Бастауыш сынып оқушыларының белсенділігін ойындар негізінде арттыру (дене тәрбиесі пәнін оқыту мысалында)


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті
«Қорғауға жіберілді»
«Білім технологиялары» кафедрасының
меңгерушісі п. ғ. д., доцент
Б. Ортаев
« » 2015
Диплом жұмысы
Тақырыбы: Бастауыш сынып оқушыларының белсенділігін ойындар негізінде арттыру (дене тәрбиесі пәнін оқыту мысалында)
5В010200- Мамандығы- «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»
СПМ-015 тобының студенті
Орындаған: Шамшиева Малика
Ғылыми жетекші,
П. ғ. к., доцент: Ү. Рахмет
Түркістан 2015
Мазмұны
Кіріспе . . . 3-4
І Бастауыш сыныптардағы дене тәрбиесі пәнінде ойынның маңызы мен ерекшеліктері
1. 1 Бастауыш сыныптардағы дене тәрбиесі пәніндегі оқушылардың белсенділігін қалыптастыру жолдары . . . 5-22
1. 2 Бастауыш сынып оқушыларының дене тәрбиесі пәнінде белсенділік қабілеттерін дамытудағы ойынның маңызы . . . 23-30
ІІ Бастауыш сынып оқушыларының дене тәрбиесі пәнінде белсенділігін арттыру әдістемесі
2. 1 Бастауыш сынып оқушыларына дене тәрбиесінде ойын түрлерін қолданудың әдістері . . . 31-60
2. 2 Бастауыш сынып оқушыларына дене тәрбиесі пәнінде ойын арқылы белсенділігін арттыру . . . 61-65
Қорытынды . . . 66-67
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 68
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі: Мектепте дене шынықтыру сабағы - міндетті пән. Себебі мектептегі дене шынықтыру сабағы оқушылардың дене тәрбиесінің міндеттерін нақтылы жүзеге асыруда маңызды рөл атқарады. Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт турады заңының 9-бабының 1-тармағына сәйкес міндетті дене тәрбиесі сабақтары бүкіл оқу кезеді бойынша аптасына мектепке дейінгі мекемелерде кемінде 8 сағат, жалпы білім беретін мектепте кемінде 3 сағат, кәсіптік техникалық мектептерде, колледждерде, лицейлер мен жоғары оқу орындарында кемінде 4 сағат жүргізілу міндеттелінген. Бұған қосымша елімізде 2001-2005 жылдарда дене шынықтыру мен спортты дамыту шараларын жүзеге асыру туралы Үкіметтің 2001 жылғы 6 сәуірдегі №462 және Білім министрлігінің 2002 жылдың 21 маусымындағы №506 бұйрығына сәйкес 2001 жылдан бастап ұлдар мен қыздарды бөліп оқыту және жергілікті қор есебінен бағдарламаның өзгермелі бөлімі негізіне 3 сағат қосу көзделген [1] . Дене тәрбиесінің негізгі мазмұны дене шынықтыру жөніндегі оқу бағдарламасында және спорт теориясы мен практикасы жөніндегі факультативтік сабақтар бағдарламасында, сондай-ақ «Жалпы білім беретін мектеп оқушыларына дене тәрбиесін беру туралы» ережеде (1971 ж. ) алып көрсетілген [2] . Бұл құжаттарда денсаулықты және ағзаны нығайтуға, қимыл-қозғалыс дағдылары мен икемділікті, төзімділігі, шапшаңдықты қалыптастырып, дамытуға баса назар аударылған.
1) Әр адамның өзінің денесін жастайынан шынықтыратын, гигиена саласында және медициналық, көмек бере алатындай білімі болсын, салауатты өмір салтын рухтанатын болуы керек деген міндет қойылды.
2) Өзгермелі бөлімде мұғалімнің, оқушылардың, мектептің қалауы бойынша белгілі бір спорт түрін немесе бірнеше түрін тереңдетіп оқуларына болады. Әрине, мұндай жағдайда мұғалімнің арнайы даярлығы, ал оқушылардың ынтасы мен оған деген қызығушылығы болуға тиіс.
3) Сонымен бірге өзгермелі бөлімнің біраз уақытын ұлттық ойындарды меңгеруте, әртүрлі дене жаттығуларын меңгеруге, ойындар, жеке қарсыласу әрекетгеріне бөлінуі де мүмкін.
4) Мұғалімнің өзгермелі бөлімнің маңызды материалдарын мектеп әкімшілігінің келісімімен әр жылда өзгертіу мүмкіндігі қарастырылған. Дегенмен де жер жағдайына және ұлттық ерекшеліктерге байланысты материалдар өз маңызы мен мазмұнын өзгертпеуі тиіс.
Ойындарды дене тәрбиесіне тигізер ықпалына сәйкес шартты түрде мынадай топтарға бөлуге болады:
1) . Ептілікке баулуға арналған ойындар.
2) . Жылдамдыққа баулуға арналған ойындар.
3) . Күштілікке баулуға арналған ойындар.
4) . Төзімділікке баулуға арналған ойындар.
5) . Ырғақтылыққа баулуға арналган ойындар.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігінің 2002 жылғы 12 желтоқсандағы №868 бұйрығында "2002 жылғы 5 тамыздагы №598 бұйрығына қосымшалар мен өзгерістер" енгізілгеніне сәйкес қозгалмалы үзіліс оқушылар арасында дене тәрбиесін ұйымдастыру шараларының міндетті бөлігі болып есептеледі және күнделікті сауықтыру-шынықтыру шаралары ретінде күн тәртібіне енеді» деп көрсетілген [3] . Оның құрамына:
1) . Қимыл қозғалыс, спорттық ойындар эстафеталары.
2) . Би ырғақтары, бал биі (би) және ТМД халықтары билері.
3) . Жалпы шынықтыру және ырғақты гимнаспоса.
4) . Президент сынамаларын орындауға дайындау жаттығулары: 4. 1. 100 м. жүгіру.
Кермеге тартылу (сан рет) .
Арқамен жатып денені көтеру (мин. сан) .
Жүгіру-жүру.
5. Саптық дайындық.
«Денсаулық сағаты» бастауыш сыныптар мен бір аусымда оқылатын мектептердің барлық оқушылары үшін 2-3 сабақтардан кейін, ұзақтығы 45 минут өткізілуі көзделді Сондықтан сабақ кестесінде «Денсаулық сағаты» үшін белгілі бір уақыт белгіленді. Ол негізінен ашық ауада өткізілді. Сонымен қатар ол жергілікті жағдайларға қарай және оқушылардың санына сәйкес оқу күнінің басқа уақытында да өткізілуі мүмкін болды. Ауа райы қолайсыз болған жағдайларда «Денсаулық сағатының» орнына кесте бойынша басқа сабақ өткізу ұсынылды.
Бастауыш сыныптарда дене тәрбиесінің маңыздылығын айта келе біз диплом жұмысының тақырыбын «Бастауыш сынып оқушыларының белсенділігін ойындар негізінде арттыру (дене тәрбиесі пәнін оқыту мысалында) » деп таңдадық. Осы диплом жұмысын жазу барысында алға қойған мақсат-міндеттеріміз төмендегідей:
Зерттеудің мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларына дене тәрбиесі пәнінде ойындар арқылы белсенділікке тәрбиелеу.
Зерттеудің міндеттері:
1) Зерттеу нысанасының бағыты мен оның құрылымын терең танып білуге мүмкіндік беретін педагогикалық, психологиялық, әдістемелік, т. б. әдебиеттер қорындағы теориялық білімдерді игеру;
2) Бастауыш сыныптарда дене тәрбиесі пәніндегі оқушылардың белсенділік қабілеттерін арттырудағы ойынның тиімділігін көрсету;
3)
Дене тәрбиесі сабақтарында ойын құралдарын пайдалану арқылы оқушылардың белсенділік қабілеттерін дамыту барысындағы
өз іс-тәжірибемнен сараптама жасау, тиімділігін көрсету.
4) Зерттеу нәтижесі бойынша ұсыныстар беру.
Зерттеудің обьектісі: Бастауыш білім беру жүйесінде ойынның дене тәрбиесі пәні сабағында қолданыс табу мүмкіндігін анықтау.
Зерттеудің әдісі: Бақылау, байқау, ойындар, әңгіме.
Зерттеудің пәні: бастауыш сыныптардағы дене тәрбиесі пәні.
Дипломдық жұмыстың құрылымы: кіріспе, бөлім, қорытынды, және пайдаланған әдебиеттер тізімін құрайды.
І Бастауыш сыныптардағы дене тәрбиесі пәнінде ойынның маңызы мен ерекшеліктері
1. 1 Бастауыш сыныптардағы дене тәрбиесі пәніндегі оқушылардың белсенділігін қалыптыстыру жолдары
Дене тәрбиесі - тұлғаны жан-жақты үйлесімді қалыптастырып дамыту процесінің негізгі бір саласы. Себебі, дене тәрбиесі тұлға денесінің калыпты жетілуін, денсаулығының нығаюын қамтамасыз етуде, оларды еңбекке, Отанды қорғаута дайындауда аса маңызды қызмет атқарады. "Дене тәрбиесі - адамның денсаулығының нығайтып, оңтайлы, қимыл-әрекеттерін калыптастыратын адамгершілік қасиеттері мен ерік-жігерін жетілдіретін негізгі тәрбие бағыттарының бірі. Дене тәрбиесі төзімдітік, шыдамдылық бахылдық табандылық, қасиеттерді шыңдайды. Сондай-ақ, дене тәрбиесі ерік-жігері мықты, тәртібі, батыл және белсенді, өз Отанын қорғауға лайықты жас ұрпақты ойдағыдай әзірлеуде аса маңызды әлеуметтік міндеттерді атқарады. Дене тәрбиесі жастарда ақыл-ой еңбек әрекетінде нәтижелі жұмыс істей алатын сапа қасиеттерін калыптастыруға да ықпал етеді. Дене тәрбиесінің. көздейтін тағы бір мақсаты балалардың дене мәдениеті және спортпен айналысу қызығушылықтары мен қажеттіліктерін ояту, ынталандыру және дененің дамуы мен денсаулықты нығайтудың психо-физиологиялық негіздерін терең ұғынуларына, сонымен қатар ақыл-ой, адамгершілік және эстетикалыкқ т. б. Тәрбие салаларының дамуына да ыкпал ету мүмкіншіліктеріне жағдай жасау. Егер де базалық бөлім дене тәрбиесі саласында жалпы білім даярлығының мемлекеттік үлгісінің негізі болса, онда өзгермелі бөлім жер жағдайына, ұлттық ерекшелікке, мұғалімнің және оқушылардың, мектептің қалауы бойынша және оның материалдық, базасының жағдайын ескере отырып құрастырылады. Ол үшін:
1) . Мұғалім оқу жылының басында сынама (тест) жүргізу арқылы окушылардьщ дене жаттығуларының жай-күйін анықтайды, олардағы дене
даярлығының төменгі-жоғары дәрежесін анықтап, өзгермелі бөлімді құрайды. Дене тәрбиесінің ықпалы әсіресе жүйке жүйесінін қызметін шынықтыру мен жетілдіруде маңызы ерекше. Орталық жүйке жүйесінен әртүрлі дене мүшелерінің арасындағы жүйкелік күштердің өтуін тездетеді, жүйке процестерінің қызметін жандандырып, тұрақтандырады.
2. Дене тәрбиесінің міндеттері және мазмұны
Дене тәрбиесінің мәнін ашу барысында оның міндеттері мен мазмұнын анықтау қажеттігі туындайды.
Дене тәрбиесінің міндеттері мынадай:
- денсаулықты нығайту, ағзаны шынықтыру және дененіңдұрыс қалыптасып дамуын, мүсіннің сымбатты болуын қамтамасызету; ақыл-ой және дене күштерінің жұмыс істеу қабілеттерінкөтеру;
- дененің негізгі қимыл-қозғалыс сапаларын (күштілік, ептілік, шыдамдылық, шапшаңдылық) калыптастыру; гигиеналык, дағдыларды қалыптастыру;
- дене шынықдыру және спорт саласында арнаулы білімдерберу; адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу (батылдығы, өжетгілігі, қайсарлығы, табандылығы, тәртіптілігі, жауапкершілігі, ұжымшылдығы т. с. с) ;
- дене және спорт ойындарымен үнемі және жүйелі тәрбиелеу;
- дененің әрқашан сау болуына, сергектікке, өзіне жәнеайналасындағы адамдарға әрқашан қуаныш әкелуге ұмтылысын тәрбиелеу т. с. с.
- ұлттық ойындарды игеру және олардың пайда болу және дамутарихымен танысу, әдіс-тәсілдерін білу.
«Ақыл-ойдың» дамуы, рухани күштер мен қабілеттердің дамуы көп жағдайда адамның денсаулық жағдайымен, оның төзімділігінен, жүйке жүйесінің мықтылығымен айқындалатын болғандықтан, ол дене тәрбиесімен тығыз байланысты қарастырылады. Нарықтық экономика жағдайында адамның жеке басының саулығы, оның дене күшінің мығымдылығы оның жеке басының ерекше құндылығы болып саналады. Сондықтан спорт әрбір адам үшін өмірдегі қажетті құндылық болып есептеледі.
1-сурет. Ойындар арқылы оқушыларды дене тәрбиесі пәнінде белсенділікке тәрбиелеу.
Дене тәрбиесі эстетикалық тәрбиемен де тікелей байланысты. Оның барысында баланың дене бітімі, қимыл-қозғалысына қатысты эстетикалық талғамы, бағалауы, көзқарасы қалыптасып дамиды. Дене жаттығулары қимыл-қозғалыстағы әсемдікті көре, бағалай білуге үйретеді және онда үйлесімділіктің болуына тәрбиелейді. Дегенмен «Денсаулық сағатын» ұйымдастыру, оған әдістемелік бағыт беру дене тәрбиесі мұғалімдеріне және әскери жетекшілерге жүктелді. Олар мектеп мұғалімдерін арнаулы даярлықтан өткізіп, "Денсаулық сағатын" ұйымдастыруға және өткізуге байланысты барлық мәселелер жөнінде кеңес беруге міндеттелінді "Денсаулық сағатын" өткізуге жалпы басшылық жасау мектеп директорлары және олардың орынбасарларына тапсырылды. «Денсаулық сағатын» өткізу мектептің спорт базасын және жақын орналасқан стадион аландарын, бассейіндер және спорт ғимараттарын, қандай да мекемелерге бағынатындығына қарамастан пайдалану ұсынылды. «Білім және ғылым министрлігінің 2002 жылғы 21 маусымындағы №506 және Әділет министрлігінде тіркелтен №1919 бұйрығына сәйкес (17. 07. 02ж. ) ». Анатомиялық-физиологиялық және психикалық ерекшелітері ескеріле отыра, егер сыньптағы оқушылар саны 25-тен асса, әр топтағы ұлдар немесе қыздар саны 10-12 ден асса, 5-11 сыныптар аралығында бөлініп оқытылуы қажет. Оған негіз, орта және жоғары буын оқушылардың жасында олардың дене мүшелерінде және психологиясында ары қарай дамуы күрделенеді, 13-14 жастан бастап қыз балалардың күштік жүктемесі ер балалармен салыстырғанда едәуір төменірек болып келеді Сол себепті қыз балалармен жаттығулар жүргізгенде жаттығулардың басымдылығы ырғақты жаттытулардың, гимнастикалық және ауыр емес снарядтар қолдану арқылы ұйымдастырылуы тиіс. Тәуелсіз еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын тәрбиелеудің ажыратылмас бөлігі ретінде бастауыш мектеп оқушыларының дене шынықтырудан тәжірибелі білім, тәрбие алуы, ден саулығының жақсы болуы, бір жағынан, оның болашақ өмірге дайындығы болса, екінші жағынан, қоғамдық өмірдің белсенді мүшесін тәрбиелеуге көмектеседі. Бастауыш мектепте басқа пәндермен қатар дене шынықтыру сабағынан да жүйелі білім мен тәрбие беріліп, олардың дені сау болып өсуіне ерекше көңіл бөлінеді.
Мектеп жасында, негізінен психологиялық қабілеттері - есте ұстау, ерік аңғарымдылығы қалыптасады. Бұл кездегі қимыл ойындары, оның барлық қабілетінің ұшталуына, қалыптасуына барынша зор әсер етеді. Мысалы: балалар бірін-бірі ұрып, қашып ойнайды. Бала өзіне сырт жағынан қашан қол тиетінін, ішкі зор дайындықпен күтіп тұрады, онан кейін зыта жөнелу қажеттілігін біледі. Денесіне арт жағынан біреу ұрғаннан кейін ми дереу аяқты қозғау, яғни жүгіру керектігі жөнінде бұйрық береді. Бала бұл бұйрықты бірден орындауға төселеді. Мектеп жасында баланың ерік-жігері қалыптаса бастайды. Бұл шақтағы қимыл ойындары баланың санасын дамытады, қимыл шапшаңдығына, бағытты аңғаруға, өзін-өзі билей білу, ерік-жігер сияқты психологиялық қабілеттерін жаттықтырады, қалыпқа келтіреді.
Педагог В. Сухомлинский тәрбиеде ең негізгі орынды ойынға береді. Әлеуметтік тәрбиеде ойын кейбір кезеңдерде ерекше педагогикалық мәнге ие. Ойын барысында баланың мінезін бақылауға болады. Себебі ойында оның өзіне тән ерекшелігі көрінеді. [4] Сондықтан баланың ойынын бақылау - оның мінезін қадағалауға көмектеседі. Ойын баланы қоршаған өмірге еркін кіруге даярлайды, өмір туралы қарапайым түсінік береді, бұл кезеңде баланың қалыптасуына жағдайлар жасалуы көзделеді. 7 мен 9 жас аралықтарының өз ерекшеліктері, адам дамуында атқаратын зор ролі бар. Бұл кезең баланың жетілу кезеңі деп атайды. Бұл физиологиялық және психологиялық жағынан ерекше атап өтетін кезең.
Бұл кезеңнің ерекшеленетін себебі: Бала алғаш рет мектеп табалдырығын аттайды, сабақтардан тез шаршайды, бұрынғыдай қимылдай бермейтін болады. Өйткені бұған дейін балалар үнемі қозғалыста болады, ойнайды, жүгіреді, ертеден ұйқыға жатқанға дейін 6 сағаттан аса қозғалыста болады [5] . Ал мектеп табалдырығын аттағаннан кейін жүріс-тұрысы, қозғалысы таза ауада болатын уақыты әлде қайда азаяды, тіпті ұйқысы да бұзылады. Бұл олардың ден саулығының қалыптасуына кері әсерін тигізеді. Зерттеулер көрсеткендей мектеп оқушыларының 80 пайызының организмінде ақау болатыны - осының дәлелі. Әрина аптасына 3-ақ рет болатын дене шынықтыру сабағы организмнің күнделікті қозғалыс қажеттілігін қанағаттандыра алмайды. Мектеп табалдырығын аттаған 1 - сынып оқушысы мектеппен қалай танысса дене шынықтыру сабағымен де солай танысуы керек . Ал мектептегі жалпы дене шынықтыру, сауықтыру жұмыстарының басқа пәндермен салыстырғанда өзіндік ерекшеліктері бар. Оқушылар спорт залға, алаңға арнайы спорттық киіммен ғана шығуы тиіс десек, бұл - оларға қойылатын алғашқы талап. Бастауыш сыныптарда оқушыларға дене шынықтыру пәні бойынша теориялық білім мен практикалық дағдылар меңгеріледі. Сауықтыру шаралары ағзадағы физиологиялық өзгерістерді жақсартумен денені шынықтыруды көздейді. Бұған таң ертеңгі бой жазу жаттығулары, сабақ үстінде өткізілетін сергіту сәттері, үзіліс күні жасалатын жаттығулар мен ойналатын ойындар, сабақтан тыс уақыттағы ойындар мен жаттығулар жатады. Таң ертеңгі бой жазу жаттығулары оқушылар дене шынықтыру сабығында орындап, үйреніп, оларды үйде өз беттерімен қайталап жаттығады. Бұған оқулықтағы жалпы дамыту жаттығуларымен мұғалімнің өз қалауы бойынша іріктеп алынған жаттығуларды пайдаланады. Бой жазу жаттығулары музыка ырғағымен неше түрлі спорт құралдарын қолданып өткізсе оның құндылығы арта түседі. Қазір мектептердің көбінде үзіліс кезінде таза ауаға шығып бой жазып сергуіне мүмкіндік бола бермейді. Сондықтан оқушылар үзілісте азда болса ойнап, жаттығулар орындау арқылы, өздеріне керекті қимыл қозғалыстар жасау мақсаты үшін оқулықта шағын ғана орынды қажет ететін ойындар көрсетілген.
Сабақтан тыс кездері жасалатын жаттығуларды мұғалім көбінесе әрбір дене шынықтыру сабағы сайын үйге тапсырма ретінде беріп отырады, және тапсырмалардың дұрыс орындалуын қадағалап, тексеріп отыру керек. Таң ертеңгі бой жазу жаттығулары мазмұнына қарай 4 топқа бөлінеді:
Алғашқы жаттығуларды ұйымдастыру
Керіліп - созылу жаттығулары
Тыныс алу мүшелері мен организмінің қан айналымына әсер ететін жаттығулар. Аяқ қолдың бір мезетте қозғалуына, денені дұрыс ұстауға арналған жаттығулар. Таң ертеңгі бой жазу жаттығуларының ойдағыдай өтуі, оның ұйымдастырылуына байланысты. Бастауыш сыныптарда өтетін спорт сағатының мақсаты - оқушыларды дағдылы қозғалыс түрлеріне (жүру, жүгіру, секіру, т. б. ) спорттық жарыстарға қатысуға дайындау. Таң ертеңгі бой жазу жаттығуларын үйде орындауға бақылау жасау және т. б. Бала алғашқы кезде далаға шыққан бетте жаттығулар орындайтын жерге жеткенше тез жүгіріп барып, одан соң жүгіруді бастап, бара-бара жылдамдықты үдете беруі қажет. Ең әуелі жүгіруден бастаудың мәні қан айналу процесімен ішкі мүшелерді тиісті жүктемелерге дайындайды. 5 - 10 минут жүгіріп, одан кейін керіліп-созылу жаттығуларын орындайды. Кеудені кере дем алу, иық, кеуде және белді қозғау жаттығуларын орындап бірте-бірте күрделендіре береді. Бастауыш сыныптарды дене тәрбиесі сабағында оқушылардың дене жағынан даму процестері баса ескерілуі қажет. Сабақтың мақсатына қарай арнайы іріктеліп алынған жаттығулар мен ойындарды, оқушылар орындай алатындай болуы керек. Баланың өз құрбыларының арасында жүргенде көпшіл бола білу мінез-құлқын қалыптастыратын бірден-бір құрал ойын екені даусыз. Әрбір баланың мінез-құлқы ойын үстінде қалыптасады. Яғни біреуі әділ ойнайды, екінші біреуі алдайды, үшіншісінің жаттығуды орындауға шамасы келмейді, енді бірі жігерсіздік танытады. Сондықтан бастауыш сынып мұғалімдері ойын тәрбие құралының негізі ретінде пайдалану керек. Адамның жеке басының қасиеттері дененің қалыптасуымен байланысты. Денені жүйелі түрде шынықтыру мен ден саулықты нығайту. Адамның ойын өсіріп, шығармашылық қабілетін арттырады. Органзм шамасы келетін жаттығуды және дұрыс ұйымдастырылған жұмысты орындағанда ғана дамып, нығайып жетіледі. Қазіргі мектептерде бір ауысымда оқитын оқушыларға күніне бір сағат; ден саулық сағаты; өткізіліп жүр. Денсаулық сағаты 2 немесе 3 сабақтан кейін барлық оқушылардың қатысуымен 45 минут бойы өткізіледі. «Денсаулық сағаты» жергілікті жағдайға және оқушылардың санына байланысты оқу күнінің басқа бір уақытында өткізуге де болады [6] .
Бұл үлгі 6 сабақ кестесі бойынша беріліп отыр. «Денсаулық сағатын» үшінші сабақтан кейін қойғанда да осы уақыт кетеді. Бұрын бір ауысымда оқитын мектептерде 6 сабақ 14 сағат 25 минутта бітетін. Таңертеңгі бой жазу жаттығуларын орындау үшін, оқушылар мектепке 8 сағат 15 минутта келіп, 8 сағат 30 минутқа дейін таңертеңгі бой жазу жаттығуларын орындап, содан соң сабақ басталатын. Ал қазір оқушылар 8 сағат 15 минутта сабаққа отырады. Сонымен бұрынғы 30 минуттық, болмаса 20 минуттан екі рет өткізілетін ұзақ үзіліс уақыты денсаулық сағатына пайдаланылады.
Осылайша мектептегі бұрынғы қалыптасқан сабақ кестесі өзгермейді. Демек таңертеңгі бой жазу жаттығулары мен ұзақ үзіліс уақытынан күнде өткізіліп тұратын денсаулық сағаты шығады. Бұл сабақ тек далада өткізіледі. Күнделікті «денсаулық сағатын» өткізу балалардың қозғалыс белсенділігін арттырып, денсаулығын нығайтады, денесінің шынығу деңгейін көтереді. Әсіресе ақыл-ойына, мидың қабылдау процесіне әсер етеді. Демек мидың белгілі бір уақытта тынығуына жағдай жасайды. Гимнастикалық жаттығуларды үйретіп, меңгертудің мақсаты - баланың бұлшық еттерін, күш - қайратын өз уақытында жетілдіруге дайындау, иіліп-бүгілгіштігін дамытуға жағдай жасау. Сондай-ақ оқушы өз қимыл-қозғалысын соған сәйкес музыка ырғағымен үйлестіруге үйренеді. Көркем гимнастика мен акробатикалық жаттығулардың элементтерін орындауға дағдыланады. Ал жеңіл атлетиканың жүгіру, секіру, лақтыру жаттығуларының техникасын жетілдіргенде нәтижесі жақсарады. Жеңіл атлетика жаттығуларын кеңінен қолдану оқушының шапшаңдылық, күштілік, төзімділік қасиеттерін, қимыл-қозғалыстарын дамытып жетілуіне, күш-қайратының молаюына ықпал етеді. Жалпы дамыту жаттығулары - мойын, иық, кеуде, арқа және аяқ бұлшық еттерін дамытуға пайдасын тигізеді. Дене тәрбиесі мен адам психологиясы өзара тығыз байланысты. Балалар өмірінде оның ой әрекетінен тыс ешбір процесс болмайды. Адамның жан-дүниесіндегі әрбір түйсік, қозғалыс түрінде білінетіндігі және керісінше әрбір қимыл-қозғалыс көңілге тікелей байланысты екендігі ғылыми түрде дәлелденген. Сөйтіп ақыл-ойға қозғау салмайтын бірде-бір қимыл жоқ, ой қызметі қимыл түрінде көрініс табады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz