Болашақтағы мектеп психологы, арманыңды іске асыр!



1. ПДТ бірінші сынып оқушыларына арналған сауалнама
2. БДТ бірінші сынып оқушыларының ата.аналарына арналған сауалнама
3. «Менің отбасым» тақырыбына салынған проективтік тест.
4. Логикалық және механикалық есте сақтау
5. Логикалық операцияның дамуын байқау
6. Ойлау қабілеттің диагностикасы
7. Тренинг жаттығулары
«Білекке сенер заманда – ешкімге есе бермедік, Білімге сенер заманда – қапы қалып жүрмелік» дегендей, XXI ғасыр - психологтар ғасыры.
Адамды – бүкіл тіршілік әлемінен ерекшелейтін – оның ерекше жетілген психикасы. Сол психиканың дұрыс дамуына ықпал ететін,әрине психологтар.
Психология мамандығы дегенде маған әлем кеңістігі елестейді. Осы ғаламшарда тоғыз планета, жұлдыздар, аспан денелері күн жүйесінен жылу ала отырып, өз жолымен айналып жүреді. Осы менің «Күн» деп алып отырғаным әрине, ол - психолог. Ендеше, психолог - өз тарапынан көмек күтетін, ақыл – кеңес алатын, ішкі жан дүниесі ауыр бір жараға толып қалған, мұқтаж адамдарға қол ұшын беретін періште.
Періште (психолог) - өзіміз әркез мақтаныш ететін табиғат тылсымдарының шынары, адамның алуан құбылысқа толы жан сарайының сырлы да, мұңлы жұмбаққа толы, тіпті күрделі психологиялық мәдениетіне үңілуді былай қойғанда, астары мол ой жүйесі мен тебірене де түлей білетін, адам баласының – жан дүниесінде бір – біріне ұқсамайтын, жанаспайтын адам психикасындағы қарама – қайшы табиғатында кездесетін психологиялық мінез – құлқы туралы іс - әрекеттерді шешуші қоғамның, әлеуметтің қажет ететін сыйы деп білемін.
Адамды – бүкіл тіршілік желінен ерекшелейтін – оның ерекше жетілген психикасы екені белгілі. Сол психиканың дұрыс дамуына ықпал ететін, адам тәрбиесіне қатынасы бар осынау жұмбақ сырлардың күрмеуін таратып, күллі адамзаттың тілегіне айналдыру біздің мойнымыздағы парыз.
Әр адам – адамзаттың жеке – дара өкілі болғанымен, өзіндік ерекшеліктерімен дараланады. Себебі, әр адамның өзіндік мінез – құлқы, бет - әлпеті қайталанбайды.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Болашақтағы мектеп психологі, арманыңды іске
асыр!
Білекке сенер заманда – ешкімге есе бермедік, Білімге сенер заманда – қапы
қалып жүрмелік дегендей, XXI ғасыр - психологтар ғасыры.
Адамды – бүкіл тіршілік әлемінен ерекшелейтін – оның ерекше жетілген
психикасы. Сол психиканың дұрыс дамуына ықпал ететін,әрине психологтар.
Психология мамандығы дегенде маған әлем кеңістігі елестейді. Осы ғаламшарда
тоғыз планета, жұлдыздар, аспан денелері күн жүйесінен жылу ала отырып,
өз жолымен айналып жүреді. Осы менің Күн деп алып отырғаным әрине,
ол - психолог. Ендеше, психолог - өз тарапынан көмек күтетін, ақыл – кеңес
алатын, ішкі жан дүниесі ауыр бір жараға толып қалған, мұқтаж
адамдарға қол ұшын беретін періште.
Періште (психолог) - өзіміз әркез мақтаныш ететін табиғат тылсымдарының
шынары, адамның алуан құбылысқа толы жан сарайының сырлы да,
мұңлы жұмбаққа толы, тіпті күрделі психологиялық мәдениетіне
үңілуді былай қойғанда, астары мол ой жүйесі мен тебірене де
түлей білетін, адам баласының – жан дүниесінде бір – біріне
ұқсамайтын, жанаспайтын адам психикасындағы қарама – қайшы табиғатында
кездесетін психологиялық мінез – құлқы туралы іс - әрекеттерді шешуші
қоғамның, әлеуметтің қажет ететін сыйы деп білемін.
Адамды – бүкіл тіршілік желінен ерекшелейтін – оның ерекше жетілген
психикасы екені белгілі. Сол психиканың дұрыс дамуына ықпал ететін,
адам тәрбиесіне қатынасы бар осынау жұмбақ сырлардың күрмеуін таратып,
күллі адамзаттың тілегіне айналдыру біздің мойнымыздағы парыз.
Әр адам – адамзаттың жеке – дара өкілі болғанымен, өзіндік ерекшеліктерімен
дараланады. Себебі, әр адамның өзіндік мінез – құлқы, бет - әлпеті
қайталанбайды.
Ендеше, біз мектепте – бала психикасымен жұмыс жүргізгендіктен
менің арманым:
· этика, эстетика мәдениетін сақтайтын;
· ойлау белсенділігі жоғары;
· сөздік қоры дамыған;
· өз идеяларын практикада қолданатын;
· талдай алатын;
· талқылай алатын;
· өз ісіне айтылған сынды қабылдай алатын;
· өз пікірін ашық айтатын;
· жаңаға бейім жеке тұлға қалыптастыру.
Жеке тұлғаны қалыптастыру үшін ең алдымен баланың жасаған
іс - әрекеттерін таразыға сала отырып, баламен біріге жұмыс жүргізу қажет.
Мектеп психологі үшін баланың қызығушылығы, бейімі, қабілеті, зейіні,
түйсігі, ойлау қабілеті, сөйлеу мәнері секілді ерекшеліктері басты орында
болуы тиіс. Осы ерекшелікті ескеру мен дамыту оқушының жеке тұлғасын
қалыптастыруда маңызды фактор болып табылады. Оқушы қабілетінің әрқилы
болатыны белгілі. Оқушыларды байқағыштық пен байсалдылыққа, зейінділік пен
зеректілікке, тапқырлық пен ойланғыштыққа баулып, тәрбиелейтін –
психология.
Психолог бала жанының терең түкпіріне үңіле білсе, баланы тыңдай білсе,
өзін де тыңдата алса, бала құқығына қол сұқпай тәрбие ісіне басшылық
жасаса, дұрыс нәтижеге жетеді. Психологтің өзінің де дүниетанымы кең болып,
баланы дүниені танып білуге, байқампаз болуға, білімге қызығушылығын
арттыруға күш салып, бүгінгі шешуі қиын деген мәселенің ертең түкке
тұрғысыз жеңіл болып қалатынына сендіре білуі керек. Балалармен арадағы
қатынас адамгершілік негіздеріне сүйенсе ғана нәтижелі болады. Бала көңілі
сезгіш, оның өмір жолын таңдауға өз құқы бар. Сондықтан біз оларға үлкен
өмірдің таңдауын жасарда көмек қолын созсақ, сәттілік әкеледі. Бала жаны
әрқашан жылу мен мейірімді қажет ететінін естен шығаруға болмайды. Біздің
өзіміздің адамгершілігіміз, өз жұмысымызға берілуіміз, оқушыны сыйлап
қадірлеуіміз, әділ шешім шығару арқылы қатаң да дұрыс талап қоя білуіміз
маңызды. Себебі беделсіз психологті бала да сыйламайды.
Олай болса, мен ең алдымен өзімнің кім екенімді, өз ісімнің мақсатым,
міндеттерім мен іске асыру жолдарын, жұмысымның маңызы мен жауапкершілігін
анық білуім тиіс. Бұл әрине, төзімділік пен шыдамдылықты, білімділік пен
біліктілікті, мейірімділік пен талап қоя білуді керек етеді. Мен психолог
болғандықтан осы қасиеттердің бәрін бойыма сыйғыздым. Себебі мен
мектебімдегі шағын, бірақ үлкен әлемге айналар ғаламшарға шуағы мен жылуын,
жарығы мен жақсылығын аямай төгетін Күн емеспін бе?!

Психикалық дамуының тежелуі бар балаларды зерттеу
және оларды қатарға қосу

Мақсаты:Психологиялық дамуының тежелген оқушылардың ойлау, есте
сақтау қабілеттерін ойын түрлері арқылы дамыту.

Алғы сөз
Қазіргі таңда адамзат ғылым мен білімді игеруде психология ғылымынсыз
өркениеттің өріне еркін қол жеткізе алмайды. Өйткені психология барлық
салаларда қамтылады.
Осыған орай менің тоқталып кеткелі тұрған мәселем қазіргі кездегі
балалардың дамуындағы бұзылыс түрлерінің жиі кездесетін бір түрі -
психикалық дамудың тежелуі.
Менің осы жинағым ПДТ - психологиялық дамуында тежелуі бар балалармен жұмыс
жасауға арналған. Себебі ПДТ балалармен жұмыс жасау жай балаларға
қарағанда, әлдеқайда күрделірек және көп төзімділік пен шыдамдылықты қажет
етеді. Менің осы кітапшамнан ПДТ балаларды зерттейтін тестер жиынтығын
табасыздар.

1.1. ПДТ бірінші сынып оқушыларына арналған сауалнама
Мақсаты: Бірінші сынып оқушыларының ойлау қабілетін, сөйлеу тілін,
сөйлеу мәнерін, дауыс ырғағын дамыту және берілген сұрақтарға нақты жауап
беруіне дағдыландыру.
1. Сенің аты – жөнің кім?
2. Әкең мен анаң неше жаста?
3. Сенің атаң мен әжеңнің аты кім?
4. Сенің досың бар ма? Ол кім?
5. Сен тұрып жатқан мемлекеттің астанасы қалай аталады?
6. Сенің туыстарың тұратын көшенің аты қалай аталады? жауап ең
кемінде бір көшенің атын дұрыс атап, осы көшеде тұратын қандай
туыс екенін көрсет.
7. Досыңның немесе туысыңның тұратын үйінің және пәтерінің нөмірі.
8. Үйінің маңдайындағы көрген құстардың атын білесің бе? кемінде екі
құстың атын жазу керек.
9. Бір жылда неше ай және мезгіл бар?
10. Жылдың қай мезгілінде қар жауады?
11. Қашан сен мектепке барып, қашан келесің? дұрыс жауап
көрсетілген уақытпен, минутқа қарайды.
12. Үйдегі құрал-жабдықтарды ата? кем дегенде үш құрал-жабдықтың аты
дұрыс жауап болып есептелінеді.
Ескерту: Баланың берген жауабына қарай сауалнамаға талдау жасалады.

1.2. БДТ бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына арналған сауалнама
Мақсаты: Ата-ананың балаға деген көзқарасы, баланың үйдегі
әлеуметтік жағдайы, достарымен қарым-қатынасы баланың даму деңгейіе
анықтау.
Нұсқау: Құрметті ата-ана төмендегі сауалдарға жауап беруіңіз өтініледі.
1. Балаңыздың аты-жөні, жасы (айы, жылы)
2. Ата-ананың аты-жөні, білімі, жасы
3. Отбасының құрамы. Баланың мектепте оқитын аға-апалары бар ма?
4. Бала өзінің көп уақытын кіммен өзткізеді?
5. Балаңыз балабақшада болды ма?
6. Бала мақтағанға қалай қарайды? Мақтаудың қандай түрін үйде пайдаланасыз?
Мақтаудың қандай түрі балаға қалай әсер етеді?
7. Жазалауды қалай қабылдайды?
8. Баланың үйдегі атқаратын міндеттері бар ма?
9. Аулада бала өз бетімен серуендейді ме?
10. Балаңыздың достары бар ма? Олар үйге келіп тұрады ма?
11. Балаңыздың құрдастарымен қарым-қатынасы қалай?
а) онымен сөйлескенді күтеді
б) қарым-қатыныс жасауға жалтарыды
12. Үлкендермен қарым-қатынасы қалай?
13. Басқа балалар сіздің балаңызбен жақсы араласа ма?
14. Қандай ойындарды ұнатады: қозғалысты ойындар не үстел ойындаын,
жеке немесе ұжымдық ойнағанды қалайды?
15. Балаңыз мектепке баруға ұмтыла ма?
16. Мектепке қатысты бірнәрсені үйретуді сұрай ма?
17. Әріптерді тани ма, оқу біле ме?
18. Санау біле ме? Қосу, алуды біле ме?
19. Жазуды үйретуде қиындық тудыра ма? Иә,жоқ, білмеймін.
20. Қиындықтарын атаңыз?
21. Қиындықты жеңуіне көмектесесіз бе? Иә, жоқ.
22. Мұны сіз қалай істейсіз?
23. Балаңыз туралы тағы айтарыңыз бар ма?

1.3. Менің отбасым тақырыбына салынған
проективтік тест.
Мақсаты: Баланың басындағы жай-күйі мен алатын орнын, басқа
мүшелермен қарым-қатынасын анықтауға негізделген.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бизнес аңыздары, (Әлемнің бай адамдары) - Рокфеллер Джон Дэвисон
Түлектердің мамандық таңдау мәселесі
Екінші деңгейлі банктердің тарихы «Казкоммерцбанк» АҚ туралы
ҚР Президентінің Қаулысымен Ақмола қаласы Астана қаласы боп өзгертілді
Білім беру жүйесіндегі психологиялық қызмет көрсету
Балаларды қоршаған ортамен таныстыру әдістемесінің теориялық негіздері
Математика сабақтарында дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстарды басқару және ұйымдастыру жүйесін анықтау
Бастауыш сынып математика сабақтарында дарынды балалармен жұмыс жүргізудегі мұғалімнің қызметі
Білім беру жүйесін басқару ерекшеліктері
Мұғалімді дарынды балалармен жұмысқа даярлау ерекшелігі
Пәндер