Бокспен шұғылдануға қажетті құрал-жабдықтар


Пән: Спорт
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Бокспен шұғылдануға қажетті құрал-жабдықтар

Ринг

Боксшылар ұрысты рингте жүргізеді (1-сурет) .

Ринг барлық жағынан үш немесе төрт қатар жайлы арқандармен тартылған, ұзындықтары 5-тен 6 м-ге дейін болатын шаршы алањ болып табылады.

Қалыңдығы 2, 5-3 см-ді құрайтын арқандар метал бағаналарға бұрыштық қондырғылар арасына қатты тартылып бекітіледі. Бағана мен арқандар бекітілген қондырғылар арасындағы аралық алшақтығы 50-60 см болуы тиіс.

Бұрыштағы арқандар бекітілген қондырғылардың беті міндетті түрде алынып салынатын қабы бар белгілі бір түрдегі жастықшалармен жабылады.

Рингтің едені міндетті түрде тегіс тақтай болып бетінде қатты тартылған брезентпен жабылған жұмсақ төсеніші болуы тиіс.

Рингтің төсеніші рингтің сыртына 50 - 60 см шығып тұруы керек.

Рингтің сырт жағын айнала 1, 5 м алшақтықта ешқандай бөтен заттар болмауы тиіс.

Жаттығулар жүргізілетін спорт залда рингті кәдімгі еденде орната беруге болады.

Спорттық жарыстар өтетін залда ринг, бокс ережесіне сәйкес еденнен 50 см-ден 1 м-ге дейінгі бйіктікте орналасады.

Бокс қапшығы

Боксшының өз шеберлігін жетілдіруде ең көп қолданылатын жабдықтардың бірі бокс қапшығы болып табылады(2, а-сурет) .

Бокс қапшығы негізінен күшті арттыруға және соққыларды күшейтуге бағытталған жаттығуларды жүргізуге арналады.

Бокс қапшығында тура және жанама, сонымен бірге қарсыластың денесіне бағытталған соққыларды дамытуға арналған жаттығуларды үйренуге ыңғайлы.

Қапшықтың сырты қалың теріден, брезенттен немесе басқа мықты материалмен қапталады.

Қапшықтың биіктігі 80 см-ден 1, 2 метрге дейін, диаметрі 35 см-ден 55 см-ге дейін, салмағы 30 кг-нан 50-60 кг-ға дейін ауытқуы мүмкін.

Бокс қапшығы полиэтиленді пленкамен, ағаш ұнтақтарымен, құрғақ бұршақтармен, құммен және басқа да осы заттармен толтырылуы мүмкін. Ортасында созылмалы діңгегі бар және сырты құммен толтырылған қапшықтар өте ыңғайлы болып табылады (2, б-сурет) .

Қапшықтың ортасы және сыртқы ортасы немен толтырылғанына байланыссыз оның сыртқы ортасын айнала киізбен орау қажет.

Боксшының грушасы .

Боксшының грушасы (3 сурет), бокс қапшығы сияқты күшті арттыруға және соққыларды күшейтуге бағытталған жаттығуларды жүргізуге арналған.

Боксшының грушасы күшті арттыруға және соққыларды күшейтуге бағытталған жаттығулардан басқа онда қарсыластың басының төменгі жағынан соққылар жасауды үйренуге арналған алмұрт түрі секілді жасалынған былғары қапшық.

Боксшының грушасы боксшының қапшығы сияқты материалдармен толтырылады.

Жаттығу ыңғайлы болу үшін бокс грушасы бастың деңгейіндегі биіктікте ілінеді.

Платформадағы груша

Платформадағы груша үрленген резина камерасы түрінде болатын груша сипатындағы былғары доп (4-сурет) .

Мұндай груша соққылардың дәлдігін және жылдамдығын арттыру үшін қолданылады. Ол жеңіл және аса жылдамдықпен соққыларды үздіксіз екі қолмен жасауды жетілдіруге көмектеседі.

Керілген груша

Керілген груша (5-сурет) екі жағынан резиналар арқылы вертикальды тартылған былғары доп түрінде болады.

Керілген груша да соққылардың дәлдігін және екі қолмен жеңіл жасалынатын соққылардың жылдамдығын арттыру үшін қолданылады.

Қабырғалық жастықша

Қабырғалық жастықша (6-сурет ) күшті арттыруға, тура және жанама соққыларды күшейтуге бағытталған жаттығуларды жүргізуге арналған.

Жастықшаның негізі болып ағаш каркас саналады, ол қабырғаға берік бекітіледі.

Жастықшаның құрамына арасында киіз салынған қалыңдығы 1, 5-2 см-ді құрайтын поролондар кіреді.

Жастықшаның жалпы қалыңдығы 5 - 10 см аралығында болады.

Жастықшаның өлшемдері әр түрлі болуы мүмкін, бірақ пайдалануға ыңғайлы болуы тиіс: ені 45-50 см, биіктігі 70-100 см.

Беріктігін арттыру үшін жастықшаны жоғарғы жағына киіз салынады.

Жастықшаның сыртқы беті былғарыдан, былғары орнын ауыстырғыштан, брезенттен немесе басқа материалдардан жасалынуы мүмкін.

Жаттықтырушының лапасы

Боксшының лапаласы (7-сурет) жаттықтырушының ажырамас құрал-жабдығының бірі болып табылады. Олар боксшының ұрыс әрекеттері мен тәсілдерін қалыптастыру және соққылардың дәлдігін арттыру үшін қолданылады.

Боксшының лапасы нығыздалған жалпақ жастықша түрінде болады. Оның бір беті қолға кию үшін қолданылады. Боксшының лапасы былғарыдан жасалынады. Осы уақытқа дейін оның ішіне жылқының құйрық жалы немесе киіз салынып келді. Соңғы кездері олардың орнына лапаның ішіне пенополиэтилен пластілері салына бастады. Олар боксшының лапасын жеңіл және мықты етіп қолдануға ыңғайлылығын арттырады.

Боксшының спорттық киімі және жабдықтары

Қазіргі кезде боксшылар арасында өтетін жарыстарға қатысу үшін бокс ережесі бойынша боксшылар келесідей спорттық киімдер киеді:

  • трусы (1) ;
  • майка (2) ;
  • боксшының қолғаптары (3), қолғапты киер алдында қолдың алқандары оларды ұрыс кезіндегі жарақаттан сақтау мақсатында бинтпен оралады;
  • капы (тіске салғыш) (4), ерінді және тістерді жарақаттанудан сақтайды;
  • бокстың арнайы аяқ киімдері (5) ;
  • арнайы боксшының дулығасы (6) басқа тиген соққыны жеңілдету үшін қолданылады және жақ сүйектері мен құлақтарды жарақаттанудан сақтайды;
  • пқуық раковинасы (трусидің ішінен плавкиге киіледі) (7) ; кездейсоқ соққылардан қорғайды.

Бокс ережесіне сәйкес соққыларды жұмылған жұдырықтың белгілі жақтарымен соққы беруге рұқсат етіледі

Қолдың басы соққыны жеңілдететін жұмсақ беті бар арнайы бокс қолғаптарымен қорғалады (10) .

Қолдың саусақтары бір-бірімен өте әлсіз жүйе бойынша байланысқан майда сүйектерден тұрады. Соққы беру кезінде оған едәуір аурлықтар түседі. Сондықтан оны дұрыс жұдырыққа жұмып тұру маңызда болып табылады.

Жұдырықтың алдыңғы бетімен бармақтан кейінгі және ортаншы саусақтар арқылы соққылар жасаған дұрыс (9-сурет) . Өйткені олардың соққылар кезінде көп соққы күшін көтеруге қабілеті бар.

Саусақтардың жарақаттануы және оларды байланыстырушылардың созылып кетуі боксшылардың тәжірибесінде жиі кездеседі.

Әдетте ондай жарақаттар жаңа бастаған боксшылар арасында жиі кездеседі.

Жұдырықтың қалыпты орналаспауы, оны қажетті деңгейде қысып ұстамау, қарсыластың денесінің қатты тұстарына соққылар беру (иыққа, шынтаққа, иекке, қабырғаға) спортшылардың қол саусақтарының жарақаттауының және еттерін созып алуының негізгі себебі болып табылыды.

Қолдың саусақтарын бинтпен орау

Снаряддар мен лапаларда соққыларды жетілдіруде, жұппен, еркін ұрыста, спорттық жарыстарға қатысу кезінде боксшылар қолдарының саусақтарын бинттеу керек.

Қолдың басын бинттеу алақанның буындарын бір-біріне біріктіріп соққылар жасау кезінде оны жарақат алу мен зақымданудан сақтайды.

Қолды бинтпен орауды спортшының өзі жасағаны дұрыс. Өйткені спортшы қол саусақтарының қаншалықты қысылғандығын сезінуі тиіс.

Қолдың басын қатты қысып орауға болмайды: шамадан тыс қатты қысу қол, саусақ буындарының ауырсынуына әкелуі мүмкін. Ал бинттің бос оралуы жаттығу кезінде оның шешіліп түсіп қалуына әсерін тигізуі мүмкін.

Қолдың саусақтарын алақанды ашып жұмған кезде қыспайтындай және ашып жұмуға ыңғайлы болатындай етіп орау қажет.

Қолды жұмсақ бинтпен орау керек. Бинттің ең ыңғайлы ені 40-50 см, ұзындығы 2, 5 - 4м болуы тиіс. Биннтің бір ұшын үлкен саусаққа ілу үшін қажетті тесік жасаңыз, екінші ұшына алақанға бекіту үшін қажетті резина немесе жапсырылғыш орнатыңыз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бокс - спорт түрі
Жас боксшыны ұрысқа дайындау
Боксшы соққысының маңызы
Спорттың балаларға берері көп
Бокстың әдіс тәсілдері
Спорттық кешендері арқылы жастардың салауатты өмір салтын қалыптастыру
Жас боксшыларды дайындағанда қолданылатын дене жаттығулар жүйесі
Кикбоксинг спортынын теориялық және әдістемелікнегіздері
Бекзат Саттарханов
Бейнебақылау жүйелерінің жіктелуі, қызметтері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz