«Математика» пәнін оқыту барысында бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 54 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Еліміздің егемендік алып, қоғамдық өмірдің барлық салаларында, соның ішінде білім беру саласында жүріп жатқан демократияландыру мектепті қазіргі кездегі дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарға жол ашты. Ұсынылып отырған Қазақстан Респбликасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы білім беру саясатының негізгі міндеттерінің бірі.

Бұл бағдарламада республикамыздың Конституциясы белгілеген үздіксіз білім берудің негізгі буыны -орта білім беруге байланысты мәселелердің арқауы байқалып отыр. Орта білім беру буыны өте күрделі жүйе, осы күрделі жүйені құраушы білім берудің бірінші сатысы бастауыш мектеп.

Қазіргі заманда, азаматтық қоғамда өмір сүріп, оның даму жолдарында еңбек ету үшін, қажырлы, қайратты, алдына бір мақсаттар мезеп, оларды орындауға ат салыса отырып, жаңалықтарға құштар, білімгер, өз қылықтары және іс-әрекеттері үшін жауап бере алатын, қиындықтардан қорқып, біреудің көлеңкесіне тығылмайтын, белсенді, парасатты, жаңалықтарға құштар тәуелсіз тұлға қалыптастыру. Әлеуметтік өмірдегі барлық құбылыстарды сараптап, өмір бойы даму, іздену үстіндегі тұлғалар қоғамға оның әлеуметтік және экономикалық дамуына, өркениет елдер қатарында өмір сүру үшін өте қажет. Педагогика ғылымында осындай қасиеттерді оқушы бойында қалыптастыру және соған тәрбиелеу оқушы жастардың дербес даралығын, белсенділігін қалыптастырып, өз бетімен өмір сүре білуге дайындау деп атайды. Оқу процесінде өзіндік жұмысты жүйелі түрде жүргізудің өзектілігі

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында айтылған «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы». Бұл стратегияны жүзеге асырудың бірден-бір жолы, жалпы білім беретін мектептерде - оқыту процесінде оқушыларды өздігінен жұмыс жүргізу әрекеттерін жетілдіру болып отыр. Жалпы алғанда өзіндік жұмысты ұйымдастыру мақсаты тұлғаны өзбетінше дербес іс-әрекетке дағдыландыру.

Зерттеу жұмысымызға байланысты көрнекті педагогтар Я. А. Коменский, К. Д. Ушинский, Н. К. Крупская, В. А. Сухомлинский, А. Байтұрсынов, Ы. Алтынсарин, А. С. Макаренко, Р. Р. Лемберг, М. Н. Скаткин, К. Н. Корнилов, Б. П. Есипов, Д. И. Писарев және т. б. педагог ғалымдар оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру барысында оқушылардың өздері атқарытын ролдеріне баса көңіл бөліп, оларды жүзеге асыру жолдарының селсоқ, немқұрайды болуын қатты сынға алған болатын. Оқушылардың өзіндік жұмыстары туралы педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерде әр түрлі анықтамалар кездеседі. Н. К. Крупская: «Педагогиканың ең негізгі саласының бірі, өз бетімен білім алуға баулу және де онсыз жақсы оқыту мүмкін емес, ол оқушыларды бірыңғай тежей беруден бас тарту. Оларға басшылық жасау арқылы оқушы жастардың белсенділіктерін басып тастамауы қажет, - деп жазған. М. Н. Скаткиннің «оқушыларды тек қана білім мен білгірлік жүйесімен қамтамасыз ету аз, сонымен қатар оларды білімге, жаңалыққа құштар болуын, ұмтылысын арттыру қажет, бұның өзі жан-жақты дамыған адамның жеке басы үшін өте маңызды. Тек сонда ғана оқушы жастардың оқу еңбегіне деген көзқарасы өзгереді, оқуға, білімге, жаңалыққа өздері ұмтылатын болады. Адамның интелектуалдық дамуы одан әрі, өмір бойы жалғаса береді, адам рухани байлыққа ұмтылады, жаңа білімдер алуға ат салысады, ізденеді. Шынында да мектеп қабырғасында отбасында дұрыс тәрбие алған адам тоқтап, тоқырап бір орында қалмайды, өмір бойы жол үстінде келе жатқан жолаушыдай тоқтамайтын рухани, интелектуалдық баю үстінде болады. Қазіргі біздің заманымызда ғылым мен техниканың, мәдениеттің дамыған шағында адамның өз бетімен білімін толықтыру, іздену процесі ешқашан тоқтап, толастап қалуы мүмкін емес. Бұлай болмаған жағдайда адам өмірден тек артта қалып қана қоймай, қарқындап дамып келе жатқан әлеуметтік өмірде өмір сүруге жарамсыз болып қалады. » -деген пікірі XXI ғасырға лайықты айтылған деуге болады. Аталған педагогтардың зерттеу жұмыстары оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру мәселесіне қосар үлесі мол.

Сонымен бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру мәселесін педагогикалық тұрғыдан әлі де болса шешу қажеттігін ескере отырып, оны өз іс-тәжірибемізде қарыстыруды жөн таптық. Қазіргі кезде оқушылардың өз бетімен білімін жетілдіруде өзіндік жұмыстарының шарттары және әдістерінің анықталмауы арасында, оқушылардың таным қызығушылын арттыру арқылы өзіндік жұмыстарын ұйымдастырудың арасында қайшылықтар бар. Бұл қайшылықтарды шешу үшін бастауыш сынып оқушыларына нақты пәнді оқытуда өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру әдістемесін арнайы зерттеуді мақсат етіп жұмысымыздың тақырыбын - «Математика» пәнін оқыту барысында бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру» - деп алдық.

Зерттеу жұмысын жазу барысында алдымызға мынандай мақсат қойдық: Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмыстарын ұйымдастырудың жолдарын анықтау, осы мақсаттан мынандай міндеттер туындайды:

  1. Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмыстарын ұйымдастырудың маңыздылығына сипаттама беру.
  2. Бастауыш сыныптың «Математика» пәні бойынша оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастырудың тиімді жолдары мен әдістерін анықтау.

Зерттеу объектісі: Бастауыш сыныптағы оқыту процесі.

Зерттеу пәні: «Математика» пәні бойынша оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру.

Зерттеу әдістері:

1. Тақырыпқа байланысты ғылыми-педагогикалық әдістемелік әдебиеттерге талдау жасау

2. Озат мұғалімдердің іс-тәжірибесімен танысу, жинақтау, талдау, қорыту

3. Бақылау, әңгіме

Диплом жұмысының құрылымы: кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

I тарау. Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмысын ұйымдастырудың ғылыми педагогикалық негіздері

1. 1. Педагогика тарихында өзіндік жұмыстың зерттелу жайы

Өзіндік жұмысты жалпы орта білім беретін мектептің I-сатысы бастауыш білім беру кезеңінен ұйымдастырудың маңызы өте зор. Біз өзіндік жұмыс арқылы баланың таным қызығушылығын арттыра отырып болашақта өз бетімен білімін жетілдіретін тәуелсіз тұлға қалыптастырамыз. Ал енді оқушылардың өзіндік жұмысы дегеніміз не? Бұл сұраққа жауап беру үшін алдымен «өзбеттілік» немесе «өзбетінше» деген сөзге анықтамаларды қарастырайық.

С. И. Ожегов сөздігінді (самостоятельный) өзбетінше немесе дербес, өзбеттілік - деген сөзге Бірінші - басқалардан бөлек өмір сүретін, тәуелсіз. Екінші - шешімді, өзінің жеке пікірі бар. Үшінші - бөгде адамның көмегінсіз, өз күшімен мақсатына жететін тұлға делінген. Міне осындай қасиеттерді балаға өзіндік жұмыстарды оқыту процесінде дұрыс ұйымдастыру арқылы қалыптастыруға болады. Дұрыс ұйымдастырылған өзіндік жұмыс арқылы баланың таным қызығушылығы артта түсіп, интелектуалды даму жолына түседі. Осы жерде А. Байтұрсыновтың «бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен алу керек» деген сөзінің маңыздылығын байқауға болады. Оқушылардың өзбетімен, ешкімнің көмегінсіз білім алу тәжірибесін ұстаз асқан білімділікпен, шеберлікпен кәсіби ұйымдастыру керек.

Оқушылардың өзіндік жұмысы туралы педагогикалық және методикалық әдебиеттерде әр түрлі анықтамалар кездеседі. Оқушылардың өзіндік жұмысының негізгі анықтамасын ғалым-педагог Б. П. Есипов өзінің еңбектерінде көрсетіп кеткен болатын. Ол «Оқу-тәрбие процесінің ішіне енгізілген оқушылардың өзіндік жұмыстары-оқушылардың өз бетімен, ұстаздың қатысуынсыз, бірақ белгілі бір берілген тапсырма арнаулы уақыт ішінде оқушы алдына қойылған мақсатты іске асыру үшін тырысып, бар күш, жігерін жұмсайды, сонымен қатар оқушының ақыл, ой, дене қабілеттерінің жұмыс деңгейі, ісекрлік қабілеттерінің нәтижесі белгілі болады. » деген /4/. К. Д. Ушинский тек оқушылардың өзіндік жұмыстары ғана ғылыми негіздерін игеруге жағдай туғызады, оқушылардың ойлау, пайымдау, білім негіздерін қабылдау қабілеттерін дамытады деген.

Кейбір авторлар өзіндік жұмысты оқыту әдісінің бірі деп қараса, екіншілері оны оқыту принциптерінің бірі деп есептейді. Дегенмен оқушылардың өзіндік жұмысы жеке өз алдына оқыту әдісі бола алмайды. Оның себебі: өзіндік жұмыстарды жүзеге асыру үшін әр түрлі әдіс-тәсілдер пайдаланады, мысалы: жаттығу, кітаппен жұмыс, бақылау, ынталандыру, эксперимент т. б. Әрбір оқыту әдісі оқушылардың өзіндік жұмысын қамтиды, оқыту әдісінің міндеті оқушылардың дербестігін арттыру, өздігінен жұмыс істей білуге баулу. Өзіндік жұмыс өз алдына оқыту принциптерін бағынады: дәлірек айтқанда білім алудағы оқушылардың белсенділігі мен саналығына тәуелді «өзіндік жұмыс» оқушылардың дербестігін, өздігінен оқуға, білім алуға дағдылануларын талап етеді. Оқушылардың таным әрекеті білім алу қажетімен ұштасып жатады. Осыған орай олардың дербестігі, ең алдымен белсенділікке байланысты, ал белсенділік дербестікті қажет етеді. Оқушылардың өздігінен істейтін әрекеті оның белсенділігін арттырады. Бұл екі термин ұқсас болғанымен олардың мазмұнында айырмашылық бар. Белсенділік, дербестікке қарағанда, мағанасы кең ұғым. Оқушылардың оқудағы белсенділігі дегеніміз оқуға қажетті білім мен дағдыны меңгеру және оларды өмірде, практикада пайдалана білуге, үйренуге оқушының істейтін саналы әрекеті. Мысалы: жаңа сабақты оқушының зейін қойып тыңдауы, өтілген материалдар бойынша білімін кеңейту үшін өзбетімен қосымша кітаптар оқуы, бақылау, тәжірибе жасау, жазу, сызу сияқты жұмыстар атқару. Баланың жеке басын белсенділдікке тәрбиелеуде, оқуға деген ынтасын арттыруда, өз беттімен талаптанып, әрі карай дамуына жол ашу үшін оқу- тәрбие процесінде өзіндік жұмысты ұйымдастыру дұрыс жолға қойылуы керек. Оқушылардың өзіндік жұмысын дамытып, белгілі бір сатысына жеткізу үшін оның мазмұндары, түрлері, өткізу әдістемелері жасалу керек.

Б. П. Есиповтың пікірінше, оқушының өзіндік жұмысы мұғалімнің педагогикалық міндеттерді шешуіне, атап айтқанда,

- оқушылардың білімін игеруі мен түсінігін кеңейтуге;

- оқу бағдарламасында көрсетілген дағды мен іскерлігінің дамуына;

- алған білімін өмірде, қоғамға пайдалы еңбекте, өндірісте қолдана білуде;

- олардың танымдық іздемпаздығын дамытуға (логикалық ойлау, шығармашылығы)

- ақыл-ой мәдениеті мен дене еңбегі мәдениетін дамытуға оқушының өзіндік жұмысы арқылы белгіленген мақсатқа жетуіге;

- алдағы уақытта да оқушының өз бетімен нәтижелі жұмыс істей білуге көмектеседі.

Өзіндік жұмыстың танымдық іздемпаздықты дамытудағы ролі туралы В. А. Добромыслов, В. В. Голубков, Е. Я. Голант, Г. В. Воробьев, А. В. Полякова, А. Ф. Соловьева, А. Ф. Ломизов, Г. И. және т. б. еңбектерінде айтылады, дегенмен танымдық іздемпаздық ұғымының мазмұнына авторлар түрліше мағана береді. Біреулері танымдық іздемпаздықты «шәкірттің ақыл-парасат қабілеті және оның өз бетінше ізденіп оқуына мүмкіндік беретін бейімділігі ретінде қарастырса, екіншілері танымдық іздемпаздықтың мәні мектеп оқушысының білімді игеруде өз күшімен талпына білінуінде, яғни қабілеті мен ұмтылысында деп біледі. Ал үшіншілері танымдық іздемпаздықтың мәні мектеп оқушысының білімді игеруінде өз күшімен игеруіне ұмтылысынан көрініс табатын жеке тұлғаның қасиеті ретінде байқалады.

Осы тақырыпта құнды пікірлер айтқан Т. И. Шаманова, Е. Б. Ястребова, М. И. Махмутов, Н. А. Половникова, И. Я. Лернер, Г. Н. Кулагина және т. б.

Зерттеулердің түрлі авторлары оқудағы танымдық ізденіпаздық пен белсенділікті қалыптастыру мәселелерін іс жүзінде шешудің түрлі жолдарын бөліп көрсетті.

Оқушылардың танымдық іздемпаздығының құрамдас бөліктерін А. Д. Альферов, Ю. К. Бабанский, Л. И. Божович, А. Н. Леонтьев, А. К. Маркова, С. Л. Рубенштейн және т. б. терең зерттеді.

Оқыту процесінде өзіндік жұмыс арқылы танымдық ізденіс қабілеттерін қалыптастыру мәселелерін зерттеуде еліміздің бірсыпыра ғалымдары ат салысты. Олар: Н. Көшекбаев, К. Б. Бержанов, С. Қалиев, Т. С. Сабыров, А. Е. Әбілқасымова т. б.

Танымдық іздемпаздықтың жалпы заңдылықтары туралы Ю. К. Бабанский, Е. Я. Голант, Н. К. Гончарова Б. П. Есипов, Л. В. Занков, Т. И. Ильина, Р. Г. Лемберг, И. Я. Занков, П. И. Пидкасистый, М. Н. Скаткин, Г. И. Щукина, және т. б. еңбектерінде айтылған.

Өзіндік жұмыстың психологиялық аспектілері туралы Б. Г. Ананьев, В. А. Артемова, Н. В. Витт, Л. С. Выготский, А. А. Леонтьев, И. Д. Лушников, Н. А. Менчинская; и А. В. Менчинская, Н. Ф. Талызина және т. б. зерттеді.

Оқушылардың өзіндік жұмыстары олардың танымдық белсенділіктері мен ізденпаздығының қамтамсыз етудің негізгі шарты ретінде қарастырылады.

Өзіндік жұмыстар оқушылардың ақыл-ой еңбегінің жоғары сатысында болуын қамтамасыз етіп, біліктілігі мен дағдысын қалыптастыру нәтижесінде оқу процесінде жоғарғы нәтижелерге жетуге көмектеседі.

Өзіндік жұмыс оқушылардың бойында ұйымдасушылық, тәртіптілік, еркінділік, мақсаткерлік, іздемпаздық, белсенділік сияқты қасиеттерді дамытады. Бастауыш сынып оқушылары өз бетімен ақыл-ой еңбегінің де, дене еңбегінің де қаншалықты қиын екенін түсіне бастайды, тіпті соншалық қиын міндеттерді өз бетімен, ешкімнің сүйеуі, көмегінсіз атқарудың соншалық қызық, маңызды өз басына пайдалы екенін біліп, түсінеді және оның бойында осындай жеңістерге ұмтылыс, ынта пайда болады.

Танымдық іздемпаздық мазмұнын бір аяда ғана ашуға болмайтын күрделі ұғым болып табылады. Тегінде жеке тұлғаның бұл бір тұтас сапалық қасиеті талдау жасау кезінде жүйелі түсіндіруді талап ететін сан қырлы құндылық болса керек. Мұғалім оқу процесінде оқушыны қызықтыра отырып, өзі талдап, қорытынды шығарады, оны оқушыға дайын күйінде беріп отырады, ал оқушы болса дайын нәрсені игеруге міндетті болады. Мұндай оқушы мен мұғалімнің бір жақты әрекетіне қарағанда, оқу процесінде оқушының белсенді, танымдық ізденпаздығын дамыта отырып, оның білімі мен дағдысын жетілдіруге бағытталған мұғалімнің оқушыларға өз бетімен орындайтын тапсырма беру әркетінің маңызы зор. Педагогиканың ғасырлар бойғы даму тарихында алдыңғы қатарлы ғалымдар танымдық әрекете қатысты идеяларын зерттеу және талдау негізінде жалпы үш бағытты бөліп көрсетуге болады.

Бірінші бағыт ежелгі дәуірден бастау алды. Оның өкілдеріне ежелгі грек ғалымдары Артиксен, Сократ, Платон, Аристотель баланың белсенді және өз бетімен білім алуының маңыздылығын жақты негіздеген. Олардың пікірінше, адамның ойлау қабілеті оның өзіндік әрекеті нәтижесінде жүзеге асады. Мұндай іс әрекет балада қуаныш ; қанағаттану сезімін оятып, жаңа білімді игеруге белсенділігін арттырады деген пікірде болды.

Бұл пікір көптеген ғасырлар бойы педагогтардың талдау нысыны болып келді. Ол Франсуа Рабле, Мишель Монтень, Томас Мор, Томмазо Кампанелла еңбектерінде жалғасын тапты. Енді баланы өз бетінше әрекет етуге баулу, ойлы және сыншыл адам жұмыс істеп, өзі таным жолын таңдап алуы қажет болатын.

Осы ойлар Я. А. Каменскийдің, Ж. Ж. Руссоның, И. Г. Песталоцидің, А. Дистервгтің, И. И. Новиковтың, П. Г. Редкинаның, К. Д. Ушинскийдің және т. б. педагогикалық еңбектерінде дами түсті.

Бірінші әлеуметтік-педагогикалық бағыт бойынша жазылған еңбектерді талдау негізінде оларды былай жүйелеуге болады:

  1. танымдық іздемпаздықты дамыту мәселесі бойынша олардың көзқарастарын біріктіретін идея: ойлау қабілеті іздену әрекеті нәтижесінде ғана дамиды, ал оның жүзеге асуы өзіндік таным нәтижесіне байланысты болады;
  2. мынандай ұғымдар беріледі: өз бетінше әрекет - бұл белсенді оқыту ұстанымы; оқыту әдістері - бұл баланың өз беттілігі мен өзіндік әректі; тәрбиенің шешуші ролі - баланың өз бетінше әрекет - өздігінен білім алуға жетелейтін таным еркіндігі
  3. бірінші бағыт зерттеушілері баланың өзіндік даму теориясы шеңберінен шықпайды.

Екінші бағыт Я. А. Коменский еңбектерінен бастау алады. Оның мазмұны оқушының өз бетінше істейтін әрекетін ұйымдастыру, сондай-ақ оқыту, мұғалім мен оқушының әрекетін талдау мәселесіне негізделеді. Бұл бағыты шартты түрде дидактикалық-әдістемелік бағыт деп атауға болады. Ол бірнеше ғасырлар бой жалғасын тауып, одан әрі дамыды.

Дидактикалық - әдістемелік бағыт бойынша жазылған еңбектерді талдай отырып, мынандай тұжырым жасауға болады:

- бұл бағытың ерекшелігі - оқытуды оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастыруға бағытталған мұғалім әрекеті ретінде түсіндіру,

- мынандай түсініктер берілген: өз бетінше әрект ету - шынайы білім мен дұрыс түсіну кілті; баланың өзіндік жұмысы - оларды дамытудың қажетті шарты.

- екінші бағыт зеттеушілердің еңбектерінде оқушы әрекеті терең зерттелмеді және өзіндік жұмыстың мәні ашылмай қалды.

- үшінші бағыт оқушылардың өз бетінше әрекеті тек қана оқудың педагогикалық әдістері мен құралдары төңірегінде ғана емес, сондай-ақ зерттеу нысаны ретінде танылуымен сипатталады. Бұл бағыт К. Д. Ушинскийдің еңбектерінен бастау алады. Мұны шартты түрде психологиялық-дидактикалық бағыт деп атауға болады.

К. Д. Ушинский: «өз бетінше жұмыс- оқытуда жетістікке жетудің бірден-бір жолы» деп есептеді. Сондай-ақ, ол шәкірттің жас ерекшеліктерін ескерудің қажеттілігіне тоқталды.

Ушинскийдің пікірінше, оқытудың алғашқы сатысында мұғалімнің басқарушылық және сөйлей білу қабілеті, сұрақтар қойып, оны оқушыларға жеткізу, оқыған кітабын шәкірттеріне әңгімелеп беру, сурет бойынша әңгіме сұғбат өткізу сиқты іс-әректтер маңызды болып табылады. Бірақ мұғалімнің ролін ескере отырып, ол оқушының белсенділігі мен ізденімпаздығын дамыту мақсатында ұйымдастырылған дербес бақылау және тәжірибе өткізу көрнекіліктер дайындау сияқты өзіндік жұмыстың маңыздылығына тоқталады.

К. Д. Ушинский педагогикалық ғылымда алғаш рет оқушылардың өзіндік жұмыстарына философиялық және психологиялық-физиологиялық тұрғыда талдау жасаған мысалы: «өз бетінше әрекет ету - бұл мұғалімнің көмегінсіз жаңаны табу, білуге ұмтылу» П. Ф. Каптеревің ойынша «өз бетінше әрекет ету - бұл оқушының жаңа білімді игеруге қажетті ішкі процесі», Ы. Алтынсаринның пікірінше «оқыту әдістері оқушының ізденіс әрекеті болып табылады»

Сонымен оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастырудың проблемаларының пайда болуы мен дамуын талдай отырып, мынандай қорытынды шығаруға болады. :

  • оқыту процесіндегі мұғалім мен оқушының бірлескен әректіндегі өзбетілік идеясының пайда болуы мектептердің тарихи даму бағыттарының түрліше болуымен байланысты;
  • әлеуметтік педагогикалық, дидактикалық-әдістемелік және психологиялық-дидактикалық бағыттардағы өзбеттілік идеясының дамуы мұғалімнің қызметі арқылы баланың өзіндік даму процесінен оқушының танымдық іздемпаздық әрекетіне дейін өрістейді;
  • жоғарыда көрсетілген тұжырымдамаларда оқу процесінде ұйымдастырылатын өзіндік жұмыс мәселесі толық зерттелмеген.

Дегенмен де, XX ғасырға дейінгі прогресшіл бағыттағы педагогикалық еңбектерде қазіргі дидактикадағы өзіндік жұмысты ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері нақты көрсетілген жоқ. Мектептің оқыту процесінде өзіндік жұмысты тек өткен тақырыпты қайталау немесе бекіту кезінде тиімді деп санады, өкінішке орай әліде көптеген бастауыш сынып мұғалімдері осындай пікірде қалып қойған. Жоғарыда айтылған аттақты ғалымдардың идеяларына тоқталсақ дұрыс жүйелі ұйымдастырылған өзіндік жұмыс баланың логикалық ойлауын, шығармашылығын дамытуға бағытталады. Дегенменде, айтылған пікірлер, тұжырымдар шәкірттің танымдық ізденімпаздығын қалыптастыру мәселесінде өте маңызды болып табылады. Танымдық ізденімпаздықты дамыту проблемасына байланысты жазылған еңбектерді талдай отырып, оның тарихи және әлеуметтәік түп тамыры бар екені белгілі болды және оған арналып еңбектер жазылған, бірақ заман ағымы, уақыт талабы бұл мәселені жаңаша шешуді, оны дамытуың тиімді әдістері мен тәсілдерін іздестіруді талап етеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныпта компьютерді қолданып математиканы оқыту нәтижесін бақылау тиімділігін арттыру жолдары
Бастауыш сыныпта математика сабағында дидакикалық ойындарды пайдаланудың әдістемелік жүйесі
ІІ БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА КОМПЬЮТЕРДІ ҚОЛДАНУ
Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі пәнінен дәрістер кешені
Бастауыш сыныпта математика пәнінен дарынды оқушылармен жұмыс жүргізу
Қазақ тілі сабағында дидактикалық ойындарды пайдалану
Математика сабақтарында пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру
Математика пәнін оқытуда оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың тиімді жолдарын айқындау
Оқушының өздігінен орындайтын және шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыру
12-жылдық білім беруге көшуде информатиканы оқытудың теориялық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz