Білім берудің әлеуметтік міндеті



1 Білім берудің әсерлі ықпалы
2 Жастарға білім беру
3 Білім беру жүйесінің басты міндеті
Білім беру қоғамда зор әлеуметтік, халықшаруашылықтық, мәдени-ағартушылық және тәрбиелік қызмет атқарады. Ол қоғам өмірінің барлық жақтарына – оның экономикасы мен әлеуметтік құрылысына, мәдениеті мен бүкіл рухани өміріне зор әсерін тигізеді.
Білім берудің әлеуметтік міндеті - өндірістің түрлі салаларында, ғылым мен мәдениет ошақтарында белсене қызмет етуге қабілетті, мінез-құлық мәдениеті мен эстетикалық талғамы жоғары, дүниеге берік көзқарасы бар, рухани дүниесі бай, жан-жақты жетілген кәсіби білікті адамдарды даярлау болып табылады.
Дегенмен, білім беру тек әлеуметтік міндеттерді ғана шешіп қоймайды. Сонымен бірге, ол жұмысшылардың, мамандар мен қызметкерлердің біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау арқылы олардың кәсіптік білімдері мен дағдыларын тереңдетеді,жаңа кәсіптік мамандықтарды игерулеріне ықпал жасайды. Сөйтіп жұмысшы күшінің потенциалдық мүмкіндіктерін сапалық жаңа дәрежеге өсіреді,өндірісті ұйымдастыру мен басқаруды жақсартады, еңбек өнімділігін арттырады.

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Білім беру қоғамда зор әлеуметтік, халықшаруашылықтық, мәдени-
ағартушылық және тәрбиелік қызмет атқарады. Ол қоғам өмірінің барлық
жақтарына – оның экономикасы мен әлеуметтік құрылысына, мәдениеті мен бүкіл
рухани өміріне зор әсерін тигізеді.
Білім берудің әлеуметтік міндеті - өндірістің түрлі салаларында,
ғылым мен мәдениет ошақтарында белсене қызмет етуге қабілетті, мінез-құлық
мәдениеті мен эстетикалық талғамы жоғары, дүниеге берік көзқарасы бар,
рухани дүниесі бай, жан-жақты жетілген кәсіби білікті адамдарды даярлау
болып табылады.
Дегенмен, білім беру тек әлеуметтік міндеттерді ғана шешіп қоймайды.
Сонымен бірге, ол жұмысшылардың, мамандар мен қызметкерлердің біліктілігін
арттыру және оларды қайта даярлау арқылы олардың кәсіптік білімдері мен
дағдыларын тереңдетеді,жаңа кәсіптік мамандықтарды игерулеріне ықпал
жасайды. Сөйтіп жұмысшы күшінің потенциалдық мүмкіндіктерін сапалық жаңа
дәрежеге өсіреді,өндірісті ұйымдастыру мен басқаруды жақсартады, еңбек
өнімділігін арттырады. Жоғарыдағы сөз болған әлеуметтік (сондай-ақ мәдени-
ағартушылық және тәрбиелік) міндетке тікелей қатынасы болғанымен, бұл
соңғы халықшаруашылықтық міндеттің өзіндік дербестігі және аса ірі
практикалық маңызы бар: білім берудің даму мүмкіндігі өндіргіш күштердің
даму дәрежесіне тәуелді.
Мемлекет өз мүшелеріне өте орынды талап қояды: әрбір адам міндетті
қызметін мүлтіксіз атқаруы үшін өзінің жұмыс орнында өз заманындағы ғылыми-
техникалық прогрестің дәрежесіне сәйкес келуі керек. Ал оған Қазақстандағы
еңбекке жарамды барлық адамдардың білімін көтеру арқылы жетуге болады.
Қазір өндірістің тұрақты түрде тиімді жұмыс істеуі бұрынғы
жылдардағыдай қара күшпен, қолдың шеберлігімен анықталмайды. Керісінше,
қызметкерлердің білімдарлығымен, жалпы білім мен кәсіптік даярлығымен
сипатталады.
Қазақстанның күші – тек оның экономикалық және өндірістік күш –
қуатымен өлшенбейді. Сонымен бірге, қоғам мүшелерінің интеллектуалдық
потенциалымен де бағаланады. Қоғамның интеллектуалдық күш-қуаты неғұрлым
жоғары болса, соғұрлым оның экономикалық күш-қуаты да мықты болады.
Білім берудің әсерлі ықпалы тиетін қоғам өмірінің тағы бір саласы
бар. Ол – қоғамның рухани өмірі.
Білім беру арқылы қоғам өзінің өте маңызды әлеуметтік функцияларының
бірі – мәдени-ағартушылық міндетін жүзеге асырады. Білім беру жүйесі
мемлекетке адамдардың рухани және интеллектілік қажеттерін дамытып,
қанағаттандырудың тиімді құралдарының бірі болып табылады. Жас ұрпаққа
білім беру процесінде олар рухани мәдениеттің түрлі құндылықтарын өз
бойларын сіңіріп, жеке бастарында биік адамгершілік пен салауатты өмір
салтының берік негіздерін қалыптастырады, творчестволық қабілеттері мен
эстетикалық тағылымдарын өсіреді, жоғары мәдениетті адам ретінде
қалыптасады. Ал мұның өзі жеткіншек ұрпақтың белгілі бір мамандықты дұрыс
таңдауына, кәсіби шеберлігі мен қабілетін ұдайы дамытып отыруына және
еңбекке дұрыс көзқарасы мен мен саяси белсенділігін арттыруға тікелей әсер
етеді. Олардың қоғам өмірінен алатын орнын анықтауына ықпал жасайды.
Жеткіншек ұрпақтың азамат ретінде қалыптасуына негіз болады.
Білім беру қоғамда зор әлеуметтік, халықшаруашылықтық және мәдени-
ағартушылық міндеттермен қатар терең мәнді тәрбиелік қызмет те атқарады.
Жастарға білім беру – бұл жалпы орта, кәсіптік, арнаулы және жоғарғы
мектептердің бір міндеті ғана. Маңызы одан кем түспейтін келесі міндет –
бұл жеткіншек ұрпақты тәрбиелеу мен жетілдіріп дамыту. Себебі мектептің
табиғаты мен құрылымы оны оқыту ағарту жүйесіндегі үш бұтағының: білім
берудің, тәрбиелеудің және жетілдіріп дамытудың ажырамас бірлігінің қайнар
көзі.
Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпыадамзаттық
қазыналар, ғылым мен практиканың жетістіктері негізінде жеке адамды
қалыптастыру және дамыту үшін қажетті жағдайлар жасау.
Осыған орай, Қазақстанда білім беру жүйесінің бүкіл жұмысы: әрбір
сабақтың мазмұны, сабақтан тыс жүргізілетін әрбір іс-шара, оқытудың сан
алуан түрлері тәрбиелік міндетпен тығыз байланыста, ажырамас бірлікте
жүргізіледі.
Білім беру жүйесінің басты, ең негізгі бұл міндетінің мәні, ең
алдымен мынада - өсіп келе жатқан жас ұрпақты жүйелі түрде оқытып,
тәрбиеледің негізінде белгілі бір тәртіпке келтіріп, жинақталған қажетті
ғылыми білімдерді, дағды-іскерліктерді және қоғамда қабылданған мінез-құлық
нормаларын меңгерту арқылы оларды біртіндеп қоғам өміріне ендіруден, яғни
өскелең ұрпақты әлеуметтендіруден айқын көрінеді.
Әрине, бұған қарап жас ұрпаққа білім беру және жас ұрпақты
әлеуметтендіру бір-біріне бара-бар нәрсе екен деп біржақты, үстірт ойлауға
болмайды. Себебі, өсіп келе жатқан ұрпақты ғылыми білімдердің негізімен
қаруландыру әлеуметтендірудің тек қана негізін құрайды. Ал әлеуметтендіру
ұғымы өзінің мазмұны жағынан білім беру, оқыту ұғымдарынан да
мазмұндырақ әрі ауқымы кең.
Қайткен күнде де жалпы білім беретін орта мектеп пайдалы еңбек
атаулының жақсы жаманы жоқ екенін, адамның еңбекке көзқарасы оның дүниеге
өзіндік көзқарасын, адамгершілік, азаматтық келбетін көрсетерлік айна
екенін шәкірт санасына ендіруі басты мақсат. Оқушылардың уақыт сұранысы –
нарықтық экономикаға тән кәсіпқорлыққа, алыпсатарлыққа, қатаң
бәсекелестікке жалдамалы еңбекке дайындау да мектептің, ондағы жүргізілетін
еңбек сабағы мен тәрбиесінің міндеті. Сондықтан өз түлектеріне нарық пен
қатаң бәсекелестік жағдайында дәрменсіз қалмайтындай, қоғамда жүріп келе
жатқан реформаға сай дамыта жетілдіру, күнкөрерлік кәсіптік дайындық беру
жалпы білім беретін орта мектептің ең қасиетті әрі құрметті борышы.
Еңбекке оқыту мен тәрбиелеудің нәтижесінде қалыптасқан білімділік,
біліктілік және дағды –іскерлік адам баласының тіршілікке, еңбекке
құштарлығы мен мүмкіншілігін арттыратын сенімді құралы.
Бұл ретте Батыс Қазақстан облысындағы мектеп оқушыларын еңбекке оқыту
мен тәрбиелеу, өндірістік еңбекті ұйымдастырукөпшіліктің назарын
аударарлық. Мұнда облыстық білім басқармасы Нарық және мектеп
бағдарламасын жасап, оны мұғалімдер мен шәкірттерді әлеуметтік тұрғыдан
көтермелеуге пайдалануда. Бүгінде облыс көлемінде 7 миллионер мектеп бар.
Бұл бағыттағы үлгілі бастаманы бастаған облыстың Орда совхозындағы қазақ
орта мектебінің ұжымы. Олардың мектебінің арнаулы есепшотында 15 мыңдай
теңге табыс көзі бар. Бұл, ақиқатын айтқанда, мектеп үшін ірі табыс. Мектеп
директоры Қ.Құманталиева мектеп нарық жағдайында өзі табыс табуға тиіс әрі
таба алады деп есептейді. Бұл – құптарлық мәселе. Республика мектептерінде
жас бүлдіршіндерді қоғамдық пайдалы және өз мүмкіндіктеріне орай еңбекке
тартуда, еңбекті ұйымдастырудың жаңа формалары – ұжымдық, отбасылық, жеке
іскерлік сияқты түрлері де дамып отыр. Оқушылар еңбегін бұрынғыша
ұйымдастырудан бойды аулақ салып, еңбекті бағалауға оқушылардың өздері
қатыстырыла бастады. Оқушылар әсіресе, еңбек бірлестіктері мен өндірістік
бригадаларға шын ықыластарымен жазылуда. Тек соңғы бір-екі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш мектеп оқушыларының экономикалық тәрбиесі
Қазіргі білім берудің дамуындағы негізгі тенденциялар. Қазақстандық 12жылдық мектептің құрлымы
Теориялық білімін тәжірибе жүзінде пайдалана алуы
Педагогикалық білім берудің үздіксіз жүйесін сипаттау
Студенттің өзіндік жұмысы
Қазақстанда жоғары білім алудың қазіргі жүйесі мен даму тенденциялары
Қоғамның даму тенденциясына сай бүгінгі білім жүйесінің дамуы
Оқу тәрбие процесіндегі экологиялық тәрбие
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы
Оқушыларға тұлғалық бағдарланған білім берудің мәні мен мазмұны
Пәндер