Экономикалық циклдың мазмұны мен жалпы белгілері
Жопар
Кіріспе
І . Бөлім. Экономикалық циклдың мазмұны мен жалпы белгілері.
1.1 Циклдың фазалары. Экономикалық көрсеткіштердің динамикасы.
1.2 Аграрлық дағдарыс оның өнеркәсіп дағдарысынан айырмашылығы.
ІІ . Бөлім. Құрылымдық дағдарыстар.
2.1 Конъюнктураның үлкен циклдары.
2.2 Циклдық толқуларды мемлекеттік реттеу мәселесі.
ІІІ . Бөлім. Экономикалық цикл. Циклдық кейнстік, неокейнстік және монетарлық тұжырымдамалары.
3.1 Экономикалық өнеркәсіп циклы. Циклдар фазасы.
3.2 Қазіргі циклдық дамудың ерекшеліктері. Ұзын толқындар.
Қорытынды.
Пайдаланған әдебиеттер

Экономикалық реформаларды жүзеге асыру, КСРО-ның ыдырауы және Қазақстан экономикасының әлемдік экономикалық қатынастар жүйесіне кіруі өндіріс көлемдерінің елеулі төмендеуіне әрі осының салдары ретінде - әлеуметтік ахуалдың объективті түрде төмендеуіне әсер етпей коймады. Технологиялық тұрғыда артта қалған және қуатты мол қажет ететін өндірістердің ауқымды бөлігі, даярланбаған және шаруашылык, жүргізудің жаңа жағдайларын игере алмаған менеджмент - бәсекеге қабілетсіздікке және көптеген көсіпорындардың тұрып қалуына, дәстүрлі өткізу рыноктарын жоғалтуға, төлемсіздіктер мен өндірістің құлдырауына алып келген негізгі факторлар, міне осылар. Осының салдарынан біздің елімізде соңғы сегіз жылда өндіріс деңгейі екі еседен артық қысқарды, ал бюджеттік түсімдер одан да көбірек қысқарды. Мұның өзі көптеген дамушы елдердегі экономикалык, өсудің жоғары қарқынымен бір мезгілде болғандықтан, біздің экономикамыз шартты түрде алғанда үш еседен астам артта қалып қойды. Осы факт сізді бұрынғыдан да бізді, жігерлі қимылдауға мәжбүр етіп отыр.
Біздің экономикалық, құлдырауымыздың салдарынан азаматтарымыздың көпшілігінің табысы мен өмір сүру деңгейі нашарлап кетті. Теңгермешілікті жою және жұмыс істейтін еңбек рыногын құру байлар мен жарлылар арасында елеулі айырмашылықтың туындауына әкеліп соқты. Бұл ретте - мемлекеттің жетекші тірегі және қоғамның негізгі тұрақтандырушы факторы - орташа таптың шоғыры аз.
Экономиканың қозғаушы күші болуға тиіс ұлттық жинақталымдардың ұлғаюы мен капиталдың қорлануы баяу. Ішкі капитал мен жинақталымдардың жеткіліксіздігінен Қазақстан шетелдік капиталға, жекеше капиталға да, сондай-ақ, халықаралық, қаржы институттарына да одан әрі тәуелді бола түсті. Экономиканы әрі карай сауықтыру инвестициялардың зор көлемде келіп құйылуына байланысты, мұның өзі инвестициялық, ахуал едәуір жақсартылса ғана мүмкін болады.
Әміршілдік экономикадан нарықтық экономикаға ауыртпалықпен өту бұған дейін осындай ауқымда бізге беймәлім болған кедейлік пен жұмыссыздық проблемаларын туғызды. Бұлар қылмысқа, есірткі, құмарлыққа құнарлы негіз қалап, қоғамдық, түңілушілікті туындатады және қоғамдық тұрақсыздык, мүмкіндігін арттырады. Зейнетақылар мен еңбекақылардың уақтылы төленбеуімен астасқан жоғары жұмыссыздық, деңгей негізінде экономикалык, проблемалардан, қаржылық капиталдың болмауынан және оларды шешудегі әлсіз стратегиялардан туындады.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1. Арзаева М.Ж. «Кәсіпкерлікті салықтық реттеу», Хабаршы - 2, 2003 ж.
2. Мейірбеков Б.Қ. «Шағын кәсіпкерлік пен бизнесті қолдау жолдары мен дамыту әдістері», Алматы — 2004
3. Ілиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. «Қаржы», Алматы - 2003
4. Бердалиева К.Б. «Қазақстан экономикасын басқару негіздері», 158 б.
Алматы -2001 ж.
5. Ермаков В.А. «Қазақстан қазіргі дүние әлемінде», Алматы - 2002 ж.,196 6.
6. Мамыров Н.К. «Халықаралық экономикалық қатынастар», 186
7. Мейірбеков А.Қ. «Кәсіпорын экономикасы», Алматы - 2003 ж, 225 б
8. Мейірбеков Б. «Елдегі жеке кәсіпкерлікте тиімді дамыту жолдары», Хабаршы № 1-2004 ж., 45 б.
9. Набиев Е.Н. «Халықаралык экономикалық қатынастар», Алматы
2001,224 6.
10. Назарбаев Н. «Қазакстан - 2030 даму стратегиясы», Алматы-1998ж. 324 б.
11 .Сәбден О., Тоқсанова А. «Шағын кәсіпкерлікті басқару», Алматы - 2002 ж
12. Сахариев С.С «Әлем экономикасы», Алматы — 2003 ж., 335 б.
13. Шеденов Ө.Қ. «Жалпы экономикалық теория», Алматы 2002 ж. 396 14.«Экономикалық саясат», Экономика-Алматы, 2002 ,156 б.
15.С.Әкімбекова. Экономикалық теориясы. А., 2001ж
16.Р.А.Әубәкәров. Экономикалық теориясы., А, 2003ж
17. «Экономика»: Оқулық Под ред. И.О. Волкова
В.К. Скляренко. - М.: ИНФРА - М., 2000.

І - Бөлім. Экономикалық циклдың мазмұны мен жалпы белгілері.
1.1 Циклдың фазалары. Экономикалық көрсеткіштердің динамикасы.
1.2 Аграрлық дағдарыс оның өнеркәсіп дағдарысынан айырмашылығы.
ІІ – Бөлім. Құрылымдық дағдарыстар.
2.1 Конъюнктураның үлкен циклдары.
2.2 Циклдық толқуларды мемлекеттік реттеу мәселесі.
ІІІ – Бөлім. Экономикалық цикл. Циклдық кейнстік, неокейнстік және
монетарлық тұжырымдамалары.
3.1 Экономикалық өнеркәсіп циклы. Циклдар фазасы.
3.2 Қазіргі циклдық дамудың ерекшеліктері. Ұзын толқындар.
Қорытынды.
Пайдаланған әдебиеттер .
Кіріспе
Экономикалық реформаларды жүзеге асыру, КСРО-ның ыдырауы және
Қазақстан экономикасының әлемдік экономикалық қатынастар жүйесіне кіруі
өндіріс көлемдерінің елеулі төмендеуіне әрі осының салдары ретінде -
әлеуметтік ахуалдың объективті түрде төмендеуіне әсер етпей коймады.
Технологиялық тұрғыда артта қалған және қуатты мол қажет ететін
өндірістердің ауқымды бөлігі, даярланбаған және шаруашылык, жүргізудің жаңа
жағдайларын игере алмаған менеджмент - бәсекеге қабілетсіздікке және
көптеген көсіпорындардың тұрып қалуына, дәстүрлі өткізу рыноктарын
жоғалтуға, төлемсіздіктер мен өндірістің құлдырауына алып келген негізгі
факторлар, міне осылар. Осының салдарынан біздің елімізде соңғы сегіз жылда
өндіріс деңгейі екі еседен артық қысқарды, ал бюджеттік түсімдер одан да
көбірек қысқарды. Мұның өзі көптеген дамушы елдердегі экономикалык, өсудің
жоғары қарқынымен бір мезгілде болғандықтан, біздің экономикамыз шартты
түрде алғанда үш еседен астам артта қалып қойды. Осы факт сізді бұрынғыдан
да бізді, жігерлі қимылдауға мәжбүр етіп отыр.
Біздің экономикалық, құлдырауымыздың салдарынан азаматтарымыздың
көпшілігінің табысы мен өмір сүру деңгейі нашарлап кетті. Теңгермешілікті
жою және жұмыс істейтін еңбек рыногын құру байлар мен жарлылар арасында
елеулі айырмашылықтың туындауына әкеліп соқты. Бұл ретте - мемлекеттің
жетекші тірегі және қоғамның негізгі тұрақтандырушы факторы - орташа таптың
шоғыры аз.
Экономиканың қозғаушы күші болуға тиіс ұлттық жинақталымдардың ұлғаюы
мен капиталдың қорлануы баяу. Ішкі капитал мен жинақталымдардың
жеткіліксіздігінен Қазақстан шетелдік капиталға, жекеше капиталға да,
сондай-ақ, халықаралық, қаржы институттарына да одан әрі тәуелді бола
түсті. Экономиканы әрі карай сауықтыру инвестициялардың зор көлемде келіп
құйылуына байланысты, мұның өзі инвестициялық, ахуал едәуір жақсартылса
ғана мүмкін болады.
Әміршілдік экономикадан нарықтық экономикаға ауыртпалықпен өту бұған
дейін осындай ауқымда бізге беймәлім болған кедейлік пен жұмыссыздық
проблемаларын туғызды. Бұлар қылмысқа, есірткі, құмарлыққа құнарлы негіз
қалап, қоғамдық, түңілушілікті туындатады және қоғамдық тұрақсыздык,
мүмкіндігін арттырады. Зейнетақылар мен еңбекақылардың уақтылы
төленбеуімен астасқан жоғары жұмыссыздық, деңгей негізінде экономикалык,
проблемалардан, қаржылық капиталдың болмауынан және оларды шешудегі әлсіз
стратегиялардан туындады.
І Бөлім ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЦИКЛДЫҢ МАЗМҰНЫ МЕН ЖАЛПЫ БЕЛГІЛЕРІ
Экономикалық құбылыстарды қайталауға бейім тұратын рыноктың
ерекшеліктерін өткен ғасырдың бірінші жартысындағы өмір сүріп еңбек еткен
экономистер байқаған. Ол кезде кәсіпкерлерді өзіне тартып, қызықтырған
рыноктык қатынастар құпиясы көп құбыжықтай көрінді. Капиталистік кәсіпорын
иелері өз өндірісін шексіз ұлғайтуға ұмтылып, мүмкіндігінше рыноктың үлкен
аумағын "жаулап" алуға тырысты. Ал оның өзі артық өндіру деп аталатын
құбылысқа алып келді. Артық өңдірудің мәні белгілі бір тауардың ұсынысы
сұраныстан басым болудан көрінеді. Нәтижесінде тауар бағасы едәуір төмендеп
кетеді де көптеген тауар өндірушілер ешқандай пайда таппай қалады.
Экономикалық даму үшін бұл проблемалардың маңыздылығы ерекше болғаны
соншалық, XIX және XX ғасырларда жетекші экономистердің бірде-бірі бүл
мәселеге тоқталмай өте алмады. Олардың еңбектерінен циклдық дамудың
байланыстылығы мен объективтігін, экономикалық процестерге әсерін
мойындаған, циклдық дамудың себептерін анықтауға ұмтылған әр түрлі
пайымдауларды, түсіндірулер мен болжамдарды кездестіреміз.
Экономикалық циклдарды зерттеушілердін бірі — А. Шпитгоф. Ол 1905 жылы
экономикалык циклдар және Дағдарыстар тақырыбына диссертация қорғап, осы
саладағы еңбектері арқылы дүние жүзіне белгілі болды. А. Шпитгоф
эмпирикалық, яғни нақты бақылауға негізделген теорияны жақтай келіп,
циклдарды зерттеудің көптеген ғылыми материал беретіндігін, өйткені мұндай
зерттеулер кездейсоқ, абстрактылы қорытындыларға емес, нақты тұрақты түрде
қайталанып отыратын белгілерге назар аударуға мүмкіңдік беретінін
дәлелдеді.
Ол әрбір жаңа экономикалық циклдың пайда болуының ерекше тарихи және
әлеуметтік себептерін түсіндірді. Мұның бастапқы пункті өрлеу деп есептеді
А. Шпитгоф.
Ол экономикалық цикл проблемасын артық өндіру проблемасымен
байланыстырған жоқ, бұл мәселе тек, еркін сауда дәуіріндегі рыноктық
экономикаға тән қасиет деп түсіндіреді. А. Шпитгоф творчествосын
зерттегендер, соның ішінде Б. Селигмен, оның циклдық даму тұжырымдамасының
белгілі орыс экономисі Туган-Барановскийге күшті әсер еткенін көрсетеді.
(А. Шпитгоф Туган-Барановскийді экономикалық цикл проблемасын байыпты
түрде қарастырған алғашқы зерттеушілердің бірі деп есептеді). Циклдық даму
туралы А. Шпитгоф идеясының ең басты ерекшеліктері бірін-бірі ауыстырып
отыратын цикл фазаларын экономикалық, әлеуметтік тіпті психологиялық
факторлармен түсіндіруге талпынып жатыр. А. Шпитгоф идеяларын оны
қолдаушылар өз еңбектерінде одан әрі дамытты.
Мысалы, белгілі швед ғалымы Г. Кассель экономикалық циклдарды
саясаттағы өзгерістерден, ақша айналымындағы берекесіздіктерден, тарифтегі
тәртіпсіздіктерден және экономикалық процеске мемлекеттің араласуы
қажеттігінен тыс қарастыруға болмайтыңдыгын көрсетті. Т. Вебленнің
еңбектерінде экономикалық цикл ақша айналымы мен несиеге байланысты ерекше
құбылыс деп бағаланады. Ол экономикалық циклды өндірістен тыс пайда мен
баға арқылы түсіндіріп, циклды несие алушыға ұтыс әкелетін рыноктық
экономиканың қалыпты жағдайы деп санады.
Экономикалық циклды зерделеуде езінің ерекше пікірі бар оқымысты, Т.
Вебленнің шәкірті америкавдық У. Митчелл болды. Ол экономикалық циклды
жасанды констукция, жеке-дара деректерді бір кестеге біріктіру деп
қарастырды. Экономикалық құбылыстардың нақты деректерін зерттей келе оларға
тек кысқа мерзімді (40 ай) циклдар тән, ал қалған толқулар ретсіз, ешқандай
заңдылықтарға бағынбайтын, сондықтан қатал талап тұрғысынан бұлар
экономикалық циклдарға жатпайды деген қорытындыға келді.
Дж. М. Кларк экономикалық циклды күнделікті бақылау арқылы ғана
зерттеп қоймай, оны таза теориялық жағынан да қарастыруға тырысты. У.
Митчелдің нақты деректерін пайдалана отырып Дж. М. Кларк "Экономикалық
циклдағы факторлар" деген кітабыңда бұл процестің ішкі заңдылықтарын
анықтап және түсіндіруге талпынды. Кларк соғыстардың, ғылыми-техникалық
прогресс толқындарының бастапқы сыртқы факторларын анықтап, олардың
экономикалық жүйе қозғалысына қарқын беретіндігін көрсетті. Дж. М.
Кларктың ойынша екінші қайтара факторлардың әсері басымырақ, өйткені олар
экономикалық жүйенің ішкі факторына қатысын білдіреді. Бүл жаңалық цикл
фазасын ғылыми болжауға мүмкіндік берді. 1929—1933 жылдардағы жойқын
дағдарыс оны алдын ала болжауды місе тұтпай, сонымен қатар дағдарысты
реттеу тұжырымдамасын жасауды күн тәртібіне қойды. Белгілі ағылшын
экономисі Дж. М. Кейнс 1936 жылы жарық көрген "Жұмыспен қамту, процент және
ақшаның жалпы теориясы" атты кітабында экономикалық циклдың басты
белгілерін анықтады. Ол: ауытқудың уақыты мен ұзақтығы жағынан қайталанып
отырады және олар капиталдың шекті тиімділігінің ауытқу механизмімен
байланысты деген қорытындыға келді. Дж. М. Кейнстің пікірінше циклдық даму
— экономикалық жүйені дамытатын күштердің қорланып, олардың бірін-бірі
күшейтуі. Бірақ олар бірте-бірте әлсірейді де, басқа күштер жанданып,
қарама-қарсы бағытта әрекет етеді. Өз кезегінде қарсы әрекет ететін күштер
белгілі уақыт ішінде нығайып, олардың әсері күшейді, бірақ олар да өз
тегіне жеткеннен кейін жаңа қарама-қарсылықтарға орын береді. Экономикалық
дамуды жоғарылататып немесе төмендететін тенденциялардың ұзақтығы мен
ауысуының реттілігін керсеткен, Кейнс циклдың объективтігін жоққа шығаруға
тырысты, сөйте тұра оны субъективті фактордың жемісі деп те есептеген жоқ.
Оксфорд университетінің профессоры Дж. Хикс "Экономикалық цикл
теориясына кіріспе" деген еңбегінде Кейнс теориясын едәуір толықтырды.
Кейнс тұтыну мен инвестиция байланысын мультипликаторлар арқылы ашып,
экономиканың циклдық қозғалысына толқынды импульстардың физикалық теориясы
мен акселерация принципі тұрғысынан талдау жасады. Дж. Хикстің экономикалық
циклдар теориясы мультипликация мен акселерация құбылыстарын талдау
негізінде жүргізілген күрделі зерттеу. Бұл құбылыстарды Дж. Хикс циклдың
ауытқулары мен дүмпуінің алғышарттары деп көрсетті.
Т. Вебленге қараганда Дж. Хикс экономикалық циклды талдау барысында
ақша айналымы мен несие сияқты факторларды ескермеді. Дж. Хикстің
экономикалық циклды түсіндірудегі ең басты кемшілігі — экономикалық дамудың
маңызды факторларының бірі адам факторын есепке алмады, жоққа шығарды. Осы
кемшілік экономикалық циклдарды зерттеуші бағыттардың бірі болған
марксизм өкілдеріне де тән. К. Маркс рыноктық капиталистік экономиканың
циклдық дамуының объективтік сипатын зерттеді. Циклдың материалдық негізі
деп ұдайы өндіріс процесіндегі негізгі капиталдың қызмет атқару кезеңін
атап керсетті. Циклдың және оның фазаларын материалистік тұрғыдан түсіндіру
капитализмнің монополистік сатыға дейінгі кезеңін талдауда нанымды болды.
Алайда рыноктық экономикасы дамыған елдердегі экономикалық процестерді тек
қана өндірістің материалдық негізінің әсері арқылы түсіндіру жеткіліксіз.
Швед мектебінің белгілі өкілдерінің бірі К. Векселдің пікірі бойынша
циклдердің пайда болуын қажетсінетін экономиканың өзіне тән ерекше
қасиеттері бар. Векселдің ойынша өндіріс жылдан-жалға бірқалыпты ұлғайып
отырмайды, өйткені халық санының өсуі мен техникалық прогрестің дамуы
бірқалыпты емес.
Техникалық прогреспен адамдар мүддесінің арасындағы алшақтық
экономикалық жүйеге көптеген оқыс сілкіністер әкеледі. Ол адамзат қоғамының
ерекшелігіне қарай белгілі ырғақ пен тербеліске түсіп, толқуларға ауысады.
Гарвард университетінен шыққан, көбіне оны американ Кейнсі деп атаған
Э. Хансен "Экономикалық циклдар теориясы" деген кітабында циклды күрделі
экономикалық құбылыс ретінде қарастырды. Хансен қазіргі кездегі
экономикалық шайқалыстардың негізінде технология проблемалары, қоғамның
құқықтық құрылымы, өндірісті ұйымдастыру, қорлардың мөлшерден, артып кетуі,
бір сектордан екіншісіне ауысу кезіндегі тауарлар ағымының кешеуілдеуі деп
түсіңдірер еді. Циклдық дамудың шетелдік зерттеушілерінің ішінен И.
Шумпетер мен П. Самуэльсон сияқты көрнекті ғалымдарды атамау мүмкін емес.
Шумпетердің экономикалық циклдар проблемасын қараудағы ерекшелігі, ол оны
экономикалық өсіп дамумен тікелей байланыста талдайды. И. Шумпетердің
ойынша экономикалық циклдың терең тамыры — циклдық қозғалыстың
ретсіздігінде жатыр. Сөйтіп ол ғылыми айналыска үш циклда кесте енгізді,
бүл рыноктық экономикадағы барлық құбылыстарды сипаттауға сәйкес келетін
көзқарас деп есептеледі. И. Шумпетер бұл циклдарды Н. Д. Кондратьев, К.
Жуглар мен Дж. Китчина сияқты ғалымдардын есімдерімен атады. Ал, ол
ғалымдар циклдардың ұзақтығын 55,102 жыл және төрт айға бөлді. Шумпетер
экономикалық жүйеде барлық үш циклдың өзара байланысы мен өзара тәуелділігі
көрінеді деп есептеді.
П. Самуэльсон "Экономика" атты кітабында экономикалық циклды жалпы
рыноктық экономикаға көшкен барлық елдерге тән деп қарайды. Экономикалық
циклдың объективті сипатын мойындай келе, П. Самуэльсон бүл құбылысты оған
әсер ететін ішкі және сыртқы факторларды талдау арқылы, оның ұзақтығын әр
фазаның көріну ерекшеліктеріне сәйкес зерттейді.
Шетел экономистерінің циклдық дамудың табиғаты туралы көзқарастарымен
тереңірек танысқысы келетіндерге Селегэменнің "Основные направления
современной экономической мысли" және Жамстың "История экономической мысли
XX века" 1968, 1969 жылдарда орысша шыққан басылымдарды ұсынамыз.
Бұрынғы кеңес экономистерінің ішінен экономикалық циклдар мен
дағдарыстар теориясы туралы Л. Мендельсон мен Е. Варга еңбектері белгілі.
Жалпы бұл авторларды экономика ғылымының ірі зерттеушілері қатарына
жатқызуға болады.
1.1 ЦИКЛДЫҢ ФАЗАЛАРЫ. ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРДІҢ ДИНАМИКАСЫ.
Өнеркәсіп циклының ең айрықша белгісі — дағдарыстың фазалары,
сатылары. Өнеркәсіп дағдарысының артық өндіруден айырмашылығы белгілі
тауарға, өндіріс өніміне деген сұраныс пен ұсыныс тепе-теңдігінің
бүзылуында жатыр.
Енді монополистік капитализмге дейінгі дәуірдегі өнеркәсіп
дағдарысының бүкіл бейнесін көрсетейік. Барлық өндірістік тауарларды өзіне
тартқан рынок белгілі бір уақытта лық толады, ал тауарлардың келуі
толастамайды, бірақ сұраныс азаяды да, соңында мүлдем тоқталады. Бүл
жайсыздық бүкіл рынокқа таралады. Сұраныс жоғалады, бірақ барлық жерде
тауарлар қоры бар, көптеген кәсіпорындар бүрынғыдай рынокқа тағы да жаңа
тауарларды женелтіп жатады. Бағалар күрт төмендей бастайды. Жағдайды түзету
үшін барлық күш-жігер жұмсалғанымен бәрібір нәтиже бермейді. Көптеген
кәсіпорындар бағаның күрт төмендеуіне төзе алмайды. Олардың тоқтап немесе
жабылып қалуы басталады. Алдымен банктік және несие беретін мекемелер
жойылады. Рынок шаруашылығы субъектілерінің бір-біріне деген сенімі де
кемиді.
Барлығы қолма-қол ақшамен есеп айырысуды талап етеді. Кеше ғана күдік
туғызбаған вексельдер бүгін жай, ешкімге керегі аз қағаз болып қалады.
Қарыз проценті өседі. Ең ірі кәсіпорындар күйзеліске ұшырап, машиналар
тоқтап, фабрикалар жабылады. Көшелерде көптеген жұмыссыздар қаптап жүреді.
Аштық басталып өзіне-өзі қол жұмсайтындар көбейеді. XIX ғасырда болған
дағдарыстар осындай қайғылы көрініске толы өтті. Алғашқы дағдарыс 1825 жылы
Англияда басталады. Содан кейін ол 1841 жылы АҚШ-та, 1847 жылы АҚШ, Англия
мен Франция, Германияны қамтыды. 1857 жылғы дағдарыс бірінші дүниежүзілік
циклдық дағдарыс болып саналады. Одан кейін, ол 1873, 1882, 1990 жылдарда
қайталанды. Әсіресе өзінің зардаптары жағынан жойқын дағдарыстар 1900—1901
жылдары болды. Ол бір мезгілде Ресей мен АҚШ-та басталып алдымен
металлургия өнеркәсібін қамтыды. Американың металл рыногын қиратқан
дағдарыс әуелі Англия, содан кейін Еуропаны шарпыды. Алғаш тоқыма
өнеркәсібі тоқтады, іле-шала құрылыс, химия, машина, электр салалары жабыла
бастады. Көзді ашып-жұмғанша дағдарыс барлық еуропа елдерін жайлады.
Франция, Австралия, Германия, Италия, Бельгия, сөйтіп ол бүкіл дүниежүзілік
дағдарысқа ұласты.
Бағалардың күрт темендеуі мықты деген кәсіпорындарды банкротқа
ұшыратты, ал кәсіпорындардың күйзелісі өз кезегінде жүмыссыздардың санын
көбейтті.
Алайда XIX ғасыр мен XX ғасырдың басындағы дағдарыстар сонымен қатар
одан шығудың жолын да тапты. Дағдарыстың тереңдеуі барысында бағалардың
бірте-бірте құлдырауы өнімді өткізудің мол мүмкіндігін жасады, болашақта
дағдарыстан шығудың ең басты жолдарын іздеуге түрткі болды. Бірінші
дүниежүзілік соғыстан кейінгі дағдарыс дүркін-дүркін батыс елдері
экономикасын сілкілеп тұрды. Алайда оның сипаты 1929—1933 жылдарда басқа
еді.
АҚШ-та орын алған 1929 жылғы 29 қазандағы "қаралы бейсенбідегі" орасан
зор биржалық күйреу апатты дағдарыстың бастамасы болды. АҚПІ-та, Германия,
Англия экономикасында бұрын-соңды кездеспеген бағалардың төмендеуі,
пайданың күрт азаюы, тапшылық, валютаның құнсыздануы етек алды. 1929—1933
жылдардағы дағдарыстар көптеген елдер үкіметін ұлттық экономиканы бұл
апаттан алып шығатын әрекетке жұмылдырды. Әсіресе, АҚШ дағдарыстан
мемлекеттік іс-шаралар арқылы шығуға пәрменді қадам жасады. Оларға тоқтала
кетейік:
а) Мемлекеттік кепілдігі бар салымдар арқылы қарыз жүйесін сақтап
қалу;
б) Долларды 40%-ке құнсыздандыру жолымен қарыз ауыртпалығын
жеңілдету;
в) ауыл шаруашылығы өнімдері бағасын көтеру, ол үшін мемлекеттің
көмегімен қаржыландыру және өндірісті қысқарту;
г) монополиялардың құрылуын қолдау, күштеп картелдендіру;
д) коғамдық еңбекті ұйымдастыру арқылы жұмыссыздықпен күрес;
е) жалақыны реттеу.
Мемлекеттің экономиканы реттеу рөлінің күшеюі және дағдарысқа қарсы
реттеу шаралары өз нәтижесін берді. Міне жарты ғасыр бойы рыноктық
экономика 1900—1901 жылдардағы немесе 1929—1933 жылдардағы катализмге,
астаң-кестеңін шығарған күйзелістерге соқтырмай келеді. Алайда өнеркәсіптік
дағдарыстар 70-жылдардың ортасына дейін проценттік ставкаға, пайдаға,
өндіріс шығындары мен жалақыға әсерін тигізіп келді. Дағдарыс кезінде тек
ірі капиталы және үлкен қаржы-қаражаты бар кәсіпорындар ғана өндіріс
шығындарын азайту жолымен пайда тапты. Осымен байланысты ірі кәсіпорындар
дағдарыс жағдайында да жалпы пайда нормасының төмендеуін тоқтатып, болмаса
баяулатты. Орта және ұсақ кәсіпорындар, әсіресе жоғары өнімді құралдары
мен технологиясы бар ұйымдар экономикалық жағдайының нашарлауын
тұрақтандыра алмай, көбіне банкротқа ұшырады. Техникалық жағынан нашар
кәсіпорындардың ойсырап кедейленуі бүкіл өнеркәсіп үшін оң процесс, өйткені
ол жалпы өндіргіш күштер деңгейін көтеруге ықпал етті. Еңбек өнімділігінің
жалпы деңгейін кетерудін мақсаты — тауар құнын азайту мен пайда нормасының
төмендеуін тоқтату. Тоқырау фазасы — дағдарыстан кейін болады, ол ұзаққа
созылуы мүмкін. Өндіріс деңгейі тұрақты, бірақ дағдарыс алдындағы кезден
әлдеқайда төмен болады. Бірақ жұмыссыздық жоғары. Бірақ бағаның төмендеуі
тоқталады, қарыз проценті азаяды, тауар қорлары тұрақты күйде қалады.
Келесі фаза — жандану — өндіріс деңгейі аздап өседі, жұмыссыздық та
қысқарады. Бірте-бірте бағалар көтеріле бастайды, қарыз проценті де өседі.
Тауар рыногында жаңа өнеркәсіп жабдықтарына сұраныс артады. Көріне бастаған
жандану барысында маңызды салалар өзіне жаңа капитал тартып, тың икемділік
көрсетеді. Өрлеу көбіне жанталасқан әрі қарбалас сипатта жүреді. Өндіріс
деңгейі циклдың бастапқы кезінен асып түседі. Жұмыссыздықтың азаюы
жалақының айтарлықтай өсуімен қатар жүреді. Әсіресе ғылыми-техникалық
прогресті анықтайтын салалардың өніміне сұраныс күрт еседі. Өндіріс
көлемінің ұлғаюымен байланысты бірінші кезекте шикізат ресурстарына сұраныс
артып, олардың бағасы көтеріледі. Өрлеу фазасында, жандану кезінде
байқалган диспропорциялар, яғни сәтсіздіктер күшейеді. Сөйтіп экономика
кезекті сатыға жақындайды.
Рыноктық экономикадағы дағдарыстың абстрактілі ойша мүмкіндігі жай
тауар айналысында жатыр және ол ақшаның айналыс құралы қызметімен
байланысты. Сатып алу мен сатудың орны мен мезгілінің сәйкес келмеуі сату
және сатып алу тізбегіндегі үзілістерге әкеледі.
Дағдарыстың тууының екінші бір себебі, ақшанын төлем құралы қызметінен
шығып қалуы. Кез келген тауар өндіруші оның өнімін сатып алушының төлеу
қабілетінің барлығынша күмәнданады. Сейтіп бір міндеттеме бойынша телемнің
болмауы басқа да үзілістерге жол ашып, айналыс жүйесінің бұзылуына, ең
ақырында, өндіріс процесінің қожырауына әкеліп соқтырады.
1.2 АГРАРЛЫҚ ДАҒДАРЫС ОНЫҢ ӨНЕРКӘСІП ДАҒДАРЫСЫНАН АЙЫРМАШЫЛЫҒЫ
Ауыл шаруашылығындағы циклдық дамудың ерекшеліктеріне назар аудару
абзал. Рыноктық экономика дүниесіне қадам басқан ауылшаруашылығы да
өнеркәсіп өткен заңдар негізінде жүреді. Демек, мұңда да ұдайы
өндірістердің белгілі циклы қайталанады. Жалпы заңдылық шеңберінде ауыл
шаруашылығының дамуының өзіне тән ерекшеліктері бар, олар тек табиғи немесе
техникалык себептерден туындап қоймай, сонымен қатар онын қоғамдық
жағдайларымен, атап айтқанда, ауыл шаруашылығы өндірісінің шоғырлануының
төмен деңгейімен, монополияланбауынан және т. б. байланысты.
Аграрлық дағдарыс артық өндірудің ерекше түрі. Ауыл шаруашылығындағы
дағдарыстардың өзгешілігі тек өнеркәсіп дағдарысының осы өндіріске
тарауында емес, сонымен қатар ол жалпы циклдық дағдарыстарға толық
сіңіспейді. Мұндағы дағдарыс цикл фазаларының жалпы кестесіне сәйкес емес.
Аграрлық дағдарыстардың басты ерекшеліктері:
а. Аграрлық дағдарыстар ерекше қайшылықтардың дүмпуі, ол рентаға
және ауыл шаруашылығының өнеркәсіптен дәстүрлі артта қалуында (бұл
арттақалушылық экономикалық дамудың жоғары сатысына жеткен елдердің бәріне
тән емес).
б. Аграрлық дағдарыстардың ұзақтығы соншалық ол жалпы артық өндіру
дағдарысы мен уақыты жағынан сәйкес келмейді және жалпы экономикалық
дағдарыстардың басқа фазаларымен жалғасады.
в. Аграрлық дағдарыстардың өзіндік кезеңдері болмайды. Мысалы,
XIX ғасырдағы циклдық өнеркәсіп дағдарыстары 1900, 1907, 1929, 1937
жылдардағы дағдарыстар аграрлық дағдарыстардың бастапқы нүктесі бола
алмады. Алайда циклдық өнеркәсіп дағдарыстары, әдетте, ауыл шаруашылығы
өндірісінің едәуір бөлігін, әсіресе оның инфрақұрылымын, қызмет көрсету
саласын қамтиды.
Біраз зерттеушілер бұрынғы кеңес экономисі Л. Мендельсон, экономикалық
дағдарыстар циклдар теориясы мен тарихы бойынша іргелі еңбектердің авторы)
ауыл шаруашылығындағы артық өндіру дағдарысы екі түрде көрінеді деп
есептейді: циклдық артық өндіру, ол тек ауыл шаруа-шылығыңда циклдық
дағдарыстың жалпы әрекетін білдіреді, екіншісі ұзақ аграрлық дағдарыс.
Сонымен қатар артық өндіруді Мендельсон екінші көрініс түрі деп қарады. Ол
өнеркәсіптегі дағдарыстың әсерінен ауыл шаруашылығы өнімдеріне деген
сұраныс қысқарады. Ол мұның өзі ауыл шаруашылығы өндірістің өнеркәсіптен
артта қалуынан туады деп көрсетті.
Аграрлық дағдарыс шикізат пен азық түлікке өнеркәсіп сұранысы циклы
қысымынан тумайды, сол ауыл шаруашылығының өзінде дамитын процестердің
негізінде пайда болады.
Қазіргі ауыл шаруашылығының өнеркәсіптік негізде еркендеуі мұндағы
циклдық дағдарыстарды бір ізге салу, үйлестіруге мүмкіндік береді. Бірақ
аграрлық дағдарыстардың осы күнгі шаруашылық өсуінің ерекше түрі ретіндегі
себептері сақталады. Аграрлық дағдарыстар қазіргі жағдайда көбіне рыноктық
экономикасы нашар дамыған елдерде көрінеді. Алдыңғы қатардағы елдер ауыл
шаруашылығында өнеркәсіп өндірісінің жаңа нәтижелерін кеңінен пайдаланып,
осы арқылы өндіріс құрал-жабдықтарын жарақтандырудағы алшақтықты жоюға
ықпал етеді. Ауыл шаруашылығындағы аграрлық және циклдық артық өңдіру
дағдарысынан шығу үшін экономикалық жалпы заңдылықтарды жүзеге асыру керек.
Капиталистік өндірістің келемі рыноктың шамасы мен сыйымдылығы оларды
сәйкестендіруді, келісіп шешуді қатты қажет етеді. Рыноктық механизм
осындай келісімді шешім қабылдауды тек дүркін-дүркін күйзелістер,
дағдарыстар арқылы жүзеге асырады. Осы тұрғыдан қарағанда тауарлы
шаруашылық заңдарына сүйенген экономикадағы дағдарыстар белгілі тарихи ұзақ
кезеңді құбылыс.
ІІ Бөлім. ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАҒДАРЫСТАР
XX ғасырдың бірінші жартысы бүгінгі рыноктық шаруашылықтың дамуына
жаңа катаклизмдер әкелді. Қазіргі капиталистік дүниені түгел қамтыған мұнай
дағдарысы бұрқ етті. Циклдық дағдарыстан мұның ерекшелігі мұнай және мұнай
өнімдеріне деген дүниежүзілік бағаны көтеріп, оған деген сұранысты
көбейтіп, тұтыну рыногында сұйық отынға деген ұсынысты сұранысынан азайтып
жіберді. Отынға деген бағаның күрт өзгеруі АҚШ-та және баска да Батыс
елдеріндегі көптеген шағын, орташа кәсіпорындарды банкротқа ұшыратты,
өйткені олар сұйық отынға негізделген арзан энергияны пайдалануға үйренген
еді. Сонымен қатар, негізгі өндірісте мұнай және мұнайдан жасалған
өнімдерді тұтынатын кәсіпорыңдар да күйзеліске душар болды. Өндіріс
шығындарының күтпеген жерден өсуі енеркәсіп өндірісінде мыңдаган
кәсіпорындардың кедейленуіне әкелді.
Құрылымдық дағдарыстар жекелеген салалар дамуындағы сәйкессіздіктен
туындап, әдетте, ұзақ мерзімге сағыздай созылып және көбіне циклдық
дағдарыстың басталуымен тұспа-тұс келмейді.
Мұнай, азық-түлік, энергетикалық және шикізат дағдарыстары соңғы
онжылдықта валюта жүйесі және экологиялық дағдарыстарымен шеңбері ұлғайды.
Өнеркәсіп өндірісінің жалпы жағдайына тікелей әсер ете отырып олар циклдық
дамудың келбетіне айтарлықтай өзгерістер енгізді, циклдық дағдарыстардың
көптеген керіністерінің қайсыбірін ұшықтырып, ал кейбірінің тігін жазады.
Қазіргі рыноктық шаруашылығы дамуының жалпы бағыты әдеттегі кестеге сәйкес
келмейді. Айталық 70-жылдардың ортасында енеркәсіптік дағдарыс мұнай
дағдарысымен қатар жүрді, бірақ ол тек мұнай тұтынатын елдерді қамтыды. Ал
өздерінде энергия көздері бар (мұнай, көмір, газ, жанатын сланецтер) елдер
екі дағдарыстан да аман-сау қалып қана қоймай, тіпті біраз даму
тенденциясын көрсетті. Екінші жағынан, өрлеу фазасыңда көптеген елдердің
өнеркәсібі айтарлықтай күшті дамымайды, өйткені экологиялық дағдарыстың
салдарынан жағдайлары күрт шиеленіседі.
2.1 КОНЪЮНКТУРАНЫҢ ҮЛКЕН ЦИКЛДАРЫ.
Түрлі елдер мен аймақтардағы өнеркәсіп циклдары сатыларының рыноктық
экономиканың күрделі жағдайларынан туындаған құрылымдық дағдарыстармен
сәйкес келмеу тенденциясы ғалымдарды бұл экономикалық құбылыстың себептерін
іздеуге мәжбүр етті. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz