Египеттің туризмі туралы ақпарат
Кіріспе
Негізгі бөлім:
1.Египеттің территориялық құрамы және экономикалық.
географиялық жағдайы.
1.1. Египеттің халықтық жағдайы ... ... ... ...
1.2. Шаруашылығының жалпы сипаттамасы
1.3 Египеттің туристік қалалары
2.Египеттің қазіргі туризмі және болашағы
2.1. Египеттің туризміндегі туристік орындары
2.2.Египеттің Қазақстанмен ара.қатынасы
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Египет – тарихқа өзінше бай, қойнауы құпияға толы сұлу ел. Ежелгі Египетті өркениеттің бесігі деп атау дәстүрі қалыптасқан. Бүгінде үш жүз жылдан астам уақыт Нілдің ұлы жағалауында өркендеген мемлекет саяхатсүйер қауымның үлкен сұранысына ие болып отыр. Перғауындардың таңғажайып әлемі мен мәңгі пирамидалардың құшағына сапар шегуді сіздің де армандайтындығыңызға сенімдіміз. Ендеше, танылмаған, ашылмаған әлем туралы қызықты мәліметтер Әлемтаудың бүгінгі жазбасында...
Замануи Египет. Тарихтың иісі аңқып жатқан мекенде бүгінде сонау римдік құлдыраудан бері келе жатқан араб халқы өмір сүреді. Египеттің жалпы халық саны 60 млн. адамды құраса, оның 20 млн-ы ел астанасы Каирда тұрады. Халықтың ең тығыз орналасқан жері – Ніл өзенінің жағалауы.
Осы уақытта Египет деп аталатын Араб Республикасы елінің жерінде бағзы заманда қазіргі кездегі барлық адамдардың назарын өзіне магнитше тартқан күшті және құпиялы өркениет пайда болған. Европа мен Америкада тас мен жабайы аңшылық ғасыры үстемдік еткен сол бір замандарда ежелгі египет инженерлері Ұлы Ніл бойында ирригациялық құрылыстар тұрғызып, ежелгі египет математиктері Ұлы Пирамиданың негізінің тік төртбұрышы мен қисаю бұрышын есеп шығарған, көне египет сәулетшілері маңыздылыңы мен мәнін уақыттың өзі өшіре алмаған керемет шаһарлар тұрғызған.

1. GULNAR TOUR travel company − ЕГИПЕТ 2007 [1]
2. Trek travel international (since 1980) − Египет 2008 [2]
3. Путеводитель по Египту − Москва 2005г. [3]
Интернет сайттары:
1. WWW.TEZTOUR.COM [4]
2. WWW.SOUTHTOURS.COM.TR [5]

Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім:
1.Египеттің территориялық құрамы және экономикалық-
географиялық жағдайы.
1.1. Египеттің халықтық жағдайы ... ... ... ...
1.2. Шаруашылығының жалпы сипаттамасы
1.3 Египеттің туристік қалалары
2.Египеттің қазіргі туризмі және болашағы
2.1. Египеттің туризміндегі туристік орындары
2.2.Египеттің Қазақстанмен ара-қатынасы
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі:
Курстық жұмыс тақырыбы Египеттің туризмі болғандықтан, африка
мемлекеттерінің және жалпы туризм тарихына тоқталып өтуді жөн көрдім.
Египеттің туризм тарихы ертеден басталады.
Египеттегі туризм өз кезегінде әлемдік шаруашылықтың ең қарқынды
және өз шығынын өзі өтей алатын түрі болып саналуын және туризм жүйесінің
дамуы қарастырып, Египеттің халық шаруашылығындағы рөлі мен маңызын
анықтау.
Жұмыстың мақсаты: Курстық жұмысты жазу барысында жалпы Египеттің
мемлекетінің туризм саласының дамуы, мемлекет тұрғысынан алатын орны,
туризм мәселесіндегі өзіндік саясатын ашып көрсетумен қатар халықаралық
қарым – қатынастағы туризмнің даму барысын көрсет болып табылады.
Сонымен қатар курстық жұмысты жазу барысында қазіргі таңдағы ғылыми
зеттеу саласындағы барлық стандартқа сай жазылуын қадағалау.
Жұмыстың құрылымы: Египеттің туризмінің индустриялық дамуы: Туризмнің
дамуына әсер еткен факторлардың түрлері, Туристік индустрияға мемлекеттік
қолдау көрсетудің түрлері; Египеттің халықаралық жағдайдағы туристік
қызметі және туризміндегі туристік инфрақұрылымның рөлі: Египеттің
туризміндегі туристік инфрақұрылымның рөлі, Египеттің халықаралық
жағдайдағы туристік қызметі және курстық жұмысқа кіріспе, курстық жұмысқа
қысқаша қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тірімі қарастырылған.

1.1. Египеттің халықтық жағдайы
Египет – тарихқа өзінше бай, қойнауы құпияға толы сұлу ел. Ежелгі
Египетті өркениеттің бесігі деп атау дәстүрі қалыптасқан. Бүгінде үш жүз
жылдан астам уақыт Нілдің ұлы жағалауында өркендеген мемлекет саяхатсүйер
қауымның үлкен сұранысына ие болып отыр. Перғауындардың таңғажайып әлемі
мен мәңгі пирамидалардың құшағына сапар шегуді сіздің де
армандайтындығыңызға сенімдіміз. Ендеше, танылмаған, ашылмаған әлем туралы
қызықты мәліметтер Әлемтаудың бүгінгі жазбасында...
Замануи Египет. Тарихтың иісі аңқып жатқан мекенде бүгінде сонау римдік
құлдыраудан бері келе жатқан араб халқы өмір сүреді. Египеттің жалпы халық
саны 60 млн. адамды құраса, оның 20 млн-ы ел астанасы Каирда
тұрады. Халықтың ең тығыз орналасқан жері – Ніл өзенінің жағалауы.
Осы уақытта Египет деп аталатын Араб Республикасы елінің жерінде бағзы
заманда қазіргі кездегі барлық адамдардың назарын өзіне магнитше тартқан
күшті және құпиялы өркениет пайда болған. Европа мен Америкада тас мен
жабайы аңшылық ғасыры үстемдік еткен сол бір замандарда ежелгі египет
инженерлері Ұлы Ніл бойында ирригациялық құрылыстар тұрғызып, ежелгі египет
математиктері Ұлы Пирамиданың негізінің тік төртбұрышы мен қисаю бұрышын
есеп шығарған, көне египет сәулетшілері маңыздылыңы мен мәнін уақыттың өзі
өшіре алмаған керемет шаһарлар тұрғызған.
Бүгінгі Египет – Африканың солтүстік-шығысында орналасқан ірі араб елі.
Оның аумағының бір бөлігі - Синай түбегі - Азияда жатыр.Екі континенттің
арасындағы шекара Суэцк каналының бойымен өтеді.
Египеттің миллион текше километрден асатын аумағының 96% - бұл сирек
кездесетін шұрайлы жерлерден тұратын шөлді дала, ал шөлді даланың аумақты
бөлігі –құмды емес, таулы болып келеді. Қалған бөлігінде 70-миллиондық
тұрғыны бар елдің 9 проценті әлі күнге дейін өмір сүріп жатқан Нільдің
алқабы мен атырауы.
Тіпті ежелгі грек тарихшысы Геродот Египет – Нілдің сыйы деп айтқан
болатын. Ұлы өзеннің арнасы мың жарым километрге созылып, оңтүстіктен,
Суданмен жалғасып жатқан шекарасынан солтүстікке, Жерорта теңізінің
жағалауына дейін, шығыс Аравия шөлейтін батыс Ливия шөлейтінен бөліп жатыр.
Нілдің бойындағы тіршілік жолағының арнауы оңтүстігінде бір километрден
Каир ауданына дейін 20-25 километрге дейін жетеді.
Шөлейт жерлерінің өзі: құм, құм төбелер, көшпенділердің тілдерінде ғана
атауы түсінікті – сарыдан, қою сары секілді күлгін түске дейінгі небір
түстердің түрлері аса бір әсерде қалдырады.
Египет – төтенше қонақжай ел. Қонақтарын қашанда ашық көңілмен қарсы алады.
Сіздің жанұяңыз, жұмысыңыз, Египеттен алған әсеріңіз туралы қызықтап
сұрайды. Ең болмаса бір шыны шәй ішіп кетіңіз деп, ақ көңілімен қонаққа
шақырады. Египетке миллиондаған саяхатшылар келген – олардың көптегені
мұнда қайта-қайта келіп кеткен. Олардың ішіндегі ең танымалдары Нілдің
бойындағы ғажайып елді сипаттаған жол жазбаларын қалдырған: математик
Евклид, географ Страбон, жазушылар Гюстав Флобер и Агата Кристи, Лоренс
Даррелл и Э.М. Форстер. Тіпті жаугершілер де бұл елдің сұлулығына
жәйбірақат қала алмаған. Ұлы Александр оған Александрияны сыйлаған;
Наполеон, оның архелогтары Ежелгі Египетті ашқан, бір сапарында әскерлеріне
қарап, толқи тұра: Солдаттар, мына пирамидалардың биіктігінен сендерге
қырық ғасыр қарап тұр! деген сөздер айтқан.
Египеттің тарихы 7 мың жылды қамтиды. Оның аумағында сақталған ежелгі
мәдениеттің ештеңеге тең келмейтіндей ескерткіштері жер бетіндегі орасан
зор туристерді өзіне тартып отыр. Орасан зор пирамидалар және Үлкен Сфинкс,
Жоғарғы Египеттегі ұлылық шаһарлар, басқа да көптеген тарихи және
архитектуралық қайталанбас туындылар – осының бәрі мұндай таңқаларлық елмен
жақын танысқандардың бәрінің қиялын шарықтата түседі.
Табиғаты.
Ніл алқабында Египеттің бай өлкесі мен атырауында жердің әрбір текше метрі
барынша пайдаланылады. Мұнда бидай, арпа, қарақұмық, күріш, жүгері, мақта,
қант құрағы, көкөністер, маслина мен дәмдеуіштер өсіріледі. Орман, тоғайлар
мүлдем жоқ, бірақ та Нілдің жағалауында құрма пальмалары өседі. Жеміс
ағаштары, банан плантациялары мен жүзімдер Нілдің шұрайттары мен атырауында
өздерін өте тамаша сезінеді. Жерорталық жағалауларда негізінен пальма тығыз
өскен жағажайлар, Синай түбегінде – көлденеңінен кесілген жатқалдар, барлық
түске боялған тау ландшафтары көз тартады. Шөлейттің ортасында шоқ
тоғайлары мол өскен шұрайттар, плантациялар мен мол өнімді дәнді дақылды
егістіктері бар жасыл аралдар.
Тұрғындары.
Бүгінгі күні Египеттің тұрғындары 70,5 млн.адамнан асады және жыл сайын 1,3
млн. өсіп отырады. Каирда қазір 17 млн. адам өмір сүріп жатыр, бұл
дегеніміз 50-ші жылдардағы барлық елдің тұрғындарының саны. Ежелгі
египеттіктердің арабтанған ұрпақтары тұрғындардың 99% құрайды. Этникалық
азшылықты нубийлықтар, сонымен қатар бедуиндер және өзге де көшпелі
тайпалар құрайды. Тұрғындардың 80% - шаруалар (феллахтар)
Египттің діні.
Ресми деректер бойынша египеттіктердің 90% - мұсылмандар, 10% -
христиандықты дәріптейтін коптар.
Ислам.
Ислам, үш әлем діндерінің ішіндегі ең жасы. Оның негізін салушы 570 ж.
Меккеде (бүгінде Сауд Аравиясы) дүниеге келген саудагер Абу әл-Қасым
Мұхаммед ибн Абд Аллах ибн Абд әл-Мутталиб ибн Хашим. Мұхаммед пайғамбар
арабтардың арасында Аллахтың жалғыз екендігі сенімін бекіту үшін жіберілген
болатын.
Библиядағы фактілер мен кейіпкерлер Мұхаммедтің миссиясы туралы,
мұсылмандық, христиандық және иудизмнің арасындағы байланысты ашып
көрсетеді. Мұхаммедке ақиқат хабарды Жебірейл (Гавриил) жеткізген. Исламда
Моисей, Иисус және Марияны дін тарихындағы қасиетті тұлғалар деп санайды.
Христиандар мен иудеилер Мұхаммедтің пайғамбар екендігін мойындамағаннан
кейін, ол исламды жеке дін ретінде танытты. Алайда, христиандық және
иудистік діни ілімдері исламның өздерінің ізін басушылар екендігін
мойындайды.
Ислам ілімінің негізі христиан дінінен негізгі мәселелер бойынша айрықша
болып келеді. Ол адамзаттың алғашқы күнәсін, Иисустың құдайдан туылуын,
оның айшықта өлуін мойындамайды, өйткені мұсылмандардың сенімі бойынша
құдай мәңгі өмір сүреді – туылуы да, тууы да мүмкін емес.
Ислам сөзін жие барлығы алладан, немесе барлығы алланың еркінде деп
аударылады. Ілімнің мәні мұнымен шектелмейді. Сенім бес парызға иек
артады: сыйыну Аллахтан басқа құдай жоқ, Мұхаммед – оның елшісі
сөздерімен басталады; намаз – құдайға сенушілер күн сайын бетін Меккеге
қаратып, бес рет намазға жығылады; мұқтаждарға садақа тарату; рамазан
айында ораза ұстау; әрбір мұсылман өмірінде ең болмаса бір рет қаражаттық
және өзінің жағдайына қарай Меккеге хажылыққа бару. Өкінішке қарай, нағыз
мұсылмандар үшін бұл парызды өтеу қиыншылық туғызып отыр, себебі Мекке
қаласы барлық келем деушілерді қабылдай алмайды.
Дилетанттардың айтуы бойынша сенімнің алтыншы парызы джихад – нақтыланбаған
аудармасы қасиетті соғыс деп аталады. Негізінде алғанда соғыстың бұл жерде
ешқандай қатысы жоқ – бұл түсініктің негізінде аллаға адал берілу, жақсы
болу немесе ең жақсы болуға ұмтылыс жатыр. Мисионерлік исламның міндетті
мақсаттарына жатпайды.
Мұсылмандардың қасиетті кітабы Қоран (арабша – оқу, декламация (мәнерлеп
оқу өнері)) өзінің сүрелерінде (тарауында) Мұхаммедке жіберілген ғажайып
ашылуды (откровении) баяндайды. Қоранды аллах елшісінің айтқандары мен
істеген істерін қысқаша мазмұндайтын Хадис толықтырады. Хадис екі бөлімнен
тұрады:
бірінші бөлімінде Мұхаммед пайғамбардың айтқандарын өз құлағымен естіген
немесе қылықтарын өзі көрген адамнан бастап, ұрпақтан ұрпаққа жалғастырған
адамдардың аттары жазылған; екінші бөлігінде: әңгіменің өзі берілген. IX-Х
ғғ. белгілі теологтар таңдап алған және мойындаған Хадистің үзінділері
сүнна деп аталады, бұл мұсылмандардың қасиетті жеткізуі. Египетте
исламның негізгі екі бағыты – сүнниттер мен шииттер өмір сүреді.
Тұрғындардың көбі сүнниттер. Шииттер сүниттерге қарағанда діни және саяси
мағына жағынан радикалды, бірақ та олардың саны Египетте көп емес.
Ислам - қоғам мен жанұяға христиан дініне қарағанда өлшеусіз үлкен әсер
етеді. Египеттегі зиялы заңнаманың негізін мұсылмандық құқықтық норманың
жиынтығы – шариат құрайды, бірақ та жұмсартылған үлгісінде қолданылады.
Египетте ұрлық үшін қолын шабу сияқты қатаң жазалаулардан бас тартқан.
Шариат пен қазіргі уақыттағы заңнаманы жақындастыруға қадамдар
жасалуда.[1]
Копт христиандары.
Копт сөзі арабтың купт сөзінен, ал оның өзі гректің эгиптос сөзінен
шыққан. Бірақ түп тамыры одан да тереңіректе ежелгіегипеттік "Ха-Ка-Птах"
сөзінен таралуы да мүмкін. Коптар Ніл алқабын мекендеген алғашқы египеттік
христиандардың ұрпақтарымыз деп санайды. Египтегі христианшылдықтың пайда
болған жері Александрия, бұл жерден ол елдің ішіндеекі негізбен:
анахореттік және монаштық қоғамдастық ретінде тарады. Коптар Иисус
Христосқа екі – тәңірлік және адамдық табиғат емес, тек бір ғана тәңірлік
табиғат қана тән деген сенімді ұстады. Әлемдік Халкидон Соборы 451 ж.
монофизиттікті қате ілім деп айыптағаннан кейін, Египеттегі копт шіркеуі
ортодоксалды христиан шіркеуінен ажырады.
Египетті 641 жылы арабтар жаулап алғанға дейін бірнеше ғасырлар бойы
христиан елі болып келді. Енді коптар Египеттің 68-миллиондық
тұрғындарының ішіндегі шамамен 5-7 млн. деп саналады. Олар мұсылмандармен
қатиар өмір сүреді, тіпті кейбір уақытта шіркеудің қоңыраулықтары
мешіттердің минареттерімен көрші орналастырылған.
Копт шіркеуінің басында патриарх тұр, қазіргі уақытта Шенуда ІІІ,
резиденциясы Александрияда. Коптар ұқыпты сыйынады және пост (еттен және
сүт тағамдарынан бас тартады) ұстайды. Олардың литургиясы православия
ғұрыптарына жақынырақ.
Спаситель (құтқарушы), Богоматерь (құдайдың анасы) және великомученниктер
(ұлы азап шегушілер) мүсінделген икондарды христиандар үшін қасиетті
жерлерде ғана емес, жәй ғана қолөнершілердің дүкеншелері мен каирдың
дүкендерінің витриналарынан да кездеседі. Мұның өзі Каирда тек қана Ислам
дінін ғана емес, христиан дінінің қасиетті тұлғаларын құрметтейтінін
көрсетеді.
Египеттіктер әлемге монахтық өмірді – орыс мәдениетінің де бір бөлігі
болған дәстүрді сыйлады . Алғашқы монастырь египеттің Шығыс шөл даласында
ІҮ ғасырдың басында киелі Ұлы Антоний негізін қалаған.Ол қазіргі уақытта
да бар. Бір уақытта сол аймақты сол уақыттарда Қасиетті Павел монастыры да
бой көтерді. Нілдің жағасында осы уақытқа дейін орыстар ла құрмет тұтатын
киелі Египеттік Макарий, Қасиетті Екатерина, Египеттік Мария сияқты
қасиеттілер туып, өмір сүрген.
ІҮ ғасырда негізін қалаған Қасиетті Антоний моностыры Каир мен Хургаданың
арасында шамамен жарты жолдық Бенни-Суэйфуде. Әдетте, таң сәріден
монастырьдың қақпасының алдында, шіркеулердің бірінде сақталған бай
икондар коллекциясы мен ҮІІІ ғ. қолжазбаларын көру үшін келушілер жиналып
тұрады. ІҮ-ХІҮ ғасырлардың қолжазбалары сақталған кітапханада сонда.
Египет үкіметі Қасиетті Антония монастырын қайта жарақтандыру туралы
жоспарын жария етті.
Қасиетті Павел монастырының жасы Қасиетті Антония монастырынан қалыспайды.
Аңыз бойынша Қасиетті Антонияның өзі киелі Павелді үңгірдің ішінде
жерлеген, соның айналасынан монастырь тұрғызылған дейді. Қазір монастырьда
төрт шіркеу бар, ал ең ежелгісі Қасиетті Павелдің өлігі (мощи, церк. –
шірімей сақталған өлік) сақталған үңгірдің үстінде. Шіркеудің қабырғалары
жақсы сақталған орта ғасырлық фрескамен сәнделген. Басқа шіркеулер ХҮІІІ
ғасырда салынған. Синай тауының етегінде Қасиетті Екатериана монастыры
бар.
Тілі
Египтегі өзара сөйлесу тілі араб тілінің бір диалектасы, ресми тілі –
“жоғары” араб тілі деп аталатын тіл. Арабтар оңнан солға қарай жазады..
Бірақ сандары солдан оңға қарай жазылып, оқылады.
Египетте ағылшын тілі білімі өте көмектеседі. Қалалар мен курорттық
орталықтарда тұратын көптеген арабтар ағылшын тілінде тілдесе алады; жол
көрсеткіштерінде және көше атауларында жие-жие ағылшын және латын шрифтері
пайдаланылады.
Тұрмыс салттары мен ғұрыптары
Мұсылмандар діні египеттіктердің өмірінің ырғағын анықтайды. Бұл таза
сыртқы белгіден айқын көрінеді: мысалы күніне бес рет муэдзин дауыс
күшейткіштен дінге сенушілерді намазға шақырады.. Ал рамазан айында түн
күнге айналады. Күні бойы мұсылмандар ораза тұтып, күн батқаннан кейін
ғана ауыз ашады. Бұл уақытта қоғамдық өмір тұрып қалады, мемлкеттік
мекемелер тек 10.00-нан 14.00-ге дейін жұмыс жасайды.
Саяхатшы, әрине египеттіктердің, алдымен ауылдық жерлерде айқын көрінетін,
бірақ та қала өміріне де бөтен емес ұлттық киімінің ерекшеліктеріне назар
аударады.Египеттіктер кең пішілген жейделер киеді, жәй адамдар әдетте ақ
түсті таңдайды, ал әйелдер әр түрлі түстегі элементтермен әрлендіреген,
қара түсте киінеді, арасында әшекеймен немесе шілтермен безендіреді.
Көптеген әйелдер мұсылмандық құндылықтарға бет бұра күйеулерінің немесе
жанұясының дегенімен хигаб – бетті жаппай, тек шашты жауып тұратын
паранджаның бір түрін, және ұзын кең көйлек – галабей киеді.
Экономикасы
Барлық еңбекке жарамды тұрғындардың 30% ауыл шаруашылығымен айналысады.
Өнеркәсіпте тоқыма фабрикалары мен азық-түлік өндіру жөніндегі
кәсіпорындарының маңызы зор. Хелундағы орзан зор металлургиялық
комбинаттын өздерінің мол жерасты қазба байлықтары шикізатпен қамтамасыз
етеді. Электр энергиясын ең алдымен Асуан гидростансасы береді.Табиғи
газдың ірі жерасты қоры бар.
1979 жылдан щетел капиталдарының құйылуы анағұрлым өсті. Елдің барлық
аудандарын бірімен-бірін жалғастырып жатқан жол құрылысы кеңейді,
мектептер, емханалар салынды, телефон байланысы жаңартылып, кеңейді.
Египеттік фунт тұрақты валютаға айналды.Туризм индустриясы қарқынды дамуда
- ондаған жаңа қонақ үйлер бой көтерді, Қызыл теңізде жаңа курорт
орталықтары құрылды, көптеген ежелгі ескерткіштер қалпына келтірілді.
Мемлекеттік құрылымы
Египет Араб Республикасының Басы және оның қарулы күштерінің жоғарғы бас
билеушісі президент, “раис” деп аталады. Бұл лауазымды Хосни Мүбарак
атқарады.
Парламенттің бес жылға сайланған 448 депутаты (тағы 10 президент сайлайды)
бірдей үлесте шаруалар мен жұмысшылардың атынан сайланғандар. Билік етуші
Өосни Мүбарак төрағалық ететін Ұлттық-демократиялық партия.Шураның
(Парламенттің жоғарғы палатасы) 210 мүшесі кеңесу функциясын атқарады,
олардың ішіндегі 57-ін мемлекет басшысы тағайындайды.
Елдегі халықтың барлығы араб тілінің египеттік диалектісінде
сөйлейтін араб-египеттіктер болып табылады. Египеттіктердің басым
көпшілігі дінді терең ұстанады. Олардың 90%-ға жуығы мұсылман-сунниттер.
Қалған барлық египеттіктер христиандар.
Египетте ағылшын тілін білу өте тиімді. Қалаларда және курорттық
ротаоықтарда тұратын египеттіктер осы тіоде жтік сөйлей алады. Жолдағы
түрлі белгілнр мен көше атаулары араб және латын қаріптерімен жазылады.
Мәдениеті және салт-дәстүрлері
Египеттіктердің мұсылман дінін ұстануы олардың өмір сүру үрдістерін
айқындайды. Күніне бес мәрте мешіттерде халықты намаз оқуға шақырады, ал
рамазан айында түн күнге айналып, күні бойы мұсылмандар ораза ұстайды. Бұл
уақытта қоғамдық өмір бәсеңдейді, мемлекеттік мекемелер тек сағат 10.00-
ден 14.00-ге дейін ғана жұмыс жасайды.
Ұлттық египеттік кім үлгісі тек ауылдық жерлерде ғана емес, сонымен
қатар қалалы жерлерде де үйреншікті жағдай. Египеттіктер негізінен кең
тігілген жейделер киеді және көбінесе ақ түсті таңдайды. Ал әйелдер ашық
түсті элементтермен немесе зергерлік бұйымдармен безендірілген қара түсті
киімдер киеді. Египеттік ұлттық тағамдарды дайындауда көбінесе күріш, қой
еті, ешкі еті, құс, жұмыртқа, ірімшік (уыз тәріздес) және қышқыл сүт
өнімдері қолданылады. Ерекше деликатес−қуырылған александрийялық
креветкалар. Десерт−құрма, інжір және шығыстың тәтті тағамдары. Ең кең
таралған сусын түрі−шай.
Климаты
Египеттің климаты ыстық, әрі құрғақ. Египеттіктерге қар, ылғалды күз
немесе жауынды көктем таныс емес. Бұл жер шарындағы басқа жерлерге
қарағанда шуақты күндер саны ең көп аймақ. Мұнда аспанда бұлттар сирек
кездесетін жағдай, ал әрбір жауған жауын газет беттеріне жазылатын үлкен
оқиға. Жаз маусымында (мамыр-қыркүйек) Каирдегі ауа температурсы күндіз
+35 +40 градус аралығында, қыс маусымында (желтоқсан-ақпан) +15 +20 градус
ралығында ауытқып отырады. Елдің оңтүстігінде сәл жылырақ, ал Жерорта
теңізі жағалауында салқындау болып келеді. Түнгі температура әдетте
күндізгіден 10 градусқа төмен. Египетке сапар шегудің ең қолайлы кезеңі
қазан, қараша айларының екінші жартысы, сонымен қатар наурыз бен сәуір
айларының екінші жартысы. Наурыз бен мамыр айының ортасы аралығында 50 күн
бойы құмды борандар болып тұрады. Бұл кезең хамсин деп аталады.
Қазақстан Республикасы мен Египет Араб Республикасы арасындағы қатынастар.
Қазақстан Республикасы мен Египет Араб Республикасы арасындағы
дипломатиялық қарым-қатынастар 1992 жылғы 6 наурызда орнатылды.Қазақстанның
Египеттегі Елшілігі 1993 жылғы сәуір айында ашылды. 2008 жылғы маусымда
Қазақстанның Египеттегі Елшісі болып Б.Тасымов тағайындалды.
Египеттің Қазақстандағы Елшілігі 1992 жылғы тамыз айынан бастап қызмет
атқарады. 2008 жылғы қазаннан Египеттің Қазақстандағы Елшісі Абдалла әл-
Арнуси болып табылады.ҚР Президенті Н.Назарбаевтың 1993 ж. ақпанында ЕАР-на
жасаған бірінші ресми сапары, қазақстан-египет қарым-қатынастарының
тарихындағы маңызды оқиға болды. Сапар барысында екі ел арасындағы барлық
бағыттардағы өзара ынтымақтастықтың сипаты анықталды.ҚР Президенті
Н.Назарбаевтың 2007 ж. наурызындағы Египетке жасаған ресми сапары мен 2006
ж. қарашадағы ЕАР-ның Президенті Х.Мубарактың Астанаға бірінші ресми сапары
Қазақстан мен Египет арасындағы ынтымақтастықты барлық салаларда әрі қарай
дамыту және нығайтуға елеулі серпін берді.Өткен жылдар ішінде тараптар
әртүрлі деңгейлердегі көптеген өзара сапарлармен алмасты. Олардың ішінде ең
бастылары ретінде ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісі төрағаларының, Сыртқы
істер, Мәдениет және ақпарат, Ауыл шаруашылығы, Индустрия және сауда
министрлерінің, Астана, Алматы қалаларының, Көкшетау мен Жамбыл облыстары
әкімдерінің, Жоғарғы сот төрағасының, Бас муфтидің, ҚР Сауда-өнеркәсіп
палатасы төрағасының т.б. Египетке сапарларын атап өтуге болады.
Қазақстанда сапармен Египеттің Уақуфтар (діни мәселелер бойынша) министрі
(үш рет), Жоспарлау және халықаралық ынтымақтастық министрі, Сыртқы істер
министрінің орынбасары және т.б. болды. Екі ел Сыртқы істер
министрліктерінің арасында бес рет саяси консультациялар өткізілді.Египет
Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес, Әлемдік
және дәстүрлі діндер басшылары съезі мен мұсылман және батыс елдерінің
сыртқы істер министрлерінің Ортақ әлем: әралуандық арқылы ілгерілеу
форумы іспетті қазақстандық бастамаларға қолдау көрсетуде.Египеттің
Уақуфтар (діни мәселелер бойынша) министрі Х.Зақзуқ 2008 ж. 17 қазанда
Астанада өткен Ортақ әлем: әралуандық арқылы ілгерілеу форумына
қатысты.Қазақстан мен Египет арасында бірлескен үкіметаралық комиссияның 4
отырысы өткізілді – (1995 ж. мамырда, 2003 ж. желтоқсанда) Каирде, (2001 ж.
маусымда, 2007 ж. ақпанда) Астанада. Комиссияның бесінші отырысын 2009 жылы
Каирде өткізу жоспарлануда.Екі ел арасындағы тауар айналымы 2008 ж. 253,8
млн. АҚШ долл., оның ішінде экспорт – 239,6 млн. АҚШ долл., импорт – 14,1
млн. АҚШ долл. құрады.2009 ж. қаңтар мен мамыр айлары аралығындағы екіжақты
сауда мөлшері 10 млн. 795,2 мың. АҚШ долл. жетті, оның ішінде экспорт – 5
млн. 911,0 мың. АҚШ долл., импорт – 4 млн. 884,2 мың. АҚШ долл.
құрады.Қазақ-египет қарым-қатынастарының шарт-құқықтық базасы 30-дан астам
құжаттан тұрады.Египет көптеген жылдар бойы еуропалық саяхатшылар мен
зерттеушілерді өзіне тартты. Оған деген қызығушылық әсіресе, қайта өрлеу
кезеңінде көңіл бөлінді. ХҮІ ғасырдағы философ Дж. Бруно ежелгі Египет
мәдениетін ерекше бағалап, грек, рим, еврейлердің ұстазы болғанын атап
өтеді. ХІІІ ғасырдың ортасында Покок, Норден, Брюс Египетте болып, патшалар
жазығындағы пирамидалар туралы сипаттайды. Бірақ 1798 жылы Напалеон
Бонапарттың әскери экспедициясынан кейін ғана, ежелгі Египет мәдениетінің
мұралары шынайы зерттеле бастады. Бұл экспедициядан кейін Описание Египта
деген көп томдық еңбек жарық көрді. Кейбір зерттеушілер египеттік жазулар
құпиясын ашуға кірісті. Олардың қатарында француз филологы Ф. Шампальонды
ерекше атауға болады. Ол жазу құпиясын ашып, египтологияның негізін қалады.
Зерттеуші алғашында әр түрлі фактілік материалдарды-жазулар, суреттерді
жинастырды. Ол Мысыр халқының шаруашылығы, мемлекеттік құрылысы, ғылымы мен
білімінің дамуы, қолөнері туралы да зерттеді. Ғалым Египетте сақталған
барлық этнографиялық рельефтерді, астрономиялық суреттер иероглифтік
жазулардың көшірмесімен қалдырды. 1828 жылы ол Египетке 1,5 жылдық
экспедициямен келіп, Памятники Египта и Нубии атты еңбегін шығарды. Ол
алғаш болып египет тілінің грамматикасы мен сөздігін құрастырды.
ХІХ ғасырдың ортасында неміс ғалымдары Лепсиус және Бургум барлық Египетті
және Синай түбегіне жақын аймақтарды-Палестина мен Нубияны зерттеді.
Экспедиция барысында көптеген археологиялық ескерткіштер жиналды. Лепсиус
және оның серіктерінің зерттеулері нәтижесінде Памятники из Египта и
Эфиопии атты монументальды еңбегі жарияланды. [2]
Эпиграфиялық құжатты деректер
Табыну текстері – өлілер кітабы (қақпалар кітабы, күн кітабы, түн кітабы)
Әдебиет: хордың Сетпе дауы, Аменемопе ілімі, екі ағайындар туралы ертегі,
Унамунның Библияға саяхаты.Ежелгі кезеңнен бүгінгі күнге дейін ең ескі
құжат –Библия жеткен еді. Ортодоксальды шіркеу дәстүрінің айтуы бойынша
Пятикнижьені Моисей, Иисус Навина кітабын Иисус Навик, Руфь, Судия, І мен
ІІ патшалық кітаптарын Самуил, Притча, Экклезиастаны Соломонға жүктейді. Ал
Ветхий Заветтің басқа қалған кітаптарын атауларына сәйкес Исайя, Даниил,
Иускиил жазды деп тұжырымдайды. Библия Израиль, Египет және жақын
аймақтарының тарихынан көптеген мағлұмат береді. Бұл мағлұматтарды дәлелдеу
немесе жоққа шығару қазіргі таңда археологияның бір бөлігі болып табылады.
Библиялық археологияның зерттеу аймағы бірінші ретте Палестинада, ерте
христиандық тез тараған деп санайтын – Египет болып келеді. Сонымен қатар,
объектер қатарына Ежелгі Қосөзенді құраған Ассирия мен Вавилон жатады. Кіші
Азиядан Ветхий Завет жайлы көптеген мәлімет алуға болады. Ал Италия
территориясы Новый Завет жақын болғандықтан библиялық археология зерттеу
жұмыстары өтпеген. ХІХ ғ. ортасында Месопотамияда археологиялық зерттеу
қазба жұмыстарының пионерлері ретінде ағылшын Рич, Лэйярд және Францияда
қызметте жүрген итальян Ботта алдыңғы орынға шықты. Олар кез келген қаржы
көздеріне қазба жүргізіп, қызығушылар қатарына жатты. Себебі, біріншісі-
коммерсант, ал қалған екеуі консулдық және дипломатиялық аппарат
қызметкерлері еді. Әр қазба орындарына ставка қойып, пайда табу мақсатында
қала орындарын тапса, оларды Библия қалаларының атауларына сәйкестірді.
Библия елдерін археологиялық зерттеу үшін арнайы ұйымдасқан қорлар мен
одақтар құрыла бастады. Солардың қатарына 1865 жылы құрылған Палестиналық
зерттеу қорын жатқызуға болады. Қазіргі күнде, осындай ұйымдар саны
жиырмаға жетті: Израильдік зерттеу қоғамы, Ватикан библиялық институтының
Иерусалим филиалы және т.б. Аталған елдер территориясында қазба жұмыстарын
жүргізу, әрине, қызықты, бірақ та негізгі мақсат библияда жазылған
тұжырымдамаларды заттай түрде дәлелдеу керек екенін ұмытпаған жөн. Осындай
пікірді ұстанған ағылшын зерттеушісі Пол Илтон былай дейді: Великие
учителя... вдохновили меня на то, чтобы заняться археологией со специальной
целью: подтверждение Библии. Библиялық археолегияда ірі зерттеуші ретінде
танымал американ Уильям Олбрайт: не может быть сомнений в том, что
археология подтверждает существенную историчность ветхозаветной традиции
деп жазса, Нельсон Глюк: почти невероятно точных исторических
свидетельствах Библии нет никакого археологического свидетельства – деген
пікір білдірді.Төменде іс жүзінде археологиялық мәлімет саны көбейген
сайын, Библияны дәлелдеу қиынға соғуда. Енді қандай дәрежеде археология
шындық екенін көрейік.Ной қайығының шындығы. Бізге Ной қайығының Кавказдағы
Арарат тауына тоқтағанына және суық ауа-райының нәтижесінде оның сақталғаны
белгілі. Вернер Келлердің мәліметі бойынша Арарат тауының жанындағы армян
селосы Вайзитте шопанның тау басынан ағаш қайықты көргені жайлы аңыз кең
тараған. 1833 жылы түрік экспедициясы жаз уақытында ағаш қайықты көргені,
ал 1892 жылы Ефрат өзенінің көзін анықтауға шыққан доктор Нури бастаған
экспедицияның мәңгілік мұздар арасынан қайықтың қалдықтарын аңғарып:
Внутри он был полон снегом, наружная стена –темно –красного цвета деп
сипаттаған. Сонымен қатар, І Дүниежүзілік соғыс кезінде орыс офицер-
авиаторы Росковицкий самолет бортынан қайық қалдықтарының барын айтады. ІІ
Николай бұл хабарды естіп, жіберген экспедициясының оны тек қана көрмей,
фотаға түсіргені де белгілі. Осы мәселені зерттеп жүрген американ тарихшысы
және миссионері Аарон Смит 80 мың ғылыми жұмыс жазып, 1951 жылы оны іздеуге
шығады. Арарат шыңында 12 күндей жүріп, бірақ ешнәрсе таппайды. 1952 жылы
осындай мақсатпен Жома де Рике жетекшілігімен жүргізілген іздеу жұмысы
сәтсіз аяқталады. Бұл факт Библияда атап көрсетілген географиялық пункттер
мен оқиғалардың тарихи шындықпен жанасатындығы немесе жанаспайтындығы
туралы мәселенің тек кішкентай ғана бөлігі.Соддам және Гонар. Библия
аңызына сәйкес Соддам мен Гонар қалалары толығымен талқандалғаны жайлы
мағлұмат береді. Кейбір жағдайда бұл оқиғаны, космостан келген бейтаныстар
қаланы ядролық жарылыспен жер бетінен жоғалтты, дейді. Алайда, өлі теңіздің
оңтүстік бөлігінде 400 м. тереңдікте ағаш қалдықтарына ұқсас үгінділер
табылған. Американ археологы Д. Финегану, кейін В. Кеплер Соддам мен Гонар
апатты өртпен байланыстырып, ал қалдығы теңіз түбіне түскені жайлы
тұжырымға келеді. Бірақ та, Библияда, құдай Соддам мен Гонарға күкірт пен
отты жауын сияқты жаудырды, дейді.И.А. Крывелев: Бұл хабарға сәйкес ең
алдымен вулкан жарылып болған деген гипотезаны келтіруге болады, алайда
көрсетілген аймақта вулкан іздері мүлдем кездеспейді – деп жазады.
Сондықтан да екі палестиналық қалаларды вулканды өңірден іздеу
керек.Египеттегі Израильдіктердің тұтқындары. Египетте жүйелік қазба
жұмыстарының басталуы, келесі кезекте библияның баяндамасы,
израильдіктердің Егтпетте тұтқында болуы мәселесі туады. Осы бағытта
белсенді іздеу жұмыстарын 1837 жылы американ ғалымы Робинсон бастады. Бір
жарым ғасырға созылған зерттеу сәтсіз аяқталады. Египтолог Вильгельм
Шпигельберг: Археология и вообще историческая наука не находят никаких
подтверждений для библейской легенды о пребывании ереев в Египетском
рабстве – деген пікірін ұсынады. Егерде бұл оқиғаны Египет тарихының ең аз
материалы бар кезеңге, яғни 1730 -1580 жылдар аралығы, жатқызуға болады.
Бірақ еврейлердің тұтқында болуы 150 жылға емес, 430 жылға созылды,
сондықтан қалай алғанда да түсінікке сыймас құбылыс.Дәстүр бойынша
израильдіктерге ғана тән жерлеу әдісі болуы қажет. Ал бұл тараптан 400 жыл
ішінде көлемді молалар орны табылуы керек еді. Бірақ олай болмады. Оны
еврейлердің Египетке келгеннен кейін, тез арада бұл елдің тұрмысын, салт-
дәстүрін қабылдауымен түсіндіруге болады, сонда да діни және жерлеу
әдісінің ерекшелігінің ұмытылуы мүмкін емес.Тағы бір пікір бойынша табылған
Египет папирустарындағы мәтін библияға өте ұқсас екенін айтады. Неміс
библисті Антон Иирку салыстыра келе мағынасы жағынан бірдей, мүмкін бірінен
– бірі алынған дейді. Дәл осы жерде кімнен – кім алды деген сұрақ туады.
Егерде египеттіктер б.э.д. ХҮ ғасырда Давид псалмасы болса, онда библиялық
хронологияға шектеу қойғандық болып табылады. Д. Менделхолл жаңа тұжырымына
сәйкес Израиль жерінен идеологиясы кейін келе ортақ болып кеткен этникалық
жағынан әр түрлі тайпалар одағы ішкі күрес нәтижесінде Египетке қашып
келген дейді.Египет жеріндегі патриарх. Бытие бөлімінде Авраам мен Иаков
өз өмірлерінің бір бөлігін Месопотамиядағы аштықтан қорғау үшін Египетке
келіп перғауынмен жақын қарым-қатынаста болғаны баяндалады. Әрине,
Авраамның Египетке сапары египет ескерткіштерінде сақталынып қалуы міндетті
еді. ХХ ғасырдың 20 – жылдары неміс археологы Шофер Луксорда Тексты
Проклятий атты жазбаны табады. Мүсіндерде, сынған қуыстарда, құрылыс
қабырғаларында Египетке жау болып келетін патшалар есімдері жазылған.
Алайда Авраам, оның ұрпақтары жайлы ешқандай мәлімет жоқ. 1890 жылы ағылшын
археологы Перси Ньюберри Бени-Хасан мазарында ірі египет шенеулігі
Хнумхотеп жанынан әр түрлі түске боялған фреска табады. Онда әйел, ер
адамдар және балалар бейнесі көрініп, санын 37 деп анықтаған. Ибша адам
есімі кездеседі. Сондықтан да қазіргі күні сол 37 адам Авраам және оның
ұрпақтары деп келеді.Библиялық қала-Ур. ХХ ғасырдың 20 -жылдары Леонард
Вулли Оңтүстік Месопотамияда Муккайяр төбесінен қала орна қазылған. Бұл
жерді Л. Вулли Авраамның Отаны-Ур қаласы деп жариялады. Пікірдің шындыққа
сай келуі қаладан Авраам жайлы мәлімет табылуы керек еді. Бірақ олай
болмады. Жағдайды Авраам Урда өмірінің соңына дейін емес, басқа жаққа кетіп
қалды дейді. Бытиенің ХІҮ бөлімі Авраамның Амрафеламен соғысы және
Авраамның жеңісі туралы үзінді бар. Не болмаса осы жайлы мағлұмат қалу
керек еді. Сөйтіп, Бытиенің ХІҮ бөлімі жұмбақ болып қалуда. Авраам Отаны-
Библиялық Урды басқа жерден іщдеу дұрыс.
Моавит тасы. Библияның шындыққа сай екендігін дәлелдейтін тағы бір
ескерткіш – Моавит тасы. Оның ашылуы тарихы біршама түсініксіз. 1868 жылы
неміс миссионері Ф.А. Клейн Шығыстан Өлі теңізге сапарында Дибон өңірінде
жазуы бар тас сынықтары жайлы ақпарат алады. Тасты тауып, ондағы жазуды
көшіре сала Иерусалимге келіп, прусс консулынан тасты сатып алуға қаржы
сұрайды. Дәл осы кезде тасқа француз Клермон-Ганно қызығушылық танытып,
жергілікті халықтың тасқа ешкімді жолатпайтынын біледі. Дибонға ол өз
агенттері Селим мен Якубты жіберіп, ескерткішті суретке түсіреді. Халық бұл
киелі тасты жоғалту үшін оны алдымен қыздарып, кейін суық суға салды,
нәтижесінде тас бірнеше бөлікке бөлініп қалды. Тас сынықтары Луврда,
Лондонда жинақталды. Уақыт өте келе оны Луврға әкеліп жинап, оның ІХ
ғасырға жататынын, сонымен бірге Моавит патшасы Меши туралы мәлімет бар
екендігі анықталды. Мәтінде еврейдің Меша әскерлерімен соғысы баяндалады.
Бұл оқиға Патшалықтың ІҮ кітабының ІІІ бөлігіне сәйкес келеді. Сөйтіп,
Моавит тасы библия мәтіні арқылы уақыты белгіленген. Кейін Меши стелласының
бірнеше көшірмесі табылып, оның фальсификаторы араб Селим болып шықты. Ал
библияда тек бір ғана Моавиттік тас бар. Сондықтан да, тастың о
подлинности надписи высказывались сомнения – сияқты пікірлер таралды.
Соған қарамастан, тарихта Моавит тасын Библияда көрсетілгендей Меше
патшасына жатады- деп тұжырымдайды.Библия Израиль тарихын, қалалар мен
халықтар жайлы көп мағлұматтар береді, бірақ археологиялық жағынан
дәлелдеуге келгенде тығырыққа тіреледі. Мүмкін Библиялық Египет дегеніміз
қазіргі күнгі Египет емес шығар, ал Ханаон-Палестина емес шығар деген
күмәндар еріксіз ойға келеді. Сондықтан да келесі қарытындалар шығаруға
болады.Біріншіден, Библия оқиғаларының ортодоксальды уақыт пен кеңістікте
шегі сенімсіз, тіпті сенімсіздік туу себебін археологиялық дерек
табылмауы.Екіншіден, христиандық діни форма 2000 жыл бұрын аяқ астынан
пайда болған жоқ. Ол ұзаққа созылған эволюциялық даму процесінде туындады.
Алғашқы формасы адамның басқа жәндіктен алшақтығы сияқты, қазіргі
христиандықтан мүлдем өзгеше болуы әбден мүмкін.
Үшіншіден, Библияда көрсетілген жеке және географиялық атаулар дұрыс
оқылмағанын, тек орта ғасыр кезеңінде ғана жалпыға бірдей дыбысталуы
жарияланғанын атап өту қажет.Төртіншіден, Библия жазбалары мен
үзінділеріндегі оқиғалар орта ғасыр тарихына жатады.Ғибадат текстері-
Өлілер кітабы.Ежелгі Египет мәдениетіне тән ерекшеліктердің бірі-
консерватизм мен дәстүрлілік. Олар әрқашан мәдениет құндылығының жүйесіне
радикалды жаңалықты енгізуге қарсы тұрды. Керісінше, олардың негізгі
принциптеріне бар идеяларды сақтап қалу жатты. Әсіресе, ол египеттіктердің
діни көзқарастарында ерекше көзге түседі. Египеттік дін жүйесі біздің көз-
қарасымызша фантастикалық, бірақ өз уақытының Ніл сағасындағы табиғи
жағдайлардың спецификасын ежелгі қоғамның әлеуметтік-экономикалық саяси
дамуы толығымен ашып көрсететін заңды көрінісі. Египеттіктер күнді, айды,
Ніл өзенін, жабайы аңдарды, шөл даланы, табиғаттың тылсым күштерін құдай
деп таныды. Олардың түсінігі бойынша құдайлар күшті әрі қатал болып келеді.
Моноатеистік емес табынушылық басым бола отырып, құдайлар жергілікті және
басты – египеттік болып бөлінеді. Жергілікті құдайлар қатарына номдар, ірі
аймақтарда құрметтейтін құдайлар жатады. Ал басты – египеттіктер қатарына
ірі ном орталығында, перғауын тағында отырған билеушілер, династияның
негізін қалаған адам саналды. Мысалы, Фивы Египет астанасы болған соң,
жергілікті құдайы Амон перғауын мен құдайлар патшасының қорғашысы деп
есептеді. Жоғарғы құдайлар қатарына аспанда күн сәулесімен жүретін күн
құдайы Ра; жаратушы құдай – Птах, өлілер мен қайта тірілудің, о дүниенің
билеушісі Осирис, ақыл құдайы-Тот, махаббат, қуаныш құдайы-Хатхор, египет
пантеонында ерекше орнын алады. Әсіресе билеуші перғауынның ғибадаты дінде
ең маңызды рөл атқарған. Абыздар іліміне сәйкес, перғауын адам бейнесіндегі
құдай, оның екі табиғаты-адами және құдайшыл деп көрсетеді. Оның өмірге
келуі құдайлар әкесі Рамен, перғауынның шешесінің арасындағы киелі неке
барысымен байланыстырады. Жер бетінде перғауын-құдай Хор түрінде билік
етіп, өлімінен кейін, ол Осириске теңестіріліп жер асты өмірінің құдайы деп
танылған.Египеттіктердің мұндай іс-әрекетін мемлекетте монархтың
деспотиялық билігін және билеуші топтың қызығушылығын көрсетеді. Адамдарды
құдай тек бір мақсатпен, яғни олардың өзіне бағын үшін жаратқан. Егер де
адамдар ол туралы ұмытса, ол үлкен қатал жаза тартқан. Тіпті құдайлар адам
өмірін анықтап беріп отырған. Сондықтан құдай рақымшылығын алу үшін
египеттіктер оларға қызмет етіп, храмдар құрылысын жүргізді. Мүсіндер
жасалып, ал абыздар болса құрбан шалу барысында гимндер айтылып, діни
поэзиядағы шығармаларды халыққа таратқан. Египеттік діни жүйесінде өлген
адамның аруағына ғибадат жасау ерекше орын алды. Оның негізінде
египеттіктердің табиғат пен адам мәнін және табиғаттың өмірді алдын – ала
анықтап беруі жатыр. Көріністерге сәйкес әр адам үш негізігі субстанцияның
синтезінде: 1) физикалық дене 2) рухани егізі; Ка және БаЕгер осы үш
субстанцияның бірге өмір сүруі ғана жанның мәңгі бақи екеніне және О
дүниеге барғанда тірі болады екеніне әкеледі. Сондықтанда физикалық
жойылуына жол бермеу үшін денені сақтап қалу мәселесі туындайды. Ал осыдан
өліктерді мумиялау дәстүрі пайда болады. Тек осы жағдайда ғана адам
мумиясының жанында Ка мен Ба болады – деді. Өлгеннен кейін адам жер
бетіндегі өмірін одан әрі жалғастырады: ақсүйек ақсүйек болады, қолөнерші
қолөнерші болады. Мазар қабырғалары жердегі өмірмен тұрмыс сюжеттерін
бейнеледі. О дүниеде кейбір жұмыстарды орындау үшін мазарға құл,
жұмысшыларының фигуралары салынады. Египеттіктер түсінігінше өлімнен
кейінгі шаттықты тек қайырымды және дұрыс өмірмен емес, өлген адамның
аруағына ғибадат жасаумен (мазарларды салу, мумияларды дайында, арнайы
дстүрлерді өткізу) анықталады.Египеттіктердің мұндай өмір салты жайлы
деректер әдеби жанрда сақталған. Олардың қатарына Поучение Аменемхета I,
Поучения Ахтоя, Беседы жреца Анху сосвоим сердцерм, Спора
разочарованного сосвоей душой сияқты дидактикалық әдебиеттер жатады.
Әсіресе Песнь Арфиста-да өлімнен кейінгі өмірге күмән келтіріп, осы
дүниеде ойнап күлуге шақырады. Текст Саркофагов атты әдебиет О дүние
жайлы мәлімет беретін бірден-бір құнды дерек болып табылады. Бұлай аталу
себебі, ағаш саркофаг қабырғаларында жазылған. Бұл үндеулер уақытымен пайда
болу жері бойынша гетерогенді болып келеді. Құрамында Тексты пирамид
үзінділерін кездестіруге болады. Екеуінде де бір мақсат –жаңа өмірге
келгенде өлген адамның жағдайын көрсету, О дүниеге аттанудың алдындағы
даярлық. Бірақ тек Текст саркофагтың Тесты пирамиды ерекшелігі онда
үндеу египет патшаларына емес, оның керісінше бағынушыларына арналған. Сол
сияқты осы жанрдағы тағы бір шығарма атауы Книга двух путей.
Көне Египет мәдениеті Көне Египет жер шарындағы тұңғыш мемлекет қана емес,
сонымен бірге дүниежүзілік үстемдікке талпынған қуатты да, құдіретті
мемлекетгердің бірі болды. Ауыз бірлігі күшті, ұйымшылдығы берік, халық —
билік жүргізуші тапқа толық бағынған мемлекет. Египеттің жоғары өкіметі
мызғымастық және түсініксіздік принциптері негізінде құрылды, ал өз
кезегінде бұл принциптер біртұтас Египет мемлекеті пайда болған кезден
бастап-ақ оның толық билеушілері — перғауын перғауындарды құдай деп санауды
өмірлік қажеттілікке айналдырды. Фараон Фараондар (перғауындар) құдайдың
ұлы деп саналды, сондықтан да фараон өзін Ра күн деген мағына береді. Ол
— құдайлардың құдайы және алтын ұғымымен қосыльш айшлады. — Алтын нұр
шашқан күн ұлымын деп жариялады.
Мысырдағы қашқындар Перғауынның жеке-дара билік жүргізуі тіпті оның
билігінің Египет халқына ғана емес, көршілес жатқан патшалықтар мен
тайпаларға да күшейе түсуі, мәдениеттің дамуына өзіндік ықпалын тигізбей
қойған жоқ. Ал осы бір шексіз билік пен мансап, байлық пен құдірет кенеттен
жоқ болады. Оны өшіретін ұлы күші — өлім. Міне, сондықтан да болар — көне
Египеттің мәдениетінің ең басты ерекшелігі — ажалға қарсылық болды. Бұл
табиғи қарсылық, немесе мәңгілік өмір сүруге талпынушылық Египет халқының
бүкіл діни санасына тереңдей еніп, оның мәдениеті мен өнерін қалыптастыруда
айрықша рөл атқарды.
Египеттіктер табиғаттың жыл сайын жаңаратындығын аңғарған, өйткені Ніл
өзені тасығанда жерлерді құнарландырады, сөйтіп төңірекке өмір мен береке
туғызады, ал тартылғанда құрғақшылық келеді, бірақ бұл ажал емес, өйткені —
одан кейін де жыл сайын Ніл қайтадан тасып отырады. Табиғатта болып жатқан
осы сияқты құбылыстардың негізінде өлген адам тіріледі деген діни ілім
пайда болды. Бұл ілім діни және мәдени салада ғана емес, сонымен қатар
саяси, экономикалық, саяси өмірде де үлкен роль атқарады. Тереңірек ойлап
қарасақ, бұл ілімнің өмірге келуі ажалға деген табанды қарсылықтан туған.
Жыл сайын буырқанып таситын Ніл өзені сияқты адам жаны да денеге қайтып
оралады деген діни түсінік адамдар санасында берік орнықты. Олар қабірді
адамның уақытша баспанасы деп санады. Ендігі жерде мәңгілік өмірді
қамтамасыз ету мәселесі тұрды. Ол үшін адамның денесін сақтап, тірлікте
оған қажет болғанның бәрімен қабірде де қамтамасыз ету керек, демек денені
бальзамдап, оны мумияға айналдыру, не болмаса өлген адамның денесіне ұқсас
етіп, оның мүсінін жасау қажеттігі туды. Сондықтан да, ежелгі Египетте
мүсіншіні санх, ягни өмірді жасаушы деп атады. Мүсіншілер өлген адамның
бейнесін жасауды тіршілікті қайта жандандыру деп санап, бұл кәсіптерін
ерекше мақтан етті. Шындығында да, өнердің бұл саласы адамдар түсінігінде
сиқырлы күшке айналды. Аруаққа табыну, суретші санасына егер дене сақталса
немесе толық бейнеленсе, өлген адамның жаны оған қайтып оралады деген
түсінікті сіңірді. Өмірдің табиғи ағысын бұзушылық болып көрінген ажалды
тоқтатып, жеңіп шығуға болады деген құштарлық, өлімді жеңуге болады деген
үміт оты аруаққа табынуды туғызып, ежелгі Египет өнерінің барлық салаларына
өз таңбасын салды.
Адамдар санасында қалыптасқан аруаққа табыну — перғауындарды құдай деп
танумен тығыз ұштасты. Ал құдай — патшалардың (перғауындардың) құрметіне
пирамидалар (мазарлар) салына бастады. Өз кезегінде Египеттің жоғары
әміршісі — құдай саналған перғауын өзінің құрметіне салынған мазардың әрі
асқақ, әрі берік етіп салынуына ерекше мән берді. Сәнсалтанатпен салынатын
мұндай пирамидалар қыруар қаржыны гана емес, ұзақққа созылған ауыр да,
азапты еңбекті қажет етті. Осы бір азапты еңбек қасіретті өмір
Египет құлдарының үлесіне тиген болатын.
Пирамидалар перғауындар мен ең атақты адамдар үшін ғана салынд. Египет
абыздарының қағидаларына сүйенсек, патша лар мен вельможаларға ғана емес,
кез келген адам жерлеуге байланысты бүкіл салт-жоралар толық орындалған
жағдайда мәңгілік өмірлік күш-Ка-ға (мәңгілік өмір) ие болады. Бірақ
қаржыны көп қажет ететіндіктен кедей адамдардың денелері бальзамдалмады,
оларды матаға орап, көпшілік зираттарының шетіне көме салды. Демек,
пирамидалардың салынуы — көне Египет қоғамындаты адамдар арасындағы шектен
тыс теңсіздіктің кеңінен орын алғандығын байқатады. Біздің заманымаздан
бұрынғы ІІІ—II ғ. құдай — патшаларға арналған құрылыстар — пирамидалар мен
храмдар негізінен тастан жасалды. Пирамидалар салу мемлекеттің экономикасын
әлсіретіп, қазынаны тауысты, әсіресе халық тарапынан көп шығын мен жұмыс
күшін қажет етті. Сондықтан да, пирамидалар салу — халық қайыршылығының
басты себепкері болды. Ал егер пирамидалар салуға жұмсалған қыруар қаржы
мен египет халқының табанды еңбегін халық игілігіне жұмсағанда (жолдар
салғанда және тағы басқалары) Египет сөзсіз экономикасы жоғары дамыған
өркениетті елге айналған болар еді деген ой еріксіз келеді. Рамсес фараоны
Құдіретті құдай — фараондардың о дүниеге барғанда жанға сая, басқа
баспана болатын мәңгілік ғұмырдағы үйлері — пирамидалар көргенді де,
көрмегенді де таң қалдыратын дәуір ескерткіштері, әлемнің жеті кереметі
аталған өнер туындыларының бірінен сана лады. Ерекше атап өтетін бір жай,
Египет сәулетшілері өз есімдерін өздері жасаған ескерткіштерге тасқа қашап
жазған, демек олар өз еңбегінің нарқын түсіне білген, сондықтан да өз
даңқын шығаруға, оны болашақ ұрпаққа мұра етуге арланбаған. Дұрыс та, әділ
шешім, өйткені ежелгі заманды былай қойғанда, осыдан небәрі бірнеше ғасыр
бұрын ғана салынған феодалдық Еуропаның соборлары мен сарайларын,
шіркеулері мен князь үйлерін және тағы да басқа тамаша ғимараттарды салған
сәулетшілердің есімдері ілуде бірі болмаса, көпшілігі осы уақытқа дейін
белгісіз күйінде қалды. Ал, бүгінгі ұрпақ осыдан бес мың жылдай бұрын
тұрғызылған Египеттің ең көне пирамидасы — перғауын Джосердің пирамидасын
жасаушының аты-жөнін білуі — осы ащы шындықтың айғағы болса керек. Оның
сөулетшісі — Имхотептің ғалымдық, дәрігерлік, философиялық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz