Туристік нысандар



1 "Медеу мұз айдыны"
2 "Бурабай көлі"
3 "Шарын каньоны"
4 "Қарқаралы ұлттық паркі"
Ұлы Жібек Жолы бойында орналасқандықтан Қазақстан аумағындағы қалалар мен табиғаты ғажайып қорықты жерлер ежелден саяхат және туризм нысандары болып табылған. Қазақстандағы алғашқы туристік ұйымдар 20 ғасырдың 20 – 30-жылдары пайда болды. 1929 жылы Алматы

қаласында тұңғыш туристік жорық ұйымдастырыды. Оған Г.И. Белоглазов пен Ф.Л. Савин басқарған 17 мектеп мұғалімдері қатысты. Жорық Алматы төңірегінен басталып Есік көлінде (62 км) аяқталды. 1930 жылы Алматы өлкетану мұражайы жанында Пролетарлық туризм және экскурсия қоғамының өлкелік бөлімшесі жұмыс істей бастады. Оның алғашқы төрағасы болып В.Г. Горбунов сайланды. Осы жылы Алматы қалалық телеграф пен пошта қызметкерлерінен (16 адам) құралған топ (Ф.Л. Савин басқарған) Медеу

– Көкжайлау – Үлкен Алматы көлі жағалауына дейін барды. Туризмнің бұл түріне В.Зимин, А.Бергрин, Д.Литвинов, Х.Рахимов, Г.Белоглазов, т.б. көп үлес қосты. 1931 жылы қаңтарда Алматыдан Зиминнің бастауымен алғаш рет шаңғышылар жорығы ұйымдастырылды. “Еңбек және қорғаныс” эстафетасын алған бұл жорыққа қатысқан 8 шаңғышыға ұлттық атты әскер полкінің сегіз шабандозы қосылды. Олар Алматыдан шығып, Ұзынағаштан өтіп Қордай асуы арқылы эстафетаны Қырғызия командасына табыс етті. Сол жылы АлматыдағыЖетісу губерниясының мұражайдың жанынан Бүкілодақтық пролетарлық туризм мен экскурсия ерікті қоғамының 10 мүшесі бар алғашқы ұясы ұйымдастырылды.
1. "Қазақ энциклопедиясы,"5 том

Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Қазақша Уикипедияға қош келдіңіз! [жасыру]

Қазақстандағы туризм

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

"Медеу мұз айдыны"
Ұлы Жібек Жолы бойында орналасқандықтан Қазақстан аумағынд ағы қалалар мен
табиғаты ғажайып қорықты жерлер ежелден саяхат және туризм нысандары болып
табылған. Қазақстандағы алғашқы туристік ұйымдар 20 ғасырдың 20 – 30-
жылдары пайда болды. 1929 жылы Алматы

 
 қаласында тұңғыш туристік жорық ұйымдастырыды. Оған Г.И. Белоглазов пен
Ф.Л. Савин басқарған 17 мектеп мұғалімдері қатысты. Жорық Алматы
төңірегінен басталып Есік көлінде (62 км) аяқталды. 1930
жылы Алматы өлкетану мұражайы жанында Пролетарлық туризм және экскурсия
қоғамының өлкелік бөлімшесі жұмыс істей бастады. Оның алғашқы төрағасы
болып В.Г. Горбунов сайланды. Осы жылы Алматы қалалық телеграф пен пошта
қызметкерлерінен (16 адам) құралған топ (Ф.Л. Савин басқарған) Медеу
 
 – Көкжайлау – Үлкен Алматы көлі жағалауына дейін барды. Туризмнің бұл
түріне В.Зимин, А.Бергрин, Д.Литвинов, Х.Рахимов, Г.Белоглазов, т.б. көп
үлес қосты. 1931 жылы қаңтарда Алматыдан Зиминнің бастауымен алғаш рет
шаңғышылар жорығы ұйымдастырылды. “Еңбек және қорғаныс” эстафетасын алған
бұл жорыққа қатысқан 8 шаңғышыға ұлттық атты әскер полкінің сегіз шабандозы
қосылды. Олар Алматыдан шығып, Ұзынағаштан өтіп Қордай асуы арқылы
эстафетаны Қырғызия командасына табыс етті. Сол жылы
АлматыдағыЖетісу губерниясының мұра жайдың жанынан Бүкілодақтық пролетарлық
туризм мен экскурсия ерікті қоғамының 10 мүшесі бар алғашқы ұясы
ұйымдастырылды.

"Бурабай көлі"
Әуесқой туристердің бастауымен Алатау қойнауындағы Күйгенсай (Горельник)
шатқалында туристер үшін шағын үй салынды. 1936 жылы бұл жерде
республикадағы ең алғашқы 50 кісілік “Горельник” турбазасының шаңырағы
көтерілді. 1938 жылы Көкжайлау шатқалында (Алматы маңында) алғаш
қазақстандық туристер слеті өтті. Оған 200-дей туристер қатысты.1943 жылдың
басынан “Горельник” турбазасында Кеңес армиясының тау атқыштарын даярлайтын
Бүкілодақтық нұсқаушылар мектебі орналасты. Соғыстан кейін “Горельник” тау
шаңғышылары мен альпинистер кадрларын даярлайтын базаға айналды. Адамдардың
белсенді демалысы мақсатында 1952 жылы Қазақстанда Туристік-экскурсиялық
басқарма (ТЭУ) құрылды. 1961 жылы Алматыда Респубикалық жас туристер
станциясы ашылды. 1960 жылы кәсіподақтардың Қазақ республикасының кеңесі
жанынан туризм жөніндегі республика басқарма ұйымдастырылды. 1962 жылы
Туристік-экскурсиялық басқарма Туризм жөніндегі кеңес болып қайта құрылды.
1965 жылы Қазақстанда республикалық және 5 облысық
(Алматы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Орал,Шымкент) туристік кеңес және әр
облыста экскурсиялық бюро ашылды.

"Шарын каньоны"
• 1950 – 60 жылдары Алматы жоғары оқу орындарында тау туризмі, альпинизм
(шыңға шығу), спорттық туризм дами бастады. Мұның нәтижесінде туристік
нұсқаушылар тобы қалыптасты. Осы жылдары С.Күдерин, Ү.Үсенов,
Н.Дубицкий, В.Г. Хомулло, т.б. мамандар оқушылар мен студенттер арасында
туризмді дамытуда үлкен үлес қосты.
• 1958 жылы Зиминге тұңғыш рет туризм бойынша КСРО-ның спорт шебері атағы
берілді.
• 1970 жылы құрылған Туризм және саяхатшылықтың республикалық кеңесі
туризмнің одан әрі дамуына әсер етті.
• 1971 – 75 жылдары Қазақстанда туризмнің материалдық базасын нығайып,
саяхаттық-туристік ұйымдар көбейді, жаңа туристік базалар мен
мейманханалар пайдалануға берілді.
• 1978 жылы Қазақстанда экскурсия мен туризмнің респ. кеңесі және 14
облыстық кеңес, 17 туристік база мен мейманханалар, 26 саяхат, экскурсия
бюролары және шет ел туристеріне қызмет көрсететін 3 бюро,
Алматы, Орал, Шымкент қалаларында туристік автомоб. базалары құрылды.
Туристік базалар мен мейманханалардағы орын саны 7 мыңға жетті.
• 1988 жылы туризм құрылымында біршама өзгерістер болды. Жаңадан туристік
экскурсия қауымдастықтары құрылды. Осы жылдары Қазақстан туризмінің
дамуына Н.И. Самойленко, С.Әбденбаев, Т.Жездібаев, А.Чукреев, О.Мазбаев,
С.Р. Ердәулетов, т.б. үлкен үлес қосты. Тәуелсіздік алған Қазақстанда
1991 жылдан туризм саласы дамудың жаңа сатысына көшті. 1993 жылы
Қазақстан Дүниежүзілік туризм ұйымына мүше болды. Осы жылы
туризм индустриясын дамытуға арналған ұлттық бағдарлама қабылданды.
• 1997 жылы Қазақстан Республикасының Ұлы Жібек жолының тарихи
орталықтарын қайта өрлету, түркі тілдес мемлекеттердің мәдени мұралар
сабақтастығын дамыту тұжырымдамасы, жалпы туризм дамуының стратегиясы
жасалды. 2001 жылы 13 маусымда “Қазақстан Республикасындағы туристік
қызмет туралы” заң қабылданды. Онда республикадағы туристік саланы
дамытудың бірінші кезектегі шаралары, туристік қызметті лицензиялау,
т.б. мәселелер тұжырымдалды. Қазақстанның табиғи, тарихи, геосаяси орны
туристік нысандарды ұтымды пайдалануға мүмкіншілік береді, сонымен қатар
экономиканың басты тармақтарының бірі ретінде дамытуды қажет етеді.
• 2002 жылы республикада 430 туристік ұйымдар, фирмалар мен әр түрлі
бюролар жұмыс істеді. Оларда 6 мың адам, оның ішінде 1500 кәсіптік
экскурсия жүргізушілер (гидтер) қызмет көрсетеді. Қазақстанның туристік
фирмалары дүние жүзінің 80-ге жуық елімен қарым-қатынас жасайды. Алматы
қ-ның 25 фирмасы және 5 облыс орталығы Үндістанға, Түркияға, Біріккен
Араб Әмірлігіне, Пәкстанға, Корея Республикасына, Грекияға, Польшаға,
т.б. елдерге чартерлік әуе рейстерін жолға қойған.
Қазақстанда туризмнің барлық түрлері (танымдық, ойын-сауық, этника,
экология, денсаулық сауықтыру, балалар, спорттық, аң аулау, балық аулау,
атпен серуендеу), т.б. бойынша жүргізіледі. Бұл үшін Қазақстан аумағы
бойынша 700-ден астам саяхаттық маршруттар белгіленген. Оларға Қазақстанда
жиынтық сыйымдылығы 33 мың орынды 372 әр түрлі категориялы қонақ үйлер
қызмет көрсетеді. Мысалы, Алматы қаласында қонақтарға “Алатау”,
“Қазақстан”, “Достық”, “Есік”, “Отырар”, “Астана”, “Анкара”, “Hyatt Regency
Almaty”, “Интурист”, т.б. қонақ үйлер сервистік қызмет көрсетеді. Астанада
30 туристік фирма және 25 қонақ үй орналасқан. Олардың ірілері: “Окан –
Интерконтиненталь Астана”; “Комформ – Отель Астана”, “Турист”, “Есіл”,
“Жібек жолы”, “Алтын дала”, т.б.

Туризм мамандары Туризм және спорт академиясында, Қазақ халықаралық
қатынастар және әлем тілдері университетінде, Алматы мемлекеттік
университетінде, Қазақ Ұлттық университетінде, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасы, туризм, туристік нысандар
Қазақстан аумағында туризмнің дамуы
Алматы қаласындағы экскурсиялық - танымдық туризм
Туристік рекреациялық ресурстар және олардың таралуы
Территориялық рекреациялық жүйе (ТРЖ), оның шағын жүйелері, олардың өзара байланыстары
Діни туризмнің даму тарихы
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ ПЕРСПЕКТИВАСЫ
Қазақстан туризмі
Адамзат тарихында саяхаттау сауданы дамыту
Қазақстанда туризмнің инновациялық бағытта дамуы және даму мүмкіншіліктері
Пәндер