Болашақ педагог-психолог мамандардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастырудың теориялық негіздері


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

КіріспеНегізгі бөлімБолашақ педагог-психолог мамандардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастырудың теориялық негіздері1 Болашақ педагог-психолог мамандардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастырудың мәні және сипаты2 Болашақ педагог-психолог мамандардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастырудағы жаңа педагогикалық технологиялардың алатын орны және атқаратын қызметі3 Болашақ педагог-психолог мамандардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру моделіҚорытындыПайдаланылған әдебиеттер тізімі:

Кіріспе

Негізгі бөлім

Болашақ педагог-психолог мамандардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастырудың теориялық негіздері

1 Болашақ педагог-психолог мамандардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастырудың мәні және сипаты

2 Болашақ педагог-психолог мамандардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастырудағы жаңа педагогикалық технологиялардың алатын орны және атқаратын қызметі

3 Болашақ педагог-психолог мамандардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру моделі

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Нәтижелі білім берудің мәні студенттің іс-әрекеті оның жеке басының әлеуетін іске асыруға негізделген және оның оқылатын пәндер мен салаларға сәйкес келетін білім алуын талап етеді. Білім берудің мұндай түрі білім алушының ішкі субстанциясының өзгеруіне және оның өзіндік тәжірибесі, құзыреттерінің пайда болуына жәрдемдеседі.

Негізгі құзыреттілікті қалыптастыру студенттердің білім, білік және іс-әрекет тәсілдерін шынайы өмірде практикалық міндеттерді шешуге қолдана алуға дайындығын көрсетеді. Құзыреттілік В. А. Болотов, А. В. Бурцев, В. В. Евдокимов, И. А. Зимней, М. В. Кирилина, С. Г. Молчанова, Г. К. Селевко, В. В. Сериков, Ю. Г. Татура, А. В. Хуторской және т. б., көптеген зерттеушілер «құзыреттілік» белгілі іс-әрекетті жүзеге асыруға қажетті тұлғаның құзыреттер жиынтығы негізінде меңгерген кіріктірілген сапасы деп көрсетеді. «Құзырет» алған білім, білік және іс-әрекет тәжірибесі негізінде әрекет жасауға дайындығы және қабілеті. Көптеген зерттеушілер қазіргі таңдағы ең басты міндет адамның оқу үдерісінде меңгеретін негізгі құзыретін және оны қалыптастырудың амалдарын анықтау болып табылады.

Ю. Мель әлеуметтік құзыреттілік мәселесін қарастыра келе, өзінің мүмкіндігіне сенімділігі ғана байланысты емес, шешуге қажетті нақты проблемалық жағдайда нағыз шешім қабылдауы деген. Зерттеуші Р. Селман әлеуметтік құзыреттілікті қарастырып, автордың ұсынған үлгісі әлеуметтік көзқараспен негізделген. Бұл үдеріс балалық шақта алғашқы нөлдік, кейін жасөспірім кезеңде жоғары әлеуметтік-символикалық бағдары деңгейіне, одан да жоғары деңгей жастарда кешенді көпжоспарлы жүйесі, бағасы, ынтымақтастыққа бағдарланады. Бұл пікір бізге жақын келеді, яғни әлеуметтік құзыреттілік индивидтің жасына қарай анықталады.

У. Пфипгстеп, Р. Хиптчтің еңбектеріндегі әлеуметтік құзыреттілікті анықтау тұғыры қызығушылық туғызды. Олар адамның әлеуметтік біліміне, өзара әрекеттің мақсаты мен нәтижелігіне ерекше көңіл бөліп қоймайды, мінез-құлық амалдарына мән береді. Аталған зерттеушілер әлеуметтік құзыреттілікті - белгілі әлеуметтік жағдайларды ұзақ уақытқа жағымды және жағымсыз салдардың қолайлы ара қатынасына жетелеп, мінез-құлықтың когнитивті, эмоциональды және моторлы тәсілдерін меңгеруі деген. Зерттеуші В. Н. Куницынаның зерттеуінше, әлеуметтік құзыреттіліктің құрылымдық компоненттерін саралаған:

- әлеуметтік ақиқат пен өзі туралы білімнің жиынтығы;

- өзара әрекеттің әлеуметтік біліктілік пен дағдылардың күрделі жүйесі;

- кез-келген ортаға тез бейімделуге, білімінің негізінде шешім қабылдауы, пайда болған конъюктура негізінде байқалатын типтік әлеуметтік жағдайлардағы мінез-құлық нобайы;

- «мында, қазір және неғұрлым бейнелі» қағидасы бойынша әрекет жасап, болған жағдайдан барынша толық шығарып алуы.

Болашақ педагог-психолог мамандардың негізгі құзыреттіліктерінің алғашқы белгілері тікелей іс-әрекетте пайда болуы және онда дамуы үдерісі деп түсінеміз. Негізгі құзыреттіліктер студент тұлғасының дамуы және жас ерекшеліктерімен, жеке әлеуметтік тәжірибемен табиғи байланысты болып келеді.

ЖОО-да білім беру технологияларын пайдаланудың тиімділігі болашақ мұғалімнің кәсіби іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыра алуымен байланысты. Педагогикалық іс-әрекеттің қыр-сырын әртүрлі салада қарастырған ауқымды зерттеу еңбектері баршылық.

  1. Болашақ педагог-психолог мамандардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастырудың мәні және сипаты

Еліміздің болашақтағы дамуы, өсіп-өркендеуі, әлемдік кеңістіктегі орны білімнің бағыт-бағдарына, оның тиімділігіне байланысты болмақ. Осы бағытта білім беру жүйесінің орны маңызды, себебі кәсіптік құзыреттілігі жоғары мамандар - мемлекет дамуының кепілі. Демек, студенттерді үздіксіз өз бетімен білім алуға, білімін жетілдіруге баурап, өмірлік белсенді ұстанымы бар шығармашыл әрі жауапкершілік, ізденімпаз, дербес тұлға тәрбиелеу міндеті қойылып отыр. Яғни студенттердің оқу-танымдық іс-әрекетінде субъективті шығармашылық дербестігін дамытатын оқу үрдісін ұйымдастыру, тиімді әдіс-тәсілдерін пайдалану, өзіндік жұмыс істеу, біліктерін қалыртастыру, іздену аясын кеңейту кәсіптік орта білім беретін оқу орындарында өзекті мәселе болып табылады.

«Құзыреттілік» сөзі француз тілінен «заңға сай», ал латын тілінен «сай болу», «қабілетті», «талап қою», ал ағылшын тілінен «қабілетті», «жетік» деген мағынаны білдіреді. Сонымен қатар құзыреттілік ұғым «білім», «біліктілік», «әдет» сияқты ұғымдарды қамтиды. Құзыреттілік оқу нәтижелерімен қатар, студенттердің шығармашылық іс-әрекеттері мен құндылық бағдарларының жүйесін көрсетеді.

Кәсіби құзыреттілік ұғымы Б. С. Гершунский еңбектерінде сауаттылықтан басталып, менталитеттен аяқталатын даму сатысының қандай да бір деңгейін белгілейтіндігі туралы айтылса, В. А. Сластинин кәсіби құзыреттілікті жеке тұлғаның кәсіби іс-әрекетті атқаруға теориялық және практикалық әзірлігі мен қабілетінің бірлігі деп түсіндіреді. Осы айтылғандарды түйіндей келе, «кәсіби құзыреттілік» сонымен қатар адамның өзіндік кәсіби деңгейімен, тәжірибесімен және өзіндік қабілеттерімен ерекшеленіп, оның түрткі болған талпынысы, үздіксіз өз бетімен білім алу, білімін жетілдіру, іске деген шығармашылық, жауапкершілік қатынасымен анықталатындығын және құзыреттілікті кәсіби білімімен, негізгі мамандығымен сәйкестендірмей, керісінше құзыреттілік студенттің мамандықпен ғана шектеліп қалмай, ауқымды сұрақтар төңірегінде бағытталуын, кәсіби мобильділігін, өзгерістерге ашықтығын, өз білімін дамытуға дайындығын қамтамасыз ететінін де көрсетеді.

Құзыреттілік жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайда аман қалуды қамтамасыз етеді және олар бәсекеге қабілетті маманмен қамсыздандырады. Көптеген елдерде құзыреттілікке жаңаша мән берілгендіктен, білімді жоғары дәрежеге көтергені жақсы мәлім. Құзыреттілік еңбек базарында тұрақты өсіп отырған талаптармен, шапшаң технологиялық өзгертулермен, жаһандастырумен, соның ішінде академиялық және еңбектегі мобильділіктің өсуімен негізделген.

Жалпы түрде кәсіптік құзыреттілікті жалпыланған білімнің, дағдының және қабілеттіліктің біртұтас және жүйеленген жиынтығы ретінде қарастыруға болады. Өйткені ол студенттің алған білімі мен дағдыларын іс жүзінде, кез-келген ортада кәсіби міндеттерді шешу немесе күнделікті өмірде қандай да бір теориялық және практикалық үрдістерді шешу үшін қолдана алу қабілеттілігі мен дайындығы, яғни өзгермелі еңбек нарығы жағдайында қисынды болу қабілеттілігі мен дайындығы болып табылады.

Неғұрлым кең қолданылатын әмбебап құзыреттіліктерді түйінді құзыреттіліктер деп атайды. Олар қазіргі заманғы ғылыми білім негіздерін, көптеген нәрселер мен нақты құбылыстардың қағидалары мен заңдылықтарын қамтиды.

Кәсіптік құзыреттілік теориялық және практикалық мәселелерді шешу үшін іс-әрекеттің алуан түрін орындау үрдісінде жүзеге асады, сондықтан олардың құрамына іс-әрекеттік білім, білік дағдылармен қатар, мотивациялық және сезімдік - еріктік салалар да енеді. Кәсіптік құзыреттіліктің маңызды құраушысы тәжірибе, яғни адамның түрлі мәселені шешудегі меңгерген жеке әрекеттері мен әдіс-тәсілдерінің тұтас бірлікке жаңалануы болып табылады. Білім мен ақпарат үстемдік құрған қоғамда білім беру жүйесі инновациялық экономиканың негізгі бөлігі болып табылады. Қатаң талаптары қалыптасып келе жатқан инновациялық экономика қай салада болса да, бүгінгі маманның құзыреттілігін, яғни өз саласы бойынша ой-пікірінің қалыптасуын, кәсібилігін, өмірдің өзгермелі жағдайына бейімділігін, оған сай өз білімін пайдалану ғана емес, оны қажеттікке қарай толықтырып отыруды талап етеді.

Сонымен қазіргі кезде кәсіптік білім беретін оқу орындарында білім беруді жетілдірудің негізіне құзыреттілік тәсілді қолдану ұсынылып жатыр.

Оқытудағы құзыреттілік тәсіл Қазақстан, Ресей педагогтері мен психологтарының еңбектерінде жан-жақты қарастырылып жүр, онда жалпылама білімдер, біліктіліктер мен іс-әрекет тәсілдерін меңгеруге баса назар аударылады.

Жалпы алғанда, дәстүрлі оқыту әдістемесінде «құзыреттілік» жаңа ұғым емес. Мысалы, лингвистикалық құзыреттілікті орыс, қазақ тілдерін оқыту әдістемесінің мамандары бұрыннан қолданып келеді. Ал тіл мен информатикада коммуникативтік құзыреттілік жиі қолданылады.

Студенттердің кәсіптік құзыреттілігі, ең әуелі, орта кәсіптік білім беретін оқу орындарында оқыту үрдісі кезінде қалыптасады. Ол оқу үрдісінің негізгі сапа көрсеткіші болып табылады және қойылған мақсатқа жетуді көздейді.

Оқудағы құзыреттілік тәсілді жүзеге асырудағы мақсат- білім беру сапасын қамтамасыз етеді және студенттердің теориялық білімдерді игеріп қана қоймай, оны нақты мәселелер мен проблемалық жағдайларды шешуге қолдана алатындай болуын талап етеді. Педагог пен студент арасындағы авторитарлық қарым-қатынастар құзыреттілік тәсіл кезінде оқу іс-әрекетіндегі субъектілер арасындағы бірлестік пен жұптастық қарым-қатынастарға айналады.

Бүгінгі қоғамда мамандардың әлеуметтік кәсіби қызметі елеулі өзгерімке ұшырады. Қазір өз бетімен білім алу, өз жұмысын ұйымдастыра білу, өзін-өзі реттей білу, жауапкершілік, практикалық интеллект, сенімділік, жоспарлауға қабілеттілік, өзін-өзі бақылау сияқты сапалар мен қасиеттер сұранысқа ие болып отыр.

Қазіргі бәсеке заманында қажыр-қайратың, ынта-жігерің, тынымсыз ізденісің болмаса, көштен қалу оп-оңай екендігін де атап көрсеткен болатын.

Білім беру жүйесінің міндеті белгілі бір көлемдегі білім беруді көздеу емес, алынған кәсіптік білімді адамның өзінің қызметінде қолдана білуге үйрету болуы тиіс. Осыған байланысты бүгінгі күні жеке тұлғаның, яғни студенттің, өз бетінше дербес білім алуында болып жатқан оқу үрдісі - күрделі, жеке психофизиологиялық үрдіс деп қарастырылады. Бұл жерде студент оқу объектісі емес, оқу субъектісі болып табылады. Ол оқу үрдісінде оқытушылармен, өзге студенттермен, т. б. адамдармен қарым-қатынас жасай отырып дамиды және де ол үрдістің өту сипатын, ерекшелігін өзі айқындайды.

Қазіргі таңда қалыптасып қалған білім, білік, дағдыға негізделген білім берудің нәтижелері мен жаңа әлеуметтік экономикалық қоғам қажеттіктері деңгейі арасындағы қайшылықтар айқын байқалуда. Өйткені, заман талабы педагог мамандардың құзыреттілік сапаларын қоғамның жаңа құрылымына сәйкес белгілеп отыр.

Мысалы, Болон процесі оқытудағы білім, білік, дағдыға қоса құзыреттілік сапаларының қарастырылуын жаңа парадигма туғызып отырған қажеттілік деп бағалайды.

Білім - қоғамды әлеуметтік, мәдени үрдіспен қамтамасыз ететін жоғары құндылық. Осы жоғары құндылық сапасын көтерудің басты шарты - педагогтардың кәсіби құзыреттілігін дамыту болып табылады. Олай болса, білімге негізделген қоғам құрылысының негізгі басымдықтарын есепке ала отырып, педагог мамандардан аса жоғары кәсіби құзыреттілік талап етіледі.

Еуропалық білім кеңістігінде қоғамға қажеттік, мобильдік, өзара сенім білдірудің ең басты шарты алынып, сапа көрсеткіштері ретінде құзыреттіліктер қарастырылуда.

Құзыреттіліктің заман талабына сай кез келген саланың маманы болуға мүмкіндік беретін басты екі түрі белгіленіп отыр. Олар - «пәндік» және «пәннен жоғары метапәндік» құзыреттіліктер. Атап айтқанда, «пәндік» құзыреттілікке белгілі бір пәнді меңгеруге (ұстаздар үшін) немесе белгілі бір саланы меңгеруге қажетті білім мен білік жатқызылса, «пәннен жоғары метапәндік» құзыреттілік ретінде адамның өз білімін пайдалану және одан әрі дамытуға бағытталған ақпараттық, коммуникативтік, бірлесе жұмыс жасай алу қабілеттері, өз әрекеттерін басқару дағдылары сияқты қасиеттері жатқызылады.

Педагогикалық-психологиялық әдебиеттердегі ғалымдардың зерттеу-леріне қарағанда, кәсіби шеберліктің қалыптасуы мен даму үрдісінде екі ұғым: құзыреттілік (компетенттілік) және құзырет (компетенция) ұғымдары пайдаланып келеді.

2 Болашақ педагог-психолог мамандардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастырудағы жаңа педагогикалық технологиялардың алатын орны және атқаратын қызметі

Жоғары білімді дамытудың негізгі үрдісі мамандар даярлау сапасын арттыру, қарқынды ғылыми-зерттеу қызметімен ықпалдастырылған инновациялық білімді дамыту, жоғары оқу орындары зерттеулерінің әлеуметтік сала мен экономиканың қажеттіліктерімен тығыз байланысы, білім беру және жаңа технологияларды жетілдіру болып табылады.

Қазіргі заман жағдайында жоғары білім беру жүйесіне бірінші кезектегі міндет жоғары білікті мамандарды даярлауды жетілдіру болып табылатын, оны айырықша сала ретіндегі түсінуді көздейтін жаңа сапа мен қоғамдық мәртебе, икемділік пен бейімділік беру қажет. Осы міндетті жүзеге асыруда жаңа педагогикалық технологиялардың алатын орны ерекше.

Жаңа технологияның білім кеңістігіне енуі - оның төменде келтірілетін тәуелсіз аксиомалардың барлық қағидаларын қанағаттандыра білуіне тығыз байланысты болып келеді. Аксиома жүйесі аксиомалардың үш тобынан тұрады. Оларға: педагогикалық технологияның еліміздің біртұтас білім беру кеңістік аясына қосылу аксиомалары; оқу үдерісінің үлгілерін жасау аксиомалары; оқу үдерісін жетілдіру аксиомалары. Әрбір аксиоматикалық топқа үш аксиомадан келеді. Қосылған аксиомалардың бірінші тобына:

- педагогикалық технологияның еліміздің білім беру кеңістігіндегі қажеттілік аксиомасы;

- педагогикалық технологияның «ұстаз» жүйесіне сәйкестік аксиомасы;

- пәндік әдістемелік жүйелерге қатысты педагогикалық технологияның универсиалдылық аксиомасы.

Оқу үдерісінің үлгісін жасау аксиомаларының екінші тобына:

- оқу үдерісін параметрлеу аксиомасы. Мұндай кезде таңдап алынған параметрлер оқу үлгісін құрайды және ол өз кезегінде педагогикалық технологияның негізіне айналады.

Бірініш параметр - оқу-тәрбие үдерісінің мақсаттары мен бағыт-бағдарлары жайындағы хабарларды кішігірім мақсаттар жүйесі бойынша береді «Мақсаттық бағдар».

Екінші параметр - кішігірім мақсаттарға жетудің немесе жете алмау фактілері жайындағы басқару хабарларын береді «Диагностика».

Үшінші параметр - диагностикадан ойдағыдай өтіп кетуді қамтамасыз ететін білім алушылардың өзіндік жұмыстарының сипаты, көлемі, ерекшеліктері жайындағы мазмұны және сандық хабарларды қалыптастырады «Дозалау».

Төртінші параметр - ол оқытушының әдістемелік ойларын оқу үдерісінің тұтастық және логикалық көрнекілік үлгілеріне аудару жайындағы хабарлар «Логикалық құрылым». Бұл параметрдің оқу үдерісі жағдайына байланысты сан-салалы хабарларды бере алатын қабілеті бар. Сондықтан да олар бұл параметрмен жұмыс істей білу ұстаздың технологиялық және педагогикалық шеберлік деңгейін танытады. Бұл параметр оқу үдерісінің логикалық құрылымының жай ғана көшірмесі емес, өйткені ол барлығы да технологиялық түрде көрініс табатын және белгілі бір технологиялық шаралар негізінде барынша жақсарып, үйлесімділік табатын жұмыс аймағы болып саналады. Бұл жердегі ұстаздың кәсіптік қызметін іс-жүзіндегі жүзеге асырылған технология деп бағалауға негіз бар сияқты.

Бесінші параметр - диагностикадан өтпеген педагогикалық кемшіліктер және түзетудің әдістемелік жолының мазмұны жайында хабарлар жеткізеді «Түзету».

- оқу үдерісі үлгісінің тұтастығы мен циклдігі. Оқу үдерісін технологияландырудың ең басты обьектісі кез келген пәннің тақырыбы болуы керек. Оқу тақырыбына бөлінетін уақыт міндетті түрде заңдастырылуы қажет. Тек қана оқу тақырыптарының жобасында бес параметрлердің көмегімен болашақ оқу үрдісінің негізі қаланады және дәл осындай оқу тақырыбы ғана технологияландырудың циклділігін қамтамасыз ете алады. Сөйтіп, біз кез-келген пән бойынша оқу үдерісін жобалауға толық мүмкіндік ала аламыз;

- оқу үдерісінің ақпараттық үлгісін технологияландыру аксиомасы. Оқу үдерісінің ақпараттық үлгісін технологияландыру бір оқу тақырыбының шеңберінде оқу үдерісі жобасының технологиялық картасын жасаумен тығыз байланысты болып келеді және мұнда оқу үдерісінің жоғарыда аталып өткен барлық бес параметрлері толық қамтылады. Мұндай технология оқытушыны технологиялық картаға сәйкес келетін барлық бес компоненттерді жобалаудың технологиялық шаралар жүйесімен қаруландыра алады. Ал технологиялық картаның өз басы тақырып бойынша жасалған оқу үдерісінің төлқұжаты рөлін атқарады. Дәл осы сипаттағы оқу үдерісінің жобасын одан әрі айқындау сабақтың арнайы жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

Педагогикалық технологияның нәтижесінде болатын оқу үдерісінің жобасын қалыпқа келтіру аксиомаларының үшінші тобына:

- ұстаздың кәсіби қызметін технологияландыру аксиомасы. Бұл аксиоманың, ең бірінші кезекте оқытушының кәсіби қызметінің төменде атап өтілетін компоненттеріне тікелей қатысы бар:

Бірінші компонент - оқытушының өзінің әдістемелік тәжірибесінің арқасында толық оқу жылына арнап жасаған оқу үдерісінің педагогикалық нұсқасын және мемлекеттік білім беру стандартының талаптарын кішігірім мақсаттар ретінде бере білуі. Ал осы айтылғандардың дер кезінде орындалуы кез-келген мамандықтың мемлекеттік білім беру стандартын ойдағыдай жүзеге асыруына себепкер болады. Кішігірім мақсаттардың бұл жүйесі саты түрінде көрініс таба алады, ал стандартқа әкеліп соғатын кішігірім мақсаттар бұл арада баспалдақтар рөлін атқарады. Басқаша айтқанда, бұл - білім берудің мелекеттік стандартын кішігірім мақсаттар тіліне көшіру деген сөз, ал дәл осы жердегі кішігірім мақсат - білім алушылардың танып-білу және даму баспалдағы.

Екінші компонет - оқытушыдан, жобаның авторынан педагогикалық шеберлік пен шығармашылықты талап етеді, өйткені бұл талап өте күрделі әдістемелік әрекет - дәстүрлі қолданыстағы тақырыптарды қайта қарау қажеттілігінен туындап отыр. Шындығында да, бүкіл оқу жылына арналған кішігірім мақсаттар оқу тақырыптарының арасындағы шекараны жойып жіберетін секілді. Осы жағдайдан кейін оқытушы жинақтаған тәжірибесі мен технологиялық жағдайларға арқа сүйей отырып, өзінің авторлық еңбек құрылымын насихаттай алады.

Үшінші компонент - ол технологиялық картаны жобалауды кәсіби тұрғыдан жүзеге асыра білу қабілеті. Бұл компонентті педагогикалық шеберліктің шыңы деп бағалауға болады, өйткені оқытушы оқу үдерісінің болашағына байланысты өзінің ойлары мен жоспарларын технологиялық картаның канондық формасы ретінде елестетеді. Осы орайда мұндай кәсіптік қабілеттің өзінің мән-мағынасы жағынан өте күрделі, көп компонентті, интегративтік екендігін ерекше атап өтуіміз керек. Сондықтан да болар қалыптасқан бұл жағдай оқытушыдан жоғары дамыған рефлексияларды қажет етеді.

Төртінші компонент - ол сабақтың ақпараттық картасын жасауды кәсіби тұрғыдан жүзеге асыра білу. Өйткен сабақтың инновациялық картасының жиынтығы белгілі бір пәннің тақырыбы үшін болашақ оқу үдерісінің айқындалған жобасы ретінде қабылданады.

Бесінші компонент - ол екі педагогикалық обьектіні кәсіби деңгейде салыстыра білу қабілеті. Олар: технологиялық карта мен сабақтың инновациялық картасының жүйесі түріндегі оқу үдерісінің жобасы мен сол сыныптағы оқу үдерісінің нақты нәтижелері. Осы орайда мұндай салыстырулардың белгілі бір параметрлер мен технологиялық шараларға сүйене отырып өткізілетіндігін атап өтуіміз керек сияқты.

3 Болашақ педагог-психолог мамандардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру моделі

Қазіргі замандағы зерттеулерінде мәселені көрсететін әр түрлі аспектілер қарастырылады сонымен қатар, білім берудің құзыретті тәсілі, оның түрлерінің сипаты, құзыреттіліктің мазмұны мен дамуы, кәсіби білім беру мен оқу-зерттегіштік іс-әрекетті ұйымдастыру туралы көптеген ғылыми жұмыстардың санына қарамастан, жалпы білім беретін жоғары оқу орындарында педагог-психолог мамандардың кәсіби құзыреттілігінің даму мәселесі олардың бірде-біреуінде қарастырылмаған. Кәсіби құзыреттілік толық зерттелмеген мәселе болып отыр, көптеген тәсілдер бола тұра, оның мәні мен даму үдерісінің бірегей түсінігі жоқтың қасы. Мамандардың кәсіби құзіреттілігі біліктілікті игерудегі жетістігіне қарамастан, оқу-зерттегіштікті ұйымдастыру практикасында қысқаша берілген, топтағы мамандардың зерттеу жүргізу мен нәтижелерін безендіруде қиындыққа тап келеді; оқу-зерттегіштік іс-әрекет тек зерттегіштік біліктілік пен дағдыны қалыптастыруға бағытталған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Болашақ педагог-психолог мамандардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру
Көптілді білім беру жағдайында болашақ педагог - психологтардың кәсіби құзіреттілігінің әдіснамалық тұғырлары
Қазіргі болашақ мұғалімдердің жаһандану жағдайындағы кәсіби құзыреттілігін дамытудың педагогикалық мәселелері
Болашақ педагогтің құзіреттіліктерін қалыптастырудың педагогикалық негізі
Педагогтың құзырлылығының компоненттері жалпы педагогикалық дағдылар
Жұмыстың жалпы сипаттамасы
Жаһандану әлеміндегі педагог-психолог мамандарының кәсіби құзіреттілігін білім беруде қалыптастыру
Кәсіби құзыреттілік мәселесі
Кәсіби құзыреттілік ұғымының мазмұны
Жаһандану жағдайына болашақ мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың мазмұны, әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz