Бастауыш сыныпта математика сабағында уақытты тиімді пайдалануды оқушыларға үйрету



І. Кіріспе
1.1. Мұғалімге қойылатын талаптар. Мұғалім шеберлігі.
1.2. Сабақ жоспарын құрудың ерекшеліктері.

ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Математика сабағын уақыт кезеңдеріне бөлу.
2.2. Бастауыш сыныптағы математика сабағында уақытты тиімді пайдалануды оқушыларға үйрету.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2008 жылғы 6 ақпан күні Қазақстан Халқына Жолдауында білім беру саласына байланысты басты міндеттерді атап өтті. Оларға тоқталатын болсақ: 2010 жылға дейінгі білім беруді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны орындай отырып, осы саланың сапалы қызмет көрсету аясын кеңейту.
Бірінші мәселе білім және ғылым министрлігі 3 жылдың ішінде заманға сай білім алуға және озық технологияларды игеруге мүмкіндік беретін білім берудің тиімді инфрақұрылымын жасауды аяқтайтын болсын.
Екінші мәселе бойынша әзірге халықты бастауыш балалар мекемелерімен қамтамасыз етуде «бетбұрыс» жасала қойған жоқ. Үкімет пен әкімдер барлық жерде бұл проблеманы терең зерделеп осы негізде бұл мәселенің шешімін әзірлеуі тиіс.
Кішкентай бүлдіршіндердің дамуына ықпал ететін үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы ретіндегі бастауыш төменгі сыныпта білім беруге баса назар аударған жөн. және бұл сатыны олардың шығармашылық және интеллектуалдық қабілеттерін дамытуға арналған тиімді бағдарламалармен қамтамасыз ету қажет.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Бастауыш сыныпта математика сабағында уақытты тиімді пайдалануды оқушыларға
үйрету.

Жоспар

І. Кіріспе
1.1. Мұғалімге қойылатын талаптар. Мұғалім шеберлігі.
1.2. Сабақ жоспарын құрудың ерекшеліктері.

ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Математика сабағын уақыт кезеңдеріне бөлу.
2.2. Бастауыш сыныптағы математика сабағында уақытты тиімді пайдалануды
оқушыларға үйрету.

1.1. Мұғалімге қойылатын талаптар. Мұғалім шеберлігі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2008 жылғы 6
ақпан күні Қазақстан Халқына Жолдауында білім беру саласына байланысты
басты міндеттерді атап өтті. Оларға тоқталатын болсақ: 2010 жылға дейінгі
білім беруді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны орындай отырып, осы
саланың сапалы қызмет көрсету аясын кеңейту.
Бірінші мәселе білім және ғылым министрлігі 3 жылдың ішінде заманға
сай білім алуға және озық технологияларды игеруге мүмкіндік беретін білім
берудің тиімді инфрақұрылымын жасауды аяқтайтын болсын.
Екінші мәселе бойынша әзірге халықты бастауыш балалар мекемелерімен
қамтамасыз етуде бетбұрыс жасала қойған жоқ. Үкімет пен әкімдер барлық
жерде бұл проблеманы терең зерделеп осы негізде бұл мәселенің шешімін
әзірлеуі тиіс.
Кішкентай бүлдіршіндердің дамуына ықпал ететін үздіксіз білім берудің
алғашқы сатысы ретіндегі бастауыш төменгі сыныпта білім беруге баса назар
аударған жөн. және бұл сатыны олардың шығармашылық және интеллектуалдық
қабілеттерін дамытуға арналған тиімді бағдарламалармен қамтамасыз ету
қажет.
Әрі балалардың білім алуға еңбекке және қоршаған ортаға бейімі, қарым-
қатынасы нақ осы кезеңде қаланатынын естен шығармауымыз керек.
Жоғарыда Президентіміздің жолдауындағы бастауыш төменгі сыныбының
мәселелеріне байланысты бірнеше бөлімге бөліп қарастырды. Білім министрінің
12 жылдық білім беруге байланысты бастауыш төменгі сыныпта оқушылардың
негізгі білімі қаланады. Сол себептен 12 жылдыққа бастауыш төменгі сыныбына
байланысты жасалған бағдарламаларға және де енгізілген өзгерістерге тоқтала
кетсек:
- білім беру жүйесін түбегейлі жаңарту, ХХІ ғасырда жалпы білім
беретін орта мектептерде жеке тұлғаны дамытуға байланысты үлгіні таңдау.
Қазіргі таңда әр қоғам мүшесінің назарынан тыс қалмайтын келелі де
көкейтесті мәселенің бірі – жалпы білім берудегі 12 жылдық оқуға өту болып
табылады.
Бастауыш мектептің негізгі міндеті – баланың бастапқы тұлғалық
қалыптасуын қамтамасыз ету, оның қабілеттерін айқындау және дамыту.
Осы тұрғыдан алғанда бүгін жалпы білім беретін мектептің 12 жылдық
оқуға ауысу мәселесін сезініп, жан-жақты пайымдау сәтінде тұрғандаймыз.
Ақтөбе қаласының № 24 лингвистикалық мектеп гимназиясында
эксперименттік сыныптар ашылып 6 жастан оқушылар қабылданды. Эксперименттік
сыныпқа оқушыларды диагностикалау арқылы қабылдадық. Бәрімізге мәлім
қазіргі кезеңде мектептің қойып отырған талабы – жеткіншек ұрпақтарды
негізгі пәндермен терең де берік қаруландыру, ал меңгерген білімдерін
күнделікті өмірде өз деңгейіндегі іскерлік шеберліктеріне қолдана білу. Осы
жетістіктерге жету үшін мұғалім алдындағы оқушының мінез-құлқын, сана-
сезімінің жетілу дәрежесін таным процестерінің (қабылдау, зейін, қиял, ес,
ойлау) дұрыс қалыптасуын қадағалап әрі дамытып отыру қажет.
Мұғалім – психологиялық танымдық процестерді қалыптастырудағы негізгі
тұлға. Осы айтылған мақсаттарды көздей отыра балалардың мектепке
психологиялық даярлығын анықтауда кеңінен қолданып жүрген аса танымал
әдістердің бірі – чех ғалымдары А. Керн мен К. Йирасик тесті арқылы
қабылдадық. Тест үш талаптан тұрады: ойша ер адамның дене бітімін бейнелеу,
жазба әріптерін және берілген нүктелер тобын көшіріп салу. Бұл әдістердің
жетістігі – балалардың мектепке оқуға аса қажетті қолдың нәзік қимыл мен
көз жанарын бағыттауды анықтайтындығы.
Л.С. Выготский әдістемесі бойынша балаларға топтама сөздер оқылып,
оларды бір сөзбен қалай атауға болатындығы сұралады. Бұл әдістеме арқылы
ұғымдардың қалыптасуы мен олардың жинақтай білу іскерлігі айқындалады.
А.Р. Лурияның Пиктограма әдістемесі арқылы балалардың есте
сақтауының даму деңгейін анықтадық.
Диагностикалық қорытындысы: 6 жастан қабылданған оқушылардың мектепке
психологиялық тұрғыдан дайындықтары болғанымен, интеллектуалдық
дайындықтары әлі де жеткіліксіз. Олай дейтін себебіміз бақылау кезінде,
еліктеу тапсырмаларын орындағанда координациялық қимыл-қозғалыстары әлі де
толық жетілмегендігі, өз-өзіне сенімділігінің төмен екендігі байқалды.
Тестік жұмысты қорытындылай келіп мынадай ерекшеліктерді байқадық:
- координациялық қимыл-қозғалыстары толық жетілмеген, қол саусақ
моторикасының әлі де жетік дамымағандығы және өзіндік жұмысқа бейім емес
екендіктері;
- 6 жастағы балалардың көріп есте сақтау қабілеттері жақсы дамыған,
естіп есте сақтау қабілеттері орташа, зейіндері ауыспалы, логикалық ойлау
қабілеттері орташа, қиялының дамуы жақсы.
Балаларды жан-жақты зерттеп, зерттеу жұмысының негізінде соған лайықты
жұмыс жүйесін құрып, оқушылардың сабаққа ынтасын дамытып отырсақ сонда ғана
нәтижеге жететініміз анық.
Бастауыш мектеп мұғалімі қандай болуы керек? Бұл сұраққа толық жауап
алу үшін төмендегі мәліметтерге тоқталайық.
Мектептегі оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырушы әрі іске астырушы тұлға –
бұл мұғалім. Бұл тұжырымды анықтамаға келтіретін болсақ: мұғалім бұл арнайы
дайындығы бар, педагогикалық қызметпен кәсіби деңгейде айналысатын адам.
Бұл арада кәсіби сөзіне назар аударған жөн. кәсіптік болмаған
педагогикалық іспен адамдардың баршасы шұғылданады, ал педагогикалық
заңдарға сәйкес әрекетіне келіп, не, қай жерде, және қалай істеу керек
екендігін білетін, өзінің кәсіби борышын сапалы орындау жауапкершілігін
мойнына алатын тек мұғалім ғана.
Бастауыш мектеп мұғалімі – ерекше мұғалім. Ол балалар мен ересектер
әлемін ұштастырушы. Ол енді қалптасудағы сәби психикасының терең құпияларын
жете таниды, балаға білім бере алады, оны тұлға – азамат болуға баулиды.
Маңыздылық тұрғысынан бастауыш мектеп мұғалімінің еңбегін басқа кез келген
ешбір еңбекпен салыстыруға болмайды, себебі мұғалім төккен маңдай тердің
жемісі – тұлға. Осы аса білгір, өте жауапкерлі, бала өміріндегі тұңғыш
мұғалімге отбасы мен қоғам өзінің ең ардақты перзентін, аяулы азаматы мен
елінің тағдырын, өз мемлекетінің жарқын болашағын үлкен сенім және үмітпен
тапсырады. Мұғалім мінберіне көтерілген адам баршаға жауапкерлі, бәрін
біледі де істей алады. Мұғалім лауазымының сипаты да оның осы әр оқушы,
өсіп келе жатқан ұрпақ, қоғам мен мемлекет алдындағы жауапкершілігімен
анықталады. Педагог еңбегінің бүгінгі нәтижесі қаншама жоғары болса, біздің
қоғамымыздың ертеңгі мәртебесі де соншама жоғары болмақ. Әр адам мен бүкіл
халықтың тағдырына шексіз байланысты әрі жауапкерлі келген қандай да бір
мұғалімдіктен басқа қызмет түрін ойға келтіру тіпті де мүмкін емес.
Сонау замана тұңғиығында-ақ қатаң заңдылық байқалған: мұғалім дәрежесі
– қоғам деңгейінің көрсеткіші. Адамзат өркениетінің даму тарихында қай
елдің мектебі мен мұғалімі жетілген болса, сол ел биік дәрежелі
жетістіктерімен танылған. Мұғалім беделіне қандай да нұқсан келтірудің
салдарынан ел тозып, ізгілік-адамгершілік аяқ асты болған. Мұғалім тұлғасы
кішіпейіл, өзін бадырайта көрсете бермейді, бірақ адалдық пен шындық тасушы
болған оны тұғырынан тайдыру – лезде бүкіл адамдардың жақсылық сенімінег
айрылуына, содан өркениет жетістіктерін күйретіп, адамзатты жабайылар
үйіріне қайта қамап, зұлмдық шоғын шашар көргенсіздік бой тіктейді.
Мұғалімнің қоғамдағы рөлін аса жоғары бағалай білген М. Горький үлкен
толғаныспен былай деген: Жақсы, ақылды, білімді мұғалімнің ауылға
қаншалықты қажет екенін білсеңіз еді. Оған айрықша жағдайлар жасау керек.
Әрі мұның мүмкіндігінше тез арада орындалғаны жақсы. Себебі халықты кең
білім дағдысына салмасақ, мемлекетіміз күйдірілмеген кірпіштен тұрғызылған
үй құсап, қақырап кетуі сөзсіз. Мұғалім өз ісіне құлай сүйген әртіс,
суретші болмағы лазым. Ал бізде ше – ол қара жер тырнаған, бейнеткер, сауат-
білімнен жүрдай, ауыл баласын ықыласпен оқытуға емес, тап зорлықпен айдауға
кетіп бара жатқан тұтқын сияқты. Ол аш, еңсесі түскен, қапелімде жұмыссыз
қалу қауіпін, ертеңгі бір тілім нанын қайғырған пенде. Керегі – мұғалім
ауылдың ең құрметті адамы, үлкеннің де, кішінің де қалаған сұрағына жауап
таба алатын сауат иесі болмағы. Оның бойынан жұрт сый мен назарғасай күш-
қуат танып, оның алдында тартынғаны жөн. Кім болса сол ... мұғалім намысына
тиіп, оның беделін аяқ асты ету – кешірілмес айып.
Педагогикалық міндетті қызмет-педагог жұмысының белгіленген бағыты.
Әлбетте, педагогикалық күш-қуат жұмсаудың басты бағыттары – бұл баланы
оқыту, оның сауатын ашып, білімдендіру, тәрбиелеу, дамыту және
қалыптастыру. Аталған бағыттардың әрбіріне орай мұғалім сан алуан нақты
әрекеттерді орындайды, осындай оның қызметтері көрер көзге байқаусыз,
көбіне елене бермейді. Солай да болса, педагогикалық істер төркініне үңіле
назар салумен оның кәсіптік іс-әрекетінің негізінде жатқан құбылыстарды
тану арқылы анықтайтынымыз: мұғалімнің міндетті қызметі – оқу, тәрбие,
даму, қаыптасу үдерістеріне басшылық жасау.
Мұғалімнің парызы – оқыту емес, оқуға бағдар беру; тәрбиелеу емес,
тәрбие үдерісіне жетекшілік ету. Осы басты міндеттерін толық түсіне алған
мұғалім ғана өз оқушыларына жеткілікті дәрежеде дербестік, еркіндік, ынта
білдіру мүмкіндіктерін бере алады. Оқу-тәрбие үдерісінде өзі көзге түспей,
барша істі оқушының еркін таңдауымен, бірақ басшылық тізгінін де қолдан
жібермей, орындау-хас шебер мұғалім қолынан келетін жұмыс.
Кәсіби педагогтарды Сократтың өзі ой акушерлері деп атаған,
педагогикалық шеберлікті дүниеге нәресте келтіру өнерімен теңеген. Білгір
педагогтың қызметі – дайын білімді қолдау емес, оқушыға жаңа ой пайымдауға
көмектесу. Демек, педагогикалық еңбектің өзегі – адам қалыптасуына себін
тигізетін барша үдерістерге басшылық жасау.
Негізгі педагогикалық қызмет ретінде басшылық нақты педагогикалқ
әрекеттерден құралады. Қалаған педагогикалық жобаның-мейлі ол сабақ, сынып
сағаты, сабақтағы жеке тақырып не бөлім өту, викторина, олимпиада не
қозғалысты өзгерістер, мектеп мейрамы, қайырымдылық іс не экологиялық
саяхат болсын – бәріде мақсат белгілеуден басталады. Басқару үдерісінің
мәні – мақсат-нәтиже бағытындағы оқушылардың әрекеттерінің басын қосып,
үйлестіру, оқу барысындағы басқарым оқушы мүмкіндіктеріне: дайындық
деңгейіне, жұмыс қабілетіне, оқуға қатынасы және т.б. – негізделеді.
Бұлардың бәрі жөнінде ақпаратқа ие болу үшін педагог нақтама қызметін
орындайды. Оқушылар дамуының тән-дене және психикалық ерекшеліктерін,
олардың ақыл және адамгершілік тәрбиесінің деңгейін, сыныптық және отбасы
тәрбие жағдайларын, т.с.с. анықтап алмай, дұрыс мақсат белгілеуге де, оған
жетудің нақты жолдарын таңдауға да болмайды. Жан-жақты тәрбие жүргізуі үшін
педагогика тәрбиелейтін адамын барша тұрғыдан тани білуі міндетті,-деп К.Д.
Ушинский баса айтқан. Міне осыдан тәрбиеші педагогикалық жағдайлар
талдаудың болжастыру әдістерін жете білуі қажет.
Мақсат белгілеу және нақтамалау істерімен тығыз байланыста болжау,
болжастыру шаралары орындалады. Болжау - өз әрекетінің нақты жағдайлардағы
нәтижесін күні ілгері білуге, сонымен нені, қалай істеу керектігін түсінуге
көмектесетін мұғалімнің көрегендік қабілетінен байқалады.
Болашаққа ой жүгірте алмайтын, неге ұмтылатынын пайымдауға өрісі
жетпейтін педагог алдым жөн, артым соқпақ деп тәуекел сапар кешкен
жолаушыға ұқсас. Мұндайда көздеген мақсат кездейсоқ, ойламаған жерден ғана
орындалуы немесе тіпті де бос әурешілік болуы ынтимал. Мұғалімді
болжастыруға үйрете алмайтын педагогиканы К.А. Сухомлинский тәуіпшілдікпен,
көрегендігі болмаған оқытушыны сауатсыз жөргекшімен теңеген.
Нақтылап, сәтті болжамды арқау еткен мұғалім оқу-тәрбие қызметтерінің
жобасын түзуге кіріседі. Нақтама, болжам, жоба оқу-тәрбие істерінің
жоспарын жасауға негіз береді. Жоспар түзумен педагогикалық үдерістің
дайындық кезеңі аяқталады. Өзін қадірлей білген мұғалім барша тарапы
түбегейлі ойластырылған, нақты да анық, толық қамдастырылған жоспарсыз
сыныпқа енбейді.
Сонымен, нақтылау, болжастыру, жобалау мен жоспарлау – оқу-тәрбие
ісінің әр жаңа айналымының дайындйқ кезеңінде мұғалімнің орындайтын
міндетті педагогикалық қызметтері.
Келесі – ниеттерді іске асыру – кезеңінде мұғалім ақпараттық,
ұйымдастыру, бағалау және сараптау, бақылау мен реттеу-түзету міндеттерін
атқарады. Мұғалімнің ұйымдастыру қызметі – балаларды белгіленген жұмысқа
тартып, көзделген мақсатқа жету жолында оларды өзімен бірлікте орындалатын
іске жұмылдыру. Оқушылардың басты ақпарат көзі – мұғалім. Ол бәрін біледі,
ол өз кәсібіне байланысты пәндер – педагогика, психология және әдістемені
жоғары деңгейде жете меңгерген. Пәнменді ынталандыру жағдаяттарын жасауда
мұғалімге бақылау, бағалау және реттеу-түзету қызметтері аса маңызды. Осы
педагогикалық міндеттердің дұрыс орындалуынан оқу үдерісі дамиды,
жоспарланған өзгерістер өз деңгейінде іске асып жатады. Мұғалім бәріне де
қанық: шу-шу-леу немесе мәжбүрлеумен шынайы оқу табысына жету мүмкін емес.
Бақылау сала отырып сәтсіздіктер, олқылықтар мен кемшіліктер себептерін
ашамыз. Бұдан жинақталған ақпарат педагогикалық үдерісті ретке келтіріп,
қажет болса түзетіп, тиімді шараларды дер мезетінде қолданып, ынталандырушы
сеп-түрткілерді пайдалануға мүмкіндік ашады. педагогикалық айналымның
қорытындылау кезеңінде мұғалім ауқымды талдау жұмыстарына өтеді. Мұндағы
басты мақсат – біткен істі сарапқа салып, ол белгіленген деңгейден қаншама
төмендеу орындалды, қай жерде және не себепті іс қарқыны бәсеңдеді, мұның
бәрін келешекте болдырмаудың амалы қандай болмақ, т.с.с. сұрақтарға жауап
табу.
Кәсіби қызметінің көп түрлі де жан-жақты болуынан мұғалім еңбегі
көптеген мамандықтарға байланысты істермен сабақтас орындалып барады: ол-
актер, режиссер және менеджер; ол – сарапшы, зерттеуші және тұқым
іріктеуші. Өзінің тікелей кәсіби қызметтерімен қатар педагог қоғамдық,
азаматтық, отбасылық міндеттерге де жауапкерлі.
Сонымен, бастауыш мектеп мұғалімі көп санды да әрқилы іс-әрекеттер
түрін атқарады. Бұл істердің бәрі кәсіби тілде педагогикалық міндетті
қызметтер деп аталады. Басты педагогикалық міндет – бұл оқу-тәрбие үдерісін
басқару. Басқарудың дайындық кезеңінің элементтері: мақсат белгілеу,
нақталау, болжастыру, жобалау және жоспарлау. Жоспарды іске асырарда
мұғалім ақпараттық ұйымдастыру, бағалау, бақылау және реттеу-түзету
жұмыстарн орындайды. Ал қорытындылау кезеңінің міндеті – біткен істе талдау
сарабына салу.
Мұғалімге қойылатын талаптар
Мұғалімнің ерекше кәсіптік және қоғам алдындағы міндеттері барлық
уақытта өзінің қатал әділқазылары – оқушыларының, мүдделі ата-аналардың,
кең әлеуметтік қауымның назарында болуы – ұстаз тұлғасы мен оның моральдық
келбетіне жоғары талаптар қояды. Мұғалімге қойылатын талаптар – бұл
педагогикалық қызмет табыстарының кепілі болар кәсіби сапалар жүйесі.
Мұғалімге қойылатын педагогикалық талаптар жөніндегі айғақтар бізге
сонау ежелгі ғасырлар тұңғиығынан жеткен, қай уақытта да адамдар оған
жоғары деңгейдегі тапсырмалар тарта отырып, өз мұғалімін қарапайым пенде
кемшілктерінен азат болғанын қалаған. Львовтық бауырластар мектебінің
1586 жылғы жарғысында былай деп жазылыпты: Бұл мектеп мұғалімі инабатты,
ақылды, кішіпейіл дана, ұстамды, араққор емес, зинакер емес, пайдакүнем ұры
емес, көріпкел сәуегей емес, бөспе сөзді емес, жамандықты қолдаушы емес,
бірақ жақсылық жасауға асыққан, бар тұрғыдан ожданды болып, оқушылары да
оған ұқсасын? ХҮІІІ ғасырдың алғашқы кезеңінде-ақ осы күнге дейін өз
маңызын жоймаған ауқымды да нақты мұғалімге қаратылған талаптар белгіленген
Я.А. Коменский тұжырымынша, мұғалімнің басты парызы - өзінің жоғары
инабаттылығымен, адамдарға деген мейірмен, білім мен еңбеккерлігі және
басқа да сапаларымен өз оқушыларына өрнек болып, оларды адамилық
қасиеттерге баулуы тиіс.
Мұғалім тағам мен киімде – қарапайым, қызметте – сергек әрі еңбеккер,
мінезде – кішіпейіл және әдепті, сөз саптауда – мәнерлі де ұстамдылық
көрсете білуі шарт. Сонымен бірге жеке қатынастар мен қоғамдық өмірде
байсалды да байыпты болғаны жөн. еріншектік, енжарлық, әрекетсіздік –
мұғалім кәсібімен тіпті де сиыспайтын келеңсіз қасиеттер. Мұндай ақаулықтар
оқушыларыңызда болмасын тілесеңіз, олардан алдымен өзіңіз құтылып алыңыз.
Кімде-кім ең жоғары міндет – болашақ тәрбиесін қолына алатын болса, ол
күніменгі сергектігін бірде жоғалтпай, оқушы дәптерін тексеруге қатысты
ауыр еңбекті басынан кешіруге дайын болуы, той-тамаша, сән-салтанат және
басқа рух жалаңаштаушы нәрселерден аулақ жүруі қажет.
Я.А. Коменский мұғалімдерден балаға жылы лебізбен, мейірлі қатынас
жасап, қаталдығымен оны өзіненқашықтатып алмай, керісінше, аталарша
бауырына тартып, мәпелеуді талап еткен. Балаларды жеңіл әрі қуанышпен
оқыту керек: сонда ғана ғылым нәрі күштеп, зорламай-ақ, жан қалауы және
шын көңілмен оның бойына енеді.
К.Д. Ушинский мұғалімдерді жас жанға жылу берген шуақты күнге
теңейді. Ұстаздардың Ұстазы болған ұлы педагог қазақ мұғалімдеріне жоғары
талаптар қойды. Терең де жан-жақты білімсіз мұғалім болуы мүмкін емес,-деп
тұжырымдады ол. Бірақ тек білім әлі жеткіліксіз. Ол берік әрі мықты сенім-
наныммен байланысты болуы қажет. Бұл сапаларсыз нағыз мұғалім болып жетілу
қиын: ... адам тәрбиесінің даңғыл жолы – бұл сенім, ал сенімге тек
сеніммен ғана ықпал жасау мүмкін. Әрқандай оқу бағдарламасы, қалаған
әдістеме мейлінше жоғары дәрежеде түзілгенімен, тәрбиеші сеніміне өтпесе,
қауқарсыз әріптер тізбегіне айналады.
Мұғалімге қойылатын алғашқы талап – педагогикалық қабілеттердің болуы.
Педагогикалық қабілеттер – бұл оқушылармен жұмыс істеуге, балаларға деген
мейір, олармен қатынаста болудан ләззат ала білу бейімділігін танытушы
тұлғалық сапалар. Көп жағдайларда педагогикалық қабілеттер – мәнерлі
сөйлеу, ән салу, сурет салу, балаларды ұйымдастыра білу және т.с.с.-нақты
әрекеттерді орындауда көрінетін ептіліктер дәрежесінде қалыптастырылады.
Қандай да ептілік белгілі қабілеттің сырттай көрінісі. Осы заманғы
педагогикалық психологияда қабілеттердің төмендегідей маңызды топтары
ажыратылған:
1. Ұйымдастырушылық. Мұғалімнің оқушыларды оқу-танымдық істерге тарту,
міндеттерді бөлістіру, қызмет жоспарлау, орындалғандарға қорытынды жасау
және т.б. ептіліктерінен көрінеді.
2. Дидактикалық. Оқу материалдарын, көрнекі құралдарды, техникалық оқу
жабдықтарын, жинақтау және дайындау; оқу мазмұнын түсінікті, анық, мәнерлі,
нанымды және бірізді баяндау; оқушыларды өздерінің танымдық қызығулары мен
рухани қажеттерін дамытуға ынталандыру, олардың оқу-танымдық белсенділігін
және т.б. арттырып бару.
3. Түсінім. Мұғалімнің өз шәкірттерінің жан дүниесіне еніп, олардың
көңіл-күй кейіпін шынайы бағалауға, психикалық ерекшеліктерін тани білуде
көрінетін ептіліктері.
4. Қарым-қатынастық. Өз әріптестерімен, оқушылармен, олардың ата-
аналарымен, оқу орны жетекшілерімен жақын іскерлік байланыстар түзуде
көрінетін мұғалім ептіліктері.
5. Ықпал таныту. Көңіл-күй, ерік әсерлері арқылы оқушыны билеу.
6. Зерттеушілік. Педагогикалық жағдайлар мен үдерістерді шынайы танып,
бағалау ептіліктерімен іске асырылатын қабілет.
7. Ғылыми-танымдық. Педагогика, психология, әдістеме салалрындағы
ғылыми жаңалықтарды игере білу қабілеттерімен белгіленеді.
Мұғалімдердің өздеріне қойылған сауалнама жауаптарына жүгінсек,
педагогикалық қызметте аса қажет, яғни жетекші қабілеттер түрі
төмендегідей: педагогикалық қырағылық, дидактикалық, ұйымдастырушылық,
көңіл - шуақтылығы, ал қалған түрлері аталғандарға қосалқы, жәрдемші қызмет
орындайды.
Көп мамандардың пікірінше, қандай да бір қабілет адамға жұғысты
болмаған жағдайда, оның орны басқа мәнді келген кәсіби сапалар –
еңбеккерлік, өз міндеттеріне адал да байыпты қатынас, ұдайы өзіндік
жетілумен – толтырылып (теңдестіріліп) барады.
Педагогикалық қабілеттер (талант, дарын, нышандар) педагогикалық
кәсіпті иелеудің алғышарттары болары сөзсіз, бірақ шешуші кәсіптік сапа
қызметтерін атқара алмайды. Қаншама мұғалім болудыкөздеген, бұл кәсіпке сай
жемісті нышандары да көрінген талай адамдар педагог кемеліне жете алмай
қалған, ал алғашқыда мұндай ұқыбы мен талай студент болашақта педагогикалық
шеберлік шыңына көтерілгенін тәжірибеден көріп жүрсіз. Педагог болып
жетілудің басты кілті – еңбектенуде.
Сондықтан да мұғалімге қажет маңызды сапалар – бұл еңбеккерлік,
талапшылдық, тәртіптілік, жауапкершілік, мақсат қоя білу, оны шешу жолдарын
таңдай білу, ұйымдастырушылық, табандылық, жүйелілік және өз кәсібін
жоспарлы жетілдіріп бару, өз еңбегінің кәсіптік дегейін ұдайы көтеріп тұру,
т.с.с. Осы сапалардың арқасында педагог өндірістік қатынастар жүйесінде өз
міндеттерін атқара білетін қызметкер шболып қалыптасады.
Көз алдымызды оқу орындары әлеуметке білімдену қызметтерін көрсетуші
өндірістік мекемелер сипатын ала бастады. Мұндай мекемелер енді өз жұмысын
нақты жоспар, келісім-шарт негізінде жүргізеді. Педагогтар ереуілі, оқу
орындарының бәсекелестігіне бірте-бірте үйреніп те келе жатырмыз. Бұлардың
бәрі нарықтық экономика заманына тән белгілер. Міне осы жағдайларда оқу-
тәрбие үдерісіндегі ұнамды қарым-қатынастарды түзу үшін педагогтың адамилық
қасиет-сапалары кең маңыз алады. Атайтын болсақ, олар: адамгершілік,
қайырымдылық, шыдамдылық, адалдық, жауапкершілік, әділдік, міндеттілік,
шынайылылық, жомарттық, сыйластық, жоғары инабаттылық, болашаққа сенушілік,
балалар мүддесіне етене жақын болу, ұстамдылық, байсалдылық, үйіршеңдік,
тілектестік, өз басына сын көзбен қарай білу, достық қатынасқа ынтық болу,
қадірлі болу, ұлтжандылық, отансүйгіштік, мандылық, принципшілдік,
ықыластылық, көңіл білдіру әдептілігі және т.б.
Мұғалімде міндетті болуы тиіс аса маңызды сапалардың бірі – гуманизм,
яғни өсіп келе жатқан адамды жер бетіндегі ең жоғары құндылық ретінде тану
және осыған нақты іс-шаралармен қатынас жасай білу. Гуманды қатынас – бұл
тұлғаны жақыннан тани білуге мүдделілік, оқушларға жанашырлық, олардың
пікірімен санасу, балалардың кемелдену ерекшеліктерін білу, шәкірттердің
оқу іс-әрекеттері мен тұлғалық дамуына жоғары талаптар қоя білу. Аталған
сапа-қасиеттердің іс-жүзіндегі көріністерінен хабардар болған жас әулет
алғашында еліктеумен, соң саналы түрде адамдарға деген гуманистік
қатынастарын қалыпқа келтіре бастайды.
Мұғалім - әрқашан да белсенді, шығармашыл тұлға. Ол оқушылар өмірінің
күнделікті ұйымдастырушысы. Оқушы қызығуларын оятып, оларға жетекші бола
білу-ерік қабілеті күшті дамыған жеке тұлғалық белсенділігі артып тасыған
адамда ғана дамитын қасиет. Күрделі ағза болған сынып, балалар ұжымына
педагогикалық басшылық үлкен тапқырлықты, зеректікті, табандылықты,
көрінген жағдайлар шешімін таба білуге дайын болуды қажет етеді. Педагог –
бала жан дүниесіне жетекші, кіршіксіз өрнек, үлгі.
Мұғалімге қажет кәсіби сапалардың және бір тобы – ұстамдылық пен
сабырлылық. Педагогикалық кәсіп иесі әрқашан, тіпті тосын жағдайларда да,
оқу-тәрбие үдерісіндегі өзінің жетекшілік парызын естен шығармай, тәрбие
тізгінін бір де жаздырмауы тиіс. Оқушылар өз тәрбиешісінің олқылығын,
абыржуы мен шарасыздығының куәсі болмағаны абзал. Басынан өткені көп ұлы
педагог А.С. Макаренко өзін ірке алмайтын мұғалім – бұзылған, басқарымы
жоқ машина,-деп ескерткен болатын. Мұны әрдайым жадта сақтаған жөн, себебі
өз әрекеттері мен қылықтарына бақылау қоя алмай, болғанның бәріне балаларды
кінәлап, не болса соан қақырай күйзелуге болмайды.
Мұғалім мінезінің жан сезімталдығы – оқушы қалпын, оның көңіл-күйін
сезіп, көмекке зәру болғандарға дер мезетінде қол ұшын беру қажеттігін
білдіретін барометр. Өз шәкірттерінің бүгіні мен ертеңін ойлап, жан себіл
болатын да мұғалім. Бұл оның табиғи болмысынан. Мұнда мұғалім өсіп келе
жатқан әулет тағдыры үшін жауапкерлі екенінен бір де жаңылмас.
Мұғалімнің ажыралмас кәсіби қасиеті – бұл әділдік. Қызмет бабына орай
мұғалімнің бірдейгі міндеті – оқушыларының біліміне, ептіліктері мен
дағдыларына, әрекет қылығына баға беру. Осыдан, оның бағамдау сарабы
оқушылардың даму деңгейіне сай болып, субъективтік ықпалдардан
шынайылылығын жоғалтпауы тиіс. Тәрбиешінің әділеттілігі осыдан көрінеді.
Осымен мұғалім беделі өлшенеді. Мұғалімнің сыңаржақтығы, күнілгері теріс
ұғымға берілуі мен өзімшілдігі тәрбие істерімен мың қайнаса да сорпасы
қосылмайтын келеңсіз шарттар.
Тәрбиеші әруақыт орнымен талап қоя білуге міндетті. Ұстаз ісінің
жемісі – осы талаптан. Мұғалім қатаңда да жоғары талапты алдымен өзіне
қойғаны жөн, себебі өзінде болмағанды басқадан, әсіресе оқушыдан талап ету
– қиянат. Ақыл сарабынан өткен талап – педагогикалық табыстың кепілі.
Тәрбие шеберлігі дамудағы тұлға мүмкіндіктерін арқау етеді.
Педагогикалық үдерісте қарқынды немесе ауырлау жүктемеден бала шаршап-
шалдығады, ой қызметі талықсиды, мұндайда оқушыны күйзелістен шығарудың
бірден-бір жолы - әзіл, қалжың пайдалану. Мұғалім юморы мұндай жағдайда
бала кейпіндегі күйзелісті бір сәтке ұмыттырып, оқу желісін қалпына
келтіреді. Осыдан тәрбиемен айналысатын адам өзінің ғылыми білім қорына
жоғары адамилық қасиетті танытатын шешендік, әзілкештік, қалжың және т.с.с.
сапаларды қоса меңгергені жөн. сабақ желісіне орнымен ендіріліп,
қолданылған әзіл сын, қалжың сөз, мақал-мәтел, қанатты афоризм, көңіл
жадыратарлық күлкі – бәрі де сыныпта ұнамды көңіл пайда етіп, оқу ісін
шаттана қабылдауға себін тигізеді.
Педагогтың кәсіби әдебі, әдептілік сезімі – оқушылармен қатынас түзуде
аса қажет ерекше ептілік дүние. Оқушымен қандайда да байланысқа келудегі
шама-шарық сақтау осы педагогикалық әдеп пен мұғалімнің әдептілік сеземіне
тәуелді. Әдептілік – бұл тәрбиешінің ақылы, сезімі және жалпы мәдениетінің
бір шоғырлы, жинақы көрінісі. педагогикалық әдептіліктің өзегі –
тәрбиеленуші тұлғасына болған сыйластық. Бала болмысын түсінген педагог
нақты жағдайда оған ықпал жасаудың қандай да шарасын таңдай отырып, өзін
әдепсіз әрекеттерден сақтандыра алады.
Мұғалімдік қызметте жеке тұлғалық қасиеттер мен кәсіби сапалар арасын
жікке айырып болмайды. Кәсіби сапалар негізгі – арнайы білім мен
ептіліктер, ой тәсілдері мен іс-әрекет әдістері. Олар арасында ерекше көзге
түсетіндер: оқу пәнін, пәнді оқыту әдістемесін жете меңгеру; психологиялық
дайындық, жалпы ой-өріс, дүниетаным; ауқымды мәдениеттілік; педагогикалық
шеберлік; педагогикалық еңбек технологиясын жан-жақты білу;
ұйымдастырушылық ептіліктері мен дағдылары; педагогикалық әдеп;
педагогикалық техника; қарым-қатынас жасай білу; ділмарлық және т.б.
сапалар. Педагогты ең жоғары кәсіби сатысын танытушы сапа – мұғалімдік
еңбекке болған ның сүйіспеншілігі, ал бұл сапаға ие тұлға өзінің
адалдығымен, жанпидалығымен, өзіне және өз кәсіби деңгейіне үздіксіз
жоғарылап баратын талап қоя білетін, тәрбиелік істерінің нәтижесінен жүрек
жарды шаттана алуымен ерекшеленеді.
Қазіргі заман мұғалімінің тұлғалық белгісі – ой өрісінің кеңдігі мен
оның ауқымды дүниетанымы. Заман аымымен теңдей қадам атамын деген әрбір
адам өте көп ақпараттан хабардар болуы қажет. Мұғалім барлық уақытта да
еліктей үлгісі болған. Оған қарап жас әулет өмірлік бағыты мен іс-әрекет
бағдарын таңдаған.
Бастауыш мектепте мұғалім – дүниеге саналы көзін енді ашқан оқушы үшін
ұқсап бағар мұрат, оның табалы бұлжытпас заң. Кейде ата-анасының дәйекті
сөзін де місе тұтпай, кішкене оқушының апайым (ағайым) осылай істейсің
деді-деп, тапжылмай тұрып алатыны осыдан. Бірақ мұғалім тұлғасын
балалықпен әсірелеу ұзаққа бармай, бірте-бірте кеми бастайды.
Демократиялық қоғамның гуманистік мектебін құру жолында үлкен кедергі
болып тұрған психологиялық-педагогикалық құбылыс – дидактогения – оқушыға
деген аяусыз қаталдық пен безбүйректік. Сыныпта қалыптасқан мұғалімнің
әміршіл қатал қатынасынан оқушы сөйлеймін десе, сөзін таба алмай, тақтаға
шықса қалтырап, дірілдеп үлкен психикалық күйзелістен қиналып, жүйке
сырқаттарына шалдығатыны осыдан. Мектептегі дидактогения, оның салдарынан
болатын оқушылардың дидактогения сырқаты - өткен дәуірде қоғамымызда орын
алған келеңсіз жәйттердің қалдығы. Бұдан арылып, адамилық қарым-қатынасты
ізгілік деңгейіне жеткізу – бүгінгі мұғалімнің өсіп келе жатқан әулет,
бүкіл қоғам алдындағы парызы да қарызы.
Заманымыздың озық педагогы Ш. Амонашвили: ... Мұғалім! Егер сен өз
тәрбие әдістеріңді гуманистік бастаумен жетілдіріп, жаңалаймын десең,
өзіңнің бір заманда оқушы болғаныңды ұмыртпа, осыдан, өз шәкірттеріңді
басыңнан өткен азаптарға керіктіре көрме-деген ұстаздық ұлағатты жан
айқайына құлақ түріңіз.
Мұғалім кәсібіндегідей адамға қойылатын талап басқа бірде бір кәсіпке
тән емес. Байқасақ, сыныпқа еркін кіріп, Балалар, сәлем! Мен сендердің
мұғаліміңізбін!-деп тартынбастан айту үшін өз тәрбиемізге орай талай
келелі істерді орындауымыз қажет екені көрініп-ақ тұр.
Мұғалім шеберлігі
Бастауыш мектеп мұғалімінің жұмысын сараптауда ең алдымен назарға
алатын бірігімді сапалар жиынтығы – мұғалім шеберлігі. Бұл ұғымға берілетін
анықтамалар санқилы. Ал жалпы мағынада мұғалім шеберлігі – бұл өте жоғары
деңгейдегі әрі ұдайы жетіліп баратын тәрбиелеу және оқыту өнері. Шеберлік
негізі – жеке тұлға мәдениеті, білім мен өрісті дүниетаным және осы
сапалармен кіріге ұштасқан педагогикалық техника мен озат тәжірибе.
Шеберлікке көтерілудің басты шарттары: теорияны білу, оқу-тәрбие үдерісінің
тиімді технологиясын пайдалана білу мен оны нақты жағдайларға орай
сәйкестендіре таңдау, көзделген деңгей мен сапаға байланыстыра нақтамалау,
болжастыру және жобалау.
Педагогикалық шеберліктің құрамды қырлары мен сырлары баршылық.
Олардың арасында ең алдымен көрінетін аса қажетті сапа – ұйымдастырушылық,
яғни оқуүдерісінің қандай жағдайында болмасын, тіпті қолайсыз болған
күндеде, тәрбие, даму және білімнің алдын ала жоспарланған деңгейіне қол
жүргізу. Нағыз мұғалім қалаған сұраққа қалыптан тыс жауап тауып, оқушы
көңілінен шығады, оның ойына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып математика сабағында оқушыларды уақытты орынды пайдалануға үйрету
МАТЕМАТИКАДАН ОҚУШЫЛАРДЫҢ АУЫЗША ЕСЕПТЕУ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ
БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ОҚУШЫЛАРДЫ ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА ӨЗДІК ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Бастауыш сынып математика сабақтарында пайдаланатын оқыту əдістерін таңдау
Қазақ тілі сабағында дидактикалық ойындарды пайдалану
Математиканы оқытудың нақты әдістемесі
Математиканы оқыту процесіндегі есептердің функциялары
Бастауыш математика курсындағы шамалар және олардың өлшем бірліктерін оқыту әдістемесі
Математика мен информатиканы интеграциялап оқыту мүмкіндіктерін анықтау
Пәндер