Бұқар жырау Қалқаманұлы (1668—1781)



1. XVIII ғасырдағы тарихи жағдай
2. Өмірі және жыраулық өнері
3. Өмір жайлы толғаулары
4 «Бірінші тілек тілеңіз».
Жырау туындылары көңіл пернесін дөп басар әсерлілігімен, көздегенін орып түсер өткірлігімен, аз сөзге көп мағына сыйғызған нақтылығымен, сұлу сазды көркемдігімен, асау серпімді қуатымен ерекшеленеді. (М. Мағауин.)
XVIII ғасырдағы тарихи жағдай. XVIII ғасырдағы — қазақ халқының тарихындағы өте бір ауыр кезең. Жоңғар қалмақтары қазақ жерін басып алу мақсатымен талай рет шабуыл жасаған. Сол шабуылдарынын ең күштісі, ең үлкені 1723 жылы болды. Бұл жорықтың салдарынан сол жылы қазақ халқы жойқын қырғынға, қисапсыз күйзелушілікке ұшырады. Қара құрттай қаптаған қалмақтың қалың қолының тұтқиылдан жасаған мейлінше қатал, жойқын шабуылына төтеп бере алмай, соғыста қатты жеңіліс тапқан қазақ рулары үй-жайын, мекенін тастап, босып кетуге мәжбүр болды. Ол кезең «Ақтабан шұбырынды, Алкакөл сұлама» деп аталады.
Алғаш рет қалмақтарды қирата жеңіп, тойтара соққы берген — Қанжығалы Бөгенбай батырдың қолы. «Қалмақ қолы жеңілмейді-мыс» деген жалған лақаптың осыдан кейін күлі көкке ұшады. 1726 жылы Бұланты өзенінің бойында болған шайқаста қалмақтар қатты жеңіліп, қырғынға ұшырайды. Одан кейінгі үлкен бір айқас 1729 жылы Балқаш көлінің оңтүстігінде болады. Бұл жолы да қазақ қолы жеңеді.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Бұқар жырау Қалқаманұлы (1668—1781)
Жырау туындылары көңіл пернесін дөп басар әсерлілігімен, көздегенін
орып түсер өткірлігімен, аз сөзге көп мағына сыйғызған нақтылығымен, сұлу
сазды көркемдігімен, асау серпімді қуатымен ерекшеленеді. (М. Мағауин.)
XVIII ғасырдағы тарихи жағдай. XVIII ғасырдағы — қазақ халқының
тарихындағы өте бір ауыр кезең. Жоңғар қалмақтары қазақ жерін басып алу
мақсатымен талай рет шабуыл жасаған. Сол шабуылдарынын ең күштісі, ең
үлкені 1723 жылы болды. Бұл жорықтың салдарынан сол жылы қазақ халқы жойқын
қырғынға, қисапсыз күйзелушілікке ұшырады. Қара құрттай қаптаған қалмақтың
қалың қолының тұтқиылдан жасаған мейлінше қатал, жойқын шабуылына төтеп
бере алмай, соғыста қатты жеңіліс тапқан қазақ рулары үй-жайын, мекенін
тастап, босып кетуге мәжбүр болды. Ол кезең Ақтабан шұбырынды, Алкакөл
сұлама деп аталады.
Алғаш рет қалмақтарды қирата жеңіп, тойтара соққы берген — Қанжығалы
Бөгенбай батырдың қолы. Қалмақ қолы жеңілмейді-мыс деген жалған лақаптың
осыдан кейін күлі көкке ұшады. 1726 жылы Бұланты өзенінің бойында болған
шайқаста қалмақтар қатты жеңіліп, қырғынға ұшырайды. Одан кейінгі үлкен бір
айқас 1729 жылы Балқаш көлінің оңтүстігінде болады. Бұл жолы да қазақ қолы
жеңеді.
1741 жылы қалмақтар қайта шабуыл жасап, қазақтарды тағы да көп
қырғынға ұшыратып, көптеген адамдарын тұтқынға алады.
Қазақтар Ресей патшалығының көмегімен 1743 жылы тұтқындарын босатып,
әр түрлі дипломатиялық қарым-қатынастар жасау арқылы 1755 жылға жетеді. Сол
жылы Жоңғар қалмақтарына Қытай шабуыл жасайды. Осыны пайдаланып, қазақтар
ақырғы рет қалмаққа тойтара соққы беріп, 1723—1741 жылдар арасында
айырылған жерлерін түгелдей қайтарып алады. Сөйтіп, қалмақтарды Алтайдың
шекарасына дейін айдап салады.
Осындай қиын-қыстау заманда туып, авторының атын сақтаған өлең-
жырлардың бір алуаны Бұқар жыраудың есімімен байланысты. Бұқар жырау —
XVIII ғасырдағы қазақ әдебиетінің белгілі өкілдерінің бірі.
Өмірі және жыраулық өнері. Бұқардың өз әкесі — Қалқаман батыр. Бұқар
жырау Баянауылда туып, Далба тауында дүние салған (қазіргі Қарағанды
облысы, Бұқар жырау ауданы). Оның ұрпақтары да осы маңда өмір сүріп жатыр.
Бұқар — XVIII ғасырдың екінші жартысында хандық құрған Абылайдың
тұстасы, Абылайдан жасы үлкен. Ол Абылайға: Абылайшам, Абылайша деп
сөйлейді екен. Бұқар өзінің Ей, Абылай, Абылай! деген өлеңінде:
Ей, Абылай, Абылай!
Сені мен көргенде,
Тұрымтайдай ұл едін,
Түркістанда жүр едің.
Әбілмәмбет төренің
Қызметінде тұр едің, —
дейді.
Осы өлеңінде ол Абылайды он бір жасынан бастап, өмірінің соңына дейін
білетін адам болып сөйлейді.
Бұқар — халқының, елінің тағдырына қабырғасы қайысып, парасатты ой
түйген жырау, қазақтың ұлы ханы Абылайдың ақыл-кеңесшісі, ақылгөйі,
поэзияның ірі өкілі. Бұқар — аласапыран заманның тіршілік-болмысын, ел
басына төнген қауіп-қатерді, екі талай кезеңді жыр өрнегіне түсіріп,
халқының тағдырына ортақтасқан жырау.
Еліміз өз алдына жеке шаңырақ көтеріп, тәуелсіздік алғаннан кейін
философ ақын Бұқардың есімі де халық сүйіспеншілігіне, ықыласына бөленді.
Қарағанды қаласының ең бір үлкен көшесіне, бір ауданына Бұқар жырау есімі
берілді. Жыраудың дүние салған жеріне оның ұрпақтары зәулім күмбез
тұрғызған.
XVIII ғасырдағы бізге мәлім ақындардың ішінде әлеуметтік мәселелерді
көбінесе басымырақ жыр еткен ақын — Бұқар. Ол өз кезіндегі әр алуан
қоғамдық мәні зор мәселелерге үн қосып, өзінің көзқарасын білдіріп отырған.
Бұқар жыраудың өз сөздеріне және ел аузындағы әңгімелерге Қарағанда,
ол хат білген адам болса керек.
Бірақ оның Керей, қайда барасың?, Айналасын жер тұтқан, Бірінші
тілек тілеңіз, Жал-құйрығы қаба деп, Асқар таудың өлгені, Ей, Абылай,
Абылай!, Сен он бір жасыңда, Қалданменен ұрысып, Көрілік, т. б.
өлеңдерінің бәрі де бізге жазба түрде емес, ауызша жеткен.
Жырау өлеңдерін жинап, қағаз бетіне түсірген — белгілі ғұлама,
фольклорист әрі ділмар ақын Мәшһүр Жүсіп Көпеев. Ол Бұқардың шығармашылық
өнерін аса жоғары бағалаған.
Жырау — жыршы емес. Өйткені жыршының бәрі бірдей ақын бола бермейді.
Өз жанынан еш нәрсе шығармай-ақ, біреудің шығарғанын жаттап алып та оның
жыршы атануы мүмкін.
Жырау — әрі ақын, әрі шешен. Ең алдымен, ырғағы бар, ұйқасы бір
белгілі өлшемге жататын өлеңді жыраулардың өздері шығаратын болуы шарт.
Екіншіден, жыраудың сөздері терең мағыналы, сырты сұлу шешен сөздер, нақыл
сөздер болып келуі керек. Үшіншіден, әлеуметтік өмірде кейінгілерге үлгі
боларлықтай терең ойлы пікір айтуы қажет. Сонда ғана ол шын мәнісіндегі
жырау атағына ие болады.
Жалпы жыраулардың өлең құрылысы тәрізді Бұқар өлеңдері де ылғи
толғаулардан тұрады. Толғау — заманындағы әлеуметтік ірі мәселелерді қамти
алатын үгіт, дидактикалық өлеңдер. Жыраулар қоғамдық мәні бар үлкен-үлкен
тақырыпты алады да, аз сөзге көп мағына сыйғызып, өмір құбылыстарын кеңінен
шолады, онда жаңсақ ой болмайды. Толғауда ой желісі үзілмейді, пікірі
тұтас, бір қазықтың айналасына түйіледі. Ой жүйесінде шашырандылық жоқ,
кесек. Дауын да, шешуін де өзі айтады.
Бұқар жырлары әлеуметтік мәселелерге арналған әрі олар белгілі бір
тарихи жағдайларға байланысты туған. Оның толғаулары ой тереңдігімен,
білгірлік-парасаттылығымен, аз сөзбен көп мағына бере алуымен ерек-
шеленеді. Бұқардың ақындығы философиялық толғауларында айрықша байқалады.
Көргені көп, тоқығаны, түйгені мол жырау өмір құбылыстарына іштей
бойлап, замана жайын тереңдей зерттеп, кейінгіге өнеге боларлық толғаулар
қалдырған. Үлгі-өрнекке толы жырау нақылдары күні бүгінге дейін ел аузында.

Бұқар поэзиясы — қазақ әдебиеті тарихында дидактикалық поэзияның жақсы
үлгісі. Ол қазақ әдебиетінің өзінен кейінгі дамуына үлкен шарапатын
тигізген.
Өмір жайлы толғаулары. Бұқар жыраудың өлеңдері ғибрат, үлгі-өнегеге
толы. Замана жайлы, өмір жайлы көп толғанған жырау байсалды терең пікірлер
қалдырған. Ол өлеңінде табиғат құбылыстарына терең көз жібере отырып,
солардың бәрінің де өліп, өшіп, өзгеріп отыратынын нанымды дәлелдейді де,
Өлмегенде не өлмейді? — деп сұрау қойып, оған: Жақсының аты өлмейді,
ғалымның хаты өлмейді,— деп жауап беріп, бүкіл ой-білімін, талант-дарынын,
өмірін адамзаттың асыл арманы үшін сарп еткен адамдардың есімі де, олардың
артына қалдырған аталы сөздері де ғасырларға кете береді деген түйін
жасайды.
Жыраудың адам өмірінің кезең-кезеңдері туралы толғауларында да ғибрат
мол. Ақын осы тақырыбыа бірнеше өлең арнаған. Оның Жиырма деген жасыңыз,
Ей, Абылай, Абылай!, Сен он бір жасыңда, Атам болған жиырма бес деген
өлеңдерінде адам өмірінің әр кезеңі суреттелген. Ол әсіресе жастық шақты
сүйсіне жырлайды:
Жиырма деген жасыңыз,
Ағып жатқан бұлақтай.
Отыз деген жасыңыз,
Жарға ойнаған лақтай.
Қырық деген жасыңыз,
Ерттеулі тұрған құр аттай... —
деп, адамның қайрат-қуатының да, дүниеге берерінің де, дүниеден аларының
да, жасарының да, жаратарының да, қызықтарының да осы — асуды талқан
бұздырған жастық шақ екенін тамаша айтып берген. Жырау онан әрі бұған
қарама-қарсы көріліктің мұңды, дәрменсіз шақтарын бейнелейді.
Тоқсан бес деген тор екен,
Дүйім жанның қоры екен,
Қарғиын десен екі жағы ор екен.
Найза бойы жар екен.
Түсіп кетсең түбіне,
Түбі жоқ терең көл екен,
Ел қонбайтын шел екен, —
деп, бір кезде қамал бұзатын, жігер-қайраты мол адамның қартайғанда
қорлықпен күн кешіп, қауқарсыз дәрменсіз болып қалатынын көркем бейнелейді.
Жастық пен кәрілікті осылай қарама-қарсы қойып суреттеу арқылы жырау
жастықтың артықшылығын ұтымды көрсете алған. Жастарға: Уақытыңды құр бос
өткізбе, ол кейін іздесең де табылмас деп өсиет тастайды.
Ел бірлігі — Бұқар толғауларының басты тақырыбы. Бұқар заманындағы
қазақ елінін ел болып қалуы үшін ең қажетті болған әлеуметтік үлкен
мәселенің бірі — Қытай мен Жоңғар қалмақтарына қарсы күресті ұйымдастыру,
жау шапқыншылығына қарсы ел бірлігін берік ұстау, елді сол кездегі қазақтың
өз ішінен шыққан беделді, хан, батырлардың айналасына жинастыру болса, бұл
тілекті Бұқар жақсы түсіне білген. Жоңғарлардың қазақ елін жаулап алмақ
болуы бүкіл қазақ халқының намысына тиді. Жоңғарларға қарсы күрес туының
астына халықтың тегіс жиналуға әзір екендігі, елдің арман-мақсаты Бұқар
жыраудың сөздерінен айқын байқалады. Ол өз өлеңдерінде қазақ халқының
қалмақ пен қытайдан тәуелсіз болуын, ел бірлігін жыр етті.
Демек, Бұқар ел тағдырын, ел бүтіндігін, бейбіт өмірін, тәуелсіздігін
өз жырына арқау еткен. Сол елдікті, бірлікті сақтау ниетін жырау:
Бірі етек, бірі жең болған,
Ежелден саған ел болған,
Орта жүзден кісің жоқ.
Найзасының ұшы алтын,
Кіші жүзден кісің жоқ, —
деген пікірді басқа шығармаларында да онан әрі тереңдеткен. Халық бірлігі,
тыныштығы тұрғысынан ол еліне:
Айнала алмай ат өлсін,
Айыра алмай жат өлсін,
Жат бойынан түңілсін,
Бәріңіз де бір енеден туғандай болыңыз, —
деп, өсиет айтқан. Мұнан әрі жырау ағайынның аразы, елдің сәнін кетірер,
бұл жалғанда бір жаман — ағайынның аласы деп толғайды. Ол бірауызды
болмаған, қас тұрпатты қылықты сынайды, бірауыздылықты жақтайды. Сонда
ғана ел жатқа тізгін бермейді деп біледі.
Бірінші тілек тілеңіз. Бұқар әсіресе өзінің Бірінші тілек тілеңіз
деген өлеңінде бұл ойын онан да айқын көрсетеді.
Бірінші тілек тілеңіз,
Пиғылы жаман залымның,
Тіліне еріп азбасқа.
Екінші тілек тілеңіз,
Ардақтаған аяулың,
Өзіңнен басқа бір жанға,
Тегін олжа болмасқа.
Үшінші тілек тілеңіз,
Желкілдеген ту келіп,
Жер қайысқан қол келіп,
Сонан да ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бұқар жыраудың тәлім-тәрбиелік идеялары
Бұқар жырау Қалқаманұлы
Мұхаммед Хайдар Дулати тәрбие және еңбек тәрбиесі туралы
Қалқаманұлы, Бұқар жырау
Бұқар жырау шығармашылығындағы заман бейнесі
Бұқар – өзі өмір сүрген дәуірдің болмыс-шындығын көркем бейнелеп, артына елеулі әдеби мұра қалдырған жырау
Бұқар толғауларындағы Абылай мен тарихи Абылай (тарих және көркемдік шындық)
Жыраулар поэзиясы
Бұқар жырау мен Дулат Бабатайұлының тәлім тәрбиелік идеялары
Жыраулар XV – XVII ғғ. әдебиеті
Пәндер