Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлауда оқытудың белсенді әдістерін жүзеге асырудың дидактикалық шарты



І. Бастауыш сынып мұғалімдерінің даярлығын жетілдірудің теориялық негіздері.
1.1. Жоғары педагогикалық білім беру теориясы мен практикасында.
1.2.
1.3. Оқытудың белсенді әдістерін жүзеге асырудың дидактикалық шарттары

ІІ. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің даярлауда оқытудың белсенді әдістерін жүзеге асыру.
2.1. Оқытудың белсенді әдістерін жүзеге асыруда бастауыш сынып мұғалімдерінің даярлығын жетілдірудің педагогикалық жүйесі.
2.2. Оқытудың белсенді әдістерін жүзеге асыруда бастауыш сынып мұғалімдерінің даярлығын жетілдірудің педагогикалық жүйесін іске асыру нәтижелері.
2.3. Оқытудың белсенді әдістерін жүзеге асыруда бастауыш сынып мұғалімдерінің даярлығын жетілдірудің педагогикалық жүйесін пайдаланудың келешегі.

ІІІ. Қорытынды.

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Жаңа экономикалық және әлеуметтік-мәдени жағдайларға сәйкес Қазақстанда жоғары білімді дамыту бойынша жүргізіліп жатқан шаралар мамандар даярлау сапасын арттыруды, қарқынды ғылыми-зерттеу қызметімен ықпалдастырылған инновациялық білімді дамытуды, жоғары оқу орындары зерттеулерінің әлеуметтік сала мен экономиканың қажеттіліктерімен тығыз байланысын орнатуды, білім беру мен технологияларды жетілдіруді, бірыңғай ақпараттық білім ортасын қалыптастыруды, білім беру процесін оқу-әдістемелік және ғылыми тұрғыдан қамтамасыз етуді көздейді. [ ] Мұның өзі білімнің негізін салатын бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби даярлықтарына жоғары талаптар қойып, оларды жаңа ғылыми идеяларды шығармашылықпен қабылдай алатын, оқытудың белсенді әдістерін жүзеге асыруды игерген және қазіргі заманғы технологиялық процесті басқара алатын маман ретінде қалыптастыру мәселесін тудырады. Сондықтан мектептің таяу уақыттарға бағытталған талаптарына сәйкес жоғары оқу орындарында болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлауда оқытудың белсенді әдістерін жүзеге асыру негізінде білім берудің жолдарын айқындап, мұғалімдердің кәсіби даярлығын үнемі жетілдіріп отыру аса қажет.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлауда оқытудың белсенді
әдістерін жүзеге асырудың дидактикалық шарттары.

І. Бастауыш сынып мұғалімдерінің даярлығын жетілдірудің теориялық
негіздері.
1.1. Жоғары педагогикалық білім беру теориясы мен практикасында.
1.2.
1.3. Оқытудың белсенді әдістерін жүзеге асырудың дидактикалық шарттары

ІІ. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің даярлауда оқытудың белсенді
әдістерін жүзеге асыру.
2.1. Оқытудың белсенді әдістерін жүзеге асыруда бастауыш сынып
мұғалімдерінің даярлығын жетілдірудің педагогикалық жүйесі.
2.2. Оқытудың белсенді әдістерін жүзеге асыруда бастауыш сынып
мұғалімдерінің даярлығын жетілдірудің педагогикалық жүйесін іске асыру
нәтижелері.
2.3. Оқытудың белсенді әдістерін жүзеге асыруда бастауыш сынып
мұғалімдерінің даярлығын жетілдірудің педагогикалық жүйесін пайдаланудың
келешегі.

ІІІ. Қорытынды.

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе.
Жаңа экономикалық және әлеуметтік-мәдени жағдайларға сәйкес
Қазақстанда жоғары білімді дамыту бойынша жүргізіліп жатқан шаралар
мамандар даярлау сапасын арттыруды, қарқынды ғылыми-зерттеу қызметімен
ықпалдастырылған инновациялық білімді дамытуды, жоғары оқу орындары
зерттеулерінің әлеуметтік сала мен экономиканың қажеттіліктерімен тығыз
байланысын орнатуды, білім беру мен технологияларды жетілдіруді, бірыңғай
ақпараттық білім ортасын қалыптастыруды, білім беру процесін оқу-
әдістемелік және ғылыми тұрғыдан қамтамасыз етуді көздейді. [ ] Мұның өзі
білімнің негізін салатын бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби даярлықтарына
жоғары талаптар қойып, оларды жаңа ғылыми идеяларды шығармашылықпен
қабылдай алатын, оқытудың белсенді әдістерін жүзеге асыруды игерген және
қазіргі заманғы технологиялық процесті басқара алатын маман ретінде
қалыптастыру мәселесін тудырады. Сондықтан мектептің таяу уақыттарға
бағытталған талаптарына сәйкес жоғары оқу орындарында болашақ бастауыш
сынып мұғалімдерін даярлауда оқытудың белсенді әдістерін жүзеге асыру
негізінде білім берудің жолдарын айқындап, мұғалімдердің кәсіби даярлығын
үнемі жетілдіріп отыру аса қажет.
Бастауыш сынып мұғалімдерін даярлау проблемасы бойынша
С.И.Архангельский, С.Е.Архипова, Ю.К.Бабанский, С.С.Гамидов, Л.В.Занков,
Р.М.Қоянбаев, А.И.Пискунов, Т.Ш.Домаев, Л.С.Подымова, Т.С.Сабыров,
М.И.Сарыбеков, С.И.Тадиян, Н.Д.Хмель және т.б. зерттеулерінде мұғалімдерді
кәсіби даярлаудың теориялық негіздері қарастырылып, педагогикалық жоғары
оқу орындарындағы оқу процесінің тиімділігін арттыру жолдары айқындалды.
О.А. Абдуллина, К.Қ.Аманқұлов, Н.К.Ахметов, Г.Е.Берікханова, А.А.Калюжный,
А.Ж.Қайдарова, Л.Х.Мажитова, Ж.Ж.Наурызбай, С.А.Ұзақбаева, т.б.
еңбектерінде педагогикалық қабілеттерді қалыптастыру, шеберлікті дамыту,
мұғалімдерді педагогикалық іс-әрекетке даярлау мәселелері зерттелді.
Болашақ мұғалімдердің даярлығын қалыптастыру проблемасы кәсіби
даярлаудың құрамды бөлігі ретінде көптеген зерттеулерге негіз болды.
Даярлық ұғымы психологиялық жағдай ретінде – М.и.Дьяченко,
Л.А.Кандыбович, К.К.Платонов, А.С.Прангишвили, ДН.Узнадзе т.б.
зерттеулерінде анықталды.
Қазақстанда бастауыш мектепті оқу-әдістемелік кешенмен қамтамасыз ету,
соған сәйкес мұғалімдердің кәсіби-педагогикалық және әдістемелік даярлығын
қалыптастыру мәселелері бойынша Қ.Айтмағамбетова, А.Х.Аренова,
А.Е.Әбілқасымова, Ж.Т.Қайыңбаев, Б.М.Қосанов, Ш.Х.Құрманалина, Т.Қ.Оспанов,
С.Рахметова, С.О.Сатқанов, т.б. ғалымдар көп еңбек сіңірді.
Дегенмен, жоғарыда айтылған мәселелердің барлығы зерттеліп отырған
проблеманың ғылыми-теориялық тұрғыда әлі де болса шешімін таппай
отырғандығын дәлелдейді.
Бастауыш сынып мұғалімдерінің даярлығын жетілдіруде оқытудың белсенді
әдістерін жүзеге асырудың мүмкіндіктері мен оларды жоғары оқу орнында
даярлау процесінде толығымен пайдаланылмауы арасындағы және оқытудың
белсенді әдістерін жүзеге асыру негізінде бастауыш сынып мұғалімдерінің
даярлығын жетілдіру қажеттілігі мен бұл мәселенің педагогикалық теория мен
практикада жеткіліксіз зерттелуі арасындағы қарама-қайшылықтар анық
байқалады. Осы қайшылықтардың шешімін табу мақсатында болашақ
мұғалімдердің кәсіби даярлығын бүгінгі заман сұранысына сай жетілдіру
қажет. Ұсынылып отырған диссертацияда осы мәселенің шешімін табу көзделеді.

Бастауыш сынып мұғалімдерінің даярлығын жетілдірудің теориялық
негіздері атты бірінші тарауда жоғары педагогикалық білім беру теориясы
мен практикасында бастауыш сынып мұғалімдерін даярлаудың жай-күйіне талдау
жасау арқылы оның ғылыми-теориялық негіздері анықталады, оқытудың белсенді
әдістерін жүзеге асыру негізінде бастауыш сынып мұғалімдерінің даярлығын
жетілдіру мүмкіндіктері мен жолдары ашып көрсетіледі, оқытудың белсенді
әдістерін жүзеге асыру негізінде бастауыш сынып мұғалімдерінің даярлығын
жетілдірудің теориялық моделі ұсынылады.
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлауда оқытудың белсенді
әдістерін жүзеге асыру атты екінші тарауда оқытудың белсенді әдістерін
жүзеге асыру арқылы бастауыш сынып мұғалімдерінің даярлығын жетілдірудің
педагогикалық жүйесі, осы жүйенің тиімділігін айқындау мақсатында
ұйымдастырылған тәжірибелік-эксперименттік жұмысты жүргізу әдістемесі
көрсетіледі және оның нәтижелеріне талдау жасалынады, оқытудың белсенді
әдістерін жүзеге асыру арқылы бастауыш сынып мұғалімдерінің даярлығын
жетілдірудің педагогикалық жүйесін пайдаланудың келешегі мазмұндалады.
Қорытындыда

І. Бастауыш сынып мұғалімдерінің даярлығын жетілдірудің теориялық
негіздері
1.1. Жоғары педагогикалық білім беру теориясы мен практикасында

Бастауыш сынып мұғалімдерін даярлауды теориялық тұрғыдан тұжырымдау
философиялық ойлар мен классикалық педагогика өкілдерінің еңбектерін оқып
үйрену мен талдауды қажет етеді.
Балаларды тәрбиелеудегі ұстаздың ролі ежелгі грек ойшылдарының
еңбектерінде ерекше орын алды [ ].
Демокрит адамдар табиғатынан емес, көп жаттығудың нәтижесінде жақсы
адам болып қалыптасатындығын өз еңбектерінде негізгі ұстаным ретінде көтере
отырып, балаға жақсы тәрбие беру үшін жақсы ойлауға, жақсы сөйлеуге, жақсы
еңбек етуге үйрену қажеттігін тұжырымдады [ ].
Сократ тәрбиені мемлекет тарапынан ұйымдастыру, тәрбие беруді
мемлекеттік іс деп қарауды ұсынды. Оның философиясы Өзіңді өзің таны
деген педагогикалық идеяға құрылып, тәрбиеғ берушілерді адамгершілік сапасы
мен білімі тұрғысынан үйлесімді жетілдіріп отыруды көздеді [ ].
Платон шәкірт ұстазының мемлекет алдындағы жауапкершілігіне ерекше
тоқтала отырып, ұстаздың өз міндетін нашар орындауы мемлекетте надандар мен
бұзақылардың көбеюіне жол беріп, оның дамуына кері ықпал ететінін айтты,
ұстаз еңбегінің қоғамдық-әлеуметтік мәні туралы құнды идеялар қалдырды [ ].
Бұл мәселе классикалық педагогиканың көрнекті өкілдері еңбектерінде
(Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов, П.П.Блонский, М.Жұмабаев, Я.А.Коменский,
Н.К.Крупская, А.Құнанбаев, А.В.Луначарский, И.Г.Песталоцци, К.Д.Ушинский,
С.Т.Шацкий, т.б.) жалғасын тапты.
Бастапқы балалық әсер бүкіл өмір бойына із қалдыратынын ескере отырып,
бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби іс-әрекетіне тән ерекшеліктер туралы
К.Д.Ушинский салиқалы пікірлер айтқан болатын, ол тәрбиеші білім беру
ісінде еңбек етіп жүрген оқушының жасы неғұрлым жас болған сайын сол
тәрбиешіден педагогтық білім соғұрлым көп талап етілетініне мән берді [ ].
Қазақ халқының көрнекті жазушысы А.Байтұрсынов мұғалімнің жеке тұлғасы
туралы мәселені көтере отырып, жақсы мұғалім мектепке жан кіргізетінін...
Мұғалім нашар болса, сайлы мектепте отырып сабақ бере алмайтынын айтты.
Сондай-ақ ол мұғалімдерге қойылатын талаптарды тұжырымдады: Бала оқытуын
жақсы білем деген адам, әуелі балаларға үйрететін нәрселерін өзі жақсы
білерге керек, екінші, баланың табиғатын біліп, көңіл сарайын танитын адам
боларға керек [ ].
Ұлы ойшылдар мен педагогтардың құнды идеяларынан бастау алған бастауыш
сынып мұғалімдерін кәсіби даярлау мәселесі бүгінгі күнде педагогика
ғылымының теориясы мен практикасында өз алдында дербес проблема ретінде
бірнеше ғалымдардың зерттеу еңбектеріне арқау болып, әр қырынан зерттеліп
келе жатыр, мұның өзі оның үнемі дамуды, жетілдіруді қажет ететін проблема
екендігін дәлелдейді.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында педагогика және бастауыш
оқыту әдістемесі мамандығы бойынша бекітілген мемлекеттік жалпыға міндетті
білім беру стандартына бастауыш сынып мұғалімнің профессиограммасы
жасалынған. Осы мамандық паспорты, педагогика және бастауыш оқыту
әдістемесі мамандығы бойынша түлектердің біліктілік сипаттамасы, болашақ
мұғалімге қажетті педагогикалық және әдістемелік біліктер мен дағдылардың
бағдарламасы құрайды [ ].
Мұғалімдердің даярлығын оқу пәндерін, педагогикалық практиканың
дидактикалық бағыттылығын күшейту және арнайы оқыту арқылы жетілдіру
проблемаларын Т.В.Амельченко, С.Е.Архипова, С.С.Гамидов, Т.Ш.Домаев,
Л.С.Подымова, Т.С.Сабыров, М.Н.Сарыбеков, С.И.Тадиян, және т.б. көтерді.
Т.Ш.Домаевтың Жоғары педагогикалық білім беру жүйесінде бастауыш сынып
мұғалімдерін даярлаудың теориясы мен практикасы атты зерттеуінде бастауыш
сынып мұғалімінің педагогикалық іс-әрекетінің еркешеліктеріне талдау
жасалынып, оның қызметінің сипаты анықталды. Бастауыш сынып мұғалімінің іс-
әрекеті көп жақты және оқытылатын пәндер мен тәрбиелік шаралардың мазмұнына
сәйкес айқындалады. Сондықтан оның негізі мәні мынада.
– бастауыш сынып оқушыларының ерекшеліктерін тұтастай айқындау;
– тәрбиелік немесе танымдық міндеттерді нақты сыныптық немесе
жекеленген оқушылардың ерекшеліктеріне сәйкес қою;
– сыныптағы және сыныптан тыс уақыттағы жұмыстарды оқушылардың
мүмкіндіктеріне сәйкес жоспарлау;
– оқу жоспарын орындауды ұйымдастыру;
– кері байланысты ұйымдастыру, яғни әрбір оқушының қалай жұмыс істеп
отырғаны туралы мәлімет алып, қажет болған жағдайда көмек көрсету;
– белгіленген жоспарды, кеңесті, қосымша сабақтарды нақтылау;
– істелінген жұмыс нәтижелері жөнінде қорытынды есеп беру-талдау,
олардың қойылған мақсат пен міндеттерге сәйкес келуін қадағалау [ ].
Зерттеуші ғалым бастауыш сынып мұғалімінің педагогикалық іс-әрекетінің
негізгі ерекшелігі ретінде оның еңбегінің объектісі өмірге, оқуға жаңа аяқ
басқан бала екендігін айта отырып, мұғалімнің тәрбиелік қызметіне көп көңіл
бөлу керектігін ескертеді. Өйткені баланың келешекте дұрыс білім алуы мен
дамуы, әрі тәрбиесі көп жағдайда бастауыш сыныпта негізі қаланған
адамгершілік қасиеттерге, еңбексүйгіштікке, танымдық белсенділікке,
білімге, білік пен дағдының көлеміне байланысты болады.
Сонымен бірге Т.Ш.Домаев жоғары педагогикалық білім беру жүйесінде
бастауыш сынып мұғалімдерін даярлауды жетілдірудің жолдары мен құралдарын
қарастыра отырып, оларға төмендегі мәселелерді жатқызады:
а) оқу-тәрбие процесін бағдарламалық-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз
ету, яғни оқу жоспарлары мен бағдарламаларын, оқу-әдістемелік әдебиеттерді
жетілдіру, жоғары педагогикалық білім беру жүйесінің мазмұнын саралау,
студенттердің ғылыми және танымдық қызығушылықтарнын қалыптастыру мен
дамытуды көздейтін арнай курстар мен арнайы семинарларды көбейту;
ә) студенттердің оқудан тыс уақыттағы іс-әрекетінің бағдарламалы-
мақсатты және кәсіби-педагогикалық бағыттылығын күшейту, яғни студенттердің
ғылыми-зерттеу жұмыстарының, әсіресе дипломдық жұмыстардың сапасын арттыру;
Қоғамдық-саяси белсенділікті қалыптастыру мен дамыту;
б) психологиялық-педагогикалық және әдістемелік даярлықтың формалары
мен әдістерін жетілдіру;
в) мектеп – жоғары педагогикалық оқу орны – мектеп жүйесінде
бастауыш сынып мұғалімінің жеке тұлғасын қалыптастыру [ ].
Көрнекті ғалым Т.С.Сабыров оқушылардың танымдық іс-әрекетін арттыруға
қажетті оқыту әдістері мен формаларын тиімді пайдалануға мұғалімдердің
даярлығын қалыптастыру шарттарын тұжырымдайды [ ].
С.И.Тадиян өзінің диссертациялық зерттеуінде жаратылыс-математика
цикліндегі пәндерді оқытудың дидактикалық бағыттылығын күшейту арқылы
жоғары білімді бастауыш сынып мұғалімдерінің даярлығын жетілдірудің тиімді
жолдарын анықтай отырып, мұғалімдік қызметке даярлықты мектепте жұмыс
істеуге айрықша қызығушылық пен мұғалім мамандығы туралы мазмұнды
түсініктің үйлесімді бірігуі, педагогикалық білім, білік және дағдының
нақтылы бар болуы деп түсіндірді. Автор болашақ бастауыш сынып
мұғалімдерінің білім көлемі мен кәсіби білік және дағдыларының қалыптасу
деңгейіне өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру және техникалық оқу құралдарын
пайдалану игі әсер ететінін анықтады және студенттердің кәсіби даярлығын
арттыру үшін лекциялардың практикалық сабақтардың кәсіби-педагогикалық
бағыттылығын күшейту және ғылыми-зерттеу жұмысын мектеп тәжірибесімен
байланыстыру қажеттілігін көрсетеді.
Диссертацияда жаратылыс-математика цикліндегі пәндер алынғанымен,
көрсетілген мәселелер бастауыш сынып мұғалімінің жалпы дидактикалық
даярлығын жетілдіруге байланысты, сондықтан зерттеу нәтижелерін басқа
пәндерді оқытудың ерекшеліктерін ескере отырып, кәсіби даярлықты
қалыптастыру барысында пайдалануға болатыны сөзсіз.
Л.С.Подымова жоғары педагогикалық білім беру жүйесінде бастауыш сынып
мұғалімінің дидактикалық даярлығы мәселесін көтере отырып,
профессиографиялық тұрғыдан оның құрылымын жасайды, ол 12 компонентті
қамтитын 3 бөлімнен тұрады:
1. Сабаққа дайындық кезеңінде қажетті білім, білік, дағдының көлемі;
2. Сабақты жүргізу барысында қажетті білім, білік, дағдының көлемі;
3. Нәтижелерді есепке алу кезеңінде қажетті білім, білік, дағдының
көлемі.
Зерттеуші бастауыш сынып мұғалімінің дидактикалық даярлығының
жекеленген компонеттерінің өзара байланыстылығын көрсетеді, жоғары оқу
орындарында студенттердің дидактикалық даярлығын жетілдіруге арналған
педагогикалық шарттарды ғылыми тұрғадан тұжырымдайды. Зерттеудің құндылығы
бастауыш сынып мұғалімінің оқыту процесін басқаруда, ұйымдастыруда
атқаратын іс-әрекетін айқындауы болып табылады, өйткені оқыту бала дамуында
жетекші роль атқаратыны белгілі [ ].
С.Е.Архипова оқушылардың математикалық ойлауларының дамуына басшылық
етуге болашақ бастауыш сынып мұғалімінің даярлығын жеке тұлғаның біртұтас
құрылымы ретінде қарастырып, оған психологиялық, ғылыми-теориялық,
практикалық және психофизиологиялық даярлықты жатқызады [ ].
Бастауыш сынып мұғалімінің дидактикалық даярлығын әдістемелік
даярлықпен байланыстыру мәселесін қозғаған Т.В.Амельченконың зерттеуі де
көңіл аударарлық дүние. Зерттеуші дидактика мен пәндік әдістемелердің
арасындағы байланыстың негізгі бағыттарын басшылыққа ала отырып, болашақ
мұғалімдердің мектепте математиканы оқыту процесінде дидактикалық-
әдістемелік білімдері мен біліктерін жүзеге асыру даярлықтарына талдау
жасайды және осының негізінде студенттерді оқытуда дидактика мен пәндік
әдістемені байланыстыру, мазмұны мен тәсілдерін ұсынады, бастауыш сынып
мұғалімінің дидактикалық және әдістемелік даярлығының құрылымын жасайды.
Бұл зерттеуде математика пәні негізге алынғанымен, ол жалпы бастауыш сынып
мұғалімінің кәсіби даярлығын жетілдіруге бағытталған, оқу пәні мазмұнының
еркешеліктерін ескере отырып, оқыту процесінде дидактикалық-әдістемелік
білім, біліктерді өзара байланысты қолдана білу қажет [ ].
Жоғары білімді бастауыш сынып мұғалімдерін мектепте математиканы
оқытуға даярлау проблемасы С.С.Гамидовтың Педагогикалық жоғары оқу
орындарында бастауыш мектеп мұғалімдеріне математикалық даярлық берудің
кәсіптік-педагогикалық бағыттылығы атты докторлық диссертациясында жан-
жақты зерттелген. Автор проблеманың психологиялық-педагогикалық және
әдістемелік-математикалық салаларын кешенді түрде зерттеудің негізінде
педагогикалық жоғары оқу орындарында болашақ бастауыш мектеп мұғалімдеріне
математиканы оқытудың біртұтас тұжырымдамасын жасайды және соған сәйкес
әдістемелік жүйені ұсынады. Сонымен бірге зерттеуде педагогикалық
факультеттерде математика мен оны оқыту әдістемесі курстарының мазмұнын
жетілдіру және оларды оқыту барысында математика тарихынан элементтер
енгізу, педагогикалық практиканы, студенттердің өздігінен істейтін
жұмыстарын ұйымдастыру мен өткізу, пәнаралық және пән ішіндегі өзара
сабақтастық мәселелері қарастырылады [ ].
Бастауыш мектепті оқу-әдістемелік кешенмен қамтамасыз ету, соған
сәйкес мұғалімдердің кәсіби-педагогикалық және әдістемелік даярлығын
қалыптастыру бағытында жүргізіледі (Қ.Аймағамбетова [ ], А.Х.Аренова [ ],
А.Е.Әбілқасымова [ ], Л.В.Занков [ ], Ж.Т.Қайыңбаев [ ], Б.М.Қосанов,
Ш.Х.Құрманалина [ ], А.А.Плешаков [ ], Т.Қ.Оспанов [ ], С.Рахметова [ ],
С.О.Сатқанов [ ], Н.Н.Светловская [ ], Л.П.Стойлова [ ], П.М.Эрдниев [
], т.б.)
Бүгінгі таңда бастауыш мектеп әрбір пән бойынша оқу-әдістемелік
кешенмен толық қамтамасыз етілген. Бұл кешен мұғалімдердің кәсіби іс-
әрекетінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлауда оқытудың белсенді әдістерін жүзеге асырудың дидактикалық жағдайлары
Мұғалімнің дидактикалық іскерліктерінің зерттелуі
Бастауыш сынып оқулықтарымен жұмыс істеуге болашақ мұғалімдерді даярлау
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін оқытудың бірыңғай технологиясын жүзеге асыруға даярлау
Бастауыш сынып оқулықтарымен жұмыс істеуге болашақ мұғалімдерді даярлау («Ана тілі» және «Дүниетану» оқулықтары негізінде)
Білім беру мазмұны және оқу жоспары, бағдарламалар, оқулықтар
Болашақ дене шынықтыру мұғалімдерін кәсіби даярлауды ғылыми-педагогикалық тұрғыдан негіздеу
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге байланысты құзырлықтарын қалыптастырудың педагогикалық негіздері
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлауда оқытудың белсенді әдістерін жүзеге асырудың дидактикалық шарттары
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріне жаңа педагогикалық технологияларды меңгертудің педагогикалық шарттары
Пәндер