Болашақ бастауыш мектеп мұғалімдерін кәсіби даярлауда көпсатылы жоғары білім беруді ұйымдас-тырудың педагогикалық шарттары


болашақ бастауыш мектеп мұғалімдерін кәсіби даярлауда көпсатылы жоғары білім беруді ұйымдас-тырудың педагогикалық шарттары
МАЗМҰНЫ
1. БОЛАШАҚ БАСТАУЫШ МЕКТЕП МҰҒАЛІМІНІҢ КӘСІБИ ҚЫЗМЕТКЕ ДАЙЫНДЫҒЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ-ІЛІМДІК НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Педагогикалық ЖОО болашақ мұғалімді кәсіби қызметке дайындаудың концептуальды бағыттары және ғылыми негіздері
1. 2 Болашақ бастауыш мектеп мұғалімдерін кәсіби қызметке даярлауда көпсатылы жоғары білім беруді ұйымдастырудың құрылымдық мазмұны
1. 3 Болашақ бастауыш мектеп мұғалімдерін кәсіби қызметке даярлауда көпсатылы жоғары білім беруді ұйымдастыру жағдайы
1 бөлім бойынша қорытынды
2. БОЛАШАҚ БАСТАУЫШ МЕКТЕП МҰҒАЛІМДЕРІН КӘСІБИ ДАЯРЛАУДА КӨПСАТЫЛЫ ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТӘЖІРИБЕЛІК МАЗМҰНЫ
2. 1 Көпсатылы жоғары білім беруді ұйымдастыру жағдайында болашақ бастауыш мектеп мұғалімдерін кәсіби қызметке даярлау мазмұны
2. 2 Болашақ бастауыш мектеп мұғалімдерін кәсіби қызметке даярлауда көпсатылы жоғары білім беруді ұйымдастырудың педагогикалық шарттарын оқу үдерісіне енгізу және олардың тиімділігін педагогика-лық тәжірибеден сынақтан өткізу
2. 3 Көпсатылы жоғары білім беруді ұйымдастыру жағдайында болашақ бастауыш мектеп мұғалімдерін кәсіби қызметке даярлау жұмыстары бойынша тәжірибелік нәтижелерді өңдеу
2 бөлім бойынша қорытынды
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Болашақ бастауыш мектеп мұғалімінің кәсіби дайындығының ғылыми-ілімдік негіздері.
- 1. 1 Педагогикалық ЖОО болашақ мұғалімді кәсіби қызметке дайындаудың концептуальды бағыттары және ғылыми негіздері
Қазіргі уақытта білім беру жүйесі жұмысының тиімділігін анықтайтын негізгі бағдар педагог кадрларды дайындау нәтижесінің сапалылығы болып табылады, өйткені білім беру жүйесінің барлық салаларының тиімділігі сол кадрлардың қызметіне тәуелді. Өркениеттің алға басуы барлық уақытта мақсаты жас ұрпақты адамзаттың бұрынғы ұрпақтары қалдырған құндылықтарымен тәрбиелеу болып табылатын білім беру жағдайына тәуелді қойылды. Мұнда мәдениет пен білімді беруші қызметін мұғалім атқарды. Оның жеке тұлғасы өткен ғасырлардың көрнекті педагогтерінің назарының басты объектісі және одан кейінгі зерттеулердің негізгі пәні болды.
Педагогикалық білім берудің мәнін мұғалімнің үздіксіз, бірегей кәсіби-жеке тұлғалық даму процесі құрайды. Қазіргі заманғы педагогикалық ғылымда “білім беру” термині төмендегіше түсіндіріледі:
- жекетұлғаның өмір жолын абыройлы таңдау мүмкіндіктерін кеңейтуге және жекетұлғаның өзін-өзі дамытуға бағытталған процесс ретіндегі білім беру (А. Т. Асмолов 112) ;
- білім беру адамның заттық, әлеуметтік және рухани мәдениет әлеміндегі белсенді қатысуы жолымен өз-өзінде әлем бейнесін жасауы (А. А. Вербицкий 19, 67) ;
-білім беру адамның мақсатты, педагогикалық ұйымдастырылған және жоспарлы әлеуметтену барысы мен нәтижесі (А. В. Петровский 113) .
Біз “білім берудін мазмұны қоғамның қазіргі және келешектегі қажеттіліктерін, адам танымының ерекшеліктерін көрсетуі керек, әлеуметтік даму тенденциялары есебінің негізінде қоғамда қабылданған білім беру дамуының концепцияларына сай болуы керек . . . ” деген Г. Ж. Меңлібекованың (114, 93) тұжырымдамасымен келiсеміз.
Дамудың үздіксіздігі мұғалімнің кәсіби-жеке тұлғалық қасиеттерінің мына кезеңдерде жалғаса отырып дамитындығын білдіреді:
- профориентациялық, мамандандырылған,
- базалы кәсіби дайындықтың;
- ЖОО-ны бітіргеннен кейінгі кәсіби қалыптасудың және одан әрі кәсіби жетілдірілудің.
Білім беру мазмұнының, педагог-кадрлар, мамандар дайындығының мәселелері барлық уақытта ғалым-педагогтер мен психологтардың басты назарында болып келді және бола да береді. Мұғалімнің жеке тұлғасының даму іліміне және әдістемесіне, оның қоғамдағы роліне С. И. Архангельский-дің, Е. П. Белозорцевтың, С. Т. Вершловскийдің, Н. В. Кузьминаның, Ю. Н. Кулюткиннің, А. С. Макаренконың, А. В. Мудриктің, В. А. Сластениннің, Т. С. Сухобскаяның, Н. Ф. Талызинаның, С. П. Шацкийдің, Ю. П. Азаровтың, И. А. Зязюннің және басқалардың зерттеулері арналған (1; 2; 3; 4; 7; 8; 9; 11; 12; 13; 14; 27; 29; )
Мұғалім мамандар дайындығы мәселесінің теориялық жасалуына, оқу процесін жетілдірудің мәселелерін зерттеуге О. А. Абдулинаның, Ю. К. Бабанскийдің, В. П. Беспальконың, А. А. Вербицкийдің, В. Н. Вергаловтың, Ф. Н. Гонобалиннің, Э. А. Гришиннің, С. Б. Елконовтың, В. А. Кант-Коликтің, Н. Д. Никондровтың, И. П. Раченконың және басқалардың (15, 16, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 115) педагогикалық зерттеулері арналған.
Олардың жұмыстарында мұғалім мамандығына қойылатын негізгі талаптар нақтыланады және анықталады, педагогикалық шеберлік пен шығармашылықтың қалыптасу механизмдері бөлінеді. Н. Ф. Гонобалин (21) және Н. В. Кузьмина (5-6) мұғалімнің кәсіби қызметінің құрылымын зерттеу бойынша көп жұмыстар жасады. В. А. Сластенин (11) және басқалар мұғалімнің жеке тұлғасының ерекшеліктерін және олардың кәсіби қызметте көрінісін зерттеді. И. П. Раченко мұғалім қызметі тиімділігінің педагогикалык еңбектің ғылыми ұйымдастырылуына тәуелді болатындығын дәлелдеді. Ю. П. Азаров (27) және И. А. Зязюн (29) өз назарларын педагогикалық шеберліктің қалыптасуына аударады. Бұл зерттеу жұмыстары О. А. Абдулинаның, Л. Ф. Спиринаның (26) және басқалардың зерттеулерінде орын алған оқу-тәрбие ісінің нақты мәселелерін шешуі үшін болашақ мұғалімдерде педагогикалық дағдылардың қалыптасуы мәселелері ғалымдардың зерттеуінің негізі болды. В. А. Сластениннің (10-11), А. Ф. Спириннің (26) және Э. А. Гришиннің (22) зерттеулерінде мұғалімнің жеке тұлғасы қасиеттерінің, құлықтық-әдептік сапалардың және жалпы педагогтік дағдылардың өзара байланыса жасалған.
Осы тұрғыда Абай атындағы ҚазҰПУ ғалымдарының соңғы жылдары Н. Д. Хмельдің жетекшілігімен болашақ мұғалімдерді кәсіби қызметке дайындау мәселелерін шешуге арналған үлкен жұмыстардың орындалғанын айтып кеткен жөн. Н. Д. Хмель болашақ мұғалімдердің кәсіби дайындығының табыстылығы оны педагогикалық процестің мәнділігін түсінуді үйретуге және оны меңгеру дағдысына тікелей тәуелді, қатысты болатындығын атап көрсетеді. Н. Д. Хмельдің зерттеулері мақсаттарды іске асыруда арнайы дайындықтың қажеттігін және тұтас педагогикалық процесті меңгермейінше, мұғалім өз назарын тек оқытатын пәніне ғана аударатынын және өзінің кәсіби өсуінде жеткілікті табысқа ие бола алмайтындығын көрсетті. ЖОО-да оқып жүргеннің өзінде-ақ болашақ мұғалімді жалпы білім беретін мектептің педагогикалық процесін басқаруы бойынша өзінің іс-әрекетінің барысы мен нәтижелеріне тыңғылықты талдауына дайындау қажет. Н. Н. Ханның зерттеулерінде мұғалімнің оқушыларымен ынтымақтастығы негізінде педагогикалық процестегі ұжымдық танымдық іс-әрекетті, қызметті орындау үшін мұғалімнің дидактикалық дайындығын негізгі бағыттарын көрсете алды. Мұғалімнің кәсіби дайындығы тұтас педагогикалық процестің ілімі мен практикасының бірлігімен айқындалады. Сондықтан білімгерлердіі оқытқанда дайындықтың кәсіби деңгейін жүйелі көрсететін көрнекі құралдардың сәйкестендірілген кешеніне -жиынтығына сүйену қажет. М. И. Ильясов (59) өз зерттеуінде болашақ мұғалімдердің шығармашылық қызметке дайын болуы тұтас педагогикалық процестің теориясы мазмұнын жақсы түсінуіне қарай болатындығын дәлелдеді. К. М. Мұхамеджанов (34), В. В. Шахгулари (40) және Т. П. Смолькиналардың еңбектерінде (41) болашақ мұғалімнің мектептегі шығармашылық қызметке дайындығы мәселелері қарастырылады.
Мұғалім жеке басының шығармашылықпен қалыптасуындағы педагогикалық процестің ұйымдастырылуы рөлін осы міндеттерді педагогикалық мәселелерді пайдалану жолымен іске асыруды А. Б. Бекманов (116), А. Т. Кенжебаев (117), К. М. Мұхамеджановтар қарастырды (34) . С. Т. Каргин оқытудың бір бағыттылығының болашақ мұғалімдердің педагогикалық ой-өрісінің қалыптасуындағы елеулі рөлін дәлелдеді. М. Мухамедин (56), Н. К. Ахметов (57) және Д. И. Иргалиевалар (58) бастауыш мектептің болашақ мұғалімінің дайындығында ойынмен оқытудың ілімі мен тәжірибесін жасады. А. С. Қадырова (118) болашақ мұғалімнің кәсіби дайындығы ісінде жағдаятты модельдеуді қолдану мүмкіндіктерін қарастырды. Т. А. Абдулкаримова (62) студенттердің бастауыш мектепте ақпараттандыру жүйелерін пайдалану мәселелерін қарастырады. Алдағы болатын тәжірибеден өту және өзінің кәсіби дайындығының алғашқы кезеңінде табысты бейімделуге ЖОО дайындығының әсеріне Т. Н. Қасабекованың (55), С. В. Фатеевтің (60), Е. А. Абеновтың (61) зерттеулері арналған. Барлық осы және басқа да зерттеулер мұғалімнің кәсіби дайындығын жетілдіруде тұтас педагогикалық процесс ілімінің рөлін нанымды дәлелдеп берді.
Болашақ музыка мұғалімін кәсіби-педагогикалық және әдістемелік дайындау мәселесі, оның шығармашылық потенциалының дамыту ғалым-әдіскерлерді де ойландырады. Атап айтқанда, М. Х. Балтабаевтың, С. С. Естемісованың, К. С. Төребаеваның, А. Б. Абдуллиннің, Ю. Б. Алиевтің, Б. А. Ахметовтың, Т. М. Алибакиеваның, Р. Р. Жердималиеваның және басқалардың (65, 68, 72, 75, 84, 119, 120, 121, 122, 123) зерттеу жұмыстарында педагогикалық шығармашылықтың бастаулары, қызметтері мен шарттары мұқият зерттеледі, болашақ музыка мұғалімінің тұлғалық қасиеттері мен кәсіби қабілеттері дамуының әдістері мен тәсілдері жасалады.
Кеңес Одағы кезеңінде ізгілікті білімнің құрамдас бөлігі болған педагогикалық білім беру әмірлік-әкімшілік жүйенің келеңсіз әсерін әбден тартты. Өткен ғасырдың соңғы онжылдықтарында бұрынғы Кеңес Одағында қоғамдық өмірдің барлық жақтарын қамтыған “тоқырау” да, жалпы әлеуметтік дамудағы сияқты, объективті жағдайлардың күшімен, осы жерде де көрінді. Жоғары педагогикалық мектепте әлеуметтік шындықтан алыс болған, педагогикалық мамандар дайындаудың әлеуметтік қолайлы штампы жасалды.
Сол кезеңде жүргізілген зерттеулердің басым көпшілігі дәстүрлі білім беру тәжірибесімен байланысты болды. Сондықтан И. В. Котованың бүгінгі күн тұрғысынан қарағанда бұрыннан келе жатқан зерттеулер және тәжірибе жүзіндегі фактілердің өзіндік ерекшіліктерімен қоса ескірді, өйткені олар қазіргі талаптарға сай емес, сонымен бірге, мұндай жұмыстарда, біздің пікірімізше, осы заманғы педагогтарды дайындау мәселесінің теориялық және технологиялық негіздерін қайта ой елегінен өткізуді пайдалану мүмкін болады, себебі осы күнгі құндылыққа жету үшін қызмет еткен өткеннің тәжірибесін алып тастауға болмайды.
Мұғалімді қалыптастыру процесі ұзақ, әрі қарама-қайшылықтарға толы, ал болашақ педагог жеке тұлғасының дамуы соларды жеңу арқылы іске асады.
ЖОО педагогикалық білім беруде тоқыраудың бар екендігін бүгінгі таңда барынша тұрақтылық танытатын тенденцияларды тудырған терең қайшылықтардың шоғырлануы білдіруде. Қарама-қайшылықтардың бір жағынан, процестерді тежейтіні, екінші жағынан, олардың дамуына ықпал ететіні белгілі. Бұл функциялар барлық уақытта диалектикалық бірлікте көрінеді. Білім беру процесінде қарама-қайшылықтар дәстүрлі теория (ілім) мен практикаға (тәжірибе) сай келмейтін жаңа факторлар көрініс тапқанда пайда болады. И. Б. Котова мен Е. Н. Шияновтар (124. 10) бұл факторлардың құндылығын ’’олардың жаңа педагогикалық теориялар мен қолда бар қазіргі білім беру практикасын қайта құруға жағымды әсер ететіндігінде’’ деп түсіндіреді.
Ал И. Д. Лушников (125) ЖОО-да болашақ мұғалімдерді дайындауда мынадай қарама-қайшылықтардың жиі орын алатынын көрсетеді:
- оқытылатын мамандық пәніне ерекше ден қою арқылы ЖОО-да бағытты-бағдарлы білім беру мен мұғалімнің кәсіби қызметінің жеке тұлғалық бағыттылығы арасындағы қарама-қайшылық;
- мамандыққа білім берудің ќағидалы дұрыс сипаты мен балаларды оқыту және тәрбиелеуге бірегей көзқарасты талап ететін кәсіби қызмет ерекшеліктерінің арасында қалыптасқан қарама-қайшылық;
- мұғалімді дайындаудағы педагогикалық тәжірибенің біржақты шектелген ролі мен мұғалім дамуындағы педагогикалық қызметтің шынайы ролі арасындағы қарама-қайшылық; :
- мұғалім дайындығының типті жүйесі мен оның қызметінің жеке шығармашылық сипаты арасындағы қарама-қайшылық;
- мұғалім дайындығының типті жүйесі мен нақты жағдайлардағы оның міндеттерінің ерекшеліктері арасындағы қарама-қайшылық.
ЖОО педагогикалық білім беру тәжірибесінің нәтижелерін талдау арқылы өте жиі кездесетін қарама-қайшылықтардың негізгі үш тобын ажыратуға болатындығын төмендегіше көрсете аламыз:
- әлеуметтік педагогикалық;
- педагогикалық;
- психологиялық;
Мұндағы әлеуметтік-педагогикалық қарама-қайшылықтар:
- бір жағынан, әлеуметтік процестер мен қоршаған орта жағдайлары, және екінші жағынан, білім беру жүйесінің дамуы мен жұмыс істеу арасындағы қарама-қайшылықты көрсетеді. Бұл қарама-қайшылықтар соңғы жарты ғасырда өмірге келген рухани өндірістің заңды нәтижесі болып табылады. Оның мәні жеке тұлғаны “материал” ретінде қарастыратын “жасампаз” тәрбиені құрайды. Бұл мұғалімді мәдениеттен, рухани байлықтан, оқушылардан бөлектенуге алып келді. Өз қызметінде адами бағдарын жоғалтқан мұғалім білім беруге тұлғасыз көзқарасты көрсете бастады.
Қоғамдағы әлеуметтік жәйттың өзгерісі демократиялық және адамгершілік принциптерге сүйенген қайта құрулар, жаңашыл істер жасай алатын жеке тұлғаға деген қажеттілікті тудырды. Осыған байланысты дәстүрлі білім беру процесі тиімсіз болып шығады.
Әлеуметтік-педагогикалық қарама-қайшылықтарға ЖОО-лардың білім беруінің сапалық емес, сандық көрсеткіштерге бейімделуін де жатқызуға болады. Өкінішке орай, мұндай тенденция білім берудің қоғамдық және жеке тұлғалық құндылықтарына теріс әсер ете отырып, жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайларда да сақталуда.
Педагогикалық қарама-қайшылықтар педагогикалық жүйенің өзіне ғана тән. Оларға мақсат пен мазмұн, оқу процесі шекараларымен меңгерілетін ақпараттар көлемі, мазмұн мен технология және т. с. с. арасындағы қарама-қайшылықтар жатады. Бұлар білім берудің мәдениет жасаушы қызметін тоқтатуға ал оның мазмұнының отандық және әлемдік мәдениеттен тыс қалуына алып келді. Бұл білім берудің дамытушы мүмкіндіктеріне теріс әсерімен байқалды: ол жалпы, маманданған және жекетұлға мәдениетінің, өзін-өзі дамытуы мен шығармашылыққа жеке тұлғаның дайындығын өзара бірлесіп жұмыс істеу қабілетін жасау үшін қажетті жағдайлар тудырмады. Одан басқа, болашақ педагог дайындығында жеке тұлғаның маман болуына елеулі әсері болмаған пәндік бағыт ғана жетекші роль атқарды, ал жалпы мәдениеттік және психологиялық-педагогикалық дайындық өз міндетін дұрыс орындамады. Осының бәрі білім беру тәжірибесінде функциональды ыңғайдың басым болуына алып келді.
Осы кезге дейін болашақ мұғалімнің дайындығында мұғалімдік корпусты үйлестіруге және бұның салдары ретінде кәсіби қызметтегі шығармашылықтың болмауына алып келетін қайта жаңғырту (репродуктивті ) принципі сақталған.
Осының бәрі қазіргі мұғалім жұмысындағы жеке тұлғаның шығарма-шылық мүмкіндіктерін дамытпайтын, “орташа” оқушыға бейімделген дәстүрлі формалар мен әдістердің басым болуын түсіндіреді. Болашақ мамандардың кәсіби-шығармашылық дайындығының мәселелерімен О. А. Абдуллина, К. М. Мұхамеджанов, Н. А. Томин, В. Н. Худяков, Т. П. Смолькина, В. В. Шахгулари, Р. Ш. Сыдыќова сияқты ғалымдар мен басқалар айналысты (15, 34, 38, 39, 40, 41, 81) . Өз зерттеулерінде олар болашақ маманды қажетті білімдер мен дағдылар көлеміне қоса, үнемі өз білімін жетілдіруге бағытталған ақыл-ой тереңдігі қасиеттері мен ой ұшқырлығы шығармашыл жекетұлға болуы керек дегенді атап көрсетеді.
ЖОО білім беру процесінің негізгі қарама-қайшылықтарының бірі - бұл студент қызметін педагогтік басқару мен оның өзін-өзі басқару арасындағы қарама-қайшылық. Біздің зерттеуіміз көрсеткендей, ЖОО педагогінің қызметінде студенттер қызметін өзара байланыстығын тікелей басқару әдістері басым болады. Бұл қарама-қайшылық тікелей басқарудың жанама және стратегиялық түрлерінен өзін-өзі басқаруға өтпейінше шешімін таппайды. Осыған байланысты, біздің ойымызша, жаңа жағдайлардағы білім беру процесінің талаптары мен педагогтің не білетіндігі, қолынан не келетіндігі, неге қабілетті екендігі арасындағы қарама-қайшылықтарды алып тастау елеулі маңызға ие болады. Бұны ЖОО оқытушыларының педагогтік шеберлігін жетілдіруінің, білімін көтеру жүйесінің қайта құрылуының, ЖОО әртүрлі бөлімдері басшылары тарапынан көмектің қажеттілігін керек ететіндігі табиғи нәрсе деп санау аса маңызды.
Осы түрғыдан мұғалім тұлғасының кәсіби қалыптасуын басқару, көрсетілген қарама-қайшылықтарды жеңу мақсатында И. Д. Лушников (125) ұсынған төмендегідей жолдарды негізге алуға болады:
- ЖОО-да білім беруді мамандануға, мұғалімнің тұлғалық қалыптасуына қайта бейімдеу;
- педагогтік білім беруді түбегейлі нығайту;
- мұғалімнің кәсіби дайындығының ілімі мен тәжірибесін теңестіру;
- мұғалім қалыптасуындағы қайта жаңғырту (репродуктивті) тәсілінен жеке шығармашылық тәсіліне өту;
- мұғалімді мақсатты тапсырыс бойынша дайындау мүмкіндігі.
Білім берудің мақсатын көбінесе оның мазмұны мен құрылымы анықтайды, бірақ бұл жерде мақсаттарға пара-пар мазмұнды жасайтын және құратын өте күрделі жұмыстар талап етіледі. Өз жұмыстарында Адольф В. А, Белозерцев Е. П., Корнилов В. А, Лазерев В. С, Саранцев Т. И, Тхагопсоев Х. Т, Щетинин В. П. (126, 127, 128, 129, 130, 131, 132, 133) студенттің жеке тұлғасын дамытуға бейімделе отырып және қажет болған жағдайда педагогикалық білім берудің жаңа сапалық мақсаттарын айқындай отырып, оларға сәйкес оқу жоспарлары мен бағдарламалар мазмұнын қамтамасыз етудің күрделі екендігін ескертеді. Білім беру ілімі мен тәжірибесінің ең бір қиын мәселелерінің бірі жалпы мақсаттан жекеге өту болып табылады. Осындай өту барысында маманының жеке тұлғасының дамуы оның дайындығының негізгі мақсаты ретінде кәсіби білімдер және дағдылармен шектеледі. Мақсатты бүтіндік бағыттағы жүйенің дамуы тек сол барлық элементтерді өзіне бағындырудан, ал бүтіндік - бір элементтің өзі бүтіндік қасиетке ие болатын жүйе болғандықтан болашақ маманның кәсіби білімдер және дағдылармен шектелуіне жол беруге болмайды.
Осыған қарамастан кейбір ілімдер мен тәжірибелерде ЖОО-дағы бір пәндердің оқытылу мақсаты жалпы мәдени дүниетанымды жасау, екіншілерінікі - арнайы білім мен дағдыларды, үшіншілерінікі, болашақ педагогтің мектептегі жұмысқа дайындығы болып табылады деген тұжырымдар мен пікірлер әлі күнге дейін орын алуда. В. А. Сластениннің әділ ескертуі бойынша ойдың мұндай баяулығы жеке тұлғаны бөлшектеп қалыптастыру мүмкіндігі туралы ғылымға қарсы көзқарастардан шыққан. Дегенмен ең теріс нәрсе қоғамның жасампаз адамды қажетсінетіндігіне келіп тірелетін жеке тұлғаның жаңа қасиеті -осы заманғы педагог дайындығына барынша ыңғайлануды жете түсінбеуінде болып отыр. Осындай жеке тұлғаны қалыптастыру қасиеттер мен мінездемелердің жай жиынтығы емес, ол үздіксіз дамытуға бағытталған толық білім беру, әлеуметтік және кәсіби ынтасын арттыратын логикалық орталық пен мотивацияны қалыптастыру болып табылады (134, 12) .
Одан басқа пәндерді жеке дара оқыту меңгерілетін білімдер, дағдылар, тәсілдердің санада бөлектеніп сақталуына алып келеді. Осыған орай бұрын да және көп жағдайларда қазір де педЖОО-лардың бітірушілері өз мамандықтарын шын мәнінде тек білім беруші мекемеде жұмыс істеу барысында ғана игереді. Бұл жерде олар алған теориялық білімдерін практикалық мәселелерді шешу құралдары ретінде пайдалана алмайды. Білім беру саласында жұмыс істеуге ұмтылатын студенттер мектептің көп келбетті, болжап болмайтын және үнемі өзгерістегі әлеміне өздерінің дайын еместіктерін әйтеуір бір сезінеді.
Нәтижесінде, біз педагогикалық қызметке дайындалған емес, тек соны меңгерген түлекті ғана шығарамыз.
В. С. Лазерев пен Н. В. Коноплинаның пікірінше (129, 32), педагогикалық білім берудің мазмұнын және оның құрылымдануы әдісін өзгертпейінше, жеке тұлғалық, бейімделуші білім беру жүйесін жасау әрекеттері ешқандай да бір елеулі нәтижелер бермейді. Олар педагогикалық университетте оқып, тәрбиеленген түлектер де кем дегенде іс-әрекеттің 4 түрінің: педагогикалық, инновациялық, ұжымдық, өзін басқару мен өзін дамытудың субъектісі болатындай қабілеттіліктерінің қалыптасуы керек деп есептейді. Олардың әрқайсысында мәселелердің белгілі бір типтері шешілуі тиіс, яғни сәйкес келетін қимылдар орындалуы тиіс. Педагог шешуге тиісті мәселелердің құрамы оқу-тәрбие процестік қажеттіліктері сияқты қолда бар мүмкіндіктерге де тәуелді болады. Егер студент оқытудың басында нағыз маман-педагог қандай болуы керек туралы түсініктер алмаса, білім алу барысында өзінде қабілеттер дамитындығын, осы үшін қандай мүмкіндіктер алатындығын білмесе, ол сол күйі пассивті оқытылушы болып қалады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz