның ішінде
кооперативтің бухгалтерлік және басқа да құжаттамаларымен танысуға;
- кооператив алған таза табысты бөлуге қатысуға;
- егер құрылтай құжаттарында өзгеше тәртіп көзделмесе, кооператив
қызметіне өз еңбегімен қатысуына сәйкес оның мүшелері арасында бөлінуге
тиісті таза табыстан үлесін алуға;
- кооперативтегі өз еңбегі үшін жалақы түрінде немесе кооператив
белгілеген өзге де түрде ақы алуға;
- кооператив өзінің мүшелері үшін көздейтін жеңілдіктер мен
артықшылықтарды, соның ішінде өздері өндірген тауарларды (жұмыстарды,
қызметтерді), бірінші кезекте алуға қатысты бөлігінде пайдалануға,
кооператив мүлкін тұтынуға, кооперативтен әлеуметтік көмек алуға;
- демалуға, сондай-ақ жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын алуға;
- кооперативтен белгіленген тәртіппен шығуға

Өндірістік кооперативтің мүшесінің құқықтары міндеттіліктері:

кооперативтің құрылтай құжаттарында белгіленген талаптарды сақтауға;
- жалпы жиналыстың, кооперативтің сайланбалы басқару органдарының өз
құзыретіне сәйкес қабылдаған шешімдерін орындауға;
- кооперативтің құрылтай құжаттарында көзделген тәртіппен, жолмен және
мөлшерде кооператив мүлкіне мүліктік жарна енгізуге;
- кооператив қызметіне жеке еңбегіне қатысуды жүзеге асыруға;
- кооператив міндеттемелері бойынша мөлшері мен тәртібі осы заңда
белгіленген мөлшерде және тәртіппен қосымша (жәрдемақылық) жауапкершілікте
болуға;
- өндірістік және еңбек тәртібін, еңбекті қорғау ережелерін және
қауіпсіздік техникасын сақтау;
- кооператив өзінің коммерциялық құпиясы деп жариялаған
мәліметтерді таратпауға
8 сұрақ. Акционерлік қоғам
Өз қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатымен акциялар
шығаратын заңды тұлға.
Қоғамның өз акционерлерінің мүлкінен оқшауланған мүлкі болады және
олардың міндеттемелері бойынша жауап бермейді.
Қоғам өзіне тиесілі күллі мүлкімен өз міндеттемелері бойынша
жауапкершілікте болады.
Акционер қоғамның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және ҚР
Акционерлік қоғамдар туралы заңында көзделген жағдайларды қоспағанда,
өзіне тиесілі акциялар құнының шегінде қоғамның қызметіне байланысты
зияндарға тәуекел етедізіне тиесілі күллі мүлкімен өз міндеттемелері
бойынша жауапкершілікте болады.
Заңнамамен көзделген жағдайларда акционерлік қоғам ұйымдық-құқықтық
нысанда кірістері тек қоғамды дамыту үшін қолданылатын коммерциялық емес
ұйымдарды құра алады.
Жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшері кемінде 50000 АЕК болуы тиіс,
30 күн ішінде қалыптастырылады.

9 сұрақ. Заңды тұлғалар ретіндегі мемлекеттік кәсіпорындар

Өзін өзі бақылау сұрақтары
1. Коммерциялық ұйымдардың ұйымдастырушылық-құқықтық нысандарының
сипатты белгілері.
2. Шаруашылық серіктестік.
3. Толық серіктестік.
4. Сенім серіктестігі.
5. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік.
6. Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік.
7. Өндірістік кооператив.
8. Акционерлік қоғам.
9. Заңды тұлғалар ретіндегі мемлекеттік кәсіпорындар
Әдебиеттер
1. 2006 ж. 31-қаңтардағы №124-III ҚРЗ Жеке кәсіпкерлік туралы
заң. Бико Баспа үйі, 2006 ж.
2. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. Жалпы бөлімі. Екі
кітаптағы құрастырушылардың түсініктемелері. Жауапты
редакторлары: М.К.Сүлейменов, Ю.Г.Басин. – Алматы: Жеті жарғы,
2003.
3. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. Ерекше бөлімі.
Түсініктемелер. 2-басылым. Жауапты редакторлары М.К. Сүлейменов,
Ю.Г.Басин. – Алматы: Жеті жарғы, 2003

4 тақырып. Заңды тұлғалар – коммерциялық емес ұйымдар

Дәріс мақсаты: Заңды тұлғалар – коммерциялық емес ұйымдар туралы ұғым
алу.

Дәрістің негізгі сұрақтары:
1. Коммерциялық емес заңды тұлғаларды құру мақсаты.
2. Мекеме. Мемлекеттік мекеме. Жекеше мекеме.
3. Қоғамдық бірлестік.
4. Заңды тұлға ретіндегі тұтыну кооперативі.
5. Заңды тұлға ретіндегі қор.
6. Заңды тұлға ретіндегі діни бірлестік.
7. Коммерциялық емес акционерлік қоғам.
8. Заңды тұлға ретіндегі қауымдастық (одақ).
9. Коммерциялық емес ұйымдардың өзге де ұйымдық- құқықтық нысандары.

Дәрістің қысқаша мазмұны
1 сұрақ. Коммерциялық емес заңды тұлғаларды құру мақсаттары -
- әлеуметтік, мәдени, ғылыми, білім беру, қайрымдылық және басқару
мақсаттарына жету;
- азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңдық мүдделерін қорғау;
- талаатар мен дау-дамайларды шешу;
- азаматтардың рухани және өзге де сұраныстарын қанағаттандыру;
- азаматтардың денсаулығын қорғау;
- қоршаған ортаны қорғау;
- денешынықтыру мәдениеті мен спортты дамыту;
- заңдық көмек көрсету;
- қоғамдық игіліктерді қамтамасыз етуге бағытталған өзге де мақсаттар

2 сұрақ. Мекеме - құрылтайшысының басқару, әлеуметтік, мәдени немесе
коммерциялық емес сипаттағы өзге де функциялар үшін құрған ұйымы.
Мекемелердің нысандары - мемлекеттік мекеме, жекеше мекеме.
Мемлекеттік мекеме - Конституцияға сәйкес немесе Қазақстан
Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және астана,
облыстардың, Алматы қ-сы Әкімдерінің шешімдерімен құрылатын және
заңнамалық актілермен қажыландырудың қосымша көздері белгіленбесе
мемлекеттік бюджет есебінен ғана ұсталатын мемлекеттік ұйым.
Жедел басқару құқығымен өзіне мүлік бекітіліп беріледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің анықтайтын тәртібімен жасалатын
азаматтық-құқықтық мәмілелер тіркеуге жатқызылады.
Басқа заңды тұлғаны құруға, сондай-ақ оның құрылтайшысы болуға құқы
жоқ.
Ерекшеліктер - мекемеге белгіленген тәртіппен мемлекеттік меншікті
иелену, пайдалану, иелік ету құқығы берілсе.
Жекеше мекеме - жеке және (немесе) мемлекеттік емес заңды тұлғалардың
басқару, әлеуметтік, мәдени немесе коммерциялық емес сипаттағы өзге де
функцияларды жүзеге асыру үшін құрған ұйымы.
Жедел басқару құқығымен өзіне мүлік бекітіліп беріледі оның
құрылтайшысы бірлесе жауап береді.
Коммерциялық тұлғаларды қоса алғанда басқа да заңды тұлғаларды құра
алады.
3 сұрақ. Қоғамдық бірлестік - Қазақстан Республикасы заңнамасына
қайшы келмейтін жалпы мақсаттарға жету үшін ерікті негізде құрылған саяси
партиилар, кәсіби одақтар мен азаматтардың басқа да бірлестіктері.
Құрылуы және әрекет ете алуы мүмкін:
- мүше. саны кемінде 10 адам;
- саяси партиялар – кемінде 50000 адам
Республикалық - Қазақстан Республикасы облыстарының жартысынан көбінің
аумағында өзінің құрылымдық бөлiмшелерi (филиалдары мен өкілдіктері) бар
бірлестіктер;
Аймақтық Қазақстан Республикасы облыстарының жартысынан азының
аумағында өзінің құрылымдық бөлiмшелерi (филиалдары мен өкілдіктері) бар
бірлестіктер;
Жергілікті Қазақстан Республикасының бір облысының (Алматы, Астана
ққ) шегінде жұмыс істейтін бірлестік.
Қоғамдық бірлестіктердің қатысушылары (мүшелер) өздерінің осы
бірлестіктерге берген мүлігіне, соның ішінде мүшелік жарналарына,
құқықтары жоқ.
Қатысушылар (мүшелер) қоғамдық бірлестіктің міндеттемелері бойынша
жауап бермейді.
Қоғамдық бірлестік қатысушылары (мүшелерінің) міндеттемелері бойынша
жауап бермейді.
4 сұрақ. Заңды тұлға ретіндегі тұтыну кооперативі - мүшелік негізінде
қатысушыларының материалдық және өзге де сұраныстарын қанағаттандыру үшін
азаматтардың мүшелерінің мүліктік (пайлық) жарналарды біріктіруі жолымен
жүзеге асыратын ерікті бірлестігі.
Заңнамалық актілермен көзделген жағдайларда тұтыну кооперативіне заңды
тұлғалар кіре алады.
Мүшелері өз міндеттемелері бойынша кооператив мүшелерінің қосымша
жарнасының салынбаған бөлігінің шегінде бірлесе жәрдемақылық жапкершілікті
көтереді.
Мүшелер түзілген залалдарын қосымша жарнаны салу жолымен жылдық баланс
бекітілген соң үш ай ішінде жабуға міндетті. Көрсетілген міндеттіліктер
орындалмаған жағдайда кооператив сот тәртібімен кредиторлар талабымен
таратылуы мүмкін.
Алынған кірістерді оның мүшелері арасында бөлуге болмайды және олар
жарғылық мақсаттарға жұмсалады
Селолық тұтыну кооперативтері өз мүшелері емес, сондай-ақ селолық
жерде тұратын басқа да азаматтардың материалдық және өзге де сұраныстарын
қанағаттандыру үшін құрылуы мүмкін
5 сұрақ. Заңды тұлға ретіндегі қор азаматтардың және (немесе) заңды
тұлғалардың ерікті мүліктік жарналардың негізінде құрған, әлеуметтік,
қайырымдылық, мәдени, білім беру және өзге де қоғамдық-пайдалы
мақсаттарды көздейтін, мүшелігі жоқ ұйым.
Құрылтайшыларының қорына берген мүлкі қордың меншігі болып табылады.
Қорды басқарудың тәртібі мен оның органдарын қалыптастырудың тәртібі
оның жарғысымен анықталады.
Мүлкін пайдалануы туралы есептерді ресми баспа басылымдарда жыл сайын
жариялап отыру қордың міндеттілігі болып табылады.
Қордың құрылтайшыларының қор мүлігіне мүліктік құқықтары жоқ.
Сот шешімімен қор мынадай жағдайларда таратылуы мүмкін:
- егер қордың мүлігі мақсаттарды жүзеге асыруға жеткіліксіз болса және
вероятность получения қажетті мүлікті алу мүмкіндігі болмаса;
- егер қордың мақсаттарына қол жеткізу мүмкін болмаса, қордың
мақсаттарына қажетті өзгерістерді жасау мүмкін болмаса;
- қор өз қызметінде жарғымен көзделген мақсаттарынан ауытқыған
жағдайда;
- заңнамалық актілермен және құрылтай құжаттарымен көзделген басқа
жағдайларда.
Қор таратылған соң қалған мүлік жарғымен көзделген мақсаттарға жұм
салады.
6 сұрақ. Заңды тұлға ретіндегі діни бірлестік.

Діни бірлестік - заңнамалық актілермен белгіленген тәртіппен
мүдделерінің жалпылығы негізінде, рухани сұраныстарын қанағаттандыру үшін
бірлескен азаматтардың ерікті бірлестігі.

Өз қаражаты есебінен сатып алған немесе жасаған, азаматтардың,
ұйымдардың қайырымдылық еткен немесе мемлекеттің берген және заңнамалық
актілерге қайшы келмейтін басқа да негіздемелер бойынша сатып алған
мүлігіне меншік құқығы бар.
Қатысушылары (мүшелері) осы ұйымға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіптік - еңбек тәрбиесі
Гигиеналық факторлар
Жастардың бос уақытын ұйымдастыру технологияларыпәні
Кәсіпорынның өндірістік қуаты
Педагогика және психология мамандығына арналған Психологиялық менеджмент
Мемлекеттік тілде іс-қағаздарды қашықтан оқыту технологиясы
«Педагогикалық менеджмент» оқу-әдістемелік кешені
Нарықтық экономика және кәсіпкерлік негіздері
Мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогтардың кәсіби құзіреттіліктерін дамыту үдерісі
Кәмелетке толмағандардың әрекет қабілеттілігі туралы
Пәндер