Бастауыш сыныпта халық қолөнерін оқу-тәрбие процесінде пайдалану әдістемесі


Бастауыш сыныпта халық қолөнерін оқу-тәрбие процесінде пайдалану әдістемесі
Орындаған: Есова Г.
Ғылыми жетекшілері: п. ғ. д., проф. Е. Омар
аға оқытушы: С. Мәуленов
Түркістан - 2006 ж.
МАЗМҰНЫ
- Халық қолөнері материялдарын бастауыш сынып
оқушыларының тәрбиесінде пайдаланудың маңызы .
Халық қолөнері арқылы бастауыш сынып
оқушыларын тәрбиелеудің мүмкіндіктері.
2. 1. Қолөнер материалдарын бастауыш сынып тәрбие
процесінде пайдаланудың әдістемелік негізі.
Кіріспе.
Зерттеудің көкейкестілігі .
Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Қазақстан халқына арнаған жолдауында “Біз өз мәдениетіміздің құндылықтарын, бірлігімізді, ұлтаралық және дінаралық татулығымызды, саяси тұрақтылығымызды сақтай отырып байыппен алға жылжый беретін боламыз” деп атап көрсеткен болатын.
Қоғамда болып жатқан бетбұрыстар, саяси көзқарастар аясында қазақ елінің тарихын шынайы тұрғыда танып-біліп, салт-дәстүріне рухани мұрасына қасиетпен қарау ерекше маңызға ие болып отыр. Сондай қөажеттілктің бірі- халықтың қолөнері “өнерден қуат алмаса тіршіліктің шырағы өшеді” - деп М. Әуезов айтқандай, өсіп келе жатқан ұрпағымызға өз халқының өнерін бойына сіңіріп өсіру - педогогтардың қазіргі кездегі кезек күттірмейтін мәселесі.
Қазақ халқы ағаштан үй жасады жүннен мата тоқыды, теріден былғары иледі, метальдан ыдысаяқтар, зергерлік бұйымдар жасай білді, киім тікті, киіз басты, кілем тоқыды. Бұл қолөнер бұйымдардың бәрі тәрбиелік маңызы да ерекшк болғандығын айта кету керек. Сонымен бүгінгі мақсат-өздернен бұрынғы өмір сүрген аға буынның тәрбие мәселесіндегі жинақталған бай тәжірбиесіне сүйене отырып келер ұрпақты өнер білімге баулу өмірге белгілі бір кәсіпке беиімдеу.
Еліміздің белгілі ойшылдары Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев. М. Жұмабаевтар жас ұрпақ тәрбиесіне еліміздің рухани негіздегі байлығын халық мұраларын, салт-дәстүрлерін жиі пайдалану қажеттілігіне көп көңіл бөлген.
Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңының 8-ші бабының 1-ші тармағында “Білім беру жүесінің басты міндеті ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау” керек делінген.
Сондай-ақ қазіргі архитектуралық іздену экспедициясының қазбаларында табылып жатқан түрлі заттар, өрнекті күмбезді үйлер, Қожа Ахмет Яссауи, Арыстанбаб, Айша бибі кесенелері өз заманында жасалған қолөнердегі асқақ шеберліктің тамаша үлгісі, сонымен бірге қазақ ұлтының өркендеген мәдениеті мен қолөнер жетістігі халқымыздың эстетикалық биік талғамдарын дәлелдейді.
“Өнер түрі елде мол, өнім түрі жерде мол” дегендей өнер түрлері халықпен жасай береді. Казіргі кезде де халық қолөнерінің бай мұраларына жаңаша түр сипат беріп, оларды жасаудың технологиалық әдістерін жетілдіріп, ел арасында тартып жүрген шеберлер көп. Солардың бірі - 69 жастағы М. Әшірбайқызы Ол жүннен жасалатын үй жиһаздарын жасауды жасатр арасында насихаттап келеді. Сондай- ақ “Кестелі орамал”(1998 жылы) “Әлем желілер көзімен ”(2002ж) Деген байқаулардың бірнеше дүркін лаурияты болып дипломдармен марапатталған. Қ. Құлақбаев қазақ қолөнер бұымдарын жаңа бағытта дайындаған. Халық музикалық аспаптарын жасаушы, танымал шеберлік К. Қаробдолов, М . Закринов, Б. Омаров, Ш. Маханбетов, Зергерлік бұйымдар жасаушы К. Медетбеков, А. Желдебаев, А. Жанатбаев сияқты зергер - іскерлер, ыдыс- аяқ, торсық, саба жасайтын танымалы шеберлер С. Бекнасаров, М. Мәмбетқұлов еңбектері көрмелерді көз қуантады.
Қазақ елі шебер, іскер адамдарға бай екендігін ешкім жоққа шығара алмайды дегенімен, оқушылдарды олармен, олардың жасаған бұйымдарымен таныстыру жақтары көңіл қуантарлық дәрежеде емес. Осы орайда халқымыздың аяулы ұлы Бауыржан Момышұлының мына ойы еске түседі, “Жаудан да, даудан да қорықпаған қазақ едім, енді қорқынышым көбейіп жүр. Балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқам. Екінші немересіне ертегі айтып беретін әженің азаюнан қорқам. Үшінші дәмді, дәстүрді сыйламайтын балалар өсіп келеді . Оның қолына қылыш берсе, кімдіде болса шауып тастауға даяр. Қолына кітап алмайды, үйреніп жатқан бала жоқ, үйрет іп жатқан әже, әке жоқ”- деп зиялы азамат кезінде мұңайған екен. Қазіргі кезде өз өнерін баласына, қызына үйретіп, кілем тоқып, ұршық иірумен айналысып отыратын апалар, әжелер азайған тәрізді. Сондықтан баланы қолөнерге баулу және оған қызықтыру үшін ең алдымен, оған үлгі алатындай жағдай туғызып, халық қолөнерінің әсемдік құпиясын ашып көрсету қажеттелігін, біздің диплом жұмыс тақырыбын “Бастауыш сыныптарда халық қолөнерін тәрбие процесінде пайдалану әдістемесі” деп таңдауымызға негіз болады .
Зерттеудің обьектісі : - Басатуыш мектеп тәрбие процесінде
қолөнерді пайдалану жүиесі.
Зерттеудің пәні : - Бастауыш мектептегі тәрбие процесінде
қолөнерді қолдану.
Зерттеудің мақсаты :- Бастауыш мектеп тәрбие процесінде
қолөнер пайдаланудың үлгілерін жинақтау.
Зерттеудің міндеті: - Қазіргі ғылыми еңбектерді халық қолөнері,
оның мән-мазмұны мәселелерін топтау,
талдау жасау.
- Бастауыш мектеп тәрбие процесінде қолөнер
үлгілерін пайдаланудың тиімділігін арттыру
мақсатында үлгілі тәжірибелерді жинақтау,
тексеру.
Зерттеудің әдісі: - Байқау әдісі: - Оқу-тәрбие барысын оның жеке
түрлерімен жақтары арнайы бағдарламамен
ұйымдастырылған жеткілікті мерзімде қабылдау.
Дипломның құрылымы: - Кіріспеден, тараудан, қорытындыдан,
пайдаланаған әдебиетер тізімінен тұрады.
I-тарау.
Қазақ халықы қол өнерін бастауыш мектептің оқу- тәрбие процесінде пайдаланудың шарттары.
1. 1. Қазіргі жағдайдағы халық қолөнері мәселесінің
педогоикалық зерттелу жағдайы мен дамуы.
Қоғам дамуының қай кезеңінде болмасын мектеп сол қоғамның талаптарынан туындайтын әлеуметтік сұранымды орындап, соған сай бағыт - бағдар ұстайтыны белгілі. Қазақстан мектептерінің бүгіні таңдағы мақсат мұраты “Қазақстан - 2030” стратегиялық бағдарламасында айқын көрініс тауып отырғаны белгілі. Аталған ресми мемлекеттік құжатта: “Олар бабаларының игі дәтүрлерін сақтай отырып, қазіргі заманға нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр болды. Олар жылдам өркендеу үстіндегі күллі әлемге әйгілі, әрі сыйлы өз елінің потриоттары болды. Олар ұрпақ тәрбиесінде дана болады . . . Оның саулығына, біліміне және дүниеге көзқарасына қамқорлық жасайды . . . ” деп атап көрсетілген.
Қоғам дамуының жаңа үлгі-нұсқасы айқындалған бұл тұжырым жоба, халық қолөнері материалдарын тәрбие үрдісінде пайдалануда
“Қазақстан 2030” стратегиясын алға тартты.
Қазақ қолөнерінің ертеректе пайда болғанын Досбай тауларында бейнеленген суреттер, Ұлытаудан табылған керамикалық ыдыстары дәлел бола бастады. Көне дәуірде өмір сүрген адамдардың тұрмыстық кәсіптерінің бірі - саяатшылық болғаны мәлім, оның сан түрлі көріністерін Қаратау шоқпарларына салынған суреттерден көруге болады.
Қазба жұмыстары кезінде сақ қорғандарынан алтыннан, қаладан, ағаштан, теріден жасалған қолөнер туындылары мен зергерлік бұйымдардан, яғни ежелгі қолөнер ескерткіштерінің барлығында дерлік ою-өрнек бейнеленген көне дәуірдегі шеберлер оның қиялдағы немесе шынайы бейнелерінен сан түрлі мүсін жасаған. Жан - жануар мен аңдар, құстар бейнеленген мүсіндерді не қолөнер туындыларын скифтердің “аң стиліне” жатқызуға болады. Кеңес дәуірінің ғалымы С. И. Руденконың пайымдауынша, шебердің зоморфтық стильде жасаған қолөнер туындысында, яғни мүсінінде аңның, жануардың кішірейтілген басын бейнелеу көп кездеседі, - дей көне қола дәуірінің шеберлері: “Бейнесі салынып отырған нәрсеге немесе жануарға тән белгілерді мейлінше дәл беруге тырысты”, - деп көрсетті.
Сақ қолөнершісі көбнесе аңның, құстың, жан - жануарлардың мүйізін спираль тәрізді дөңгелетіп, ою- өрнекке айналдырып отырған.
Ал алғашқы қауымдық дәуірде өмір сүрген сақтар қолөнер туындылары ретінде әйелдердің зергерлік бұйымдарын жасай бастады. Олар: Білезік, жүзік, сақина, алтыннан жасалған моншақтар. Зергерлік бұйымдар негізінен ғарыштық геометриялық ою-өрнектердің қарапайым элементтерімен бедерленген. Алматы облысы, Шелек ауданынан табылған тарақ ежелгі сақ мәдениетіне жатады. Тарақтың тістері сирек, ал ұзындығы 3-4см және үстіңгі тұсында “қошқар мүйіз” өрнегі ойылып салынған. Бұл өрнек ғасырдан ғасырға өзінің бастапқы нұсқасын сақтап, бізге жеткен.
Қолөнерге ерекше нақыш беретін ою-өрнек өнері еліміздің әр түкпірінде әр қилы дамыды. Көптеген орыс, еуропа ғалымдары зерттеген Маңғыстау, Үстірт, Жем бойында қойылған ескерткіштердің безендіру ерекшілігімен XIX және XX ғасыр басында қойылған төбелі күмбездер, сағанатомдар, құлыптастар мен қойтастар көркмдігімен көз тартады, ал оларға салынған мәнерлі ою-өрнек негізінен стиль-денген “сыңармүйіз”, “Түйетабан”, “өркеш”, “мойым” және өсімдік жапырақтары мен геометриялық бейнелер ұтымды үндестік тапқан.
Қазақ қолөнерінің, ою-өрнектердінің тарихын қазақ ғылымдарының ғылыми саралай бастағанына да не бары елу жылдың ғана жүзі болатын.
Қазақ халықының ою- өрнек өнерін жан-жақты зерттеуге ғалымдар мен өнертанушылар, тарихшылар мен этнографтар ат салысты. Ал еуропа, орыс өнертанушы ғалымдары бұл туындыларды XVIII ғасырға дейін зерттеп, көп ғылыми еңбек қалдырды.
Қазақ қолөнерінің, ою-өрнектерінің тарихын қазақ ғылымдарының ғылыми саралай бастағанына да небары елу жылдың ғана жүзі болыпты. Төл өнерімізді зерттеуге В. Вансолов, А. Хедона, саяқатшы дженкинсон, Р. Корутц, С. Дудин, В. Радлов, В. Бартольд, Е. Шнейдер, М. В. Рындын т. б с. сияқты көптеген орыс және Еуропа ғалымдары мен жиһанкездері елеулі үлес қосты.
Қолөнер туындыларын ғалымдар өте жоғары бағалады. Белгілі өнертанушы В. Чепелев: “Қазақтар тек ою- өрнек әлемінде өмір сүретін сияқты”, - деп жазған еді. Шынында да, қазақ тұрмысында ою-өрнектің араласпайтын саласын табу қиын, ол қисса жырларыңызбен де етене байланысып жатыр. Эпостық жырлар мен дастандар, батырлардың, ат- әбзелдерін немес арулардың киімі мен күймесін суреттегенде оқушының көз алдынан ғажайып нақыштар өтер еді. Осындай әсемдік әлемін көзімен көрген ғалым А. С. Фелкерзамқолөнерді, әсіресе кілемді терең зерттей келе, Азияны “ үлкен этнографиялық”, музей деп атады, сол музейді зерттеуден үлкен әсер алғанын, жазады. Ал С. Дудин: “Фабрика-зауыттардың шығарған тауарларынан кейін қолөнер мүлдем жойылып кетуі тиіс”, - деген еді, бірақ олай болған жоқ, халқымыздың мәдени шежіресін - ою-өрнекті фабрика - зауыттар жоя алмады. Ол өзінің өмір шеңдігін жасампздығын паш етті. Рухани қайнарларымыздың бірі болған осынау құндылық, бүгінде азаттығымыздың нышаны - көк байрағымызды да көріктендіріп тұр. Көп жағдайда халықтың тілін, мәдениетін білмесек те қолөнерде бейнеленген оюларға қарап, қай халықтың қазынасы екенін танып білеміз.
Кеңес үкіметі кезінде ертеден жеткен қолөнер туындылары мұражайларда ғана сақталды. Көпнесе бұл өнер туындыларына ескінің сарқыншағы ретінде карады.
Қазір егемендік елдің қолөнер туындылары басқа қырынан жаңа көрініс тапты, ол жаңа түрге жаңа мазмұнға ие болуда.
Кезінде белгілі этнограф Садық Қалиманов екі жүздей ою - өрнектің атауы мен елуге жуық ою - өрнектің мазмұнын баян етсе, белгілі архитектор Төлеутай Бесенов өсімдік тектес ою - өрнектің сұлбасын қағазға түсірген еді.
Ал бүгінгі таңда білікті суретші - шебер, оюшы Сапар Төленбаев қазақтың төл ою нұсқасынсабақтастыру арқылы бірін -бірі қайталамайтын екі мыңға жуық ою -өрнек түрін дүниеге әкелді. Суретші көнеден қалған ою элементтерін ұтымды пайдалана және ұлттық нақышты ырғақты берік сақтай отырып, аралас нұсқалардың жаңа түрлерін жасады. Суретші өзіне дейінгі дәстүрлі ою - өнерінің бүкіл сырын толық меңгеріп, оны бүгінге дейін дамытып келеді. Ою-өрнек өнерінің маңызы бүгінгі таңда арта түсуде.
Ендігі міндет - ұлттық дүниетаным ерекшелігін танытатын осы өнер саласын заман талабына сай жетілдіріп көркем рухани қазына ретінде пайдалана білу, жас ұрпақты ұлттық негізде тәрбиелеу.
Қазақ қолөнері оның ою -өрнегі әлі түбегейлі жан - жақты толық зерттеле қойған жоқ, дүниемен, бұл өнер саласын белгілі бір жүйеге келтіруге этнограф, өнертанушы Садық қасымов пен архитектор - ғалым Төлеутай Бәсенов ою туралы біраз деректер қалдырды. Садық Қасиманов 200-ге жуық ою -өрнектің көне атауларын қағазға түсіріп, елуге жуық оюдың мазымұнын ашып берді, ал Т. Бәсенов оюлардың даму тарихын зерделеп, өсімдік өрнектерінің жаңа үлгілерін сызды. Т. Бәсеновтың пайымдауынша, ою элементтері аса көп емес, сол бірнеше мүйіз элементтерін түрлендіріп, оюлардың шексіз түрлерін жасауға болады. Оның пікірінше, қарапайым элементтен құралған оюдың санаулысын ғана үнемі қолданыста болады деген ұғым алдамшы. Сан алуан ою- өрнек әрбір қолөнер туындысында жаңа түре не болды және қолданыста бірін- бірі қайталамайды. Қарадүркін бұл өнер туындысында өнердің басқа түріндей аса талғампаздық пен бай мазмұн кездеспейді. Соған қарамастан ою - өрнектің тілі өте күрделі, ал құрым аса қарапайым.
Белгілі суретші Сапар Төленбаев бұл өнерге тың бағыт әкелді, ал ежелгі қазақ оюларын бүгінгі талғаммен сабақтастырып, оның элементтерін пайдалана отырып, мыңдаған жаңа ою -өрнек нұсқасын жасады. Халқымыздың ғасырлар бойы ұрпақтан - ұрпаққа үзбей жалғасып келе жатқан құндылығы ою- өрнек салу дәстүрі жеке кітап болып шықты. Ою -өрнек өнері эстетикалық жағынан жоғарғы деңгейге көтеріліп, кеңінен қолданыс тапты. Республикамыздың барлық сәнгерлері мен өндіріс орындары тоқсаныншы жылдрдан бері С. Төленбаевтың жаңа оюларын өз бұйымдарына кеңінен қолданып жүр.
Қазан төңкерісіне дейнгі қолөнер шеберлердің арнайы біллімі болмасада, бұл өнер түрі атаданг балаға жалғасып, өлермендігін көрсетті. Кеңес үкіметі кезінде ұмыт болған өнерді жаңғартуға қатысқан қолөнер шеберлері он шақты ою түрін пайдаланумен ғана шектелген болатын. Жетпісінші жылдардың басы осы өнердің дамуының жаңа кзеңі болды.
Бізде этнограф - ғалымдар көп жағдайда мұражайлардан қазақ қолөнері бұйымдарының суретін алып, альбомдар шығарумен, оларды жай ғана таныстырумен айналысты, ал бұл өнер саласына терең ғылыми зерттеулер жүргізілген жоқ. Бірен -саран ою -өрнек атауларын Ә. Марғұлан, Т. Бәсенбаев, Ө. Жәнібеков, Ә. Тәжімұратов, сол сияқты ою- өрнек саласын және қолөнерді түбегейлі зерттеген этнограф ғылым С. Қашманов еңбектерінен кездестіруге болады. Бұл ғылымдардың ою- өрнектердің даму тарихы мен теориясына қатысты ғылыми зерттеулер жоқ.
Сондықтан қазақ халықының қолөнерінде ғасырлар бойы пайдаланып келген бейнелеу өнері, ою -өрнектер туралы мағұлыматты орыс, еуропа т. б ғалымдарының еңбектерінен жыйнастырып, бір жүйеге келтіруге тура келді.
Бұрын шеберлер мал өсіру мен аңшылықты, жер, су, көшіп қону көріністерін, күнделікті өмірде кездесетін әр түрлі заттың сыртқы пішінін бейнелесе, қазіргі заман шеберлері осы қазыналы өнерімізді түрлі салаларда тимді пайдаланып жүр. Мемлекет рәміздерінен, сәулет өнерінен, графика өнерінең барлық саласынан, кітап пен журнал беттерінен т. б
Нақышты ою-өрнектерді жиі көріп жүрміз. Еліміздің белгілі суретшісі Әбілхан Қастеев бұл өнерді кімнен, қайдан үйрендің деген сауалға:
Таудың бұлағынан,
Қойдың құлағынан,
Апамның киізінен,
Ешкінің мүйізінен, - деп жауап берген екен.
Біз де, біздің қазіргі және болашақ ұрпағымыз да өнер атты құндылықты осылайша үйреніп, рухани қайнар ретінде сусындауымыз керек.
Әр халықтың жас ұрпақты тәрбиелеудегі өзінің тән ерекше мәдени мұралары бар. Ал қазақ халықының мәдени мұраларының бірі - ұлттық сәндік қолданбалы өнер әлеуметтік - эканомикалық сатдан өтіп, ұлттық сәндік қолданбалы өнерінің небір ғажайып үлгілерін қалдырған болатын.
Қазақ халқы - рухани зор байлықтың мұрагері. Ол өзінің өрісі биік, сан сапалы өскелең мәдениетіне бір күнде, бір ғасырға жеткен жоқ. Қазіргі кезге дейін жеткен тас бетіндегі суреттер, тас мүсіндер, сәулет мұралары, қол өнер туындылары т. б. өздік тұрғыдыда айрықша орын алды. Осы мол қазынаның бірі - Қазақстан мәдениетіндегі қол өнер туындылары.
Демек ертедегі түрік дәстүрі VI - VII ғ. ғ. б. д. д. көшпенділер мәдениетін бейнелейді: атты жауынгер, балбалдар, құлпы тастар. Түсініктері бойынша; аспанға табыну, күн көзіне табыну қажет. Оныжаратушы құдай - ұмай және иер-суб-жер мен су т. б. болып табылды. Түрік - араб - ислам дәстүрінде қолөнер кәсіби саласында тіршілік иесін бейнелеуге рұқсат берілмеген. IX - XIVғ. ғ. б. д. д. (орта ғасыр. )
Адай дәстүрі ( қазақ мәдениеті) жаңа уақытXVIII - XIX ғ. ғ. болып табылды. Сонымен қатар VIII ғ. ғ. б. д. д. ортасында түрік халықы он екі тайпадантұратындығы жария етілген. Түрік аңұзақ дала көшпенділерінің біріккен тайпасы. Олардың генетикалық тілі бір, генетикалық тайпалардың туыстығы осыдан келіп шығады. Осы мәселе бойынша С. Г. Кляштроный, Т. И. Сұлтанов өз еңбектерінде археологиялық мәдениеттіүшке: табытты жерлеу рәсімдерініңреті, заттарды безендіру және сәндеп әшекейлеу, - деп бөліп қарастырады. Бұларға Енесей-қырғыз мәдениеті Шығыс Қазақсат және Солтүстік Алтай жатады. Жалпы ертедегі орта мәдени даму тенденциясы Оңтүстік Сібірге, шығыстан батысқа иновациялық ерекшелікте тараған делінген. Жалпы ою-өрнекті алып қарастыратын болсақ, бұнда даа ұқсастықтарды көруге болады. Бұдан сызықтардан бастап, кампозицияның ішкі және сыртқы формадағы бейнелеп-мәнерлену т. б ұқсастықтарды байқаймыз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz