Білім беру жүйесінің ресурстары


Жоспар
І. Кіріспе
1. Білім беру ұйымдарының желісі және қолжетімділігі.
2. Білім беру жүйесінің ресурстары.
3. Білім беру жүйесінің қызметінің нәтижелері
4. ҚР білім беру жүйесі аймақтық салыстыруда.
5. ҚР білім беру жүйесі халықаралық салыстыру контексінде.
Қазіргі кезде тұтынушыларға ұсынатын білім беру қызметтерінің сапасы қай елдің болсын білім беру жүйесі қызметінің бағасын анықтаушы фактор болып табылады. Сондықтан, Қазақстан Республикасында қабылданған білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік Бағдарламасында басым маңыздылық отандық білім берудің жоғары сапасына жетуте, оны бағалаудың ұлттық жүйесін құруға бөлінген.
Білім беру жүйесін басқарудың жаңа ұйымдастырушылық және экономикалық әдістері, білім ұйымдарының дербестігінің күшеюі, олар-ды қаржыландыру жолдарының өзгеруі, мемлекеттік-қоғамдық институттардың пайда болуы қоғамның, мемлекеттің және жеке тұлғаның білім беру жүйесімен өзара қарым-қатынасының ұстанымдарын қайта қарауға әкелетіні сөзсіз.
Білім беру жүйесінің жаңа айы, оны реформалау немесе қазіргі жағдайға сәйкес өзгерту жолдары мен тәсілдері жөніндегі пікір-сайыстар Парламент пен Үкімет мәжілістерінде, БАҚ-та, кәсіби аудиторияларда және ата-ана жұртшылығының арасында үнемі өтіп жатады.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, егер білім беру саясаты тек оның ұстанымдарының, мақсаттарының және білім берудің даму мәселелерінің тізбесімен ғана емес, оны жүзеге асырудың халық анық түсінетін, білім беру жүйесінің жағдайын, белгілі басымдылықтардың жетістігін және жоспарланған нәтижелерді сипаттайтын нақты көрсеткіштерге және цифрларға сүйенген нәтижелерімен және қорытындыларымен көрсе-тілсе, мұндай ашық қоғамдық сұхбат мағыналы және сындарлы болар еді.
Қоғам мен білім беру жүйесінің осындай тиімді қарыс-қатынасын қамтамасыз ету үшін жеке білім беру ұйымдарының болсын, елдің барлық білім беру жүйесінің болсын жағдайы, беталысы және қызметінің нәтижелері туралы әр түрлі ақпаратты жүйелі түрде әзірлеп, жариялап және таратып отыру қажет. Бірақ мұндай ақпарат не мүлде болмайды, не көпшілік халыққа жетпейді немесе тек мамандарға ғана түсінікті түрде беріледі.
Республиканың білім беру жүйесінің халықаралық білім беру кеңістігіне кіру қажеттілігі әлі едәуір шамада тек ниет қана болып келеді. Халықтың көп бөлігі, тіпті білім берумен байланысты кәсіби топтар да шетелдердің білім беру жүйелерімен салыстыру деректері, салыстырмалы талдау шолулар өте сирек жарияланатындықтан, олардың жағдайы, даму перспективалары жөнінде бейхабар. Мұндай ақпаратты негізінде ЮНЕСКО, ЮНИСЕФ, БҰҰДБ, Дүниежүзілік Банк сияқты бірқатар халықаралық ұйымдардың есептерінен ғана алып пайдалануға болады.
Бұған қоса, олар талдау және салыстыру үшін қазақстандықтарға даңдылы емес есептеу әдістері мен құралдамаларын қолданады.
Қазақстан Республикасында білім берудің жағдайы мен дамуы туралы Ұлттық баяндама нақты осындай ақтаңдақтың орнын толтыруға арналған. 2005-2010 жылдарға арналган білім беруді дамытудың Мембағдарламасына сәйкес, Ұлттық баяндама жыл сайынғы аймақаралық және
халықаралық салыстырмалы аспектідегі білім беру жағдайының және оның даму беталысының ақпараттық-талдағыш шолуы болады.
Ұлттық баяндама мемлекеттік статистиканың және білім беру мониторингі деректерін талдау негізінде мемлекеттік саясаттың жалпы стратегиясын, негізгі бағыттарын, басымдылықтары мен ұстанымдарын іске асыруды, білім беру саласындағы заңнаманы сақтауды, белгіленген жоспарлар мен іс-шаралардың тиімділігі мен нәтижелілігін анықтайтын құжат болып табылады.
Баяндама басқару шешімдерін қабылдау үшін шынайы ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында заң шығарушы және атқарушы билік органдарына, білім беру жүйесінің қызметкерлеріне арналған. Баяндама еліміздің білім беру жүйесінің жағдайы, дамуы және қызметтерінің нәтижелері туралы оларды ашық ақпараттандыру үшін, оқушылардың ата-аналарына, халықтың әр түрлі әлеуметтік топтарына, БАҢ-қа арналған.
Баяндама еліміздің білім беру жүйесін кешенді талдаудың тұсаукесерлік нұсқасы болып табылады, мұнда білім беру туралы ақпаратты тұтынушылардың әр түрлі топтарына ұсыну үшін алынған нәтижелерді түсіндірулер және оларды көрнекі көрсетулері бар.
Бұл Баяндама, бұдан бұрынғы сияқты, білім беру сапасын бағалау тұрғысынан құрылған және халықаралық тәжірибелерге сәйкес, оның негізгі параметрлері ретінде:
білім беру жүйесінің тиімді қызмет көрсетуі үшін мемлекет тарапынан жасалған әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың;
білім беру үрдісін ұйымдастыру және жүзеге асырудың;
білім беру жүйесінде бар ресурстардың;
оқушыларды оқыту және дамытудың сандық және сапалық деңгейлері алынган.
Ұлттық баяндаманың мұндай тұжырымдамалық негізде алғашқы peт тек 2006 жылы жасалғанын ескеріп, 2007 жылдың Баяндамасын да бұдан бұрынғыға ұқсас құрып, білім берудің 2000-2006 жылдардағы жағдайы мен дамуын тұтас көрсету мақсатқа сай деп қабылданды. Бұл баяндаманың кейбір бөлімдері шындық ақпараттардың, статистикалық көрсеткіштердің және мониторинг деректерінің бар болуына байланысты бұрынғыға қарағанда, толығырақ жазылды және жалпы оның талдау және салыстыру құраушылары күшейтілді.
Баяндаманы дайындағанда ҚР БРМ Департаменттерінің және Комитеттерінің ұсыныстары ескерілді әр түрлі әдеби және ресми статистикалық деректер, - халықаралық ұйымдардың және ҚР BFM құрылымдық бөлімшелерінің, оған қарасты ұйымдардың есептері, ҚР Білім және ғылым министрінің баяндамалары мен сөйлеген сөздері пайдаланылды.
Бұл Баяндама жеті тараудан, кіріспеден, негізгі қорытындылар мен ұсыныстардан, қорытындыдан және статистикалық кестелер түріндегі қосымшадан тұрады.
Баяндамада, бұрын болмаған, отандық білім беру жүйесінің аймақаралық және халықаралық салыстырулары сияқты жаңа тараулар құрылған. Қазіргі кезеңде ҚР білім беру жүйесінің басты міндеті - білім берудің жоғары сапасына жету, оның жеке тұлғаның, қоғамның және мемлекеттің өзекті және болашақ талаптарына сәйкес болу.
Білім беру жүйесі отбасының материалдық жағдайына, тұратын жеріне, ұлттық тегіне және денсаулық күйіне байланыссыз халықтың толық білім алуына тең мүмкіндігін қамтамасыз етуі керек. Бұл мақсатқа жету елде қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық және демографиялық жағдайлармен тікелей байланысты.
Әлеуметтік-экономикалық даму серпіні, халық саны мен жас құрылымының өзгеруі, оның өңірлерде қоныстануы бүкіл білім беру жүйесінің жағдайы мен дамуына айтарлықтай әсерін тигзеді. Өз кезегінде, білім беру елдегі адам әлеуетінің дамуын, еңбек ресурстары сапасының жағдайын анықтайды және елдің әлеуметтік-экономикалы, дамуының басты факторы болып табылады. Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту деңгейіндегі ұйымдар желісі нашар дамыған, бұл балаларды қамту коэффициенті төмен болуының себебі (ҚР BFM мәліметтері бойынша -27, 6%), сондықтан олардың көбі келесі деңгейлерде сапалы білім алу мүмкіндігінде айқын жіктелу нeгізі салынады. Аймақтардағы мектепке дейінгі мекемелер санының, әсіресе ауылдық жерлерде өсу қарқыны халық мұқтажын қанағаттандырмайды.
- Жалпы білім беретін мектептердің желісі жеткілікті дамыған, бірақ ауысым көрсеткішін төмендету, 12 жылдық білім беруге көшу үшін, оқушы орнының санын тек жаңа мектептер салып енгізу арқылы ғана емес, жұмыс істейтін объектілерге жалғастыра жайлар салуды арттыру керек.
- Республикада бастауыш, негізгі және орта білім берумен қамту 2006 жылы тиісінше 99, 5%, 99, 8%, 99, 2%-ды құрады және мейлінше жылдам өсуінің оң беталысы бар, осы көрсеткіштің еліміздің жекеленген аймақтарындағы төмен мәні олардың халқының кедейлік деңгейімен тікелейбайланысты.
- Жалпы орта білім берудің барлық сатыларының дамуындағы мүмкіндіктері шектеулі балаларға қолжетімділігі тым төмен, бұл олардыңконституциялық білім алу құқығына шек қояды.
- БКБ және ОКБ желілерінің аймақтық дамуының жеткіліксіздігі оқыту ұйымдарының санын көбейтуді талап етеді. Осымен қатар, баста- уыш кәсіптік білім берудің беделін, әсіресе, қазақ жастарының арасында кетеру керек.
- Елдегі ЖОО-лардың желісі жеткілікті дамыған, бұл білім берудің осы деңгейімен қамтудың жоғары коэффициентін (31, 9%) қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, жоғары кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға арналған білім алу гранттары түрінде бөлінетін мемлекеттік қаржыландыру көлемі әлі төмен және ол студеттер мен магистранттардың жалпы саныныңнебәрі 16, 9 %-ды құрайды. Бұл білім берудің осы деңгейіне ауылдық жастардың және жалпы төлеу қабілеттілігі төмен отбасылардың шектейді.
II. Білім беру жүйеснің ресурстары
- Ел бойынша білім беруді қаржыландыру өсуінің айқын көрінетін беталысы бар, бірақ сонымен қатар 2005 жылы білімге бөлінген мемлекеттікшығыстар үлесі елдің ІЖӨ-сінде небәрі 3, 4%-ды құрап, төмен болып қала берді.
- Жергілікті бюджеттегі білім беру қызметкерлерінің еңбекақысына арналған шығыстардың үлесі әлі өте жоғары болғанына қарамастан, ол жыл сайын қысқаруда, бұл оң беталыс. Бұл білім беру жүйесінің дамуына, мектептердің материалдық базасын жақсартуға және оқу үрдісін тиімді ұйымдастыруға әсерін тигізеді.
- Республикалық бюджеттен аймақтарға нысаналы трансферттер бөлу есебінен білім берудің жаңа объектілерін салуды қаржыландырукөлемі өсті, бірақ олар тиімді бөлінбейді.
- Шағын жинақталған мектептерді ұстау мемлекетке қымбатқа түседі, бұл оларда оқитын оқушылардың білім сапасының төмендігін ескереотырып, осындай мектептердің мәселесін тиімді шешу бойынша жаңа түбегейлі және кідірусіз шаралар қолдануды талап етеді.
- Орта және жоғары кәсіптік білімі бар мамандар дайындау қызметтері саласында мемлекеттің қатысу үлесі жыл сайын қысқаруда, сонымен халықтың жоғары білім алуға жұмсалатын шығыстарының халықтың, жан басына шаққандағы ІЖӨ-ге үлесі әлемде ең жоғарыкөрсеткіштердің бірі болып табылады.
- Мектепке дейінгі және орта білім берудегі педагогикалық кадрлар құрамының сандық және сапалық көрсеткшттерінің біртіндеп жақсару беталысы бар, жас мамандар үлесі өсуде. Бастауыш кәсіптік білім беруде педагогикалық кадрлардың сапалық көрсеткіштері төмендеуде, жоғары жәнебірінші санаттағы оқытушылардың үлесі және өндірістік оқыту шеберлерінің үлесі төмендеуінің айқын беталысы байқалады.
- Орта кәсіптік білім берудегі педагогикалық кадрлардың сандық көрсеткіштері елеулі өсуінің айқын беталысы бар, сонымен қатар сапалық көрсеткіштері жыл сайын төмендеуде.
- Педагогикалық кадрларды дайындау көлемі күрт өсуінің айқын беталысы бақыланады, бірақ мектептерде бар шамалы қажетіліктің өзіжыл сайын қанағаттандырылмайды.
- Білім беру жүйесінде орташа еңбекақы өсуінін, оң беталысы бекіп келеді, бірақ оның не оқыту жүктемесінің көлемін, не мамандық жетіспеушілігін, не педагогтар жұмысының қосымша түрлерін есепке алмайтын мөлшері мен «орта-шалауы» оларды шығармашылық және тиімділігі жоғары жұмысқа ынталандырмайды.
- Осы кезде бар мектепке дейінгі ұйымдардың материалды-техникалық жағдайы қазіргі талаптарға жауап бермейді. жағдайы жақсартылмайды, бейімделген ғимараттардың саны өсуде. Олардың көбі дұрыс жабдықталмаған (ыстық су мен канализа-ция жоқ) .
- Бюджетік қаржыны бөлгенде мектептердің оқу-материалдық базасын ұстауға және дамытуға нақты қажеттілігі есепке алынбайды, күрделі жөндеуді қажет ететін және апаттық жағдайдағы мектептер саны кеміген жоқ.
- Жатақханаға мұқтаж студенттерді қамтамасыз ету жағдаяты жақсы емес, со-нымен қатар қолданудағы жатақханалардары орындардың төрттен бірі дерлік басқалардың тұруына берілген.
- Білім беру ұйымдарының компьютерлермен қамтамасыздығы, оқу кабинеттерінің, зертханалардың, шеберханалардың жабдықтарықазіргі талаптарға сәйкес емес, бұл оқушылардың білім сапасына, оқу пәндерін оқытуға және жалпы алғанда Мемлекеттік жалпыға міндетті білім берудің барлық деңгейлерінің стандарттарын орындауға кері әсерін тигізеді.
- Оқушылардың ыстық тамақтануын ұйымдастыруда республика бойынша оң динамика бақыланады, бірақ олар облыстар түрлі. Тұрмыс жағдайы төмен және көп балалы отбасылар ішінен шыққан, азаматтардың (қамқоршының) бағып қағуындағы жетім балаларды тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етудің өсу беталысы бар, бірақ қажеттілік әлі әсте қанағаттандырылған жоқ.
- Мектеп кітапханаларының оқулықтармен және оқу-әдістемелік әдебиетпен қамтамасыздығы қанағаттанарлық, бірақ сонымен қатар қазақтіліндегі әдебиеттің айтарлықтай жетіспеушілігі бақыланады.
БКБ және ОКБ ұйымдарында оқулықтардың және оқу-әдістемелік әдебиеттің бір оқушыға есептегендегі саны кітап қорының ескіруімен, оларды мемлекеттік тілдегі оқулықтармен жеткіліксіз қамтамасыз етумен және оқитын оқушылардың санының көбеюімен байланысты жыл сайын күрт азаюда. «Алтын белгі» белгісімен марапатталған түлектер саны көбеюде, бірақ үздік аттестат алған түлектер үлесі төмендеуде.
- Халықаралық олимпиадалар және оқушылардың ғылыми жарыстар жеңімпаздарының саны айтарлықтай көбейді, бұл дарынды балаларға арналған мекемелер санының өсуімен байланысты.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz