Қазіргі қазақ тілі морфологиясын оқытудың ғылыми негіздері



1 Жоғары кәсіби білім беру жүйесінде тұлғаның танымдық белсенді оқу әрекеті . ғылыми таным негізі
2 . Студенттің оқу.танымдық қызығушылығын қалыптастыратын факторлар
3 Морфологиялық ұғымдарды игеру
Педагогикалық қызмет қоғамдық құбылыс болғандықтан, қоғамдық қарым-қатынастардың өзгеруі, жаңа білімнің жинақталуы, өндірістің жетілдірілуі, әлеуметтік прогресс, білім берудегі ізгілендіру, демократияландыру, ақпараттандыру, тұлғаның «Мен» тұжырымының басымдық ұстанымы, яғни тұлғаның – бағдарлық, нәтижелі оқу моделіне көшу педагог даярлығы қызметінің мазмұндық сипатын жаңаша өзгертуді талап етеді, себебі ол қоғамның әлеуметтік сұранысын қанағаттандыруы тиіс. Мектептегі жас ұрпақ тәрбиесі, оның жеке тұлғасының жаңаша қалыптасуы, әлеуметтік дүниеге көзқарасы, жалпы адами болмысының қалыптасуы алдымен мұғалім, оның жеке тұлғасы, кәсіби қызметіне байланысты. Ресейдің көрнекті психологы В.П. Зинченконың мұғалім оқушыны білім кеңістігіне енгізе отырып, оның жеке тұлғасын, оқу әрекетін қалыптастырады, өздігінен білім алып, оны өмірде қолдана білуге үйрететін тұлғаға теңеуі дау туғызбайды [131, 27]. Жоғары мектеп оқытушысының қоғамдағы атқаратын негізгі әлеуметтік қызметі – жас ұрпаққа қоғам міндеттеп отырған талаптарға жауап беретіндей оқытудың жаңа моделі негізінде тәрбиелеу, білім беру, оның белсенді оқу әрекетін қалыптастырып, танымдық қажеттіліктерін, қызығушылығын арттыру. Осы талаптарға сәйкес орта білім беретін мектептер мен инновациялық мектептердің (лицей, гимназия, атаулы, арнайы мамандандырылған мектептер) саны да көбейе түсуде. Мұның өзі келешек еңбек жолын мектепте жалғастыратын жоғарғы оқу орындарында болашақ мұғалімдер даярлығына қойылатын талаптар мазмұнын белгілеп отыр.
1. Зинченко В.П. Психологические основы педагогики. Психолого-педагогические основы построения системы развивающего обучения Д.Б.Эльконина-В.В.Давыдова. Учебное пособие. М., 2002.
2. Коджаспирова Г.М., Коджаспиров А.Ю. Педагогический словарь. М., 2000.-176 с.
3. Эльконин

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
2 ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ТІЛІ МОРФОЛОГИЯСЫН ОҚЫТУДЫҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІ
2.1 Жоғары кәсіби білім беру жүйесінде тұлғаның танымдық белсенді оқу
әрекеті – ғылыми таным негізі

Педагогикалық қызмет қоғамдық құбылыс болғандықтан, қоғамдық қарым-
қатынастардың өзгеруі, жаңа білімнің жинақталуы, өндірістің жетілдірілуі,
әлеуметтік прогресс, білім берудегі ізгілендіру, демократияландыру,
ақпараттандыру, тұлғаның Мен тұжырымының басымдық ұстанымы, яғни тұлғаның
– бағдарлық, нәтижелі оқу моделіне көшу педагог даярлығы қызметінің
мазмұндық сипатын жаңаша өзгертуді талап етеді, себебі ол қоғамның
әлеуметтік сұранысын қанағаттандыруы тиіс. Мектептегі жас ұрпақ тәрбиесі,
оның жеке тұлғасының жаңаша қалыптасуы, әлеуметтік дүниеге көзқарасы, жалпы
адами болмысының қалыптасуы алдымен мұғалім, оның жеке тұлғасы, кәсіби
қызметіне байланысты. Ресейдің көрнекті психологы В.П. Зинченконың мұғалім
оқушыны білім кеңістігіне енгізе отырып, оның жеке тұлғасын, оқу әрекетін
қалыптастырады, өздігінен білім алып, оны өмірде қолдана білуге үйрететін
тұлғаға теңеуі дау туғызбайды [131, 27]. Жоғары мектеп оқытушысының
қоғамдағы атқаратын негізгі әлеуметтік қызметі – жас ұрпаққа қоғам
міндеттеп отырған талаптарға жауап беретіндей оқытудың жаңа моделі
негізінде тәрбиелеу, білім беру, оның белсенді оқу әрекетін қалыптастырып,
танымдық қажеттіліктерін, қызығушылығын арттыру. Осы талаптарға сәйкес орта
білім беретін мектептер мен инновациялық мектептердің (лицей, гимназия,
атаулы, арнайы мамандандырылған мектептер) саны да көбейе түсуде. Мұның
өзі келешек еңбек жолын мектепте жалғастыратын жоғарғы оқу орындарында
болашақ мұғалімдер даярлығына қойылатын талаптар мазмұнын белгілеп отыр.
Тілді білуге, үйренуге ұмтылыс қазіргі кезеңде басқаша мазмұн алды,
ал білім беру мазмұнында тілді оқытудың маңызы ерекше, оқушы тіл арқылы
лингвистикалық білім алады, қоршаған ортаны таниды, адамдармен тілдік қарым-
қатынасқа түседі, логикалық ойлау қабілеті дамиды, басқа да пәндерді
игереді, өз ойын ауызша да жазбаша да жатық жеткізе алу мүмкіндігіне ие
болады. Тіл – өнер-білім, ғылымға жетелейтін құрал, ол тек сөз өнері ғана
емес, ол әр ұлт өкілдерін бір-бірімен рухани жақындастырушы, тәрбие құралы.
Тілді білу ұлтаралық қарым-қатынасты, ұлтаралық мәдениетті жақсартады.
Әрбір халықтың ғасырлар бойы жасаған мәдениетін, оның озық үлгілерін таныту
арқылы баланы сол ұлтқа құрметпен қарауға тәрбиелеумен бірге, оның тілге
деген сүйіспеншілік сезімін оятуға болады. Осы тұста бүгінде толыққанды
дамуына кепілдік алып отырған қазақ тілін абыроймен оқытып-үйрету, оның
қоғамдық беделін көтеру – болашақ қазақ тілі маманының қасиетті борышы,
міндеті.
Жоғары мектепте маман даярлау мәселесі – күрделі дидактикалық
көпқырлы үдеріс. Жоғары мектептегі оқу үдерісі – студенттің танымдық
әрекетін ұйымдастыру мен оны басқару жүйесі [132, 329]. Жоғары білім беру
жүйесіндегі бүгінгі ерекшелік – оқытуды ізгілендіру, демократияландыру
негізінде студенттің ақыл-ойын дамыту, танымдық әрекетін белсендіру,
өздігінен білім алу қабілетін, кәсіби біліктілігін қалыптастыру. Ғылыми
пәнді игертуде елеулі нәтижеге жету оқытушының лингвистикалық теориялық
білімімен қатар, педагогика-психология ілімін жетік, жан-жақты игеру
деңгейіне, оқу үдерісінің өн бойында студенттің жеке-дара ерекшеліктерін
ескеріп, саралап оқыту ұстанымдарын жүзеге асыруына, студенттердің оқу-
танымдық белсенділігін арттыратын белсенді оқыту әдістерін, құралдарын
қолдана білу шеберлігіне, білім мазмұнының ізгілік сипат алуына, оқытудың
тұлғалық-бағдарлық, кәсіби бағыттылығы ұстанымын жүзеге асыруына
байланысты. Студенттің ғылыми ұғымдар жасап, оны меңгеріп есте сақтап қана
қоймай, оны игерудің амал-тәсіліне үйренудегі оқу әрекетін өзі басқарып, өз
мақсаттарына сәйкес нәтижелерін қолдана білуге үйренеді. Бұл үдерістің
толыққанды жүзеге асуы студенттің білімд оқу белсенділігі негізінде
игертудің психологиялық ерекшеліктерін ескерген жағдайда нәтижелі болмақ,
сондықтан психология іліміндегі жетістіктер дидактика ілімінде жемісті
қолданылуда.
Жалпы, жоғары мектеп мазмұнын құрайтын лингвистикалық пәндердің
ғылыми мазмұнын іріктеу, оны оқытудың әдіснамалық, әдістемелік негіздерін
жаңаша қарастырған еңбектер аз. Дәстүрлі оқыту жүйесі студенттің оқу
үдерісінде обьекті деңгейінде қалып, ғылыми білімді игерудің танымдық амал-
тәсілдерімен жеткілікті дәрежеде қарулануына кедергі болып келді, сондай-ақ
жоғары мектепте жеке тұлғаның белсенді кәсіби-шығармашылық деңгейде дамуы,
оның танымдық іс-әрекеті, оны басқару, оқытудың психофизиологиялық
мәселелері әлі де болса аз қарастырылған. Ресейдің көрнекті ғалымдары Л.С.
Выготский, П.Я. Гальперин, А.Н. Леонтьев, В.А. Крутецкий, А.С. Лурье, С.Л.
Рубинштейн, Н.И. Жинкин, И.А. Зимняя, А.А. Вербицкий, отандық ғалымдардан
Қ. Жарықбаев, С.К.Қалиев, Ә. Сембаев, Т. Тәжібаев, С. Ұзақбаева, Г.
Храпченков, Н.Д. Хмель секілді т.б. ғалымдардың ілімдерінің оқыту
үдерісінде білімді игерудің әдіснамалық мәселелерін шешуде маңызы зор.
Ғалымдардың пайымдауынша, оқу материалын меңгертудің психологияялық,
дидактикалық ерекшеліктерін ескермей, оны тиімді етіп игерту мүмкін емес.
Оқу үдерісі құрылымы жағынан оқытушы мен студент арасындағы өзара
байланыстан тұрады, яғни оқу үдерісі – мақсатқа негізделген оқытушы мен
студент іс-әрекетінің үйлесімді әрекеті. Морфологиялық ұғымдарды игертудегі
оқытушының инновациялық қызметі – оқытудың психологиялық, педагогикалық
қағидаларын негізге ала отырып, оқыту мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес
білім мазмұнын жаңа ғылыми ұстанымдар негізінде оны ұйымдастырудың тиімді
түрлерін таңдау арқылы студенттің ғылыми-теориялық білімін қалыптастыру.
Студент қызметі – білім меңгеруде өз зейінін шоғырландыра отырып, оны
қабылдаушы және әрекеттік негізде орындап, өз бетімен жұмыс істеу арқылы
оны жүзеге асырушы. Осындай екі жақты өзара байланысты үдерістің жүзеге
асуының логикалық құрылысын былай өрнектеуімізге болады (2-сурет):
2-сурет. Екі жақты инновациялық оқу әрекетінің логикалық құрылымы

Мұнда инновациялық оқу үдерісінде оқу әрекетінің оқытушы мен
студенттің ынтымақтастық қарым-қатынасы негізінде жүзеге асуының нәтижелігі
көрсетіледі. Морфология негіздерін оқыту әдістемесінің тиімділігі студент
пен оқытушы әрекетінің жоғары дәрежеде біртұтастықта үйлесімді түрде жүзеге
асуының нәтижесіне байланысты. Нәтижеге жетуде басты мәселе – студенттің
жеке ерекшеліктерін, оқу-танымдық іс-әрекетін психофизиологиялық қырынан
зерттеп білу, ал белсенді оқу әрекетінің нәтижесі – ғылыми-теориялық білім
қалыптастыру. Бұл үдеріс оқу материалын ұғыну, оны тәжірибеде дұрыс қолдана
білу, ойлау операцияларының жинақтау, талдау, салыстыру, дерексіздендіру,
жалпылау түрлерінің бірлескен қызметі негізінде жүзеге асады. Оқу әрекеті,
негізінен, студенттің білімді игеруі, меңгеруі болса, екіншіден, оқытушының
өз шәкіртінің білімге ынта-ықыласын оятып, белсенділігін көтеріп, дүниеге
саналы көзқарасын қалыптастыру жолындағы әрекетінің тоғысы болып табылады.
Әрекет теориясы жөнінде Л.С. Выготский, А.Н. Леонтьев, В.В. Давыдов, Г.И.
Щукина, Н.Ф. Талызина т.б. пайымдауларына сүйене отырып, оқу әрекетінің
студент қабілетінің және оның жеке тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына
негіз болатынына көз жеткізуге болады. Оқу әрекетін мына түрде көрнекі
көрсетуге болады. Дәстүрлі түсіндірмелі-иллюстративтік оқытуда әдістемелік
жүйе (мақсат, міндет, мазмұны оқу формалары, әдістері, оқу құралдары т.б.)
оқытушы, студент әрекеті бір-бірінен оқшау болады да білім сапасы төмен
болады.

3-сурет. Дәстүрлі оқытуда объекті мен субъектілер әрекетінің көрінісі
а)

4-сурет. Инновациялық оқытудағы объекті мен субъектілер әрекетінің
көрінісі.
ә)

Мұнда (с-студент) әдістемелік жүйенің оқытушы, студентпен бірлескен
біртұтас бейнесін көруге болады, яғни үш объекті, студент әрекеті, оқытушы
әрекеті, оқытушы мен студенттің әдістемелік жүйедегі өзара әрекеті негізгі
рөл атқарады және ол субъектілік қатынасқа негізделгенде тиімді болады.
Оқыту сапасын жаңа деңгейге көтеруде белсенді әдістер мен кез-келген әрекет
тапсырмаларды анықтау, өзара әрекет түрлерінің жүзеге асуының амал-
тәсілдерін белгілеу, оқытудың қолайлы, оңтайлы, белсенді әдістерін қолдану
секілді мақсат қоюдан басталады. Оқытудың мақсаты білімі дайын күйінде
қабылдап, іскерлік, дағды қалыптастырумен шектелмеуі тиіс, оқу студенттің
ақыл-ойын, шығармашылық қабілетін өздігінен білімін жетілдірудің амал-
тәсілдерін игеру қабілеттерін дамытуды, келешек кәсіби бағыттағы
мәселелерді шешудің қолайлы да тиімді амал-тәсілдерін, жолдарын меңгеруге
мүмкіндігі мол жеке тұлғаны қалыптастыруды мақсат етуі керек. Оқу әрекеті –
ғылыми ұғымдарды игерудің жалпыланған тәсілін игеру [133, 245]. Демек,
теориялық білімді меңгеру студенттің ақыл-ойының тез дамып жетілуіне
бағытталған әрекет деп түсінуге болады. Оқыту сапасын жаңа деңгейге
көтеруде белсенді әдістер мен оқу құралдарын жүйелі пайдаланудың маңызы
зор. Ұлы ағартушы педагог Ы.Алтынсарин кезінде сауатын ашуды ғана мақсат
тұтқан мектептерге қарсы болғаны белгілі. Оның мектептегі оқыту жүйесі
теория мен практика арасындағы байланыс негізінде құрылып, жаңа мәдениетті
азаматты тәрбиелеуге негізделуі тиіс деген түйіні дамыта оқытудың табиғатын
дәл танытады. Ал М. Дулатовтың оқуда мақсат жалғыз құрғақ білім үйрету
емес, біліммен бірге жақсы тәрбиені қоса беру керек деген қағидасы ұлы
ұстаздың ойымен тоғысып жатыр [134, 239].
Оқу әрекеті – теориялық білімді меңгеру, ал оқу әрекетін қалыптастыру
өз бетінше және шығармашылық тұрғыда ойлау дағдысын қалыптастыру [135, 3].
Бұған дамыта оқыту нәтижесінде қол жеткізуге болады. Дамыта оқыту –
біртұтас, құрылымы күрделі, педагогикалық жүйе, ол сабақтың мақсат-мазмұны,
әдіс-тәсілдер мен оқу формалары, студенттің білім алу белсенділігі мен оның
оқытушымен өзара әрекеттестік ерекшеліктері, қарым-қатынастары сипатымен
ерекшеленеді. Дамыта оқыту үдерісінде білім дайын күйінде емес, қарқынды ой
еңбегін қажет ететін тапсырманы орындау арқылы жетуі қажет. Оқытудың
әрекеттік түрі басқарушы мен бағынушы емес, ынтымақтастық, серіктестік
негізде жүзеге асады. Дамыта оқыту идеясы негізінде студент мақсат-
міндеттерді шешуде өзі басшы роль атқарса, оқытушы – оқу ісін
ұйымдастырушы, бағыт беруші, кеңесші. Мұндай жағдайда әрбір студент өз
шешімінің дұрыстығын өз бетінше дәлелдей білуге, пікірін еркін айтуға,
нәтижесін көрсетуге, дәлелдеуге, талдап, қорытындылауға үйренеді. Сонымен
қатар белгілі бір шапшаңдықпен сапалы еңбек етуге мүмкіндік беріліп,
оңтайлы жағдайлар жасалады. Оқытушы мен студент қарым-қатынасында өзара
түсінісу әрекеттестік ұстанымы негіз болады. Студенттің ақыл-ойын,
шығармашылық қабілетін дамытуда және білімді сапалы игертуде оқудың топпен
ғылыми жобаны қорғау, проблемалық мәселелерді шешу, пікірталасқа қатысу
әдістері, яғни студенттерден жоғары белсенділікті қажет ететің түрлерін
қолдану нәтижелі. Дамыта оқытудың негізгі шарттарының бірі оқу
материалдарының мазмұнына, оқу материалын іріктеуге байланысты. Бұл
материал лекцияда семинар, зертханалық сабақтарда меңгеріліп студенттің
ойлауын дамытатындай болуы керек. Мысалы, жіктеу есімдіктерінің көмектес
септігіндегі тұлғалық ерекшелігін түсіндіруде оның даму тарихын бірлән
шылаумен байланыстыра отырып, неге? не себепті? деген сұрақтар қойып,
студенттерді ойланта, іздендіре отырып, проблема қоя отырып, жауабын табу
өз нәтижесін береді. Ойлау проблема немес сұрақ қоюдан, таңданудан
басталатыны белгілі, сондықтан оқытушы студентті өз бетімен жұмыс істеуге,
өз бетімен ойлана, іздене білуге үйретуі керек. Мәселен, морфологияны
игерудегі қиын мәселелердің бірі грамматикалық омонимдерді танып-білуде
тілдің эволюциялық дамуы негізінде олардың шығу төркіні жөніндегі ғылыми
пікірлерді келтіре түсіндірудің пайдасы мол. Студенттерге омонимдес
қосымшалар мен сөз мағыналары арасындағы мағыналық қатынастардың арасынан
қандай айырмашылық байқайсыңдар? деген сұрақтарды қоя отырып, ойландыру
қажет. Ал басты мәселе – оқытуда проблемалық-ізденушілік мақсаттағы амал-
тәсілдерді қолдану студенттің ақыл-ойын дамытады, өздігінен қорытынды
жасауға үйретеді. Ал тұлғаның ақыл-ойдың даму көрсеткіштері -өз бетімен
ойланып шешім қабылдай білуі, оқу материалын тез берік меңгеруі, тілдік
құбылыстардың мәнін терң түсіну, сыни ойлауының дамуы.
Оқу әрекетінің құрылымы оқу-танымдық уәждемеден, оқу тапсырмаларынан,
бақылау (өзіндік бақылау), бағалаудан(өзіндік бағалау) тұрады. [ 133, 245;
136, 196]. В.В. Давыдов осылардың біреуі өз деңгейінде жеткілікті
орындалмаса, білім алуда жүйенің қалыптаспайтынын (деформация) баса айтады
[137]. Оқу әрекеті құрылымының өзіне тән уәждері болады. Оқу әрекетін
қалыптастырудың бірінші алғышарты уәж қалыптастыру. Оқу әрекетінде уәждің
маңыздылығын қазақтың ұлы тұлғасы М. Жұмабаев былайша пайымдайды:
Жанымызда бір тілек бар. Сол тілекті ске асырғымыз келеді. Тілектің іске
асуының тиістілігін бекітетін себептер, яғни дәлел мотив деп аталады. Бұл
қайраттың мақсатқа жету үшін жанның алға ұмтылуының бірінші басқышы [138,
102]. Себепсіз әрекет болмайды [139, 12], сондықтан адамның әрбір іс-
әрекеті уәж(мотив) арқылы жүзеге асады. Уәж –субъектінің өмір сүру жағдайы
ықпалымен қалыптасатын және оның белсенділігінің бағыттылығын анықтайтын
әрекетті туғызушы [140, 219]. Уәж -әрекетке итермелейтін пәрменді күш,
түрткі, ынта-ықылас, қызығушылық. Уәжді қалыптастырудың маңызды шарты –
педагогикалық үдеріс компоненттерінің бірлікте жүзеге асуы. Танымдық
уәждеме –танымдық әрекеттің қозғаушы күші, түрткісі. Болашақ маман даярлау
үдерісінде білім мазмұнын кәсіби бағдар беруге сәйкестендіріп, оқытудың
жаңа формалары мен белсенді әдістері негізінде студенттердің білім алуға
ынта-ықыласын оятып, білімді саналы берік игеруге мүмкіндік жасауға болады.
Мұндай жағдайда студенттің алға ұмтылуының бірінші басқышы –білікті маман
болуға, жан-жақты білім алуға ұмтылу болмақ. Студенттер тіл заңдылықтары
мен сөйлеу механизмі грамматиканы жетік игергенде тіл үйрету жолдарын
меңгеруге мүмкін болатындығын саналы, түсіну арқылы оны (грамматиканы)
білуге ұмтылыс жасайды, себебі тіл меңгерту теориялық білімді игерумен
тығыз байланысты. Теориялық білім теориялық ойлауды дамытумен, ал ол
субъектінің таным, оқу қызметін белсендірумен байланысты. Қазақ тіліндегі
сөз тіркесін дамыта оқыту технологиясының теориялық негізін жасаған ғалым
Н. Құрманова оқыту үдерісінде субъектінің ақыл-ойының жетілуін теориялық
деңгейде білім алумен байланыстырады. Осы турасында ол Оқушылардың
теориялық деңгейде білім алуы, теориялық ойлауы дамуы дегеніміз – тілтану
үдерісінде анализ (талдау)мен синтезді (жинақтау), дедуқция мен индукцияны,
лингвистикалық экспериментті, модельдеуді, логикалық операциялардың
қолданылу жолдарын еркін меңгеруі, соған мүмкіндік беретін дағдылардың
қалыптастырылуы -деп пайымдайды [141, 65]. Демек, біздің жағдайымызда
морфологиялық ұғымдар жүйесін қалыптастыру оқу үдерісінде студенттің
белсенді әрекетінің негізін құраушы элементтер мазмұнын анықтау. Біздіңше,
олар ең алдымен танымдық уәж қалыптастырумен тығыз байланысты. Оқу
әрекетінің маңызды құрылымдық бөлігі ретінде студенттің оқып-білім алуға,
жағымды уәжін қалыптастыру болып табылады. Ол студенттің жеке-дара
ерекшеліктерін ескеруге, сондай-ақ танымдық кәсіби қызығушылықтарына, ең
бастысы студенттің қарқынды, белсенді оқу негізі болатын оқу формаларының,
оқыту әдістерінің, оқу құралдарының негізіне құрылған оқу-әдістемелік
жүйенің мазмұнына байланысты. Оқу әрекеті мақсаттылықпен байланысты
болғандықтан, оның дұрыс қойылып, соған жетуге ұмтылыста уәждің маңыздылығы
ашыла түседі. Оқу әрекетінде қоғамда өмір сүру үшін білімнің қажеттілігі
мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі қазақ тілі морфологиясын оқытуда жобалау әдісін қолданудың тиімділігі
Қазіргі қазақ тілі морфологиясын оқытудың теориясы мен практикасы
Қазіргі қазақ тілі морфологиясын оқытудың әдістемесі
Ағылшын тілінің морфологиясын синтаксистік негізде оқыту әдістемесінің негіздері
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ұстанымдары
Тілдік қатынас негіздері пәнінің мақсаты, міндеті зерттеу нысаны
Қазақ тілі сабақтарында бастауыш сынып оқушыларының тілін дамыту
ҚАЗАҚ МЕКТЕБІНІҢ 5-6-СЫНЫПТАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІ ОҚУЛЫҒЫНЫҢ ЛИНГВОДИДАКТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ПРИНЦИПТЕРІ
Бастауыш сыныпта зат есімді оқыту
Пәндер