Бастауыш білім беру жүйесінде білім сапасын мониторинглеу


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
- БІЛІМ САПАСЫ, ОНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗІ
1. 1 Педагогикалық білім беру жүйесіндегі сапа түсінігі 8
- Жалпы білім беретін мектептегі окыту процесінің сапа көрсеткіштері 12
2. ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕГІ БІЛІМ БЕРУ САПАСЫ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ
2. 1 Жамбыл облысы білім беру жүйесінде білім беру сапасын мониторинглеу
23
2. 2 Облыстық білім беру жүйесіндегі білім сапаларын бақылау қызметі аудандық білім беру жүйесінің сапасымен салыстыру 38
ҚОРЫТЫНДЫ 64
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 66
КІРІСПЕ
Бүгінгі таңда білім беруге койылатын талаптар адамды ен жоғарғы құндылық ретінде қарастыратын ізгіліктік тұжырымдамасы тұрғысы-нан қарастырады. Білім алу тұтынушылардын сұраныстарын канағаттан-дыруға, жеке тұлға мен нәтижеге бағытталған әрекеттер аркылы құрылуы тиіс. Сондықтан білім сапасының мәселесі жеке тұлғаны дамытуға, өзгермелі өмірге бейімделуге, онын жоғарғы адамгершілік пен кәсібилікке ұмтылысын калыптастыруға бағытталған міндеттер кешенін шешуге байланысты білш беру саясатынын негізгі мәселелерінін бірі больш табылады.
Қазақстан Республикасынын «Білім туралы» Заңының 8 тарау 55 бабында «білім беру сапасын ішкі бағалау сапа менеджменті жүйесін, білім беру ұйымдары кызметінін барлық түрлерінің өзін-өзі бағалауынын әртүрлі рәсімдерін, үлгерімді ағымдағы бакылауды. білш алушылардың білім алу жетістіктерін бағалауды камтиды» деп атап көрсетілген[2] .
Осыған байланысты, біліктілікті арттыру жүйесінін, әдістемелік жүмыстардын негізгі міндеттерінщ бірі жалпы орта білім мекемелерінін әкімшілігі мен мұғалімдеріне білім сапасын, оқу-тәрбие процесінін сапасын баскару әдістерін менгерту болып табылады.
ХХІ ғасырдың 2001 жылдарынан бастап қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында білім беру саласындағы жүргізіліп жатқан реформалар еліміздегі білім беру сапасының әлемдік деңгейге сәйкес келуін қамтамасыз ету, сол арқылы әлемдік сұранысқа жауап бере алатын мамандарды даярлау және бәсекеге қабілетті білім мен мәдениет беру мәселесінің өзектілігін үздіксіз жариялап келеді. Елімізде қабылданған «Қазақстан Республикасының білім туралы заңы», «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2015 жылға дейінгі тұжырымдамасы», «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы», «Қазақстан Республикасында үздіксіз педагогикалық білім беру тұжырымдамасы» т. б. нормативті құжаттары негізінде білім берудің жаңа сапалық деңгейіне көтерілу тек білім мазмұнын анықтаумен ғана емес, білімнің сапалығын бағалау жүйесін де өзгеріс енгізу қажеттігін мемлекеттік деңгейдегі мәселе дәрежесіне көтерді.
Осы тұрғыда елімізде оқытудың жаңа педагогикалық технологиясын пайдалану, кредиттік жүйеге көшу, 12 жылдық оқыту жүйесіне көшуге дайындық, халықаралық ИСО-9001:2000 стандарттарына сәйкес білім мазмұнын анықтау, TIMSS, PISA бағдарламалар бойынша білім сапасын бағалаудың жаңа жүйелерін қолдану мүмкіндіктерін зерттеу т. б. мәселелер қолға алынуда. Бұл мәселе бойынша Қазақстанда көптеген педагог ғалымдар зерттеу жұмыстарын жүргізіп, олардың нәтижелерін оқу тәрбие процесінде еңгізуде. Атап айтқанда Ж. Қараев, М. Жанпейісова, Қ. Жанпейісова, М. Жадрина, Ж. Қобдикова, М. Тамаи, А. Жайтапова, Ф. Наметқұлова, т. б. ғалымдар білім сапасын бағалаудың көп деңгейлі түрлерімен қоса білім беру мазмұнын дифференсациялау арқылы комплексті сатылап бағалау жүйесін еңгізу қажеттігін қолдайды[5, 6, 9, 11, 15] . Қазақ білім академиясының педагог ғалымдары білім сапасын бағалаудың соңғы нәтижеге бағдарлануын сапалы бағалауға жатады деп есептеледі (М. Жадрина, Н. Оразақынова, т. б. ) [11, 19] .
Елімізде білім беру сапасын бағалауда көптеген қиыншылықтар мен кемшіліктер жиі кездесетіні Н. Хмель, А. Сейтешов, Г. Уманов, Т. Сабыров, т. б. еңбектерінде айтылған[17, 16, 21, 27] . Онда білім сапасын бағалаудың көп деңгейлі жүйесіне көшу, оның дидактикалық шарттарының анықтау арқылы көрсетілген. Осындай көзқараста Республикалық білім жетілдіру институтының ғалымдары (Ж. Қобдикова, Г. Жайтапова, т. б. ) білім сапасын бағалаудың әдістемелік жүйесін жетілдіру қажеттігін, ол үшін жаңа педагогикалық негізінде оқу тәрбие процесін технологизациялау қажеттігін күн тәртібіне қояды.
«Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту» тұжырымдамасының 4. 3. 1. тарауының I сатысы деп - бастауыш білім беру, 1-4 сыныптар деп көрсетілген. Оқудың ұзақтығы - 4 жыл. Оқу 6 жастан басталады. Бұл жас баланың ақыл ойының дамуы мен әлеуметтік даяарлығы үшін мейлінше қолайлы кезең болып табылады. Бастауыш мектептің негізгі міндеті - баланың жеке басын бастапқы қалыптастыруды қамтамасыз ету, оның қабілеттерін анықтау және дамыту.
Қазіргі жалпыға білім беру стандартына сәйкес бастауыш мектептің маңызы мен қызметі оның үздіксіз білім беру жүйесіндегі басқа буындармен тек сабақтас болуымен ғана емес, ең алдымен, оқушы тұлғасы ұйытқысының қалыптасуы мен дамуы қуатты жүретін ерекше құнды, қайталанбайтын буын екендігімен анықталынып негізделген.
Осымен байланысты интеллектуалдық, эмоционалдық, іскерлік, комму-никативтік жағынан оқушыны айналадағы дүниемен (табиғатпен, басқа адамдармен, өз-өзімен, т. б. ) өзара белсенді әрекеттестік қарым-қатынасқа дайындау бастауыш сатының негізгі қызметі болып табылады.
Бастауыш сатыда оқушының жалпы және психикалық дамуының бұл сияқты жеткілікті деңгейіне қол жеткізу үшін, ең алдымен білім берудің мақсат приоритеті түбегейлі өзгеруі керек: бірінші кезекке, бұрынғыша оқушыны пәндік білім, біліктердің белгілі бір жиынтығымен қаруландыру емес, оқу әрекетін қалыптастыру негізінде жеке бас тұлғасын тәрбиелеу мақсаты қойылады.
Мұғалімнің еңбегінің табысты болуы оның жан-жақты ізденуінде, творчестволығында. Білімді оқушыға тиянақты, түсінікті бере білу - үлкен өнер. Сол сияқты білімді дұрыс бағлауда үлкен өнерді талап етеді. Оқушының білімді қалай игергендігін білудің оқушы өзі үшін де, мұғалім үшін де маңызы зор. Бұдан білімдерді, шеберліктерді және дағдыларды тексеру көмегі арқылы жетуге болады. Тексеру дегеніміз ұмытудан сақтандырудың ғана емес, сондай-ақ білімді неғұрлым берік игерудің маңызды құралы. Тексеру барысында мұғалім балалардың білімді игеру фактісінің өзін ғана емес, сондай-ақ олар материалды қаншалықты дұрыс игеріп, қабылданғанын ойлап, есіне сақтай ала ма, жоқ па соны анықтауға тырысады.
Тексеру мен бағалаудың тәрбиелік маңызы тығыз да, оқудағы дұрыс я бұрыс емес баға мектеп оқушысын жүйелі жұмыс істеуге итермелейді, оның мінез-құлқының маңызды сипаты ретінде еңбек сүйгіштік қабілетін қалыптастыруға жол ашады. Алған, игерген білімді тексеру және бағалаудың өзіндік ерекшеліктері бар.
Мұғалім оқушының білімін тексеру мен бағалауда оқушының психикасына әсер еткізбейтіндей әділ бағалауы, білімді дұрыс игергені абзал. Қазіргі кезеңде білімді тексеру мен бағалау ісі мұғалімнің жауапкершілігіне, әділдігіне байланысты. Бағалау арқылы оқушылардың білім деңгейін ғана емес, оның ізгілікке, әділдікке, адамгершілікке, ұжымдылыққа, жауапкершілікке ұмтылдыру - әрбір мұғалімнің міндеті, яғни бағалау тәрбие құралы.
Білімді тексеру және бағалау мұғалімнен үлкен жауапкершілікті және әділдікті талап етеді. Білімді бағалаудың моральдық мәні зор. Ал бағаны дұрыс, орынды пайдаланудың тәрбиелік мәні зор, яғни мұғалім бағаны қалай болса, солай қоюдан сақтануы керек.
Көптеген мұғалімдер осы уақытқа дейін білімді тексергенде оқушының назарын негізінен материалды сөзбе-сөз айтып беруіне аударып келеді. Тексеруге бұлай қараудың белгілі негіздері бар. Әсіресе, бастауыш мектепте оқу материалының бір бөлігі жаттауға және айтып беруге жатады. Алайда бұл сөзбе-сөз айтып беру білімді тексерудің барысында басым болуға тиіс деген сөз емес. Егер жай айтып беру басым болса, онда оқушы оқу материалын жаттап алуға үйреніп кетеді. Ал бұл білімді меңгеруге жатпайды, яғни оқушы алған білімін практикада қолдана алмайды. Көптеген мұғалімдер көптен бері-ақ материалды дербес айтып беру тәсілін пайдаланып келеді. Бұл оқушылардың творчестволықпен оқи білуге талаптану барысында бір адым алға басқандық.
Алайда, қазіргі уақытта әлемдік білім беру кеңістігіне кемел біліммен ену үшін халықаралық дәрежедегі білімдік мазмұн мен оны бағалаудың сапалы жүйесін анықтап оған көшу Қазақстандық педагогика ғылымының өзекті мәселесі болып отыр.
¥сынылып отырған әдістемелік жүйе жоғарыда баяндалған курстың мазмұнына сәйкес дайындалды. Әдістемелік құралдын Қосымшалар бөлшінде курс барысында бүгінгі таңда өнімнін сапасын баскару, оны сандык бағалау және өлшеу катысты проблемалар аса манызды болып отыр. Казакстан Республикасының «Білім туралы» Занының 8 тарау 55 бабында «Білім беру сапасын баскару білім беру саласындағы бірынғай мемлекеттік саясатты іске асыруға бағытталған және білім сапасын бағалаудын бірынғай ұлттык жүйесін кұрайтын мемлекеттік және институционалдык кұрылымдарын, білім беруді каржыландыруға бөлінетін каражатты пайдалану ұтымдылығын және білім беру жүйесі жұмыс істеуінін тұтастай тиімділігін камтиды» деп атап көрсетілген. Сондыктан білім сапасын баскару үшін онын критерийлері мен көрсеткіштерін аныктау керек.
Мониторнг әдісі білім сапасын бағалаудың кез келген процесті баскару үшін ен алдымен оның параметрлерін өлшей білу керек болғандыктан кез келген сапаны баскару жүйесінін үздіксіз әлементі болып табылады. Сапаны сандык бағалаусыз сапа проблемаларынын ақпараттык аспектісін зерттеу мүмкін емес. Өнімнін сапасын өлшеу проблематикасының табиғатынын өзі сапаны сипаттау үшін сандык бағалауды пайдалану кажеттілігін көрсетеді.
Қазіргі таңда білімнің сапасын сандык бағалау және өлшеу проблемасы барлык ғылымның түйінді проблемаларының бірі болып отыр.
М. М. Поташниктің, В. П. Панасюктің, В. Я. Белобрагинаның, А. И. Субеттоның және т. б. ғалымдардын зерттеулерінде кең мағынада қарастырылатын (окыту, тәрбиелеу, даму, әлеуметтендіру және т. б. жиынтығы ретінде) білім сапасын бағалауда математика ғылымының мүмкіндігі шектеулі екендігі көрсетілген[10, 12, 24] .
Қазақстанда білім сапасын арттыру мәселесі және зерттеудің тиімді әдістерін зерттеумен айналысып жүрген педагог ғалымдар: Т. Баймолдаев, А. Жайтапова, М. Жадрина, А. Әбілқасымова, Қ. Қабдолова, Ф. Наметкулова, т. б. ғалымдардың пікірінше елімізді білім сапасын арттырудың тиімді жодарын анықтау үшін ең алдымен біздің мектептердегі білім сапасын мониторингілеу жұмысын жетілдіру керектігіне ерекше назар аударуда. Өйткені, білім сапасын арттыруда білім беру жүйесін дұрыс басқарудың шешуші фактор екендігі, ол үшін орта білім беретін мектептердегі оқыту сапасын зерттеудің маңыздылығы күн тәртібіне қойылып отырғаны бәрімізге мәлім.
Сол себепті біздің зерттеу жұмысымыздың тақырыбы «Бастауыш білім беру жүйесінде білім сапасын мониторинглеу» деп таңдалды, яғни білім сапасын мониторинглеу арқылы ғана оқытудың, оқу мазмұнын оқушылардың жас және даму ерекшеліктеріне сай беру жүйесін басқару қажеттілігі ғылыми түрде негізделді.
Зерттеудің мақсаты: Бастауыш білім беру жүйесінде оқытудың сапасын арттырудың мониторингтік әдісін қолданудың тиімділігін анықтау.
Зерттеу объектісі: Бастауыш мектепте оқыту сапасын арттыру іс-шараларын ұйымдастыру үрдісі.
Зерттеу пәні : Бастауыш мектептердің білім беру сапасын арттыру мазмұны мен әдіс-тәсілдері.
Зерттеу болжамы : бастауыш мектептердің оқу-тәрбие үрдісінде оқыту сапасын арттырудың іс-шараларын ұйымдастыруда оқушылар мен оқытудың сапасын тексеру мен бақылаудың және олардың тиімділігін қамтамасыз ететін оқыту процесінің кемшіліктері мен жетістіктерінің себеп саклдарларын көрсетуге мүмкіндіе беретін мониторингтік әдістің қызметі өте зор болып табылады. Мектептердің оқу-тәрбие үрдісінде мұғалімдердің дұрыс жұмыс стилін таңдай алуыларына жағдай жасалынып, оқытуды ұйымдастыруды жоспарлау мен басқаруға қолайлы жағдай жасалынады ; оқу-тәрбие үрдісінде әрбір оқушының жеке және дербес ерекшеліктері мен қабілеттері ескеріледі; оқу-тәрбие үрдісінде әрбір оқушының танымдық әрекетіне тән дағдыларды қалыптастыру үшін дамыта оқытуды жүзеге асырса; оқу-тәрбие үрдісінде әрбір оқушының пәнге деген қызығушылығы және өз күшіне, біліміне деген сенімін арттыру үшін мұғалім қызметінің әрекеттік белсенділігі күшейер еді, яғни білім беру мен оқыту сапасы артар еді деп есептейміз.
Зерттеу міндеттері:
1. Елімізде орта білім беру, оның ішінде бастауыш білім беру сапасын арттырудың тиімді жолдарын анықтау бағыттарын бойынша қазіргі кездегі мектептерде қолданылатын оқыту жүйесінің негізгі бағыттарын айқындау;
2. Оқыту сапасының мониторингтік әдісінің тиімділігі туралы белгілі отандық және шетелдік педагог-ғалымдардың еңбектеріне шолу және талдау жасау;
- Бастауыш мектептің білім беру жүйесінің сапалылығын сарапта және оны жетілдірудің тиімді жолдарын көрсету.
Зерттеу жұмысында қолданылған әдістер: философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік және арнаулы әдебиеттерге теориялық талдау жасау; бастауыш мектептердің оқу-тәрбие үрдісінде кіргізетін барлық пәндер мен сабақтан тыс жұмыстардың бағдарламасына әдістемелік құралдарына талдау жасау; бастауыш мектептерде өткізілетін дәстүрлі емес сабақтар мен сабақтан тыс жұмыстарды өткізу әдістемесіне педагогикалық талдау жасау; жаңашыл мұғалімдердің іс-тәжірибесін зерттеу, талдап қорыту; оқытудың әдіс-тәсілдерін пайдаланатын алдыңғы қатарды мектептердің іс-тәжірибелерін қатарлы мектептердің іс-тәжірибелерін зерттеу, талдау жасау.
Зерттеу кезеңдері:
1-ші кезеңде (2010-2011 жж. ) тақырыптың өзектілігі дәлеледеніп, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік және арнаулы әдебиеттерге теориялық талдау жасалынды; оқытудың сапасын анықтаудың тиімді әдістері педагогикалық тұрғыдан негізделді;
2-ші кезең (2011-2012 жж. ) педагог-ғалымдардың және озат мұғалімдердің іс-тәжірибесі негізінде және арнайы ұйымдастырылған педагогикалық зерттеу нәтижесінде білім беру сапасын мониторинглеу дің тиімді әдістемелік бағыттары айқындалып, олар ғылыми-педагогикалық тұрғыдан тұжырымдалды.
Қорғауға ұсынылады:
1. Білім беру сапасын тексеру мен бағалаудың әлімдік және отандық жүйелері және олардың жетістіктері мен кемшіліктері туралы сараптау нәтижелері.
2. Жамбыл облысында білім беру жүйесінің, оның ішінде бастауыш білім беру сапасының көрсеткіштері бойынша алынған мониторингтік жұмыстардың нәтижелері.
- Білім сапасын мониторингтеу әдісін пайдалану арқылы оқыту сапасы мен мұғалімдердің даярлығын арттыру, олардың қызметін басқару жұмыстарының бағыттары.
- БІЛІМ САПАСЫ, ОНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗІ
1. 1 Педагогикалық білім беру жүйесіндегі сапа түсінігі
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа Жолдауында «Біз бүкіл еліміз бойынша әлемлік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек» атап көрсеткен болатын[1] .
Сапалы білім беру қызметін көрсету - білім мекемелері, педагогтар алдында тұрған міндет. Сондықтан педагог кадрларды білім сапасын арттыруға, яғни иннновациялық әрекеттерге дайындаудың маңызы ерекше.
Білімнің сапасы - ең алдымен мақсаттың және нәтиженің сапасы: одан кейін басқаруды, ұстаздың, оқушының және педагогикалық әрекеттің сапасы. Осындай сапалылықты қамтамасыз ететін сапалы мұғалімдер шығармашыл болуы керек.
Сапаның нақты түсініктерін, соның ішінде білім сапасын, өнімнің белгілі қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіндіктерімен анықталатын сипаттамалары мен қасиеттерінің жиынтығы ретінде қарастыратын халықаралық стандарттардағы анықтамасы арқылы қарастыруға болады. Аталған қасиеттерді сандық бағалау өнімнің сапа көрсеткіштері болады. Ал біздің жағдайда өнім - жеке және жалпы сипаттағы сұраныстарды қанағаттандыратын оқу-тәрбие әрекетінің нәтижесі ғана бола алады.
«Сапа» термині жеке екі аймақта: біріншіден философияның маңызды категорияларының бірі: екіншіден қазіргі кездегі материалдық өндірістің кез келген саласында, яғни қазіргі экономикада сапа маңыздылығы, сапасы төмен немесе жоғары деген түсініктер арқылы қалыптасуда.
Яғни, бұл түсінікке сәйкес сапа заттың немесе құбылыстың барынша жарқын қасиеттерін сипаттайтын, доминантты қасиет ретінде қарастырылады. Бұл жағдайда заттың немесе құбылыстың басқа қасиеттері қарастырылмайды, олар маңызды емес. Сапаның осы түсінігі еңбек өнімінің алғашқы кезеңдерінің өзінде қарастырылғанмен, бүгінгі таңдағы материалдық өндірістің жоғары даму кезеңдерінде де заттың немесе құбылыстың көптеген қасиеттерінің ішінен сапаны басты қасиет деп санайды.
Сонымен, сапа - объектінің дәл осы объекті екендігін дәлелдейтін, маңызды анықтылығын және тұрмыстан бөлінбейтіндігін көрсететін философиялық категория. Сапа бір объектіні екіншіден ажыратуға мүмкіндік беретін, оның рекшелігін сипаттайтын құрамдас элементтердің тұрақты өзара қарым-қатынасын бейнелейді. Сапаға байланысты әрбір объект жеке өмір сүреді. Сонымен қатар сапа біртекті субъектілер класын сипаттайтын жалпыны да көрсетеді.
Бүгінгі таңда өнімнің сапасын басқару, оны сандық бағалау және өлшеуге қатысты проблемалар аса маңызды болып отыр. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының 8 тарау, 55 бабында « Білім беру сапасын басқару білім беру саласындағы бірыңғай мемлекеетік саясатты ічке асыруға бағытталған және білім сапасын бағалаудың бірыңғай ұлттық жүйесін құрайтын мемлекеттік және конституционалдық құрылымдарын, білім беруді қаржыландыруға бөлінетін қаражатты пайдалану ұтымдылығын және білім беру жүйесі жұмыс істеуінің тұтастай тиімділігін қамтиды» деп атап көрсетілген. Сондықтан білім сапасын басқару үшін оның критерийлері мен көрсеткіштерн анықтау аса маңызды.
Олай болса, Қазақстанда бүгінгі таңда халықаралык денгейге дейін арттыруды қажет ететін білім сапасын (оқу-тәрбие процесінің сапасын) бағалауда өнеркәсіпге, жоғарғы кәсіптік білім беру саласында калыптасып отырған сапа менеджменті жүйелерінің принциптерін басшылыққа ала отырып, жалпы орта білімнің сапасын бағалауға сапаны бағалаудың 7 кұралын пайдалану мәселесі манызды болып табылып отыр.
Мектептеп білім сапасы өзара байланысты құрамдас бөліктердің, яғни оқу-тәрбие процесі орындалатын жағдайлардың әдістемелік, нормативтік-құкыктық, материалдык-техникалық, әлеуметтік-психологиялык сапасы; проиестін (оқу-тәрбие процесінін окытуды, тәрбиелеуді. әксперименттік-сынак жұмыстары және т. б. ұйымдастыруды камтамасыз ету жағдайы) сапасы; нәтижелер сапасынын бірлігі ретінде қарастырылады.
Мектептегі білім беру процесінің сапасы келесі көрсеткіштер бойынша бағаланып жүр:
1) оқу-тәрбие процесін жүзеге асыру жағдайларына байланысты (критерий) көрсеткіштері (педагогикалык кадрдың кәсіби денгейі; окушылар контингентінін ерекшелігі; білім беру процесін құрыктык-нормативтік. материалдык-техникалык және каржылык камтамасыздандыру денгейі; білім беру процесін медициналык және әлеуметтік-психологиялык камтамасыздандыру денгейі; мектептін әдістемелік әлеуметінін онын жылдан-жылға өзгеру динамикасының, пайдаланудың денгейі) ;
2) білім беру процесінщ жағдайына байланысты көрсеткіштер (тәрбиелік жұмыстын жүйелілігі және онын тұлғалык-ізгіліктілік бағыты; окыту мен тәрбиелеуде колданылатын кұралдар мен әдістер; окыту мен тәрбиелеу нәтижелерінін диагностикалау жүйесі; сабакты өткізу мен оны бағалау сапасын камтамасыз ету; мектептегі оқушылардын денсаулығын сактау жұмыстарының жүйесі) ;
3) білім беру процесінін нәтижелеріне байланысты көрсеткіштер (білім бағдарламаларының нормаға. стандарттарға және мектептін тұтынушыларының талаптарына жакындау дәрежесі: оқушылардын мемлекеттік және аралык аттестациялау корытындысы; окушылар мен мұғалімдердің шығармашылык жетістіктері; білім беру нәтижелеріне оқушылардың, ата-аналардың, мұғалімдердін канағаттану дәрежесі; білім алуды жалғастыруды қамтамасыз ету) .
Өзімізге белгілі Қазақстандағы білім беру сапасын баскару жүйесі мен әлемдік тәжірибелерді зерттеу барысында біз сапа туралы барынша түсінік беру бойынша сапа, сапаны баскару, білім сапасы, жалпы орта білім беретін мектептердегі сапа сияқты негізгі ұғымдарға берілген түсініктемелер мен анықтамаларға талдау жасадық.
Білім сапасының күрделілігін ескерсек оны зерттеуде жүйелілік келісті колданған дұрыс. Л. Я. Зоринаның пікірінше сапа мәселесі әртүрлі белгі, фактор ретінде карастырылатын жан-жакты және мұғалімдерімен қандай әдістемелік жұмыстар жүргізуге болатындығы жөнінде әдістемелік нұскау берілген.
Төртінші «Жапондык ТQМ-дегі сапа мәселелерін шешу стратегиялары» модулінде 5М стратегиялары. 58 стратегиялары және кайдзен стратегиялары жан-жакты талкыланады. Осы модульдің практика-лық бөлімінде тыңдаушылар өздерінін жұмыс орнын ұйымдастыру бойынша нақты әдістемелік нұcкаулар дайындайды.
Рефлексивтік-бағалау модулінде түзету жұмыстары жүргізіліп, «Кәсіби өсуді жобалау» бойынша дөнгелек стол ұйымдастырылады. Бұл курстың тәжірибелік мазмұнында «Білім саласыцда сапаны бағалаудын 7 құралын пайдалану тәжірибесі», «5М стратегиялары». «58 стратегиялары». «Кайдзен стратегиялары» такырыптарында практикалык сабактар мен зертханалык-практикалык жүмыстарды орындау карастырылды. Курс бағдарламасы жекелеген педагогтардын өз білімін жетілдіру максатында колдануға да ьщғайлы дайындалған. Өз бетшше талдауға арналған тапсырмалар карастырылып, оларды орындауға арналган накты нүсқаулар берілген. Сондай-ак курсқа ену және шығу диагностикасынын материалдары ұсынылып отыр.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz