Оперативті стратегиялар


Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

1. Кіріспе

2. Корпаративтік стратегия

3. Бизнес стартегия

4. Функционалдық стартегия

5. Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі


1. Кіріспе

«Стратегия» термині, гректердің «Strategos» сөзінен туындаған және «генерал өнері» немесе «адамдарды басқару өнері» деген түсініктерді беріп, болашақта мақсатты бағытталған және шешуші іс-қимыл тобын, жиынтығын көрсетеді.

Қандай деңгейдегі экономика болмасын басты мақсат, міндет бұл іс-қимыл тобы, жиынтығының нақты жағдайға байланысты ғылыми негізделініп, тұжырымдалынып және цифрлар тілімен немесе сапалық, сандық көрсеткіштермен сипатталынуы. Бұл міндеттерді шешу, іске асыру кез-келген мемлекеттің (жоспарлауды экономиканы дамытудағы басты құралдардың бірі деп есептейтін) төл істерінің бірі.

Қазіргі замаңғы түсінікте және мемлекеттік басқару, реттеу істерінде және кәсіпорындар, ұжымдар деңгейіндегі қолданылуда «Стратегия» бөлшектеніп нақтыланған, жанжақты және кешенді, іске асырылуы мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін жоспар болып саналады. Стратегиялық жоспарлар негізінен сандық емес сапалық жоспарлау. Оның индикативтік жоспарлардан айырмашылығы мақсаттылығында, мазмұнында. Стратегиялық жоспар мәні - белгісіз болашақ және ішкі, сыртқы тұрақты өзгерістер жағдайында, ұтымды мүмкіндіктерді пайдалана жағымсыз құбылыстарын жеңе отырып нақты қойылған мақсатқа жетудің магистралды (басты) даму жолын, қызметтерін және іс-қимылдарын жасау. Осы түсінікте бұл жоспарлау үкімет басқару, атқару органдарының экономиканы реттеу, оның макроэкономикалық, микроэкономикалық тұрақты дамуын қамтамасыз етудегі басты құралдарының бірі десек қателеспейміз.

Стратегиялық жоспарлау тек макродеңгейдегі басты реттеу құралдары болып қоймай, сонымен бірге аймақтар, яғни облыстар деңгейінде де басты басқару, реттеу құралы болып саналады. Себебі облыстар экономикасы жалпы ұлттық экономиканың ажырамас бөлігі.

Он жылдық уақыт аралығына жасалынатын аймақтық стратегиялық жоспарлар болашақ әлеуметтік-экономикалық міндеттерді ұтымды шешуге бағытталады. Бірде бір экономикалық субьектаның құқықтық шеңберіне енбей, экономикалық реттегіштер мен тікелей және жанама ықпалды ұштастыра отырып, барлық субьекталардың іс-қызметтерін ортақ мүддеге бағыштап, белгіленген уақыт аралығындағы мақсаттарға жетуді қамтамасыз етуге бағытталған. Облыстар шеңберіндегі мұндай стратегиялық жоспарлар бір-бірімен тығыз байланысқан төмендегідей бөлімдерден тұрады:

  1. Облыстың, қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайының бағалануы;
  2. Жоспар кезеңіндегі облыстың миссиясы мен басты даму мақсаты;
  3. Экономикалық дамуы;
  4. Әлеуметтік дамуы;
  5. Күтілетін нәтиже;

Қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың бағалануы, облыстағы әлеуметтік-экономикалық дамуды сандық, сапалық жағынан талдап, бағалап, оның жалпы мемлекет экономикасындағы рөлі мен үлесін сипаттауы қажет. Осындай талдау, бағалау негізінде облыстың әлеуметтік-экономикалық даму миссиясы мен басты мақсаты анықталынады. Ал миссия мен басты мақсат мемлекеттің стратегиялық даму жолындағы облыс рөлінен анықталынып, тұжырымдалынады.

Басты мақсат - бұл облыстың стратегиялық дамуының негізгі мақсаты. Ол қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың негізінде анықталынып ұзақ мерзімді әлеуметтік-экономикалық даму бағытын білдіреді. Басты мақсаттарды орындау, оларға қол жеткізу үшін әлеуметтік және экономикалық салалар, сфералардағы іс-қызметтер, қимылдар стратегиясы жасалынады.

2. Корпаративтік старатегия

Еліміз алдымен «Қазақстан - 2030», содан соң қазіргі уақытта «Қазақстан-2050» ұзақ мерзімді стратегиялық бағдарламасы, сондай-ақ әр түрлі салаларға арналған мемлекеттік бағдарламаларға негізделген мақсатты даму үстінде. Еліміздің мақсатты даму стратегиясы сияқты, кез келген шаруашылық жүргізуші субъекті де даму стратегиясын, перспективаларын айқындамай тұрақты даму жолына түсе алмайды.

Кәсіпорын стратегиясы - ойланып істелген мақсатты іс-әрекеттерден және күтілмеген оқиғалар мен күшейе түскен бәсекелестік күреске жауап қайтару. Кез келген кәсіпорында қай деңгейде болсын, келешекке тәуелді болады. Менеджерлер кәсіпорын жағдайы мен нарық ерекшелігі туралы анық және нақты мәліметке ие болғанда ғана дұрыс стратегияны таңдауға мүмкіншідік туады. Ал, әр тараптандарылған кәсіпорын стратегиясы жеке ұйымда төрт деңгейде қалыптасады.

Стратегиялық басқару дегеніміз - ол ұйымдардың қоршаған ортамен өзара қатынастарын басқару барысындағы ұйымдардың мақсатын жүзеге асыру миссиясы. Стратегиялық басқару - ол ұйымның өз алдына қойған мақсатына жетудегі шешімдер жиынтығы мен әрекеттері. Стратегия - ол негізгі мақсаттарға қол жеткізудегі басымды мәселелер мен ресурстарды анықтаудағы әрекеттердің бас бағдарламасы. Стратегиялық басқарудың нысандарына коммерциялық фирмалар, аймақтар, ел, шағын кәсіпорындар және тағы басқалар жатады. Стратегиялық басқарудың субъектілеріне ұйымдық басқару жатады. Мұнда басқарудың жүйелік субъектілері бар, олар әр деңгейде қызмет етеді. Мысалы, корпоративті стратегия, бизнес стратегиясы, функционалды стратегия .

Стратегиялық менеджменттің негізгі мазмұнын мыналар құрайды:

  • фирма бизнесін белгілеу мен негізгі мақсатын анықтау;
  • фирманың сыртқы ортасын талдау;
  • оның ішкі жағдайын талдау;
  • фирманың шаруашылық аймағы деңгейінде стратегияны таңдау мен дайындау;
  • әртараптандырылған фирманың портфелін талдау;
  • оның ұйымдық құрылымын жобалау;
  • компания стратегиясы мен нәтижелерінің кері әсерін қамтамасыз ету;
  • стратегияны, құралымды және басқаруды жетілдіру.

Менің ойымша, стратегия түпкі мақсаттардан ешқандай мәнге ие болмайды, егер де мақсат түсініктері болмаса ешқандай стратегия және ешқандай стратегиялық жоспарлау көмектесе алмайды Мақсаттарға әдетте пікір-талас барысында және болашақ компанияны бүгінгі күн жағдайымен талқылау арқылы қол жеткізуге болады. SWOT - талдау (күшті және әлсіз жақтары, мүмкіндіктер мен қауіп-қатер) бүгінгі күнмен түсінуге негізделіп жүргізіледі.

Ұйым қызметіне әсер ететін факторларды бағалау барысында ұйым жүйе ретінде қарастырылады және кәсіпорынның келесі параметрлері бар:

  • Кәсіпорынның перспективалық дамуы мен нақты жетістікке жету туралы көрсеткіштер: рыноктың ұлғаю географиялық динамикасы; кәсіпорын өніміне сұраныстың қанығу деңгейі; басқа кәсіпорындармен іскерлік байланыс; кәсіпорын өнімінің қоғамдық қолайлылығы; өнімді сату/өткізу көлемі; өнімдерге «тапсырыс портфелінің» жағдайы; жаңа өнімдер ассортименті мен ағымдық ассортименттегі өнімдердің өзара ара қатынасы.
  • Кәсіпорынның ғылыми-техникалық деңгейін сипаттайтын көрсеткіштер: ескірген өнім түрлерінің деңгейі; өнімдерді жаңарту дәрежесі; өндірістегі техникалық олқылықты сипаттайтын бұйымның үлес салмағы; бұйымның өмірлік циклын қысқарту деңгейі; ҒЗТҚЖ-ды жүзеге асыру барысында техникалық жетістіктің ықтималдылығы; ғылыми-техникалық ресурстар саны; ағымдық өңдеу бағыттары; өнім сапасының деңгейі.
  • Кәсіпорын қызметінің қаржылық аспектісін сипаттайтын көрсеткіштер: қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілу деңгейі; шығынды төмендету саясаты; жаңа өнімдер үшін бастапқы шығындар; алынған пайданың тұрақтылығы мен өсуі.
  • Өндірістік потенциал көрсеткіштері: өндіріс көлемінің өсу шегіне жету деңгейі; өндірістік қуаттылық (жаңа өнімдердің өндірістік талаптар арасындағы алшақтық дәрежесі)

Кәсіпорын стратегиясы-ойланып істелген мақсаты іс-әрекеттерден және күтілмеген оқиғалармен күшейе түскен бәсекелестік күреске жауап қайтару. Кез-келген кәсіпорында қай деңгейде болсын, келешекке тәуелділік болады. Менеджерлер барлық стратегиялық әрекеттерді, жаңа техналогиялардың пайда болуы, мемлекетік регламинтация, сатып алушылардың ынтасы артуы және тағы басқа. Осы сияқты өзгерістерді алдын ала болжап, біле алмауына байланысты стратегияны іске асыру барысында оған өзгертулер мен түзетулер енгізіп отырады. Осыдан келіп, ұйымның стратегиясы алдын - ала жоспарланған әрекеттер мен күтілмеген оқиғаларға байланысты енгізілген түзетулерден тұрады деп айта аламыз. Ағымдағы стратегия кәсіпорынның ішкі және сыртқы ортасында болып жатқан өзгерістерді ескере отырып, әзірленеді.

3. Бизнес стартегия

Жоспарлау жүйесінде бизнес старатегия әр түрлі құқықтың ұйымдастыру үлгісіндегі кәсіпкерліктің жалпы қабылданған құралы болып табылады. Нарықтың экономика жағдайында субъектілердің пайда табуға бағытталған экономикалық қызметін бизнес дейтін болсақ, субъектілердің (кәсіпорындардың) өндіріс немесе қыз-қмет көрсетулер бойынша мақсаттары мен табысқа жету жолдарын айңындау бизнес-стратегия деп аталады.

Бизнес стратегия әдетте 3-5 жылға арналып құрылады. Бизнес стратегия жасау кәсіпкерлерге мыналарды білу үшін қажет:

Біріншіден, бизнес стратегия жасау кәсіпорындарға қызмет барысында барлық ұсақ-түйекке дейін есепке алуға, күшті және әлсіз жаңтарын анықтауға, сөйтіп тиімді бағыт таңдауға мүмкіндік береді. Екіншіден, биз-нес-стратегия кәсіпорынның қызметін басқару құралы болып табылады. Сонымен бірге жоспарланған нәтижеге жетуге, туындаған мәселелерді айқындап, оларды шешудің кешенді шараларын анықтауға көмектеседі. Сөйтіп, ол «Нені, кім үшін өндіру қажет» деген сұраққа жауап табады.

Үшіншіден, бизнес-идеяны жүзеге асыруға қажетті қаражат кәсіпкерде барлық уақытта бола бермейді. Әріптестерін қызықтыру үшін, керекті несиені алу үшін немесе инвесторларды тарту үшін - оларға толық бизнес стратегияны ұсыну қажет. Ал, іскер әріптес қашанда шынайы негізделген нақты есепті талап етеді.

Бизнес стратегия құру жұмысының негізгі бөлігін мекеме басшысы немесе жаңа іс бастағалы отырған адам алуы керек. Біраң олар бизнес стратегия үшін міндетті түрде қажетті салалар бойынша мамандар шақырып, олардың пікірлері мен бағалауларын есепке алуы тиіс, сондай-ақ өз қарамағындағыларын да қатыстыруы қажет.

Шаруашыльқ салаларының ерекшеліктеріне байланысты және нақты жағдайларға қарай (өндіріс көлемі, өнім және ңызмет түрлері) жоспардың құрамы мен құрылымында айырмашылықтар болуы мүмкін, біраң мазмұны бір тектес болуы керек.

Бизнес стратегия құрудан бұрын, жоспардың мақсаты ашық болуы тиіс. Атап айтқанда:

1) Сіз өнім өндіруді қалай ұйымдастырмақшысыз және оны жан-жақты таңдадыңыз ба?

2) Несие алмай-ақ өндірісті жүргізе аласыз ба?

Егер банктен несие алмақ болсаңыз, онда мыналар қажет:

  1. Қанша ақша аласыз?
  2. Ол ақша не үшін қажет? .

Ол ақшаны қашан, қалай қайтарасыз?

Дегенмен, бизнес стратегияда қамтылмай қалатын мәселелер да болуы мүмкін, мысалы, көктемгі егін егу кезінде минералды тыңайтқыш түрін таңдау немесе мал борда-қьшау кезіндегі рационды анықтау сияқты жағдайлар.

Бизнес стратегия қүрылымы бойынша кейде бір-бірінен ажыратылуы мүмкін, бірақ мазмұны бір болуы тиіс.

Көптеген кәсіпкерлер қаржыландыру құралы ретінде, бизнес стратегияды бірінші орынға қояды. Себебі, кәсіпкер керекті қаржыны таба алмаса, басқа қалған жұмыстарының барлығына сенімсіздік туындайды. Де-генмен, қаржы табу маңызды мәселе болғанмен, ол көп мәселенің бірі ғана.

Жалпы, бизнес стратегиядың негізгі рөлі - ақша негіздерін табу қүралы деп түсінген кәсіпкерлер өздеріне қо-лайсыздық туғызады. Өйткені, ондай ойдан туындаған жоспар, шынайылықтан ауытқиды.

Ең дұрысы, бизнес стратегия мүмкіндігінше объективті деңгейде жазылуы керек. Ал, мектептен тыс жогары көрсеткіштермен жазылған жоспар-несие көздері мен инвесторлары үшін алдамшы жагдай сияқты.

Бизнесті инвестиция есебінен қаржыландыруға қарағанда, қарыз есебінен қаржыландырудың мынадай бір артықщылығы бар, ол: инвесторларға қарағанда, қарыз берушілер қаржыландыру жөніндегі шешімді жылдам қабьшдап қояды (мысалы, қарыз берушілер, бизнес-жос-пармен танысқан уаңыттан бастап 2-3 ішінде қаржылан-қдыру туралы шешім қабылдаса, ал инвесторлар осындай шешім қабылдауга 2-3 есе уақытты көп жібереді екен. )

Кәсіпкерлікті қаржыландыру бойынша айта кететін бір жайт, әсіресе, ұсақ кәсіпкерліктің бастапқы қаржыландыру көздері ретінде кәсіпкердің өз капиталын достарының немесе отбасы мүшелерінің қорларымен толықтыру мүмкіндігі.

C:\Users\Gl-Lip-3465\Desktop\1.gif

4. Функционалдық стартегия

Картинки по запросу функциональная стратегия

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Стратегиялық және оперативті контроллинг
Бағалық стратегиялар маркетингтік
Кәсiпорын стратегиясының мәнi мен түрлерi
Пассивті стратегиялар стратегиялары
Тауарды жетілдіру тұжырымдамасы
Экономиканы мемлекеттік реттеу
Cтратегиялық жоспарлау
Ұйымның бәсекелестік стратегиясы
Дағдарысқа қарсы стратегия
Әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың жүйесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz