Тәрбие, тәлім–тұлға. Педагогика: жалпы негіздері және тәрбие теориясы бойынша оқу құралы
1. сұрақ. Педагогика . тәрбие жөніндегі ғылым
2 . сұрақ. Педагогиканың пайда болуы мен дамуы
3 . сұрақ. Педагогика нысаны, пәні және қызметтері
4 . сұрақ. Педагогикалық ғылымдар жүйесі
5 . сұрақ . Педагогика және басқа ғылымдар
6 . сұрақ. Педагогика әдіснамасы жөніндегі түсінік
7 . сұрақ. Педагогиканың философиялық негіздемесі
8 . сұрақ. Педагогиканыц жалпы ғылымдық әдіснамасы
9 . сұрақ. Пелагогикалық зерттеулердін әдіснамалық принциптері
10 . сұрақ. Педагогикалық зерттеулерді ұйымдастыру
11 . сұрақ. Педагогикалық зерттеу әдістемесі мен әдістер жүйесі
12 . сұрақ. Тұлғаның даму үдерісі
13 . сұрақ. Нәсілдік және қоршаған орта
14 . сұрақ. Іс.әрекет және тұлға дамуы
15 . сұрақ. Тұлға қалыптасуының өзегі тәлім . жалыадамзаттық құбылыс
16 . сұрақ. Тәлім . әлеуметтік құбылыс
17 . сұрақ. Тәлім үдерісінің жүйелілігі
18 . сұрақ. Тәлім . педагогикалық үдеріс
19 . сұрақ. Қазірігі заман тәлім.тәрбие жүйесін реформалаудың негізгі бағыттары
20 . сұрақ. Тәрбие . арнайы ұйымдастырылған қызмет
21 . сұрақ. Тәрбие мақсаты және міндеттері
22 . сұрақ. Тәрбие үдерісінің ерекшеліктері
23 . сұрақ. Тәрбиеші тұлғасы
24 . сұрақ. Тәрбие үдерісінің нақты және жалпы заңдылықтары
25 . сұрақ. Тәрбие үдерісінің мазмұны
26 . сұрақ. Тәрбие үдерісінің принциптері
28 . сұрақ. Тәрбие гуманизациясы
29 . сұрақ. Тәрбиелік ықпалдар бірлігі
30 . сұрақ. Тұлғаны ұжымда тәрбиелеу
31 . сұрақ. Мектеп, сынып ұжымының мәән.мағынасы
32 . сұрақ. А. С. Макаренко . ұжым тәрбиесі жөнінде
33 . сұрақ. Ұжым және тұлға
34 . сұрақ. Ұжымға педагогикалық жетекшілік
35 . сұрақ. Тәрбие әдістері мен тәсілдері
36 . сұрақ. Тәрбие әдістерін таңдау
37 . сұрақ. Тәрбие әдістерінің жіктелуі
38 . сұрақ. Тұлғаның ақыл.ойын қалыптастыру әдістері
39 . сұрақ. Іс.әрекет ұйымдастыру әдістері
40 . сұрақ. Ынталандыру әдістері
41 . сұрақ. Тәрбие өнері мен тәрбиелеу технологиясы
42 . сұрақ. Тәрбиелік істер
43 . сұрақ. Әлеуметтік бағдарлық тәрбие істері
44 . сұрақ. Этикалық тәрбие істері
45 . сұрақ. Эстетикалық және дене шынықтыру тәрбие істері
46 . сұрақ. Экологиялық және еңбектік тәрбие істері
47 . сұрақ. Әлеуметтік жумыс
48 . сұрақ. Отбасы тәрбиесі
49 . сұрақ. Отбасылық тәрбие ережелері
50 . сұрақ. Отбасына педагогикальщ қолдау беру

Адам биологиялық тіршілік иесі ретінде дүниеге келеді. Оның тұлға болып жетілуі үшін – тәрбиелеу қажет. Тәрбие адамды ізгілендіріп, оған қажет қасиет, сапаларды қалыптастырады. Қазіргі қоғамда тәрбие жұмыстарын жүргізу үшін арнайы мекемелер түзілген. Бұл үдерісті кәсіптенген адамдар басқарады. Тәрбие жөніңде арнайы ғылым қалыптасқан. Міне сол ғылымды үйренуді енді бастаймыз.
Адам тәрбиелеу жөніңдегі ғылым педагогика ден аталады. Ол өз атамасын грек сөздері «пайдес» – балалар және «аго» – жетектеу дегеннен алған, тікелей аудармасында «педагогика» сөзі бала тәрбиесін бағыттау өнері дегенді аңдатады, ал «педагог» сөзі бала жетектеуші мәнің білдіреді.
Барша дәуірлерде педагогтар балалардың табиғаттан берілген мүмкіндіктерін іске асырып, жаңа сапаларды қалыптастырудың тиімді жолдарын тауып, оларға көмектесумен келеді. Мыңдаған жылдар бойы қажетті тәлімдер тырнақтап жиналып, педагогикалық жүйе негізделді, тексерілді, қажет болмаған тұстары қолданымнан шығарылды, ақырында өміршең, ең пайдалы педагогикалық идеялар сақталып, бүгінгі күнімізге жетті. Бірте-бірте басты міндеті ғылыми тәлімдерді топтастыру және жүйеге келтіру болған тәрбие жөніңдегі ғылым пайда болды. Ұзаққа созылған даму жолын бастан кешірген бүгінгі заман педагогикасы адам тәрбиесі заңдылықтары жөніңдегі ғылымға айналды.
Педагогика мұғалімдерді белгілі жас тобындағы адамдарды тәрбиелеу ерекшеліктері жөніңдегі кәсіби тәлімдермен қаруландырып, әрқилы жағдайлардағы тәлім-тәрбие үдерісін болжастыруға, жобалауға және іске асыруға, оның тиімділігін бағалауға үйретеді. Тәрбие үдерісін ұдайы жетілдіріп отыру қажет, себебі адамдардың өмір жағдайлары өзгермелі, ақпараттар көлемі ұлғаяды, осыдан мұғалімге қойылатын талаптар жыл сайын күрделеніп баруда. Қоғамның мұндай талаптарына педагогтар өсіп келе жатқан әулетті тәрбиелеу, ұқтыру және оған тәлім ұсынудың жаңа технологияларын құрастырумен жауап береді.
Бұдан бұрынғы мыңдаған жылдардағыдай-ақ адамның өмірлік мектебі оның алғашқы демімен бірге басталады. Осыдан мектеп педагогтары мәңгі проблемалар құрсауында келеді. Баланы адамаралық қатынастар дүниесіне еңгізуді олар өзінің ең басты парызы деп біледі. Алайда, осы уақытқа дейін тәрбиелік қызмет мұншама қиын, күрделі және жауапкерлі болып көрген емес. Дүние басқаша кейіпте болған, онда бүгінгі балаларға төніп тұрған қауіп-қатерлердің кейбір түрлері тіпті болмаған. Отбасында, мектепке дейінгі балалар мекемелерінде, мектепте болашақ азаматқа қандай негіз қаланса, болашақ өмірі мен бақыты, бүкіл қоғамның берекесі соған тәуелді болып тұр.

Бабаев С.Б., Оразов Ш.Б., Бабаева Қ.С.
ТӘРБИЕ, ТӘЛІМ – ТҰЛҒА
Педагогика: жалпы негіздері және тәрбие теориясы
Алматы , “Заң әдебиеттері”, 2008
“Бірінші мәселе – білім емес...
Тәрбие...
Тәрбиесізге берілген білім адамзатқа апат алып келеді ”
Бабаев С.Б., Оразов Ш.Б., Бабаева Қ.С.
Тәрбие, тәлім–тұлға. Педагогика: жалпы негіздері және тәрбие теориясы
бойынша оқу құралы.
Оқу құралы педагогика пәнінің Жалпы негіздері және Тәрбие теориясы
бөлімдеріне байланысты Мемлекттік стандартқа және оқу бағдарламасына сәйкес
аса күрделі болған 50 сұраққа жауап түрінде дайындалды. Кітап емтиханға
немесе сынаққа мүмкіндігінше қысқа мерөімде дайындалуға және жоғары
көрсеткішке жетуге мүмкіндік береді, сонымен бірге уқытыңызды үнемдеуге
көмектеседі. Дайындқ барысында кітап сіздің теориялық және практикалық
білім, біліктеріңізді жаңадан жүйелестіруге жәрдемін тигізеді.
1– сұрақ
Педагогика – тәрбие жөніндегі ғылым
Жауап
Адам биологиялық тіршілік иесі ретінде дүниеге келеді. Оның тұлға болып
жетілуі үшін – тәрбиелеу қажет. Тәрбие адамды ізгілендіріп, оған қажет
қасиет, сапаларды қалыптастырады. Қазіргі қоғамда тәрбие жұмыстарын жүргізу
үшін арнайы мекемелер түзілген. Бұл үдерісті кәсіптенген адамдар басқарады.
Тәрбие жөніңде арнайы ғылым қалыптасқан. Міне сол ғылымды үйренуді енді
бастаймыз.
Адам тәрбиелеу жөніңдегі ғылым педагогика ден аталады. Ол өз атамасын
грек сөздері пайдес – балалар және аго – жетектеу дегеннен алған,
тікелей аудармасында педагогика сөзі бала тәрбиесін бағыттау өнері
дегенді аңдатады, ал педагог сөзі бала жетектеуші мәнің білдіреді.
Барша дәуірлерде педагогтар балалардың табиғаттан берілген
мүмкіндіктерін іске асырып, жаңа сапаларды қалыптастырудың тиімді жолдарын
тауып, оларға көмектесумен келеді. Мыңдаған жылдар бойы қажетті тәлімдер
тырнақтап жиналып, педагогикалық жүйе негізделді, тексерілді, қажет
болмаған тұстары қолданымнан шығарылды, ақырында өміршең, ең пайдалы
педагогикалық идеялар сақталып, бүгінгі күнімізге жетті. Бірте-бірте басты
міндеті ғылыми тәлімдерді топтастыру және жүйеге келтіру болған тәрбие
жөніңдегі ғылым пайда болды. Ұзаққа созылған даму жолын бастан кешірген
бүгінгі заман педагогикасы адам тәрбиесі заңдылықтары жөніңдегі ғылымға
айналды.
Педагогика мұғалімдерді белгілі жас тобындағы адамдарды тәрбиелеу
ерекшеліктері жөніңдегі кәсіби тәлімдермен қаруландырып, әрқилы
жағдайлардағы тәлім-тәрбие үдерісін болжастыруға, жобалауға және іске
асыруға, оның тиімділігін бағалауға үйретеді. Тәрбие үдерісін ұдайы
жетілдіріп отыру қажет, себебі адамдардың өмір жағдайлары өзгермелі,
ақпараттар көлемі ұлғаяды, осыдан мұғалімге қойылатын талаптар жыл сайын
күрделеніп баруда. Қоғамның мұндай талаптарына педагогтар өсіп келе жатқан
әулетті тәрбиелеу, ұқтыру және оған тәлім ұсынудың жаңа технологияларын
құрастырумен жауап береді.
Бұдан бұрынғы мыңдаған жылдардағыдай-ақ адамның өмірлік мектебі оның
алғашқы демімен бірге басталады. Осыдан мектеп педагогтары мәңгі
проблемалар құрсауында келеді. Баланы адамаралық қатынастар дүниесіне
еңгізуді олар өзінің ең басты парызы деп біледі. Алайда, осы уақытқа дейін
тәрбиелік қызмет мұншама қиын, күрделі және жауапкерлі болып көрген емес.
Дүние басқаша кейіпте болған, онда бүгінгі балаларға төніп тұрған қауіп-
қатерлердің кейбір түрлері тіпті болмаған. Отбасында, мектепке дейінгі
балалар мекемелерінде, мектепте болашақ азаматқа қандай негіз қаланса,
болашақ өмірі мен бақыты, бүкіл қоғамның берекесі соған тәуелді болып тұр.
Қазіргі заман педагогикасы үлкен қарқынмен дамудағы ғылым. Педагогиканың
іркіліс, кешеуілдеуі адамдардың даму дағдарысына алып келеді, ғылыми-
техникалық прогрестің шабандауына соқтырады. Сондықтан да, педагогика
кезкелген дерек көздерінен жаңа тәлімдерді теріп жинақтап баруы қажет.
Педагогиканың дамуына себепші көздер – адамдардың өмір салтында,
үдерісінде, халықтық педагогикада бекіген көп ғасырлық тәрбие тәжірибесі,
іс-қызметтері; философиялық, қоғамтану, педагогикалық және психологиялық
еңбектер; әлемде және елімізде жүріп жатқан тәрбие үдерісі; арнайы
ұйымдастырылған педагогикалық зерттеу деректері; жаңа идеялар, жаңарған
бағыт-бағдарлар, жылдам өзгерістерге келіп тұрған бүгінгі дүниедегі
тәрбиенің тиімді соны технологиялары.
Сонымен, педагогика – тәрбие туралы ғылым. Оның басты міндеті адам
тәрбиесі жөніңдегі ғылыми тәлімдерді жинақтау және жүйелестіру. Педагогика
тұлға тәрбиесі, тәлім ұсыну және оны қабылдап, игеру заңдылықтарын ашып,
соның негізінде алға қойылғаи мақсаттарға жетудің ең пайдалы педагогикалық
жолдары мен тәсілдерін көрсетіп отырады.
2 – сұрақ
Педагогиканың пайда болуы мен дамуы
Жауап
Тәрбие ісі өз бастауларын адамзат өркениетінің бірінші қадамдарымен
байланыстырады. Тәрбие алғашқы адамдармен бірге пайда болды. Ол замандары
бала ешқандай педагогикасыз-ақ тәрбиеленген. Адамдардың ол жөніңде тіпті
хабары да болмаған. Тәрбие жөніңдегі ғылым геометрия, астрономия, басқа да
ғылым салаларынан көп кейін қалыптасқан.
Белгілі болғандай, барша ғылым салаларының пайда болуындағы алғы шарт
– өмір қажеттігі. Тәрбие идеялары адамдар өмірінде аса маңызды рөл атқара
бастады. Себебі әр түрлі қоғамда өсіп келе жатқан әулиет тәрбиесіне орай
өмір қажеттігі де жылдам немесе шабан дамитыны белгілі. Осыдан тәрбие
тәжірибесін топтастыра, және қорытындылап, арнайы тәлім-тәрбие мекемелерін
ұйымдастырумен, жастарды өмірге дайындаудың қажеттігі туындады.
Ежелгі дүниенің Қытай, Индия, Египет, Греция сынды аса дамыған
елдерінде сол заманның өзінде тәрбие тәжірибесі бір арнаға келтірілді, одан
теориялық жүйе түзу қадамдары жасалды. Ол кезде табиғат, адам, қоғам
жөніңдегі барша тәлімдер философия шеңберінде жинақталатын, алғашқы
педагогикалық тұжырымдар да сол ғылыми аумақта дүниеге келген.
Барша замандарда адамдардың рухани және тән-дене дамуында шешуші рөл
атқарған, қуаты мол да күшті халық педагогикасы болып келген. Инабаттылық,
еңбектік, тән-дене тәрбиесі бойынша халық қайталанбас ғажайып өміршең
идеялар жүйесін түзді.
Еуропалық тәрбие жүйесінің бесігі – ежелгі Грекия философиясында
қалыптасқан. Оның көрнекті өкілі Демокрит (460-370 жж. б.э.д.) – балалар
тәрбиесі бойынша алғашқы нұсқаулар кітабын жазған. Сол уақыттың өзінде ол:
Табиғат және тәрбие мегзес. Дәлірек айтсақ, тәрбие адамды қайта жасайды
және оны өзгерте отырып, болмыс табиғатын түзеді... Жақсы адам болу табиғат
ықпалынан гөрі тәрбиеге көбірек тәуелді.
Адам тәрбиесіне және тұлға қалыптастыруға байланысты тұжырымдар ежелгі
грек ойшылдары Сократ (469–399жж.б.э.д.), Платон (427-347жж. б.э.д.),
Аристотель (384-322жж.б.э.д.), Тертуллиана (І60-222жж. б.э.д) еңбектерінде
жарияланған.
Ортағасырлар дәуірінде шіркеу ықпалы қатайып, тәрбиені толығымен діни
арнаға бұрды. Бұл Еуропада 12 ғасыр бойы үстемдік еткен догматикалық тәлім
принциптерінің шындалуына жол берді. Солай да болса, өз философиялық
тұжырымдары мен педагогикаға үлес қосқан шіркеу өкілдері Августин (354-
430жж.), Фома Аквинский (1225-1274) есімдері ғылым тарихында сақталған.
Бүгінгі күйінде жалпы тәлім беретін мектепті ойластырып, іске қосқан Лойола
(1491-1556) және оның ізбасарлары.
Қайта тіктелу заманы (эпоха вөзрождения) аса жарқын ойшыл педагог-
гуманистерді ғылым сахнасына келтірді. Олардың қатарында голландиялық Эразм
Роттердамский (1466-1536), италияндық Витторино де Фельтре (1378-1446),
француздық Франсуа Рабле (1483-1553) және Мишель Монтень (1553-1592)
өздерінің педагогикалық еңбектерімен әйгілі болды.
Педагогика көп заманға дейін философияның бөлігі болып, тек қана XVII
ғасырда ол дербес ғылым лауазымына ие болды. Осыдан педагогика бүгінгі
күнде де философиямен аса тығыз байланысқан. Себебі бұл екі ғылымның да
шүғылданатыны адам, оның өмірі мен дамуын зерттеу.
Педагогиканың философиядан бөлініп, өз алдына ғылыми жүйеге келуі ұлы
чех педагогы Ян Амос Коменскийдің (1592-1670) есімімен байланысты. Оның
1654 жылы Амстердамда жарық көрген Ұлы дидактика атты еңбегі алғашқы
ғылыми-педагогикалық кітаптардың бірегейі болды. Ондағы айтылған идеялардың
көпшілігі осы күнге дейін өзінің көкейкестілігін және ғылыми маңызын
жоғалтқан емес. Я.А.Коменский ұсынған табиғи сәйкестік принципі, сынып-
сабақтық тәлім жүйесі және басққа да тәлім принциптері, әдістері, формалары
педагогикалық теорияның алтын қорынан орын алды.
Ағылшын философы және педагогы Джон Локк (1632-1704) өз қайрат-күшін
тәрбие теориясына бағыштады. Өзінің Тәрбие жөніңдегі ойлар атты басты
еңбегінде ол өзіне сенімді, ауқымды тәлімділігін іскерлікпен, берік наным-
сенімдерін сұлу мәнерлілікпен ұштастыра білген адам – сал-сері
(джентельмен) тәрбиелеуге арналған көзқарастарын жариялады.
XVIII ғасырда мектеп педагогикасы бойынша өз шығармаларымен танылған
француз материалист-ағартушылары Д.Дидро (1713-1784), К.Гельвеңий (1715-
1771), П.Гольбах (1723-1789), әсіресе Ж.Ж.Руссо (1712-1778) болды. Затқа
назар! Затқа! Мен ешқашанда біздің мылжың тәрбиемізбен сөзге аса көп маңыз
беріп, құрғақ сөзді адамдарды жасайтынымызды қайталап айтудан жалықпаймын
– деп ұрандады ол.
Педагогиканың қалыптасуында И.Г.Песталоцийдің (1746-1827) есімі аса
құрметпен аталады. О сүйікті халқым! Сенің қаншалықты төмен жасап
жатқаныңды мен байқап жүрмін, мен саған көтерілуге жәрдем беремін–деп, ол
жан айқайын салды. И.Г.Пестолоций өз дегеніңе жетті: мұғалімдерге тәлім,
білім ұсыну мен адамгершілік тәрбиесінің ізгілікті теориясын ұсынды.
Өзгерістерден басқа тұрақты ешнәрсе жоқ, – деп үйреткен неміс
педагогы Фридрих А.В.Дистервег (1790-1886) барша педагогикалық құбылыстарға
тән тәрбиенің қөзғаушы күштері мен қарама-қарсылықтарын зерттеген.
Орыс ойшылдары, философтары және жазушыларының арасында педагогикалық
шығармаларымен белгілі болған есімдер: В.Г.Белинский (1811-1848),
А.И.Герцен (1812-1870), Н.Г.Чернышевский (1828-1889), Н.А.Добролюбов
(1836–1561). Бүкіл әлемде Л.Н.Толстойдың (1828–1910), Н.И.Пироговтың
педагогикалық идеялары әйгілі. Олар таптық мектепті қатаң сынға алып,
халықтық тәрбие саласын түбегейлі өзгерту қажеттігін ұрандады.
Қазақ халқының да тәлім-тәрбиелік жүйесі ұланғайыр да мәуелі.
Бұл салада халқымыздың тәлім-тәрбиелік алтын қорына елеулі үлес қосқан
арыстарымыз А. Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, С.Торайғырұлы және т.б. Олардың
тәлім-тәрбиелік өсиеттері талай зерттеулерге арқау болуда. Кемеңгер Ахмет
Байтұрсынұлынын өткен ғасыр басында – Мектептің жаны мұғалім. Мұғалім
қандай болса, мектебі һәм сондай болмақшы...әуелі біз елді түзетуді бала
оқыту ісін түзетуден бастауымыз керек деген ұлағатты ескертпесі бүгінгі
қазақ мектебінің ұлттық білім даңғылының тұғыры ретінде қабылдануда.
Орыс педагогикасын әлемдік даңққа бөлеген Константин Дмитриевич
Ушинский (1824-1871) тәлім-тәрбие теориясын түбегейлі өзгеріске келтіріп,
педагогикалық тәжірибеде төңкеріс жасады. К.Д. Ушинскийдің педагогикалық
жүйесінде жетекші орын тәрбие мақсаттарына, принциптеріне және оның мәніңе
берілген. Тәрбие, егер ол адамға бақыт бағыштағысы келсе, оны бақыт үшін
тәрбиелемей, өмірлік еңбекке баулуы тиіс. Ұдайы жетілуде болған тәрбие
адамның тән-дене, ақыл-парасат және ізгілік-инабаттық күштерінің ауқымын
барынша кеңейту мүмкіндігіне ие болады – деп жазған еді ұлы гұлама.
XIX ғ. ақыры – ХХғ. басында педагогикалық проблемалар АҚШ-та қарқынды
зерттеле бастады, адам тәрбиелеудің жалпы принциптері мен заңдалықтары
өрнектелді, әрбір адамға белгілеген мақсаттарына тез, әрі табысты жетуге
мүмкіндік беретін тиімді тәлім технологиялары қалыптасып, тұрмысқа енді.
Америқан педагогикасының белгілі өкілдерінің бірі Джон Дьюи (1859-1952).
Оның зерттеу жұмыстары бүкіл батыс Еуропа, Америқа және Австралия
аймақтарында педагогикалық ойдың дамуына үлкен ықпал жасады. Америқан
педагогтарының тағы бір көрнекті тұлғасы Эдвард Торндайк (1874-1949) тәлім
үдерісін зерттеумен атын әйгілеп, әрекетшіл тәрбие технологиясын бүкіл
әлемге жария етті.
Елімізде аты танымал америқан педагогы және дәрігері Бенджамен Снок.
Ол қауым өкілдеріне, бір қарағанға қарапайым ғана тәрбиеде басты не болу
керек: қаталдық па қайырымдылық па? – деген сұрақ қойып, көпшіліктің
санасына жаңа тәрбие лебін жеткізді. Бұл сұрақтардың астарынан күтілген
жауап – педагогика қай бағытта: әміршіл-әкімшіл немесе гуманистік – жолымен
дамуы қажет пе? Бұған нақты жауапты Б.Спок өзінің Бала және оған
қамкорлық, Анамен сұкбат және т.б. еңбектерінде беруге тырысқан.
XX ғасырдың басында әлемдік педагогикада еркін тәрбие және бала
тұлғасынын дамуы идеялары белсенді жария етіле бастады. Бұл идеяға жетекші
Мария Монтессори (1870-1952) болды. Өзінің Ғылыми педагогика әдістемесі
кітабында ол балалық шақ мүмкіндіктерін барынша пайдалану қажеттігін
түсіндіріп бақты. Себебі, сәбилік шақтағы бала дамуы үлкен тәрбиелік
табыстарға есік ашады. Оның пікірінше, мектеп тәлімінің басты формасы
өзіндік тәлім жұмыстары болуы қажет. Монтессори баланың жеке тәліміне
ыңғайлы дидактикалық материалдар ұсынды. Бұл тәлім құралдарының ерекшелігі,
оларды пайдалана отырып, бала өз кемшілік-қателерін табады және оларды
түзетеді. Бүгінгі күнде Қазақстан Республиқасында да Монтессори жүйесінің
тараптарлары мен қолдаушылары баршылық. Осы бағытта түзілген бала бақша-
мектеп жүйесі іске қосылып, балаларды еркін тәрбиелеу идеясы өз жемісін
беруде.
Қазан төңкерісінен кейінгі кеңестік педагогика жаңа қоғамдағы адам
тәрбиесі идеяларын өзіндік түсінім жолымен дамыта бастады. Кеңестік
педагогикаға байланысты шығармашылық ізденістер аймағында белсенділікпен
қатысқан белгілі педагог ғалымдар: С.Т.Шацкий (1878-1934), П.П.Блонский
(1884-1941), А.П.Пинкевич (1884-1939) болды. Социалистік дәуір
педагогикасын танымал еткен Н.К.Крупская, А.С. Макаренко, В.А.Сухомлинский
еңбектері. Надежда Константиновна Крупскаяның (1869-1939) теориялық
ізденістері жаңа кеңес мектебін қалыптастыру, сыныптан тыс тәрбиелік
жұмыстарды ұйымдастыру, енді пайда бола бастаған пионер көзғалысы
проблемаларының төңірегінде шоғырланды. Антон Семенович Макаренко (1888-
1939) балалар ұжымына педагогикалық басшылық, еңбек тәрбиесі, саналы тәртіп
қалыптастыру және балаларды отбасында тәрбиелеу әдістемелеріне байланысты
идеяларды қорытындылап, оларды тұрмыста іске асыру принципттерін ұсынды,
әрі өзі оларды тәжірибе тексеруінен өткізді. Василий Александрович
Сухомлинский (1918-1970) өз зерттеулерін жастарды тәрбиелеудің моральдық
проблемаларымен байланыстырды. Оның дидактикалық кеңестері мен нақты да дәл
бақылаулары қазіргі педагогикалық ой дамуы және қоғамды қайта түзу
дәуіріндегі мектеп тағдыры жөніңдегі ұсыныстары өз маңызын әлі де сақтауда,
сонымен бірге тәлім-тәрбие сапасын жаңаша, гуманистік тұрғыда түсінуде
үлкен жәрдемін тигізіп отыр.
80-жылдардың ақырында бұрынғы Кеңес республиқаларында мектепті
жаңалау мен қайта құру қозғалысы өріс алды. Бұл қызметтестік
педагогикасының туындауынан көрінді. Осы дәуірдегі жаңаланған педагогиканы
дамытуға ат салысқан педагог ғалымдар мен бірегей шығармашыл мұғалімдер
көптеп таныла бастады. Олардың арасында Ш.А.Амонашвили, Л.С.Соловейчик,
В.Ф.Шаталов, Н.П.Гузик, Н.Ы.Палтышев, В.А. Караковский және басқалар болды.
Бүгінгі кезеңдегі педагогика өзінің диалектикалық, өзгермелі ғылым
сипаттарына сай болуымен қарқынды дамуда. Кейінгі он жылдықтарда
педагогиканың бірнеше салаларында келелі табыстарға қол жеткізілді, әсіресе
мұндай жетістіктер мектептегі тәлімінің жаңа технологияларын жасауда
көрініс берді.
Сапалы тәлім бағдарламаларымен жабдықталған қазіргі заман
компьютерлері тәлім үдерісін басқаруда үлкен жәрдемін тигізуде. Соның
нәтижесінде тәлім барысында аз қуат пен уақыт жұмсап, жоғары нәтижелерге
жету мүмкіндіктері пайда болды.
Тәрбиенің жетілген әдістемелерін жасау бағытында да пайдалы өзгерістер
көптеп болуда. Ғылыми-өндірістік кешендер, авторлық мектептер,
эксперименталды тәлім-тәрбие алаңдары – ұнамды өзгерістер жолындағы елеулі
көзге түскен педагогикалық жаңалықтар. Еліміздегі жаңа және жаңаланған
мектеп тәлімі мен тәрбиесі басты назарда тұлға дамуын көзге алып,
гуманистік бағытта өрлеп, өрістеуде.
3 – сұрақ
Педагогика нысаны, пәні және қызметтері
Жауап
Өткенде де, қазіргі күнде де педагогика жөніңдегі ғалымдар пікірі үш
бағытта өрбіген. Бірінші топ ғылым өкілдерінің ойынша, педагогика адамзат
тәлімдерінің пәнаралық аймағын құрайды. Осыдан мұндай көзқарас
педагогиканың дербес теориялық ғылым екендігін, яғни педагогикалық
құбылыстардың идеялық түйіні боларын тіпті де мойындамайды. Бұл жағдайда
педагогикалық нысан ретінде әртүрлі күрделі дүние болмыстары (космос,
мәдениет, саясат және т.б.) қабылданары сөзсіз.
Ендігі ғалымдар тобы педагогиканың басқа ғылым салаларынан (психология,
жаратылыстану, әлеуметтану және т.б.) алынған тәлімдерді жанама түрде
пайдаланып, тәлім және тәрбие аймағында туындайтын мәселелерді шешуге
икемдестірілген қолданбалы пән рөлін таңдайды. Бұлай болғанда педагогикалық
тәжірибенің іске асуы мен өзгерістеріне тұғырлы тірек болар тұтастай
теориялық негіз қалыптасуы мүмкін емес. Мұндай педагогика мазмұны
педагогикалық құбылыстардың жеке тақырыптары жөніңдегі кездейсоқ,
жүйеленбеген, байланыссыз деректер жиынтығы күйінде көрінері екінің біріне
аян.
Қазіргі кезеңде ғылым мен практикаға үшінші ғылыми тұжырым өз
тиімділігімен танылып отыр: педагогика – өзіндік нысаны мен зерттеу пәніне
ие салыстырмалы дербес тәлім саласы (Педагогика оқулықтарының ең соңғы
басылымдары: Б.Т.Лихачев, И.П.Подласый, В.А.Сластенин және т.б.).
Педагогика нысаны. Педагогика ғылымының нысандық ерекшелігі жөніңде
батыл ой ұсынған ғалым және прақтик А.С.Мақаренко болды. Оның пікірі:
көпшілік педагогика нысаны бала деп біледі, алайда бұл дұрыс емес. Ғылыми
педагогика зерттеулерінің көздейтін – бұл педагогикалық дерек (құбылыс).
Дегенмен, бала, адам да зерттеуші назарынан тыс қалмайды. Керісінше, адам
жөніңдегі ғылымдардың бірі болғандықтан, педагогика аталған объекттердің
тұлғалық дамуы мен қалыптасуына мақсатты бағдарланған саналы іс-әрекеттер
аймағын зерттейді. Осыдан, педагогика өз нысаны ретінде тек өкілі (индивид)
не оның психикасын қарастырмай (бұлар психология нысаны), оның дамуына
байланысты педагогикалық-тәрбие құбылыстары жүйесін зерттеуге алады.
Сондықтан да педагогика нысаны деп қоғамның мақсатты бағдарланған іс-
әрекеттері үдерісінде дара адам дамуына себепкер болған болмыс құбылыстарын
айтамыз. Бұл құбылыстар педагогика ғылымында тәлім (образование) атамасымен
белгіленіп, педагогика шұғылданатын шынайы дүниенің бір бөлігін танытады.
Педагогика пәні. Тәлім, тәлімдену үдерісі тек педагогиканың ғана
меншікті зерттеу аймағы емес, оның зерттеуімен философия, әлеуметтану,
жантану, экономика және де басқа ғылымдар шұғылданады. Мысалы, экономист
тәлім жүйесінде өндірілген еңбек қорының шынайы мүмкіндіктер деңгейін
анықтай отырып, олардың дайындығына жұмсалатын қаржы мөлшерін белгілеуге
тырысады.
Социолог өз міндетіне орай тәлім жүйесінде дайындықтан өткен адамдардың
әлеуметтік ортаға икемдесу қабілеттері мен ғылыми-техникалық үдеріске және
әлеуметтік өзгерістер жолында ықпал ету мүмкіндіктерін білгісі келеді.
Философ, өз кезегінде, ауқымдылау бағдарды негізге ала отырып, тәлім
саласының жалпы міндеттері мен мақсаттары жөніңдегі сұрақтарға жауап
іздестіреді: Тәлім-тәрбиенің бүгінгі жайы қалай? Ол келешекте қандай
болмақ?
Психолог тәлімді педагогикалық үдеріс ретінде қарастыра отырып, оның
психологиялық қырларына назар аударады.
Саясаткер қоғам дамуының нақты кезеңіндегі мемлекеттік тәлім саясатының
тиімділік деңгейін тануға ұмтылады т.с.с.
Әлеуметгік құбылыс болған тәлімді зерттеудегі әртүрлі ғылымдардың қосқан
үлесі, әлбетте, құнды да қажетті, бірақ олардың бәрі де адамның күнделікті
өсу және даму үдерістерімен байланысқан тәлімнің мәндік астарын және сол
даму үдерісіндегі педагог пен тәлімшы ықпалдастығы мен оған сәйкес жүйелік
құрылымдарды назардан тыс қалдырады. Солай болуы заңды да, себебі аталған
мәселелердің баршасы арнайы ғылым – педагогиканың зерттеу нысандары.
Осыдан, педагогиканың пәні арнайы әлеуметтік мекемелерде
(институттарда): отбасы, тәлім ұсыну және мәдени-тәрбие орындарында –
мақсат бағдарлы ұйымдастырылған шынайы біртұтас педагогикалық үдеріс
ретінде көрінетін жүйеленген ілім саласы. Бұл тұрғыдан педагогика әрбір
адамның бүкіл өмір бойы дамуының кепілі және құралы болған педагогикалық
үдерістің мәні мен мазмұнын, заңдары мен заңдылықтарын және оның бүгінгі
бағыт-бағдары мен болашақ өркендеу жолын зерттеуші ғылым жүйесін аңдатады.
Осы негізде педагогика тәлім-тәрбие үдерісінің ұйымдасу теориясы мен
технологиясын, педагог іс-әрекетін (педагогикалық қызметті) және
тәлімгерлердің әрқилы тәлім жұмыстарын жетілдірудің формалары мен әдістерін
әрі олар арасындағы тәлім істері төңірегінде туындап отыратын ортақтасу,
қарым-қатынас, ықпалдастық сара жолдары мен тәсілдерін нақтылап, ашып
отырады.
Педагогика ғылымынын қызметтері. Дербес ғылым ретінде танылған
педагогиканың қызметтері оның жоғарыда аталған пәндік сипаттарымен
сабақтас, яғни табиғи бірлікте іске асырылуы қажет теориялық және
технологиялық міндеттер.
Педагогиканың теориялық міндеттері үш деңгейде жүзеге асырылады:
– сипаттау немесе түсіндіру – өзат әрі жаңашыл педагогикалық тәжірибені
зерттеу;
– нақтама (диагностикалық) – педагогикалық құбылыс жағдайын, педагог пен
шәкірт іс-әрекеттерінің нәтижелілігі немесе тиімділігін және оларды
қамтамасыз етуші шарттар мен себептерді айқындап алу;
– болжау (прогнөздау) – барша педагогикалық жағдаяттарды табиғи тұтастық
күйінде эксперименталды зерттеуден өткізу және оның негізінде сол
педагогикалық болмыстың жаңаланған нобайын құрастыру.
Теориялық қызметтің болжау, болжастыру деңгейі педагогикалық
құбылыстардың мәнің ашу, педагогикалық үдерістің түп-төркініңде орын алатын
құбылыстарды таба білу, сонымен бірге болып қалуы мүмкін ықтималды
өзгерістерге ғылыми негіздеме бере алу сынды іс-әрекеттермен байланысты.
Осы деңгейде анықталған деректерге орай тәрбие және тәлім теориясы
анықталып, тәлім ұсынуда жетекші рол атқарушы озық педагогикалық жүйе
нобайы құрылады.
Педагогиканың технологиялық қызметтері де үш көрініс береді:
– жобалау (проекттеу) – педагогикалық іс-әрекет пен оның мазмұнын әрі
сипатын қалыптастыру және реттеуге нұсқау болғандай теориялық тұжырымдар
мен анықтамаларды қамтыған қажетті әдістемелік материалдарды (тәлім
жоспары, бағдарлама, оқулықтар мен тәлім құралдары, педагогикалық
ұсыныстар) дайындаумен байланысты;
– жаңалау – тәрбие және тәлім ұсыну тәжірибесін жетілдіру мен қайта түзу
мақсатына орай педагогика ғылымының замандық жетістіктерін мектеп өміріне
енгізе, пайдалану;
– ықпал таныту (рефлексивтік) және реттеу-түзетулер енгізу (коррекциялық) –
ғылыми зерттеу нәтижелерінің тәлім-тәрбие ісіне болған әсер–ықпалын бағалау
және одан соңғы ғылыми теория мен тәжірибелік іс-әрекеттер байланысына
қажет болып қалатын реттеу-түзетулерді іске асыру.
Өзінің қоғамдық қызметтерді орындауға қажет қабілеттерінің дамуына
себепші болған әлеуметтену үдерісінде адам тұлғалық кемелдену сатысына
көтеріледі. Адамның әлеуметтенуі оның қоғамдағы ауыспалы жағдайлар мен
шарттарға икемдесе білуі ғана емес, ол өз ішіне жеке тұлғаның дамуы,
өзіндік танымы мен өз мүмкіндіктерін өз күшімен іске асыра алу сияқты
үдерістерді де қамтиды. Дегенмен, аталған үдерістерге байланысты
міндеттердің шешімі бірде мүдделі, жүйеленген болып, бүкіл қоғам, сол үшін
арнайы ұйымдастырылған мекемелердің қолдауымен және тұлғаның ынта-ықыласына
негізделсе, кейде кездейсоқ келеді. Ал осы әлеуметтенуге орай жүргізілетін,
нақты мақсатқа бағыттала ұйымдастырылған басқару үдерісі тәлім
(образование) деп аталады. Тәлім мәні – әр адамның өте күрделі өзіндік
басқару жүйесінің тиімділігін көтеру және оны жоғары моральдық және
азаматтық мұраттар рухында тәрбиелеу.
Сонымен, әлемде кең таралған педагогикалық ойдың дамыған екі бағыты
танылған – үлкендердің бедел-абыройына және балалардың бағыныштылығына
негізделген әкімшіл (авторитарлы) ағым, шәкірт құқығы мен еркіндігін
құрметтеуші – гуманистік ағым. Олардың арасында–сан қилы педагогикалық
бағыттар өрбіген. Әлемнің ізгілікті педагогикасы өзінің гуманистік таңдауын
қабылдады.
4 – сұрақ
Педагогикалық ғылымдар жүйесі
Жауап
Педагогика – кең, ауқымды ғылым. Оның шұғылданатын тәлім және тәрбие
мәні мен олардың барша байланыстарын жеке бір ғылым шеңберінде қамту мүмкін
емес. Педагогика дамудың ұзақ жолын басынан кешіріп, көптеген тәлімдер
жинақтап, бүгінгі күнде ғылыми тәлімдердің кең тармақты жүйесіне айналып
отыр. Сондықтан бүгінгі педагогиканы тәрбие жөніңдегі ғылымдар жүйесі деп
атаған дұрыстау келеді.
Педагогиканың іргетасы – философия, дәлірек айтсақ, тәрбие
проблемаларымен арнайы шұғылданатын оның тәрбие философиясы тармағы. Тәрбие
философиясы өз алдына тәлім саласы ретінде тәрбиелік тәжірибеде әртүрлі
философиялық жүйе идеяларын пайдаланады. Философия педагогикаға танымның
жалпы бағыт-бағдарын, педагогикалық құбылыстар мен үдерістерді зерттеудің
әдіс–тәсілдерін көрсетеді. Сондықтан да, философияны оның біртұтас және
жүйелік, құрылымдық талдау әдістерімен бірге педагогиканың әдіснамалық
негізі деп атау қабылданған.
Қоғамдық құбылыс ретінде тәрбие дамуы мен педагогикалық тәлімдердің
өткен жолын педагогика тарихы зерттейді. Өткенді түсіне отырып, болашаққа
көз тігеміз. Бастан кешіргенді зерттеу және оны бүгінгімен салыстыру осы
заманғы құбылыстардың негізгі даму кезеңдерін нақтылаумен бірге бұрынғы
қателерді қайталаудан сақтандырады. Педагогика жүйесі келесі салаларды
қамтиды: жалпы педагогика; жас кезеңдер педагогикасы; әлеуметтік
педагогика; арнайы педагогика.
Жалпы педагогика – адам тәрбиесі заңдылықтарын зерттеп, барша типтегі
тәрбиелік мекемелердегі тәлім-тәрбие үдерісінің жалпы негіздерін теориялық
тұрғыдан қарастыратын іргелі ғылыми пән. Қалыптасқан үрдіс бойынша жалпы
педагогика төрт бөлімнен тұрады. 1) тәлім-тәрбие үдерісінің негіздері; 2)
дидактика (білім игеру теориясы); 3) тәрбие теориясы; 4) мектептану.
Жас кезеңдері педагогикасы педагогиканың мектепке дейінгі және мектептік
жүйелерін өз алдына бөліктеп қарастырады. Олар өсіп келе жатқан әулеттің
белгілі жас тобына байланысты тәлім-тәрбие іс-әрекеттері ерекшеліктерін
бейнелейтін тәрбие заңдылықтарын зерттейді. Бүгінгі күнде жас кезеңдер
педагогикасы мектептік тәлім жүйесінің құрылымын қамтиды. Әрқилы жас
топтарында немесе тәлім-тәрбие мекемелеріндегі тәрбие айырмашылықтарын
танытушы дербес педагогикалық салалар пайда болуда. Олардың ішінде қазіргі
күнде өз алдына пән ретінде өтілетіндері – мектепке дейінгі педагогика,
кәсіби-техникалық мектептер педагогикасы, өндірістік педагогика, ұзақтан
тәлім игеру педагогикасы және т.б
Ғылыми пәндер ішінде ересектердің педагогикалық проблемаларымен
айналысып, қарқынды даму жолына түскен – жоғары мектеп педагогикасы. Оның
міндеттері – барша деңгейдегі ресми, ресми емес тіркелген жоғарғы тәлім
орындарында жүріп жатқан тәлім-тәрбие үдерісінің заңдалықтарын ашып беру,
қазіргі ауыспалы кезеңде жоғары тәлім жүйесінің арнайы проблемаларын
зерттеу, жоғары технологиялық және компьютерлік тәлім жүйелерінің
принциптерімен таныстыру. Дипломнан соңғы тәлім педагогикасы еңбек
педагогикасымен тығыз байланыста мамандық көтеру, сонымен бірге нарықтық
экономикаға орай көкейкесті болып тұрған халық шаруашылығының әртүрлі
салаларында қызмет етіп жатқан жұмысшылардың қайта мамандану, егделік жасқа
келгенде жаңа тәлімдерді, жаңа кәсіпті игеру мәселелерімен шұғылданады.
Арнайы жағдайларда өтетін тәрбие үдерістер ерекшелігін әскери педагогика
зерттейді.
Әлеуметтік педагогика ауқымында отбасы педагогикасы, мәжбүрлі тәрбие
(первентив) педагогикасы, алдын алу (профилақтикалық) педагогикасы дамуда.
Өз дамуында әрқилы мүшелік бұзылыстар мен ауытқуларға ұшыраған адамдар
арнайы педагогика аймағында зерттеледі. Есітпейтіндер мен мылқаулар тәлімі
және тәрбиесімен сурдопедагогика, зағиптар – тифлопедагогика, ақыл-есі
кемдермен – олигофренопедагогика шұғылданады.
Педагогика ғылымдарының арнайы тобын жекеленген немесе пәндік
әдістемелер құрайды. Олар тәлім-тәрбие мекемелерінің барша типтерінде
өтілетін нақты тәлім пәндерінің жүрісі мен игерілуі заңдылықтарын ашып,
мұғалімдерге ұсынады. Өз пәнің меңгерту әдістерімен әрбір педагог жоғары
деңгейде таныс болуы міндетті.
Тәрбиеге байланысты жаңа ғылым салалары педагогиканың дәл және
техникалық тәлімдермен тоғысында қылаң бере бастады. Олар – кибернетикалық,
математикалық, компьютерлік педагогика, суггестология (гипноздық сендірумен
жедел үйрету жүйесі) және т.б. Осы заманғы педагогика адам жөніңдегі басты
ғылымдардың бірі ретінде ауқымды да қарқынды даму жолына түсті.
Сонымен, бұл күнде педагогика кең тармақты ғылыми жүйе ретінде танылған.
Бұл жүйеде мектеп педагогикасы маңызды орынға ие. Себебі тәрбие үдерісі
әсіресе балалық шақта жылдам жүрісте болады, сондықтан да оны жоғары
кәсіптік деңгейде басқара білу қажет. Өз проблемаларын шешу барысында
педагогика көптеген ғылымдардың деректерін пайдаланады.
5 – сұрақ
Педагогика және басқа ғылымдар
Жауап
Адам жөніңдегі ғылымдар жүйесіндегі педагогиканың орны оны басқа
ғылымдармен байланыстыра қарастырғанда ғана айқындалуы мүмкін. Өзінің
ұзаққа созылған тарихында педагогика көптеген ғылымдармен тығыз байланыста
болып, өз дамуы мен кемелденуінде олардың әрқилы ықпал–әсеріне ұшырап
отырды. Бұл ұштастықтардың кейбірі тарих тұңғиығынан жалғасып келе жатса,
енді біреулері – кейінгі, жақын дәуірлерде пайда болды. Педагогиканың
алғашқы байланыс түзген тәлім салалары – философия мен психология. Бұл
ғылыми одақ қазіргі күнде де педагогикалық теория мен практиканың өрістеп
дамуының алғы шарты.
Педагогиканың философиямен байланысы өте ұзақ та өнімдіде болды, себебі
философиялық идеялардан педагогикалық тұжырымдар мен теориялар туындап
отырады. Педагогикалық ізденістердің бағыттары белгіленді, сонымен бірге
педагогиканың әдіснамалық негізі осы философиялық көзқарастардан
қалыптасты. Философиялық бағыттар (экзистенциалды, прагматикалы,
неопозитивистік, материалистік т.б.) жүйесін ұстануына орай педагогика
зерттеушілерінің тәлім-тәрбие саласындағы ғылыми–ізденіс жолы, тәлім ұсыну
үдерісінің мәні мен мағынасы, мақсаты мен технологиялық сипаттамасы
айқындалады. Философия сонымен бірге педагогикалық болмыс пен нақты
тәжірибені теориялық тұрғыдан түсінудің құралы ретінде қолданылып, жаңа
педагогикалық тұжырымдамалар жасаудың бастау көзін береді.
Педагогиканың ежелден келе жатқан үдерісті де аса құнды байланысы
жантану (психология) ғылымымен орныққан. Адам табиғатын білу, оның тума
қасиеттері мен мүмкіндіктерін түсіну, тұлға дамуы мен оның жандүниелік
қөзғалыстарында байқалатын заңдылықтар және оларды басқарушы тетіктерді
ескеру, сонымен бірге тәлім мен тәрбие жүйесін осы психикалық заңдылық,
қасиет, сапа, қажеттіктер мен мүмкіндіктерге негіздей отырып, құрастыру
талаптарын елеулі ғүлама-педагогтардың бәрі де алға тартып отырған.
Дегенмен, ескеретін жәйт: тұлғаның дамуы мен қалыптасуын бір жақты тек
психологиялық шарттармен ғана түсіндіру шынайылыққа келмейді, себебі
педагогтар мен шәкірттер өмірі табиғи заңдылықтардан кейде басымдау түсетін
әлеуметтік–педагогикалық жағдайларға тәуелді келеді, тіпті сол
психологиялық дүние, болмыстың өзі де арнайы қоғамдық ықпал нәтижесінде
өзгеріске келуі әбден мүмкін.
Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы адамды тұлға ретінде
зерттеуімен ортақ келетін философия және психология аймағымен шектеліп
қалмайды. Оның адамды тіршілік тегі сипатында танушы анатомия, физиология,
астрология және медицина ғылымдарымен де байланысы заңды құбылыс.
Адам дамуына ықпал жасаушы табиғи және әлеуметтік жағдаятлар
арақатынасынан туындайтын проблема – педагогика үшін өзекті мәселелердің
бірі. Адамның жекеленген табиғи дамуын зерттеуші биология ғылымында бұл
мәселе аса маңыздылығымен танылған.
Адамды табиғи жаратылыс туындысы және әлеуметтік болмыс жемісі ретінде
қарастыра отырып, педагогика антропология ғылымындағы адам туралы
тәлімдердің бай қорын толық пайдаланады, осыдан олардың бәрін жалпыланған
адам бойында теориялық бірігімге келтірумен оның сан қырлы да көп сырлы
болмысын тануға жол ашады.
Педагогиканың медицинамен байланысының нәтижесінде педагогикалық
тәлімдердің арнайы саласы коррекциялық (реттеуші) педагогика пайда болды.
Осыдан, өз дамуында тума немесе жасанды ауытқуы бар балаларды тәрбиелеп,
сауатын ашудың тәсілдері анықталды. Педагогиканың бұл саласы медицина
деректерін пайдалана отырып, бала деніңдегі кемшіліктердің орнын толтыру
мен оның қоғам өміріне толыққанды араласып кетуін жеңілдететін терапиялық
құрал–жабдықтар жүйесін түзіп, қолданымға келтірді.
Сонымен бірге педагогиканың дами түсуі адамды қоғам мүшесі ретінде, оны
әлеуметтік қатынас, байланыстар жүйесінде зерттеуші ғылымдарға да тәуелді
келеді.
Сондықтан да осы заман педагогикасының әлеуметтану, экономика,
саясаттану және басқа әлеуметтік ғылым салаларымен тұрақты да ықпалды
байланысқа түсуі кездейсоқ емес.
Педагогика және экономикалық ғылымдар арасындағы қатынастар өте күрделі,
бірақ біртекті емес. Қай заманда да экономикалық саясат қоғамды тәліммен
қамтамасыз етудің қажетті шарты болған. Осы саладағы ғылыми зерттеулерді
экономикалық қолдау педагогика дамуына үлкен ықпал жасаушы жағдаятқа
айналып отыр. Осы ғылымдардың байланысынан Тәлім экономикасы деген арнайы
педагогика саласы дүниеге келіп, тәрбие аймағын реттестіруші экономикалық
заңдалықтар ашылды, олардың қоғамды сауаттандыруға байланысты ерекшеліктері
зерделенді.
Педагогиканың әлеуметтану ғылымымен байланысы ежелден келе жатқан
үдеріс. Себебі бұл екеуін де толғандыратын ортақ проблемалар: тәлім-
тәрбиені жоспарлау; халықтың әртүрлі топтары мен әлеуметтік қатпарының
негізгі даму бағыттарын айыра тану; әрқилы әлеуметтік орта мен ұйымдардағы
тұлғаның қоғамдық кемелденуі мен тәрбиесі заңдылықтарын ашу.
Қоғам мен мемлекеттегі тәлім саясатының қалыптасуы әрдайым үстемдік
жүргізуші партиялар мен таптардың идеологиясы негізінде түсіндіріледі; бұл
түрғыдан педагогика мемлекеттік тәлім-тәрбие құралы ретінде саясаттану
ғылымының заңдылықтарына сүйене отырып, адамның саяси сана субъектісі
ретінде қалыптасуының шарттары мен тетіктерін белгілейді, саяси мұраттар
мен талаптарды игеріп, орындау мүмкіндіктерін нақтылап, ашып отырады.
Педагогиканың басқа ғылымдармен байланыстарын талдауға сала отырып,
оларды пайдаланудың келесі формалары анықталған:
– басқа ғылымдардың негізгі тұжырымдарын, теориялық болжамдары мен
қорытындыларын педагогикада пайдалану;
– бұл ғылымдарда қолданылатын зерттеу әдістерін шығармашылықпен
қабылдап, меншіктеу;
– психология, жоғары жүйке қызметі физиологиясы, әлеуметтану және
басқа да ғылымдар зерттеулерінің нақты нәтижелерін педагогикада қолдану;
– адамды жан-жақты және көптарапты зерттеуде педагогиканың қатысуы.
6 – сұрақ
Педагогика әдіснамасы жөніндегі түсінік
Жауап
Ғылым дамуының басты шарты – жаңа деректермен үздіксіз толығып бару.
Ал деректердің жинақталуы мен олардың түсініктемесі ғылыми негізделген
зерттеу әдістеріне тәуелді келеді. Әдістер, өз кезегінде, ғылым аймағында
әдіснама атауын алған теориялық принциптердің бірлікті тобымен міндетті
байланыста болады.
Қазіргі заман ғылымында әдіснама деп ғылыми-танымдық іс-әрекеттердің
түзілу принциптері, формалары мен тәсілдері жөніндегі тәлімді айтамыз.
Ғылым әдіснамасы зерттеу жүйесіндегі құрылымдық бірліктердің нысаны, талдау
пәні, зерттеу міндеттері, зерттеу құралдар тобы т.б. сипаттамасын береді.
Сонымен бірге зерттеу міндеттерінің шешімін табу үдерісіндегі әрекеттер
бірізділігін белгілейді. Осыдан, педагогика әдіснамасын педагогикалық таным
және болмысты қайта жасаудың теориялық ережелер топтамасы ретінде
қарастырған жөн.
Әркандай әдіснама калыпты көрсетпе-нұскау және реттестіру қызметтерін
атқарады. Дегенмен, әдіснамалық тәлім екі күйде іске асырылуы мүмкін:
дескриптивтік не прескриптивтік.
Дескриптивтік әдіснама – ғылыми тәлімдердің кұрылымы мен гылыми таным
заңдылықтары жөніндегі тәлім ретінде зерттеу үдерісіне бағыт-бағдар береді,
ал прескриптивтік әдіснама – зерттеу іс-әрекеттерін реттеп барудың жол
жобасын белгілеп, көрсетеді. Үдерісті әдіснамалық талдауда ғылыми іс-
әрекеттерді жүзеге асыру тиімділігімен танылған ұсыныстары және ережелеріне
байланысты құрастыу міндеттері басымдау болса, ал дескриптивті талдауда
ғылыми таным үдерісінде іске асырылған зерттеу әрекеттерін қайталап баяндау
түсіндіру қызметтері атқарылады.
Әдіснамалық тәлімдер тобы төрт деңгейлі келеді (Э.Г. Юдин):
философиялық, жалпы тәлімдік, нақты ғылымдық және технологиялық.
Әдіснаманың ең жоғары философиялық деңгейі танымның жалпы принциптерімен
бүкіл ғылымның қатегориялар құрылымын негіздейді. Осыдан философиялық
тәлімдердің барша жүйесі әдіснамалық қызмет атқарады. Екінші – жалпы
ғылымдық–әдіснама деңгейінде ғылымдардың баршасында не көпшілігінде
қолданылуы мүмкін теориялық тұжырымдарды белгілейді. Үшінші деңгей – нақты
ғылым әдіснамасы қандай да нақты ғылыми пән аймағында қолданылатын зерттеу
әдістері мен принциптерінің жиынтығын құрайды. Нақты ғылым әдіснамасы
белгілі саладағы ғылыми тануға тән болған проблемаларды, сондай-ақ
жоғарылау келген әдіснамалық деңгейлерге байланысты алға тартылатын
мәселелерді де қамтиды, мысалы: педагогикалық зерттеулердегі жүйелестіру
мен нобайлау (моделдеу) проблемалары. Төртінші деңгей – технологиялық
әдіснама – зерттеу әдістері мен техникасын белгілеп, деректі сезімдік
материалдарды жинақтап, алғашқы өңдеуден өткізіп, кейін оларды ғылыми
тәлімдер өрісіне қосу қызметтерінен хабар береді. Бұл деңгейдегі
әдіснамалық тәлім нақты көрсетпе-нұсқау сипатына ие. Әдіснаманың барша
деңгейлері күрделі жүйеде бірігіп, өзара сабақтастықпен байланысты келеді.
Ал әрқандай әдіснамалық деп танылған тәлімнің мазмұндық негізі философиялық
деңгейден іздестіріледі, себебі таным үдерісі мен болмысты қайта жасау
әрекеттерінің дүниетаным, көзқарас бағдары осы философиямен айқындалады.
7 – сұрақ
Педагогиканың философиялық негіздемесі
Жауап
Қазіргі кезеңде адам зерттеулеріне байланысты әрқилы ғылымдар
әдіснамасы сипатында көптеген философиялық бағыт-бағдарлар, теориялық
көзқарастар бір қатар жасауда. Солардың ішінен бүгінгі педагогикада өз
орнын тапқан келесі философиялық тәлімдерді ажыратуға болады:
экзистенциализм, прагматизм, неотизм, неопозитивизм, диалектикалық
материализм ж.т.б.
Экзистенциализм немесе адамның тіршілік, болмыс толғаныстары
философиясы. Бұл бағытты дәріптеуші көрнекті өкілдер: Н.А. Бердяев, Л.И.
Шестов (Ресей), М. Хайдеттер, Г, Ясперс (Германия), Ж. Сатр, А. Қамю
(Франция), Э. Брейзах, П. Тиллих (АҚШ) т.б. Экзистенциализмнің негізгі
ұғымы – тіршілік – өз меніңе шомған жекеленген адам болмысы.
Экзистенциалистер түсінігінде шынайы дүниенің мәні оның субъектті сипатта
болуына тәуелді. Олар тікелей объектив тәлімдер мен объектив шындықты
мойындамайды. Сырттай дүние әр адамның ішкі мені тарапынан қалай
қабылданса, солай танылуы тиіс.
Экзистенциалистер қазіргі қоғамның тұлғаны күйреуге соқтыратын, оның
өзіндік ерекшелігін жойып, қауымнан аласталуына себепші келеңсіздіктерін
алға тартады. Мұндай қиыншылықтан құтылудың жолын олар әр адамның өзін-өзі
кемелдендіру әрекетімен байланыстырады. Осыдан, мектептің мақсаты,
экзистенциалистердің пікірінше, шәкірттерді өзін-өзі қалыптастыруға
үйретіп, өз менің жасауға қажет тәрбие, тәлімге баулу.
Шынайы тәлімдерге қарсы тұруымен аталған бағыт теоретиктері мектеп
бағдарламалары мен оқулықтарына қарсылық білдіреді. Тәлім құндылығы мен
қажеттілігі әр нақты тұлға үшін өзіндік маңызға ие болуынан мұғалімнің
міндеті – тәлім, тәрбие материалын игеруде балаға толық еркіндік беріп,
оның ынта-ықыласы мен қызығуларына жол ашу. Заттар мен құбылыстар мәнің
үғыну шәкірт еркінде. Ал ұғу үдерісі санаға негізделмей, бала сезімдері,
арманы мен сеніміне орай іске асырылады. Экзистенциализм жекелеп
тәрбиелеудің философиялық негіздемесі ретінде танылып отыр.
Неотомизм – орта ғасырлық діни философ Фома Ақвинскийден бастауын
алған әдіснамалық бағыт. Бұл ағымның ерекшелігі – сана объективтігін
мойындайды. Бірақ мұның астарында сыр бар: сана неотомистер үшін діни
догмаларды дәлелдеу мен шіркеудің адамдарға болған ықпалын күшейте түсу
құралы ретінде ғана қажет.
Ғылыми тәлімдердің адамдар өміріне жан-жақты, берік енуін мойындаудан,
неотомистер ортағасырлық Ф.Ақвинский идеяларын осы заман жағдайлары мен
талаптарына сәйкестендіре қолдануға мәжбүр болып отыр. Алайда олар
танымында дүние екі талай: заттасқан және рухани. Заттасқан болмыс – ең
төмен деңгейлі, өлі, мақсаты мен мәні жоқ дүние – оны зерттейтін ғылым.
Сезімдік деректерді жинауға бағдарланған ғылым дүние мәнің ашуда қауқарсыз,
себебі ол мән Алланың қолында. Сондықтан да анайы шындық, неотомистердің
пікірінше, Жаратқан ақылымен ғана танылады, оның аяны арқасында ғана пенде
санасына қонады.
Адам – екі тарапты, қосарланып жүретін заттасқан және рухани дүниеден
тұрады. Соңғысы жоғары құндылық ретінде танылып, тұлғаның адамгершілік
сипатын көрсетеді. Бұл адамға мәңгі өмір берген Алла тартуы.
Неотомистер мектептің шектен тыс ақыл-ойға тәуелділігін
(рационалдығын) сынап, оны баланың санаға дейін тума берілген астарын
қалайтын табиғи мүмкіндіктерін (сүйіспеншілік, бақыт, еркіндік пен өмір
мәніңің негізі) жадтан шығарғандығымен айыптайды. Сондықтан барша тәлім
және тәрбие жүйесі баладағы Алладан дарыған санаға дейінгі ұмтылысты
дамытуға бағытталуы қажет.
ХІХ-ХХғ.ғ. тоғысында химия, биология және т.б. жаратылыстану
ғылымдарының өрістей дамуымен философия сахнасында жаңа – позитивистік
бағыт пайда болды. Бұл бағыт өкілдері табиғаттану пәндері мен оларда
қолданылатын әдістерді әсіре дәріптеп, сандық зерттелген дәйектерді ғана
дұрыс та дәлелді деп таниды. Таптық күрес, қоғам дамуы, әлеуметтік
қайшылықтармен байланысты проблемаларды тіпті де жалған, ғылыми деректеуге
келмейді деп жариялады. Пөзитивистер үшін бірден бір мәнді ғылымдар – бұл
математика мен табиғаттану, ал қоғамдық ғылымдар – шындыққа сиыспайтын
ертегі.
Неопозитивизм мәндік тұрғыдан өз негізі позитивизмді қолдай отырып,
қазіргі заман ұғымдары мен терминдерін пайдалануымен осы дәуір
философиясында елеулі орын иеледі. Педагогика әлсіздігін неопозитивистер
оның шынайы деректері мен іс-әрекеттерге орынды мән бермей, пайдасыз
идеялар мен абстрақцияға бой ұрғандығынан көреді. Олар тәлім ұсыну жолында
мазмұнға емес, әдістерге елеулі мән беріп, тәлім мен тәрбиеде негізгі нәрсе
тәлім емес, ал оны ұғу мен игеру әдістері – деген тұжырымды алға тартты.
Неопозитивизмнің көрнекті өкілі – ірі атомшы ғалым, АҚШ-тың саяси
қайраткері – Дж. Конант. Оның Бүгінгі Америка орта мектебі, Америқан
мұғалімдерін дайындау атты еңбектері АҚШ педагогикасының өркендеуіне зор
үлесін қосты.
Прагматизм философиялық ағым ретінде ХІХ–ХХ ғ.ғ. шектерінде пайда
болды. Ғылым, техника және өндірістің қарқынды дамуы материалистік
философияның тұғырын бекіте түсіп, абсолюттік идеализмнің негіздеріне ақау
салды. Прагматистік бағытты қалаушылар идеализм мен материализмнен
бөлектенген жаңа философияны ұстанатынын жария етті. Прагматизмдегі басты
ұғым – тәжірибе, іс (грекше прагма), осыдан олар болмыс танудың
негізі тұлғаның іс-тәжірибесінде деп біледі де объектив тәлімдерді
мойындаудан бастартады. Олардың пікірінше, адамның практикалық іс-
әрекетінің нәтижесінде алынған, ол үшін құндылықты болған тәлімдер ғана
шынайы сипатта болуы мүмкін.
Прагматизмнің аса көрнекті өкілі – американдық ғалым Дж.Дьюи. Оның
шығармашылығымен жүзеге келген прагматикалық педагогика көптеген елдердің,
әсіресе АҚШ-тың мектептік тәлім жүйесінің қалыпқа түсіп, өркендеуіне зор
ықпал жасады, әлі де ықпал жасауда. Өзінің көптеген педагогикалық
еңбектерінде Дж.Дью ескі, жаттанды білімге негізделген мектепті сынай
отырып, тәлім мен тәрбиеге орай аса маңызды болған бірқатар принциптерді
алға тартты. Олардың ішіндегі бала белсенділігін дамыту, бала тәлімінің
ықпалды сеп-түрткс – қызығуға дем беру принциптерінің орындалуын тәлім
игертудегі басты міндет деп есептеді.
Прагматизмнің тірек ұғымы тәжірибеге сүйене отырып, Дж.Дьюи тәлім
үдерісінің негізі баланың жекеленген іс-әрекеттік тәжірибесінде болатынын
уағыздады. Оның ойынша, тәлім мақсаты – балаға тумадан берілген инстинкттер
мен қабілеттердің өзіндік көрінуіне ықпал жасау. Дж.Дьюи және оның
ізбасарлары (Т.Брамельд, А.Маслоу, Э.Келли және т.б.) инабаттылық тәрбиесі
мәселелерін де осы жекеленген тәжірибе тұрғысынан қарастыруды дәріптейді.
Адам өз әрекет-қылығын басқаруда алдын ала жоспарланған принциптер мен
ережелерге тәуелді болмай, нақты жағдай мен көзделген мақсатқа орай белгілі
әрекетке кірісуі қажет екендігін мақұлдайды. Жеке табысқа жету жолында
жәрдем бергеннің бәрін прагматистер ізгілік нышаны ретінде таниды.
Диалектикалық материализм табиғат, қоғам және ойлау үдерістерінің
жалпы қөзғалыс және даму заңдалықтары жөніңдегі философиялық тәлім ретінде
ХІХғ. 40-жылдарында туындады. Ол ХХғ., әсіресе социализм елдерінде кең өріс
тапты. Бұл бағыттың көрнекті өкілдері – К.Маркс және Ф.Энгельс қоғам
тарихын танудың құралы материализмді жариялай отырып, теориялық таным үшін
қоғамдық тәжірибенің рөлін негіздеді, материализм мен диалектиканы табиғи
ұштастыққа келтірді.
Диалектикалық материализмнің негізгі тұжырымдары келесідей: материя –
бірінші, ал сана – одан туындаушы, материяның (адам миының) дамуы
нәтижесінде пайда болатын өнім (материалистік монизм принципі); объектив
дүние мен сана құбылыстары себепті шарттасқан, өзара байланысты және
тәуелді (детерминизм принципі); барша заттар мен құбылыстар қөзғалыс
жағдайында болып, дамиды және өзгріске келеді.
Диалектикалық материализм философиясында аса маңызды орын диалектика
заңдарына берілген: сандық өзгерістердің сапалық ауысуы, қарама-қарсылық
бірлігі мен күресі, жоқты жоққа шығару.
Диалектикалық материализм педагогикасының негізгі идеялық ұстанымы –
тұлға қоғамдық қатынастардың объекті де, субъекті де. Адамның тұлғалық
дамуы мен кемелденуі сыртқы жағдайлармен себепті тәуелділікте
(детерминирован), сонымен бірге сол нақты адамның табиғи болмысына
байланысты. Тұлға дамуында жетекшілік рөл – тәжірибеде. Ал тәрбие тарихи
және таптық сипатқа ие болған күрделі әлеуметтік үдеріс. Тұлға және адам іс-
әрекеті ажырамас тұтастық құрайды, яғни тұлға іс-әрекетте, еңбекте көрінеді
және қалыптасады. Жаңаланған дәуір педагогикасы философиялық деңгейлі
әрқилы әдіснаманы өз ғылыми зерттеулерінің бағыттаушы ретінде міндетті
түрде қолданып, пайдалануы қажет.
8 – сұрақ
Педагогиканыц жалпы ғылымдық әдіснамасы
Жауап
Жалпы ғылымдық әдіснама қоршаған болмыс құбылыстары мен үдерістерінің
жалпыланған байланысы және өзара шарттастығына негізделген жүйеліліктен
танылуы мүмкін. Ол әрбір зерттеуші мен прақтикті белгілі құрылымға, сондай-
ақ өзінің жасау заңдылықтарына ие өмір құбылыстарының белгілі жүйесіне
бағдарлайды.
Жүйелілік мәніңе орай әрқандай салыстырмалы дербес бірліктер өз
бетінше шектелмей, өзара байланысқан даму мен қөзғалыста қарастырылады.
Осыдан ол жүйені құраушы бөлшектерде көріне бермейтін біріктіруші жүйе
қасиеттері мен сапалық белгілерді анықтауға көмектеседі. Жүйеліліктің
заттасқан және тарихи қырлары келесідей зерттеу принциптерін бірлікте іске
асыруды қажет етеді: тарихилық, нақтылық, көптарапты байланыстар меп дамуды
ескеру.
Жүйелілікті білуден педагогикалық теория, эксперимент пен практика
тұтастығы орындалады.
Теориялық негізде жобаланған экспериментте біршама тексерілген ғылыми
тәлімдер мен тұжырымдардың шынайылылығы практика міндеті мен талаптарына
орай өлшестіріледі. Практикадан тәлімнің жаңа іргелі проблемалары
туындайды. Сонымен, теория практикалық шешімдердің дұрыстығына арқау
болады, ал тәлім тәжірибесіне байланысты ұланғайыр проблемалар мен
міндеттер іргелі үдерісті қажет ететін жаңа сұрақтардың туындауына жол
ашады.
9 – сұрақ
Пелагогикалық зерттеулердін әдіснамалық принциптері
Жауап
Ғылыми-педагогикалық зерттеулер жүргізуде төмендегідей принциптерді
басшылыққа алу қажет:
– педагогикалық құбылыстардың шынайылылығы мен шарттасқандығын
ескеру, себебі дүниедегінің бәрі өзінің ішкі объектив заңдары, қарама-
қарсылықтары және себепті-салдарлы байланыстарына орай жасайды әрі дамиды;
– кұбылыстарды даму ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz