Инновациялық оқыту технологиясы арқылы жоғарғы сынып оқушыларына экологиялық білім беру


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 46 бет
Таңдаулыға:   

Инновациялық оқыту технологиясы арқылы жоғарғы сынып оқушыларына экологиялық білім беру

Мазмұны

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

АНЫҚТАМАЛАР

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

Кіріспе . . . 3

1 ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Жоғары сынып оқушыларына инновациялық оқыту арқылы экологиялық білім берудің педагогикалық негіздері . . . 6

1. 2 Жоғары сынып оқушыларына инновациялық оқыту теориясы арқылы экологиялық білім берудің қазіргі жағдайы мен сабақтан тыс уақытта экологиялық білім беру . . . 13

2 ИННОВАЦИЯЛЫҚ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРҒА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ ӘДІСТЕМЕСІ

2. 1 Инновациялық оқыту технологиясы арқылы экологиялық білім беру әдістемесі . . . 28

2. 2 Тәжірибелік жұмыстың нәтижесін талдау, ұсыныс беру . . . 42

Қорытынды . . . 45

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 46

Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі . Қазақстан мектебінің алдына қойып отырған мақсаты- оқу мен тәрбие жұмысын дамыту, еліміздің әлеуметтік- экономикалық жағдайын жақсарту бағытында оқушыларға жүйелі де нақты білім беру.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті- ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шындауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясы мен инноваңиялық әдіс- тәсілдерді енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникаңиялық желілерге шығу» - деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді [1] . Бұл міндеттерді шешу мүғалімнің ізденісіне байланысты. Осы күні Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Бұл процесс білім берудің жаңа парадигмасын туғызды.

Жас ұрпаққа экологиялық білім мен тәрбие беру бүгінгі күннің тәртібіндегі бірден - бір қажетті кезек күттірмес мәселе екендігін 2015 жылға дейінгі «Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерді тұжырымдамасында», 2006 жылғы «Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігінің тұжырымдамасында» және Ата заңымызға негізделіп жасалған Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заң мен ҚР Президентінің «Қазақстан - 2050» стратегиялық бағдарламасындағы ұсыныстар қабылданған талаптарды іс-жүзіне асыру жоғары, орта және арнаулы білім беруде оқушылар мен студенттерге экологиялық білім мен тәрбие беруді дұрыс ұйымдастыруға байланысты екендігі көрсетілген [2, 3] . Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Конституциясының 38-шы бабы Қазақстан Республикасының азаматтарына табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарын ұқыпты қарауға міндеттейді.

Оқушыларға экологиялық білім мен беру олардың қоршаған ортаны қорғауға, аялауға тәрбиелеу бүгінгі күннің өзекті міндеттерінің бірі.

Экологиялық білім мен тәрбие беру мәселелері жалпы білім берудің элементі ретінде оқушыларға айналадағы орта мен табиғатқа жауапкершілік қарым-қатынасты қалыптастыру мен және қоғам арасындағы өзара байланысты ғылыми негізде меңгерумен сабақтас қаралады. Жас жеткіншектерге саналы білім мен тәлім-тәрбие беру Республикамыздың атақты педагог ғалымдарының Н. Ф. Хмель, Г. А. Уманов, Қ. Б. Жарықбаев, И. Н. Нұғыманов, С. Қ. Қалиев, Ж. Б. Қоянбаев, Қ. Б. Бөлеев және т. б. ғалымдардың еңбектерінде зерттелді [7, 8] .

Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру саласында, ізденіп зерттеулер жүргізген ғалым - педагогтар И. Д. Зверев, А. Н. Зазлебин, Н. С. Сарыбеков, И. Г. Суравегина, Н. А. Гладков, П. В. Иванов, Б. Г. Иоганзен, И. С. Матрусов, Н. А. Рыков, А. П. Сидельковский, В. Н. Скалон, Е. С. Сластенин,

С. Бейсенова, Н. Е. Ильинская және т. б. ғалымдарының еңбектерінде кеңінен қарастырылды [9, 10, 11, 12, 13] .

Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшілігі баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы. Бүгінгі таңда П. Э. Эрдниевтік дидактикалық бірліктерді шоғырландыру технологиясы, Д. Б. Эльконин мен В. В Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы, Ш. А. Амонашвилидің ізгілікті- тұлғалық технологиясы,

Ф. Шаталовтың оқу материалдарының белгі және сызба үлгілері негізінде қарқынды оқыту технологиясы, М. Чошановтың проблемалық модульді оқыту технологиясы, П. И. Третьяковтың, К. Вазинаның модульді оқыту технологиясы В. М. Монаховтың, В. П. Беспальконың оқыту технологиялары кеңінен таралған. Қазақстанда Ж. А. Қараевтың, Ә. Жүнісбектің, ШТ. Таубаеваның, Қ. Қ. Қабдықайыровтың,

Н. Лактионованың, М. М. Жанпейсованың және Қ. М. Нағымжанованың т. б ғалымдардың ұсынған оқытудың жаңа технологиялары оқу үрдісінде белсенді түрде қолдануда [ 14 ] .

Зерттеудің мақсаты: Орта мектепте жоғары сынып оқушыларының жаңа оқыту технологиясы арқылы экологиялық дүниетанымын қалыптастырудың теориялық негіздері.

Зерттеу міндеттері:

  • Жоғары сынып оқушыларына инновациялық оқыту технологиясы арқылы экологиялық білім берудің теориялық негізін айқындау;
  • Инновациялық оқыту технологиясы арқылы үздіксіз экологиялық білі берудің моделін жасау;
  • Педагогикалық эксперимент арқылы экологиялық білім беруде инновациялық оқыту технологиясын пайдаланудың тиімділігін дәлелдеу.

Зерттеу объектісі: Жалпы орта білім беретін мектептің оқу- тәрбие

үрдісі.

Зерттеу пәні: Жалпы білім беру жоғарғы сынып оқушыларына инновациялық оқыту технологиясы негізінде алған экологиялық білім.

Зерттеудің теориялық мәнділігі мен ғылыми жаңалығы:

  • орта мектепте жоғары сынып оқушыларының жаңа оқыту технологиясы арқылы экологиялық дүниетанымын қалыптастырудың теориялық мәні, моделі ғылыми - педагогикалық тұрғыдан негізделді;
  • орта мектепте жоғары сынып оқушыларының жаңа оқыту технологиясы арқылы экологиялық дүниетанымын қалыптастырудың педагогикалық шарттары анықталды;
  • орта мектепте жоғары сынып оқушыларының жаңа оқыту технологиясы арқылы экологиялық дүниетанымын қалыптастырудың нәтижелілігі тәжірибелік - педагогикалық тексерістен өткізіліп, әдістемесі жасалып, қорытындысы шығарылып, эксперимент арқылы тексерілді.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы:

  • жалпы орта мектебі окушыларының экологиялық мәдениетін қалыптастыруда жоғары сынып оқушылары үшін "Адам және табиғат" үйірмесінің жұмыс жоспары жасалынып жүзеге асырылды;

"Модульдік оқыту технологиясын, деңгейлеп саралап оқыту технологиясын, компьютерлік технологиясы жасалынып, жалпы орта мектептерінде ұсынылды;

Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері: "Адам- табиғат-қоғам" жүйесінің даму заңдылықтары, философиялық, мәдениеттану, педагогикалық, психологиялық гуманистік бағыттағы қонцепциялар (Ы. А. Бердяев, Б. С. Гершунский, В. А. Сухомлинский), психологтар мен педагогтардың оқушылардың ерекшелігі және оны қалыптастыру проблемалары жөніндегі қонцепциялар (Б. Г. Ананьев, Л. С. Выготский, С. Л. Рубинштейн) .

Зерттеулер оқушыларға экологиялық тәрбие берудің жетекші қонцепцияларына иек артады (И. Д. Зверев, Н. Н. Моисеев, Г. Ф. Суворова, ), экология төңірегіндегі зерттеулер (В. А. Вронский, Г. Л. Тышкевич, Н. А. Уразаев), М. М. Поташниктің, П. И. Третьяковтың басқару қонцепциялары.

Зерттеу көздері: Экология мәселесіне байланысты педагогика, психология, философия ғылымдары классиктерінің және инновация туралы ғылыми еңбектері, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы және Үкіметінің ресми құжаттары, мектеп бағдарламалары, оқулықтар мен оқу- әдістемелік құралдар.

Зерттеу әдістері:

  • Тақырыпқа байланысты жаратылыстану, философиялық, психологиялық, педагогикалық, ғылыми- әдістемелік еңбектермен танысып талдау жасау;
  • Жалпы орта білім беретін мектептердегі экология пәнінің бағдарламаларына, оқулықтарына, әдістемелік- құралдарына талдау жасау;
  • Зерттеу бойынша сұрақтар қою, бақылау жүргізу, пікір алмасу, экологиялық ойындар ұйымдастыру.

Зерттеудің құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, 2 бөлімнен, әр бөлім тараушалардан, қорытынды мен әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ЖОҒАРҒЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ ҒЫЛЫМИ- ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

  1. Жоғарғы сынып оқушыларына инновациялық оқыту арқылы экологиялық білім берудің педагогикалық негіздері.

Жаңа мыңжылдықтың табалдырығын адамзат өркениеті орасан экологиялық проблемалармен бірге аттады. Экономикалық дамудың жаңа белесіне көтерілген көптеген мемлекеттер, бүгінде аса күрделі экологиялық қиындықтарға үшырап, оларды түбегейлі шешудің шараларын қарастыруда.

Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің территориясында қоршаған ортаға экологиялық қауіп төндіріп отырған аймақтар пайда болуда. Аталмыш жағдайлардың қалыптасуына антропогендік һэм техногендік ықпалдардың қатты әсер еткені байқалады. Үкімет пен қоғамдық бірлестіктер тарапынан экологиялық проблемаларды шешуге бағытталған ауқымды іс- шараларға (ҚР Президентінің Жарлығы, ҚР Заңдары мен үкімет қаулылары, қоғамдық ұйымдардың әрекеттері мен бастамалары және басқа құжаттар) қарамастан - бұл проблема бүгінде көпшілік қауымның назарын өзіне аударып отыр.

Осындай күрделі мәселелерді бірлесе отырып шешуде, өскелең жас ұрпақ өкілдеріне экологиялық тәлім-тэрбие берудің маңызы өте зор деп санаймыз. Баяндағалы отырған пікірімізді - соңғы жылдары осы мәселелерге орай өткізілген ғылыми-практикалық конференңиялар мен педагогикалық семинарлар, сондай-ақ ғылыми-зерттеу жұмыстарының материалдары дәлелдейді.

Біздің ойымызша, жас ұрпаққа ҚР мемлекеттік білім стандарты негізінде терең білім берумен бірге, экологиялық тәрбие беру - оның болашақта жауапты бір саланың мамандығын игеру барысында экология мәселесіне терең мэн беретін тұлға болып қалыптасатына негіз болады деп санаймыз. Сол себепті, бүгінгі мектеп жүйесінде оқушыларға экологиялық тәрбие беру жұмыстарын барынша ұйымдастару - педагогикалық талаптардың бірі болғаны шарт.

Мемлекет пен қоғамдық ұйымдар, әсіресе ҚР Президентінің «Қазақстан - 2050» стратегиялық бағдарламасындағы ұсыныстар мен экологиялық білім мен тәрбие мәселелеріне қатысты ғылыми зерттеулер мен эдістемелік нұсқаулар, алдымызға қойған мақсатымызға негіз болғаны абзал. [2]

Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында баяндалған: « . . . мектепке дейінгі және бастауыш білімнің оқыту бағдарламаларының үйлесімділігі, баланы шаршаудан қорғау мақсатында оны оңтайлы жүктемемен қамтамасыз ету, салауатты өмір салтының құндылықтарына баулу арқылы денсаулығын нығайту. Тәрбие мен оқыту мазмүны бірінші деңгейде қызметтің өзіндік түрлерін және баланың даму бағытын, оның кейінгі мектеп жағдайына бейімделуін қамтамасыз етуге тиісті . . . », - атты нұсқаулар айтар ойымызды айғақтап отыр. [ 4, 2, ] Жас өскіннің санасына экологиялық таным әліппесін сіңіру, дәстүрлі және эксперименттік тәсілдер арқылы жүзеге асырылуы - тиімді деп санаймыз. Жоғарыда аталған мәселелердің маңыздылығы жөнінде ҚР Конституциясында былай деп көрсетілген: « . . . жер және оның қойнаулары, су, өсімдік-топырақ жамылғысы мен жануарлар дүниесі және басқа табиғат байлықтары мен ресурстар мемлекет меншігі болып, оның қарауында болады . . . » [1, 6] сонымен бірге бала тәрбиесіне қатысты « . . . неке мен отбасы, ана мен отбасы және бала мемлекеттің қорғауында болады. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу - ата- ананың етене қүқығы эрі міндеті». [ 1, 4, ]

Зерттеу барысында біздер - экологиялық білімнің ғылыми негіздері жөніндегі (В. Вернадский, Ә. С. Бейсенова, Я. С. Габиев, Б. Г. Иоганзен, И. Д. Зверев, Е. А. Мәмбетқазиев, К. С. Лосьев, Т. И. Суравегина, К. Ш. Сыбанбеков, А. Н. Захлебный, О. К. Афанасьев, Г. К. Байдельдинова, Л. А. Родова, А. В. Чигаркин, Б. Б. Мұқанов, Ж. Жатқанбаев, В. И. Фурсов, Ж. Б. Шілдебаев, Г. З. Сауытбаев, К. Жүнісова, Ғ. Сағымбаев, П. Сидельковский, Н. Т. Торманов, Е. Ю. Шапокене, Д. И. Трайтак) экологиялық педагогика мен психология негіздері (Р. Риклефс, С. Д. Дерябо, И. Пагнов, И. Н. Нұғыманов, С. Орынбеков, А. А. Сотников, М. А. Хайдураева, А. Ясвин, М. Н. Фамина, В. М. Свинец, А. А. Лаптев), Р. Қ. Дүйсембинова, М. Х. Балтабаев, Қ. Қабдыразақұлы) халық педагогикасындағы табиғатты қорғау дәстүрлері (Н. Қ. Сарыбеков, Ысқақов, Ж. И. Жанұзақова, Б. Кәріпжанова, С. Қ. Қасенов ), оқушыларға экологиялық тәрбие беру (Г. М. Сэбденэлиева, А. Д. Болтаев, Д. І. Жангелдина, С. Қ. Қожаева, И. Н. Бодықова), экологиялық білім мәселелері. (¥. Ә. Есназарова, Р. С. Басекеева, Қ. Айтмамбетова, К. М. Беркінбаев, Э. А. Тұрдықұлов), бастауыш сынып оқушыларына экологиялық білім мен тэрбие беру мәселелері (А. Қ. Егенисова, Ш. Ж. Арзымбетова, А. К. Сатынская, Р. К. Керімбаева, Д. І. Жангелдина, Г. З. Сауытбаева, Ш. И. Джанзакова, Б. Қилыбаева), болашақ мұғалімдерді дайындау барысында экологиялық білім мен тәрбие беру мәселелері (М. Н. Сарыбеков, О. Б. Мазбаев, К. Б. Тілебаева, Р. Ш. Ізбасарова, С. Н. Глазачев, А. В. Миронов), пәнаралық байланыстар арқылы оқушыларға экологиялық білім беру (Р. Т. Төлегенова, У. Қ. Тоқбергенова, Қ. Н. Сарыбекова, Ж. Н. Базарбекова), сыныптан тыс жұмыстар үрдісіндегі экологиялық тәрбие мәселелері (Тойғанбекова Ш. М, К. Әуезова, Қ. О. Шайхислямова), экологиялық тәлім-тәрбие мәселелеріне байланысты зерттеу жұмыстарына шолу (Ш. Ш. Хамзина, К. А. Сарманова, С. Орынбеков, Қ. Ж. Бұзаубақова) жеке тұлғаның экологиялық санасы (Г. С. Смирнов, Б. Г. Ананьев, Х. Т. Шериязданова, Б. Ф. Ломов, Н. Н. Вересов), (А. Ш. Икрамова ), мектептен тыс мекемелерде оқушыларға экологиялық тәлім-тәрбие беру және өлкетану жұмыстарын ұйымдастыру (Ө. Танабаев, А. Е. Манкеш, С. Қ. Қоңырова, А. М. Текесбаева) және Қазақстаннан тысқары жерлердегі экологиялық тәлім-тәрбие тақырыбына қатысты зерттеулер (Т. Е. Колупаева, А. Л. Шипко, А. Ш. Овчинникова, И. А. Комарова, М. С. Денисова, Т. В. Машарова, А. А. Остаповец-Свешников, М. Я. Антонец, А. В. Афонин, Т. В. Корнер) және басқа ғылыми зерттеу жұмыстарымен таныстық.

Адамның даму тарихы, ғылыми прогрестің қоршаған орта мен табиғат арасындағы қатынасты байланыстыруда және дүниежүзілік табиғат байланысының кілт өзгеруіне әкеп соқты. Адам, қоғам табиғат заңдылығымен санаспауы нәтижесінде пайда болған экологиялық қайшылықтардың дамып, әлемдік дәрежеге жеткен, ең негізгі мәселенің бірі болды. Табиғат пен қоғамның дамуы бір- бірімен байланысты.

Қазіргі кезде балалардың санасына қоғамдық байлығы мен даму негізіндегі сезімдерін тәрбиелеп, оларға экологиялық білім беру мұғалімдердің міндеті.

Экологиялық тәлім-тәрбие мен білім беру мәселесін қарастыруда, ғалымдардың табиғат пәніндегі ой-пікірлері өзгеше. Ж. Ж. Руссо, И. Г. Песталоции, Ф. Дистерверг баланың табиғатпен байланысы негізінде ой санасын қалыптастыру, білім мен тәрбие беру заңдылықтарын негіздеді. Оқушының санасын дамытушы «табиғат сезіміне» үйрету жайында айта келіп, оның эстетикалық мінез-құлқының дамуындағы маңызын ашты. Ж. Ж. Руссо (1981) оқушылардың жан дүние тәрбиесін табиғатпен өткізуін ұсынады. Ғалымның ойынша, табиғатқа деген жақсы көзқараска баланың ой санасын іштей дамысу арқылы табиғатты танып, қабылдау сезімдерінің әсерімен жүзеге асады деп тұжырымдайды [15] .

Педагогика ғылымын қалаушы ғалым Я. К. Коменский (1955) тұжырымдарына назар аударсақ, ол дұрыс тәрбие берудің жан-жақты көзқарасымен табиғаттың байланысуы керек деген ой айтады. Сол себептен табиғаттың бір бөлшегі - адам дер қарап, адам мен табиғат тәрбиесінің арасындағы заңдылықтарын дәлелдеуге әрекеттенді [17] .

И. Г. Песталоции (1981) табиғатпен тәрбиенің байланымы жөнінде баланың ақыл-ойы және күш - жігері ең өзекті мәселесі деп есептеді [16] .

Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев 18 қара сөзіндегі табиғатқа деген философиялық тұрғыдан, сонымен қатар табиғатқа байланысты көзқарастарын да танытады. Ол табиғаттың байлығын адам баласының таусылмас азығы екенін көрсете келіп, «Кім өзіне махаббат қылса, сен оған махаббат қылмағың парыз» - деп жасөспірімді табиғат - ананы аялап сүйіп, құрметтеуге үндейді. Баланың дүниетанымы бесіктен басталады дей келіп, оның ой санасының бастысы, білуге қүштарлық деп санайды. Өсекеле үйрету қүралдары арқылы жақсы іс әрекетке, ішкі сезімдерінің қалыптасуына, адамгершілікке тэрбиелеу болса, ал баланың мінез- құлқын қалыптастыру ең маңыздысы үстаздарының, достарының үлгі- өнегелері қажет деп түйіндейді [18] .

Еліміз мақтаныш түтан ұлы галымы Ш. Уәлиханов елінің әдет - ғүрпын, салт- дәстүрін зерттей келіп, өз ұрпағын табиғатпен айналысуға жетелейтін педагогикасын жоғары бағалайды. «Табиғат ғажап, табиғаттан құпия тіршілікте не бар?» - дей отырып, алқы киеліге аса көңіл аударған. Олар айналадағы және күнделікті тұрмысқа қажетті саймандарды киелі деп құрметтеген. Осы киелілерді қастерлеп, ырым жасау қазақ баласына кұт- береке, байлық әкеледі.

Қазіргі таңда жасөспірімдерді табиғатты қорғау үйретуші кұрал Ш. Уәлихановтың осы тақырып жөніндегі бай мұрасы болып табылады Уалихановтың табиғат пен халықтың қатынасындағы зерттеулегі халқының арасындағы жағымсыз сезімдердің «Табиғатты шексіз қадірлеуінен туған» - деген ой айтады [19] .

Қазақтың ұлы ағартушысы Ы. Алтынсарын жастарды ата-ананың тәлім- тәрбиесін, ақыл-кеңесін көңіл түюге шақырып «Ақыл- кеңесті алмасаң анау тұрған қисық ағашға ұксасы өсесің» - деп өзінің тәрбиеге деген көзқарасын айтады. Сонымен қатар ақын ағарту және қоршаған орта мәселелрін сараптап арнаған шығармаларында дүниеге өзіндік көзқарасын көрсетеді.

Ағартушының өміріндегі ерекше орын алатын мәселелері мәдениеттілік пен әдет - ғұрыптың көзқарастары және маңызы. Мысалы: аққан судың сылдырауы, шалғынды көкорайдың көркі т. б. табиғат қозғалыстары «Жаз», «Өзен» деген өлеңдерінде суреттеледі. Бұл өлеңдер жастарды табиғатты қастерлеуге тәрбиелейді [20] .

Экологиялық білім мен тәрбиенің тамыры отбасы мен бала - бақшадан нәр алып, дамуы керек. Ата - бабаларымыз экологиялық тәрбиені ұлттық дәстүрде наным, сенім, ырымдар арқылы үздіксіз беріп отырған. Мысалы, «Көк шыбықты сындырма, көктей соласың», « Аққуды атпа, киесі ұрады», «Көзіңді қалдыр - бұлақ көзін ашып жүр, өзіңді қалдыр - бақша өсіріп жаса нұр деген ата - баба өсиетінде не деген көрегенділік, ақылдылық бар десеңізші! Ата - бабаларымыз қазақ жол жүріп келе жатып, аға алмай жатқан бұлақ көрсе көзін ашқан екен. Қазіргі таңда жас жеткіншектерге ата- бабалардың нақыл сөздерін жеткізіп, оны ұғындыру және осыған байланысты экологиялық білім беру бұл мұғалімнің міндеті болып табылады.

Қай заманда болсын қазақ халқы дәстүрінде табиғатқа тағылықпен қарау деген болмаған. Аң- құстардан бастап өсімдіктерге дейін жанаршылықпен қарап, табиғат тұнығын «обал» деп санады. Табиғат байлығын жеке меншіе емес, қоғамдікі, халықтікі, болашақ ұрпақтікі деп санады.

Жоғарыда келтірілген халқымыздың ырымдары мен тыйым сөздері жас өспірімдерге экологиялық білім беру жолына үлес қосады.

Алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибелермен және әдебиеттермен танысу жалпы білім беретін мектептердіғң барлық түрлері мен мектептен тыс мекемелердің іс - қимыл бірлігінің нәтижесіндегі жетістіктің кепілі болатындығы туралы пікірдің қалыптасуы - бұл бағыттағы онды нәтижелерге тек жоғары сынып оқушыларымен жүйелі түрде жүргізілген экологиялық - туристік - өлктану қызметі арқылы ғана қол жеткізуге болады.

Жоғарғы сынып оқушыларының бойында шығармашылық қабілеттер мен қызығушылықтарды дамытуда, мектептен тыс мекемелер негізгі нысана болады. Жоғарғы сынып оқушылардың шығармашылық қызметтерінің ұжымдық түрлері, әсіресе табиғат пен қоршаған ортаның өсімдіктер мен жануарлар дүниесі арасында тығыз байланыста бола алады. Жоғарғы сынып оқушыларының экологиялық білімділігі мен тәрбиелілігі олардың экологиялық санасына байланысты, яғни олардың барлық қызметі мен мінез- құлықтарын, бұрынғы ой- пікірлері мен көзқарастарына өзгеріс енгізудің қалыпқа келтіуші құралы деп түсінуге болады.

Оқушыларға экологиялық тәрбие берудің басты мақсаты мен міндеттерін және маңызын белгілеу үшін И. Д. Зверев еңбектерінің орны ерекше. Ол «экологиялық тәрбиенің мақсаты білім жүйелерін, көзқарас пен сенімдерін, моральдық нормаларына сәйкес қоршаған, ортаның жағдайына азаматтық қатынастарды қамтамасыз ету болып табылады» - деп оның педегогикалық теориясы мен практикадағы сала екендігіне көңіл аударады.

И. Д. Зверев (1993) «Барлық оқу пәндерін экологияландыруға байланысты ойланып жасалған жұмыстар қажет» - деп мұғалімдерге қойылатын негізгі үш талапқа ерекше көңіл бөледі. Біріншіден, мұғалімнің алдында табиғат және қоғам туралы сезім жауапкершілік болу керек. Мұғалімдер әр адам, болашақ ұрпақ табиғатты қорғау қажеттігін түсінуі қажет. Екіншіден, мұғалімнің өзінің өмірі мен қызметінде табиғаттың жанашыры ретінде басқаларға үлгі болуы тиіс. Үшіншіден, әрбір мұғалім экологиялық біліммен қарулануы керек [9] .

Әрине оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беруде мұғалімдерге қойылатын негізгі талап - экологиялық білім мен тәрбие беру барысында негізгі мақсаты мен міндеттерін, маңыздылығын белгілеу болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі кезеңдегі дәстүрлі емес оқыту технологиясы арқылы экологиялық білім берудің ғылыми - теориялық негіздері
Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің педагогикалық негіздері
Мектеп оқушыларына өзін-өзі тану пәнін оқытудың негіздері мен ерекшеліктері
Мектеп оқушыларына өзін-өзі тану пәнін оқытудың ерекшеліктері
Мектеп оқушыларына кәсіптік білім беруде инновациялық әдістерді қолдану
Оқыту әдістер тобы әдістер
Педагогикалық инновацияларды лақап новаторлардан қорғау
Дәстүрлі технологиялар мен инновациялық технологиялардың аражігі
Технология пәнін оқытуда оқытудың белсенді әдістерін қолдану жолдары
Биология сабағында жаратылыстану сауаттылығын қалыптастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz