«Дене тәрбиесі және спорттың ілімі мен әдістемесі» оқу кітабы



1. БАСТАУЫШ, ОРТА, ЖОҒАРҒЫ СЫНЫПТАРДА ЖӘНЕ ӘР ТҮРЛІ ТИПТЕГІ МЕКТЕПТЕРДЕ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ САБАҒЫН ЖҮРГІЗУ ӘДІСТЕМЕСІ ... ... ... ...3
1.1. Бастауыш сынып оқушыларының дене тәрбиесі ... ... ... ... .3
1.2. Бастауыш сынып оқушыларының дене дамуының морфо.функционалдық және психологиялық ерекшеліктері ... ... ... ... ..3
1.3. Бастауыш сынып оқушыларымен дене тәрбиесі сабағын жүргізудің әдістемелік ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
2. Орта сынып оқушыларының дене тәрбиесі
2.1.Орта сынып оқушыларының дене тәрбиесінің міндеттері ... ...6
2.2.Орта сынып оқушыларының дене дамуының ерекшеліктері ... ... ...6
2.3.Дене тәрбиесі әдістемесінің ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ...8 3.Жоғарғы сынып оқушылары дене тәрбиесі ... ... ... ... ... ... ...9
3.1 Жоғарғы сынып оқушыларының дене тәрбиесініңміндеттері ... ... ... .9
3.2.Жоғарғы сынып оқушыларының дене дамуының ерекшеліктері ... ... 9
3.3. Дене тәрбиесі әдістемесінің ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
4. Әр түрлі мектептердегі дене тәрбиесі ... ..11
4.1. Аз комплектілі ауыл мектептеріндегі дене тәрбиесі ... ... ... ...11
4.2. Мектеп.интернаттағы дене тәрбиесі ... .12
5. ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕРДЕГІ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖҰМЫСТАРЫН ЖОСПАРЛАУ ... ... ... ...12
5.1. Жоспарлау жұмыстарын ұйымдастыруы ... ... ... ... 12
5.2. Дене тәрбиесі және спорт жұмыстарының жалпы жылдық жоспары ... ... .12
5.3.Мектептің дене тәрбиесі ұжымы ... ... ..15
5.3.1. Дене тәрбиесі ұжымының жұмысының мазмұны және оны ұйымдастыру ... ... ... ... .15
5.3.2. Дене тәрбиесі ұжымы кеңесінің құқығы.
5.3.3. Дене тәрбиесі ұжымы мүшелерінің құқығы мен міндеттері ... ... .16
5.4. Дене тәрбиесі сабағының жоспарлары ... .
5.5. Әр сабақтың жоспары ... ... ... ...17
6. МЕКТЕПТЕГІ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖҰМЫСТАРЫН БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ЕСЕПКЕ АЛУ ... ... ..29
6.1. Мектептегі бақылау және есепке алу жұмыстарын ұйымдастыру ... ...29
6.2. Мектептегі жоспарлау, бақылау, есепке алу құжаттарыныңтізімі ... ... ...30
6.3. Үлгі ретінде берілген құжаттар кестесі...32
6.4. Үлгі ретінде берілген есепке алу құжаттары ... ... ... ... ... ... ... .35
7. Пайдаланылған әдебиеттер
Дене тәрбиесі және спорттың ілімі мен әдістемесі пәнінің әлеуметтік орнын анықтау алдында біз одан да кең ұғымдарды зерттеп білуіміз қажет. Ол «дене тәрбиесі» деген ұғым.
Дене тәрбиесі – жалпы мәдениеттің бір саласы. Адамзат баласы жаратылғаннан бастап рухани дами келе, осы мәдениет салаларын өз қолымен жасап келе жатыр. Ал адамзат баласын, табиғатты, тау, өзен, көлдерді, жан-жануарларды Ұлы күш, Ұлы ақыл иесі жаратты. Адамзат баласына сана берді. Санасы, жаны, рухани жетілуі себепті адамзат баласы үйлер, сарайлар, керемет архитектуралары бар қалалар салды. Ғылымды игерді, космосқа ұшты, техниканы, экономиканы дамытты. Осының бәрін Адам өз қолымен жасаса, сол адамды мәдениеттендіріп, денесіне, санасына әсер етіп тұрған – дене тәрбиесі. Адамның денесін, бүкіл ағзасын жаттықтыратын, шынықтыратын, денсаулығын нығайтатын, қимыл-әрекетін әдемілендіретін, кеңістікте дұрыс, үйлесімді қозғалуға үйрететін, дене қуатын жетілдіріп, жоғарғы спорттық көрсеткіштерге жеткізетін - дене тәрбиесі. Адам мәдениеттің барлық салаларын қолдан жасаса, оның денесіне, ағзасына әсер етіп, оны осы салаларды өркендетуіне мүмкіншілік, қуат, күш, денсаулық беріп отырған дене тәрбиесі болып табылады.
Дене тәрбиесі – адамдардың дене, мүсін сұлулығын, қимыл-қозғалыс үйлесімділігін, әдемілігін, дене қуатын жетілдіруге қолданылатын мемлекеттің, қоғамның материалдық және рухани байлығын құрайтын, халықтың жалпы мәдениетінің бір саласы. Материалдық байлықтар – спорт сарайлары, стадиондар, бассейндер, спорт залдары, түрлі спорттық ғимараттар, құрал- жабдықтар. Рухани байлықтар – дене тәрбиесі мен спорт саласындағы арнаулы білім, ғылыми-зерттеулер, озық тәжірибелер, әдістемелер, идеялар. Дене тәрбиесінің бағыттары – негізгі дене тәрбиесі, спорт, сауықтыру, қолданбалы дене тәрбиесі, жеке басылық дене тәрбиесі.
1. Ашмарин Б.А. Теория и методика физического воспитания. – М., 1990.-234 с.
2. Аулик И.В. Как определить тренированного спортсмена. – М .: ФиС., 1977.
3. Вайцеховский С.М. Книга тренера. – М.: ФиС., 1971. - 312 с.
4. Годик Н.А. Контроль тренировочных и соревновательных нагрузок. – М.: ФиС., 1980. – 136 с.
5. Гужаловский А.А. Основы теории и методики физической культуры. – М .: ФиС., 1986.
6. Дүйсембин Қ., Алиакберова З. Жасқа сай физиология және мектеп гигиенасы. – Алматы, 2003.
7. Евсеев Ю.И. Физическая культура. – Ростов-на-Дону: Феникс, 2002. –
с. 381.
8. Зациорский М.Я. Физические качества спортсмена. – М., 1980. – 200 с.
9. Коршунов А.М. Секреты долгой молодости профессора Никитина. – М.: Советский спорт, 1990.
10. Ленчеков И.С. Физкультурно-оздоровительная и спортивно-массовая работа в образовательных учреждениях. – Усть-Каменогорск: ВКГУ, 2003.
11. Матвеев Л.П. Теория и методика физической культуры. – М., 1991, - 336 с,
12. Матвеев Л.П. Основы спортивной тренировки. – М.: ФиС., 1977,
13. Менхин Ю.В., Менхин А.В. Оздоровительная гимнастика: теория и методика. – Ростов-на-Дону: Феникс,2002. – 384 с.
14. Мананков Н.Е., Колкутин А.М. Физическое воспитание студентов. – Усть-Каменогорск: ВКГУ, 2002. – 208 с.
15. Русанов В.П., Колкутин А.М. Основы теории и методики физической культуры и спорта. – Усть-Каменогорск: ВКГУ, 2004. – 277 с.
16. Уанбаев Е.К. Дене тәрбиесінің негіздері. – Алматы: Санат, 2000.
17. Уанбаев Е.К., Уанбаева Ф.Ж. Дене тәрбиесі және спорттың теориясы мен әдістемесі. - Өскемен: ШҚМУ баспасы, 2006. – 270 б.
18. Уанбаев Е.К., Уанбаева Ф.Ж. Мектептегі дене тәрбиесі жұмыстарын жоспарлау, бақылау және есепке алу. - Өскемен: БАЙ баспасы, 2006. – 225 б.
19. Филин В.П., Фомин Н.А.Основы юношеского спорта. – М.: ФиС., 1980. – 255 с.
20. Холодов Ж.К., Кузнецов В.К. Теория и методика физического воспитания и спорта. – М.: 2002. – 478 с.
21. Холодов Ж.К. Кузнецов В.К. Практикум по теории и методике физического воспитания и спорта. – М.: Академия. 2001. – 143 с.
22. Кофман Л.Б. Настольная книга учителя физической культуры. – М.: ФиС., 1998
23. Янсон Ю.А. Физическая культура в школе. – Ростов-на-Дону: Феникс, 2004
24. Мамытов А. Теория спорта. – Бишкек: ЫГУ им. Тыныстанова, 2005. – 234 с.
25. Қасымбекова С.И., Телеугалиев Ю.Г., Тайжанов С. Программа по физической культуре для 5-11классов – Алматы, 2000. – 47 с.
26. Республиканская учебная программа по физической культуре высших учебных заведений. – Алматы, 1998. – 40 с.
27.Н.К. Коробейников А.А. Михеев И.Г. Николенко Физическое воспитание: Учеб. Пособие.-М.:Высш.шк., 1989.-384 с.
28. А.Н. Воробьев тренировка работоспособность реабилитация.-М.: Физкультура и спорт,1989.-272 с.
29. Спортивная физиология: учеб.для ин-ов физ.культ./Под ред. Я.М. Коца.- М.: Физкультура и спорт, 1986.- 240с.
30. Каражанов Б.К. Основные понятия теории и методики физической культуры и спорта.- Алма-Ата КазИФК, 1991
31. Төтенайдың Базарбегі. Спорт атауларының орысша-қазақша сөздігі.-Алматы: «Ана тілі», 1994. 128 бет.

Пән: Спорт
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 154 бет
Таңдаулыға:   
Дене тәрбиесі пәні мұғалімдеріне арналған әдістемелік ұсыныстар

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Дене тәрбиесінің ғылыми-практикалық орталығы

Жалпы білім беретін мектептерде дене тәрбиесі сабағын жүргізу
әдістемесі
(Әдістемелік ұсыныстар)

Алматы, 2012
М.И.Адамбеков., М.Ш.Тұяқбаева, Е.Қ. Уанбаев

Жалпы білім беретін мектептерде дене тәрбиесі сабағын жүргізу
әдістемесі (Әдістемелік ұсыныстар ,2012 ж.)

Пікір жазғандар:
Иванов А.С. – б.г.д., профессор
Ильясов Ж.О. – п.ғ.к.
Баймұхамбетов Б. – ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы

Ұсынылып отырғын әдістемелік ұсыныстар жалпы білім беретін мектептің
дене тәрбиесі пәні мұғалімдеріне арналған.
Дене тәрбиесінің ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ғылыми кеңесі
ұсынған.

бастауыш, орта, жоғарғы сыныптарда және әр түрлі типтегі мектептерде дене
тәрбиесі сабағын жүргізу әдістемесі

1.1. Бастауыш сынып оқушыларының дене тәрбиесі

Бастауыш сынып оқушыларының қатарына I-IV сыныпта оқитын 7-11
жастағы оқушылар жатады.
Бастауыш сынып жасындағы оқушылардың дене тәрбиесі міндеттері
төмендегідей:
- денсаулықты нығайту, шынықтыру, жан-жақты дене дамуына көмектесу,
жалпақ табандылықтың алдын алу, бала ағзасының жағымсыз сыртқы орта
әсеріне қарсылық күшін қалыптастыру;
Таза ауада дене тәрбиесі жаттығуларымен айналысу, ойнау, секіру,
лақтыру, шаңғы тебу, жүгіру баланың бұлшық еттерін дамытады, жүрек-қан
тамыры жүйесін, тыныс алу жүйесін, сүйек-тірек аппаратын т.б. ағза
жүйелерін нығайтады, шынықтырады. Баланың мүсін, тұлға түзулігі
қалыптасады. Сондықтан мектептің міндеті – балаларды дене тәрбиесімен
жүйелі, белсенді шұғылдандыру;
- дене тәрбиесі жаттығулары, гигиеналық дағдылар, күн тәртібі туралы
арнайы білім беру. Ол білімдер: дене тәрбиесі жаттығуларының ағзаға
пайдалы әсері, гигиеналық ережелер. Тамақтану, демалу, жұмыс тәртіптері;
- оқушылардың өмірге керек қозғалыс ептілігі мен дағдысын
қалыптастыру, оларды жаңа қозғалыстарға, қимыл-әрекеттерге үйрету.
Бағдарламада берілген барлық негізгі спорт түрлерінің жаттығуларын дұрыс
орындай білу;
- дене қаситтерін дамыту. Гигиеналық дағдылар, күн тәртібі туралы
арнайы білім беру. Ол білімдер: дене тәрбиесі жаттығуларының ағзаға
пайдалы әсері, гигиеналық ережелер. Тамақтану, демалу, жұмыс тәртіптері;
- бастауыш сыныптарда қимыл үйлесімділігі, ептілік, икемділік
қасиеттерін дамыту;
- жігерлікке, батылдыққа, қажырлылыққа, тәртіптілікке, еңбек
сүйгіштікке, көпшілдікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу. Дене тәрбиесі
жаттығулары, әр түрлі қозғалмалы ойындар осы қасиеттерді дамытады;
- қозғалыс кездерінде және қозғалмайтын статикалық жаттығулар
кезінде мүсін түзулігін, тұлғаны қалыптастыру. Ол үшін отырғанда,
тұрғанда, жүргенде, жаттығулар жасағанда тұлғаны түзететін арнайы
жаттығулар беріп отыруымыз керек;
- оқушыларды бастауыш сыныптардан бастап Президенттік сынама
сынақтары жаттығуларын меңгеруге, орындауға дайындай бастағанымыз жөн;
- оқушылардың дене тәрбиесі мен спортқа деген ынтасын,
қызығушылығын оятып, оларды спортпен тұрақты, жүйелі шұғылдануға
дағдыландыру керек.
Мектептің міндеті – оқушыларды дене тәрбиесі жаттығуларымен мектепте
ғана емес, үйде де тұрақты айналысуға әдеттендіру. Ол әдет оқушылардың күн
тәртібінде әбден қалыптасуы қажет. Осы кезден бастап дене тәрбиесі
жаттығуларын орындау олардын өмір бойғы әдеттеріне айналуы керек. Ол үшін
дене тәрбиесі сабақтары қызықты, әсерлі көңілді өтуі тиіс;
- оқушыларды ұйымдастыру, басқара білу дағдыларына дағдыландыру.
Оқушылардың ішінен дене тәрбиесі белсенділерін дайындау.

1.2. Бастауыш сынып оқушылары дене дамуының
морфофункционалдық және психологиялық ерекшеліктері

Бастауыш сынып жасы кездерінде балалардың бойлары, дене мүшелері,
әсіресе, аяқтары тез өседі. Бала жылына екі килограмм салмақ қосады.
Осы жаста сүйек тез қатая бастайды. Бірақ сүйек тканьдарында әлі де
органикалық заттар көп те, минералды тұздар аз. Сондықтан да сүйек икемді,
созылмалы, әлі толық қатаймай, шеміршекті түрде болады. Осы ерекшеліктерін
ескеріп, бастауыш сынып оқушыларына қозғалмайтын статикалық жаттығулар
жүктемесін аз береміз. Үлкен биіктіктен секіру, қатты жерге секіру
жаттығуларын бермеуге тырысуымыз керек.
Омыртқаның байланыстары мен бұлшық еттері әлсіз, омыртқа арасындағы
шеміршек қалың болып келеді. 7 жаста барлық омыртқа айқын білініп тұрады.
Қыздарда 7-11, ер балаларда 7-13 жас арасында омыртқаның денесі мен
эпифиздерінің арасында жұқа болса да шеміршекті қабат сақталады.
Омыртқаралық шеміршектер қалың болғандықтан омыртқалар әлі де өседі, олар
14-15 жаста бекіп, қатаяды. Омыртқа өте икемді, бірақ оқыс жағдайларда
қисайып кетуі мүмкін. Сондықтан да осы жас кездерінде әр түрлі омыртқа
қисаюлары: скалиоз, лордоз, кифоз байқалады. Омыртқа эпифиздерінің
сүйектенуі 18-20 жаста аяқталады.
Балалардың бұлшық ет тканьдарында су көп те, белоктық заттар аз
болып келеді. 7-8 жастағы балалардың бұлшық ет тканьдары олардың жалпы
салмағының 27%-ын алады. Салыстырмалы түрде қарасақ 18 жастағыларда 40%
болады. Бұлшық еттер әлсіз болады, әсіресе, арқа және іш бұлшық еттері
ұсақ бұлшық еттерге қарағанда жақсы дамыған. Бұл кезде бала бұлшық
еттерінің жұмыс қабілеттілігі төмен болады. Осы бұлшық ет жүйесі
ерекшеліктеріне байланысты ұзаққа созылатын статикалық-қозғалыссыз
жаттығулар, біржақты жүктемелер, қайта-қайта бір түрлі қозғалыстар беруге
болады. Жүктемелерді әр бұлшық еттер тобына ауыстырып беріп, денені
үйлесімді дамыту қажет. Жаттығуларды үлкен амплитудамен кіші бұлшық ет
тобына көбірек беру керек.
Бастауыш сынып оқушыларының жүректері үлкен, қан тамырларының іші
кең, қабырғалары созылмалы болып келеді. Жүрек соғу жиілігі жиі, минутына
50-90 рет соғу төңірегінде болады. Жүректін бұлшық еттері әлсіз,
созылмалы. Жүректің жиырылуы кезінде шамамен 25-33 мл қан жүректің сол жақ
қарыншасынан қолқа тамырына айдалады. Мұны қанның систоликалық көлемі
дейді. Жүрек-қан тамыр жүйесінің осы ерекшеліктеріне байланысты ұзақ
қатаю, зорланып ұзақ көтеру, ұзақ тарту, ауыр нәрсе көтеру, қарсылықты
жеңу жаттығуларын аз беруге тырысу қажет. Олар орындай алмайтын, бұлшық
еттерін қатайтатын көп күш керек ететін, жүрек соғу жиілігі көп жиілеп
кететін жаттығуларды байқап беру қажет. Балалар мен жасөспірімдердің
жастарына байланысты жүрек соғу жиіліктері мен қанның систолиткалық көлемі
туралы мәліметті 1-кестеден қараңыз (Қ. Дүйсембин, З. Алиакпарова, 2003).

1-кесте - Бала жүрегінің соғу жиілігі мен қанның систоликалық көлемі

Жасы Жүрегінің соғу жиілігі,Қанның систоликалық
ретминут көлемі, мл
Жаңа туған 120-168 2,5
1-2 ай 132-171 -
6 ай 120-150 -
1 жас 103-150 10,0
2 жас 96-135 10,2
5-6 жас 83-119 20,6
Ер балалар
8 жас 50-93 25,0
10-12 жас 53-86 33,4
15-16 50-77 41,4
Ересек 55-75 60 же одан көп
Қыз
балалар
8 жас 67-99 27,0
10-12 жас 60-89 31,6
15-16 55-85 38,5
Ересек 60-75 55-65

Балалардың зат алмасу үрдісі үлкендерге қарағанда тез жүреді.
Балалардың кеуде клеткалары домалақ түрде, қабырғалары аз иілетіндіктен
терең дем алуға кері әсер етеді. Дем алу жиілігі тез, терең емес,
минутына 22 рет дем алу жиілігі төңірегінде. Дем алу жолдары үлкендерге
қарағанда қысқа. Тыныс алудың минуттық көлемі 7 жастағы балаларда 3500
млминут болады, ол 11 жасқа келгенде көбейіп 4400 млминутқа дейін
жетеді. Өкпенің ауа сыймдылығы көлемі 7 жаста 1200 мл-ден 10 жаста 2000
мл-ге дейін көтеріледі. Бастауыш сынып оқушыларын терең, бірқалыпты
мұрынмен дем алуға үйретуіміз қажет. Жаттығуларды орындау тыныс алумен
бірдей орындалуы тиіс.

1.3. Бастауыш сынып оқушыларымен дене тәрбиесі сабағын
жүргізудің әдістемелік ерекшеліктері

Оқушылар көп қимылдағысы келеді. Біркелкі, ұзаққа созылатын ойындар
оларды жалықтырып жібереді. Сондықтан да ойындар, жаттығулар әр түрлі,
қысқа демалу аралықтарымен болса жақсы.
1-сынып оқушылары шыдамсыз, өздерін тоқтата алмайды, зейіні тұрақты
емес. Бірте-бірте оларға жаттығуларды кеңістікте орындау түрінде бергенде
ойланып, еске сақтап орындауға қызығып, ықыластана бастайды.
Бастауыш сынып оқушыларына денені дамыту жаттығуларын бергенде, ұл
балалар мен қыз балалардың дене дамуы ерекшеліктерін ескеру қажет.
Ұлдардың салмағы, бойлары үлкен, кеуделері кең, өкпенің тіршілік көлемі
жоғары болады. Бұлшық ет күштері қыздарға қарағанда дамыған. Олар тез
жүгіреді,ұзаққа, биікке секіреді, алысқа лақтырады, күшті, әрі шыдамды.
Сондықтан 2-сыныптан бастап ұлдарға ауырлық көтергенде, қашыққа,
жүгіргенде, секіргенде, лақтырғанда көбірек жүктеме беруге болады.
(Өйткені 1,2-ші сыныпта ұлдар мен қыздардың дене тәрбиесі жаттығулары
амалдары бірге, бөлуге келмейді). Қыздарға 3-ші сыныпта ұлдарға қарағанда
көбірек бірқалыпты, ырғақты, би жаттығуларын беруге болады.
Дене тәрбиесі сабағын жүргізудің төмендегідей ерекшеліктері бар:
1. Бастауыш сынып оқушыларына негізгі үйрететін жаттығулар тобы
табиғи қимыл-әрекеттерді жетілдіру түрінде болып келеді. Олар: жүру,
жүгіру, секіру, лақтыру, өрмелеу т.с.с.
2. Бір сабақ кезінде оқу материалын меңгеру және жетілдіру үрдісінің
2-3 міндетін ғана орындаса жеткілікті болады.
3. Сынып төмен болған сайын табан бұлшық еттерін нығайту және түзу
тұлға қалыптастыру жаттығуларын беруге айрықша көңіл бөлу қажет.
4. Әрбір сабақта міндетті түрде қозғалмалы ойындар ойнату керек. 3-
4 сынып оқушыларымен сабақ өткізгенде ойын жаттығулары сабақтың 50%
уақытын алса дұрыс болады.
5. Оқушыларға негізгі жаттығулардың техникасын үйреткенде, оны дұрыс
және нақты орындауға көп көңіл бөлу керек. Оқу үрдісі кезінде жаттығуды
үйрету және жетілдірумен бірге дене қасиеттерін дамытуға бірдей көңіл
бөлген дұрыс.
Балалардың қимыл-әрекеттерді есте сақтау қабілеттері 7-12 жас
аралықтарында тез дамиды да, 13 жастан ары қарай баяулай бастайды.
Қимыл-әрекетке үйрету әдістерін қолданғанда көбінесе толық орындау
әдісін пайдаланамыз. Жаттығуды бөлшектеп үйретуді анда-санда ғана,
қосымша түрде қолданамыз.
Қозғалыс тапсырмасын берген кезде балалар дұрыс түсінуі үшін нақты
не істейтінін, қалай істейтінін айту керек. Мысалы, ұстау, жетіп алу,
допты ойыншыға тигізу және т.с.с. 2, 3 сыныптарда қимыл жиілігін дамыту
жаттығуларын көбірек берген дұрыс болады. Жылдамдықты дамыту жаттығуларын
қысқа түрде 6-8 секунд уақытқа беру қажет.
Бастауыш сынып оқушыларымен дене тәрбиесі сабақтарын жүргізгенде
негізінен білім беру міндеттерін шешеміз. Ол міндеттер: қозғалыс түрлерін
меңгеру, дене тәрбиесі негіздері және салауатты өмір салты туралы негізгі
теориялық мағлұматтар беру.
Елімізде қазіргі кездерде жалпы білім беретін мектептердегі
бастауыш сыныптарда дене тәрбиесі сабағын көбінесе сол сыныпқа сабақ
беретін бастауыш сынып мұғалімдері жүргізеді. Ол мұғалімдер арнайы және
жоғарғы оқу орындарында оқығанда дене тәрбиесі мен әдістемесі пәнінен
дәрістер алды, сынақтар тапсырды. Сондықтан да ол мұғалімдер дене тәрбиесі
сабақтарын жүргізгенде көп ізденіп, дайындалып, мектептің дене тәрбиесі
мұғалімдерінің сабақтарына қатысып, олардан үйреніп, сабақтарды мектеп
бағдарламасы материалдарына сай жүргізуі керек. Ал дене тәрбиесі
мұғалімдері келешек өздеріне келетін оқушылардың төрт жыл уақытын бос
өткізуіне жол бергізбей, бастауыш сыныптардың оқушыларының оқу жоспарын
қадағалап, көмектесіп, бастауыш сынып мұғалімдеріне арнап әдістемелік
сабақтар өткізіп отырулары керек.
Бастауыш сынып мұғалімдерінің міндеті:
- бағдарлама бойынша сапалы, әдістемелік тұрғыдан дұрыс сабақ
өткізу;
- дәрігерлік бақылауды дәрігерлермен бірге өткізу, бақылау
қорытындысын
жұмыста пайдалану;
- сабақ өткізу кезінде санитарлық-гигиеналық жағдай жасау;
- оқушылардың бәрі қолайлы спорт киім кигенін қадағалау;
- сыныптан тыс дене тәрбиесі жұмыстарына қатысу, оған барлық
оқушыларды тарту;
- ата-аналар арасында тұрақты түрде дене тәрбиесі мен спорттың маңызы
туралы әңгіме өткізу;
- оқушылардың дене тәрбиесі көлеміндегі алған білімін тұрақты
жетілдіру;
- балаларды дене тәрбиесі мен спортпен тұрақты айналысуға
қызығушылығын арттырып, ынтасын ояту;
- жоғарғы сыныптағы дене тәрбиесі мұғалімдерінің сабақтарына,
әдістемелік кеңестеріне қатысу.

2. Орта сынып оқушыларының дене тәрбиесі
2.1. Орта сынып оқушылары дене тәрбиесінің міндеттері

Орта сынып оқушылары қатарына 5-8 сыныптарда оқитын 12-15 жастағы
оқушылар жатады. Осы жастағы оқушылардың дене тәрбиесі міндеттері
төмендегідей:
- денені жан-жақты, үйлесімді дамыту, дұрыс дене түзулігі мен сыртқы
ортаның жағымсыз әсеріне қарсылық әдеттерін, жеке бас гигиенасы мен
салауатты өмір салтын сақтау әдеттерін қалыптастыру;
- негізгі базалық спорт түрлері жеңіл атлетика, гимнастика, спорттық
ойындар, шаңғы спорты, суда жүзу жаттығуларын ары қарай үйрену, жетілдіру;
- дене қасиеттерін, кеңістікте үйлесімді, епті қозғалуды,
жылдамдықты, күш-жылдамдығын, күшті, төзімділікті, икемділікті әрі қарай
дамыту;
- жеке бас гигиенасы, дене тәрбиесі жаттығуларының ағзаның негізгі
жүйелеріне әсері, өнегелік және жігерлілік қасиеттерін дамыту, өзін-өзі
бақылаудың тәсілдері туралы білім мағлұматтарын беру;
- негізгі спорт түрлері, жарыстар, снарядтар мен құрал-жабдықтар,
сабақ кезіндегі техника қауіпсіздігі және жарақат алған кезде алғашқы
көмек көрсету туралы мағлұматтарды тереңдете оқыту, іскерлік дағдысын
қалыптастыру;
- таңдап алған спорт түрлерінің жаттығуларымен өз бетімен
күнделікті дене тәрбиесі жаттығуларымен тұрақты, жүйелі айналысу әдеттерін
тәрбиелеу;
- сабақ бөлімдерін, жарыстар, әр түрлі жаттықтыру жұмыстарын
жүргізудегі төрешінің, команда капитанының, спорт нұсқаушысының
ұйымдастыру іскерліктерін қалыптастыру;
- өзінің дене мүмкіншіліктерін бағалау біліктілігін қалыптастыру;
- тәртіптілікті, жауапкершілікті, дербестікті, ынталықты тәрбиелеу;
- психикалық үрдістерді дамыту, психикалық өзін-өзі реттеу
негіздеріне үйрету.

2.2. Орта сынып оқушыларының дене дамуының
ерекшеліктері

Орта мектеп жасындағы оқушылардың бойлары, денелері жылдам өседі.
Бойларының ұзаруы негізінен аяқтардың өсуіне байланысты болып, жылына 4-7
см өседі. Салмақтарына жылына 3-6 кг қосылып отырады. Ұл балалардың ең тез
өсетін кезі 13-14 жас, ол кезде бойлары жылына 7-9 см өседі. Қыз
балалардың бойларының тез өсетін кезі 11-12 жас, ол жастарда қыздар орташа
7 см-ге өседі.
Жасөспірім кезде аяқтың және қолдың ұзын сүйектері, омыртқа
сүйектерінің көлемі жылдам өседі. Жасөспірімдердің омыртқалары өте
жылжымалы болып келеді. Көп, жоғары жүктемелер сүйектің қатаюын тездетеді
де қол, аяқтың сирақ, ортан жілік сүйектерінің өсуін баяулатып жібереді.
Осы жас кезінде бұлшық ет жүйесі де жылдам дамиды. 13 жастан бастап
бұлшық еттердің көлемдері үлкейе бастайды. Көлемдерінің үлкеюі олардың
бұлшық ет талшықтарының жуандауына байланысты өседі. Бұлшық ет көлемінің
дамуы, әсіресе ұлдарда 13-14 жаста, қыздарда 11-12 жастарда көбірек
болады.
Жыныстық жетілу ер балаларда 10-11 жаста, қыз балаларда 9-10 жаста
басталады. Ер балалардың жыныс мүшелері өсе бастайды, жыныс бездері
жетіледі. 12 жаста көмекейі өсіп, дауысы қатаяды. 12-13 жаста ер адамға
лайық қаңқа ерекшеліктері пайда болады, баланың сымбаты өзгереді, 15 жаста
сақал-мұрты тебіндеп шыға бастайды,сперматогенез басталады.
Қыз баланың жыныстық жетілуі ер балалардан ертерек басталады. 8
жаста - қаңқа ерекшеліктері пайда бола бастайды.Жамбас сүйектері өседі де,
жамбас қуысы кеңейеді. 10 жасқа жақындағанда омырауы өседі. 13-15 жастан
бастап бойлары жылдам өсіп, қолтығында, қасағасында әйелдерге тән түктері
шығады, етеккір келеді. Жыныстық жетілу кезеңдерін, әсіресе қыз балалардың
етеккірі келу кездерін, ол келген кезде жүктемені дұрыс беруді дене
тәрбиесі мұғалімдері жақсы білуі керек. Біздің қазақ халқының
сыпайылығына, менталитетіне байланысты ата-аналар мен мұғалімдердің көбі
жыныстық тәрбие мәселерлерінен аулақ жүруге тырысады. Балалар мен
жасөспірімдердің көпшілігі өзінің жыныстық даму жайындағы сыпайы
сауалдарына жауапты ересек жолдастары мен достарынан алады, 20%-ы әке-
шешесінен, 9%-ы ғана мұғалімдер мен тәрбиешілерінен алады деген зерттеу
нәтижелері бар. Сондықтан дене тәрбиесі мұғалімдері жыныстық даму
физиологиясы мен дене тәрбиесі жаттығуларының жүктемесі туралы балаларға
дұрыс мағлұматтар бере білуі керек.
Орта мектеп жасындағы оқушылардың тыныс алу жүйесі жақсы, тез
дамиды. 11-14 жас кезінде балалардың өкпесі екі есеге дейін өседі. Дем алу
көлемдері 13 жаста 707 см болады. Өкпенің ауа сыйымдылығы артады.
Сіздер физиология пәнін оқыған кезден білесіздер, өкпенің ауа сыйымдылығы
адамның жасына, жынысына, спорт түрлерімен айналысуына байланысты өзгеріп
тұратынын. Өкпенің ауа сыйымдылығы – бала дем алған кездегі және өкпедегі
(қордағы) бар ауаның қосындысы. Өкпенің тіршілік көлемін спирометр деген
арнайы аспаппен өлшейді, біз өкпенің тіршілік көлемі туралы толық түсінік
болу үшін төмендегі кестені беріп отырмыз (2-кесте). (Қ.Дүйсембин, З.
Алиакпарова, 2003).

2-кесте – Балалар мен жасөспірімдер өкпесінің ауа сыйымдылығы


Балалар Жасы
6
1 44
5 26
15-20 20
20-25 18
25-30 16
30-35 18

Жасөспірімдердің жүрек-қан тамыры және орталық жүйке жүйесінің әлі
толық функционалдық жетілмегені, ол жүйелерді реттейтін, бағыттайтын әр
түрлі қызметтік мүмкіншіліктері толық іске қосылмағаны себепті,
балалардың ағзалары дене жүктемелеріне қалыптасу уақыты ұзағырақ болып
келеді. Жасөспірімдердің жүрек – қан тамыры жүйесі жүктеме кездерінде
экономикалық тиімді жұмыс істеуі өздерінен үлкен жастардағы жастарға
қарағанда төмен болып келеді. Жүректің функционалдық қызметінің жетілуі
20 жасқа келгенде толық аяқталады.
Жасөспірім кезеңде дене қасиеттері өздерінің жетілулерін ары қарай
жалғастыра береді. Бұл кезең дененің қозғалыс қасиеттерінің жақсы даму
кезеңі болып келеді. Негізгі дене қасиетерінің орта сынып жастары
кезеңінде даму мүмкіншіліктерін (Ж.К. Холодов, В. С. Кузнецов, 2003) 4
кестеде беріп отырмыз.

4-кесте – Орта мектеп жасындағы оқушылардың дене қасиеттерінің өсу
қарқыны ( %)

Дене қасиеттері Бір жылдағы орташа Жалпы
дамуы дамуы
ұлдар қыздар ұлдар қыздар
Жылдамдық 3,9 2,9 15,4 11,5
Күш 15,8 18,4 79,0 92,0
Жалпы төзімділік 3,3 2,1 13,0 8,4
Жылдамдық 4,1 1,0 16,4 4,0
төзімділігі
Күш төзімділігі 9,4 3,3 37,5 13,1

Орта сыныптар жасындағы оқушылардың кеңістікте үйлесімді, епті
қозғалу қабілеттіліктері жақсы дамиды. Ол қасиеттер: кіші доптарды
дәлдікке лақтырулар, доптарды, гранаталарды алысқа лақтырулар спорттық,
қозғалмалы ойындардағы әрекеттер, 10 метрге 3 рет қайта жүгірулер т.с.с.
әрекеттер кездерінде дамиды. Сонымен қатар осы жас кезінде күш, күш-
жылдамдығы қасиеттері, бірқалыпты жылдамдық және төзімділік қасиеттері
жақсы дамиды. Икемділік қасиетінің дамуы аз байқалады.

2.3. Дене тәрбиесі әдістемесінің ерекшеліктері

Орта мектеп жасындағы оқушылармен дене тәрбиесі сабақтарын жүргізу
әдістемесі негізгі базалық спорт түрлерінің (жеңіл атлетика, гимнастика,
спорттық ойындар, шаңғы спорты, суда жүзу) жаттығуларын тереңдете үйрету,
жетілдіруге бағытталған.
Орта сыныптарда оқушылардың жеке қасиеттері айқындала бастайды.
Олардың дене қасиеттерінің даму деңгейлері, қимыл-қозғалыс
мүмкіншіліктері, психикалық қалыптары мен қасиеттері, ағзаларының
физиологиялық даму деңгейлері әр түрлі болып келеді. Дене тәрбиесі
мұғалімі, спорт бапкері осы ерекшеліктерді жақсы білуі, балалардың
бойынан осы қасиеттерді көре, тани білулері қажет. Өздерінің сабақ,
жаттықтырулар жүргізу барысындағы жаттығулар техникасын үйрету, жетілдіру,
дене қасиеттерін дамыту кездерінде осы ерекшеліктерді ескере жұмыс
жүргізу керек. Әсіресе, дене дайындығы жоғары және төмен оқушылармен
жұмыс жүргізгенде жекелілік, даралық әдістерді, қағидаларды қолдану қажет
болады. Оларға сабақ кездерінде жеке тапсырмалар беру, үй тапсырмаларын
бергенде ерекшеліктерін ескеріп, басқадай тапсырмалар беру секілді
жұмыстарды дене тәрбиесі мұғалімдері ескерсе дұрыс болады.
Орта мектеп жасындағы оқушылармен жұмыс жүргізудің тағы бір
әдістемелік ерекшелігі – олардың жыныс ерекшеліктерін ескеру. Қазіргі
кезде ол ерекшеліктерге өте жоғары деңгейде мән берілуде. Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 21 маусым 2002 жылғы № 506
бұйрығында: 5-сыныптан бастап дене тәрбиесі сабақтары қыздар мен ұлдар
арасында бөлек жүргізілуі керек, - деп жазылған министрліктің осы
бұйрығы жалғасын тауып, жергілікті және ауылдық жерлердегі мектептердің
спорттық базалары жақсарып, құрал-жабдықтары көбейіп, жыныс ерекшеліктері
ескеріліп, дене тәрбиесі сабақтары ұлдар мен қыздар арасында бөлек
жүргізіліп жатса өте дұрыс болар еді.

3. Жоғары сынып оқушыларының дене тәрбиесі

3.1. Жоғары сынып оқушылары дене тәрбиесінің міндеттері

Жоғары сынып оқушылары қатарына 9-11 сыныптарда оқитын 16-18
жастағы оқушылар жатады. Осы жастағы оқушылардың дене тәрбиесі міндеттері
төмендегідей:
- денені мақсатты түрде жан-жақты, үйлесімді дамыту; дене тәрбиесі
жаттығуларын, гигиеналық және сыртқы орта әсерлерін денсаулықты
нығайтуға қолдану іскерлігін, қобалжуға (стресс) қарсылық мүмкіншіліктерін
қалыптастыру; жоғары денсаулық деңгейінің, жан-жақты дене дайындығының
қазіргі қоғамға да, өзі үшін де қажет екенін саналарында қалыптастыру;
- негізгі базалық спорт түрлері (жеңіл атлетика, гимнастика,
спорттық ойындар, шаңғы спорты, суда жүзу) жаттығуларын ары қарай үйрену,
жетілдіру, жоғары қимыл ептілігіне дейін меңгеру;
- дене қасиеттерін, күшті, күш-жылдамдығын, төзімділікті,
икемділікті, қозғалыс әрекеттерін тез басқара, құра алу ептілігін, ағзаның
тез қалпына келе алу қабілеттілігін т.б. қасиет, қабілеттерді ары қарай
дамыту;
- қозғалыс белсенділігінің, спорттық жаттығудың заңдылықтары
туралы, дене тәрбиесі жаттығуларының келешек өмірлеріндегі еңбек
етулеріне, әскер қатарында болатын кездеріндегі, ата-ана қызметтерін
орындайтын кездеріндегі маңызы туралы, білім негіздерін қалыптастыру;
- дене тәрбиесі жаттығуларымен, өздерінің айналысып жүрген спорт
түрлерімен тұрақты, жүйелі жаттығу әдеттері мен дағдыларын қалыптастыру;
бекіту;
- өнегелік, көпшілдік, өмірге дұрыс көзқарас, өзін-өзі бағалай білу
қасиеттерін қалыптастыру, алдыға қойған мақсатқа ұмтылушылық, өзіне
сенімділік, шыдамдылық, ұстамдылық, сабырлылық қасиеттерін дамыту;
- тұлға ретінде психикалық және өзіндік қасиеттерін ары қарай
дамытуға көмектесу, психикалық өзін-өзі реттеу негіздеріне үйрету.
3.2. Жоғары сынып оқушылары дене дамуының
ерекшеліктері

Жоғары сынып жасындағы оқушылардың денесінің өсуі мен даму үрдісі
біртіндеп ары қарай жалғаса береді. Оқушы ағзасының мүшелері мен
жүйелері бірқалыпты жағдайда дамиды. Жыныстық жетілу осы кезеңде толық
аяқталады. Осы жас кезеңінде бойдың өсуі ақырындап, кеуденің кеңдігі,
дене салмағы көбірек өсе бастайды. Жасөспірім ұл балалар қыздарды бой
және дене салмағы жағынан қуып жетіп асып кетеді. Олардың бойлары
қыздардан 10-12 см биік, салмақтары 5-8 кг артық болады. Олардың жалпы
дене көлемімен салыстырғандағы бұлшық ет көлемі қыздардікіне қарағанда 13
% көп, ал тері астындағы май ткані 10% аз болады. Жасөспірім ұлдардың
қыздарға қарағанда кеуделері қысқа, ал аяқ-қолдары ұзын болып келеді.
Жоғарғы сынып оқушыларының негізгі сүйектері өздерінің өсіп болу,
қатаю кезеңдеріне жете бастайды. Атап айтқанда, жауырын сүйектері
жігіттерде 19-20 жаста, қыздарда 18 жаста, тоқпан жілік немесе иық
сүйектері 20-25 жаста қатаяды. Кәрі жіліктің қатаюы 20-25 жаста
жігіттерде, 17-20 жаста қыздарда аяқталады. Шынтақ сүйегінің өсуі
жігіттерде 18-20 жаста аяқталады, бойжеткендерде сәл ерте қатаяды.
Білезік сүйектерінің қатаюы 14-16 жаста, саусақ сүйектері 16-18 жаста
қатып, аяқталады. Жамбас белдеуінің сүйектері: ортан жілік 18-20 жаста
өсуін тоқтатады, асықты жілік пен оның шыбығының сүйектері қыздарда 16-
18, жігіттерде 19-20 жасқа дейін өсіп, одан әрі қарай өсуін тоқтатады.
Табан сүйектерінің: өкше, бақайшақ және аяқ саусақтарының өсуі
бойжеткендерде 16-18, жігіттерде 18-20 жасқа дейін байқалады. Табан
күмбезі 13-17 жасқа дейін қалыптасады. Сондықтан да бойжеткендерге 17-18
жасқа дейін биік өкшелі аяқ киімді киюге болмайды. Себебі ондай аяқ
киімдер табан күмбезінің дұрыс қалыптаспауына байланысты аяқты тез
шаршатады. Балалар мен жастардың аяқ киімдерінің өкшесі 1,5-2 см
болғанда табан күмбезі жақсы болып, табан еттері мен сіңірлері жақсы
дамиды. Осы кезеңде сүйектері қатайған жастар ағзасы үлкен жүктемелерді
төзімді қабылдайды.
Сүйек аппаратының бекуі бұлшық ет, сіңір дамуымен қатар жүреді.
Бұлшық еттер тез, біркелкі дамиды. Жастардың бұлшық еттерінің көлемі,
күштері өседі. Осы кезең – жастардың бұлшық еттерінің күші мен
төзімділігін дамытуға тиімді уақыт.
Жігіттермен салыстырғанда қыздардың иық белдеуі бұлшық еттері
аздап, жамбас бұлшық еттері жылдам қарқында дами бастайды. Кеуде клеткасы,
жүрек, өкпе, өкпенің ауа сыйымдылығы, тыныс алу бұлшық еттерінің күші,
ауаны қабылдау көлемі де қыздарда жігіттерге қарағанда аз болып келеді.
Сондықтан да қыздардың қан айналу және тыныс алу органдарының
функционалдық мүмкіншіліктері төмен болады.
Жігіттердің жүректерінің көлемі қыздарға қарағанда 10-15 %-ға
үлкен, жүрек соғу жиілігі 6-8 соғу минут аз, жүректің жиырылу күші
күшті болып келеді де, қан тамырларына көп қан мөлшерін жібереді.
Сондықтан да жігіттердің қан қысымдары қыздарға қарағанда жоғары болады.
Қыздар жігіттерге қарағанда терең дем алмайды, жиі дем алады. Олардың
өкпелерінің ауа сыйымдылығы жігіттерге қарағанда 100 см аз болып келеді.
15-17 жас кездерінде оқушылардың сыртқы ортаны танулары толық
қалыптасады. Ойлау қызметтері жоғары деңгейге көтеріледі. Олардың
қозғалыс құрылымын түсіну қабілеттілігі жоғарылайды. Кеңістіктің, уақыттық
қимыл- әрекеттерді жекелей ұғыну, дәл қайталау, бүкіл қозғалысты тұтас
орындау мүмкіншілігі қалыптасады.
Жоғары сынып оқушыларының алға қойған мақсаттарға жетуге
ұмтылушылығы, қажырлылығы, шаршаған, болдырған кездерде шыдау
қабілеттіліктері секілді ерік-жігер қасиеттері пайда бола бастайды. Бірақ
олардың басқа мектеп жасындағы оқушыларға қарағанда дене қасиеттерінің
даму пайыздары азырақ болады. (5-кесте).

5-кесте – Жоғары мектеп жасындағы оқушылардың дене қасиеттерінің өсу
қарқыны (%)
Дене қуаты Жылдық Жалпы
орташа дамуы дамуы
Қасиеттері
қыздар қыздар
жігіттер жігіттер
Жылдамдық 1,5 0,2 3,1 0,5
Күш 14,0 9,0 28,0 18,0
Жалпы төзімділік 2,1 0,7 6,4 2,1
Жылдамдық 2,1 -0,6 6,3 -1,8
төзімділігі
Күш төзімділігі 8,5 -2,0 26,7 -6,0

3.3. Дене тәрбиесі әдістемесінің ерекшеліктері

Жоғары мектеп жасында дене тәрбиесі сабақтары қыздар мен жас
жігіттер арасында бөлек жүргізіледі. Олардың ағзаларының анатомиялық,
физиологиялық және психологиялық өзгешеліктері, ерекшеліктері дене
тәрбиесі жаттығуларын үйрету, дене қасиеттерін дамыту амалдары мен
әдістерін әр түрлі түрде таңдауды, жүктемені әр түрлі беруді, сабақты
бөлек ұйымдастыруды талап етеді.
Қыздарға қарағанда жасөспірім жігіттердің жүктеме көлемі мен
қарқынын ұзақ, жоғары деңгейде орындауларының функционалдық
мүмкіншіліктері көп. Олар үлкен жүктемелерді жүрек соғу жиілігі аз, қан
қысымы жоғары жағдайда орындайды. Осы жүктемелерден кейінгі ағзаның
қалпына келуі қыздарға қарағанда жас жігіттерде аз уақыт алады.
Жоғары мектеп жасындағы оқушыларға сабақ бергенде ең алдымен
күш, күш-жылдамдығы жаттығуларына, күш төзімділігіне, аэробты
төзімділікке көп көңіл аудару қажет. Қимыл үйлесімділігі қабілеттілігін
дамыту жаттығуларының арасынан қимыл-әрекетті тез, басқаша құра алу, тепе
-теңдікті ұстап, бұлшық еттерді босаңсыта білу жаттығуларына назар
аударса дұрыс болады.
Жоғары сынып жасындағы оқушылармен өткізілетін дене тәрбиесі
сабақтары көбінесе жаттықтыру түрінде жүргізіледі. Жаттығуларды ойын
әдісімен орындаулар азайтылып, сабақтарда көбінесе жарыс әдістері
қолданылады.
Осы жас кезеңінде олардың дене құрылымдарын, дене және техникалық
дайындықтарын ескеріп, жеке тапсырма беру әдістерін көбірек қолданамыз.
Қосымша жаттығулар беру арқылы олардың жаттығулар техникасын тез
меңгерулеріне, дене қасиеттерін дұрыс деңгейде дамытуларына көмектесеміз.
Мектеп бағдарламасындағы оқу материалдарын үйрену және меңгеру
дұрыс ойластырылып, сабақтар бір-біріне байланысты, сабақтасты болып
жүргізілуі қажет.

4. Әр түрлі мектептердегі дене тәрбиесі
4.1. Аз комплектілі ауыл мектептеріндегі дене тәрбиесі

Ауыл мектептерінде қазіргі кезде бала саны азайып кеткеніне
байланысты аз комплектілі мектептер көбейіп кетті. Бала саны азаюын
ауылдық жерлерде бір отбасының өзінде бала санының азайып екі-үш баладан
ғана болуы және ауыл адамдарының нарық экономикасына байланысты аудан
орталықтарына, қалаға көшулері деп түсіндіруге болады. Аз комплектілі
мектептер дегеніміз -сыныптардағы бала саны толмауы, аз болуы. Сондықтан
мектеп басшылары сыныптарды екі-екіден, кейде үш-үштен қосып оқытады. Олар
бір кешенді, екі кешенді деп аталады. Бір кешенді кезінде бір мұғалім үш
сынып оқушыларын, екі кешенді кезінде екі мұғалім үш сынып оқушыларын
қосып оқытады.
Дене тәрбиесі сабағына байланысты ерекшеліктер:
1.Спорт зал болмауы мүмкін, онда сабақтар көбіне таза ауада мектеп
ауласында өткізіледі.
2.Сабақтарды ұйымдастыру күрделілігінде. Сабақтар аралас түрлерде,
көбінесе ойын түрінде жүргізіледі. Дене тәрбиесі сабақтарын ұйымдастыру
кездерінде бұрыннан қолданып келген әдістер, көбінесе айналмалы,
топтық, жеке дербес тапсырма беру әдістері қолданылады. Мысалы: дене
деңгейіне байланысты бөліп жаттықтырғанда, кіші шеңберде әлсіз оқушылар,
үлкен шеңберде күшті, мықты оқушылар жасайды. Сапта оң жақ қатарда үлкен
сынып, одан кейін төменгі сынып оқушылары тұрғызылады. Кіріспе бөлімінде
жалпы бой қыздыру жаттығулары бірге жүргізіледі. Негізгі бөлімде сыныптар
бойынша топтарға бөлініп, оларға мектеп бағдарламасындағы материалдар
бойынша спорт түрлері, жаттығулары беріледі. Мұғалім барлық топтарға
барып қателерін түзеп, әдістемелік нұсқаулар беріп отырады.
Сабақтан тыс уақыттарда сынып, мектеп спорт белсенділерін, мұғалім
көмекшілерін дайындауға күш салу керек. Дене тәрбиесі үйірмесінің
сабақтары жетісіне 3 рет бір сағаттан өткізіледі. Үйірме сабақтары
оқушылар оқу бағдарламасындағы спорт түрлерінің негізгі жаттығуларының
техникасын жетілдіру, дене дайындығының деңгейін жоғарылату және сынақ
жаттығуларын орындауға дайындайды. Басқа барлық жұмыстар дене тәрбиесі
мұғалімінің тапқырлығымен, білімділігімен, біліктілігімен, ұйымдастыру
белсенділігі және шеберлігімен үлкен мектептердегі жұмыстарға ұқсас
жүргізіле береді.

4.2. Мектеп-интернаттағы дене тәрбиесі

Мектеп-интернаттарда оқушылар интернат жатақханасында тұрып оқиды,
үйлеріне, ата-аналарына демалыс кездерінде ғана барады. Қалалық
интернаттарда оқитын оқушылар апта бойы жатақханада тұрып, оқу оқып, сенбі
күні түстен кейін дүйсенбіге дейін үйлеріне ата-аналарына қайтарылады.
Осындай интернат жағдайларындағы оқушылар оқу сабақтары кезінде, сабаққа
дайындық, дайындықтан бос уақыттарында күні бойы мұғалім мен
тәрбиешілердің бақылауында болады.
Дене тәрбиесі сабағы Білім және ғылым министрлігі бекіткен
бағдарлама бойынша жалпы білім беретін мектептердегідей өткізіледі.
Сыныптан тыс жұмыстарға, спорт түрлерінен секцияларға, жалпы дене
дайындығы топтарына мүмкіншілік болғанынша барлық оқушылар түгелдей
қатысуы тиіс. Бұл шаралардан тек қана дене тәрбиесі сабағынан босатылған
және арнайы дәрігерлік топқа жатқызылған оқушылар ғана босатылады.
Мектеп – интернаттарда күн тәртібі өте қатаң орындалады. Күн
тәртібінде міндетті түрде таңғы гигиеналық гимнастика, сергектік сәттері,
денсаулық сағаттары, ұзақ үзіліс кезіндегі қозғалмалы ойындар мен дене
тәрбиесі жаттығулары және спорт түрлерінен секциядағы жаттықтырулар
орындалу қажет. Спортты насихаттау үшін дәрістер, әңгімелер, сынып
сағатары, диспуттар, спорт мерекелері, спорт кештері өткізіліп тұру к

5. ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕРДЕГІ
ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖҰМЫСТАРЫН ЖОСПАРЛАУ

5.1. Жоспарлау жұмыстарын ұйымдастыру

Жас ұрпақтың жалпы дене қуатын дамыту үшін, үлкен өмірге, еңбек
етуге, Отан қорғауға дайындау үшін, олардың мектепте оқыған кезеңдерінде
мынандай негізгі міндеттерді орындауымыз керек:
- денсаулықтарын нығайту, мүсін түзулігін қалыптастыру, ағзаларын
дамыту және шынықтыру;
- негізгі қозғалыс ептілігі мен дағдысын қалыптастыру, оларды әр
түрлі өмір жағдайында қолдана білу шеберлігіне үйрету;
- жігер-күш, дене қасиеттерін дамыту, жеке және қоғамдық гигиена
дағдыларына үйрету.
Барлық міндеттерді орындаудың негізгі амалы - дене тәрбиесі
жаттығулары мен теориялық білім. Ол амалдар дене тәрбиесі сабағында, оқу
күні ішіндегі дене тәрбиесі-сауықтыру шараларында (сабаққа дейінгі
гимнастика,ұзақ үзілістердегі қозғалмалы ойындар мен дене жаттығулары,
сергектік сәттер) және сабақтан тыс уақыттардағы сыныптан тыс жұмыстар
кезінде орындалады.
Дене тәрбиесі үрдісі күрделі, әр жақты және мектептің басқа оқу-
тәрбие жұмыстарымен өте тығыз байланысты болғандықтан, ол терең ой-
толғаныстарын, көлемді білімділікті керек етеді. Дене тәрбиесі міндеттерін
дұрыс түсінген мұғалім жеке оқушылардың таңдап алған спорт түрлерінен
жоғарғы жетістіктерге жетуін ғана емес, барлық оқушылардың денсаулықтарын
нығайту, қозғалыс ептілігі мен дағдыларын қалыптастыру арқылы оларды үлкен
өмірге дайындайды.Мұғалім оқушыларды дене жаттығуларымен тұрақты, жүйелі
шұғылдануға үйретеді.
Осы барлық міндеттерді дұрыс бағалау, ұйымдастыру, орындау үшін
мақсатты түрде жақсы, шебер жоспарлай білу қажет. Дұрыс ойластырылған
барлық жұмыстар келісілген жоспар, жүйелі, тиянақты жұмыс тудырады.
Жалпы білім беретін мектептердегі жоспарлау құжаттары: жалпы дене
тәрбиесі және спорт жұмыстары жоспары және дене тәрбиесі сабақтарының
жоспары деп екіге бөлінеді.

5.2 Дене тәрбиесі және спорт жұмыстарының
жалпы жылдық жоспары

Оны дене тәрбиесі мұғалімі оқу жылының басталуына дейін құрастырады.
Жалпы жылдық жоспар мынандай бөлімдерге бөлінеді:
1. Ұйымдастыру жұмыстары.
2. Оқу жұмыстары.
3. Күн тәртібіндегі дене тәрбиесі - сауықтыру шаралары.
4. Сабақтан тыс уақыттардағы спорттық - көпшілік жұмыстары.
5. Үгіт-насихат жұмыстары.
6. Дәрігерлік бақылау және тазалықты тексерулер.
7. Шаруашылық жұмыстары.

6-кесте

№ Негізгі бөлімдер, бөлімдердің Орындауға жауапты
рсжұмыс мазмұны Орындау
уақыты
1. ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ
1 Дене тәрбиесінің жоспарлау
құжаттарын
жасау және бекіту: Тамыз ДТ мұғалімі
- жалпы жылдық жоспар;
- тоқсандық жоспар кестелері;
- жылдық спорттық шаралардың
күнтізбе жоспары
2 Мұғалімдер кеңесінде сабаққа
дейінгі гимнастика, сергектік Тамыз Әкімшілік,
сәттер, ДТ мұғалімі
үзіліс кезіндегі қозғалыс
ойындарын
өткізуді ақылдасу
3Бастауыш сынып мұғалімдері мен
күн тәртібіндегі сауықтыру
шаралары, сыныптан тыс жұмыстарды Тамыз ДТ мұғалімі
ұйымдастыру туралы семинар өткізу
4Әрбір сыныпқа сабаққа дейінгі
гимнастика, үзіліс кезінде Қыркүйек ДТ мұғалімі
қозғалмалы
ойындар өткізу орындарын бөліп
беру
5Сыныптарда сабаққа дейінгі
гимнастика, 10 қыркүйеккеСынып жетекшілері
үзіліс кезінде қозғалмалы ойындар дейін
өткізу тәртібі туралы әңгіме
өткізу
6 Спорт түрлерінен жаттықтыру 10 ДТ мұғалімі
кестесін жасау қыркүйекке
дейін
2. ОҚУ ЖҰМЫСТАРЫ
1 Дене тәрбиесі сабақтарын жүргізу Тұрақты ДТ мұғалімі
2Ашық сабақтар, семинарлар өткізу, Жыл бойы, ДТ мұғалімі
әдістемелік бөлме ұйымдастыру, тұрақты
ата-аналарға арнап ашық сабақтар
өткізу
3. ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ - САУЫҚТЫРУ
ШАРАЛАРЫ
1 Сабаққа дейінгі гимнастиканы Күнделікті Ұйымдастырушы
өткізу нұсқаушылар
2 Ұзақ үзіліс кезінде қозғалмалы
ойындар Күнделікті Ұйымдастырушы
мен дене тәрбиесі жаттығуларын нұсқаушылар
өткізу
31-11 сыныптардың жалпы білім беру
сабақтарында сергектік сәттерін Күнделікті Мұғалімдер,
өткізу нұсқаушылар
4Ұзартылған күн топтарында Тәрбиешілер
жаттығулар Күнделікті
мен ойындар өткізу
4 САБАҚТАН ТЫС СПОРТ-КӨПШІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ
1 Оқу жылының басталуына арналған Әкімшілік
дене тәрбиесі мейрамын өткізу Қыркүйек ДТ мұғалімі
2 Спорт секцияларындағы, Жыл бойы ДТ мұғалімі
үйірмелердегі жұмыстарды жүргізу
3 Мектеп Спартакиадасын өткізу Сәуір Әкімшілік, ДТ мұғалімі
4 Аудандық жарыстарға қатысу Жоспармен ДТ мұғалімі
5 Спорттық жорықтар өткізу Маусым Әкімшілік,ДТ мұғ.
6 Президенттік сынама жарыстарына Жыл бойы Әкімшілік, ДТ мұғ.
дайындық және өткізу
5. ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ
1 Дене тәрбиесі бұрышы, сыйлықтар
мен марапат қағаздар, жоғары Қыркүйек ДТ мұғалімі
көрсеткіштер, Мектепетің
үздік спортшылары көрмелері
2Спорттық кештер, спорттық
көңілді тапқыштар, Қараша Әкімшілік, ДТ мұғалімі
спорттық білгіштер Мамыр
сайыстарын өткізу
6. ДӘРІГЕРЛІК БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ТАЗАЛЫҚ ТЕКСЕРУЛЕР:
1Оқушыларды дәрігерлік тексеруден Дәрігер, әкімшілік,
өткізу, дәрігерлік топтарға бөлу Қыркүйек ДТ мұғалімі
2Арнайы дәрігерлік топтың Ай сайын Дәрігер
денсаулығын бақылау
3Оқушыларды қорытынды дәрігерлік Мамыр Дәрігер,әкімшілік,
қараудан өткізу ДТ мұғалімі
7. ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ
1Спорттық құрал-жабдықтарды жөндеу Жыл бойы ДТ мұғалімі
2Көрнекі құралдар дайындау Жыл бойы ДТ мұғалімі

Осы дене тәрбиесі және спорттық жұмыстардың жылдық жоспарын жалпы
білім беру мектептеріндегі дене тәрбиесі ұжымының төрағасы мектеп
директоры бекітіп, оның жұмыстарын ұжым кеңесі, барлық ұжым мүшелері
біріге, жұмыла орындаулары керек.

5.3. Мектептің дене тәрбиесі ұжымы

5.3.1. Дене тәрбиесі ұжымы жұмысының мазмұны және
оны ұйымдастыру

Бұрынғы кеңес заманында да, қазіргі егеменді ел, нарық экономикасы
заманында да жалпы білім беру мектептерінде дене тәрбиесі ұжымдары жұмыс
істеді, әлі де істеп жатыр. Дене тәрбиесі ұжымының мүшелері – мектеп
мұғалімдері мен оқушылар. Дене тәрбиесі жұмыстарын ұжым мүшелері сайлаған
кеңес басқарады. Ұжым кеңесінің төрағасы – мектеп директоры. Ұжымның
барлық жұмыстарын белгілейтін, ұйытқы болатын, жүргізетін – дене тәрбиесі
мұғалімдері.
Осы жерде заңды бір сұрақ тууы мүмкін. Неге дене мәдениетіне, дене
тәрбиесі мен спортқа осынша мән беріледі? Неге мектепте математика, тарих
ұжымдары жоқ? Бұл мәселенің маңыздылығы, денсаулыққа байланыстылығынан.
Басты байлық – денсаулық, Тәні саудың-жаны сау дейді дана халқымыз.
Дене тәрбиесі мен спорттың негізгі міндеті адамдардың денсаулығын нығайту
болып табылады. Мектептің дене тәрбиесі ұжымының негізгі міндеті дене
тәрбиесі мен спорттық жаттықтыру сабақтарына, жарыс, жорық, саяхаттарға,
дене тәрбиесі-сауықтыру шараларына мұғалімдер мен оқушыларды көбірек
қатыстыру. Оларды тұрақты дене жаттығуларымен айналысуға тарту.Тұрақты
жаттығулар арқылы олардың денсаулық деңгейлерін жоғарылату Шығыс ғалымы
Ибн Сина: Тұрақты, жүйелі дене жаттығуларымен шұғылданған адам ауруды
құртуға бағытталған ешқандай емдеуді қажет етпейді, -деген.
Дене тәрбиесі ұжымының денсаулықтан кейінгі екінші қажеттілігі
жарыстарға қатысу мүмкіншіліктеріне байланысты. Өйткені мектеп
жұмыстарының ең маңызды бір көрсеткіші – спорттық жарыстарда мектеп құрама
командасының спорт түрлерінен мектептер арасындағы аудан, қала
жарыстарында жүлделі орындар алуы. Жүлделі орындар алу үшін, мектеп ұжымы
директордан бастап оқушыға дейін жұмыла тер төге жұмыс істеуі керек. Осы
көрсетілген екі негізгі міндеттердің өзі дене тәрбиесі ұжымының
маңыздылығын, жұмыс ауқымының кең екенін көрсетеді.
Дене тәрбиесі ұжымы ең алдымен өзінің жылдық, тоқсандық жұмыс
жоспарларын дұрыс ойластырып, құрастыруы қажет. Әрбір ай сайын өткізілетін
ұжым кеңесінің отырыстарында осы жоспарлар, олардың орындалуы, адамдардың
жауапкершіліктері қатаң бақылануы, жұмыстары дұрыс бағалануы керек.
Мектептің дене тәрбиесі ұжымының барлық құжаттарын дайындайтын дене
тәрбиесі мұғалімі сауатты, білікті маман болуы қажет. Дене тәрбиесі
мұғалімі дене тәрбиесі ұжымының барлық жұмыстарын жақсы білуі, құжаттарын
сауатты дұрыс жүргізуі қажет. Сонда ғана мектептің дене тәрбиесі ұжымы
жұмыс істейді, барлық мектеп мұғалімдері, оқушылар бұл жұмыстарға жұмыла
атсалысады.
Дене тәрбиесі ұжымының жалпы жиналысында мұғалімдер мен оқушылардың
арасынан дене тәрбиесі мен спортқа қатысы бар, белсенді адамдар кеңес
мүшелері болып сайланады. Кеңес құрамы – 7-10 адам. Кеңес мүшелері
арасынан төраға, төрағаның орынбасары, хатшы сайланады. Дене тәрбиесі
кеңесі жанынан бұқаралық дене тәрбиесі, спорт шаралары, дене тәрбиесі
белсенділерін дайындау, насихаттау және шаруашылық жұмыстарының
комиссиялары құралады. Комиссия жұмысын басқару кеңес мүшелеріне
жүктеледі.
Бұқаралық дене тәрбиесі комиссиясы. Бұқаралық дене тәрбиесі
комиссиясы күн тәртібі ішіндегі сауықтыру шараларын (сабаққа дейінгі
гимнастика, сергектік сәттері, ұзақ үзілістегі қозғалмалы ойындар мен
дене жаттығулары), ұзартылған күн топтарындағы дене тәрбиесі сабақтарын,
Президенттік сынама сынақтарын, Президенттік көпсайыс жарыстарын өткізу,
дайындау жұмыстарына жауапты.
Спорт шаралары комиссиясы. Спорт шаралары комиссиясы мектепішілік
жарыстарды ұйымдастыру, дене тәрбиесі мұғалімдеріне спорт секцияларындағы
жаттығуларды жүргізуге көмектесу, аудандық, қалалық жарыстарға қатысатын
сынып және мектеп құрама командаларын іріктеу, жоғары көрсеткіштер
көрсеткен спортшылар кітабын, спорттық классификация нормаларын орындаған
оқушыларды есепке алу құжаттарын толтыру жұмыстарына жауап береді.
Дене тәрбиесі белсенділерін дайындау комиссиясы. Дене тәрбиесі
белсенділерін дайындау комиссиясы мектепте және тұрғылықты жерлерде
оқушылармен сауықтыру-дене тәрбиесі, спорттық шаралар жұмыстарын
ұйымдастыруға, қоғамдық спорт нұсқаушыларын, спорт төрешілерін, спорт
ұйымдастырушыларын дайындау және бағыттау жұмыстарын жүргізеді.
Дене тәрбиесін, спортты, туризмді насихаттау комиссиясы. Дене
тәрбиесін, спортты, туризмді насихаттау комиссиясының жұмыстары: спорт
мерекелерін, қабырға газеттерін, қабырға стендтерін, мектеп радиосын,
мектептегі әр түрлі көпшілік шаралар кезінде спортшылар көрсетілімдерін
ұйымдастыру (спортшылар көрсетілімдері-әр түрлі спорт түрлерінен жоғары
дәрежелі спортшылар ел алдына шығып жарыс жаттығуларын көрсетеді. Ол өте
әсерлі, ширақ, әдемі қимыл-қозғалыс түрінде жүргізілуі керек). Комиссия
әр түрлі көрнекі материалдар жинау арқылы мектептің дене тәрбиесі
бұрышын жасайды, спорт, сауықтыру дене тәрбиесі және салауатты өмір
салты туралы лекциялар, әңгімелер өткізеді.
Шаруашылық жұмыстар комиссиясы. Шаруашылық жұмыстар комиссиясы спорт
алаңдарын, стадиондарын салу, безендіру, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Арнаулы оқу орындары студенттерінің дене тәрбиесі
Заманауи спорт ғимараттары
ҚР дене тәрбиесі мен спорттың дамуын жоспарлау
Дене мәдениеті және спорттың теориясы мен әдістемесі
Дене тәрбиесі дайындығы
ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ ЖҮЙЕСІ ТУРАЛЫ
Дене тәрбиесінің теориялық негіздері
Мектепке дейінгі дене әдістемесінің мақсаты мен міндеттері
Жетілуші ағзаға спорттың әсері
МЕКТЕПТЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ САБАҒЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ
Пәндер