Моғолстан мемлекетінің құрылуы
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І тарау. Моғолстан мемлекетінің құрылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.1. Аумағы мен халқы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.2. Алғашқы моғол хандары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
ІІ тарау. Моғолстан мемлекетінің саяси тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
2.1. Моғолстанның ішкі . сыртқы жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
2.2. Моғолстан Темірдің басып кіру қарсаңында ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
2.3. ХҮ ғасырдың бірінші жартысындағы Моғолстан ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
2.4. Моғолстанның ыдырауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
ІІІ Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
ІҮ Сілтемелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
Ү Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23

Кіріспе
ТАҚЫРЫПТЫҢ ӨЗЕКТІЛІГІ. Моғолстанның құрылуына Шағатай мемлекетінің ыдырауы бастау болды. ХІҮ ғасырдың орта шенінде Шағатай ұлысы екіге бөлініп, оның шығыс бөлігінде Моғолстан хандығы, ал батыстағы Мәуереннахрда Әмір Темір мемлекеті құрылды.Моғолстан мемлекетінің астанасы Іле өңіріндегі Алмалық қаласы болды.Моғолстан хандығы кезінде ғылым мен мәдениет барынша дамып, өркен жайды.Моғолстан Қазақ хандығының және қазақтың өз алдына жеке халық болып қалыптасуына аумақтық тірек, саяси – экономикалық негіз болғандығы бұл жұмыстың өзекті мәселесі болып табылады.
ЗЕРТТЕЛУ ДӘРЕЖЕСІ. Жұмыс үш бөлімнен: кіріспе, негізгі бөлім және қорытындыдан тұрады. Негізгі бөлім екі тарауға бөлінген.
Бірінші тараудың бірінші мәселесі: «Аумағы мен халқы» деп аталады. Бұл тарауда Моғолстан мемлекетінің негізгі халқы мен шекарасын қамтиды.
Бірінші тараудың екінші мәселесі: «Алғашқы моғол хандары» деп аталады.Мұнда Моғолстанның алғашқы хандарының Шағатай ұрпағы мемлекетін қалпына келтіру жолында жасаған әрекеттері жайында мәселелер қамтылады.
Екінші тарау дың бірінші мәселесі: «Моғолстанның ішкі – сыртқы жағдайы» деп аталады. Бұл тарауда Моғолстан мемлекетіндегі биліктің басқарылуы жайында мәселелер қамтылады.
Екінші тараудың екінші мәселесі: «Моғолстан Темірдің басып кіру қарсаңында» деп аталады. Бұл тарауда Моғолстан мемлекетіндегі биліктің басқарылуы жайында жазылған.
Екінші тараудың үшінші мәселесі: «ХҮ ғасырдың бірінші жартысындағы Моғолстан»деп аталады. Бұл тарауда Моғолстанның жалпы саяси тарихы туралы мәселелер қамтылады.
МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТІ. ХҮІ ғасырдың басында Есенбұға қайтыс болғаннан кейін Моғолстанның хан тағына отырған Жүніс хан ұрпақтарының билікке таласқан тартыстарының нәтижесінде Моғолстан хандығы ыдырады.Жетісу мен Іле өзенінің бойын мекендеген үйсін, жалайыр, қаңлы, т.б қазақ тайпалары Жетісуда құрылған Қазақ хандығының құрамына біріккендігін көрсету осы жұмыстың мақсаты мен міндеті болып табылады.
ҚҰРЫЛЫМЫ: Жұмыстың құрылымы кіріспеден, ІІ –тарау, Бес бөлімнен және қорытынды мен сілтемелер, сонымен қатар пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
1. «Қазахстан тарихы» көне заманнан бүгінге дейін бес томдық «Атамұра» баспасы Алматы, 1998 жыл.
2. «Қаз ССР тарихы» көне заманнан бүгінгедейін бес томдық «Ғылым» баспасы Алматы, 1983 жыл.
3. Атабаев «Қазақстан тарихының лексиялар курсы» Алматы, 1991жыл.
4. Хамит Маданов «Қазақ халқының арғы –бергі тарихы» Алматы, 1998 жыл.
5. Рысбайұлы «Қазақстан Республикасының тарихы» Алматы, 1998 жыл.
6. Аманжолов К. «Қазақстан тарихы» Алматы 2005 жыл.
7. Артықбаева Р: « Қазақстан тарихы» Алматы 2005 жыл.
8. Маймақова С. « Қазақстан Республикасының са яси –құқықтық тарихы» Алматы 2004 жыл.
9. Қазақстан тарихы» 5 томдық. Алматы 2002 жыл.
10. Мусин Ч. « Қазақстан тарихы» Алматы 2005жыл.
11. «Қазақстан тарихы» 2005 жыл.
12. Қозыбев М. « Қазақстан тарихы» Алматы 2005 жыл.
13. Маданов Х. « Ұлы дала тарихы» Алматы 2004 жыл.

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І тарау. Моғолстан мемлекетінің
құрылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.1. Аумағы мен
халқы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 4
1.2. Алғашқы моғол
хандары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 6
ІІ тарау. Моғолстан мемлекетінің саяси
тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .8
2.1. Моғолстанның ішкі – сыртқы
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
2.2. Моғолстан Темірдің басып кіру
қарсаңында ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..11
2.3. ХҮ ғасырдың бірінші жартысындағы
Моғолстан ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..12
2.4. Моғолстанның
ыдырауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..17
ІІІ
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..21
ІҮ
Сілтемелер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..22
Ү Пайдаланған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..23
Кіріспе
ТАҚЫРЫПТЫҢ ӨЗЕКТІЛІГІ. Моғолстанның құрылуына Шағатай
мемлекетінің ыдырауы бастау болды. ХІҮ ғасырдың орта шенінде Шағатай
ұлысы екіге бөлініп, оның шығыс бөлігінде Моғолстан хандығы, ал
батыстағы Мәуереннахрда Әмір Темір мемлекеті құрылды.Моғолстан
мемлекетінің астанасы Іле өңіріндегі Алмалық қаласы болды.Моғолстан
хандығы кезінде ғылым мен мәдениет барынша дамып, өркен
жайды.Моғолстан Қазақ хандығының және қазақтың өз алдына жеке
халық болып қалыптасуына аумақтық тірек, саяси – экономикалық негіз
болғандығы бұл жұмыстың өзекті мәселесі болып табылады.
ЗЕРТТЕЛУ ДӘРЕЖЕСІ. Жұмыс үш бөлімнен: кіріспе, негізгі бөлім және
қорытындыдан тұрады. Негізгі бөлім екі тарауға бөлінген.
Бірінші тараудың бірінші мәселесі: Аумағы мен халқы деп аталады.
Бұл тарауда Моғолстан мемлекетінің негізгі халқы мен шекарасын
қамтиды.
Бірінші тараудың екінші мәселесі: Алғашқы моғол хандары деп
аталады.Мұнда Моғолстанның алғашқы хандарының Шағатай ұрпағы
мемлекетін қалпына келтіру жолында жасаған әрекеттері жайында
мәселелер қамтылады.
Екінші тарау дың бірінші мәселесі: Моғолстанның ішкі – сыртқы
жағдайы деп аталады. Бұл тарауда Моғолстан мемлекетіндегі биліктің
басқарылуы жайында мәселелер қамтылады.
Екінші тараудың екінші мәселесі: Моғолстан Темірдің басып кіру
қарсаңында деп аталады. Бұл тарауда Моғолстан мемлекетіндегі
биліктің басқарылуы жайында жазылған.
Екінші тараудың үшінші мәселесі: ХҮ ғасырдың бірінші жартысындағы
Моғолстандеп аталады. Бұл тарауда Моғолстанның жалпы саяси тарихы
туралы мәселелер қамтылады.
МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТІ. ХҮІ ғасырдың басында Есенбұға қайтыс болғаннан
кейін Моғолстанның хан тағына отырған Жүніс хан ұрпақтарының
билікке таласқан тартыстарының нәтижесінде Моғолстан хандығы
ыдырады.Жетісу мен Іле өзенінің бойын мекендеген үйсін, жалайыр, қаңлы,
т.б қазақ тайпалары Жетісуда құрылған Қазақ хандығының құрамына
біріккендігін көрсету осы жұмыстың мақсаты мен міндеті болып
табылады.
ҚҰРЫЛЫМЫ: Жұмыстың құрылымы кіріспеден, ІІ –тарау, Бес бөлімнен және
қорытынды мен сілтемелер, сонымен қатар пайдаланған әдебиеттер
тізімінен тұрады.
1.1. Аумағы мен халқы.
Жаңа мемлекет сол кезге дейін –ақ Шағатай ұрпағы
иеліктерінің шығыс бөлігінде қалыптасқан атпен, яғни Моғолстан (
Моғұлстан) деп атала бастады. Мырза Мұхаммед Хайдардың Тарихи
Рашидиіне сәйкес Моғолстанның шекарасы төмендегідей болды: ...қазіргі
Моғолстан деп аталатын аумақтың ұзындығы мен көлденеңі ( ұзақтығы)
7-8 айшылық жол. Шығыс шеті ( Моғолстанның ) қалмақтардың жерімен
шектеседі және Барыскөл, Емел және Ертісті [өзіне қосады].
Солтүстігінде оның шекарасы Көкшетеңіз ( Балқаш) Түркістанмен және
Ташкентпен шектеседі; оңтүстігінде Ферғана уәлаятымен, Қашғар, Ақсу,
Шалыш және Тұрфанмен шектеседі, яғни Моғолстанның едәуір бөлігі
Оңтүстік – Шығыс Қазақстан мен Қырғыз аумағынан құралған.1
[Оңтүстік шекараның] ұзындығы сауда керуенінің үш
айшылық жолына жетеді және тоқсан күншілік асуы бар. Бұдан
әрі Мұхаммед Хайдар былай деп жалғастырды: Моғолстанда көлемі
жағынан Жейхұнға ( Әмудария) тең көптеген ірі өзендер бар,
олардың ішінде Іле, Емел, Ертіс, Шұлық ( Шу) және Нарын бар.Бұл
өзендер Сейхұннан ( Сырдария) ещ кем емес.Осы өзендердің
басым көпшілігі Моғолстан мен Өзбекстан ( Шығыс Дешті Қыпшақ )
арасына орналасқан және оларды бөліп тұрған Көкшетеңіз көліне
құяды.2
Моғолстанның шекарасы тұрақты болған емес, оның бір
жарым ғасырлық өмір сүрген уақыты бойында өзгеріп отырды.
Алғашқы хан Тоғылық – Темір мемлекетінің құрамына Моғолстанның өзі
мен вассалдық иелік ретінде Шығыс Түркістанның бір бөлігі (дуғлат
әмірі Поладшының үлесі Маңлай Сүбе) кірді. Кейіннен Шығыс
Түркістан бірде Темір ұрпағының мемлекетіне кірсе, бірде қайтадан
Моғолстан билеушілерінің қол астына қарады; ХҮ ғасырдың 80- жылдарынан
бастап Моғолстан хандары иеліктерінің құрамына Ташкент пен
Сайрам енді, бірақ Жетісу кірмей қалды. ХҮІ ғасырдың басында
Моғолстанның ыдырауы кезіне қарай оның хандарының билігі тек
Қашқариямен ғана шектелген еді.
Тарихи – географиялық Моғолстан термині, мемлекеттің өзінің
аты сияқты, моғұл, моғол этнонимінен құрылған; монғол сөзі Орта
Азияда осылай жазылатын болған, сірә, айтылғанда да солай айтылса
керек. ХІҮ ғасырдың өзінде – ақ мұнда ауысқан монғол рулары мен
тайпалары жергілікті түрік халқымен сіңісіп кетті. Моғол
тайпалары деректемелерде түрік тайпалары ретінде, өзінің негізінде
шығуы жағынан автохтондық болып көрінеді. Оңтүстік - Шығыс
Қазақстанның негізгі халқы мұнда Моғолстанның кезінде түркі тілдес
болған.3
Моғолстан ортағасырлық авторлардың тарихи шығармаларында
мемлекеттің құрылу кезеңіне қарай моғол атты этникалық – саяси
біртұтастыққа бірігудің ұзақ арласу және сіңісу процесінен өткен
жергілікті түрік және түріктенген монғол тайпаларының мемлекеттік-
саяси бірлестігі ретінде көрінеді. Деректемелер моғолдарға түрік
атаулары да, монғол атаулары да бар ірі тайпаларды жатқызады, олар:
дуғлаттар ( дулаттар), қаңлылар (бекшіктер), керейіттер ( керейлер),
аргинуд (аргинут), баариндер, арлаттар, барластар, бұлғашылар және
басқалары. Кейбір тайпалардың аты (мәселен, үйсіндер) деректемелерге
енбеген, бірақ сол кезеңнің барлық әскери – саяси оқиғаларына
қарамастан, олардың мұнда одан әрі өмір сүргеніне ешбір күмән
жоқ.4
Орталық Азияның саяси картасында ХІҮ ғасырдың ортасында
Жетісуда орталығы бар Моғолстан мемлекетінің пайда болуы Шығыс
Дешті Қыпшақ аумағында Ақ Орданың құрылып, нығаюымен қатар
Қазақстан тарихында маңызды оқиға болды.
Моғол хандығының тағына негізінен Шыңғыс тұқымдары мен
монғол ақсүйектері отырған. Әрине, монғол шапқыншылығы кезінде
келген арлат, чорас, калучи сияқты тайпалар алғашқы кезде
өздерінің басымдылығын көрсеткенмен, уақыт өткен сайын жергілікті
түрік тілдес тайпалар басымдылық алып, монғолдарды өздеріне сіңіре
бастаған. Ал қалғандары Шығыс Түркістанға, ұйғырларғак қоныс аударып,
соларға араласып, өздерінің монғол атынан мүлде айырылған.
1.2. Алғашқы моғол хандары.
Тарих-и Рашиди бойынша, Тоғылық -Темір едәуір дәрежеде
жағдайды біршама тұрақтандырып, Моғолстанның бүкіл аумағын өз
билігіне біріктіре алды; оның ордасы Алмалықта болған.5
Алғашқы моғол ханы ұлыстық жүйені сақтады; жоғарғы ұлыс
бегінің мұралық лауазымын ( ұлысбегі) ол дуғлаттардың басшысына
бекітті. 6
Салық жинауды кейбір шаралар қолданылды.
Исламды мемлекетінің ресми діні етіп қабылдаған Тармашырын
хан сияқты Мауараннахр хандарының өнегесімен Тоғылық – Темір
өзінің жоғарғы билігін ортағасырлық Шығыстағы сыннан өткен
идеологиялық тірек – мұсылман діні арқылы нығайтуды ұйғарды.Ислам
жергілікті халыққа Қарахандар кезінен бері белгілі болғанымен,
шағатайлық хандар, өздерінің көптеген бодандары сияқты, мәжусилер
болып қала берді.Тоғылық – Темір кезінде Моғолстанда мұсылман дінін
тарату жөнінде батыл шаралар қолданылды. Мырза Хайдардың хабары
бойынша, бір күнде 160 мың адам ислам дінін енгізу барысын дұрыс
бейнелейді. Ислам дінін қабылдамағандарға, тіпті әмірлер мен
бектерді қоса, өлім жазасына, адам басына сәлдені шегелеуге дейін
қатаң шаралар қолданылды.
Тоғылық- Темір өз билігін Мауараннахрға да жүргізбек болды.7
Өзінің сыртқы саяси әскери істерімен Тоғылық –Темір өз беделін
арттырып, өз мемлекетін нгығайтуға тырысты. Көрші егіншілік
өлкелерінен оңай олжа тауып, тұтқын түсіру дәмесі хан
төңірегіне көшпелі ақсүйектердің топтала түсуіне жағдай жасады.
Өзінің алғашқы жорығына Тоғылық – Темір Жетісудан 1360 жылғы ақпан –
наурыз айларында аттанды. Әскерімен Ташкентке жақын тоқтап, Тоғылық –
Темір хан ілгері қарай қосын жіберді, ол Сырдариядан өтіп,
Шахрисябз қаласына қарай жүріп кетті.Тоғылық – Темір өзара
жауласып жатқан жергілікті әмірлер өзіне қарсылық көрсетпейді
деген есебі ақталды.Олардың бірі - Орта Азияның болашақ билеушісі
әмір Темір Тоғылық – Темірге бағынатынын білдіріп, сол үшін Кеш
қаласын үлесті жерімен бірге басқаруға алды.8
Моғол ханының саясаты әмір Темірдің билік басына жету жолын
оңайлатты.
Моғол әскерлерінің одан әрі ілгерілеуіне Тоғылық –Темір әскер
басыларының өзара іс - әрекетінің үйлеспеуі кедергі келтірді.
Олардың арасында деректемеде керейіт, аргинуд, қаңлы тайпаларының
әмірлері мен бектері аталған, олар әуелі хан ордасына келіп,
содан соң бүлік шығарып, Моғолстанға кетіп қалды. Моғол ханы
Мауараннахрды бағындыру жөніндегі одан арғы әрекетін тоқтатуға
мәжбүр болды. Әмірлердің бүлігін басқан соң Тоғылық - Темір 1361 жылы
көктемде тағы да Мауараннахрға аттанды.Мауараннахрдың ірі әмірлерінің
бірі Қажы барлас Хорасанға қашты; Темір тағы да өзінің бағынышты
екенін білдірді де, Кеш өңірін билейтінін құптатып алды. Тоғылық -
Темір Мауараннахрдың бүкіл аумағы арқылы өтіп, оңтүстікте Құндызға
дейін жетті. Мұнда көктем мен жаз бойы болып, күзде Самарқандқа
оралды. Тоғылық –Темірдің Мауараннахрда уақытша орнығуына өлкедегі
саяси жағдай - жиырма жыл бойы, ХІҮ ғасырдың 40 және 50 – жылдарында
орталық биліктің болмауы жәрдемдескен еді. Ішкі соғыстардан және
жатжерлік басқыншылықтардан қалалар мен елді мекендердің бейбіт
халқы азап шекті: Оның ( Тоғылық – Темір ханның) әскері,- деп
әңгімеленеді Зафар - намеде, -Гиндукуштың тау бөктеріне дейінгі
аумақтар мен аудандарындағы халықтың иелігін тонап,
күйзелтті....9
Өзінің баласы Ілияс – Қожаны Мауараннахрдың билеушісі етіп
қалдырып, Тоғылық –Темір Моғолстанға оралды. Моғол әскербасылары
өздерін жаулап алушылардай ұстап, тек өздерінің баюын ғана көздеді.
Халық бұқарасының ашынуы мен жаулап алушылар ордасындағы талас-
тартысты пайдаланып, әмір Темір Мауараннахрда билік жүргізуге күш
сала бастады. Тоғылық –Темірдің өлімі хан тағын мұралану ісімен
айналысу үшін Ілияс –Қожаны Мауараннхрдан кетуге мәжбүр етті.10
Бірақ Ілияс – Қожа қайтар жолында Темір мен әмір Хұсайынның
біріккен әскерлерімен шайқасуға мәжбүр болды.Ол жеңіліп, тұтқынға
түсті, бірақ Моғолстанға босатылып жіберілді.11
Моғолстанның хижра бойынша 7641362- 1363 жылы ханы болған соң
Ілияс –Қожа 1365 жылы бұрынғы Шағатай иеліктерін біріктіруге жаңа
әрекет жасады. Темір өз әскерлерімен оны Чиназ бен Ташкент
аралығында Сырдарияның жағасында қарсы алды. Бұл жерде өткен белгілі
Батпақ шайқасының ( Джанг –и лой ) екі жақ үшін де зор маңызы
болған еді. Шайқас кезінде әскерлердің соғыс қимылын қиындатқан
қатты нөсер құйды. Моғолстанның қатаң ауа –райына неғұрлым көндіккен
және неғұрлым жақсы жасақталған Ілияс –Қожаның әскері бұл
шайқаста жауға төтеп берді. Дуғлат әмірі Шамс ад – дин басқарып
жеткен тың моғол әскері Темірді кері қайтуға мәжбүр етті, оның
үстіне дүркірей қашқан кезде көптеген адамдар батпақ пен лайға
тапталды, қырғын алаңында 10 мыңға таяу адам өлді.12
Жеңіс моғол әскерлеріне Мауараннахрға жол ашты. Муин ад –дин
Натанзи моғолдардың Самарқандқа барар жолдағы тонаушылықтары туралы
былай деп хабарлайды: Жеңістен кейін моғолдар ислам елінде талан –
тараж бен зорлық – зомбылыққа ден қойып, өлтірумен және тонаумен
айналысты.13
. Темір мен Хұсайын Самарқандты тастап, Әмударияның арғы бетіне
өтіп кетті. Бірақ моғолдар қаланы ала алмады: орталығы Хорасанда
болған сарбадарлар қозғалысына қатысушылар басшылық еткен Самарқанд
халқы кескілесе қарсылық көрсетті.14
Ұзақ қоршауға алу әскерді әлсіретті, Жете ( яғни Моғолстан ) әскерінің
аттарына жамандат тиіп, бұдан аттардың қырылғаны сонша, төрт
жауынгерге бір аттан да қалмады.15
Моғолстанның алғашқы хандарының Шағатай ұрпағы мемлекетін
қалпына келтіру жолында жасаған әрекеттері осылай аяқталды.
Шағатай ұрпағы мемлекетінің ыдырауы экономикалық және
саяси себептерге байланысты заңды құбылыс болды. Моғолстан хандарын
бұрынғы Шағатай ұрпағы хандарымен бір деп теңестірген
Мауараннахрдың отырықщы – егінші және қала халқы тәуелсіздік үшін
табанды күрес жүргізді. Моғолстан хандарының көршілес жерлерді жаулап
алуға ұмтылуы көшпелі шонжарлардың мүдделеріне байланысты еді.
Хандар осы шонжарлардың өз қолдарынан қойған адамдары болатын және
хандар жауынгершілікте табысқа жеткен жағдайда ғана олардан қолдау
таба алатын. Бірақ замандастарының ойынша, тиісінше тарихи
шығармаларда да Моғолстан хандарының Мауараннахрдағы ( Ұрыс ханның
Алтын Ордадағысы тәрізді) сыртқы саяси әрекеттерінің басты себебі
бұрынғы Шағатай ұлысының бүкіл аумағына ( ал Ұрыс ханның Алтын
Орда тағына) әулет ретінде дәмеленуі еді.
2.1. Моғолстанның ішкі – сыртқы жағдайы.
Саяси тұрақсыздық орын алған күрделі кезеңде билік басына келеген
Тоғылық –Темір хан елдің ішкі – сыртқы жағдайын жақсартып, ХҮІ
ғасырдың басына дейін билік еткен әулеттің негізін қалады. Хандықтың
бүкіл аумағын біріктіріп, бір олрталыққа бағындырады.
Хан өзінің билігін бұрынғы қалыптасқан жүйемен жүргізеді. Оны
ұлыстық басқару жүйесін сақтауынан көруге болады. Дулат тайпасының
мұралық лауазымы жоғары ұлысбегі деген атағын сол қалпында
қалдырды. Салық жинауда кейбір жаңа шаралар қолданылды. Мұсылман дінін
мемлекеттік дін ретінде қабылдайды. Тоғылық – Темірге дейін моғол
билеушілерінің ислам дініне енуі баяу жүріп келсе, енді хан бұл
мәселеге ерекше көңіл бөлген. Мырза –Мұхаммед Хайдардың жазуы
бойынша, бір күнде 160 мың адам ислам дінін қабылдаған. Ханның
бұйрығы бойынша дінді қабылдамаған әмірлер мен бектерді өлім
жазпсына кескен. Сөйтіп хан ел ішінде қатал тәртіп орнатады.
Тоғылық – Темір өзінің сыртқы саясатында Шағатай ұлысының
кезінде орныққан Орта Азия жеріндегі билікті қалпына келтіруге
әрекет жасайды. 1360- 1361 жылдары Мауараннахрға екі рет сәтті жорық
жасап, баласы Ілияс – Қожаны Мауараннахрдың хан тағына отырғызып
қайтады. Моғолстанға оралған Тоғылық – Темір хан қаза болды. Өзінің
мұрагерлік хұқын реттеп қайту үшін Ілияс – Қожа Моғолстанға кеткен
кезде Орта Азиядағы жағдай күрт өзгереді. Тоғылық –Темірдің тірі
кезінде оған тәуелділікті амалсыздан мойын дап жүрген Әмір Темір енді
Мауараннахрдағы билікті өз қолына алу үшін, Ілияс – Қожаға қарсы
шығады. Әмір Темір мен Ілияс –Қожа ханның арасында бірнеше рет
қақтығысулар болады. Моғол ханы жеңіліске ұшырайды. Соңғы жеңілістен
кейін Ілияс –Қожа Моғолстаннан жаңа әскери күш жинап келіп, қайта
соғысады. Ташкент қаласының маңында 1365 жылы 22 маусымда екі
жақтың арасында шешуші Батпақ шайқасы болады. Жазба деректердің
хабарына қарағанда, кескілескен шайқас болғаны соншалықты, екі
жақтан 10 мыңға жуық адам қырылған. Шайқаста Ілияс – Қожа хан
жеңіске жетіп, Әмір Темір қашып құтылады.
Батпақты жеңісінен кейін Моғол ханы Самарқанға қарай
аттанып, оны қоршауға алады. Бірақ халық қаланы жан аямай қорғайды.
Қаланы ұзақ уақыт қоршаудан қалжыраған моғол әскерлерінің мініс
аттары жамандат індетінен қырыла бастайды. Қаланы алудың мүмкін
еместігіне көзі жеткен хан Моғолстанға қайтуға мәжбүр болған. Сөйтіп,
Шағатай ұлысы кезіндегі қайта қалпына келтіру ісінің алғашқы қадамы
сәтсіздікпен аяқталады. Бұл сәтсіздіктің басты себебі, билеушілер
арсындағы алауыздық, саяси феодалдық быраңқылық еді. Ақыр аяғында
Ілияс –Қожа хан да осы феодаодық талас – тартыстың құрбаны болады.
Бұдан кейін де Моғол хандығындағы билікті дулат тайпасының
атақты әмірлері Қамар ад –дин мен оның інісі Шаме ад – диндер
жүргізген. Қамар ад –дин де өзін тыңдайтын, жас Тоғылық –Темірдің соңғы
ұрпағы Қызыр - Қожа оғланды хан тағына отырғызып, дулат тайпасының
әмірлері мен шонжарларының жағдайын жақсартуға күш салады.
Моғол хандығын осындай саяси бытыраңқылық жайлап жатқанда
Мауараннахрдағы билікті өз қолына алып, күшейген Әмір Темір енді
Моғолстанды жаулауға кіріседі.
ХІҮ ғасырдың аяғында Әмір Темір Моғолстан жеріне бас
көтертпей, дүркін –дүркін жорықтар жасайды. Алғашқы жорығы 1371 – 1372
жылдары болған. Бұл жорықта Алмалық қаласына дейін жетеді, бірақ
қалаға кірмейді. Жол бойындағы елді мекендерді тонап, халықтың мал
– мүлкін талан – таражға ұшыратып, көптеген тұтқын алып қайтады.
Екінші жорықта – 1375 – 1377 жылдары Оңтүстік Қазақстан арқылы жүріп,
Жетісудың Шарын өзеніне дейін жетеді. Моғол ұлысының басшысы Қамар
ад- динмен шайқасып, аны жеңеді. Қамар ад – дин Шығыс Түркістанға, Үш
Тұрфанға қарай қашып құтылады.
Әмір Темір Моғолстанға 1380 -1390 жылдары да бірнеше рет
жорық жасаған.Бұл жолғы жорықтың жойқындығы соншалықты, Әмір Темір
өзінің балаларының қолындағы әскерлермен қосқанда 120 мың адаммен
аттанған.
Сонымен, Әмір Темір шабуылдары әбден титығына жеткен Моғол
хандығы мүлде әлсірейді. Хандық бірнеше иеліктерге бөлініп, саяси
жағынан бөлшектенеді. Қызыр -Қожа хан Темірге өзінің тәуелділігін
мойындайды. Моғолстан Әмір Темір қаза болғаннан кейін ( 1405 жылы )
ғана Қызыр – Қожаның мұрагері Мұхаммед ханның кезінде ( 1408 -1416)
тәуелсіздікке қол жеткізе бастайды. Моғол ханы Темір өлгеннен кейін
оның әулетінің ішіндегі талас – тартысты пайдаланып қалады.
Мұхаммед хан Темірдің немерелері Ахмед мырза мен Ұлықбектің
арасындағы Ферғана үшін таласта ол өзінің әскер күшімен Ахмед
мырзаға көмектесіп, жеңіске жеткен еді. Осы кезден бастап Моғолстан
өз тәуелсіздігін ала бастаған. Мұхаммед хан қаза болған соң, Моғол
хандығының ішіндегі талас – тартыс қайта басталады. Бұл талас –
тартысты Темірдің немересі Ұлықбек пайдаланып, өзін жақтаушы Қызыр
-Қожаның немересі Шер – Мұхаммед тің хан болуын қолдайды. Оның хан
тағына отыруына көмектескен Ұлықбек енді одан өзіне тәуелді болуын
талап етеді. Бұған қарсы болған Моғол шонжарлары Қызыр – Қожаның
екінші бір немересі Уәйісті хан тағына отырғызады. Бұған наразы
болған Ұлықбек 1425 жылы Моғолстанға шапқыншылық жасап, халықты
талан – таражға ұшыратып қайтады.
Моғолстандағы жағдай 1428 жылы Уәйіс хан қайтыс болғаннан кейін
сол баяғы бытыраңқы күйінде қалады. Хандық билік үшін талас енді
Уәйіс ханның балалары Жүніс пен Есен -Бұға арасында басталады. Есен
-бұға 1433 -1462 жылдары хан тағына отырады. Бірақ Жүніс таласын
тоқтатпайды. Тартыс нәтижесінде 1462 жылы Есен –бұғаның қаза болуымен
аяқталады.
2.2. Моғолстан Темірдің басып кіру қарсаңында.
Ілияс – Қожа ханның билік жүргізген аз ғана уақыты шонжарлар
топтарының оқшаулану ниетімен жүргізген күресіне толы болды.
Моғолстанда хан билігі рулық – тайпалық үстем таптың еркімен
шектелген тым әлсіз еді. Хандар шонжарлар алдында іс жүзінде
дәрменсіз болатын. Бұл Мауараннахрда жеңілгеннен кейінгі Ілияс –
Қожаның мысалынан көрінеді. Ілияс – Қожа хан билігінің күйреуі мен
оның өлімінің нақты мән- жайы деректемелерде тым қарама- қайшы
келтіріледі. Әдетте бұл жағдайлар дуғлат шонжарларының көрнекті
өкілдерінің бірі әмір Қамар ад –диннің қарсылығымен
байланыстырылады. Қамар ад –дин, Мұхаммед Хайдардың хабарлауы бойынша,
Тоғылық – Темірдің хан өлген соң бірден –ақ Моғолстандағы жоғарғы
билікті басып алуға тырысқан. Мұхаммед Хайдардың жазуында, оның ханға
деген ежелгі дұшпандығының себебі – Тоғылық – Темірдің оған моғол
мемлекетінің әкімшілігіндегі мұраға қалып отыратын ұлыс бегінің (
ұлысбегі) жоғары лауазымын бермегенлігі. Поладшы өлгеннен кейін Тоғылық
–Темірдің жарлығымен дуғлаттың қалған көсемдерінің ішіндегі үлкені
Қамар ад –дин емес Поладшының жасы әлі жетпеген мұрагер баласы
Хұдайдад ұлысбегі болып тағайындалды. Тоғылық – Темірдің ұлысбегілікті
Қамар ад –динге бермеу себебі ұлыстың құдіретті билеушісінің аузына
қараудан құтылғысы келген еді, мұның өзі ханның шонжарлар
сепаратизмімен күресі жағдайында әбден түсінікті болатын.
Му ин ад-дин Натанзидің пікірі бойынша, Қамар ад –дин мен оның
інісі дуғлат Шамс ад- дин әуелі Ілияс –Қожа оғланды хан тағына
отырғызады,бірақ бір жыл өткен соң, жаңа ханның өзара қырқысқан талас
– тартысты тоқтата алмайтынын көрген соң, Ілияс –Қожа хан өлгеннен
кейін ғана Қамар ад –дин бүлік шығарған. Мұхаммед Хайдардың айтуынша,
Қамар ад –дин Тоғылық –Темір ханның соңғы ұрпағы әлі жас Қызыр –
Қожа оғланнан басқа хан әулетінің барлық мүшелерін қырып салыпты
-мыс, ал Қызыр – Қожа оғланды дуғлат ұлысбегі әмір Хұдайдад жасырып
алып қалыпты.16
Моғолстанның феодалдық – тайпалық ақсүйектерін бағындыру Қамар
ад-динге оңай іс болмады. Елде саяси және шаруашылық өмірдің қым
–қуат ала – сапыраны басталды.17
Ірі тайпалардың көсемдері ең жоғары әкімшілік қызметтерге ие болып,
айрықша артықшылықтарды пайдаланған дуғлаттардың одан әрі күшеюіне
жол бергі лері келмеді. Алайда Қамар ад –дин біраз уақытқа болса да
моғол тайпаларының едәуір бөлігін өзіне бағындыра алды.
Қамар ад –дин мен оның аға – інілері тәрізді дуғлат
шонжарларымен қатар деректемелер бұл кезде Моғолстанда бірқатар
басқа тайпалар басшыларының есімдерін атайды. Шараф ад –дин Әли Йазди
Моғолстанның билеуші топтары ішіндегі бытыраңқылық, қайшылықтар мен
араздықтар туралы жазады. Жете әмірлерінің арасында,- деп хабарлайды
ол, - өшпестік орын алды. Дуғлат амағынан шыққан Қамар ад –дин, Кебек,
Темір және Ширавул біраз әскермен аргинуд Қажыбекке қарсы
бірікті.18
Моғолстанның жекелеген тайпалары мен ұлыстары иеліктерінің
шекаралары жиі өзгеріп отырды, жайылымның жақсысын алып, олжа
түсіруді көздеген күрес жүріп жатты. Бітпейтін өзара қырқыстар,
күшейе түскен езгі халық бұқарасының наразылығын туғызды. Әмір Темір
әскерінің басып кіруі қарсаңында жалпы Моғолстандағы, соның ішінде
Оңтүстік – Шығыс Қазақстандағы жағдай осындай еді.19
Моғолстанның құрылуы Қазақстанның аумағында этникалық жағынан
біртектес мемлекеттік бірлестіктің пайда болуы жолындағы ілгері
басқан қадам болатын, сонымен қатар мұның өзі саяси жағынан Жетісудың
түркі тілдес халқын Қазақстанның басқа аумағындағы туысқан халықтан
уақытша бөліп тастады да, қазақ халқының қалыптасу процесіне
салқынын тигізді.
2.3. ХҮ ғасырдың бірінші жартысындағы Моғолстан.
Моғолстандағы ішкі саяси жағдайдың тұрақсыздығы Орта
Азиядағы Темір ұрпақтарының Оңтүстік – Шығыс Қазақстанға көз тігуін
одан әрі жалғастыруларына мүмкіндік берді. Қызыр – Қожа ханның
төрт баласы - Шам и- Жахан, Мұхаммед оғлан, Шерәлі және Шах – Жахан
арасындағы билік жолындағы өзара қырқысулары салдарынан уәлаят
құлдырауға ұшырап, ал адамдары жан – жаққа қашып кетті, Моғолстан
мемлекеті бірнеше бөлікке ыдырады 20
Іс жүзіндегі биліктің жоқтығын пайдаланған Темірдің немересі,
Ферғана билеушісі Ескендір 1402 -1403 жылдары шекарадағы Үш –Фирман,
Ақсу қалаларын тонап алды, содан соң тереңдеп ене түсіп, Бай, Күш
(Құсан), Тарим, Хотан қалаларының төңірегін талан – таражға салды.
Бұрынғыдай, Темір кезіндегідей, басып алған жерлерді адамсыз қалдыру
әдісі жүргізілді. Деректемелер Темір ұрпағының қыруар табысқа
кенелгенін атап көрсетеді. Ескендір Қашқарияны тонағаннан кейін
Жетісу жеріне, Моғолстанның ең шалғай шептеріне дейін, Алмалық пен
Бесбалыққа дейін жеткен. Моғол билеуші топтары оған қарсылық
көрсете алмады. Ұлысбек дуғлат Хұдайдад әмір тауға қашты, ағаларымен
айқаста мерейі үстем болған жаңа хан Шам и – Жахан да кері
шегінді.
Бұл хан ( 1399 -1408 жылдар), ал одан кейін Мұхаммед хан ( 1408-
1416 жылдар) Темірдің Қытайға жорығын дайындау кезінде басып
алған Моғолстанның батыс бөлігін ( Ашпара, Йанги – Тараз ауданы) азат
етуге әрекет жасады. Өздерінің саяси және әскери жағдайларын бірте –
бірте нығайтып алған бұл хандар ( Му ин ад –дин Натанзидің
мағлұматтарына қарағанда бұлардың алғашқысының қарамағындағы халық
тоқсан түменге, яғни 900 мың адамға жеткен) өз кезектерінде Темір
әулеті мемлекетінің өзара алауыздық күресіне араласып отырған,
дәлірек айтқанда, Түркістан қамалдары мен Таласқа ( Йан-ги –Тараз
және Ашпара ) бекінген Темір әулетінен шыққан бүлікшіл әмірлерге
әскери көмек көрсеткен. Өзара жасасқан бейбіт бітім шарттарына
сәйкес басып алған аймақтарынан кете қоймаған Хұдайдад Хұсайниді
1408- 1409 жылдар шамасындағы моғолдар өлтірді де, Янги ( Тараз)
бен Сайрам тағы да екі жылға тарта Темір әулетінің мирасқоры
атағы мен міндеттерін мойнына алған Хұдайдад ұлы Әбділхалықтың
қолында болды.
1411 жылға дейін басып алған жерлерінде билік жүргізген және
Шахрух пен Ұлықбектің жоғарғы өкіметіне мойын ұсынбаған Шайх Нұр
ад – дин Қыпшаққа байланысты Жошы әулетінің түрік ақсүйектерімен
туыстық қатынасын ашып беретін өте қызықты дерек бар. Мырза Хайдар
мынадай ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz