Оқушыларға адамгершілік-патриотта тәрбие берудегі көпұлтты мектептің қызметін талдау


ДИПЛОМДЫҚ
ЖҰМЫС
М А З М Ұ Н Ы
КІРІСПЕ . . . 3
1 МЕКТЕПТІК ОҚЫТУ ҮДЕРІСІНДЕГІ АДАМГЕРШІЛІК-ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ
1. 1 Әлеуметтендіру - адамгершілік-патриоттық тәрбие берудің ұйтқылық өзегі ретінде . . . 5
1. 2 Білім беру адамгершілік-патриоттық тәрбие құралы . . . 19
2 КӨПҰЛТТЫ МЕКТЕПТЕГІ АДАМГЕРШІЛІК-ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2. 1Көпұлтты мектептегі адамгершілік-патриоттық тәрбие нысандары . . . 29
2. 2 Көпұлтты мектепте ұлтаралық қатынас мәдениетін қалыптастыру ерекшеліктері . . . 42
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 63
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 65
Кіріспе
Әлеуметтік зерттеу объектісі ретінде жастар өзінің әлеуметтік құрылымы жағынан біртекті емес әлеуметтік топ болып табылады.
Сондықтан жастар мәселелерін талдауда жастардың әртүрлі топтарының рөлдерін анықтап, бағалауға айрықша назар аударылады. Осындай топтардың бірі-оқушылар. Оқушы тұлғасының дұрыс қалыптасуы оның тек қоғамдық өмірге араласуын ғана емес бүкіл қоғамның тұтас алғандағы алға дамуын білдіреді. Нақ осы мектептік оқу кезеңінде жасөспірімнің тұлғалық негізі қалыптасып, оның негізгі сапалары: физикалық және психикалық дамуы, адамгершілік келбеті және интелектуалдық потенциялы жетіліп, қалыптаса бастайды. Сондықтан да болар, оқушылардың өсіп-жетілуін бағымдап, олардың арман-тілектері мен талаптарын, мүдделері мен қызығушылықтарын есепке ала отырып, оларға дұрыс тәрбие беру, олардың бойына отансүйгішті, патроиттық сезімдер мен жоғары жоғары адамгершілік қасиеттерді сіңдіру, отандық білім беру жүйесінің негізгі міндеттерінің бірегейі саналады.
Бүгінгі таңда еліміз құқықтық мемлекет, азаматтық қоғам құруға бет бұрды.
Ал, құқықтық мемлекеттің қалыптасуы, ең алдымен заң үстемдігіне, сол мемлекеттегі азаматтардың адамгершілік-патриоттық және құқық нормаларын меңгеріп, аталған нормаларды өздерінің өмірінде, басқалармен қарым-қатынас саласында басшылыққа алып, заң талаптарын шынайы орындағанда ғана мүмкін болады. Бұл үшін азаматтардың моральдық және құқықтық санасын, адамгершілік-патриоттық мәдениетін, құқық пен адамгершілік нормаларына негізделген бір-біріне деген шынайы қатынасын қалыптастырып, дамыту қажет. Мұның бәріне әлеуметтендіру институты ретінде танылатын отбасы мен мектепте қол жеткізуге болады.
Балалардың бойында адамгершілік-патриоттық қасиеттерді:
Яғни, басқаларды сыйлай білу, өзгелердің ар-ожданын құрметтеу, парасаттылық, мәдениеттілік, жағымсыз әдеттерден аулақ болу, әлеуметтік нормаларды, оның ішінде мораль мен құқық нормаларын сақтап, жауапкершілікпен орындау сезіміне тәрбиелеу, патриоттық, отанға деген cүйіспеншілік сезімге баулу бұл отбасы мен мектептің қажетті борышы адамгершілік-патриоттық тұрғыдан әлеуметтендіру үдерісі күрделі жағдайда өтуде. Қоғамдық өмірдің барлық саласында түбірлі өзгерістер жүргізілуде. Айталық, меншікке қатынас, меншікті бөлу, іс-әрекет мотивтері, мүдде мен қызығушылықтар, құндылықтар өзгеруде. Білім беру мен тәрбиелеу саласында да айтарлықтай өзгерістер болып, білімге деген қажеттілік өсуде. Мұның барлығы жас ұрпаққа, оларды әлеуметтендіру критерийлеріне қойылатын талаптарды жоғарылатуда. Нарықтық қатынастардың дамуының позитивті жақтарымен қатар негативті тұстары да бар: әлеуметтік мәселелер шиеленесіп, жағымсыз құбылыстар пайда болуда. Мұндай құбылыстар ең алдымен балалар мен жасөспірімдерге теріс әсерін тигізуде. Жасөспірімдердің білім деңгейінің жұтаңдығы, сондай-ақ олардың санасына мектептік тәрбиелік шаралардың ықпалының төмендігі, оларды әлеуметтендіру үдерісінің жүрдім-бардым жүргізілуі байқалуда. Сондықтан, Елбасы өзінің «Қазақстан-2050» атты стратегиялық бағдарламасында ел экономикасын дамытумен қатар өсіп келе жатқан жас ұрпақты қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуге де айрықша назар аударды. «Өз бойымызда және балаларымыздың бойында жаңа қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуіміз керек. Бұл ең алдымен елге және оның игіліктеріне деген мақтаныш сезімін ұялатады [1. 35б] .
Зерттеудің мақсаты көпұлтты мектепте оқушыларға адамгершілік-патриоттық тәрбие ісі. Мақсатқа байланысты шешілуі міндетті мәселе оқушыларға адамгершілік-патриотта тәрбие берудегі көпұлтты мектептің қызметін талдау.
Зерттеудің обьектісі мен мәні. Зерттеу обьектісі мектеп, пәні мектептің оқушыларға адамгершілік-патриоттық тәрбие берудегі іс-әрекеті.
- МЕКТЕПТІК ОҚЫТУ ҮРДІСІНДЕГІ АДАМГЕРШІЛІК-ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ
1. 1 Әлеуметтендіру - адамгершілік-патриоттық тәрбие берудің ұйытқылық өзегі ретінде
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жолы -2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» тақырыптағы жолдаудан тәуелсіздік жылдардағы жетістіктер - еліміздің ұлттық мақтанышы тұрғысынан, елдігіміз бен бірлігіміз, ерлігіміз бен еңбегіміз сыналған, сыналы жүріп шыңдалған даму үдерісіміздің нәтижесі баса айтылған тарихи құжат. Ұлы бабаларымыз аңсаған егемендік, тәуелсіздік, тұтастық, бірлік, адамзаттық құндылықтар «байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек», - деп «Қазақстан - 2050» - Мәңгілік елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол екенін айқындап беріп отыр [1] . Елбасының партияның ХҮ съезінде де "Қазақстан-2050" стратегиясы және «Нұр Отан» партиясы» атты баяндамасында «Біз алыс болашаққа көз тігіп, алдымызға биік межелер белгіледік. Қандай мақсатқа қай жолмен жететінімізді нақтылап, оны жүзеге асыруға кірістік», - деп атап көрсетуі қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыт-бағдарын 2050 жылы әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру мәселесін алға тарта отырып, көп ұлтты Қазақстан халқы үшiн азаматтық келiсiмге ғана емес, мемлекеттiк материалдық негiзiн нығайтуға да тiкелей ықпалы бар екені, отансүйгiштiк рух - қазақ елiнiң әлемдiк өркениеттi елдер көшiне қосылып, дүниежүзiлiк қауымдастықтан лайықты орын алуына мүмкiндiк беретiн бiрден-бiр күш болып табылатынын атап көрсетеді[2] . Бүгінгі таңда зиялы қауымның алдында, жалпы қоғамның алдында тұрған негізгі міндет ұлттық мәдениет пен әлемдік өркениетті өзара сабақтастыра отырып бүінгі ХХІ ғасыр ағымына лайықты интеллектуалды тұлғаны қалыптастыру[3] . Президент «жаңа қазақстандық патриотизм - біздің көпұлтты және көпконфессиялы қоғамымыз табысының негізі», - деп атап көрсете келе, жеті бағытты нақтылап беріп отыр: бірінші, жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, екінші, барлық этностар азаматтарының тең құқықтылығы, үшінші, қазақ тілі және тілдердің үштұғырлылығы, төртінші, мәдениет, дәстүрлер және даралық, бесінші, ұлттық интеллигенциясының рөлі, алтыншы, ХХІ ғасырдағы Қазақстандағы дін, жетінші, болашақтағы Қазақстанды қалай елестетемін деп бүгінгі ұрпаққа үндеу тастайды. Аталған жолдауда Президент 2050 жылғы қазақстандықтар - үш тілде сөйлейтін білімді, еркін адамдардың қоғамы, әлемнің азаматтары, жаңа білім меңгеруге құштар, еңбексүйгіш, өз елінің патриоттары екеніне толық сенімділігін білдіреді. 2050 жылғы Қазақстан - экономикасы мықты, білім беру саласы да, денсаулық сақтау саласы да үздік, азаматтары еркін және тең құқықты, билігі әділ, бейбітшілік пен тыныштық салтанат құрған жалпыға ортақ еңбек қоғамы қалыптасқан мемлекет екеніне тоқталады. «Бәріміздің де туған жеріміз біреу - ол қасиетті қазақ даласы. Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол - тәуелсіз Қазақстан. Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» етуді мұрат қылдық. Бабалардың ерлігі, бүгінгі буынның ерен істері және жас ұрпақтың жасампаздығы арасында сабақтастық болса ғана, біз «Мәңгілік Ел» боламыз, - деп болашақ қазақ елінің, қазақ мемлекетінің негізін салуға жол сілтейді[4] . Сондықтан да, біздің алдымызда тұрған негізгі міндет - ұлттық мәдениет пен әлемдік өркениетті өзара сабақтастыра отырып бүгінгі ХХI ғасыр ағымына лайықты интеллектуалды тұлға қалыптастыру. ХХI ғасыр ағымына лайықты тұлға - өз ана тілін білетін, басқа тілді құрметтейтін, тарихи зердесі жоғары, ұлттық салт-дәстүрден нәр алған, әлемдік ғылыми-техникалық прогресс көшіне ілесе алатын адам. Аталған жолдауда қарастырылған бағыттар, негізгі идеялар «Интеллектуалды ұлт -2020» ұлттық жобасында қамтылған қағидалармен, инновациялық тұрғыда дамыту, жалпы қоғамды ақпараттандыру, болашақ ұрпақтың ұлттық мәдени құндылықтарын қалыптастыруға негізделген рухани-адамгершілік тәрбие беру стратегиялық бағыттарымен ұштасып, сабақтасып жатыр. «Интеллектуалды ұлт-2020» жобасында елбасының бүкіл халықтың алдына қойған негізгі идеясы экономиканы дамыту, халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру, рухы жоғары білімді тұлғаны қалыптастыру арқылы қоғамды дамытуды көздейді. Бүгінгі қоғамның алдында рухы күшті тұлға, халық, қуатты мемлекетті қалыптастыру мәселесі тұр. Осы тұрғыда тұлғаны қалыптастыруда үздіксіз білім беру жүйесінің, бәсекеге қабілетті зияткер тұлға қалыптастыруда ұстаздың орны ерекше. Бүгінгі егемен еліміздің елдігі мен бірлігі ұстаз тәрбиелеген жас ұрпақтың рухының биіктігінде, біліктілігі мен білімінде екені әлемдегі жаһандану үдерісі көрсетіп отыр. Интеллектуалды тұлғаны, ұлтты қалыптастыру - қоғамдағы ең көкейтесті мәселелердің бірі. Ителлектуалды әлеует - интеллектуалды іс-әрекеттің барлық түрлерін, оның субъектілерін, ғылымды, білімді, жаңашылдықты біріктіретін интегративті ұғым, ең алдымен, қоғамның интеллектуалдық ресурсы болып табылатын үздіксіз білім беру жүйесінде (мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш білім, негізгі орта білім, жалпы орта білім, техникалық және кәсіби білім, арнайы білім, жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім) қалыптасады. Ұлттың интеллектуалды әлеуетін дамыту мен қалыптастыру мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық өркендеуінің және саяси дамуының тиімді факторы болып табылады. Осы тұрғыдан келгенде еуропалық экономикалық және әлеуметтік кеңістікпен тығыз байланыс орнайтыны туралы, мемлекеттің экономикалық жүйедегі бәсекеге қабілеттілігі жөнінде сөз қозғауға болады. Қазіргі таңда Қазақстан саяси тұрақтылық пен жаңа экономикалық даму бағытын ұстанып отырған жағдайда, ұлттық құндылықтардың нығаюына ықпал ететін басты мәселе үздіксіз білім беру жүйесін модернизациялау мен ақпараттандыру, білім беруді жетілдіру, қоғамның рухани құндылығын арттыру маңызды болып табылады. Әлемдік деңгейдегі жаңа технологиялардың дамуы барысында білім беруге деген көзқарас тың арнада қалыптасып отыр. Қазіргі білім беру парадигмасына жаңаша қарау мәселесі негізгі орында. Білім беру жүйесі тек педагогикалық категория емес, бұл адами капиталдың дамуына орасан зор ықпал ететін қоғамдық құбылыс ретінде қарастырылады. Осымен байланысты әлемдік білім стандарттарына мектеп пен жоғары оқу орнын бітіруші түлектердің білім сапасын сәйкестендіру мәселесі қазіргі таңда негізгі орында тұр. Себебі барлық әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің тетігі болып табылатын жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуы осы ортада қаланады. Сондықтан Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін білім беру саласының барлық құрылымын модернизациялау қазіргі қоғамның өркениетті дамуын қамтамасыз ететін басты тетігі болып отыр. Білім алушылардың интеллектуалды тұлғасының қалыптасуын анықтайтын базалық дефинициялар «интеллект», «тұлғаның интеллектуалды әлеуеті», «интеллектуалды тұлға», «интеллектуалды ұлт» туралы ұғым болып табылады. «Интеллект - ақыл, ақыл-парасат, ес, түсінік, таным - ойлау қызметінің жоғарғы типі. Интеллектуалдық - адамның табиғат берген ой, сана, тану, ақыл, парасат секілді қасиет-қабілеттерін оқу, білім алу, тәжірибе жинақтау арқылы жетілдіруі, оны өзін және қоғамды дамыту үшін және жаңа жағдайларға сай бейімдеп қолдана алу қабілеті. Интеллектуалды тұлға - өмірдің кез келген ағымында пікірлесе алатын, жаңашыл-шығармашылық тұрғыда өзіндік білім алуға дайын, интеллектуалды қабілеті дамыған тұлға. Интеллектуалды әлеуетті тұлға - адамгершілік және ұлттық құндылықтарға негізделген жаңа және арнайы мамандандырылған білім көздерін жоғары дәрежеде игеру арқылы пайда болған білім, білік, құзыреттерді өзінің, ұлты мен Отанының мүддесіне жарата алатын дара тұлға. Интеллектуалды ұлт - интеллектуалды тұрғыдан адамгершілік, мәдени қасиеттерді меңгерген өзінің ғылыми, мәдени, білімі мен білігін еркін тарату әлеуетіне ие бәсекеге қабілетті ұлт. Интеллектуалды ұлтты қалыптастыруда біздің міндетіміз интеллектуалды тұлғаны қалыптастыру. Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті Қазақстан Республикасы Президентінің «Интеллектуалды ұлт-2020» мемлекеттік жобасында қамтылған басымды бағыттарды іске асыру мақсатында «Қазақстан Республикасы жоғары мектебі жағдайында ұлттың зияткерлік әлеуетін қалыптастыру» ғылыми мега жобасы дайындады. Жоба аясында Қазақстан Республикасында ұлттың интеллектуалды әлеуетін қалыптастырудың ғылыми-теориялық және практикалық негіздерін анықтай отырып, ұлттың интеллектуалды әлеуетін қалыптастырудың негізгі бағыттары мен шарттарын анықтауды негізгі мақсат етіп қойып отыр. Университет алдында тұрған негізгі мақсат ұлттық құндылықтар мен жалпыадамзаттық құндылықтар жүйесін өзара сабақтастыра отырып, бәсекеге қабілетті тұлға, бәсекеге қабілетті білім ордасын құру. Университет әлемдегі жоғары деңгейдегі рейтинг жүйесі «Кью Эс» нәтижесі бойынша алдынға қатарлы 700 университеттің ішінде 601 орынды иемденсе, «Вебометрикс» рейтинг талаптары бойынша әлемдегі 12006 университет ішінен 5642 орынды иеленуіміз профессор оқытушылар мен студенттер арасындағы шығармашылық жұмыстың негізгі көрсеткіші екенін баса айтқым келеді. Сондықтан да, бүгінгі білім ордасы алдында интеллектуалды тұлға қалыптастыру мәселесіне нақты іс - шаралар атқарылып отыр. Болашақ маманның интеллектуалдық әлеуетін қалыптастыруда біз «Интеллектуалды ұлт-2020» мемлекеттік жобада қамтылған бағыттарды бойынша зерттеу жұмыстарын негізгі мақсат етіп қоя отырып, университет ғалымдары «Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесінде ұлттың интеллектуалды әлеуетін қалыптастыру» тұжырымдамасын дайындады[6] . Тұжырымдама Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесіндегі ұлттың интеллектуалды әлеуетін дамытудың мақсаты мен міндеттерін, ұстанымдары мен іске асыру шарттарын айқындайтын негізгі құжат болып табылады. Тұжырымдамада ұлттың интеллектуалды әлеуетін дамытудың тиімділігін қамтамасыз ететін әлеуметтік-педагогикалық ынтымақтастығын күшейту негізінде ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды дамыту мен қалыптастырудың стратегиялық бағыттары анықталған. Ұлттың интеллектуалды әлеуетін қалыптастыру бәсекеге қабілетті ұлтты қалыптастырудың және қазақстан қоғамының тұрақты дамуына ықпал етуді жетілдірудің басты мүмкіндіктері қамтылады. Ұлттың интеллектуалдығын қалыптастыру мәселесінің теориялық негізін айқындауда халықаралық тәжірибелерде жинақталған іс-әрекеттерді, әсіресе БҰҰ-ның құжаттарында берілген ұстанымдар мен қағидаларды зерделеу арқылы интеллектуалды ұлттың негізгі индикаторлары көрсетілді. Дана Абайдың ұсынған «жанның тамағы» деген философиялық тұжырымы тұлғаның бойында болатын адами, рухани күш жігерінің қалыптасуына бағыттайды. Абайдың «Толық адамы» туралы тұжырымының негізгі қағидасы болған - арлылық, ақыл, рахым, парасат, әділеттілік пен қайрымдылық қасиеттердің инттеллектуалды тұлғаны қалыптастырудың негізгі көзі болып табылады. Тұлғалардың өмірі зиялы қоғамды құруға бағытталған негізгі күш деп бағалауға болады. «Интеллектуалды ұлт - 2020» жобасында қамтылған қағидаларды ұлы Абайдың «Толық адам» идеясымен сабақтастыра отырып «Абайтану» атты оқу құралы оқу - тәрбие үдерісіне енгізілді. «Интеллектуалды ұлт-2020» жобасы тұлғаның, болашақ ұрпақтың ұлттық мәдени құндылықтарын қалыптастыруға негізділген рухани-адамгершілік тәрбие беру басты стратегиялық бағытты қамтып отыр. Жаһандану заманында рухани құндылықтардан материалдық құндылықтардан басым болып тұрған тұсында аталған мәселенің басты стратегиялық бағыт болуы да дау туғызбайды. Яғни, зиялы қоғамды құруда қоғам мүшелерінің бойында рухани құндылығы, ар тазалығы негізгі орын алады. Аталған мәселені шешуде «Ұлттық тәрбие», «Әдептану», «Абайтану», «Отантану», «Дінтану», «Өлкетану», «Арттәрбие», «Акмеология» т. б. пәндер негізгі орын алады. Жоғары оқу орнында студенттерге «Ұлттық тәрбие» пәнінің негізгі мақсаты - студент жастарда ұлттық сананың жоғарғы деңгейін, нәтижелі шығармашылық іс-әрекетке дайындығын, өзінде басқа мәдениеттрді түсіну және құрметтеу сезімі дамыған, әлемде әр түрлі ұлт және сан алуан дінисенімі бар адамдармен өмір сүре білуді енгізетін түйінді құзіретттіліктерді қалыптастыру. Интеллектуалды ұлт болып қалыптасуда халықтың тұрмыс жағдайы негізгі көрсеткіш болып табылады. Ғылыми жобада экономикалық тұрғыда ұлтымыздың тұрмыс жағдайларына сипаттама және зиялы ұлт болудың индикаторлары қарастырылады. Негізгі индикаторлар - тұлғаның жалпы тұрмыс жағдайы, білім алуға және ғылыммен айнылысуға қолжетерлігі, жұмыспен қамтылуы, денсаулығы, еңбек табысы, медицинамен қамтамасыз етілуі, т. б. Біздің алдымызға қойылған негізгі мақсат бәсекеге қабілетті интеллектуалды ұрпақты қалыптастыру. Осы мақсатқа сай тұжырымдамада берілген негізгі қағидаларды іске асыруда келесі оқу жылынан бастап университеттің оқу - тәрбие үдерісіне эксперименттік тұрғыда 2 курс студенттеріне 2 кредит көлемінде «Болашақ маманның интеллектуалды әлеуетін қалыптастыру негіздері» атты пәнді енгізуді көздеп отырмыз[6] . Пәнді оқыту мақсаты - адамзаттың рухани құндылықтарын ұрпақтан-ұрпаққа мирасқорлықпен жеткізе алатын; көптілді және ұлттық өркениеттік мәдениетті менгерген; бәсекеге қабілетті, қоғамның әлеуметтік даму жағдайына бейімделген; халықтың бірлігін, мемлекетің тұтастығы мен дербестігін қорғай алатын; ақпараттық және инновациялық технологияларды еркін қолдана алатын интеллектуалдық әлеуеті жоғары тұлға қалыптастыру. Пәнді оқыту міндеттері: •ұлттың интеллектуалды әлеуетін қалыптастыру - мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін сақтаудың кепілі екенін; •Қазақстан Республикасы Президенті Н. А. Назарбаевтың әр жылғы Жолдауларындағы интеллектуалды ұлтты қалыптастыру идеяларының маңызын; - Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы: мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты жолдауындағы интеллектуалды ұлтты қалыптастырудың алғышарттарын; - «интеллектуалдық тұлға» «интеллектуалды ұлт», «интеллектуалдық әлеует», «болашақ маманның интеллектуалдық әлеуеті», «ұлттың интеллектуалдық әлеуеті» ұғымдарының мәнін; - интеллектуалды ұлтты қалыптастырудағы халықарлық тәжірибелер жиынтығын; - ұлт зиялыларының қалыптасу тарихы мен оның интеллектуалды ұлтты қалыптастырудағы ролін; - ұлттық тіл, ұлттық тарихты, салт-дәстүрді меңгерту арқылы студенттердің ұлттық сана- сезімін, тарихи зердесін қалыптасыру; - болашақ маманның интеллектуалды әлеуетін қалыптастыру барысындағы инновациялық және ақпараттық технологиялардың маңызын; - жоғары мәдениеттілікке, біліктілікке, бәсекеге қабілеттілікке жетелейтін білімнің басым бағыттарын білуі тиіс. Ұсынылып отырған оқу құралының басты ұстанымдары: интеллектуалды ұлт - халықтың интеллектуалды әлеуетінің бейнесі, интеллектуалды дара тұлғаның, ұлттың қалыптасуының негізгі басты бағыт-бағдарын, жолдарын айқындайды, студенттің үздіксіз білім алу мен өздігінен білім алу қажеттілігін жете түсінуіне, интеллектуалды ұлтты қалыптастырудың негізгі индикаторларын, мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін сақтау ұлттың интеллектуалды әлеуетін қалыптастыру екенін менгеруге ықпал етеді. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жолы -2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауы инновациялық индустриялық экономикаға, біртұтас және топтасқан ұлт ретіндегі қазақстандықтардың жаңа өмір сапасына, ХХІ ғасырдағы ырғақты дамушы және жауапты мемлекет ретіндегі Қазақстанның халықаралық беделінің жаңа шыңдарына көтерілуді көздейтін бірегей бағыттарын көрсете отырып, мызғымас бірлік, тынымсыз еңбекпен, жасампаздық пен жаңашылдық, жауапкершілікпен табысқа жететін интеллектуалды тұлға қалыптастыруды көздейді.
Біздің ата-бабаларымыз жастар тәрбиесіне, олардың дұрыс қалыптасуына, азаматтық ұстанымына көп көңіл бөлген. Соның нәтижесінде қазақ жерінде Отанын шексіз сүйіп, елі мен жері үшін жанын құрбан еткен азаматтарымыз көп болған. Сол азаматтарымыздың арқасында қазақ елі мен жері сақталып қалды, мәдениетіміз бен салт-дәстүріміз бізге жетті, еліміз егемендігін алды. Бүгінгі таңда да мемлекет тарапынан жастар мәселесіне көп көңіл бөлу қажеттігі жалпы мемлекеттік саясат басыңқылықтарының біріретінде қарастырылып, маңызды орынға ие болып келеді.
Жастар саясаты мен жасөспірімдерді әлеуметтендіру мәселелерімен айналысу маңыздылығы жастардың қоғам өміріндегі алатын орнымен айқындалып, бүгінгі күннің өмір талабынан туындап отырған қажеттілік болып табылады. Жастар қоғам өміріндегі болып жатқан әлеуметтік- экономикалық мәдени және өзге де өзгерістерге толыққанды қатысқанда ғана оң нәтижелерге қол жеткізуге болады. Жастар мәселелеріне көңіл бөлмеген мемлекеттің келешегі жоқ. Өмірге деген көзқарасы толық қалыптасып үлгермеген жасөспірім кез-келген дағдарыс, немесе қоғамның өтпелі кезеңі тұсында ішкі күйзеліс, саяси енжарлыққа, нигилизмге бейім келіп, бұның салдары ұлттың рухани байлығының азып-тозуына жол ашады.
Жастарды әлеуметтендіру мәселелері туралы айтпақ бұрын, «жастарды әлеуметтендіру» деген сөз тіркесінің ұғымын анықтап алу қажет. Жастар сөзінің мағынасына ғылыми тұрғыдан берілген түсінікке жүгінсек, жастар дегеніміз аға буын өмірі мен келешектегі өзгерістерге бейімделу мен қоғамдық кәмелеттік қалыптасу кезеңін басынан кешіріп отырған қоғамдық-демографиялық топ болып саналады. Жастардың жас мөлшері шекарасы ауытқымалы болып, ол қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму, мәдени және өмір сүру жағдайларына байланысты болады. Төменгі жас шекарасы адам еңбек ету қабілеттілігіне қол жеткізген 14 жастан басталса, жоғары шекара экономикалық, кәсіптік және жеке бас тұрақтылығына қол жеткізген түспен айқындалады.
Социологиялық әдебиеттерде «Әлеуметтендіру» ұғымы кең мағынада индивидтің әлеуметтік мәнінің қалыптасуы мен дамуы ретінде қарастырылады. Адамның мәні, мазмұны қоғаммен бірге өзгеріп, дамып отырады, әлеуметтік ортаның өзгерісіне бейімделе отырып адамдар да өзгереді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz