Мемлекет және құқық теориясының қөзқарасы бойынша жеке тұлға, адам, азамат ұғымы


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе

1 Мемлекет және құқық теориясының қөзқарасы бойынша жеке тұлға, адам, азамат ұғымы

1. 1 Азаматтық, азамат және мемлекет

1. 2 Адам және азаматты құқықтары мен бостандықтарының саралануы.

Қазақстан Республикасының Конституция бойынша адамның құқытары мен бостандықтарының жалпы сипаттамасы

2 Қоғам мен мемлекет алдындағы заңдық міндеттеме және жауапкершілік

2. 1 Жеке тұлғаның әлеуметтік және заңдық қорғаншылығы

2. 2 Адам құқығынынң халықаралық қорғалуы. Адам құқығынынң Жалпы

декларациясы

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттердің тізімі

Кіріспе

Тақырып өзектілігі. Таңдап алынған тақырып қазіргі таңдағы мемлекет тарапынан және әлемдегі болып жатқан құбылыстар, реформалар, дағдарыстар тұрғысынан алғанда, мемлекеттің егеменді, саяси ұйым ретінде өз саясатын толыққанды жүргізуі, әртүрлі сатыдағы мемлекеттік органдардағы қолданыстағы заңнама мәселелерін, жеке тұлғаның құқықтық мәртебесінің аяқ асты болмауы, мемлекет пен жеке тұлғаның ара-қатынасын талқылауға арналған әртүрлі деңгейдегі конференциялар, дөңгелек столдар, бұқаралық ақпарат құралдарындағы әртүрлі кездесулер куә болатын мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың, жеке тұлғаның құқықтық мәртебесінің және мемлекет пен жеке тұлғаның ара-қатынасымен қызығушылық тудырады.

Курстық жұмыста мемлекеттің қазіргі кездегі ұғымын толық көлемде ашып, оның белгілерін, функцияларын ашуға, құқықтың қазіргі кездегі анықтамасына, мәніне, қызметіне сипаттама беріп, бірқатар мәселелерін ашып, жеке тұлғаның құқықтық мәртебесі, оның басымдылығын айқындап, мемлекет пен жеке тұлғаның ара-қатынасын ашып көрсетуге ұмтылыс жасалады.

Мемлекет, құқық, жеке тұлға мәселелеріне арналған бірқатар авторлардың, оның ішінде М. Т. Баймахановтың, Т. А. Ағдарбековтың, А. К. Котовтың, ресей ғалымдары С. С. Алексеевтің, А. П. Бутенконың А. Б. Венгеровтың, И. А. Ильиннің, Ж. Карбонньенің, Р. З. Лившицтың, А. В. Мальконың, Г. Ф. Шершеневичтың, Л. С. Явичтың, Ю. А. Тихомировтың еңбектеріне талдау жасалып, сарапталады.

Қоғамдық қатынастар өзінен-өзі тәртіп, заңдылық шеңберінде, құлықтылык және гуманистік талаптар негізінде біржүйелік мағынадағы азамат құндылықтары аясында реттелмейді.

Қоғамдық қатынастардың өмір сүру формалары индивидтердің сан-қырлы әрекеттері қалыптастыратын қарама-қайшылықтар мен күрделі шиеленістен, мүдде қақтығыстарыан тұрады. Мұндай процестерді бір жүйелі тәртіпке келтіру, индивидтердің мінез-құлықтарына реттік сипат беру көптеген әлеуметтік нормалармен іс жүзіне асырылады, реттеледі.

Атап айтқанда діни, әдет-ғұрып, дәстүрлік сияқты нормалар қоғам-дық қатынастарды реттеуде үлкен рөл атқарады. Бірақ, жеке адамдардың саналық, тәрбиелік, генетикалықжөне психология-лық ерекшеліктеріне байланысты олардың бәрінен бір мағанадағы, талаптағы мінез-құлықты талап ету мүмкін емес. Әртүрліліктің өзі қоғамдық қатынастарды дамытудың, жетілдірудің айқын көрінісі.

Құқық - бұл қоғамдық құбылыс. Ол қоғамның туындысы ретінде оның дамуының белгілі сатысында пайда болады. Құқық - адам тәртібінің әлеуметтік маңызды реттеутісі, әлеуметтік нормалардың бір түрі. Ол өзіне әлеуметтік аяны қосып алады: а) адамдарды; б) адамдар арасындағы қарым-қатнасты (қоғамдық қатынастарды) ; в) қоғамдық қатнастардағы субъектілердің тәртібін.

Құқықтың мазмұны қоғамдық дамудың қажеттілігіне, қоғамдық процесстерге қатынасушылардың белгіленеді. Құқық өзінің табиғатына байланысты (негізіне) қоғамдағы әлеуметтік келісімділіктің құралы (саймандар, нысандар) әлеуметтік қызығушылықтың теңдігін белгілеу, игілікті адал бөлу, жеке адамның әлеуметтік бостандығының өлшемі.

Қоғамдық сананы тетігі және коллективтің елкі арқылы саяси күштің бөлінуіне байланысты шын мәнісіндегі теңдік, азды көпті құқықтың формальды қайнар көзінде ірдей көрсетіледі. Мұндай жағдай құқықтың өз идеалына жақындауы не болмаса одан, өзінің негізінен шегіну болып табылады [1] .

Құқық әлеуметтік нормалардың бір түрі ретінде нормативтік қасиетке сүйенеді, ол кейіпті реттеуші ретінде бағыты нақты белсісіз атаусыз әрекет жасап, жалпы белгілерге (жасы, есі дұрыстығы, заңды тұлғаның жалпы белгіллеріне) сай әрекет етеді.

1 бөлім. Мемлекет және құқық теориясының қөзқарасы бойынша жеке тұлға, адам, азамат ұғымы

1. 1 Азаматтық, азамат және мемлекет

Конституциялық құқық жүйесінде азаматтық институт маңызды орын алады. Бұл институт Қазақстан Республикасының ІІ бөлімінде конституциялық түрде бекітілді. Азаматтықпен байланысты қатынастар «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» 1991. 20. 12. Заңмен, ҚР Президентінің 1995. 03. 10. заң күші бар жарлығымен енгізілген өзгертулер және толықтырулармен реттеледі. Қазақстан Республикасының қолданыстағы Конституциясы Қазақстан Республикасы азаматтығына анықтама бермейді.

Азаматтық ұғымы «ҚР азаматтығы туралы» заңның преамбуласында клтірілген. Азаматтыққа тұлғаның құқықтарымен бостандықтарының жиынтығын білдіретін, мемлекетпен арадағы тұрақты саяси құқықтық байланыс мемлекеттің аталған тұлғаны өз азаматы ретінде заңды түрде тануына негізделеді және оған тұрғылықты жеріне қарамастан мемлекеттік билікті таратудан көрініс табады. Мемлекет өз азаматтарының мүдделерін ел аумағынан тыс жерлерде де қорғауға міндетті. Өйткені азамат мемлекеттің қамқорлығында болуына байланысты, тіпті республикадан тыс жерлерде жүрседе одан міндеттерді орындауды талап ете алады.

Тұлға мен мемлекет арасындағы азаматтық қатынастар оның аумағында тұруына, мемлекеттік билікке бағынуға, құқықтар мен бостандықтарға ие болуға байланысты емес, тұлға мен мемлекет арасында болатын, азаматтықтың мазмұнын құрайтын ерекше, тұрақты саяси құқықтық байланыстардың әсерініен пайда болады. Мемлекет өз азаматтарының мүдделерін, азаматтықтың алынуы және тоқтатылуы негіздері мен тәртібін заңдылықты бекіте отырып, өзі белгілейді. Бұл халықаралық құқықтық нормалармен, соның ішінде 1930 жылғы Гаага конференциясында қабылданған көп жақты конвенциямен танылған. Азаматтыққа тұруц жағдайы тиісті құжаттармен (ҚР азаматтарының құжаттары, туу туралы куәлік, төлқұжатта балалары туралы жазу) заңдылықты бекітіледі. Сонымен қоса мемлекет өз азаматтарының туу және өлімі сияқты азаматтық хал актілерін тіркейді. Қазақстан Республикасы азаматы мен мемлекет арасындағы құқықтық қатынастар туған сәтен пайда болып, азаматтың өліміне не Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуға байланысты аяқталады. Бұл азаматтықтың тұрақты және орнықты сипатына куә болады.

Бұл құқықтық мемлекеттің дербес қағидасы болып табылады. Бұл саяси билікті шектеудің өзінше бір тəсілі, ол сасяи биліктің иесі ретін-дегі мемлекет пен оны жүзеге асырудың қатысушысы ретіндегі азаматтың арасындағы қарым-қатынастардың адамгершілік-заңды бастамаларын көрсетеді. Қоғам мен тұлғаның бостандығын заң-шығарушылық нысанда бекіте отырып, мемлекет өз шешімдері мен əрекеттерінде белгілі бір шектеулерді иеленеді. Заң арқылы ол өзінің азаматтармен, қоғамдық ұйымдармен, басқа мемлекеттер-мен қарым-қатынастарындағы əділеттілік пен теңдікті қамтамасыз ететін міндеттемелерді өз мойнына алуы тиіс.

Құқыққа бағына отырып, мемлекеттік органдар ондағы ере-желерді бұза алмайды жəне осы міндеттерді орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылады. Заңның мемлекеттік билік үшін мін-деттілігі əкімшіліктік қателіктерді болдырмауға бағытталған ке-пілдіктер жүйесімен қамтамасыз етіледі. Оларға Үкіметтің өкілдік органдардың алдындағы жауапкершілігі, мемлекеттің кез-келген деңгейдегі лауазымды тұлғаларының нақты бір тұлғалардың құ-қықтары мен бостандықтарын бұзғандығы, билікті асыра пайда-ланғаны, қызметтік жағдайын асыра пайдаланғаны үшін тəртіптік, азаматтық-құқықтық жəне қылмыстық жауапкершілігі, импичмент жəне т. б. жатады.

Жалпы қауымның мемлекеттік құрылымдардың өз міндеттерін орындауды бақылауының нысандары болып референдумдар, де-путтардың сайлаушылар алдында есеп беруі жəне т. б. табылады.

Тұлғаның мемлекет алдындағы жауапкершілігі де дəл осы құ-қықтық бастамалар негізделеді. Мемлекеттік мəжбүрлеуді қол-дану құқықтық сипатта болуы, ол тұлғаның бостандығын бұзбауы жəне жасалған құқықбұзушылықтың ауырлығына сай болуы тиіс. Сонымен, мемлекет пен тұлғаның арасындағы қарым-қатынастар өзара жауапкершіліктің негізінде жүзеге асырылуы тиіс

Тұлғаның құқықтық мəртебесі - бұл субъектінің қоғамда заңды түрде бекітілген жағдайы. Құқықтық мəртебе тұлғаның іс жүзіндегі (əлеуметтік) мəртебесін, оның қоғамдағы нақты жағ-дайын бекітеді. Құқықтық мəртебе дегеніміз субъектілердің құ-қықтары мен міндеттерінің, сонымен қатар, мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың өз əлеуметтік рөлдерін орындауға бағытталған өкілеттіктерінің конституция мен заңнамада танылған жиынтығы.

Құқықтар мен міндеттер құқықтық мəртебенің негізін құрайды. Құқықтық мəртебенің құрылымы төмендегідей элементтерден құралған:

- құқықтар мен міндеттер;

- заңды мүдделер;

- құқықсубъектілік;

- азаматтық;

- заңды жауапкершілік;

- құқықтық қағидалар.

Құқықтық мəртебе жалпы, арнайы жəне жеке-дара болып бө-лінеді. Жалпы мəртебе - бұл тұлғаның мемлекет азаматы ретіндегі Конституцияда бекітілген мəртебесі. Ол барлық азаматтар үшін бірдей болып табылады. Арнайы мəртебе азаматтардың белгілі бір санаттарының (студенттердің, соғысқа қатысушылардың, зейнет-керлердің жəне т. б. ) жағдайының ерекшеліктерін бекітеді, олар-дың арнайы функцияларды жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Жеке-дара мəртебе жекелеген тұлғаның ерекшеліктерін (жыныс, жас, отбасы жағдайы, лауазым жəне т. б. ) көрсетеді жəне тұлғаның жеке дараландырылған құқықтары мен міндеттерін білдіреді. Тұлғаның құқықтық дәрежесі әрекет ететін құқықтың барлық салаларының нормаларында көрсетілген адам мен азаматтың құқығының бүкіл жиынтығымен анықталады. Тұлғаның құқықтық дәрежесінің негізі бүкіл құқық пен еркіндіктің аздаған бөлігін құрайтын, конституциямен бекітілген құқығы мен еркіндігін қамтиды. Неге бір құқық конституциямен бекітіледі, ал басқалары ағымдағы заңмен бекітілетінділігінің келесі себептерін көрсетуге болады.

Сол құқық пен еркіндіктің адам мен қоғам үшін мәні: Конституция жеке адам үшін, сондай-ақ толығымен қоғам үшін өмірлік маңызды және неғұрлым әлеуметтік маңызды құқықтар мен еркіндіктерді бекітеді. Сондықтан негізгі құқықтар мен еркіндіктер мемлекетпен тек қана танылмайды, сонымен бірге оның өмір сүруіндегі қажетті шарт ретінде қорғанылады.

ҚР Конституциясының 12 бабында көрсетілген, «адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды». Дәл осы тұрғыдағы құқықтар конституцияда бекітіледі.

Негізгі еркіндіктер мен құқықтарға ерекше заңдық қасиет тән:

а) конституциялық құқықтар мен еркіндіктер тұлғаның құқықтық дәрежесінің ядросын құрайды және басқа құқық салаларында бекітілген барлық құқықтың негізінде болады;

б) әрбір адам мен азаматқа негізгі құқықтар мен еркіндктер бекітіледі. Барлық басқа ( негізгі емес) құқықтар мен еркіндіктер тұлғаның әртүрлі дәрежені иеленуімен байланысты (жұмысшылар мен қызметшілердің, мүлік иелерінің, тұрғын үйді иеленушілер және т. б. )

в) негізгі құқық, еркіндік пен міндеттердің негізгі сипаты олардың жалпыға бірдейлілігі. Олар тең және бәрі үшін түгелімен ортақ, сәйкесінше әр адам немесе әр азамат үшін. Мемлекеттің қандай да бір құқықты негізгі деп тануы оның барлығымен жүзеге асырылу мүмкіндігінен туындайды.

г) ҚР азаматтарының негізгі еркіндіктері мен құқықтары басқа құқықтар мен міндеттердің пайда болу негізінен ерекшеленеді. Жалғыз мұндай негіз ҚР азаматтығында болу болып табылады. Негізгі құқықтар мен еркіндіктер тұлғаның мемлекетпен байланысын, оның азамат ретіндегі дәрежесін көрсетеді;

д) ҚР азаматының негізгі құқықтары мен еркіндіктерін азамат өзін еркін білдіру бойынша иелене алмайды және айырылмайды. Олар оған азаматтықтың күшімен келеді, құқықтық дәрежеден бөлінбейді және тек азаматтықты жоғалтқан кезде ғана жоғалтуы мүмкін.

е) негізгі құқықтар мен еркіндіктер оларды жүзеге асыру механизмімен ерекшеленеді. Басқа құқықтар мен азаматтың нақты құқықтық қатынастарға қатысуы арқылы оның құқықтық қабілеттілігін жүзеге асыру процессінде адам мен азаматтың игілігі болуы мүмкін. Негізгі құқықтар нақты сферада кез-келген құқықтық қатынастың алғы шарты ретінде және әр бір құқықтық қатынасқа қатысушының тұрақты ажырамас құқығы болады.

ж) негізгі құқықтар, еркіндіктер мен міндеттердің басты сипаты олардың бекітілуінің ерекше заңдық формасы, олар жоғарғы заңдық күші бар мемлекеттің құқықтық актісі - Конституцияда жазылған.

Жоғарыда көрсетілген белгілер адам және азаматтық негізгі құқығы мен еркіндігін сипаттайды. Оған төмендегідей тұжырым жасауға болады.

Адам мен азаматтың конституциялық (негізгі) құқықтары мен еркіндіктері - бұл оған тумысынан немесе азаматтық күшіне сәйкес берілетін, мемлекетпен қорғанатын және тұлғаның құқықтық дәрежесінің ядросын құрайтын, оның ажырамас құқығы мен еркіндігі. Адам құқығы - бұл адам өмірге келген соң ие болатын және оның белгілі бір мемлекетке қатыстылығына байланысты емес өмір сүру, еркіндік пен құқығына жеке қол сұғылмау сияқты табиғи ажырамас құқықтар мен еркіндіктердің жиынтығы.

Азаматтық құқығы - бұл тұлғаға тек мемлекетке қатыстылығының күшіне байланысты бекітілетін құқықтар мен еркіндіктер.

ҚР Конституциясының 2 бөлімі адам мен азаматтың құқығы мен еркіндігіне арналған, олардың басым бөлігі нақты құқықтар мен еркіндіктерді қамтып 29 бабтан тұрады. Олар логикалық негізі бар қарапайым емес нақты бір жүйенің жиынтығын көрсетеді.

Нақты жүйе адам мен азаматтың өміріне қатысты құқық пен еркіндіктің өзіне тән ерекшелік сипатын көрсетеді.

Бұл белгінің негізінде конституциялық құқықтар мен еркіндіктерді үш топқа бөлу қарастырылады: жеке; әлеуметтік-экономикалық; саяси.

1. Жеке бас құқығы мен еркіндіктері іс-жүзінде әрбір адамның жеке құқығы болып есептеледі, оның тұлғаның мемлекетке қаншалықты байланысы барына ешқандай қатысы жоқ. Бұл құқықтар әрбір адамның бөлінбес құқығы, ол құқық оған туылған кезінен бастап тиісті болады. Адамның жеке құқығы болып есептелетін құқықтарға адамның табиғи құқығы жатады. Бұл құқық адамның жеке басы өмірімен байланысты көрінеді. Негізгі адам құқықтары болып: өмір сүру құқығы (15 бап), жеке басының бостандығы құқығы (16 бап), мемлекеттің оның жеке басының ар-намысын қорғауы құқығы (17 бап), жеке өмірі, телефон байланысы, хат жазу құпиясы құқықтары болып бөлінеді.

2. Саяси құқық пен еркіндік - бұл тек мемлекеттің азаматтарына берілетін және оларға елдің қоғамдық және саяси өміріне қатысуға мүмкіндік беретін конституциялық құқықтар мен еркіндіктердің бір тобы.

Саяси құқықтар мен еркіндіктер мемлекет азаматтығын алумен тығыз байланысты болады. Оған жататындар: бірлесу бостандығы (23 бап), мемлекеттік істергі қатысу мен басқару құқықтары (33 бап), бейбіт түрде жиналу, соның ішінде қарусыз жиналу құқығы, жиналыстар мен митинглер, шерулер ұйымдастыру құқығы (32 бап) .

3. Адам мен азаматтың негізгі құқығы мен еркіндігінің ерекше тобын әлеуметтік, экономикалық және мәдени құқықтар құрайды. Олар жеке меншік құқығы(26 бап), еңбек қатынастары, демалыс салалары (24 бап), денсаулық сақтау (29 бап), білім алу (30 бап), әлеуметтік қамтамасыз ету (28 бап) қоршаған ортаны қорғау саласы (31 бап) сияқты адам өмірінің маңызды сферасына қатысты және тұлғаның материалдық, рухани және басқа әлеуметтік мақсаттағы сұранысын қамтамасыз етеді.

Құқық дегеніміз - мемлекет белгілеген немесе санкциялаған жал-пыға бірдей міндетті мінез-құлық ережелерінің (нормаларының) жүйесі, олар арқылы қоғам мен жеке тулғалардың аса маңызды мүдделері жүзеге асырылады. Құқықты анықтаудың нормативтік және кең ауқымды амал-тәсілдері бар.

Нормативтік амал-тәсілдер тұрғысынан құқықты анықтағанда аса маңызды белгілер ретінде мыналар ерекшеленеді: құқық нормала-рының мемлекеттік-ерікті, нормативтік, шартты анықталған және биліктік сипаттары.
Кең ауқымды амал-тәсілдер тұрғысынан құқықты анықтаған кезде аса маңызды белгілер ретінде мыналар ерекшеленеді: міндетті мінез-құлық ережелерінің өзара пайдалылығы, олардың әділдігі; құқықтық қатынастарға құқық ұғымына әлі шартты түрде бекітілмеген нормаларды енгізу, қолдану; құқық пен заңдарды бөлу.

Құқық қоғамдық қатынастарды реттеу мен тәртіпке келтіруде маңызды рөл атқарады. Құқық қағидаттары - оның мән-маңызын айқындайтын және білдіретін негізгі бастаулар. Құқықтың негізгі қағидаттарына: құқық теңдігі, құқықтар мен міндеттердің бірлігі, гуманизм, әлеуметтік әділеттілік, демократизм жатады.

Құқық функциясы дегеніміз қоғамдық қатынастарға құқықтың ықпал етуінің негізгі бағыттары. Құқық; функциялары ішінара ішкі және сыртқы болып екіге бөлінеді. Ішкі (жалпы) функцияларға мыналар жатады: саяси-экономикалық, әлеуметтік, тәрбиелік. Сыртқыларға (заңдық) мыналар жатады: реттеуші және қорғаушы. Құқықтың реттеушілік функциясы арқылы мінез-құлық ережелері белгіленеді және олардың жүзеге асырылуы үйлестіріледі. Құқықтың қорғаушылық функциялары аса маңызды қоғамдық қатынастарды қорғауға (сақтауға) бағытталады. Қорғаушылық функциялары негізінде ең алдымен мінез-құлықтық рұқсат етілмейтін ережелер жатады корпоративтік нормалар, әдет-ғұрыптар, құқық нормалары және мінез-құлықтың басқа да ережелері ерекшеленеді. Морал нормалары дегеніміз - ізгілік пен зұлымдық, әділет пен әділетсіздік, ар-ождан және т. б. тұрғысынан алып қарағанда қоғамда қалыптасқан мінез-құлық ережелері. Корпоратмвтік нормалар дегеніміз - мемлекеттік емес ұйымдар қабылдаған шешімдерде, ережелерде және басқа құжаттарда белгіленген мінез-құлық ережелері. Әдет-ғұрыптар - тұрғындардың етене тұрмыстық сұраныстары болып келетін және көп рет қайталануы себепті қалыптасып кеткен мінез-құлық ережелері. Құқық нормаларын барлық басқа әлеуметтік нормалардан мыналар ерекшелейді: нормативтік құқықтық акт түріндегі шартты анықтылықтығы; мемлекеттің мәжбүр етушілік күшімен қамтамасыз етілген әлеуметтік қатынастардың барлық субъектілері үшін жалпыға бірдей міндеттілік; мінез-құлықты құқықтылық немесе құқықсыздық тұрғысынан, заңдылық немесе заңсыздық тұрғысынан бағалау.

1 Құқықтық реттеу заңдық жүйе арқылы жүзеге асырылатын қоғам-дық қатынастарға нәтижелі түрде құқыктық ықпал етуді білдіреді құқықтық реттеу әдістері бірыңғай сапалы қоғамдық қатынастарды реттеуді жүзеге асыратын амал-тәсілдер ретінде ерекшеленеді. Құқықтық реттеудің негізгі әдістеріне мыналар жатады:

1) императивтік (авторитарлық, өзара қатынасты берік ұстау, билік пен бағыныштылық), мұны пайдаланған кезде бір тараптан билік жүргізуші субъект регінде мемлекет, екінші тараптан - оның ерік-жігерін орындауға міндетті құқықтың басқа субъектілері әрекет етеді;

2) диспозициялық (автономиялық, үйлестірушілік, тепе-теңдік), мұны пайдаланған кезде өзара клісім негізінде субъектілер өз қалаулары бойынша қққықтар мен міндетгерді белгілейді, өзгертеді және тоқтатады. Құқықдың бастаулары деп материалдық тұрғыда қоғам өмірінің материалдық жағдайлары, ғылыми тұрғыда- осы уақытқа дейін сақталып келген, заңдық нормалардан тұратын тарихи құжаттар ұғынылады. Шартты-заңдық тұрғыда бұл құқық нормаларын білдірудің сыртқы формасы. Құқық нармалары регінде: құқықтық әдет-ғұрыптар, заңдық прецедент, нормалық келісім-шарт, нормативтік құқықтық актілер ерекшеленеді. Құқықтық әдет-ғұрып дегеніміз - мемлекетпен рұқсат етілген және қамтамасыз өтілген әдет-ғұрыптар. Заңдық процедент - мемлекеттің нақтылы мәселе бойынша, осыған ұқсас мәселелер бойынша одан кейінгі шешімдер үшін үлгі болған және құқық нормасы ретінде мойындалған шешімі. Нормативтік келісім-шарт нормативтік құқықтық актілердің ерекше бір түрі, ол екі жақтың келісімге келуі нәтижесінде құқықтық норма мазмұнына ие болады. Нормативтік құқықтық акт- құкық нормалары мазмұнына ие, тиісті мемлекеттік органның құжаты. Нормативтік құқықтық актілер заңдылықты және заңға бағынышты болып ішінара екіге бөлінеді.
Құқық мемлекет сияқты, қоғам дамуының белгілі бір кезеңдегі өнімі болып табылады. Жалпыға бірдей міндетті әлеуметтік нормалардың пайда болуы белгілі бір әлеуметтік топ үшін нысандарға мүлік ету және пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз ету қажеттілігімен байланысты. Осылардың көмегі арқылы аталған әлеуметтік толтың сұраныстары қанағаттандырылып, мүдделері жүзеге асырылады. Құқықтың дамуы мемлекеттің дамуымен тығыз байланысты: мемлекет белгілі бір кезеңде аса маңызды әлеуметтік нормаларды, оларды құқықтық нормаларға айналдыра отырып, қамтамасыз етеді, сонымен бірге құқықтың және нормаларын аныктау бойынша жұмыс жүргізеді.

Мемлекет жəне құқық теориясында осы уақытқа дейін мемлекет пен құқықтың арақатынасы туралы басты екі бағыт орын алған.

Біріншісі - этатистік; бұл бағыт мемлекеттің құқыққа қара-ғанда артықшылығын таниды, құқық мемлекеттің қызметінің өнімі, оның жалғасы ретінде қарастырылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекет пен құқық теория негізі
ҚЫСҚАРТУЛАР, АРНАЙЫ СИМВОЛДАР ЖӘНЕ ТЕРМИНДЕРДІҢ ТІЗІМДЕМЕСІ
МЕМЛЕКЕТТЕР ТИПОЛОГИЯСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ ТҮСІНІГІ, ЖІКТЕУДІҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН ТӘСІЛДЕРІ
Демократия – қоғам ұйымдасуының саяси формасы
Жеке тұлға құқықтары мен бостандықтары
Азаматтық құқық қабілеттілік пен азаматтық әрекет қабілеттіліктің мәні мен мағынасын ашу
Құқық ұғымы туралы
Мемлекет туралы негізгі түсініктер
Азаматтық қоғам мәселесі көптеген ғасырлар бойы адамзатты толғандырып келе жатқан түбірлі ғылыми мәселе
Құқықтық мемлекет белгілері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz