«Психологияны оқыту әдістемесі» пәні бойынша практикалық сабақтар дәрістер жинағы


Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
«ТАРИХ-ПЕДАГОГИКА» факультеті
«ЖАЛПЫ ПСИХОЛОГИЯ» кафедрасы
«ПСИХОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ»
пәні бойынша
ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАР ДӘРІСТЕР ЖИНАҒЫ
ТҮРКІСТАН 2013жыл
Практикалық (семинарлық) сабақтың әдістемелік нұсқауы «Жалпы психология» кафедрасының «» 20__ж. мәжілісінде талқыланды және №__ хаттамамен бекітілді.
Кафедра меңгерушісі п. ғ. д., профессор Ж. З. Торыбаева
құрастырған оқытушысы магистр оқытушы Исмаханбетова Б. А.
Практикалық сабақ №1
Тақырыбы:Бүгінгі кезеңдегі тәрбиелеу мен оқыту жүйесінің дамуындағы психологияның ролі мен орны
Мақсаты: Психологияны оқытудың әдістемесі ғылыми практикалық пән ретінде таныстыру
Жоспары:
1. Психологияны оқытудың әдістемесі ғылыми практикалық пән ретінде және оның педагогикалық жүйесіндегі орны
2. Оқыту формасы мен құралдары.
«Психологияны оқыту әдістемесі» психология ғылымының негізгі базалық саласына жатады. «Психологияны оқыту әдістемесінің» пәні білім беру, оқыту, тәрбие үдерісін ұйымдастырудың психологиялық заңдылықтары, құралдары мен тәсілдері болып табылады.
Білім беру, оқыту, тәрбие үдерісін ұйымдастырудың психологиялық заңдылықтарын кейбір жалпы алғанда көптеген оқушылар үшін осы үрдісті ұйымдастырудың тәсілдері мен психиканың қалыптасуы және даму ерекшеліктерінің аралығындағы қатынасы деп түсіндіреді. Психиканың қалыптасу ерекшеліктері турлы сұрақ қоршаған ортадағы және генетикалық факторларының күрделі қатынасы туралы психологияны оқыту әдістемесінің төңірегінде ғана емес, сондай-ақ педагогика, медицина, философия, дидактика және т. б. ғылым саласында да осы мәселе шешіліп қаралуда. Сондықтан психология және педагогика мамандықтарын таңдаған студентке осы құралдармен және эксперименттік ізденістермен таныстыру маңызды. Осы білімдер келешекте студентке психологияның аталған іргелес ғылымдарды тиімді игеруге, сонымен қатар оқытушы ретінде нәтижелі қызмет атқаруға мүмкіндік береді.
Соның салдарынан темпераментімен, қабілеттерімен, мінезімен, ой түрімен, тұтастай т. б. психикалық даму деңгейімен айрықшаланатын оқушылармен жұмысқа дайындық жүргізу барысында студент-психолог өзінің педагогикалық іс-әрекетін компонентті орындауда, тек психологияны оқыту әдістемесі саласында бүгінгі педагогикалық-психологиялық біліммен қаруланған жағдайда ғана нағыз маман бола алады.
Психологияны оқыту әдістемесі оқу үдерісінде алған фактілік материал мен теориялық білім берудің практикалық жағдайында (оқушылардың психологиялық таңдауы, педагогикалық-психологиялық диагностика және психикалық дамудың прогностикасы, оқытудың сәттілігінің болжамдануы және жақсы оқытуды қамтамасыз етуге қажетті психологиялық жағдайды анықтау, ата-аналармен жұмыс және т. б. ) көптеген практикалық міндеттерді шешуге маңызды мәні бар.
Алған білімдердің орта білім беру жүйесіндегі реформаның психологиялық ерекшеліктері, мектептегі білім берудің ұлттық үлгісі, білім берудің дифференциациясы мен индивидулизациясы, оқушылардың кәсіптік бағдарын ұйымдастырудың психологиялық ерекшеліктері, білім берудегі информатизацияның психологиялық ерекшеліктері, тәрбие және оқыту жүйесі дамуының бүгінгі кездегі психологияның рөлі мен орны, психологияны оқыту әдістемесі ғылыми практиткалық пән ретінде және оның педагогикалық пәндер жүйесіндегі алатын орны, пәнге жалпы сипаттама және психологияны оқыту әдістемесі курсының мақсаттары деген сұрақтарға сенімді бағдарлануға мүмкіндік береді.
«Психологияны оқыту әдістемесі» пәнін оқытудың мақсаты: студенттердің түсіндіре білуін қалыптастыру, мектеп оқушыларына оқытуды ұйымдастырудың әр түрлі формаларының психологиялық білімін меңгеруді өңдеп реттеу мен бақылау.
«Психологияны оқыту әдістемесі» пәнінің міндеттері:
- психологияны оқыту әдістемесінің теориялық негіздерінің мазмұнын ашу;
- психологияны оқытуда жаңа әдістер мен технологияларды қолдану;
- студенттердің психологияны оқытуда жеке адамдық компоненттерін туғызу;
- студенттердің жеке кәсіби іс-әрекетіндегі педагогикалық психологияның білімін қолдануға стимул жасау.
«Психологияны оқыту әдістемесі» пәнін студенттер меңгергеннен кейін келесі білім, білік дағдыны игереді:
- мектептегі, орта және жоғары оқу орындарындағы психологияны оқытудың мақсаттары мен мазмұнын білу;
- дәрістерді, семинарларды, практикалық сабақтарды жүргізуде психологиялық білімдерін жаңғырту;
- оқытудың тиімділігін бағалау критерийлерін дұрыс таңдауды үйрену;
- психология бойынша сабақтарды жүргізуде жеке позициясын түсіндіре білу;
- психологияны оқытудың әдістемесі пәнінің негізгі міндеттерін білу.
Сонымен психологияны оқыту әдістемесінің мақсаты, міндеттері болашақ мамандарға оқытудың жүйесі туралы білім беруге, педагогикалық үдерісті басқарудың дағдыларын қалыптастыруға, педагогикалық қабілеттерінің дамуына ықпал етуге, ағартушылық қызмет пен оны тиімді ұйымдастыруға қабілеттерін дамытуға, кәсіби өзін-өзі білімін көтеру мен өзін-өзі тәрбиелеу әдістерін меңгеруге, өздері таңдаған мамандығының ерекшелігі арқылы студенттердің жеке тұлғасын тану мен дамытуға ықпал жасауға негіз болады.
Бақылау сұрактары:
1. Психологияны оқытудың мақсаты
2. Психология сабағын беруде, оқу материалын белгілі жүйелік принципі
3. Қазіргі білім беру процесінде психологияның ролі мен орны.
4. Психологияны оқытудың мақсаты және қазіргі білім беру мекемелерінің стратегиялары.
Практикалық сабақ №2
Тақырыбы: Пәнге жалпы сипаттама және психологияны оқытудың әдістемесі курсының мақсаты
Мақсаты:Психология пәнінің мақсат міндеттерін анықтау.
Жоспары:
1. Психологияның сипаттамасы оқу пәні ретінде
2. Психологияны пән ретінде оқытудың мазмұны.
3. Психологияны оқыту әдістемесі пәнінің мақсаты.
4. Оқытудың міндеттері мен негізгі ұстанымдар.
Психолоияны пән терінде оқытудағы ең негізгі мәселе: оны қандай ғылыми тұрғыдан (парадигмада) оқыту қажеттігі. Себебі бұл пәннің өзіндік ерекшелігі «Тәжірибе арқылы оқыту». Психологиялық білімнін негізі адамның жеке басының өзіндік мәселелерімен қалыптасады.
Осыған орай психологияны оқытудың төмендегідей ерекшеліктерін көрсетуге болады:
1. Бағдарламаны құрудың негізгі идеясы жасөспірімді өзін адам ретінде бағдарлануға бағытталған. Жасөспірім осыны түсінген уақытта онда өзін өзі сыйлау пайда болады. Жасөспірім өзін бағалай бастайды. Бұл сенім негізі. Адам бір нәрсені өзгелерден де жақсы істей алатынына сенімді болғанда, онда адам қажеттіліктерінің ең жоғарғысы - жауапкершілікке деген қажеттілік пайда болады.
2. Біз баланы өзін-өзі сыйлауға үйрету керек деген көзқарасты ұстанамыз. Өзін-өзі сыйлау болмаса, онда жауапкершілікті жүріс-тұрыс болуының мүмкіндігі аз. Көптеген жасөспірімдер оқу іс-әрекетінде пассивтілік көрсетіп, мектеп ұсынып отырған мүмкіндіктерді пайдалана алмайды. Дегенмен, білімді белсенді меңгеруге деген талпыныстың жоқтығы оқу дағдылары мен іскерліктерінің қалыптаспауынан болуы мүмкін. Түрлі пәндер бойынша үлгерімнің төменгі таным қызығушылығының төмендеп, олардың оқудан тыс объектілерге ауысуына әкеледі. Сосын ол сәтсіз тәжірбие мен ренішпен толығып, мектепке деген негативті қатынасқа ұласады.
Сонымен бірге жасөспірімнің тәуелсіздікке деген талпынысын ескеру керек. Олардан стандартты шешімдерді талап етудің қажеті жоқ.
Көптеген балаларға «қиын бала» деген атау бергеннен гөрі, оларды индивидуалды ерекшеліктер мен іс-әрекет сипатына сәйкес келетін оқу тәсілдеріне үйрететін болса, онда ол балалар қалыпты дамуға мүмкіндік алатын еді.
3. Курс мазмұны бірден жұмыс істеуі қажет. Мұнда іс-әрекеттік тұрғыдан келген дұрыс. Білімдер абстрактылы емес, жасөспірімдер оларды өзіне және өзгелерге қатысты қолдана алуы тиіс. Мүмкіндігінше категория, абстракциялар туралы емес, нақты объекттердегі образдар түріне айту қажет.
Жасөспірім феноменді көре алу, қолымен ұстап ол не екенін біле алуы керек. Сонымен қатар оны басынан өткізе алу қажет.
4. Мұғалімнің басты міндеті - жасөспірімге барынша икемді және шығармашыл болуға көмектесу. Сонымен бірге оған оның шығармашылық екендігін саналы түсіндіріп қана қоймай, оған еркін, сенімді, икемді дене, кеңістік және өзін жүйе ретінде басқара алу еркіндігін беру керек.
Жасөспірімге өз денесін жақсы көруге және оны өзінің индивидуалдылығы ретінде түсіндіруге көмектесу қажет. Өзін-өзі сыйлау, өз-өзімен қарым-қатынас жасау қуанышы - дамудың ең күшті қозғалтқыштары. Адам өзіне ұнамайтын істі істегісі келмейтіні белгілі. Ол көп нәрсені қатал тәртіп құзырымен жасайды және соның салдарынан жетімсіздік комплексіне ие болады.
Біздің міндетіміз әсемдікті көру қабілетін дамыту болып табылады.
5. Оқушыларға оқыту процесіне қатысты ой қалыптасып қалмау керек. Оқушыларда тәсілдерді өздері таңдауға талпыныс тудыру керек. Оқушыда өзінің оқу стилін қалыптастыру қажет.
6. Жасөспірім іс-әрекет субъектісі ретінде танымдық белсенділікке ие. Ол ізденіс процесіне тез қосылады және мұғалім қадамын алдын ала біліп қоймай, өзінің жүріс тәсілін құра бастайды.
Осылайша оқушы мен мұғалім қоршаған ортаның феномендерін түсіндірудің жаңа жолын табады. Дүниені басқаша көрген соң, олар өздерін де басқаша қабылдай бастайды.
1) «Сен бәрін түсінуге міндеттісің, яғни қоршаған ортаны сезінесін, өз қатысантарыңды түсінесің».
2) «Сенің шешімің, қалауың, тәжірбиең сондай болғандықтан оған солай қарайсың, басқаларша емес».
3) «Басқа адамға, дүниеге, қоршаған ортаға деген қатынастарыңды өз белсенділігіне, өз түсінігіне, өз танымыңа байланысты ашасың».
4) «Сен өзіңе деген қатынасың қандай, басқаға деген қатынасың қандай? Оны сен қалайша түсініп отырмын деген сұрақты қойып отыру керек». Психолог мұғалімнің міндеті баланы ашуға, өзіндік қалау жасауға, анықтауға мүмкіндік беру.
Психологияны пән ретінде оқытуда оның өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып оқыту мазмұнында мына мәселелерді қамту қажет: қатынас, күйзеліс, мінез-құлық, даму және шығармашылық.
Психология білімінің жедел дамуы, қоғамның талабы болып табылады. Бірақ қоғам психология білімін қолдануды білмейді, сондықтан практикалық психологияны міндеті барлық адамдардың психологиялық сауаттылығын артыру. Бұл мақсатқа жету үшін квалафикациясы жоғары жақсы дайындығы бар мамандар қажет. Қазіргі заманғы психология білім жаңа әдістемелік бағдарламаларды талап етеді. Біз осы әдістемелік ғылыми зерттеу нәтижелері болу үшін практиалық тенденциядан өту керек. Психолгияны оқыту әдістемесі - оқыту пәні және жеке ғылым ретінде, бұл ғылымға көптеген белгілі психологтар көңіл аударғанына қарамастан әлі жеткілікті дәрежеде зерттелмеген.
Психологиялық білім ұзақ уақыт бойы жаратылыстану ғылымдаррының бірі болғанмен қазіргі таңда гуманитарлық болып табылады. Басқа ғылымдарға қарағанда психологиялық білім психологияны оқыту процесінде міндетті түрде есепке алу қажет.
- Психология ғылымының пәні үнемі қатысты жекелік болып табылады.
Ол адамдардың жасына, мінез-құлқы мен іс - әрекетіне байланысты өзгеріп отырады. Сондықтанда жеке тұлғаның қабылдауының нақтылығы басқа ғылымдар сияқты емес.
Психологиялық білім әрбір жеке тұлғаның ерекшелігіне байланысты дамиды. Бұнддай ерекшеліктер психология ғылымдарынан басқа кездеспейді.
Психология көріністерді меңеру процесі тек қана логикалық емес, бейнелік- көркемдік, ойлауды сонмен қатар дамыған ой-өрісті талап етеді. Студент - психолог беейнелді ойлауды және оларды орынды үйлестіре білу екрек. Сондай-кақ психолог -кеңесші өзінің жұмыс барысында клиенттің ой-өрісін жобалап, жағдайға дұрыс бейімделуіне дұрыс бағыт беріп отыру керек. Бұл мүмкіндік психолог -кеңесшінің клиентті дұрыс түсініп, жағдайдан дұрыс шығуына көмектеседі.
Психологиялық білімді нақты бір ғылым ретінде емес, әдістемелік мақсаттарда қолдануға болады. Психологияны оқыту мыналарға бағытталады:
Жеке тұлғаның қабылдау мүмкіндіктері мен басқа адамдардың іс-әрекетін игеру.
Адамға өзін-өзі өзгерту мүмкіндігін қалыптастыру.
Пәннің мақсаты, психология пәнін үйрету сапасын психологтың әртүрлі ортадағы іс-әрекетіне байланысты көрсету, міндеті студенттерге психология нәнінің ерекшеліктерін үйрету, студенттер педагогикалық процесті басқару мүмкіндіктерін қалыптастыру, студентке педагогикалық қабілетін жетілдіру, ағарту іске қабілетін дұрыс ұйымдастыру талабын дамыту.
Студенттерге профессионалдық білімді жетілдіруге және өз-өзін тәрбиелеуге көмектесу.
Бақылау сұрактары:
1. Психологияны оқыту әдістемесі пәнінің дамуына үлес қосқан ғалымдар?
2. Сыныптағы және сыныптан тыс жұмыстардың ерекшеліктері?
3. Оқыту дегеніміз?
4. Оқытудың инновациялық түрлері?
Практикалық сабақ №3
Тақырыбы: Психологияны оқытудың мазмұны пән ретінде
Мақсаты: Студентті психологияны оқыту әдістемесінің, психолого-педагогикалық жағдайларын меңгеруге бағыттау.
Жоспары:1. Оқыту курсының пәндік мазмұнын конструктілеу міндеттері
2. Психологияны оқытудың негізгі формалары.
Білім беру үрдісін ұйымдастырудың заңдылықтары көптеген оқушылар (студенттер) үшін осы үрдісті ұйымдастырудың тәсілдері мен психиканың қалыптасуы, даму ерекшеліктері арасындағы қатынастарды түсіндіреді. Психиканың қалыптасу ерекшеліктері туралы түсініп, қоршаған ортадағы және генетикалық факторлардың күрделі қатынасы туралы педагогика, медицина, философия, дидактика, информатикалық технология т. б. білім салаларында қарастыруда. Сондықтан психолог мамандарды оқыту, білім беру мәселесіндегі психиканың қалыптасуының психолого-педагогикалық жағдайларын меңгеруге бағыттау қажет. Психологияны оқыту әдістемелері психология саласынан алған білімдерді жүйелеуге, бірізділікке тыңдаушылардың мүмкіндіктерін дұрыс диагностикалап, алдын-ала анықтауға (прогностика) сәтті болжамдар құруға, бірім беру процесіне қатысы бар адамдардың психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып бағыт беруді көздейді. Осыған орай пәнді оқытудың мақсаты:
Студенттердің білімдерін түсіндіре білу, қалыптастыру.
Сөйлеу, дәріскерлік шеберліктерін қалыптастыру.
Мектеп оқушыларына оқытуды ұйымдастырудың әртүрлі формаларының психологиялық білімін меңгеруді өңдеп реттеу мен бақылау.
Оқудың міндеттері мен принциптері
Оқу курсының міндеттері жасөспірімнің дүниеге көзқарасын гуманистік тұрғыдан қалыптастыруға бағытталған. Жалпы дүние бейнесіндегі адамның бейнесі нақты психологиялық білімдерді зерттеу мен субъективті шығармашылықты дамыту негізінде қалыптасады. Осы тұрғыдан алғанда педагогикалық процесті әмбебап өмір бейнесін құраушы, оны дамытушы екі жақты процесс деп қарастыруға болады. Сонымен қатар оқушы осы бейнені өзі басынан кешіреді.
Психология ғылыми және оқыту пәні ретінде оқытуда, ғылым біріншіден білім өндіруші іс-әрекет және екіншіден, білімді жүйелендіруші форма ретінде анықталады.
Оқу пәні біріншіден білім жүйесі, ал екіншіден осы білімдерді меңгеру бойынша оқу-танымдық іс-әрекет түрінің жүйесі ретінде анықталады.
Осылайша бұл екі түсінік бір жерде қиылысады, бұл - білімді жүйелендіру.
Оқу пәні В. И. Гинецинскийдің анықтамасы бойынша сәйкес ғылыми пән негізгі дидактикалық жүйеленген түрде түсіндіру болып табылады.
Оқу пәнінің дәстүрлі түсінігі ортағасырлық университеттерден бастау алады. Оқу пәні пәндік білімнің барлық қасиеттерін сипаттап, жүйелік және құрылымдық функцияны атқарады. Осы кезде сапалық деңгейлік ерекшеліктер ескерілмеді.
Жаңа уақытта ғылыми және оқу пәнін ажырату басталды. Оқу пәні көбіне оқу - танымдық іс-әрекет әртүрлі жүйелері ретінде қарастырылады.
Оқу пәндерінің құрылымы мен мазмұнын анықтауда келесі сұрақтар туындайды:
Оқу пәні саған сәйкес ғылым саласымен бірдей болуы тиіс пе?
Оқу пәні ретіндегі психологияның ғылым ретіндегі психологиядан айырмашылығы неде?
Психология бойынша оқу бағдарламасында жиналған психологиялық білім қоры қандай деңгейде бейнеленуі тиіс?
Оқу бағдарламасына енетін білімдер мен іскерліктерді іріктеу принциптері мен критерийлері қандай?
Осылайша ғылыми пән - бұл зерттеушілерге бағытталған білімдер жүйесі, ал оқу пәні - оқушыларға бағытталған білімдер жүйесі.
Оқу пәні белгілі бір ғылыми білімді бейнелеуі мүмкін.
Оқу пәнінің құрамына екі құраушы кіреді:
Білімдер жүйесі;
Меңгерілуге бағытталған оқу - танымдық іс-әрекет жүйесі.
Оқу пәнінің екі құраушысын өңдеуде де келесі факторлар ескеріледі. Оларды толығырақ қарастыра кетейік:
1) Психологиялық білімнің жүйелену деңгейі. Білімдер неғұрлым жүйеленген болса, соғұрлым ғылыми пән оқу пәні болуға мүмкіндігі бар.
2) Әдіснамалық позиция, қызығушылықтар, оқытушылардың көзқарасы. Оқу пәні шеңберінде оқытушы барлық теорияларды, концепцияларды, көзқарастар мен түсініктерді түсіндіріп, олардың мағынасын ашуы тиіс. Оқытушы белгілі бір әдіснамалық позицияны ұстануға, белгілі бір көзқарастарға сенуіне құқығы бар.
3) Психология оқылатын білім беру бағдарламаларының деңгейі типі және мақсаттары. Оқу пәніне кірген білімдер жүйесі және меңгерілуге бағытталатын оқу танымдық іс-әрекет жүйесі келесілерге сәйкес әртүрлі болуы тиіс: 3. 1. Бұл пән бастауыш, негізгі, орта не жоғары мектепте беріліп отыр ма; 3. 2. Бұл пән жалпы білім беретін немесе кәсіби білім беру мекемелерінде оқытыла ма; 3. 3. Ол болашақ психологтарға, педагогтарға, дәрігерлерге беріліп отыр ма.
4) Оқушылар мен студенттердің жасерекшелігімен, даму деңгейі, индивидуалды психологиялық ерекшеліктері шартталған белгілі бір тақырыптарға, мәселелер, фактілерге және түсініктерге деген қызығушылық.
5) Оқушылар мен студенттердің білімі мен қабілеттері. Оқытушы оқу пәнін оқушылар мен студенттерде бар білімін негізге ала отырып құруы тиіс. Оқу пәні оқушылардың белгілі бір тақырыпты, фактілерді, түсініктерді меңгеру қабілетіне қарай, түрліше құрылады.
6) Белгілі бір психологиялық білімдер мен іскерліктерді меңгеру процесінде атқаратын оқушының түрлі белсенділік формалары, функциялары. Оқу пәнін меңгеру дәріс, семинар, тәжірбиелік, өзіндік жұмыс түрінде берілуіне қарай сәтті немесе сәтсіз болуы мүмкін.
7) Дидактикалық материалдық қоры. Оқу пәнінің дидактикалық өңделу дәрежесі түрлі болуы мүмкін. Жекелеп айтқанда сабақтың нақты бағдарламасы, нақты тапсырмалар, көрнекі материалдар, бақылау сұрақтары болуы мүмкін.
Бақылау сұрактары:
1. Психологияны оқытудың мақсаты
2. Психология сабағын беруде, оқу материалын белгілі жүйелік принципі
3. Қазіргі білім беру процесінде психологияның ролі мен орны.
4. Психологияны оқытудың мақсаты және қазіргі білім беру мекемелерінің стратегиялары.
Практикалық сабақ №4
Тақырыбы: Психологиялық білім жүйесінің жалпы сипаттамасы және тарауларды ұйымдастыру ерекшеліктері
Мақсаты: Психологиялық білімнің құрылымын студентке түсіндіру
Жоспары:1. Мектептегі психологияны оқыту бағдарламасының тұжырымдамасы.
2. Психологияны оқытудың мазмүны пән ретінде үрдісінің сипаттамасы, оқытудың формалары .
Қазіргі заманғы қоғамдағы психологиялық білімнің жедел дамуы осы қоғамның шынайы талабымен, оның даму қажеттілігімен, адамдардың өмірі мен қызметі үшін ыңғайлы жағдайларды жасаумен шартталған.
Психологиялық білім адам өмірі мен қызметінің әртүрлі салаларына: мемлекеттік және билік құрылымдарына, өндіріске, саясатқа, кәсіпкерлікке, денсаулық сақтауға және білім беруге және т. б. қатысуда.
Десек те қазіргі қоғам бұл білімдерді қабылдауға әлі де жеткілікті дайын емес және ол аз болса адамдардың өмірі мен кәсіби қызметінде осы білімдерді қолдануға белсене ықпал ете алмай отыр.
Сондықтан бүкіл тұрғындарды: мектеп оқушысынан зейнеткерге дейін, психологиялық сауаттылықпен қамтамасыз ету тәжірибелік психологияның негізгі мәселелерінің бірі болып табылады.
Басқа ғылымдарға қарағанда психологиялық білім, психологияны оқыту үдерісінде ескерілуі қажет спецификалық ерекшеліктері бар. Оларға:
1. Психологиялық ғылымның пәні тұрақты болатын жеке тұлға болып табылады. Ол адам жасына қызметтің сипатына және тағы басқаларға қарай өзгеріп отырады. Сондықтанда жеке тұлғаны дәл тану мүмкін емес. Жеке тұлғаны тану дәлдіктен гөрі, үңілу тереңдігін қажет етеді.
2. Психологиялық ғылымды тану үдерісі диалогты, өйткені тану пәні де, танылушы тарап та жеке тұлға. Сондықтан психологиялық шынайылықты тану үдерісі танушының жеке тұлғалық ерекшеліктері арқылы өтеді, танылушының қасиеттерді өзінің жеке басындағы ерекшеліктеріне «теңестірілуі» арқылы жүреді. Мұндай құбылыс психологиялық емес құбылыстарды (физикалық, химиялық және т. б. ) тануда болмайды.
Дегенмен, мұндай теңестіре білуде психиканың жалпы заңдылықтарын меңгеруге бөгет жасайтындығын ескерген жөн, өйткені психиканың жекелік даму заңдылықтары жалпы заңдылықтардан басқа болуы мүмкін.
3. Психологиялық құбылыстарды тану үдерістері тек логикалық ғана емес, сонымен бірге бейнелі және көрнекілі ойлауды, сондай-ақ дамыған жалпылауды талап етеді.
Студент-психолог көрнекті-бейнелік ойлауды, олардың орнын еркін алмастыруды және жалпылауды бейнелерімен үйлестіруді үйренуі тиіс. Осылайша, психолог-кеңесшіге жұмыс барысында клиентінің ойлы бейнесін еркін билеу қабілеттілігі қажет. Бұл клиенттің мәселесін жақсы түсінуге және оны шешуге мүмкіндік береді.
4. Психологиялық білімді әдістемелік мақсаттарға ыңғайлы белгілі бір кеңейтілген құрылым түрінде көруге болады.
Кез-келген психологиялық құбылысты толық сипаттау үшін төменгі бағыттарды меңгеру қажет. Оларға:
- түсіну жүйесін (тезарус, анықтамалар, суреттеулер) ;
- психологиялық құбылыстардың қызметтерін;
- механизмдерін (құбылыстың қалай пайда болатындығы мен жұмыс барысын) ;
- түрлерін (классификациялары) ;
- заңдылықтарын;
- жас және дербес ерекшеліктерін;
- пайда болу мен даму заңдылықтарын;
- ауытқулары;
- психологиялық білімдер;
- зерттеу әдістері.
Психологиялық білімнің құрылымын түсіну студентке психологиялық шынайылықтың байланыстары мен қатынастарының барлық алуантүрлілігіндегі біркелкілігін түсінуге көмектесуі мүмкін. Психологияны оқыту тұрғысынан ұсынылған кесте оқу курстарын жоспарлау мен студенттердің білімді толық меңгеруін жолдау үшін қызмет ете алады.
Оқытуды ұйымдастыру формасы- оқыту үдерісінің міндеттерін іске асырудағы мұғалім мен оқушылардың іс-әрекеттерінің сыртқы көрінісі. Ұйымдастыру формасында оқытудың мақсаты, мазмұны мен әдістері бірыңғай жүзеге асады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz