Бейімделу факторлары


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

БЕЙІМДЕЛУ ФАКТОРЛАРЫ

Бейiмделу мәселесiне жаңа көзқарастармен келген Ганс Селье, әсерлерi бейiмделуге әкелетiн факторларды стресс факторлар немесе экстремальды факторлар деп атаған. Бейімдеу факторлардың жіктелуі 3 кестеде берілген. Адам екi түрлi факторға бейiмделедi.

Ол: табиғи, әлеуметтiк факторлар.

Эволюциялық даму барысында тірі организмдер табиғи тітіркендіргіштердің алуан түріне бейімделді. Бейімделу механизмдерін туындататын табиғи факторлар біреу емес бірнешеу, кешенді сипатта болады. Мысалы, барлық тірі организмдер эволюция барысында ең бірінші Жердің тіршілік жағдайларына бейімделді: жердегі қысымға, температура деңгейіне, атмосфераның газдық құрамына т. б. Жануарлар жыл мезгілдерінің ауысуына бейімделді. Оған олар алдын ала бейімделе бастайды. Бұл алдын-ала бейімделу эволюцияның жетістіктерінің ең бір маңыздысы болып табылады. Табиғи факторлар жануарлар мен бірге адам организіміне де єсерін тигізеді. Адам организімінде де бейімделу жүрді. Адамдар қоршаған ортаға, оның ерекшеліктеріне бейімделіп немесе үйреніп қана қоймай, оны өзгертуге, өздеріне қолайлы жасауға ұмтылады. Яғни, кµптеген қорғаныш заттарын: киім, үй, т. б. қолдану арқылы адам µзінің тіршілік ортасына бейімделуіне µзі кµмектеседі. Бұл организмнің белгілі бір жүйелеріне бейімделу барысында єсер күшін єлсіретеді, бірақ бұның кері єсері - табиғи факторларға организмнің бейімделу мүмкіндігін тµмендетуі.

Табиғатта болып жататын өзгерістер мен құблыстар адам өміріне, денсаулығына қандай әсер ететінін, оларға адамның үйрену, бейімделу және көндігу мүмкіншіліктері ғылым назарынан тыс қалған немесе өте аз зерттелген мәселелер. Табиғаттың адамдарға ықпалы жөнінде біртұтас жүйелі мағлұматтар болмағандықтан, бірен-саран бытыраңқы зерттеулерге сүйеніп қоршаған ортаны қолайлы немесе қолайсыз деп баға беру қиын. Ыстық пен суық, желмен желсіз, жаңбыр мен ашық күндер сияқты көпшілікке белгілі табиғат құблыстарынан басқа біз білмейтін немесе ескермейтін факторлар да бар. Оларды білмей, зерттемей тұрып қоршаған ортаға берілген баға негізсіз болуы мүмкін.

Мысалы, күн бетінде дақ көбейіп, күшті жарылыстар болғанда жер бетіне түсетін күн сәулесі де өсіп, климатта, биосферада, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінде ерекше өзгерістер болып жатады. Күн бетінде дақ азайып, жарылыстар кемігенде күн сәулесінің қуаты бұрынғы қалпына түседі. Кейбір шетелдік ғалымдардың айтуына қарағанда күнде дақ көп кезде туған адамдардың қанында липидтер жоғары, дақ аз кезде туылғандарда төмен болатын көрінеді. Дақ көбейгенде жүрек және қан тамырлары аурулары да көбейеді.

Академик В. Казначеевтің байқауы бойынша сәбилер ананың құрсағындағы кезінен бастап өздері тұрған электромагнитті ортаға бейімделеді. Жастары 50-ден асқан адамдарға тұрған жерлерін жиі өзгертуге, жазық жерден таулы аудандарға, оңтүстіктен солтүстікке көше беруді дәрігерлер дұрыс көрмейді. Олар жаңа жерге көпке дейін үйрене алмай, кейбіреулері кері қайтуға мәжбүр болады. Табиғат жағдайлары неғұрлым қолайсыз болған сайын адамдардың ауру-сырқаудан қорғану мүмкіншілігі азая береді де, ортаны қолайлы ету үшін көп күш пен қаражат керек болады.

Табиғи факторларға бейімделумен қатар адам үшін оның еңбектік іс-єрекетіне байланысты єлеуметтік факторларға да бейімделуінің маңызы зор. Єсер ететін єлеуметтік факторлардың саны цивилизацияның µсуіне байланысты артуда. Адамзат баласының тіршілік ортасын кеңейтуіне байланысты мүлде жаңа жағдайлар мен єсерлер пайда болды. Мєселен, ғарышқа ұшу бұрын єсер етпеген жаңа бір факторлардың кешенін туындатты. Оның ішіндегі салмақсыздық адам бейімделмеген жаңа єсер. Салмақсыздық гиподинамиямен, тіршілік тєртібінің µзгеруімен шектеседі. Адамдар жердің тереңіне бойлап, жоғарғы қысымға, ылғалдылыққы т. б. єсерлерге ұшырайды. Ыстық цехтарда, суық климаттық жағдайда еңбек ету шектік температураға бейімделу кеңістігін кеңейтуді талап етеді. ¤зінің еңбек єрекеті барысында адам шуға, жарық кµзінің µзгерісіне бейімделуіне тура келді. Сондықтан, адамдардың табиғи факторлармен қоса єлеуметтік орта туындататын факторларға бейімделуінің де денсаулық үшін зор маңызы бар.

Сурет 2 - Бейімдеу факторлардың жіктелуі (классификациясы)

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұлғаның денсаулық психологиясы
Экология. Озон қабатының бұзылуы
СЫРТҚЫ ОРТАНЫҢ КЕРІ ӘСЕРЛЕРІНІҢ НӘТИЖЕСІНДЕ ЖӘНЕ АНТРОПОГЕНДІ ФАКТОРЛАР ӘСЕРІНЕН ТУЫНДАҒАН ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАР
Тірі ағзалардың экологиялық факторларының компенсация әрекетінің механизмі
Экологиялық факторлар жайлы ақпарат
Экологиялық фактор түсінігі
Экология пәні ,мақсаты,міндеттері және зерттеу әдістері
Стенобионттық және эврибионттық организмдер.Негізгі абиотикалық факторлардың – жарықтың, температураның, ылғалдылықтың, тұздылықтың және т.с.с.Абиотикалық фактордың сигналдық мәні
Оқу процесіне студенттердің бейімделу мәселелері
Экологиялық факторлар туралы ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz