Бронх өткізгіштігі бұзылу синдромы барысында емдеуге қолданылатын заттар


ҚММУ Ф 4/3-04/02
2007 ж. 14 маусым №6 НХ
ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
жалпы фармакология кафедрасы
Д Ә Р ІС
Бронх өткізгіштігі бұзылу синдромы барысында емдеуге қолданылатын заттар. Балаларға қолдану ерекшеліктері.
Far-2 3214 «Фармакология -2» - пәні
5В130100 «Жалпы медицина» - мамандығы
III курс
Уақыты 1 сағат
Қарағанды - 2012
Кафедраның мәжілісінде бекітілген
28. 08. 2012 ж. № 1 Хаттама
Кафедра меңгерушісі, м. ғ. д., профессор С. К. Жаугашева
Тақырып:
Бронх өткізгіштігі бұзылу синдромы барысында емдеуге қолданылатын заттар. Балаларға қолдану ерекшеліктері.
Дәріс мақсаты: Бронх өткізгіштігі бұзылу синдромы барысында емдеуге қолданылатын заттардың фармакокинетикалық және фармакодинамикалық мінездемесімен таныстыру.
Дәріс жоспары:
- Қолдану және қарсы көрсеткіштері. Кері әсерлері.
- . Бронхолитикалық препараттар. Жіктелуі.
- Адреномиметиктер. Жіктелуі. Әсер ету механизмі. Негізгі фармакологиялық әсерлері. Препараттарға салыстырмалы сипаттама. Қолдануға және қарсы көрсеткіштері. Кері әсерлері.
- М-холиноблокаторлар. Жіктелуі. Әсер ету механизмі. Негізгі фармакологиялық әсерлері. Препараттарға салыстырмалы сипаттама. Қолдануға және қарсы көрсеткіштері. Кері әсерлері.
- Фосфодиэстераза ингибиторлары (метилксантиндер) . Жіктелуі. Әсер ету механизмі. Негізгі фармакологиялық әсерлері. Препараттарға салыстырмалы сипаттама. Қолдануға және қарсы көрсеткіштері. Кері әсерлері.
- Антагонисты лейкотриеновых рецепторов. Жіктелуі. Әсер ету механизмі. Негізгі фармакологиялық әсерлері. Препараттарға салыстырмалы сипаттама. Қолдануға және қарсы көрсеткіштері. Кері әсерлері.
- әсер ету механизмі.
- салыстырмалы сипаттама.
- қолдану және қарсы көрсеткіштері.
- Кері әсерлері.
БРОНХОСПАЗМ КЕЗІНДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ДӘРІЛІК ЗАТТАР.
Жай кездерде бронхтардағы бұлшықет тонусын холинергиялық нервтер ұстап тұрады, бұлар бронхоспазматикалық әсерге алып келеді. Бронхының симптаматикалық иннервациясы болмайды. Бірақта бронхыларда ß 2 - аденорецепторлар болады, адреналин және аденотропты заттарды циркуляциясына әсерін тигізеді. ß 2 - адренорецепторлардың бронходилататорлық әсер арқылы реттейді.
Бронхоспазмның басталу үдерісінде, сондай-ақ бронхиалді астмада бронхының гиперреактивтілігі және әртүрлі стимуляцияның әсері пайда болады. Бұлардың қатарына аллергендер, инфекция, химиялық заттар, суық ауаның енуі, стресс және тағы басқалары кіреді.
Қабыну реакцияның болуы бронхылық гиперреактивтіліктің негізінде жатады, басты рөлді қабыну медиаторлары ойнайды. Олар бронх эпителий жасушасында, мес жасушаларында, альвеола макрофагтарында, нейтрофилдерде, эозинофилдерде, моноциттерде өндіріледі.
Өкпенің мес жасушаларында гистамин, аденозин, нейтрофилдер мен эозинофилдердің хемотоксикалық факторларын құрайды. Көптеген басқа медиаторлардың қабыну үдерісін, лейкотриендер, простагландиндер, тромбоксан, факторлар, тромбоциттерді белсендіруге қатысады. Бұл заттар бронхоспазмдық әсер береді, бронхтың шырышты қабатының ісігін, тамырлардың кеңеюін күшейтеді, лейкоциттердің шырыш қабықшасын инфильтрацияға қабілетті, шырыштың гиперсекрециясын шақырады. Осының барлығы бронхоспазм кезінде өтеді. Сондықтан оның емі провоцирленген стимул әсері мен бронхолитикалық терапияда ғана емес, сонымен бірге қабыну үдерісінің басылуында қолданылады. Бронхиалді астма және бронхоспазм кезінде дәрілік заттар келесі топтарға бөлінеді.
І. Бронхты ұлғайтатын дәрілік заттар (бронхолитиктер) ;
1. ß 2 - адренорецепторларды реттейтін дәрілік заттар (сальбутамол, фенотерол, тербуталин, изадрин, сульфат орципреналин, гидрохлорид адреналин) .
2. М - холиноблокаторлар (сульфат атропині, метацин, бромид ипраропиясы) .
3. Миотропты әсері бар спазмолитиктер (теофиллин, эуфиллин) .
ІІ. Қабынуға қарсы және бронхолитикалық белсенділігі бар дәрілік заттар;
1. Стероидты қабынуға қарсы дәрілік заттар (гидрокортизон, дексаметазон, триамицинолон, бекламетазон) .
2. Аллергияға қарсы дәрілік заттар (кромолин-натрий, кетотифен) .
3. Лейкориен жүйесіне әсер ететін дәрілік заттар:
А. 5-липоксигеназа ингибиторы (зилеутон) .
Б. Лейкотриенді рецептор блокаторы (зафирлукаст, монтелукаст) .
Бронхолитик топтарынан ß - адренорецепторды реттейтін заттар көзге түседі. Қазіргі уақытта бронхоспазма ауруында ß - адренорецепторды қоздыратын дәрілік заттарды қолданылады, сальбутамол (вентолин, сальбен, сальгим, сальтос), фенотерол (беротек Н) . ß - адреномиметиктерге қарағанда, олар тахикардияны аздап қана шақырады. Оларды ингаляция арқылы қолданылады. ß 2 - адреномиметиктер тез әсер ететін бронходилататор. Одан басқа қақырықты бөлуге қабілетті.
Соңғы жылдары сальметрон (серовент), формотерол (форадил) жән тағы басқалары ұзақ әсер ететін ß - адреномиметиктер шығарылған. Сальметеролмен ингаляция жасағанда бронхты үлкейтетін эффект 12 сағат бойы сақталынды, ал сальбутамолда ол 4 - 6 сағат болады. Бронхты астманы емдеу үшін дәрілік заттар берілген, сальметерол және глюкокортикоид құрамындағы пропинат флутиказонның жергілікті әсері болады (фликсотид) . Мұндай кобинирленген препарат серетид мультидиск деп аталады. Қазіргі жағдайда салмотеролдың бронхты үлкейтетін эффектісі флутиказонның қабынуға қарсы әсерімен ұқсас болады және бронхты демікпені емдеу үшін өте қолайлы. Препарат ұнтақ сияқты ингалятор көмегімен қолданылады.
Препарат ұнтақты ингалятор көмегімен еңгізіледі. ß - адреномиметиктер треморды, тахикардияны, алаңдауды, аритмияны және басқа ауру әсерін шақыруы мүмкін.
Осы топтағы тағы бір препарат изадрин (гидрохлорид изопреналині) болады, ол ß 1 және ß 2 - адренорецепторларды реттейді. Ол бронхылық спазмалитиктер болмау үшін қолданылды. Бұл ерітіндіні ингаляция арқылы берудегі мақсатпен қолданылады. Жүрек ß - адренорецепторларына әсер еткенде изадрин жүректің соғуын күшейтеді және жиілетеді.
Изадринді қолданғанда артериялық қысым өзгермейді. Бронх адренорецепторына көрнекті әсер ететіні сульфат орципреналин (алупент) ß - адреномиметигі саналады. Ол бронхылық әсері бойынша изадринге ұқсас, бірақ бұл ұзағырақ әсер етеді. ß 2 және ß 1 адренорецепторларға әсер етеді. Орципреналинді парентералді, ішке және аэрозоль түріндегі ингаляция арқылы еңгізіледі.
Бронхылық спазмда кейбір жағдайда адреналинді қолданылады, альфа және ß (ß 1 және ß 2 ) адренорецепторларға әсер етеді. Тері астына еңгізгенде этиологиясы әртүрлі бронх спазмасына тез әсер етеді, сондықтан шырышты қабықшаның ісігін азайтады. Әсер ету уақыты аз. Еңгізгенде артериялық қысымның жоғарлауы, тахикардия жүректің минуттық көлемінің ұлғаюы болуы мүмкін.
Бронхолитик ретінде кейде эфедрин (альфа және бетта адреномиметиктерге тікелей емес әсер етеді) симпомиметикті қолданылады. Адреналинге қарағанда әсер етуі төменірек, бірақ ұзақ уақыт тұрады. Профилактикалық мақсатпен қолданылады. Эфедринге дәрілік тәуелділік болатынын есте сақтау керек.
М - холиноблокаторлы бронхтың холинергиялық иннервациясын тежейді және бронхолитикалық қасиеті бар заттар. Осы кезде мес жасушасының спазмогенді затымен босатады.
Бронхиалды астмада М - холиноблокатордың белсенділігі адреномиметиктер сияқты болады. Бұл топтағы дәрілік заттарды (әсіресе бронхоспазмадағы аллергиялық емес табиғаты бар холинергиялық иннервация тонусының жоғарлауымен байланысты) сульфат атропин, платифиллин, метацин және ипротропия бромиді қолданады. Бұлар М - холинорецептордың таңдалмаған блокаторы болып табылады. Бұлар препараттың жеткіліксіздігі бронхты, сілекей және басқа бездердің секрециясының төмендеуі, тахикардия, аккомодацияның бұзылуы (метацинді ішкенде байқалауы) болады.
Ипратропия мен ингаляция жасағанда көрнекті әсер болады (атровент) . Бұл препараттың әсері ß - адреномиметиктерге қарағанда жай басталады. Ол 6 сағатқа сақталады. Орталық жүйке жүйесіне бармайды.
Ипратропия фенотерол комбинация сияқты шығарылады (мұндай препарат беродуал Н деп аталады) . Бронхолитиктерге бұдан басқа жаңа тиотропий препараты қолданылады. Ол негізінен М 3 және М 1 - холинорецепторға әсер етеді, бірақ көбінесе біріншімен қатынасы ұзаққа созылады. Сондықтан бұл препаратты М 3 - холинорецепторлар блокаторлар қатарына жатқызылады. Ол ипратропияға қарағанда белсенділігі жоғары және әсер етуі ұзаққа созылады. Бірақ ипратропияның препараттық әсері эффекттің туу жылдамдығы жоғары. Тиотропияның максималді әсері 1, 5 - 2 сағаттан кейін пайда болады. Тиотропияны тәулігіне 1 рет ингаляция арқылы қолданады (арнайы ингаляторларда ұнтақ тәрізді) . Бұны қолданғанда ауыз қуысындағы шырыш қабатының құрғауы пайда болады.
Бронхтың ұлғаюы иннервациядан, препараттарды еңгізуден басқа олар бронхтың бұлшықетіне әсер етеді. Миотропты спазмалитиктерден бронхолитикалық әсерге теофиллин, эуфиллин препараттарын қолданады. Соңғысы теофиллин (1, 3 - диметилксантин) 1, 2 - этилендиамин араласын құрайды.
Жоғарғы концентрацияда теофиллин фосфодиэстеразаны ингибирлейді және осының нәтижесінде цАМФ құрамын ß 2 - адреномиметиктер Са ионының жасуша ішілік концентрациясының төменгі және бронх бұлшықеттерінің дем алуына әсер етеді. Бір кездері бұны теофилиннің жұмысы деп ойлады. Бірақ кейіннен теофиллин концентрациядағы фосфодиэстеразаны тыныштандыратыны белгілі болады. Терапевттік диапазондағы теофиллиннің бронхолитикалық әсері бронхиоланың аденозин рецепторының тежеуімен байланысады. Сондықтан теофиллин кіші қан айналу қысымын төмендетеді, жүректің, бүйрек және бас миында қан айналуын жақсартады. Диуретикалық әсерді жақсарады. Миокард жұмысын реттейді. Осы кезде жүрек О 2 - ні қажет етуі жоғарлайды. ОЖЖ - сін қоздырады.
Соңғы жылдары теофиллин, әсіресе көп уақытқа дейін әсер ететін препараттарды (ұзақтылығы 8, 12 және 24 сағат) бронхоспазм профилактикасында кеңінен қолданылады. Теофиллиннің әсері ß - адреномиметиктерге сәйкес келеді. Бірақ теофилиннің терапевттік қасиетін ұмытпау керек. Ұзақ уақыт қолданылады да қан плазмасында теофиллин концентрациясын және t 1/2 өте жоғары болады.
Теофиллин асқорыту мүшелерінде толығымен сіңіріледі. Бауыр метаболизмге ұшырайды. Бүйрекпен шығады. Сонымен бірге теофиллин плацента арқылы өтіп, ана сүтімен бөлінеді.
Теофиллин препаратын ішке, ректальды және көктамырға еңгізеді. Ішке қолданылатын кезде олар диспепсиялық байланыстар көрінеді. Бұзылу әсерлері эуфиллинді тік ішекке енгізгенде көрінеді. Қосымша әсері: бастың аруы, айналуы, желкенуі, құсуы, зәрдің болмау, аритмия, қозушылық, ұйқысыздық, токсикалық дозада тырысу.
Бронхты демікпені және басқа аллергиялық табиғаты бар бронхоспазмаларды емдегенде, бронхолитикасын басқа қабынуға қарсы және аллергияға қарсы дәрілік заттар кеңінен қолданылады. Бұл препараттарға глюкокортикоидтар кіреді. Олар мес жасушаның және олардың грануляциясын реттейді, ß - адренорецепторлары және кейбір кезде тікелей бронхолитикалық әсерін сенсибилизациялайды. Глюкокортикоидтың басты маңызы, олардың қабынуға қарсы және иммунодепрессиялық белсенділігі бар бронхты демікпе уақытында жақсы көмектеседі.
Глюкокортикоидтарды аэрозоль ретінде (дипропионат беклометазоны, пропионат флутиказоны, будесонид) және жүйелік әсері үшін ішке (дексаметазон, триамициналон және т. б. ) енгізіледі. Соңғы препаратты ингаляция арқылы беруге болады. Тығыз жағдайда гидрокартизонды көк тамырға енгізеді. Глюкокортикоидты аэрозоль ретінде қолданғанда ауыз қуысында және жұтқыншақта кандидамикоздың тууы және жөтел пайда болады.
Синтетикалық аллергияға қарсы препарат кромолин - натрий (хромогликат динатрия, интал, кропоз) үлкен роль атқарады. Ол мес жасушасына Са ионының енуіне жол бермейді және мес жасушаның мембаранасын, олардың грануляциясын реттейді.
Кромолин - натрий препараты бронхты демікпе үстамасын алдын алуда қолданылады. Оны ингаляция арқылы жібереді. Кромолин - натрийға ұқсас болып недокромил табылады.
Аллергияға қарсы кетотифен (задитен) препараты болады. Ол мес жасушасынан шыққан аллергия медиаторын тежейді. Оны бронхты демікпе болуына ескерту кезінде, ринитте және жедел аллергиялық реакциярда қолданылады.
Қосымша әсері : седативтік әсері, кейде тромбоцитопения.
Препаратты күніне 2 рет ішке қолданылады. Әсер етуі жай, максималді әсері 3-4 аптадан кейін байқалады. Н 1 - рецепторының гистаминді тежегіш бронхты астмада әсер етуі аз. Бронхты астма емінде лейкотриенді жүйеге әсер ететін препараттар басты роль алады. Лейкотриендер арахидонды қышқылдың ферменттер қатарынан пайда болады. Осы ферменттер бұл жолдың 5 - липоксигеназасы болады. Таңдамалы 5 - липоксигеназды ингибитор зилеутон препараттары болады. Бұл циклооксигеназаға әсер етпейді. Сондықтан зилеутон лейкотриен биосинтезінің тыныштығының препараты болып табылады. Соңғысы бронхының кеңеюінде көрінеді. Препаратты ішке еңгізеді: сіңірілуі жылдам өтеді. Майлы тағам зилеутонның абсорбциясын жақсартады. Ол бауырдан 1 - ші рет өткен кезде метаболизирленеді. Қан сарысуында максималді концентрация 1, 8-2, 5 сағаттан кейін байқалады. Көп бөлігі (- 93%) қан сарысуындағы ақуызбен байланысты. Бүйрек арқылы метаболиттер шығады (90-95%) ; t 1/2 = 1-2, 3 сағат.
Көбінесе бронхиалді астмада қолданылады. Ревматоидты артритте, жаралы колитте қолданылуы мүмкін.
Қосымша әсері: тоңу, миалгия, бастың ауруы, айналуы, диспепсия, және т. б.
2 ші - топ препараттарға лейкотриенді рецепторларды тежегіштер кіреді. Олардың біреуі зафирлукаст, ол лейкотриенді рецепторы әсерлі және созылыңқы тежейді. Осының нәтижесінде қабынуға қарсы әсерлер көрінеді. Бронхиалді астмада тамырдың тарылуы мен бронхының шырышты қабығының ісіктің төмендеуімен, қақырықтың қою секрециясының азаюымен байқалады. Осы кезде бронхиоланың ұлғаюы көрінеді.
Препаратты ішке еңгізеді (ингаляция кезінде әсері күшті) . Максималді концентрациясы 3 сағатта белгілі болады. Зафирлукастты ашқарында қолдану керек, себебі ішекте тағамның болмауынан препарат 40% сіңірілуі аз болады. Қан сарысуындағы ақуызбен 99% байланысады. Гематоэнцефалдық тосқауыл арқылы нашар өтеді. Ағзада препарат интенсивті метаболизирленеді. Пайда болған метаболиттер ішек арқылы (- 90%) және бүйрек арқылы (- 10%) шығады; t 1/2 = 10 сағат.
Зафирлукаст микросомалді ферментті ингибирлейді. Осы кезде метаболизмге әсер етеді. Клиникалық көрініс жай басталады. (1 тәулік аралығында) . Сондықтан зафирлукастты бронхиалді астманы созылмалы емдеуде және профилактикасы үшін қолданылады. Ол тез әсер ететін антиастматикалық препарат болуы мүмкін (ß - адреномиметик, глюкокортикоид) . Зафирлукаст аллергиялық ринитке берілуі мүмкін.
Қосымша әсері: бас ауруы, гастрит, фарингит, миалгия, артралгия және т. б. Лейкотриенді рецепторының блокаторлары болып монтелукаст (сингулер) жатады. Ол лейкотриендерінің Д 4 (ЛТД 4 ) таңдамалы антагонисті болады. Оның зафирлукасттан айырмашылығы, ол бүйректің микросомалді ферментін ингибирлейді және басқа заттардың әсер ету ұзақтығына қосылмайды.
Ішке еңгізіледі, тез сіңіріледі. Тағам құрамы монтелукасттың абсорбциясына әсер етпейді. Препарат интенсвті метаболизирленеді. Ішекте көбінесе шығады; t 1/2 = 2, 7-5, 5 сағат. Бронхиальды астманың созылмалы емделуінде және профилактикада қолданылады. Препарат жақсы көтеріледі. Жағымсыз әсерінен бастың ауруы, диспепсиялық көріністер, бастың айналуы, тері бөртпелері және т. б. болуы мүмкін.
Иллюстративті материал - Дәрістік слайд презентациясы
Әдебиеттер:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz