Қазіргі қазақ тілі лексикологиясының негізгі пәнінен дәрістер
№1 лекция. Тақырыбы: Қазіргі қазақ тілі лексикологиясының негізгі зерттеу объектісі
№2 лекция. Тақырыбы: Сөздің көп мағыналылығы. Омонимдер. Сөз варианттары.
№3 лекция. Тақырыбы: Антонимдер. Табу және эвфемизмдер
Қазіргі қазақ тілі лексикасының құрамы, шығу арналары, қалыптасуы мен дамуы
№4 лекция. Тақырыбы: Сөздік құрамның тарихи арналары. Қазақ тілі сөздік құрамының толығып даму жолдары
№5лекция. Тақырыбы: Қазақ тілі сөздік құрамының қолдану сипатына қарай түрлері
Сөздердің стильдік қызметіне байланысты түрлері
№6 лекция.Тақырыбы: Сөздердің актив және пассив қолданылатын түрлері
Фразеология, оның зертттеу нысаны, мақсаты
№7 лекция. Тақырыбы: Фразеологизмдердің мақал.мәтелдерге және сөз табына қатысы
№8 лекция. Тақырыбы: Лексикография
Этимология

Бір тілде қанша сөз болса, солардың тұтас жиынтығын тіл ғылымында лексика (гр. Lexіkos- сөздік) немесе сөздік құрам деп атайды. Сөздердің лексикалық жүйеде алатын орнын, шығу төркінін, қолданылуы қабілетін күнделікті қарым- қатынастағы көрінісін, сан қилы стильдік мәні мен сипатын тексіретін ғылымды лексикология (гректің lexіkos-сөздік+logos-ілім сөздерінен) дейді. Қазақ тілінің лексикологиясы- қазақ тілінің сөздік құрамын (лексикасын) тексеретін ғылым. Бүгінгі қазақ тілі сөз байлығы жағынан дамыған тілдердің қатарына жатады. Қазақ тілінің сөздік құрамы халқымыздыың басынан кешірген бүкіл өмірінің, шаруашылығы мен кәсібінің, материалдық байлығы мен рухани қазынасының айнасы, куәсі іспеттес, замандар бойы біртіндеп қалыптасқан, ұзақ дамуының жемісі. Сондықтан лексиканы зерттеу сөздік құрамды тұтас бір бүтін жүйе деп қарауды міндеттейді. Яғни лексикология жекелеген сөздердің тобын емес, тілдің қалыптасқан лексикалық жүйесін қарастырады.
Шындық болмастығы заттар мен құбылыстар жайындағы ұғымдар жеке сөздермен ғана емес, тұрақты сөз тіркестері түрінде қалыптасқан баламаларымен де түсіндіріледі. Осыған орай лексикология ғылымы сөз ұғымымен үйлесіп, сәйкесіп отыратын тұрақты сөз тіркестерін зерттейтін фразеологияны да (гр. Phrasіs- сөйлемше+logos-ілім) төл объекті ретінде қарастырады.
Тілдің қаншалықты дамып жетілгендігі сөздік құрамдағы сөздердің санымен ғана емес, мәнімен (көп мағыналығымен) де өлшенеді. Бұл жағынан лексикология сөздердің мағыналық құрылымын зерттейтін семасиология (гр. Semasіa-мән, мағына+logos-ілім сөздерінен) ғылымыиен тікелей байланысты. Семасиологияның мәні әсіресе түсіндірме сөздіктерді жасағанда айқын байқалады. Мұнда сөздің негізгі, туынды және ауыс мағыналары даму тұрғысынан сараланып талданады.

Лекция тезистері.
№1 лекция. Тақырыбы: Қазіргі қазақ тілі лексикологиясының негізгі зерттеу
объектісі
Семасиология. Сөз және мағына.
1. Лексикология пәнінің зерттеу объектісі
2. Сөз және ұғым, сөздің ұғымды білдірудегі ерекшелігі
3. Сөз мағынасының түрлері.
4.Сөздің лексикалық мағынасының негізгі типтері
5. Сөздің негізгі және туынды мағыналары, тура және ауыспалы мағыналары
Мақсаты: Сөздердің лексикалық жүйеде алатын орнын , шығу төркінін,
қолдану
қабілетін күнделікті қарым-қатынасын тексеретін
ғылым екендігін
түсіндіру.
Бір тілде қанша сөз болса, солардың тұтас жиынтығын тіл ғылымында
лексика (гр. Lexіkos- сөздік) немесе сөздік құрам деп атайды. Сөздердің
лексикалық жүйеде алатын орнын, шығу төркінін, қолданылуы қабілетін
күнделікті қарым- қатынастағы көрінісін, сан қилы стильдік мәні мен сипатын
тексіретін ғылымды лексикология (гректің lexіkos-сөздік+logos-ілім
сөздерінен) дейді. Қазақ тілінің лексикологиясы- қазақ тілінің сөздік
құрамын (лексикасын) тексеретін ғылым. Бүгінгі қазақ тілі сөз байлығы
жағынан дамыған тілдердің қатарына жатады. Қазақ тілінің сөздік құрамы
халқымыздыың басынан кешірген бүкіл өмірінің, шаруашылығы мен кәсібінің,
материалдық байлығы мен рухани қазынасының айнасы, куәсі іспеттес, замандар
бойы біртіндеп қалыптасқан, ұзақ дамуының жемісі. Сондықтан лексиканы
зерттеу сөздік құрамды тұтас бір бүтін жүйе деп қарауды міндеттейді. Яғни
лексикология жекелеген сөздердің тобын емес, тілдің қалыптасқан лексикалық
жүйесін қарастырады.
Шындық болмастығы заттар мен құбылыстар жайындағы ұғымдар жеке
сөздермен ғана емес, тұрақты сөз тіркестері түрінде қалыптасқан
баламаларымен де түсіндіріледі. Осыған орай лексикология ғылымы сөз
ұғымымен үйлесіп, сәйкесіп отыратын тұрақты сөз тіркестерін зерттейтін
фразеологияны да (гр. Phrasіs- сөйлемше+logos-ілім) төл объекті ретінде
қарастырады.
Тілдің қаншалықты дамып жетілгендігі сөздік құрамдағы сөздердің
санымен ғана емес, мәнімен (көп мағыналығымен) де өлшенеді. Бұл жағынан
лексикология сөздердің мағыналық құрылымын зерттейтін семасиология (гр.
Semasіa-мән, мағына+logos-ілім сөздерінен) ғылымыиен тікелей байланысты.
Семасиологияның мәні әсіресе түсіндірме сөздіктерді жасағанда айқын
байқалады. Мұнда сөздің негізгі, туынды және ауыс мағыналары даму
тұрғысынан сараланып талданады.
Қазақ сөздері сан жағынан мол және көп салады, бұлардың жасалуы мен
шығу тегі, мағыналары мен қолданылуы, даму қарқыны белгілі бір
заңдылықтарға бағынады. Қазақ лексикологиясы қазіргі қазақ тіліндегі
сөздердің осы замандағы даму қалпын, мағыналық және құрамдық түрлерін
тарихи арналары мен қат- қабаттарын, баю жолдарын, сөздердің экспрессивті-
стилистикалық мәнін, қолданылуы аясын тексереді. Сөйтіп, қазақ
лексикологиясының қазіргі жайы (синхрониялық күйі:гр.Dіa- арқалы+chronos-
уақыт) ұштастырылып қарастырылады.
Заттың, құбылыстың негізгі жалпы белгілері ұғым болып, тек сөз
арқылы қалыптаса алады. Ұғым тілдегі сөздердің негізінде туады, сол арқылы
жарыққа шығады. Сол себепті сөз ұғымның материалдық көрсеткіші, шындық
өмірдегі көрінісі болып табылады. Сөз бен ұғымның байланысы адамдардың
қоңамдық өмірде бірлесіп өмір сүруі, әрекеттенуі негізінде іске асады.
Сондықтан тарихи бір дәуірде туған сөздер бір тілде сөйлейтін қоғам
мүшелерінің бәріне бірдей дерлік түсінікті болады. Бұдан сөз бен ол
білдіретін шындық өмірдегі зат, құбылыстың арақатынасын зеттеуде тарихи
деректерге сүйеніп отыру қажеттілігі туады.
Сөздің негізгі қызметі атау, яғни зат, құбылыс, әрекетті,
олардың белгілерін атап білдіру. Бұл арада мынадай жайттар ескерілуі қажет.
Біріншіден, ұғым сияқты сөз де зат, құбылыстың жалпы, айрықша
белгілері жинақталып топшаланып беріледі. Неғұрлым кейін пайда болған ұғым
атаулары бұрыннан белгілі ұғымдарға ұқсастық негізінде жасалынып отырады.
Екіншіден, сөз жалқы бір затты ғана атап білдірмейді, жалпылап
жинақтап біртекктес заттарды да білдіреді. Мәселен, зат есімдер бүкіл сөз
табының ішіндегі логиклық ұғымы жағынан ең айқын сөз табы десек, олардың
да нақтылығы өзара салыстырғанда бірдей бола бермейді. Зат есімнің
ішіндегі ең нақтысы жалқы есім десек, бұлардың өзіне де белгілі дәрежеде
жалпылық сипатталады. Етістікке тән сөздердің жалпылығына келсек, жалпы
есімдердің жалпылығынан да анағұрлым күрделірек, күштірек екенін көреміз.
Үшіншіден, сөз бен сол сөз атап білдіріп тұратын зат, құбылыс я
әрекеттің арасында ешбір табиғи байланыс болмайды. Тілдегі сөздер зат,
құбылыстарға шартты түрде атау болып кейін қалыптасқан. Сөз бен зат,
құбылыстың арасында табиғи байланыс болмағандықтан, белгілі бір зат я
құбылыс әр тілде әр түрлі аталады. Зат, құбылыс іс-қимыл жайындағы
ұғымдардың көпшілігі барлық халықта бірдей болмағанымен, олардың әр халық
тілінде аталуы басқаша болып келеді. Осыдан барып дүниеде көп тілділік
пайда болған.
Төртіншіден, тілдегі сөздердің бәрі бірдей қалыптасқан
логикалық ұғымды білдіре бермейді. Қазақ тіліндегі шылау, одағай, көмекші
сөздер, модаль сөздер, белгілі дәрежеде есімдіктер ұғымды білдірмейді,
себебі олар материалдық ақиқитөмірдегі зат, құбылыс ұғымдарымен тікелей
байланысты емес. Бірақ ондай сөздердің қай-қайсысы болсын мағынаға ие.
Лексикология мәселелерін жан-жақты, терең түсіну үшін, тіл білімінің
оған шектес басқа салаларымен қандай байланысы бар екенін ашып қарастырудың
зор мәні бар.
Ана тілімізді сөз байлығының басынан кешкен ұзақ тарихы бар.
Сөздердің қалыптасуына, өзгеруі мен дамыуна қатысты тарихи заңдылықтарын
тарихи лексикология тексереді. Тарихи лексикологияның бір саласы-
этимология. Этимология (гр. Etymon шындық+logos-ілім) сөздердің шығу
төркінін, олардың ең алғашқы түр- тұрпаты мен мағынасын анықтайды. Сол
арқалы қазақ халқының бұрынғы замандағы өмірінен мәлімет алуымызға, қандай
халықтармен қарым- қатынаста болғандығын айқындауымызға болады. Ана тілі
лексикасының даму, өзгеру заңдылықтарын туыстас тілдердің лексикасымен
тарихи тұрғыда салыстыра зерттегенде ғана дұрыс танып, білуімізге болады.
Тілдегі жалқы сімдері зерттейтін ономастика ғылымымен лексикология
тығыз байланысты. Ономастика (гр.Onomastіke-ат беру өнері) іштей
антропонимика және топонимика болып екі салаға жіктеледі. Антропономика
(гр.Anthropos-адам+onyma-ат,атау) кісі аттарын (есімдерін) зерттеу
объектісі етіп қараса, топонимика (topos-орын, мекен+onyma-ат, атау)
географиялық (жер-су) атауларын жеке объекті етіп зерттейді.
Лексикология тіл білімінің грамматика саласымен де үнеміі қарым-
қатынаста болады. Тілдегі сөздердің номинативтік (атауыштық) қызметімен
қатар грамматикалық қызметі бар. Тілдің тарихи дамуы барысында сөздердің
бір- бірімен әрдайым грамматикалық байланыс жасауы арқалыы бір жағынан
лексикалық бірліктердің грамматикалану процесі жүріп жатса, екінші жағынан,
сөз тіркестерінің бір бүтін лексикалық бірлікке (сөзге) ауысу (лексикалану)
процесі жріп жататындығы белгілі. Бұл құбылыс өте- мөте сөзжасам
тәсілдерінде айқын байқалады. Мысалы таңға, күніне, айына, бірде, жақында,
басында, аяғында, ақырында, арқасында, бұрыннан, белшесінен, алшысынан,
төтесінен, тұтқиылдан, басынан, жасынан, шөкесінен, атымен, шынымен,
түнімен т.б сөздер- шығу төркіні жағынан о баста септік жалғаулары арқалыы
жасалған туынды үстеулер. Бүгінде соңғы буындағы қосымшалары әбден кірігіп,
жымдасып кеткен.
Сондай- ақ лексикология фонетикамен де үнемі байланысты. Сөздер
көбінесе бірнеше дыбыстың тарихи қалыптасқан тіркесімен айтылғанда ғана
белгілі бір мағынаныы білдіреді. Тілдегі сөздердің дыбыстыық құрамының
өзгеруі олардыың мағыналарының өзгеруіне әкеп соғадыы. Мәселен, ал, әл, ол,
өл, іл, ұл дегенде дауысты дыбыстардыың аз, ақ, ал, аң, ас, ат, ау, аш
дегенде дауыссыз дыбыстардың өзгеруінен әр түрлі мағына беретін сөздер
жасалып тұр.
Тілде белгілі бір дыбыс өзгергенімен, сөздердің сыртқы тұлғасы да,
мағынасы да оншалықты өзгеріске ұшырамай, үнемі ұқсасып келетін жағдайлары
болады. Мысалы: айғай- айқай, бау- бақ, сұрау- сұрақ, шұқыр- шұңқыр, бәйге-
бәйгі, улгіру- үлгеру, түгендеу- түгелдеу, жұдырық- жұмырық, жаңқа- жоңқа
т.б. Кез келген дыбыстардан әркім өз қалауынша сөз жасауына, болмаса
грамматикалық тұлға жасауына болмайды. Лексикалық элемент те, грамматикалық
элемент те дыбыстардың белгілі бір жүйелі тіркесі арқалы жасалады. Сол
арқалы тілде жалпыға ортақ сөздер қалыптасады да, олар ұрпақтан- ұрпаққа
мұра болып, сақтала береді.
Сөйтіп, тіл ғылымының әрбір саласы өзінің дербестігі мен даралығын
(өзіндік қасиетін) сақтай отырып, өзара бір- бірімен байланысып отырады.
Қазаақ тілі фонетика, лексикология, морфология, синтаксис, сстилистика,
этимология т.б болып бірнеше салағаа бөлінгенімен, осылардыың барлығының да
тексеретіні- сөз. Тілдегі сөздерді бұлардың әрқайсысы әр жақтан алып
қарастырады. Тілдің негізін жасайтын- оның грамматикалық құрылысы мен
негізгі сөздік қоры. Бұлардың екеуі де фонетикалық құбылыстармен тығыз
ұштасып жатыр. Жалпы білім беретін “Қазіргі қазақ тілі” курсын маман
ретінде меңгеру “Лексикология” пәнін оқып үйренуден басталады. Орта
мектепте көп мағыналық, омонимдер, синонимдер, антонимдер,тұрақты тіркестер
сияқты қазақ тілі лексикасының кейбір талаптары ғана үйретілген
болса,жоғары оқу орындарында бұл тақырыптар әлдеқайда кеңейтіліп өтіледі,
тіпті талапкерге мүлдем бейтанысмәселелер де әңгімеленеді. Осыған орай
пәнді оқыту барысының студенттерге сөздедің мағынасы, шығу төркіні,
стильдік мәні мен сипаты, қолданылу қабілеттілігі туралы, қысқасы, тілдің
лексикалық жүйесіжөнінде жан-жақты мағлұмат беру мақсат етіледі.
Пәнді оқытуда алға қойылған міндет – оқытудың қалыптасқан
әдістерінің (лекциялық, практикалық сабақтар, студенттің өзіндік жұмыстары
т.б.) негізінде студенттердің жеткілікті дәрежеде білім алуын қамтамасыз
ету. Орта мектепте болашақта “Қазақ тілі” пәнінен сабақ беретін мұғалім
лексикалогияның жалпы мәселелерін ғана емес, сөздік құрам туралы ілімінің
даму тенденцияларын білу қажет.

ұштасып жатыр. Қазақ тіл білімінің кенжелеп қалған лексикология саласы 1950
жылдан бері жан-жақты зерттеле бастады. Қазақ лексикасының құрамын,
тарихын, сөз мағынасының түрлерін, стилистикплық қызметін анықтап зерттеген
қаншама ғылыми еңбек пайда болды. Бұл кезеңде лексикологияның жалпы
мәселелеріне арналған Н.Сауранбаев, С.Аманжолов, Ғ.Бегалиев,
Ғ.Мұсабаев еңбектерінен басқа омонимдер туралы Қ.Ахановтың, синонимдер
жайында Ә.Болғанбаевтың, сөз мағынасының өзге түлері жайында Р.Барлыбаев,
Б.Хасанов, Р.Сыздықовтың т.б. зерттеулері;лексикалық құрам саласында
неологизмдер жайында Ш.Бәйтікова т.б. еңбектері жарық көрді. Қазақ тіл
білімі 1950 жылдан бері лексикография саласында елеулі табыстарға жетті.
Қазақ тіл білімінде болуға тиісті негізгі сөздіктердің бірқатары осы
кезеңде шықты.
1950-90 жылдар арасында қазақ тіл білімінің морфология саласында
бірқатар құнды еңбек пайда болды. Олардың бастылары А.Ысқақовтың сөздердің
морфологиялық құрылымы мен қазақ тіліндегі есім сөз таптары туралы
зерттеуі, етістік котегорияларын зерттеуге арналған Ы.Маманов, А.Қалдыбаев
т.б. еңбектері, сын есім жайында Ғ.Мұсабаев, Ж.Шәкенов, сан есім жайында
Ә.Хасенов, одағай, еліктеуіш сөздер жайында Ш.Сарыбаев, есімдіктер жайында
Ә.Ибатов шылауларды зерттеген Р.Әміров т.б. еңбектері.
Осыдай зерттеулер негізінде Тіл білімі институты 1967 жылы “Қазақ
тілінің грамматикасы. II Синтаксис ”деп аталатын академиялық еңбек
шығарды. Бұл кезеңде жеке жанрлық салалар мен лексикалық категориялардың
синтаксисін зерттеуде бірқатар жұмыс істелді. “Қазіргі қазақ тілі” курсы
бойынша жоғары оқу орындарына арналған оқулықтар мен оқу құралдары жазылды.
1950 жылдан бергі кезеңде қазақ тілінің тарихын зерттеуге көп көңіл
бөлінді. Қазақ тілінің тарихына байланысты көлемді зерттеу С.Аманжолов 1959
ж. жарияланған “Вопросы диолектологии и истории казахского языка” деген
еңбегі. Автор бұл еңбегінде қазақ тілінің шығу тегі көне замандағы белгілі
бір жеке тайпаның тілі негізінде емес, қазақ халқының құрамына енген барлық
тайпалық одақтар тілінің шоғырланып бірігуі нәтижесінде қалыптасқанын
айтты.
Бұл кезде қазақ тілінің тарихын жете түсіну үшін бұрыннан қалған
ескерткіштерді зерттеуге көбірек мән берілді. Бұл жұмыс екі бағытта
жүрізілді. Бірінші – қазақ тілінің тарихын көне түркі ескерткіштерімен
байланыстра, салыстыра зерттеу бағыты. Екінші бағыт – қазақ тілінің
тарихын ортағасырлық жазба түркі ескерткіштермен байланыстыра зерттеу.
Қазақ тіл білімінің 1950 жылдан кейін туып қалыптасқан салаларының
бірі – қазақ әдебиетінің тарихы. Оның оқу орындарында арнайы пән ретінде
оқытыла бастауы да осы кез. әдеби тіл тарихының бұл кезде зерттеу объектісі
болған мәселердің бір тобы: әдеби тіл дегенне, оның статусы, өзіндік
белгілері қандай, халықтық ауызекі тілден, ауызекі тілінен қандай айырмасы
бар деген саяда. Осы айтылғанддардың анықталуына байланысты туатын
мәселелердің екінші тобы: қазақ әдеби тілінің қай мезгілде қалыптаса
бастағаны, оның даму тарихы қандай кезеңдерге бөлінетіні,әдеби тілдің
нормалық белгілері, стилдік салалары, бұларды анықтау критерилері қандай
деген сауалдардың айналасында.
Сөз және мағына. Сөздің ішкі семантикалық байланысы оның мағынасы мен
ұғымының арақатынасынан көрінеді. Сөз мағынасы зат, құбылыс, әрекет жайында
түсінік, үғым пайда болғаннан кейін қалыптасады. Егер белгілі бір зат
туралы ұғымымыз болмаса, оның мағынасын да білмейміз. Ұғым бар жерде мағына
бар. Демек, ұғымның болуы сөз мағынасының ең маңызды шарты болып табылады.
Бірақ сөз мағынасының қалыптасуына ұғымнан басқа да себеп болатын жайттар
бар. Сөз мағынасы заттық- логикалық ұғымнан басқа айтушының ақиқат дүниеге
көзқарасын, әр түрлі көңіл- күйін, сезімін және сөздің грамматикалық
сипатын да білдіре алады. Бұдан сөз мағынасының ұғымнан кең екенін көреміз.
Мысалы: Тәй, тәй, тәй!... Қаз! Қаз! Қарағым!... апыл-тапыл басқанға мәз (Б.
Майлин). Сөйтіп, сөз мағынасы ойды ғана білдірмейді, сонымен бірге сезім
мен ерікті, көңіл күйін білдіру үшін де жұмсалатындығын аңғарамыз. Мұндай
қасиет ұғымды кездеспейтіні белгілі.
Сөз мағынасының екі түрі бар: лексикалық мағына және
грамматикалық мағына. Сөздің лексикалық мағынасы лексикологияда зерттеледі.
В.В.Виноградовтың анықтамасы бойынша сөздің лексикалық мағынасы дегеніміз-
“тілдің граматикалық заңдарына сай тұлғаланған, оның сөздігіне тән жалпы
семантикалық жүйесінің элементі болып табылатын сөздің заттық-материалдық
мазмұны„. Сөздің лексикалық мағынасы зат, құбылыс, іс- әрекеттің санада
бейнеленіп тұрақталған ұғымының мазмұнын қамтиды. Сөздің лексикалық
мағынасын жете түсіну үшін, ең алдымен, сөздің заттық- логикалық мәнін,
екіншіден, сөздің лексикалық мағынасының оның басқа мағыналарымен қандай
қарым-қатынаста екенін, үшіншіден, сөздің лексикалық мағынасын соған ұқсас
басқа лексикалық мағыналардан ерекшелеп көрсететін белгілерін анықтау
қажет.
Лексикалық мағына-сөздерді бір-бірінен ажыратып танудағы ең негізгі
мағына, ол арқалы сөз жеке даралық (единица) қасиетіне ие болады.
Лексикалық мағына зат, құбылыс, әрекет жайында бір тілде сөйлейтін қауым
таныған, жалпыға түсінікті әр сөздің меншікті мағынасы болып табылады. Ол-
сөздің басқа мағыналарының тууына негіз болады, сондықтан сөз мағыналарын
саралағанда ең алдымен оның лексикалыық мағынасына көңіл аударылады.
Сөз мағынасынан әрбір тілдің өзіндік ерекшелігі, өзіндік бояуы
айқын көрінеді. Мысалы, сарай қазақ тілінде әсем де салтанатты ғимарат,
зәулім құрылыс, үй мағынасын білдірсе, ал түркі тілдерінен ауысқан сарай
сөзі орыс тілінде бұған керісінше әр түрлі шаруашылық заттарын сақтайтын
қора немесе қораштау үлкенүй мағынасында айтылады. Ми деген сөздің қазақ
тіліндегі нақты лексикалық мағынасы-бас миын білдіруі, сол себепті ми
дегенді қазақ тек осы мағынада түсінеді, ал орыс тілінде мозг сөзі тек бас
миын емес, жілік майын да білдіретіндіктен, оларды бір- бірінен айырып
көрсету үшін, головной мозг, костный мозг деп бөліп айтады.
Туыстас тілдердегі сөздер бір-бірімен айтылуы (дыбысталуы)
жағынан ұқсастау болып келгенімен, мағына жағынан алшақ болуы ғажап емес.
Мәселен, қазақ тілінде жел деп, кейде қатты, кейде баяу соғатын ауаның
ағымын айтса, самал деп жанға жайлы қоныр салқын желді айтады, ал қырғыз
тілінде керісінше, онда шамал деп желді, жел деп самалды айтады. Қазақ
тілінде малай деп біреудің есігінде жалданып жүрген қызметші, жалшыны
айтса, ал башқұрт пен татар тілдерінде малай деген бала мағынасында
қолданылады. Қазақ тілінде әжептәуір- тәп- тәуір, әп- әдемі, жап- жақсы
деген жағымды мағынада жұмсала, қарақалпақ тілінде әжептәуір оғаш, ерсі
деген жағымсыз мағынада қолданылады.
Сөз мағынасы әрқашан бір қалыпта тұрмайды. Тіл жүйесінің ішкі
заңдылықтары және одан тыс ақиқат өмірдегі мәдени- тарихи, санадағы
психологиялық өзгерістер сөздің лексикалық мағынасының мазмұнына әсер етіп
отырады. Лексика дамыуындағы тарихи кезеңдерде сөз мағынасы кеңейіп,
тарайып не жаңарып, жаңғырып болмаса қолданудан шығып қалып отырады.
Мысалы, қыз- қырқын сөзінің құрамындағы қазір жеке қолданмайтын қырқын сөзі
көне түркі тайпалары тілінде “күң қыз„, “күңнен туған қыз„ мағынасында
қолданылған. Кейін ол өзінің дербестігінен айрылған соң, бұл мағынада
қолданылмайтын болды да, қазір қыз сөзімен қосарланып, “қыз балалар„
мағынасын береді. Адам немесе малдың дене мүшесінің атауын білдіретін
кіндік сөзінің мағынасы кеңейіп, 1920 жылдар да “белгілі бір ел, мемлекет
не ұйымға тән орталық„ деген мағынада қолданылды: “Орынборда кіндік
үкіметтің тілі Еңбекше қазақ газеті бар„ (С. Сейфулин). “Омбы- мәдениет
кіндігі„ (С. Мұқанов). Бірақ 1930 жылдардыың орта шенінен бастап кіндік
сөзі бұл ауыс мағынада қолданмайтын болды.
Сөздің лексикалық мағынасы дамуының жоғарыдағыдай тарихи сипаты
белгілі дәрежеде түсіндірме және этимологиялық сөздіктерде ашылып отырады.
Сөз және оның лексикалық мағынасы жайында жалпы ақпар осындай.
Ал сөздің грамматикалық мағынасы дегеніміз грамматикалық амал-
тәсілдер арқалы туатын, сөздің бірыңғай топтары мен сөз тұлғаларына,
синтаксистік құрылымдарға тән, жинақталған дерексіз мағына. Грамматикалық
мағына сөздің лексикалық мағынасы негізінде туады, бұл екеуінің арасында
тығыз байланыс бар. Лексикалық мағынамен қатар жарыса қолданылып, оны
айқындап, саралап отырады. Әдетте, сөздің бірнеше грамматикалық мағынасы
болады. Мысалы, балам деген сөз зат есім, оның ішінде жалпы есім, жекеше,
оңаша тәуелденудің 1 жағы сияқты бірнеше грамматикалық мағына ие болып тұр.
Бірақ бұл грамматикалық мағыналардың бәрі де бала сөзінің лексикалық
мағынасы негізінде туып тұр. Сөздің грамматикалық мағынасының пайда болу
жолдары, түрлері грамматикада қарастырылады.
Сөздің лексикалық мағынасы тіл білімінде әр түрлі бағытта топтастырылып
келеді. 1950 жылдары сөз мағынасын семантикалық тұрғыда топтастыруға бой
ұрушылық орын алды. Семантикалық топтастыру ұғымы бірыңғай сөздердің
мағыналық типтерін анықтауға негізделген болатын. Мысалы, мәдени,
шаруашылық, тұрмыстық, туыстық атаулар, адамға байланысты сөздер т.б.
Бұлайша топтастыру арқылы тілдегі барлық сөзді қамтуға болмайтынына, сөз
мағынасын топтастыруда қолайсыздығына қарамастан, оның бірқатар
түркологиялық еңбектерде орын алғаны белгілі. Бұлайша топтастыру сөздің
лексикалық мағынасының типтері мен лексика-семантикалық топтарын ажыратудан
туған кемшілік еді.
Сөздің атауыш (номинатив) мағынасы, ол тура мағына деп те аталады.
Лексикалық мағынаның бұл түрі сөздердің шындық болмыстағы заттар мен
құбылыстарға, олардың белгілеріне қатыстылығымен байланысты пайда болған.
Сөздің заттың я құбылыстың атап білдіретін мағынасы атауыш
(номинатив) мағына деп аталады. Атауыш мағына әр заттың өз алдына дербес
мағынасы болып табылады, сол арқылы біз заттарды бір-бірінен айыра білеміз.
Мысалы, тау, тас, өзен, көл, боран, жел деген заттық ұғымдар жеке-жеке
аталып, бірден атауыштық мағыналарға ие болып тұр.
Сөздің атауыш мағынасы заттар мен құбылыстарға жанама түрде емес,
тікелей бағытталғандықтан, тура мағына деп аталады.
Сөздің атауыш немесе тура мағыналары толық мағыналы дербес сөздердің
бәріне де қатысты. Тек есімдіктердің атауыштық қызметінің өзіндік
ерекшелігі бар. Есімдіктер зат, құбылысты, олардың белгілерін, сыр-сипатын
тікелей атап білдірмейді, тек толық мағыналы сөздердің орнына жұмсалып,
оларды алмастырып, меңзеп білдіріп тұрады. Сол себепті есімдіктердің
лексикалық мағынасын меңзеу мағына деп атауға болады. Мысалы, біз, олар,
кім, не, қалай, қайсы, ештеме деген есімдіктер нақты затты не оның
белгілерін атап тұрған жоқ, тек оларды атап білдіретін сөздердің орынбасар
көрсеткіші ретінде қолданылып тұр.
Сөздің ауыс мағынасы бір заттың негізгі атауыш мағынасын басқа бір
затқа атау етіп ауыстырып қолданудан барып туады. Оған әдетте бір затты,
оның белгілерін басқа бір затпен салыстыру, ұқсастыру себеп болады. Сөйтіп,
сөздің ауыс мағынасынан жанама түрде қашанда оның тура мағынасы сезіліп
тұрады. Сөздің ауыс мағынада қолданылуы көп мағыналы сөздердің тууына себеп
болады.
Сөздің шығу тегіне байланысты туған лексикалық мағыналары. Оларға
сөздің түпкі мағынасы және туынды мағынасы, омонимдік, синонимдік,
антонимдік мағыналары жатады.
Түпкі мағына деп тілдің қазіргі қалпы тұрғысынан қарағанда ары қарай
бөлшектенбей түбір ретінде танылатын дербес сөздердің мағынасын айтамыз.
Түпкі мағына алғашқы немесе бастапқы мағына ретінде қабылданады. Түпкі
мағыналардың пайда болу себебі көп жағдайда белгісіз болып келеді, өйткені
түпкі мағынада туынды мағынадағыдай басқа бір мағынаның әсері, қатысы
сезілмейді, ол өз бетінше туған мағына ретінде танылады. Мысалы, от, су,
күн, түн, таң, жылқы, жаңбыр, өзен, бар, кел, теңіз, көк, қара сияқты
сөздердің осы күнгі белгілі мағыналары тарихи қалай қалыптасқанын қазір дәл
басып айту қиын.
Туынды мағына түпкі мағынадағыдай емес, басқа бір мағынаның
қатысуымен туған, пайда болу себебін түсіндіруге болатын, сөздің кейінгі
мағынасы болып табылады. Туынды мағына әдетте сөзжасам тәсілдерімен
байланысты қарастырылады. Туынды мағына өзін тудырған сөздің мағынасымен
байланысын үзбейді.Мысалы, түбір қон сөзінің лексикалық түпкі мағынасы
қонақ, қоныс, қонақтау, қонағуар, қонаға, қоналқа, қондырғы сөздерінің
туынды мағыналарында қашанда сезіліп тұрады. Сөйтіп тудырушы мағына мен
одан шыққан туынды мағыналарды бір-бірінен өрбіген сөздердің екі жақты
байланысы деп қарауға болады.
Туынды мағынаның қашанда тікелей түпкі мағынадан туып отыруы шарт
емес. Түбір сөздің түпкі мағынасынан өрбіген туынды мағыналарының өздерінен
де туынды мағыналар жасалып отырады. Мысалы, жоғарыда қонақ, қоныс сөздері
тікелей қон түбірінен жасалса, ал басқалары одан тікелей туып тұрған жоқ,
одан туған туынды сөздерден жасалып тұр. Мысалы, қонақтау сөзі қонақтадан,
ал қонақ сөзінен, қондырғы - қондыр-дан, ол қон сөзінен жасалған.
Сөздердің тіркесу сипатына байланысты туған лексикалық
мағыналары. Оларға сөздердің еркін және байлаулы мағыналары жатады.
Сөздің еркін мағынасы оның атауыш мағынасының негізінде пайда болады.
Сөз тек атауыш мағынада қолданыла бермейді. Егер олай болса, сөз өзінің
бастапқы атауыш мағынаны білдіруімен ғана шектелер еді. Шын мәнінде ,
атауыш мағынадағы сөздер шындық өмірдегі заттар мен құбылыстарды білдіретін
басқа көптеген сөздермен еркін қарым-қатынасқа түсіп, олармен тіркесіп
отырады. Атауыш мағынадағы сөздердің мұндай қарым-қатынасы белгілі бір
сөздермен ғана шектелмейді, әр түрлі сипаттағы сөздердің мол тобын қамтып,
олармен тіркесімділігін арттырып отырады. Осылайша сөздің атауыш
мағынасының еркіндік сипаты ашылып, қаншама еркін мағыналы тіркестер
жасалады. Бұл тұрғыда еркін мағына байлаулы мағынаға қарама-қарсы қойылып
қаралады.
Фразеологиялық байлаулы мағына – сөздің белгілі ғана сөздермен
тіркесу арқылы, яғни фразеологиялық тіркестерде берілетін лексикалық
мағынасы. Сөз өзінің тура атауыштық мағынасында заттар мен құбылыстарға
тікелей бағытталып қыруар сөздермен тіркесіп айтылуға өте-мөте бейім келсе,
фразеологиялық байлаулы мағынада кез-келген сөзбен емес, санамалы арнаулы
сөздермен ғана тіркесіп қолданады. Мысалы, қысыр деген сөз төлдемейтін,
бойдақ деген сөздің тура мағынасында қысыр бие, қысыр сиыр, қысыр мал деп
бірқыдыру сөзбен емін-еркін айтыла береді.
Синтаксистік шартты мағына. Сөздер сөйлеу үстінде, сөйлем ішінде,
контексте қолданылу жүйесіне қарай әдеттегіден тыс басқадай ерекше үстеме
мағына жамап алуы ықтимал. Сөздің сөйлемде өзіне дағдылы емес қызмет
атқаруынан туатын ауыс мағынасы синтаксистік шартты мағына деп аталады.
Синтаксистік шартты мағына сөздің ауыс мағынасының бір түрі, бірақ ол
лексикалық ауыс мағынадай бір заттың тура мағынасын басқа бір затқа атау
етіп ауыстырудан туған мағына емес, сөздің сөйлемде белгілі бір затқа атау
етіп ауыстырудан туған мағына емес, сөздің сөйлемде белгілі бір
синтаксистік құрылымда қолданылуынан туған мағынасы.
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:
1. Қазақ тілінің сөздік құрамын тексеретін ғылым
2. Тіл білімінің лексикологиямен шектес салалары
3. Лексикологияның грамматика, фонетика салаларымен байланысы
4. Лексикологияның мақсаты мен зерттеу нысаны
5. Лексикологияның өз ішінде бірнеше салаға бөлінетіндігі
6. Лексикологияның тіл білімінің өзге салаларымен байланысы
7. Сөз және ұғым
8.Сөз және мағына
9.Сөз мағынасының түрлері
10.Сөздің лексикалық мағынасының типтері
№2 лекция. Тақырыбы: Сөздің көп мағыналылығы
Омонимдер. Сөз
варианттары.
Жоспары: 1. Көп мағыналылықтың пайда болу
жолдары
2. Сөз мағынасының ауысу
түрлері
3. Лексикалық омонимдер және
олардың көп мағыналы сөздерден айырмашылығы
4. Лексикалық омонимдер және олардың
көп мағыналы сөздерден айырмашылығы
5. Омонимдердің түрлері
6. Омонимдердің пайда болу жолдары
6. Сөз варианттары
Мақсаты: Сөздің көп мағыналылығы және олардың пайда болу жолдарын
меңгерту.
Омонимдердің жасалу жолдарын, түлерін және сөз
вариантттарын меңгерту
Тілдің байлығы мен даму дәрежесі сөздік құрамындағы сөздердің аны көп
болуымен ғана өлшеніп, мөлшерленіп қоймайды, сонымен бірге ондағы сөздердің
семантикалық байлығымен де белгіленіп отырады. Дәлірек айтқанда, тілдің
дамуы сөздің құрамындағы сөздердің санымен де, сапасымен де өлшенеді.
Сөздің сапа жағынан дамығандығын көрсететін бірден-бір белгі - сөздің көп
мағыналылығы. Сөздің екі я одан да көп мағынаға ие болуын сөздің көп
мағыналығы (полисемия) дейміз. Сөздің көп мағыналығы – негізінде сөздік
қордағы сөздергетән қасиет. Неге десеңіз, бұлар – ұзақ жылдар бойы өмір
сүріп, тілде жаңа сөз, тың мғыналарға ұйтқыболып келе жатқан байырғы тума
сөздер. Соның нәтижесіндесөздік қордағы сөздер сан жағынан да, сапа жағынан
да қарыштап дамып тұрақтанып әбден қалыптасқан. Сондықтан да бұлар көп
мағыналы болып кездеседі. Сөздік қордағы сөздер ең алғашқы пайда кезінде аз
мағыналы болғандығы байқалады. Кейін талай заиан өткен сайын, олар бұрынғы
меншікті бір мағынасының үстіне жаңалап бір я бірнеше қосымша туынды
мағыналарға ие болған. Жаңадан танылған заттар мен құбылыстардың тілде
сөзбен аталу қажеттілігі әр уақытта жаң сөздерді тудыра бермейді олар
көбінесе тілдің негізгі сөздік қорында бұрыннан бар сөздермен аталады да ол
сөздердің бұрынғы қалыптасқан негізгі мағынасының үстіне қосымша мағына
үстеледі. Мәселен, қанат алғашында құстар мен шыбын-шіркейлердің ұшып-
қонатын дене мүшесін білдірген. Онан кейін балықтың жүзу мүшесін, киіз
үйдің керегелерін (алты қанат ақ орда), арба-шананың үстін кеңейту үшін
салынған ағашты (қанаты жоқ шанаға шө аз сияды), Кеңес өкіметі тұсындағы
ұшақтың қанаты және белгілі бір нәрсенің орналасқан шебі, екі жағы (фудбол
алаңының оң жақ, сол жақ қанаттары т.б.) мағыналарын білдіріп, мағыналарын
білдіріп, көп мағыналы сөзге айналды.
Сөз мағынасының ауысуы әр түрлі тәсілдер арқылы жүзеге асады. Сол
тәсілдердің әрқайсысына тоқталайық.
Метафора сыртқы не ішкі белгілеріндегі (тұлғасындағы, қимылындағы не
атқаратыын қызметіндегі т.б) ұқсастыққа қарап, бір зат атауының басқа бір
затқа атау болуына байланысты сөз мағынасының ауысуы метафора (гр metaphora-
ауысу) деп аталады. Мағына ауысуының бұл тәсілінің негізінде ұқсату заңы
жатыр. Метафора қолдану сипатына қарай негізінде екі түрге бөлінеді: а)
тілдік (сөздік) метафора, ә) поэтикалық (сөйлеу кезіңде туатын контекстік)
метафора.
Тілдік (сөздік) метафора сөзге жаңа мағына қосып, оның
семантикалық шеңберін кеңейтіп, әрдайым үздіксіз дамытып отырады. Тілдік
метафора жалпыхалықтық сипатына қарап дәстүрлі метафора деп те айтылады.
Дәстүрлі метафоралық тәсіл бойынша ұқсату заңына сүйеніп, қазақ тілінде көп
мағыналы сөздер шыққан. Мәселен, аяқ деген сөздің ең алғашқы заттық
мағынасы деп адам мен жан- жануарлардың жүру- тұру қызметін атқаратын
мүшесі деп түсінеміз. Сөздің мағына жақтан қорланып дамуы осы тәрізді жаңа
сапа элементтерінің біртіндеп молаюы арқалы іске асады.
Сөзге метафоралық тәсіл арқылы ауыс мағына жамайтын сөз
біткеннің бәрі емес, тілдегі заттар мен құбылыстардың атын, іс-әрекетін,
сапа мен белгілрін білдіретін сөздер. Бұлар сөзге нақтылы мағына қосып,
семантилық аясын үнемі кеңейтумен болды. Мүше деген сөздің ең алғашқы
мағынасы анатомиялық жеке атауларды білдіру болған: Дәулет құсын бауыздап,
аспазшы қатынның қолына берді де, мүшесін қалдырмай ас деді (И.Байзақов).
мұнан соң сый ретінде берілетіні үлес, сыбаға мағынасын білдірген: батырдан
сауға, мергеннен мүше деген (мақал). Кейін белгілі ұйымға кірген адамды
айтатын болдық. Мысалы: Абылхан ұжымға мүше болып кірді. Сонымен бірге
қазақ тілі білімінде сөйлем мүшесі, үйірлі мүше, тұрлаулы мүше, тұрлаусыз
мүше деген толып жатқан терминдік мағыналар пайда болды.
Сөзге қосылған үстеме (туынды) мағына заттың, құбылыстың
бойында бар сан алуан ерекше белгілердің негізінде ауыстырып қолдану арқылы
жасаланады. Сондықтан бір сөзден тараған қосымша мағыналарбір сөз табына
да, кейде әр сөз табына да қатысты болып келеді. Мәселен, балапан деген зат
есім (құстың баласы деген ұғымда), осы сөздің метафоралық ауыспалы
мағынасын сындық мағынада жұмсалады. Тасада өскен балапан қарағайлар мен
шоғыр бұталар да анық көрінеді (Т. Ахтанов).
Сөйтіп, тілдік метафора мынадай ұқсастықтар негізінде тууы
мүмкін:
а) тұлға ұқсастығы. Мысалы: қанат- құстың қанаты, ұшақтың
қанаты, құлақ- адамның құлағы, қазанның құлағы,домбыраның құлағы, жон-
малдың жоны, таудың жоны;
ә) қимыл ұқсастығы. Мысалы: тіл- адамның тілі, сағаттың тілі,
жабу- есікті жабу, істі жабу:
б) заттардың қызметіндегі ұқсастық. Мысалы: аяқ- адамның аяғы,
серік- адамның серігі (жолдасы), жер серігі;
в) ұғымдардың бір біріне қатыстылығынан туатын ұқсастық.
Мысалы: жіңішке- жіңішке жіп, жіңішке бел, жіңішке өзен, сұлу- сұлі адам,
сұлу табиғат, ашы- ашы тұз, ашы зар, ашы өмір, өткір- өткір пішақ, өткір
ой, құлау- аттан құлау, емтиханнан құлау, қану- шөлі қану, айызы қану,
ұйқысы қану т.б.
Тілдік метафора уақыт өткен сайын күнгіреттеніп, атауыш мағына ие
болып кетеді. Мысалы: адамның беті- кітаптың беті, адамның көзі- иненің
көзі дегендегі бет, көз сөздері қай қолданыста болсын атауыш мағыналарға ие
болып тұр.
Поэтикалық (контекстік) метафора ойды әсерлі әрі айқын етіп жеткізу
үшін қажет. Ойдың көркемдігі жалпы халыққа таныс суретке құрылуымен тығыз
байланысты. Метафораның бұл түрі көркем шығармаларда кездеседі. Мысалы:
Баладай екі өркеші- шөл кемесі- Түйем де басқа малдан кем түспейді
(“Айтыс„). Алтын дән аялаған кең алқапта, жер кемесі- комбайн гүрілдейді
(“Айтыс„).
Ақындар айтыс өнерінде түйені- шөл кемеге балау арқалы өз ойын
тындаушыға соншама әсерлі етіп жеткізіп бере алған. Осындай бейнелі теңеу
ауыздан- ауызға таралып, бірден- бірге жатталады. Ақырында жалпыхалықтық
сипат алып, тілге әбден етене болып сіңісіп, алықтық мүлікке айналады.
Сөйтіп, қолданыстың бір саласында (поэзияда) сақталып қалады.
Жеке қолданыстағы (индивидуалды) метафора белгілі бір ақынның я
жазушының туындысында өмір сүреді. Бұлар сөздікте сөздік мақаланың
мазмұнына ене алмайды. Белгілі контексте ғана ұшырасатын сөздің келтірінді
мағынасы қашанда әр автордың өзіндік ерекшелігін көрсетеді.
Метаномия. Өзара іргелестігі, шектестігі нәтижесінде бір зат атауының басқа
бір затқа атау болуына байланысты туатын ауыыс мағына метаномия (гр
metonymіa - өзгертіп атау) деп аталады.
Метонимия мынадай іргелістік, шектестіктер негізінде тууы мүмкін:
а) қимыл, әрекет пен оның нәтижесінің шектестігі: Мысалы, бояу, егеу,
сайлау, жайлау, жабу, ою сияқты сөздер әрі қимыл атаулары, әрі зат атаулары
болып, екі жақты қызмет атқарады. Бұлар алдымен іс- әрекет атауы болып
қолданылған да, кейін соның нәтижесі ретінде заттық сипат алған. Мысалы: Өз
үйінде ою оюламаған адам кісі үйінде кесте тігеді (мақал) дегендегі ою
сөзінің заттық ұғымы сол сөз білдіретін іс- әрекеттің нәтижесінде туғаны
сөзсіз. Сол сияқты түйеге қыста жабу жабу керек дегендегі алғашқы жабу
деген сөз соңғы етістіктен кейін жасалған;
ә) зат пен оның ішкі мазмұнының шектестігі. Мысалы: Қазан піскенше
бәрі машина көруге кетті (Ғ. Мустафин) дегендегі қазан тамақ (ет) орнына
жұмсалып жұр. Мектеп сөзі бастауыш, орталау, орта дәрежелі білім беретін
оқу орнын да, сонымен бірге сол оқу орны орналасқан үйде де білдіреді.
Мысалы, Штаб қыстақ шетіндегі бұзылған мектепке орналасқан еді. (Б.
Момышұлы);
б) материал мен одан жасалған заттың шектестігі. Мысалы: алмас сөзі
қатты асыл металл ұғымын да, содан жасалған “өткір қару- қылыш„ дегенді
білдіреді. Құндыз деп өзен- көлде тіршілік ететін кішкентай анды да,
сонымен бірге осы анның бағалы терісін де айтамыз. Құлан қырда, құндыз суда
(мақал);
в) жалқы есімдердің оларға қатысты қимыл- әрекет атауларымен
байланыстылығы. Қазақ тілінде кейбір кісі аттары мен жер- су атаулары жалпы
есімге айналып, белгілі сөздердің контекстік синонимі ретінде жұмсалады.
Мәселен, Қарабай, Шыгайбай, Қарынбайлар сарандықтың бейнесінде айтылады.
Асан қайғы сары уайымға салынушықты білдіреді. Қозы көрпеш пен Баян сұлу,
Қыз Жібек пен Төлегендер- шынайы сүйспеншіліктің бейнесінде қолданылады.
Белгілі контексте Алдар көсе- айлакер, қу дегеннің, Қожанасыр- аңқау,
аңғырт дегеннің синонимі ретінде жұмсалады.
г) сапалық сын есімдер мен олардың заттанған мағыналарының
байланыстылығы. Мұны түсті білдіретін қызыл, ақ, көк, қара сияқты сапалық
сын есімдердің заттанған мағыналарымен шектестігін айқын көреміз. Мысалы:
қара сын есімінің заттанған мағыналары мынадай: “қарайып көрінген нәрсе,
зат„- Ұрғызбаған соң алыста көрінген бір қараны қайыра қуды (Ғ. Мустафин);
“тірек, сүйеу„ мәнінде- Алды- артында қара жоқ. Бұл кедей бізден көп пе еді
(Қамбар батыр); “арамдық, зұлымдық„ мәнінде- Көңілінде қара жоқ, ақ
ниетпен, Тым жақсы дос болуға ыңғайласты (Абай);
д) автор мен оның шығармасының, болмаса шығарма аты мен оның ішкі
мазмұнының байланыстылығы. Мысалы: Абайда жалпы суреттеме (оқушының көз
алдына белгілі бір суретті елестету) тәсілі күшті берілген (Р. Сыздықова).
Бұл сөзді (сой сөзі туралы) қазақ жерінің екінші қиыры Аягөзде туып- өскен,
бар өмірін сол өлкеде өткізген Дулаттан да кездестіреміз (Р. Сыздықова)
дегенде, Абай, Дулат есімдері арқалы олардың шығармалары еск алынып тұр
ж) іргелес заттық ұғымдардың шектестігі. Мысалы: Бір Абай емес, биылғы
жылы отырған бар ағайын, көп ауыл тегіс қаралы (М. Әуезов) дегенде ауыл- ел
орнына, Көпей жеңгемнің қолын сағынып жүрмін (Ғ. Мүсірепов) дегенде қол-
дәм, ас орнына қолданылып тұр;
з) жалқы есімдердің бір- бірімен шектестігі. Мысалы: Түс ауа Семейден
шыға, Абай қайдасың деп тартып кеттік (газеттен дегенде) Абай- ақын
атындағы ауданның атын білдіріп тұр.
Сөз мағынасының қызмет бірлігі бойынша ауысуы. Қоғамның дамуы
барысында белгілі бір заттың атқарған қызметін уақыт өте келе екінші немесе
үшінші бір заттың атқаруы мүмкін. Бір кездегі ол зат белгілі бір
материалдан жасалса, кейінен соның орнына жүретін еінші бір зат басқа
материалдан, тіпті әр түрлі материалдан жасалуы мүмкін. Кейінгі шыққан
заттың өзінен бұрынғылардан түр-түсі де, сапасы мен мазмұны да бөлек болуы
әбден ықтимал. Бірақ соған қарамастан, кейін шыққан зат алғашқы заттың
атауын сақтап қалады. Мұндай құбылыс тіл білімінде қызмет бірлігі бойынша
аталу делінеді. Бір заттың не құбылыстың атауының екінші бір затқа не
құбылысқа қызмет бірлігі бойынша ату болып ауысуынан пайда болған туынды
мағына сөз мағынасының қызмет бірлігі бойынша ауысуы деп аталады.
Қызмет бірлігі бойынша ауыстырудың метафораданбасты айырмасы бар:
метафоралар заттың, құбылыстың түр-түсі формасы, көлемі тәрізді адамның
сезімдікмүшелеріне бірден әсер ететін жақтарын негізге алады. Ал қызмет
бірлігі бойынша ауысуда заттар мен құбылыстарформасы, түр-түсі, материалы
жағынан әр түрлі бола тұрып, атқаратын қызметтері бір болғандықтан ғана бір
атаумен аталады.
Метанимия заңы бойынша қойдың ішігінен жасалған домбыраның ішегін ішек
деп атайды. Гитараның ішегі сымнан істеледі. Қызмет бірлігі бойынша оны да
ішек деп атай береді.
Синекдоха. Сөздерді ауыстырып қолдану арқалы көп мағыналы сөздер
тудырудың бір тәсілі- синекдоха (гр cynekdoche – бірге жобалап түсіну). Зат
пен құбылыстың іргелес, шектес келіп, бір атауға ортақтасып ауысып
қолданылуы жағынан синекдоха метонимияға бір табан жақын тұрады. Мұндағы
басты белгі бүтіннің орнына бөлшек, көпшенің орнына жекеше, жалпының орнына
жалқы немесе керісінше алмасып айтылады. Ауыспалы мағынада қолданылған
сөздерде астарлы мән, тартымды образ жатады. Синекдоха тәсілі сөздердің
мағыналық жағынан түрленіп өзгеруіне үлкен ықпал етеді. Мысалы: Сырдың
бойынан, қырдың қойнынан өре түрегелген өңшең жалбағай тымақтар тұс- тұтан
қалың қолға қосылып кетті (І. Жансүгіров). Топта отырғандардың көбі қатқан
тондар, жалба жеңдер, арық пішендер (Б. Майлин). Әуелгі байлық- денсаулық,
екінші байлық- ақ жаулық (мақал). Орамал тартқандарғана қимылдап, бөрік
кигендер үй күшік боп отырса , құдай да сүймес оны (“Жұлдыз„).
Осындаңы тымақ, тон, жең дегендер өздерінің тура мағыналараның басқаша
айтылып бүтінніңбөлшегі ретінде адам деген ұғым бейнелеп тұр. Тымақ арқылы
жиналғандар тобыр, кедей-кепшіктер екендігін бірден танытады. Ақ жаулық,
орамал тартқандар дегеннен әйел қауымын түсінеміз. Бөрік кигендер деген
тіркестен ер азаматтарды түсінімез. Мұнда ақын-жазушылар адамдарды киген
киімі арқылы суреттеуді олардың сыртқы көріністерін образды бейнелеудің
ұтымды құралы етіп пайдаланған. Астардв сөз, бейнелі мағына адам баласының
жан сезіміне күшті әсер етеді де, оны тез баурап алады. Сонымен синекдоха
тәсілімен сөз мағыналарын өзгерту амалдары көбіне-көп көркем шығарма
стилінде кездеседі.
Сөз мағынасының ауысуындағы жоғарыда айтылған типтердің халық тілінде
алатын орны бірдей емес. Олардың бірқатары – жиі қайталанып отыратын, тұтас
қауым қабылдап, дағдылы сипат алған мағыналар. Сөз мағынасы ауысуының
мұндай түрлерді узалды (лат.usus -әдеттегі, дағдылы) ауысу дейміз. Бұған
тілдік метафоралық ауысудың, содан туған көп мағыналықтың сөздікке енетін
түрлері жатады.
Сөздің семантикалық құрылысы неғұрлым күрделі әрі бай болса,
соғұрлым олардың (көп мағыналы сөздердің) тілдегі атқаратын қызметі де
күшейе бермек. Әсіресе көп мағыналы сөздер сөздік құрамдағы синонимдердің
көбеюіне үлкен ықпал етіп отырады.
Сөздің мағынасы ауысудың сөйлеу үстінде, көркем шығармада, жеке
авторлық сөз қолданыста туған метанимиялық, синекдохалық түрлері әдетте
тілдің сөздік жүйесіне енбейді. Олар үнемі қайталанып отыратын дағдылы ауыс
мағыналар болмағандықтан, акказионалды, (лат. accasionalis-тосын кездейсоқ)
мағыналар деп аталады
Көп мағыналы сөздер мен омонимдердің сыртқы формасы
жағынан бір-біріне ұқсастығы бар. Сөздердің дыбыстық құрылымы жағынан бұлар
нақ бірдей деуге болады. Омонимдер мен көп мағыналы сөздердің бір-бірінен
өзгешелігі тұлғасында емес, мағынасында жатыр. Көп мағыналы сөздердің екі я
одан да көп мағынасы болады. Бірақ бұлар әр сөз табына емес, бір ғана сөз
табына қатысты. Сондықтан да көп мағыналы сөздердің бір негізден (тура
мағынадан) шыққандығын мағыналардың өзара жақындығынан, ұқсастығынан бірден
танып білуге болады. Мәселен, майда тас, майда шөп дегендерден ұсақ, уақ
деген ұсақ, майда ұн, майда сөз дегендерден жұмсақ, биязы дегенді
түсінеміз.
Омонимдер біркелкі дыбысталып айтылатын, бірақ ұғымы басқа-басқа
сөздер тобын білдіреді. Бұлардың білдіретін ұғымы бір сөз табына да, әр сөз
табына да қатысты болып дараланып, бөлініп-жарылып тұрады. Мағына жағынан
әр ұғымның өзара жақындығы, ұқсастығы мүлдем сезілмейді. Қайта бір-біріне
соншалықты алшақ, керегер екендігі аңғарылады. Сондықтан омоним дегеніміз
түрлі себептермен, дыбысталуы бірдей, бірақ мағыналары басқа-басқа сөздер
болып шығады. Көп мағыналы сөздер омонимнің барлық түрімен емес, бір ғана
түрімен тығыз байланысты. Тілдің даму барысында сөздің баламасында түрлі-
түрлі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz