Бастауыш сынып оқушыларының көркем шығарма арқылы патриотизмін қалыптастыру


Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институты
ӘОЖ 37:373. 3:301. 161:82 Қолжазба құқығында
ШАДИБЕКОВА РУМАН ЕСИРКЕПОВНА
Бастауыш сынып оқушыларының көркем шығарма арқылы патриотизмін қалыптастыру
13. 00. 01 - Жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы,
этнопедагогика
Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу
үшін даярланған диссертациясы
Ғылыми жетекшілері: педагогика
ғылымдарының докторы,
профессор Аймағамбетова Қ. А.,
педагогика ғылымдарының
кандидаты, доцент Әмірова Ә. С.
Алматы, 2008
МАЗМҰНЫ
- Бастауыш сынып оқушыларының көркем шығарма арқылы патриотизмін қалыптастырудың философиялық, психологиялық-педагогикалық негіздері
- Бастауыш сынып оқушыларының көркем шығарма арқылы патриотизмін қалыптастырудың мүмкіндіктері
- Бастауыш сынып оқушыларының көркем шығарма арқылы патриотизмін қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық үлгісі … . . .
2. 1 Бастауыш сынып оқушыларының көркем шығарма арқылы патриотизмін қалыптастырудың қазіргі жағдайы . .
АНЫҚТАМАЛАР, БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
Диссертацияда мынадай терминдер сәйкес анықтамаларымен қолданылады.
ҚР - Қазақстан Республикасы.
Патриотизм (грек сөзі Patriotes - отандас, Patris - отан, туған жер) - Отанға деген сүйіспеншілік, бойындағы күш қуаты мен білімін Отан игілігі мен мүддесіне жұмсау.
«Қазақстандық патриотизм» - көздің қарашығындай сақтап келген туған жерін қорғау, елінің салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын сыйлау, ана тіліне деген сый-құрмет, елі мен жерінің өркендеуіне үлес қосу .
Елжандылық идея - отаншылдық сезім - адамда жүре пайда болатын, жеке тұлғаның саналы өмірімен қабаттас қалыптасатын психологиялық, әлеуметтік құбылыс.
Патриоттық тәрбие дегеніміз - халқымыздың ерлік батырлық дәстүрі негізінде оқушылардың ерік-жігерін табандылық, батылдық қасиеттерімен бірге ұлттық сана, намысын оятып, елі, жері, Отанына деген сүйіспеншілік, мақтаныш, ана тіліне деген құрмет сезімін тәрбиелеу.
Ұлттық сезім - ұлттық ой-санадан ерекшелеу - бұл адамның түрлі өмірлік құбылыстар мен жағдайларды, ұлттық мүдделерді өзіндік тұрғыдан түсіну.
Ұлттық мақтаныш - ұлттық материалдық, әлеуметтік және мәдени жетістіктерінің негізінде қалыптасатын, әрі алдыңғы қатарлы ұлттық идеялар, ой-пікірлермен байып отыратын, ұлт бостандығы және саяси әлеуметтік бостандық жолындағы күрестің тарихымен байланысты әлеуметтік психологиялық сезім болып саналады.
Дәстүр - белгілі бір ұлттың немесе халықтың ұрпақтан ұрпаққа беріліп отыратын, тарихи қалыптасқан, олардың әлеуметтік ортасында ұзақ уақыт бойы сақталып отырған әлеуметтік-мәдени құндылықтар жиынтығы.
Әдет-ғұрып - белгілі бір қоғамдық-әлеуметтік ортада пайда болып, оның мүшелерінің мінез-құқының, тұрмыс-тіршілігінің бұлжымас қағидаларына айналған жөн-жосық, жол-жоралғы.
Намыс - арлы адамның өзіне, айналасына, ұлтына кір келтірмеу үшін күресте бойына қайрат беретін сезімі. Қазақ халқы ұлттық намысқа ерекше мән беріп, халықтық тәлім-тәрбие жүргізеді.
Патриоттық сезім - адамда жүре пайда болатын жеке тұлғаның саналы өмірімен қабаттас қалыптасатын психологиялық, әлеуметтік құбылыс.
Көркем шығарма арқылы патриоттық тәрбие беру дегеніміз - ата-бабаларымыздың жауынгерлік дәстүрі мен ерлік, батырлық істерін дәріптейтін әдебиет үлгілері арқылы оқушылардың ұлттық мақтаныш сезімін, намыс-жігерін оятып, елін, тілін, ұлттық рәміздерін құрметтеуге, Отанына, жеріне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Көркем шығарма дегеніміз - ақиқат өмірдің сырлы суреті, халықтың өмір тарихы, шығарма арқауы көркем тіл арқылы, сөз өнерінің күшімен суреттелетін шындық.
Көркем әдебиет дегеніміз - жеке тұлға мен бүкіл қоғамның сезім, талап, армандарының образдағы көрінісі.
Көркем әдебиеттің объектісі - өмір, адам проблемасы, соның өткені мен бүгіні, болашағы. Оның орталығында образдар дүниесі тұрады. Образ белгілі бір өмір суретінен алынады.
Ойды образбен айтатын көркем өнер категориясына әдебиет, музыка, мүсіндеу, кино, скульптура және архитектура өнерлері жатады. Осының ішінде тіл (сөз) өнеріне негізделгені - көркем әдебиет пен кино.
Әдебиет деген сөздің түп төркіні арабша атаудан шыққан - сөз, асыл сөз деген мағынаны білдіреді.
Құндылық - Отан, адам, тұлға, өмір, адамдардың бір-біріне мейірімділік қарым-қатынасы, шыншылдық, әділеттілік, білім, ғылым, өнер, адамның өмір сүруіне деген материалдық жағдайдың болуы.
Құндылықтар - қасиеттер . . . бала кезден, ана сүтімен бірге, өзінің ана тілі арқылы, мораль негіздері ретінде, өз тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін игеру нәтижесінде орнығады.
Әлеуметтік құндылық - ұрпақтан-ұрпаққа жинақталған тәжірибелер, өмір шындығы. Мұндай құндылықтар білім, мұрат, адамдар арасындағы қарым-қатынас және мінез-құлық нормалары, адамдардың өмірлік іс-әрекеті.
Жалпыадамзаттық құндылықтар - халықтық дәстүрлерде, адамгершілік принциптерде, діни мәдениетте жақсы жазылған және әлеуметтік ойдың озық белгілері, жеке тұлғаның қасиеттері, адамгершілік үлгілері жинақталған күйде, әдептіліктің қоғамда қабылдаған үлгісі ретінде көрінеді. Жалпыадамзаттық құндылықтар - түрлі халықтың, түрлі діннің, түрлі дәуірдің рухани мақсаттарын жақындастыратын құбылыс.
Патриоттық құндылық - қоғамдағы ізгілік қарым-қатынасты, табиғат пен адам арасындағы мейірімділікті, ұлтаралық мәдениетті дамыту, елі мен туған жерін, Отанын сүю, мемлекеттің тәуелсіздігі мен бейбітшілігін, әлемдік тыныштықты сақтау үшін күресу.
Тұлға - ерік-жігерінің іске асуы, өз ойын еркін іске асырудың дайындығы және оның іске асуының нәтижесі. Тұлға дегеніміз - сезімнің, әсердің ішкі күйінішінің - сүйінішінің бойға жинақтаған көрінісі. Ерік-жігер механизмі дегеніміз адамның өзіне тән жеке бас қасиеттерін іске асыруы.
Қасиет - адам бойындағы жақсылық, адамгершілік, ар-абырой, қадір.
Тәрбие жүйесі дегеніміз - Жеке адамды идеялық, саяси, адамгершілік, экономикалық т. б. жағынан қалыптастыратын жүйелі процесс. (И. П. Подласый)
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі: Қазақстан Республикасында болып жатқан саяси-әлеуметтік, экономикалық өзгерістер білім беру жүйесін өзгеше құруды талап етуде. Әсіресе, білім беру саласында ізгілендіру, демократияландыру үрдістері жүріп жатқан кезде, білім мазмұнын ұлттық ерекшеліктер негізінде құру, өсіп келе жатқан жас ұрпақты рухы биік, саналы, патриоттық сезімі жоғары тұлға етіп тәрбиелеу қажеттігі туындап отыр.
Ел Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халқына жолдауында: «Біз осы таяуда ғана тәуелсіздігіміздің 15 жылдығын атап өттік. Өткен жолымыз лайықты жол болды, ал біздің бірлескен шешімдеріміз бен тындырған ісіміздің нәтижелері таңданарлықтай болды. Мұның бәрі де, жалпы қазақстандық патриотизмнің іргетасын қалап, біздің Отанымыздың, біздің барша көпұлтты және көп конфессиялы қоғамымыздың, біздің балаларымыздың тамаша келешегі бар екеніне негізді мақтанышпен сенімділікті туындатады» делінген[1. 22 б. ] . . Мұның өзі бастауыш сынып оқушыларының тәрбиесінде еліміздің өткені мен бүгінін ескере отырып, оның жарқын болашағын құратын ұрпақтың ұлттық сана-сезімін, туған елі мен жерін сүйе білуге, Отаншылдыққа тәрбиелеу мәселесін яғни, патриоттық тәрбие берудің қажеттілігін көрсетеді.
Тәлім-тәрбие тұжырымдамасында тәрбиедегі ең басты бағыт, әрбір адам ең алдымен өз халқының перзенті, өз Отанының азаматы болып, ұлттың болашағы әр адамның іс-әрекетіне байланысты екендігін есте ұстауға тиістігін атап көрсетеді. Ұлттық әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерді негізге ала отырып, солар арқылы жалпы азаматтық әлемге аяқ басып, өз халқының мәдени игілігін басқа халықтарға жақын да түсінікті ету әрбір азаматтың міндетіне айналмақ. «Сондықтан әрбір ұрпақ өз кезі мен өткенінің талаптары, объективті факторлары негізінде жас ұрпақты өмірге даярлап, оны жинақталған бай тәжірибе арқылы тәрбиелей отырып, өзінің ата-бабаларының рухани мұрасын игере түсуі керек» делінген[2. 2 б. ] . Жастарға тәрбие беруде, олардың өз Отанын сүюіне, туған өлкеге деген ынтасының артуына көркем шығармалардың ауызша және жазбаша түрінің қай-қайсысын алсақ та оның тәрбиелік күш-қуаты ұшан теңіз . Көркем шығарманың әсіресе, ұрпақтың өз Отанына деген сүйіспеншілінін дамытуда алатын орны зор. Өйткені, ол өзінің тілінің өткірлігімен, көркемдік айшығымен, жас буынға түсінікті мазмұнымен заман талабына сай оқыту мен тәрбиелеудің басты арқауы бола алады.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында: Орта білім беру міндеттерінің бірі - азаматтыққа, адамның құқықтары мен бостандықтарына құрметпен қарауға, елжандылыққа, өз Отанын сүюге тәрбиелеу , - деп көрсетіледі[3. 55 б. ] .
Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан халқына Жолдауында»(2005) жас ұрпақты жауынгерлік, отансүйгіштік рухта, ата-бабамыздың ерлік өнегесімен тәрбиелеуді мақсат етіп қойды. Әрине, бұл мақсатқа жету барысында біздер болашақ педагог-ұстаздар халықтың төл ерекшеліктерін терең меңгеріп, оларды бала тәрбиесінде алатын рөлін айқындап алуымыз керек. Ертеңгі болашағымыз - өскелең ұрпаққа сол тұрғыда білім мен тәрбие беруіміз қажет, - деген болатын[ 4, 22 б. ] .
Сондай-ақ Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында [5. 1 б. ] және Қазақстан Республикасы білім және ғылым қызметкерлерінің ІІІ съезінде білім беру мәселесінің жай күйі жан-жақты талданып, адамгершілік құндылықтарды нығайтуға ерекше назар аударып, қазақстандық патриотизм мен интернационализм негізінде білім алушыларды тәрбиелеудің тиімді жүйесін енгізу қажеттігі баса айтылды [6. 4-5 б. ] .
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында (2005) білім беру мәселесіне ерекше көңіл аударып, 12 жылдық білім жүйесіне көшуде ұлттық мектептің моделін құра отырып, өсіп келе жатқан жас ұрпақты патриоттық сезімге, Отаншылдыққа тәрбиелеу қажеттігін атап көрсетті[7. 15 б. ] .
Ендеше білім беру саласының басты міндеті - өскелең ұрпақты ерлік рухында патриоттыққа тәрбиелеу екені айқын.
Патриотизм - туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілік. Оның негізгі элементтері: туған жер, ана тілі, елдің әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрі және оларды құрмет тұту.
Патриоттық сезімнің қайнар көзі - Отан. Патриоттық тәрбиенің негізгі мазмұны - туған жердің табиғаты, оның байлықтары, тіл, дәстүр, тарихи ескерткіштер, туған өлкедегі тамаша киелі орындар болып табылады. Қоғам өмірі жайлы аталған мәліметтерді бала көркем әдебиет үлгілерін оқудан алады. Ана тіліміздегі әдебиет деген сөздің түп төркіні арапша атаудан шыққан - сөз, асыл сөз деген мағынаны білдіреді. Әдебиет дегеніміз - өнер. Ойды бейнемен айтатын көркем өнер категориясына әдебиет, музыка, мүсіндеу, кино, скульптура және сәулет өнерлері жатады. Осының ішінде тіл (сөз) өнеріне негізделгені-көркем әдебиет пен кино. Олай болса әдебиет-сөз өнері. Өнердің көп салаларының ішіндегі ең бір қадірлісі әрі қасиеттісі - көркем әдебиет. Көркем әдебиет адамның жан - сезіміне ықпал етіп, сол негізде оның ой - санасын тәрбиелейді.
Көркем әдебиеттің объектісі-өмір, адам проблемасы, соның өткені мен бүгіні, болашағы. Оның орталығында бейнелер дүниесі тұрады. Бейне белгілі бір өмір суретінен алынады. Көркем әдебиет дегеніміз - жеке тұлға мен бүкіл қоғамның сезім, талап, армандарының образдағы көрінісі.
Сонымен, көркем шығарма мазмұнына қарай көркем әдебиет деп аталады. Жоғарыдағы айтылғандарды қорыта келе, көркем шығарма дегеніміз- ақиқат өмірдің сырлы суреті, халықтың өмір тарихы, шығарма арқауы көркем тіл арқылы, сөз өнерінің күшімен суреттелетін шындық деп анықтама беруімізге болады.
Патриоттық тәрбие - қоғамдық дамудың әрқилы кезеңдерін бастан өткізіп келе жатқан тарихи құбылыс. Ол қазақ халқымен бірге жасалып келе жатқан патриоттық сезім болып табылады. Патриоттық сезім - адамда жүре пайда болатын жеке тұлғаның саналы өмірімен қабаттас қалыптасатын психологиялық, әлеуметтік құбылыс.
Өсіп келе жатқан жас ұрпақтың патриоттық тәрбиесі ең алдымен отбасынан, мектепке дейінгі ұйымдардан онан әрі бастауыш сыныптарда берілетін білім мен тәрбиеге байланысты қалыптасады. Бастауыш сыныптарда патриоттық тәрбиенің негізі қаланатын болғандықтан, оны жүзеге асырудың жолы жан-жақты сараланып іздестірілуге тиіс екендігі белгілі. Осы тұрғыдан алғанда бала жанына жақын ұлттық көркем шығарманың күшін жоққа шығара алмаймыз. Патриоттық тәрбиені бастауыш сыныптан бастап жүзеге асыруды қарастыру керектігінің себебі, бастауыш саты - бала дамуының ұйытқысы, іргетасы бола отырып, оның оқу әрекетінің қалыптасуының өте қолайлы кезеңі. Осыны ескере отырып, осы кезге дейінгі өз тәжірибемізге сүйеніп, бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие беруді көркем шығармалар арқылы жүзеге асыру мәселесін қарастыруды көздедік.
Көркем шығарманы оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану және көркем шығарма жанрлары негізінде оқушылардың патриотизмін қалыптастыру мәселелері бірнеше ғылыми-педагогикалық еңбектерде зерттеу арқауына айналғандығы ғылыми әдістемелік еңбектерге талдау жасау кезінде байқалды. Бұл еңбектерде көркем шығарма арқылы жеке тұлғаның рухани әлеміне мақсатты түрде әсер ету ең алдымен бастауыш сынып оқушыларының көркем шығармаға деген қызығушылықтарын оятып, оның әсерлі мазмұнын көңіл қойып тыңдай білуге баулу арқылы жүзеге асатындығын атап көрсетеді. Ұрпақ тәрбиесіндегі көркем шығармалардың алатын орынын және оларды патриоттыққа тәрбиелеудің құралы екендігі де сөз болады.
Сол сияқты патриотизм, патриоттық тәрбие мәселесін көптеген философ, психолог, педагог ғалымдар әр қырынан зерттеп, негіздеген.
Оқушылардың бойында патриоттық құндылықтарды қалыптастыруда орта ғасыр ойшылдары Қорқыт [8], әл-Фараби [9] және т. б. мұраларының тәрбиелік мәні зор. Алдыңғы қатарлы ағартушылар Ш. Уәлиханов [10], А. Құнанбаев [11], Ы. Алтынсарин [12] бұл мәселені жан-жақты қарастырып, өздерінің өмірден тоқыған пайымдауларынан ауқымды ой жүйесін құрған.
Белгілі қазақ ойшылдары А. Байтұрсынов [13], М. Дулатов [14], Ж. Аймауытов [15], М. Жұмабаев [16], Ш, Құдайбердиев [17] т. б. өз еңбектерінде ұлтымыздың салт-дәстүрлеріне, оның ішінде Отансүйгіштік және ерлік дәстүріне ерекше мән беріп, көркем шығармалар негізінде патриоттық тәрбие беру туралы құнды пікірлер айтып көрсеткен.
Қазіргі кезеңде философиялық тұрғыдан патриоттық тәрбиенің мән-мазмұнын зерттеп, құнды пікірлер айтқан ғалымдардың қатарында: В. Г. Афанасьев [18], Л. П. Буева [19], В. В. Журавлев [20], В. А. Медведев [21], Г. Л. Смирнов [22], А. Г. Спиркин [23], Г. Н. Федосеев [24] т. б. ғалымдардың ғылыми еңбектерінде патриоттық тәрбиеге байланысты құнды пікірлер айтылған. Сонымен бірге, қазақстандық философ зерттеушілер Ж. Алтаев [25], Ж. Әбділдин [26], Ә. Нысанбаев [27], Қ. Шүленбаев [28], А. Қасабеков [29], Д. Кішібеков [30] және т. б. еңбектерінде өсіп келе жатқан жас ұрпаққа халықтың ұлттық мәдениеті мен әдебиетін пайдалана отырып, патриоттық тәрбие берудің маңызы ерекше сипатталады.
Бастауыш сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктері мен заңдылықтарын зерттей отырып, олардың даму үрдісінде әдеби туындыларға қызығушылықтарының басым болатындығын да атап көрсеткен ғалымдар аз емес: А. А. Давыдов [31], Н. В. Занков [32], А. Н. Леонтьев [33], В. С. Мухина [34], С. Рубинштейн [35], А. Люблинская [36] т. б., республикамызда белгілі психолог ғалымдарымыз Т. Тәжібаев [37], М. Мұқанов [38], Қ. Жарықбаев [39], Ә. Алдамұратов [40], Х. Шерьязданова [41, 42] т. б. өз еңбектерінде осы мәселелерді сөз етіп, қозғау салады.
Зерттеліп отырған мәселені теориялық және практикалық тұрғыдан қарастырғандардың қатарында қазақстандық педагог-ғалымдарымыз Т. Сабыров [43], Қ. Бержанов [44], С. Мусин [45], А. Сембаев [46], Ж. Б. Қоянбаев [47], Р. М. Қоянбаев [47], Е. Сағындықов [48], М. Жанпейісова [49] т. б. Сондай-ақ Ресей педагог-психолог ғалымдары В. А. Сухомлинский [50], И. С. Марьенко [51], Е. И. Моносзон [52], Ю. К. Бабанский [53], И. Ф. Харламов [54], И. П. Подласый [55], П. И. Пидкасистый [56], Б. Лихачев [57], В. А. Сластенин [58], Столеренко Л. Д. [59], Т. А. Ильина [60], Н. В. Савин [61], т. б. еңбектерін атай аламыз.
Оқушыларға патриоттық тәрбие беру мәселесі Ж. Г. Кондзе (Ресей), Н. А. Асипова және А. Э. Измайлов (Қырғызстан), А. Ф. Фаткуллина (Башқұртстан), Л. Я. Градулис (Латвия) және т. б. ғалымдардың зерттеу объектісі болған. Олардың ішінде Ж. Г. Кондзе мен И. И. Насыров еңбектерінде халық және ерлік дәстүрлері негізінде тәрбиелеудің жолдары қарастырылады.
Қазақстан Республикасы көлемінде К. Құнантаева [62, 63] Ш. Майғаранова [64], К. Н. Меңлібаев [65], В. Г. Храпченков [66], Қ. К. Жампеисова [49], А. Р. Жұмаханов [67], М. Ж. Құрманбаева [68], С. Ешімханов [69], С. Т. Иманбаева [70, 71], С. Б. Омарова [72], Н. И. Қойшыбаева [73], Ж. А. Макатова [74], Д. С. Құсайынова [75], К. Ж. Қожахметова [76], Л. Т. Сайдахметова [77], А. К. Қалимолдаева [78], т. б. патриоттық тәрбиеге байланысты елеулі зерттеулер жүргізді.
Этнопедагогиканың мазмұнын, құралдарын, формалары мен әдістерін шешуде, оларды оқу-тәрбие процесінде пайдалану жолдарын қарастыру мәселесі бойынша қазақстандық ғалымдар К. Қожахметова [79], С. Қалиев [80], С. Ұзақбаева [81], Ж. Наурызбай [82], т. б. ерекше үлес қосты.
Көркем шығарманы жас ұрпаққа меңгерту арқылы олардың ой өрісін жетілдіру, адамгершілікке тәрбиелеу мәселелері М. Әуезов [83], М. Ғабдуллин [84], А. Қоңыратбаев [85], С. Қасқабасов [86], З. Қабдолов [87] сияқты әдебиетшілердің арнайы зерттеу нысанасы болды.
Егеменді елімізде болып жатқан саяси-әлеуметтік, мәдени өзгерістер өсіп келе жатқан жас ұрпақты патриоттық сезімге, елжандылыққа тәрбиелеуге жаңаша тұрғыда қарауды қажет етеді.
Жастарды, әсіресе жаңа ғана білім көзінен нәр алып, бойына күш- қуат жинауға талпынып келе жатқан бастауыш сынып оқушыларын көркем шығарманың әсерімен тәрбиелей отырып, олардың патриотизмін қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық негіздерін анықтау осы кезге дейін арнаулы зерттеу көзіне айналмай келді. Осыған орай, бастауыш сыныптарда берілетін білім мен тәрбие мәселесіне байланысты бірнеше қайшылықтар туындап отыр: - көркем шығармалардың психологиялық, педагогикалық мүмкіндіктері мен оларды бастауыш сыныптардың оқу-тәрбие үрдісінде пайдаланудың қазіргі жағдайы арасында; - бүгінгі қоғам талабына сай бастауыш сынып оқушыларының көркем шығарма арқылы патриотизмін қалыптастырудың өзектілігі мен оның ғылыми-педагогикалық тұрғыда негізделген әдістемесінің жоқтығы;
Бұл қайшылықтардың шешімін табу мәселесі зерттеу жұмысымыздың тақырыбын «Бастауыш сынып оқушыларының көркем шығарма арқылы патриотизмін қалыптастыру» деп таңдауымызға себеп болды.
Зерттеу объектісі: жалпы білім беретін орта мектептің бастауыш сатысындағы оқу-тәрбие үрдісі.
Зерттеу пәні: Бастауыш сынып оқушыларының көркем шығарма арқылы патриотизмін қалыптастыру.
Зерттеу мақсаты: оқу-тәрбие үрдісінде бастауыш сынып оқушыларының көркем шығарма арқылы патриотизмін қалыптастыруды ғылыми-теориялық тұрғыдан негіздеу және оның әдістемесін жасау.
Зерттеудің ғылыми болжамы:
егер бастауыш сынып оқушыларының көркем шығарма арқылы патриотизмін қалыптастырудың ғылыми-теориялық негіздері анықталып, оның әдістемесі жасалынса, онда оқу-тәрбие үрдісінде оқушылардың патриотизмін қалыптастырудың мүмкіндіктері арта түседі, өйткені көркем шығармаларды оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз етіліп, баланың бойында Отанға деген сүйіспеншілік, ана тілін, елін, жерін, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарын құрмет тұту сияқты қасиеттерін қалыптастыруға бағытталады
Зерттеудің міндеттері:
- бастауыш сынып оқушыларының көркем шығарма арқылы патриотизмін қалыптастырудың ғылыми-теориялық негіздерін анықтау;
- бастауыш сынып оқушыларының көркем шығарма арқылы патриотизмін қалыптастырудың мүмкіндіктерін айқындау;
- бастауыш сынып оқушыларының көркем шығарма арқылы патриотизмін қалыптастырудың мазмұндық - құрылымдық үлгісін жасау;
- бастауыш сынып оқушыларының оқу-тәрбие үрдісінде көркем шығарма арқылы патриотизмін қалыптастырудың әдістемесін жасау және оны тәжірибелік - эксперимент арқылы сынақтан өткізу.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz