Білім берудегі оқу жұмысын ұйымдастыру



Кіріспе
Оқыту процесінде оқушылармен ұйымдастырылатын жұмыстың түрлері және оларды ұштастырудың педагогикалық негіздері
1.1. Білім берудегі оқу жұмысын ұйымдастырудың тарихына шолу.
1.2. Бастауыш мектептерде оқыту үдерісін ұйымдастырудың өзіндік ерекшеліктері
Бірінші сынып математикасын оқытуда жаппай
окушылармен, топпен және жеке дара жұмыс істеуді
ұштастырудың іс тәжірибесі.
2.1. Математика пәнінен оқытуды ұйымдастыруда өтілетін сабақ түрлерінің сипаттамасы.
2.2. Математика пәнінен жаппай, топтық және жеке дара жұмыс жүргізудің әдістемелік негізі
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Қазақстан Республикасында соңғы жылдары болып жатқан түбегейлі саяси әлеуметтік өзгерістер жас ұрпаққа блім беру жүйесін, соның ішінде бастауыш мектепте білім беруді реформалау себепші болғандығы белгілі. Осыған орайда бастауыш сыныптарда оқытылыатын пәндер бойынша жаңа әдістемелік жүйелер жасалып мектептің тәжірибесіне 1997-1998 оқу жылынан бастап енгізіле бастады. Соның нәтижесінде оқытудың мақсаты мен міндеттері, мазмұны мен әдістері жаңарып жаңғыртты. Ал оқытудың негізгі формасы сақталғанымен, пәнді оқыту процесінде ұйымдастырылатын жұмыс түрлерінің жетілдіріле түсуі көзделуде. Мұның басты себебі қазіргі кездегі пәнді оқытудың әдістемелік жүйелерінің басты ерекшелігі дамыта отыру идеясын тәжірибеге енгізіп сәйкес технологиялық тәсілдерді қажетті екендігі анықталып отыр. Мұның жаппай окушылармен, топпен және жеке дара жұмыс істеуді ұштастыруды көздейді.
1. Бабанский Ю.К. Оптимизация процесса обучения –М. 1977
2. Векслер И.С. Современные требования к уроку -М.1985
3. Зотов Ю.В. Организация современного урока — М.1984
4. Қазақстан Республика бастауыш білім мемлекеттік стандарты — Алматы. 1998
5. Ж.Б.. Қоянбаев, Р.М.Қоянбаев Педагогика — Астана, 1998
6. Ш.Х.Құрманалина және т.б. Математикаға арналған дидактикалық материалдар — Алматы 1998
7. Линметч Х.И. Групповая работа на уроке М, 1975
8. Оспанов Т.Қ және т.б. Математика - Алматы,1997
9. Оспанов Т.Қ және Математика дәптері ғ 1 . — Алматы,1997
10. Оспанов Т.Қ және т.б.Математика дәптері ғ 2 Алматы 1997
П.Оспанов Т.Қ. және т.б. Математиканы оқыту
әдістемесі І сынып Алматы 1998
12. Оспанов Т.Қ.Бастауыш мектеп математикасын оқыту
әдістемесі - Алматы 1987
ІЗ.Первин И.Б. Коллективная учебно — познавательная
деятельность школьников М,-1985
14. Пидкасистый И.П. Самостоятельная деятельность учащихся - М. 1972
15. Рабунский Е.С. Индивидуальный подход в процессе обучения школьников — М. 1975
16. Сабыров Т.С. Оқыту теориясы, - Алматы 1984
17. Сәрсенбаева С және т.б. Дидактикалық ойындар және қызықты тапсырмалар — Алматы 1998
18.Төрт жылдық бастауыш мектеп бағдарламасы (І-ІУ
сыныптар) — Алматы 1997
19.Чередов И.И. Система форм организации обучения в
советской средней школе — М. 1987

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 44 бет
Таңдаулыға:   
Ф-ОБ-001033
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ.А.ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
ТАРИХ-ПЕДАГОГИКА факультеті
“БАСТАУЫШ ОҚЫТУ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ” кафедрасы

Тақырыбы: Білім берудегі оқу жұмысын ұйымдастыру

Түркістан- 2009 ж.

Мазмұны

Кіріспе

Оқыту процесінде оқушылармен ұйымдастырылатын жұмыстың түрлері және оларды
ұштастырудың педагогикалық негіздері

1. Білім берудегі оқу жұмысын ұйымдастырудың тарихына шолу.

2. Бастауыш мектептерде оқыту үдерісін ұйымдастырудың өзіндік
ерекшеліктері

Бірінші сынып математикасын оқытуда жаппай
окушылармен, топпен және жеке дара жұмыс істеуді
ұштастырудың іс тәжірибесі.
Математика пәнінен оқытуды ұйымдастыруда өтілетін сабақ түрлерінің
сипаттамасы.
Математика пәнінен жаппай, топтық және жеке дара жұмыс жүргізудің
әдістемелік негізі

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

Қазақстан Республикасында соңғы жылдары болып жатқан түбегейлі саяси
әлеуметтік өзгерістер жас ұрпаққа блім беру жүйесін, соның ішінде бастауыш
мектепте білім беруді реформалау себепші болғандығы белгілі. Осыған орайда
бастауыш сыныптарда оқытылыатын пәндер бойынша жаңа әдістемелік жүйелер
жасалып мектептің тәжірибесіне 1997-1998 оқу жылынан бастап енгізіле
бастады. Соның нәтижесінде оқытудың мақсаты мен міндеттері, мазмұны мен
әдістері жаңарып жаңғыртты. Ал оқытудың негізгі формасы сақталғанымен,
пәнді оқыту процесінде ұйымдастырылатын жұмыс түрлерінің жетілдіріле түсуі
көзделуде. Мұның басты себебі қазіргі кездегі пәнді оқытудың әдістемелік
жүйелерінің басты ерекшелігі дамыта отыру идеясын тәжірибеге енгізіп сәйкес
технологиялық тәсілдерді қажетті екендігі анықталып отыр. Мұның жаппай
окушылармен, топпен және жеке дара жұмыс істеуді ұштастыруды көздейді.
Жалпы алғанда жұмыстың әр алуан түрлері негізінен сабақта
ұйымдастырылады. Сондықтан бұл мәселе әрдайым оку тәрбие процесін
ұйымдастырудың негізгі формасы — сабақпен байланысты. Ал педагогика
ғылымында сабақ және оның типтері мен түрлері және оны жетілдірудің жолдары
мен ғана қойылатын
талаптардың жүйесі ұзақ жылдар бойы зерттеліп келе
жатқан мәселе. Алайда педагогика ғылымы мен озық
тәжірибенің даму кезеңдеріне сәйкес сабақта белгілі бір
деңгейде жетілдіріліп келеді және ол әрі қарай да
жалғасады. Сондағы негізгі бағыттардың бірі сабақта
әралуан жұмыс түрлерін барынша үйлесінді ұштастыру
екендігін тәжірибеде көрсетіп отыр. Шығармашылықпен
жұмыс істейтін мұғалімдер (И.П.Волков, И.Ильина С.Н.Лысенкова,
В.Ф.Шаталов, Ш.Амонашвили, К.Ә.Ерешева және т.б.) тәжірибесі де осыны
дәлелдей түсуде.
Оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы жайында
педагог - ғалымдардың іргелі еңбектері баршылық (Е.Я.Голант, Б.П.Ешпов,
М.Н.Скаткин, И.Я.Лернер, В.В. Краевский, Р.Г.Лемберт, Т.С. Сабыров,
Ж.Б.Қоянбаев, Р.М. Қоянбаев және т.б.) Алсабақта ұйымдастырылатын әр
алуан жұмыстардың
ерекшеліктеріне арналған зерттеулер де жоқ емес. Мәселен Х.И.Линметч, М.Я.
Виноградова, И.П. Первин және т.б. оқушының тұлға ретінде қалыптасуыгың
тиімді жолдарының бірі топпен жұмыс екендігін, В.К. Дьяченко өзгермелі
жұппен ұжымдық жұмыс ұйымдастырудың дидактикалық мүмкіндіктерін, В.В. Котов
сабақ кұрылымында ұжымдық жеке дара жұмыс түрлерін алмастыра
ұйымдастырудың қажеттігін, И.Э. Унт окушылардың әртүрлі тобына
арналған сабақ құрылымында тапсырмалардың типтерін дайындаудың керектігін
және т.б. арнайы зерттеді. Алайда бұл зерттеулердің практикалық ұсыныстары
қазіргі өзгерген жағдайларға сәйкес келе бермейді. Сонымен бірге жаппай
окушылармен, топпен және жеке дара жұмыс істеуді көпшілік жағдайларда
оқушылардың ерекшеліктерін, қабілет деңгейлерін, дайындық сапасын сыңаржақ
ескеруге саяды. Ал дамыта оқытудың әдіс тәсілдерін қолдануға негізделген
оқыту процесінде ұжымдық -үлестірімді іс - әрекет ұйымдастыру басымдық ие
болуы тиіс. Сонымен бірге барлық оқушылардың да, олардың жеке дара
ерекшеліктеріне тәуелді емес, бірқалыпты жалпы дамудың қамтамасыз ету
көзделеді. Демек жаппай оқушылармен, топпен және жеке дара түрде жұмыс
істеуду үйлестіре ұштастырудың жолдарын іздестіруге тура келеді. Ал дамыта
оқыту идеясын жүзеге асыруға бағытталған жеке бағдарланған әдістемелік
жүйені жаппай мектептің жүйесіне енгізу бүтінгі таңда тәжірибенің жаңалығы
болып отыр. Осылайша жұмыс жасауға теориялық және практикалық тұрғыда
жеткілікті деңгейде дайын деуге болмайтын сияқты. Демек, "Бастауыш
сыныптардағы окыту процесінде жаппай оқушылармен, топпен және жеке дара
жұмыс істеуді ұштастыру жолдары" атты тақырыпты көкейтесті, - деп
есептейміз.
Жұмыстың мақсаты 1 сыныпқа арналған математика окулығының жаңа
талқынын және дәптермен дидактикалық материалды пайдаланып жаппай
оқушылармен, топпен және жеке - дара түрде жұмыс істеуді барынша үйлесімді
ұштастырумен байланысты алғашқы тәжірибені жинақтау бағытында зерттеу
жүргізу.
Зертеудің нысаны: бастауыш сыныптарда математиканы оқыту үдерісі.
Зерттеудің пәні математиканы оқыту процесінде әр алуан жұмыс түрлерін
үйлесімді ұштастыру жолдары.
Зертеудің міндеттері:
* Оқыту процесін ұйымдастырудың әр алуан түрлерінің және оларды
үйлесімді ұштастырудың ғылыми теориялық негіздерін оқып - үйрену;
* Бірінші сыныптың математикасын жаңа оқу әдістемелік
топтама арқылы оқытуда жаппай оқушылармен, топпен,
жеке — дара жұмыс істеуді үйлесімді ұштастыру жолдарына
қатысты тәжірибені жинақтай сипаттау.
Зерттеу барысында: педагогикалық әдебиеттерді оқып-үйрену; оқу-
әдістемелік топтаманың құрамдастырымен танысу; жаңа оқу-әдістемелік
құралдарды қолдану тәжірибесін және оның нәтижелерін байқау, бақылау,
талдау жөне сипаттау сияқты ғылыми-зерттеу әдістері қолданылды.
Жұмыс екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім оқыту үдерісінде оқушылармен
ұйымдастырылатын жұмыстың түрлері, жүктемесі және оларды үйлесімді
ұштастырудың педагогикалық негіздерін қарастыруға арналған. Ал екінші
бөлім: бірінші сынып математикасын жаңа оқу-әдістемелік топтама арқылы
оқытуда жаппай окушылармен, топпен және жеке — дара жұмыс істеуді
ұйымдастырудың тәжірибесін және нәтижесін сипаттауға арналған.
Қорытындыда зерттеліп отырған мәселе бойынша түйіндеме
келтірілген.

Оқыту үдерісінде окушылармен ұйымдастырылатын жұмыстың түрлері
және оларды ұштастырудың педагогикалық негіздері.
1.1. Білім берудегі оку жұмысын ұйымдастырудың тарихына шолу.
Педагогика ғылымы мен тәжірибенің даму тарихында оқытуды
ұйымдастырудың әр түрлі формалары қалыптасты. Оқыту формаларының бірте —
бірте өзгеруі мұғалім мен оқушылардың іс-әрекетінің, өнеркәсіптің әр алуан
түрлерінің және үдемелі ғылыми — техникалық прогрестің өзгеруіне және жалпы
алғанда адамзаттың және қоғамның дамуындағы өзгерістерге байланысты болды.
Ертедегі Грецияда оқытудың жеке формасы пайдаланылды. Бұл келесі
ғасырға дейін — дворяндар үйелмендерінде сақталды.
Ерте замандағы Вавилонияда, Египетте, Қытайда, Үндістанда оқытудың
жеке топтың формалары шығып дамыды.
Орта ғасырда сабақ бір топ оқушылармен өткізілді. Мектептерде
сабақтардың тұрақты кестесі, оқытудың дәл мерзімі болмады, оқушылар
мектепке жылдың қай мезгілінде болса да қабылданды.
Бұдан былай қоғамның дамуы білім беру ісіне көтеріңкі талап қойды.
Сондықтан оқыту жүйесін ұйымдастырудың тиімді формасы туралы сұрақтар туды.
Оқытудын мұндай формалары XVI ғасырда Ресейдің оңтүстік батысындағы
мектептердің тәжірибесінде пайда болды. Мектептерде құрамы берік, белгілі
жастағы окушыларға сынып ұйымдастырылды, оқу сабақ кесте бойынша өткізілді,
әрбір оқу сабақ деп аталды. XVII ғасырда Я.А.Каменский сол облыстардағы
мектептердің тәжірибесін жинақтап өзінің "Ұлы дидактика" кітабында сынып-
сабақ жүйесін дәлелдеді, оның кезендерін түсіндірді, оку материалдарын
баяндау, жеке және барлық оқушылардың жұмысын бақылау, оқушылардан оқу
материалын сұрау. Сабақта әр түрлі дидактикалық принциптер (оқытудың
көрнекілік, жүйелік, тиянақтылық принциптері) пайдаланылды. Оқу сабақ
формасында сыныпта окушылардың белгілі бір құрамымен кесте бойынша
жүргізілді. Бұл жүйе оқытудың сынып — сабақ формалары деп аталды.
Я.А. Каменский сынып —сабақ жүйесінде үш жүзге дейін оқушыларды
оқытуды мүмкіншілігі туралы пікір айтты. Бұл жерде сыныпта әрбір он балаға
бөледі, оқуды әрбір топпен жақсы оқитын окушы — декурлон жүргізеді.
Сол сияқты жүйе XVII ғасырдың аяғында - XIX ғасырдың басында Англияда
пайда болды, оны оқытудың Белль-Лаңкастер жүйесі деп атады. Бұл жүйені
жасаған дін қызметкері А.Белль және мұғалім Д.Ланкастер. Бұл жүйе бойынша
мұғалім оқуды 600-ден астам окушылармен үлкен залда өткізеді. Содан кейін
окушыларды топтарға бөледі. Әрбір топтағы оқушылармен оқуды мониторлар -топ
басқарушылары жүргізеді.
Оқытуды ұйымдастырудың мұндай жүйесі XIX ғасырдың үдемелі педагогтары
А.Дистервегтың, К.Д.Ушинскийдің идеяларына қарсы келді. Олар сабақта ойлау,
сұрақтар мен жауаптар, іздену, таным, үстем болу керек дейді. Демек,
оқытудың дамыту тәсілдерін қорғайды.
XX ғасырдың бірінші жартысында орыс педагогтары АҚШ-тағы, Германиядағы
оқытудың әртүрлі формалары мен (дальтон-план, лабораториялық - бригадалық
форма, венетка — план, трамп — план, Мена-план, т.б.) танысты, олардың
бірсыпырасы бұрынғы кеңес мектептерінде пайдаланылды. Мысалы, дальтон —
план сабақты болдырмауды, жүйелі курстардың оқытылмауын талап етеді.
Сонымен бірге дальтон — план нәсіліне қарай қабілетті, дарынды балаларды
оқытуды жақтайды. Дальтон — планның мәні: окушы өз бетімен жұмыс істейді,
тапсырманы орындайды, сынақ тапсырады, келесі тапсырманы дайындайды. Демек,
консультанттар балалармен дербес оқытуды жүргізеді. Дальтон-планның негізгі
мақсаты ұжымнан жекеленетін адамдардың психологиясын тәрбиелеу.
1930 жылдан бастап мектептерде оқытуды ұйымдастырудың негізгі
формасы сабақ болды. Сабақ
бүкіл дүние жүзі елдеріндегі мектептерде бірте — бірте дамуда және заман
тілектеріне сәйкес өзгеруде.
Сабақты мақсатқа бағытталған мұғалім мен окушылардың ұжымдық
шығармашылық еңбегі деп қарастыру керек. Сабақта оқыту мен тәрбиенің
мақсаттары, міндеттері жүзеге асырылады, окушылардың ой-өрісі кеңиді,
қабілеті дамиды, көз қарасы, адамгершілік қасиеттері қалыптасады. Сабақтың
шын мақсаты тұлғаны оның қабілеті мен дарындылығына сүйеніп дамыту. Әрбір
сабақта логикалық, психологиялық және ұйымдастыру бірлігі болуы тиіс.
Мұндағы логикалық бірлік — бұл сабақ бөліктерінің, яғни, кұрылым
элементтерінің аралығындағы ішкі өзара байланыс заңдылығы. Психологиялық
бірлік — окушылардың танымдық іс-әрекетіндегі белсенділігі, жинақтылығы.
Танымдық іс-әрекеті түйсік, қабылдау, ойлау, зейін сияқты психикалық
процеспен байланысты. Демек, психологиялық бірлік — бұл іс-әрекетінің
мотивтерін жасау. Ұйымдастыру бірлігі — бұл сабақта алдын- ала жабдықтарды
және оларды ретімен пайдалануды, бүкіл сабақ бойында окушыларға белсенді,
тиімді жүмысқа ұйымдастыру.
Осындай жұмысты қйымдастыру әртүрлі формада жүзеге асырылуы мүмкін.
Педагогика ғылымы мен тәжірибеде қазіргі кезде оқыту ұйымдастырудың әртүрлі
формалары белгілі. Олар: ұжымдық топтық, жұп және дербес деп аталатын
формалар.
Оқытудың ұжымдық мәні оқытады, тәрбиелейді, ал әрбір бала
жолдастарымен бірге оқыту, тәрбие әсресе мұғалімнің тікелей басшылығымен
белсене қатысады. Әр бір бала сабақта кезек бойынша әрбір баламен жұмыс
істей отырып, кейде үйретуші, кейде үйренуші болып барлық балаларды, ал
олар әрбір баланы оқытады және тәрбиелейді.
Оқытудың ұжымдық формасы динамикалық (қозғалғыш) жүп немесе ауыспалы
жүп түрінде өтеді. Бұл жерде окушылар бір-бірімен әншейін жұптасып қана
қоймайды, әрбір бала кезек бойынша әр баламен кездесіп жұмыс істейді.
Демек, барлығы жұптасып жұмыс істейді, бірақ жұптардың кұрамы үнемі өзгеріп
отырады.
Оқытуды ұйымдастырудың толық формасы сабақта қолданылады. Мұнда
окушылар бірнеше топқа бөлінеді. Әрбір топта 4 — 5 оқушы болады. Оқушылар
белгілі оқу тапсырмаларын орындайды. Барлық тапсырмалардың сұрақтарына
барынша жауап алу үшін оқушылардың бірлесіп жұмыс істеуі қажет. Осыдан
кейін әрбір оқушы топтық тапсырманың бөлігін өз бетімен орындайды. Әрбір
топтың жұмыс қорытындысы ұжымдық түрде талқыланады. Жұмыстың нәтижесін
жолдастарының ұсынысы бойынша бір оқушы баяндайды. Мұғалім жеке
жетістіктерді бағалайды және топтың әрбір мүшесінің бағасын
жинақтайды. Сабақта жұмыстың мұндай формасы окушылардың өзара әрекеттесу
тәсілдеріне себепші болады.
Оқытуды ұйымдастырудың дербес формасы бойынша әрбір оқушы тапсырма
алады, оны өз бетімен орындайды. Оқытудың дербес формасын ұйымдастырудың
өте құнды түрі бағдарламалап және компютерлі оқыту. Оқушылардың өз бетімен
орындайтын дербес жұмысы білімді терең және берік игеруіне ғана мүмкіндік
туғызбайды, ол жеке адамның құнды қасиеттеріне- өзін-өзі билеушілікті,
ұйымшылдықты, өзінің түпкі ойына жету мақсаттыльіғын қалыптастырады.
Жалпы алғанда оқыту формалары: оку-тәрбие жұмысының міндеттеріне, оқу
материалының көлемі мен күрделілігіне, ұжымдағы оқушылардың оқу
мүмкіншілігіне байланысты. Ал оқыту процесіндеге ең басты тұлға — бала.
Сондықтан да егер мұғалім әрбір балаға сабақта дербес назар аударып, дер
кезінде көмектессе, зер салса, онда әрбір оқушы өзін мұғаліммен теңмін деп
сезінеді, оның адамгершілік көмегін шын ниетпен қабылдайды. Осындай
ынтымақтастық педагогикасы жағдайында барлық балалар жұмыс істей білуді,
ойлауды сүйеді, куаныш етеді.
Жоғарыда оқытуды ұйымдастырудың әртүрлі формаларына қысқаша
тоқталдық. Олардың әр қайсысының өзіндік ерекшеліктері және
мәнді белгілері бар.
Оқытудың осы аталған формаларының
әрқайсысының жеке пайдалану мүмкін. Алайда оқу процесін ұйымдастырудың
негізгі формасы болып келген, болып отырған, бола беретін де сияқты, -
сабақта оқу материаланаң нақты мазмұны бойынша, осыны оқушыларға игерту
және танымдық іс-әрекет тәсілдерін, олардың меңгеруш қамтамасыз ету
мақсатында мұғалім мен оқушылардың бірлескен және өзара әсерлесуші процесі
ұйымдастырылады. Сонда жаппай окушылармен, топпен және жеке - дара жұмыс
немесе қандай да бір ара қатынаста, үйлесімді түрде пайдалану тұрғысынан
ізденіс қажет болады.
Философиялық энсклопедияда материалдық және рухани обьектілерді және
оның кұрамды бөліктерін ретімен орналастыру, ара қатынасын анықтау, соның
нәтижесінде реттеп, тәртіпке келтіріп белгілі бір жүйе кұруды ұйымдастыру
деп түсіндіреді. Демек, ұйыдастырудың мәні, табиғаттың кез келген
обьектісін, сондай-ақ- әлеуметтік шындықты да, біртұтас обьектінің
бөліктерінің және элементтерінің орналасу қалпын және өзара әсерін анықтау,
ұйымдастырудың заттық бөлігі және олардың әсері мен әсерлесуін ажырату және
реттеу (ұйымдастырудың қызметтік бөлігі) болып табылады.
Ал оқыту процесінің элементтері — буындары мен кезеңдері. Олардың
өзіндік мақсаты мен құрылымы болады. Сондай-ақ әрқайсысы қандай да бір
жалпы және арнайы мақсат пен міндетті көздейді және олар бір-бірімен өте
тығыз байланысты болғандықтан оқыту процессінде белгілі бір тізбек құрайды.
Оқыту процесінде басты мақсаттан және білім, білік дағдыларды
окушылардың игеруі ерекшеліктерінен оқыту процесінің әралуан кезеңдері
туындайды, атап айтқанда: жаңа білімді қалыптастыру, білімді бекіту және
тиянақтай түсу, білік пен дағдыларды қалыптастыру, білімді практикада
қолдану, қайталау, білімді жүйелеу және жалпылау, білім және білік пен
дағдылардың игерілуін тексеру т.б. Былайша бөлінуді шартты деп түсінген
жөн, өйткені оның әрқайсысында басқалармен байланысты іс-әрекеттердің де
ұйымдастырылуы мүмкін. Алайда осылайша шартты бөліну оқытуды ұйымдастыру
формаларын тандап алуддың негізіне алынатынын жокқа шығаруға болмайды.

1.2. Бастауыш мектептерде оқыту процесін

ұйымдастырудың өзіндік ерекшеліктері

Оқытудың нақты ұйымдастыру формасының өзіне
тән кезеңдері немесе сатылары болады. Олардың рет
тәртібі оқытудың мақсаты мен сәйкес прцестің
логикалық желісіне орай анықталады. Демек, әр кезеңде
мұғалім сәйкес білім көзін, әдістер мен тәсілдерді, оқыту
құралдарын және оқу жұмысының түрін пайдаланады.
Сонда: оқушылардың оқу іс-әрекетін басқару (мақсат пен
міндеттерді, жоспарларды, оқу жұмысын ұйымдастыруды,
тапсырмаларды орындауды бақылауды, білімді игеруді, іс-
әрекеттерді реттеп отыру мәселесін мұғалім жан-жақты
ойластырады; білім, білік және дағдыларды, сондай-ақ іс-
әрет тәсілдерін игерумен байланысты оқушыларды
танымдық іс-әрекетін мұғалім жоспарлайды; өзінің
оқушылармен қарым-қатынасын және өзара әсерін
анықтайды; оқушылардың бір-бірімен тұлғалық ара
қатынасын реттейді; окушылардың нәтижелі іс-әрекетіне
түрткі болатындай сезімдік және жауапкершілік жағдайлар
туғызады және т.б. Сонымен мұғалім оқытудың қандай бір
формасын таңдап алғанымен оқушылардың бүкіл
сыныптық, топтық жеке-дара іс әрекеттерін
ұйымдастыруына да тура келеді. Осындай әралуан іс-
әректтерді ұйымдастырудың қажеттігінің өзі ақ жоғарыда
қарастырылған формаларды алма-кезек немесе үйлесімді бірлікте пайдалану
жолдарын іздестіруді қажет етеді.
Жаппай оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру және оны басқару оқытудың
ұжымдық формасынан туындайды. Мұнда бір мезгілде, бір мезетте бүкіл сынып
оқушыларының іс-әрекеті қандай да бір ортақ мәселені шешумен байланысты
болады. Мұғалім мұнда бүкіл ұжымға ықпал етеді, оқушылардың ынтымақтастығын
қамтамасыз етеді, бірдей жұмыс қарқынын анықтайды. Әрине мұнда әр оқушының
жеке — дара ерекшелігін жан-жақты ескеру мүмкін емес. Жұмыс қарқыны кейбір
оқушыға жоғары, ал қайсыбіріне — төмен болып, үлгерімі жақсы оқушылар
білімін кеңейте және терендете алмауы, ал үлгерімі төмен оқушылардың оқу
материалын игере алмай қалуы да ықтимал.
Оқу іс-әрекеті осылайша ұйымдастырылғанда бүкіл сынып окушылары бір
сәтте бәріне ортақ бірдей жұмыс орындайды. Жұмыс нәтижесі де барлық
окушылармен талқыланады, салыстырылады және жалпыланады, қорытындылады.
Жаппай оқыту жағдайында мұның басқа формамен ауыстырылуы орынды
емес. Ең басты ерекшелігі мен тиімділігі ретінде мыналарды атаған
жөн: - балаларла ұжымдық сезімді тәрбиелейді;
* талқылаулар жүргізуге және басқа оқушылардың талқылауларында кеткен
қаталарді табуға мүмкіндік туғызады;
* дұрыс ұйымдастырылған және басқарылған жағдайда бүкіл сыныппен әралуан
мәселелерді, оқушылардың мүмкіндіктерін және білім деңгейін ескере
отырып, талқылау да өте тиімді;
* мұғаліммен сыныптың және оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынастарын
жақындата түседі, бүкіл оқушылардың бірлесе орындаған жұмысы, оларды тек
қана қатынасушы деңгейде қалдырмай, білімдік және тәрбиелік мәселелерді
ортақтаса шешуге, өзара көмектесуге, танымдық қызығушылық туғызуға, оқыту
процесін белсендіретін әралуан әдіс-тәсілдерді қолдануға мүмкіндік
береді;
* бүкіл сынып окушыларын жұмысққа қатынастыра отырып оқу еңбегінде бәрінің
алға жылуына түрткі болады;
* негіздей отырып талқылауға қатысты білік қалыптастыруда елеулі
нәтижелерге жетуге болады, ол үшін мұғалім тарапынан әр оқушының
мүмкіндігіне сәйкес және бүкіл сынып оқушыларының мүмкіндігімен
үйлесетіндей ақыл-ой жұмысын ұйымдастыру, басқаларды да тыңдай білуге
баулу, басқаның пікірімен өз пікірін салыстыруға бейімделу керек болады;
* осының өзінде жекелеген оқушыларға дара қарым-қатынас жасаудың
мүмкіндігін барынша пайдалануға болады,- өйткені бір мезгілде бірдей
жалпылау және қорытынды жасалғанымен, оларды әр түрлі деңгейде жүзеге
асыруға болады; әркімнің мүмкіндігіне қарай жалпылаудың әр кезеңіне
жекелеген оқушыларды белсенді қатынастыру керек;
* осылайша болғанда да оқушыларды белсенді тыңдаушы, өзінің білімі мен ойын
басқалармен бөлісуге және басқалардың да пікірлерін тыңдауға, әр түрлі
пікірлерді салыстьіруға, қажет болғанда толықтырмалар мен түзетулер
келтіруге, қателерді табуға, өзінің жауабын жоспарлауға жіне т.б. баулуға
және машықтандыруға толық мүмкіндік бар;
* әралуан тапсырмалар ұсынуға мүмкіндік мол, соның ішінде шығармашылықпен
байланысты тапсырма бере отырып, оны бірнеше қарапайым тапсырмаларға
жіктеп сыныптың кез келген окушысын белсенді қатыстыруға болады.
Алайда әрдайым бүкіл сынып окушылармен белсенді және пайдалы жұмысты
орындату мүмкін бола бермейді — бұл оқу іс- әрекетін жаппай оқушылармен
ұйымдастырудың ең басты мәнді кемшілігінің қатарына жатады. Алайда мұның
кері әсерін — топпен және жеке жұмыс түрлерін жұмыстың қарастырылып
ортырған
түрімен үйлесімді ара-қатынаста пайдалана отырып жоюға болады.
Топпен ұйымдастыратын оқу іс-әрекеті топ, бригада, звено және т.б.
құрумен байланысты болады. Осы жағдай оқу процесін басқаруда мұғаліммен
үлкен шеберлікті талап етеді. Өйкені мұнда әр топқа сәйкес тапсырмаларды
анықтауға, сәйкес оқу іс-әрекетін бақылауды қамтамасыз етуге тура келеді.
Сонымен бірге аздаған ғана топтың оқушыларымен ынтымақтаса жұмыс жасау,
сондай-ақ мұғалімнің қатаң бақылауынан гөрі оқушылардың өзін-өзі басқару
ұстанымына негізделген жұмыс ұйымдастыру керек болады. Оку жұмысының
звенолық түрінде тұрақты оқушылар тобымен жұмыс ұйымдастырылады. Ал
бригадалық түрінде тапсырманың белгілі бір түрін оқушылардың уақытша
кұрылған топтары орындайды. Ұжымдық-топтық түрінде ортақ тапсырманың қандай-
да бір бөлігін орындайтын топтар құрылады. Оқытудың топтық формасында
мұғалім топтың іс-әрекетін жекелеген оқушылар (звено жетекшілері,
бригадирлер) арқылы басқарады. Ал топтың әрқайсысы өзінің жұмыс қарқынын
анықтайды. Ал топтың құрылымындағы әр оқушы өзінің бар мүмкіндігін сарқа
пайдаланады, өйткені бір-бірімен қатынасы еркін болады, сондық тан еркіндік
пен жиілік әр оқушыға тән қасиетке айналады. Топтық форманың тағы бір түрі
- дараланған топтық жұмыс. Мұндай топтар өз мүмкіндігі әр түрлі оқшылардан
құралады. Айталық бір топтар -мүмкінлігі жоғары, ал екінші топты -
мүмкіндігі орта және төмен оқушылар құрайды. Ал мұғалім әр топтың
мүмкіндігін ескере сәйкес тапсырма тапсырма ұсынады және тиісінше көмек
көрсетеді. Топтар бір-бірімен қатынаста бола алмайды, алайда олардың
тапсырмаларының ортақтығы бәрін біріктіреді, бір-бірінен ажыратады. Бір
партада қатар отыратын екі оқушының бірлесе жұмыс істеуі де жиі кездеседі,
бұл да топпен жұмыс істеу түріне жатады. Осындай жұмыстың үй тапсырмасымен
байланысты да ұйымдастырылуы мүмкін.
Топпен ұйымдастырылатын іс-әрекеттің басты белгілері ретінде
мыналарды атаған жөн:
* сынып оқушылары нақты мәселені шешу үшін бірнеше топқа бөлінеді;
* әр топ өзіне тән тапсырма алады және мұғалімнің немесе топ жетекшісінің
тікелей басқаруымен бәрі ортақтаса оны орындайды;
* тапсырманы орындау тәсілі, топтың әр мүшесінің жеке - дара үлесін
есептеуге және бағалауға мүмкіндік туғызатындай етіп таңдап алынады;
* топтың құрамы тұрақты болмайды, әрдайым топтың әр мүшесінің оқу
мүмкіндіктерін ескере және оны ұғымдық іс-әрекетте барынша тиімді жүзеге
асыратындай етіп құрылады;
* арнайы істелген топтарда оқу тапсырмасы қандай да бір жоспар және
нұсқауға сәйкес орындалады;
* топтың жетекшілері және топтың құрамы әр пәнде немесе бір пәннің өзінде
де өзгеріп тұруы мүмкін, ол тапсырманың және іс-әрекеттің ерекшелігіне
орай анықталады;
* топтың құрамына бірін-бірі жек көретін, ұнатпайтын балалар кірмеуі тиіс,
сонда олар ынтымақтаса жұмыс істейді және әрқаайсысы өзіне тән жұмыс
бөлігін жеке дара орындай, жалпы жұмыс нәтижесін талқылауға жэне оның
сапалы болуына өз үлесін қосуға ат салысады және де ұжымдық
жауапкершілікті сезінеді.
Жалпы алғанда топтық іс-әрекет кез келген нақты дидактикалық
мақсат пен міндетке сәйкес ұйымдастырылуы мүмкін. Соның нәтижесінде балалар
ұжымдық жұмысқа және қарым - қатынасқа бейімделіп, психологтардың айтуынша
дұрыс ұғым қалыптастырудың міндетті шарттарының біріне айналуы мүмкін,
өйткені мұнда субьективті пікір басым бола алмайды да, мәселені топ
мүшелері ортақтаса шешеді. Топпен жұмыс оның барлық мүшелеріне пайдалы.
Топпен жұмыс кезінде қандай да басым мәселені шешуге оның әр
мүшесі талпынады, өздігінен жұмыс істейді, өзіндік үлес қосады және пікір
алмасу, болжамды тексеру және т.б. ұжымдық сипат алады, осы себептен
көпшілік жағдайда жұмыстың бұл түрі және сәйкес орындалған іс - әрекеттің
шығармашылық сипатының
басым болуы да мүмкін.
-
Жұптасып жұмыс жасау, көпшілік жағдайларда бір партада қатар
отырған екі оқушыға қатысты айтылады. Шындығында қатар отыратын
балалар бір-бірімен ортақ тіл табады, бірін - бірі саналы түрде таңдай
алады, бір-бірімен сырласады, тіпті достасып та кетеді. Бірдей тапсырманы
орындау ұсынылған жағдайда бір - бірінің іс-әрекетін бақылау, байқау, тіпті
тексеру, бір-біріне қозғаушы күш, іс-әрекетке түрткі болуы да диі
кездеседі.
Мұғалім тарапынан мақсатты және бағытталған басшылық жасалған
жағдайда қатар отырған екі оқушының жұптасқан іс-әрекетінің пайдасы зор.
Мәселен тапсырманың орындалуын, бекітілуін, білімнің жетілдіруін, білік пен
дағдылардың қалыптастырылу деңгейінің анықталуының және т.б. өзара тексеру,
олардың белсенділігін арттырады. Алайда жұмыстың бұл түрі ылғида жақсы
нәтиже береді деу артығырақ болады. Білім деңгейі, оқу мүмкіндіктері
әртүрлі балалар жұптаса жұмыс жасағанда жауапкершілікті сезінбеген оқушының
көшіруімен (естігенін және көргенін) шектелуі мүмкін. Осылайша
ұйымдастырылған жұмыс тиімділігін арттыру үшін жұп құруды көптеген
жағдайлардың ескерілуі тиіс, атап айтқанда: оқушының білім деңгейі, оқу
мүмкіндігі, оқуға деген ықыласы мен ниеті, жауапкершілігі, адалдығы,
еңбекке оның ішінде оқу еңбегіне бейімділігі және өзіндік жұмыс істеуге
бейімделуі және т.б. ескерілуі тиіс.
Оқу жұмысының және сәйкес іс-әректтің звенолар бойынша
жүргізілетін топтық формасында, оның құрамындағы оқушылар оқу іс-әрекетін
бірлесе жоспарлауға, қабылдауға және ақпаратты және жан-жақты талқылап
түсінуге, талдау жасауға, өзара бақылауға және т.б. қатысады. Ортақ
тапсырманы орындау қарқыны топтың кұрамына тәуелді, алайда ақпаратты әр
оқушы өзі қабылдайды. Тапсырманы орындау барысында оқушы болжам айтады,
негіздеме келтіреді, талқылауға қатысады және т.б. әралауан іс-әректтер
орындайды. Мектеп тәжірибесінде көбінесе бірінен кейін бірі орналасқан екі
партаның төрт оқушысынан звено құру жиі кездесетіндігі байқалады. Әрине
звеноны құруда балалардың әралауан сапалары мен қырларының басшылыққа
алуынуы мүмкін. Алайда звенолар оқу мүмкіндігі жоғары оқушылардан құрылғаны
жөн. Өйткені олар өз бетімен жұмыс істеуге бейімделген, оқытудың мазмұнына
және материалдың ерекшелігіне көңіл аудара білетін балалар, бірден
тапсырманы талқылауға, бірін - бірі толықтыруға кірісіп кетеді және өнімді
жұмыс орындайды. Демек осылайша, бірдей оқу мүмкіндіктері болатын
оқушылардан звенолар құрылса, жұмыс қарқыны да бірдей болып, мұғалімнің
тікелей араласуынсыз-ақ тиімді жұмыс атқарып кететіндігі байқалады.
Әрине жаппай оқушымен және топпен жұмыс қандай тиімді
ұйымдастырылғаныменн жекелеген оқушылардың дара ерекшеліктерін ылғида
ескеру және соған негіздей отырып, іс-әрекет ұйымдастыру мүмкін болмайды.
Жеке дара жұмыс түрі тапсырмаға сәйкес сыныпта және үйде әр
оқушының өзіндік іс-әрекет орындауын көздейді. Мұндай жағдайда тапсырма
міндетті түрде нақты оқушының оқу мүмкіндігіне сәйкес болуы тиіс. Жұмыстың
осы түрі оқушының дайындық деңгейі және мүмкіндігіне орай оның алға жылжу
қарқынын реттеп отыруға мүмкінлік туғызады. Оның табысты болуы жеке дара
тпасырмалардың іріктелуімен, мұғалім тарапынан оның орындалуы жүйелі түрде
тексерілуімен, оқушының кездестірген қиындығына сәйкес көмектің дер кезінде
келтіруімен анықталады. Осылайша орындалған жеке - дара жұмыс оқушының
өздігінен білім алу мұқтаждығын және өз бетінше білім алу дағдысын
қалыптастырады.
Мұнда оқушының оқу мүмкіндігі нақты анықталысы мен сәйкес
тапсырмалар жүйесі жасалады, сонда оның құрамындағы кез келген тапсырманы
оқушы орындай алатын болуы және де жеке дара оқушы үшін анықталған үлесте
шығармашылық өзіндік іс-әрекет орындау қажет болуы тиіс. Осындай жұмыс
оқушы үшін кездейсоқ емес, жүйелі түрдегі жан-жақты ойластырылған жұмысқа
айналуы тиіс.
Оқушының оқу мүмкіндігінің, ішкі және сыртқы қырлары болатыны
белгілі. Осылардың екеуі де ескерілген жағдайда ғана жеке дара жұмыс
нәтижелі және тиімді болады. Осы тұрғыдан алғанда оның ішкі қырларына
мыналарды жатқызуға болады:
* тұлғанаың оқу қабілеттілігі, яғни ойлауға және есте сақтауға
қабілеттілігі;
* оқытудың алдыңғы кезеңінде оқушылардың алған арнайы білім, білік және
дағдыларының болуы;
* оқу еңбегіне қатысты білік пен дағдыларының болуы, жұмыс қабілетінің
белгілі бір деңгейінің және жауапкершілігінің болуы;
* оқуға деген ықыласы мен ниетінің, мотвтерінің (итермеші себептері мен
түрткілерінің) жиынтығының болуы.
Оқушының нақты оқу мүмкіндігінң сыртқы қырларына мыналар жатады:
* тұлғаның оқу қабілеттілігі, яғни ойлауға және есте сақтау
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық тәжірибені оқыту проблемасы
Бастауыш мектеп оқушыларының ғылыми - зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудың маңызы
Конструктивті оқыту заңдары
Артпедагогика
Ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдану
Жоғары оқу орындарында мектеп менеджерлерін басқарушылық қызметке даярлаудағы педагогикалық менеджменттің маңызын анықтау
Білім берудегі инновациялар
Зерттеудің екінші ғылыми нәтижесінің жаңалығы кәсіби оқыту педагогтарын кәсіби даярлау процесінде инновациялық - технологиялық даярлығын жетілдіру үлгісін жасау арқылы анықталғанында
Педагогикалық практиканың бағдарламасын құрастыру
Педагогикалық үдерістегі инновациялық оқыту әдістері
Пәндер