Қазақстан Республикасының конституциялық қағидаттары



1 Қазақстан халқының идеалы
2 Қазақстан халқының қоғамдық және мемлекеттік мұраттары
Еліміз егемендік алған соңғы он бес жыл ішінде Қазақстан үш Конституция негізінде дамыды. Ең алғашқы Конституция — 1978 жылғы 20 сәуірде қабылданған Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Конституциясы еді. Ол 1993 жылға дейін көптеген өзгерістер мен толықтырулар енгізілу арқылы іске асты. Тәуелсіз Қазақстан жағдайында тұңғыш рет дайындалып, 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданған Конституция бар жоғы 2 жыл 7 ай өмір сүріп, еліміздің қазіргі Конституциясына жол берді.
Қабылданғанына 10 жыл толып отырған қолданыстағы Конституцияның басты мақсаттары мен міндеттері онда бекітілген конституциялық-құқықтық мұраттар мен құндылықтарда және қағидаттарда жария етілген.
Конституциялық-құқықтық мұраттар, құндылықтар және қағидаттар Конституция мәтінінің негізін қалайды. Олар Конституцияның мәтіндік құрылымының логиқалық жүйесін анықтап, оның ережелерінің астарын құрайды. Сонымен қатар Конституцияның іске асырылуының бағыт-бағдарын белгілеп, оның қоғамдық қатынастарды реттеудегі мүмкіндігін межелеуге және пәрменділігі мен тиімділігін бағалауға жағдай жасайды.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Еліміз егемендік алған соңғы он бес жыл ішінде Қазақстан үш Конституция негізінде дамыды. Ең алғашқы Конституция — 1978 жылғы 20 сәуірде қабылданған Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Конституциясы еді. Ол 1993 жылға дейін көптеген өзгерістер мен толықтырулар енгізілу арқылы іске асты. Тәуелсіз Қазақстан жағдайында тұңғыш рет дайындалып, 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданған Конституция бар жоғы 2 жыл 7 ай өмір сүріп, еліміздің қазіргі Конституциясына жол берді.
Қабылданғанына 10 жыл толып отырған қолданыстағы Конституцияның басты мақсаттары мен міндеттері онда бекітілген конституциялық-құқықтық мұраттар мен құндылықтарда және қағидаттарда жария етілген.
Конституциялық-құқықтық мұраттар, құндылықтар және қағидаттар Конституция мәтінінің негізін қалайды. Олар Конституцияның мәтіндік құрылымының логиқалық жүйесін анықтап, оның ережелерінің астарын құрайды. Сонымен қатар Конституцияның іске асырылуының бағыт-бағдарын белгілеп, оның қоғамдық қатынастарды реттеудегі мүмкіндігін межелеуге және пәрменділігі мен тиімділігін бағалауға жағдай жасайды.
Демек, конституциялық-құқықтық мұраттар, құндылықтар мен қағидаттар Конституцияның ғана негізін қалап қоймай, сол арқылы еліміздің құқықтық нормативтік жүйесінің, бүкіл заңнамалық кешенінің негізін құрайды.
Мұрат дегеніміз -алға жетелейтін, болашақтан қол бұлғап шақыратын, өзің жәйлі өзің аңсаған, өзім сондай болсам деп армандаған мақсат. Сондай болсам деп ұмтылатын, "болмасаң да ұқсап бағуға жетелейтін", бойыңдағы бар мүмкіндікті өзіңдей болуға жұмсап, қолдануға итермелейтін, ой-санаңда берік орын алған, болашақта жетсем деген өз бейнең, өз тұлғаң, өз болмысың.
Демек, идеал рухани бейне, болашақ қол жетер деп ұмтылатын қиял
аралас саналық, сана-сезімдік тұлға.
Идеалдың басты белгілері, біріншіден, оның образдылығы, бейнелілігі. екіншіден, әркез өзіне үздіксіз ұмтылдырып отыратын рухани тартымдылығы; үшіншіден, идеалы бар субъектінің сол идеалға жетсем деген пейілінің және талабының ақиқаттығы, кіршіксіз тазалығы және соған жету үшін жұмсалар іс-әрекетінің бұлтартпас бірбеткейлілігі, жойқын тегеурінділігі және кешенді жүйелілігі мен үздіксіздігі.
Осы тұрғыдан алғанда Қазақстан халқының идеалы:
1) еркін халық болу, 2) өзгелермен терезесі тең жүрт болу және 3) өз ішінде бірлік пен ынтымақ орнататын біртұтас, іштей тату халық болу, сонымен бірге өзге халықтармен де аразы жоқ болып, олармен де тату халық болу.
Бір қызығы, Қазақстан халқы өзін "бейбітшіл азаматтық қоғам деп" ұғынады. Яғни, бейбітшіл азаматтық қоғам деңгейін идеал ретінде қабылдамай, оған қол жеткізгендігін жария қылғандай болады. Қазақстан халқының бұл батыл да тура түйіні оның саналы түрдегі өмірлік тандауы ғана емес, бүгінгі күннің шуақты шыңдығы екенін арнайы атап өткен жөн.
Еркіндік, теңдік, татулық-Қазақстан халқының бүкілхалықтық, бүкілқоғамдық идеалдары.
Ал Қазақстан халқы қандай мемлекет болуды аңсайды, қандай мемлекет құруды армандайды немесе Қазақстан халқының мемлекет ретіндегі идеалы не десек, онда біз республика Қонституциясының 1-басына назар аударуымыз керек. Онда былай деп жазылған: "Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады". Демек, Қазақстан халқының мемлекет ретіндегі идеалы-демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет.
Осы жерде мен Қазақстан халқының демократия туралы көзқарасы қандай және қалай дамуда деген мәселеге аз-кем тоқталсам деймін. Себебі, демократиялық мемлекет қандай болу керек деген сұраққа нақты әрі түбегейлі жауап жоқ. Мұндай мемлекеттің бүкіл әлем қабылдаған стандарттары да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ал Батыс мемлекеттерінің демократия туралы көзқарастары Шығыс елдеріне сай келе бермейтіндігі қазір бәрімізге түсінікті бола бастады. Айталық, егер Ирак мемлекетін Батыстың демократия туралы түсінігі негізінде қайта құруға тырыссақ, онда бұл мемлекеттің азаматтық соғыс тығырығынан шығуы мүмкін емес. Себебі, елдегі шеиттердің саны сунниттерден көп, ал егер демократия талабына сүйеніп, шеиттер билік басына келсе, онда қарсы жақтың мұндай қағидатпен келісе қоймасы өзінен-өзі белгілі.
Демократия — мемлекеттану ғылымы тұрғысынан алғанда, өз алдына бөлек, жеке дара мәні бар, өзімен-өзі тұйықталған дербес құндылық емес. Ол мемлекеттік билікті іске асырудың бір жолы ғана, мемлекетті қалыптастырып тұрақтандырудың және оңы көркейтіп нығайтудың бір әдісі ғана. Әрине, бұл әдістің әлемде кең тарағандығы және жан-жақты дамығандығы — өмір шындығы. Дегенмен, демократия мемлекеттіліктің тарихи қалыптасқан діңгектерінің бірі әрі мемлекеттік билікті жүзеге асырудың өміршең нысандарының түрі ретінде тек мемлекет бар жерде ғана орын ала алатындығы, сондықтан ол тек нақты мемлекеттің тұрақтылығы мен өміршендігін, оның жалпы болмысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесі шеңберінде ғана өмір сүре алатындығын естен шығармағанымыз абзал.
Демократия қағидаты мемлекеттік өмірдің пәрменді құралына айналуы үшін көптеген объективті жағдайлар және шарттар қалыптасуы қажет. Сондай қажетті шарттардың бірі — осы мемлекеттегі жеке тұлғаның қатардағы қоғам мүшесі деңгейінен мемлекеттің саналы әрі белсеңді азаматы дережесіне көтерілуі. "Азаматтық сананың", "азаматтық өмір сүру үрдісінің" қалыптасып, іске асуы — демократиялық қағиданың мемлекет өмірінде толыққанды іске асуының негізгі шарттарының бірі.
Азаматтық сана, азаматтық жауапкершілік қоғамдық сананың басты әрі негізгі құрамдас бөлігіне айналған кезде ғана демократия қағидаттарының мемлекеттік құрылыстың жасампаз жалауына айналғандығы туралы айтуға болады. Себебі, азаматтық сана "әсіре белсенділіктен", "тыз етпе қызбалықтан" аулақ, жан-жақты біліммен сусындаған байыпты ақыл мен салмақты сабырға, тарихи жады мен жетелілікке, болашақты межелей білетін көрегенділікке ден қоятын әрі жеке жауапкершілік пен қоғам алдындағы жауапкершілікті ұштастырып, өткен мен бүгінгіні келешек буын алдындағы парызбен жалғай білетін кешенді құбылыс. Мұндай азаматтық сананың қоғамдық сана жүйесінде жетекші орынға ие болуы — мемлекеттің тез аяққа тұрып қалыптасып, жедел буынын қатайтып, дәйекті тұрақтылық пен пәрменді қуаттылыққа қол жеткізуінің басты шарттарының бірі.
Кейінгі кездері демократияны желеу етіп, елге үндеу салып, халықты жөн-жосықсыз үгіттеп, айқайлап, "жау шаптылап" билік таласына тарту көптеп көрініс беруде. Бұл елді дүрліктірудің, "жар астынан жау іздеудің" бір түрі, билікке ұмтылған жанның сол билікке жету үшін жасалған айла-шарғысы, өзіне "әскер жинаудың", Абай айтпақшы, "партия жинаудың" бір түрі.
Өнер жарысы, еңбек жарысы, ой жарысы — құптарлық іс. Ал билік жарысына шақыру, билікке таласқа жұртты үгіттеп шакыру және тарту — бұл дәстүрлі құқықтық сана тұрғысынан алғанда үлкен әбестік. Батысқа еліктеудің бір түрі болып белең алып бара жатқан бұл құбылысты қоғамдық пікір тарапынан тойтарыс беріп, шектеу өте қажет-ақ. Билікке талас — тек Конституция негізінде әрі заң шеңберінде өркениетті деңгейде іске асуы тиіс екендігі ел құлағына сіңе бергені жөн.
Әрине, азаматтық сана дегеніміз жеке бастың мүддесінен мемлекет мүддесін, айыра білу және сол екеуін ұштастыра білу деген сөз, ал егер қажеттілік туып жатса мемлекет мүддесін көре әрі тани отырып жеке қара бас мүддесін соған жендіре білу деген сөз. Туындаған жағдайдың не мәселенің мемлекеттік қырын не мәнін айнытпай таба біліп, оның оң шешілуіне өз үлесінді қосу — азаматтық сананың көрнекті көрінісі болар еді.
"Жеті жарғы" заңында ел басына күні туған кезде халық жиналысына қару-жарақсыз келгендер жиынға жіберілмесін деген жарлық болған. Демек, ол кезде ел азаматы болу деген сөз — өркез елінді жаудан қорғай алатындай жағдайда болу, бес қаруың бойында болып, халық жиналысының лайықты мүшесі бола білу деген сөз еді.
Доскер Саурықұлының "Есенгелді" поэмасында Әбілмәмбет ханның қазақ қосынына берген жарлығы деп айтылатын мынандай сөздер бар:
Ер болмас ережеге кірмегендер,
Қазақтың қатарында жүрмегендер.
Түбінде берекені сол бұзады,
Топқа кеп, елдің ісін білмегендер.
Әбілмәмбеттің бұл жарлығы да біздің жоғарыда айтылған қазақ халқының азаматтық парызға байланысты көзқарасы туралы ойымызды қуаттайды.
Егер азамат жайлы қазақ халқының дәстүрлі ой-пікірін бүгінгі күнмен ұштастырсақ, онда республика азаматының "бес қаруы", азаматтық "алдаспаны" — оның мемлекет мүддесін түсіне және қорғай білетін жетелі жігерлілігінде және жауапкершілікке толы белсенділігінде дер едім. Азаматтық сананы қалыптастырудың тағы бір жолы — қазақы ұлттық сананы мемлекеттік сана деңгейіне көтеру. Себебі, қазақ ұлтының Қазақстан мемлекетін әлемдік деңгейдегі дамыған, өркениетті мемлекеттер дәрежесіне көтеру жолындағы тарих алдында, Қазақстан халқын құрайтын өзге ұлт өкілдері алдында жауапкершілігі өте жоғары.
Ел Конституциясына жүгінсек, Қазақстан Республикасы — "байырғы қазақ жерінде құрылған мемлекеттілік" (преамбула), ал Қазақстан мемлекетінің мемлекеттік тілі — қазақ тілі (7-бап, 1-тармақ). Егер Қазақстан халқын "...Республиканың барлық ұлттарының азаматтары құрайтынын..." ("Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы" Конституциялық заң, 6-бап) ескерсек және қазақ азаматтары Қазақстан халқының жартысынан көбі екендігін еске алсақ, онда қазақ ұлтының еліміздің мемлекеттік егемендігі мен тәуелсіздігін нығайта беру жолындағы жауапкершілігі одан сайын еселене түседі.
Көріп отырғанымыздай, ел Конституциясы егемен мемлекет құру жолында қазақ ұлтының тарихы, жері, тілі ең басты объективті алғышарттар және факторлар болғандығын, болып отырғандығын және бола беретіндігін ресми түрде мойындап қана қоймай, олардың осы ресми статустарын одан әрі бекіте және дамыта түсу керек екендігін де паш етіп отыр.
Сондықтан Конституция Қазақстан мемлекетін халықтық мемлекет ретінде жариялай отырып, қазақ ұлты азаматтарының осы мемлекеттің ұлттық болмысы мен бітімін толық және жан-жақты ашып әрі жарқырата дамытуына барлық мүмкіндіктер жасағанын ашық айтуымыз керек. Осы мүмкіндіктерді пайдаланып, іске асыра білу енді ұлт азаматтарының өз қолында.
Әрине, айналып өтуге болмайтын мәселенің бірі — қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде мемлекеттік өміріміздің шындығына айналуы. Бұл істің түбегейлі шешілуі отбасы, балабақша және мектеп пен жоғары оку мекемелері қабырғасындағы қазақ тіліндегі тәрбие мен білім беру жүйесіне және тек мемлекеттік тілді жете игерген адам ғана мемлекеттік қызметке алынуы тиіс деген қарапайым талаптың асуына барып тірелетіндігі — көпшілікке айдай айқын болып отыр. Осы жерде мен тілге байланысты тағы бір маңызды елеге назар аударсам деймін. Ол — қазақ алфавитін латын әрпіне жедел көшіру туралы ұсыныстың орынсыздығы. Қытай, Жапон мемлекеттері өз иероглифтерін, арабтар өз таңбаларын тастап, латын '"алфавитіне көшу туралы ешқашан мәселе көтерген емес. Себебі, онда олардың мың жылдық мәдениеттерінің жойылу қаупі туар еді. Оның үстіне, бұл мемлекеттерде латын алфавиті қосымша, жанама алфавит ретінде пайдаланылады. Біз де латын әрпін '"екші алфавит ретінде қолдануға тиіспіз. Себебі, латын әрпін үйрену аса қиындық тудырмайды және арнайы оқып-үйренуді талап ете бермейді. Сондықтан өз әрпімізді сақтай отырып, латын әрпін қосымша үйрену — біз үшін ұтымды әрі тиімді жол. Қазақстан халқының қоғамдық және мемлекеттік мұраттары арасындағы ерекшеліктің бірі — егер қоғамдық мұраттар жалпы идея түрінде көрініс тапса, мемлекеттік мұраттар осы идеалдардың ресмиленген, институттанған деңгейі әрі келбеті іспеттес.
Әрине, Қазақстан халқының қоғамдық мұраттары мен оның мемлекет туралы идеалдары арасында тығыз байланыс бар екендігі айтпаса да түсінікті, олар көзге ұрып тұр. Қазақстан халқының қоғамдық және мемлекеттік идеалдары бірінен бірі туындап, біріне бірі ауысып, алмасып, бірін -бірі жалғастырып, толықтырып әрі өз ара астасып жатыр.
Десек те, Қазақстан халқы өзінің бүкілхалықтық және жалпықоғамдық мұраттарын іске асыру үшін өзі құрып отырған мемлекеттің ішкі әлеуеті мен мүмкіндіктерін сарқа әрі тиімді пайдалаланып, сөйтіп мемлекетті өз идеалдарына алып барар әрі тез жеткізер құрал есебінде қолдануға тырысатындығы да жасырын. Оның үстіне Қазақстан Республикасы Қазақстан халқының мемлекеттік нысаны ретінде осы халықтың жоғарыда көрсетілген қоғамдық және мемлекеттік мұраттарын қарсы келмей, керісінше, осы идеалдар ясыңда, бағытында және деңгейінде дамуы әрі қызмет істеуі тиіс екендігі де беті ашық даусыз мәселе.
Еліміздің Конституциясы Қазақстан Республикасының ең жоғарғы құндылықтары деп адам, оның өмірі, құқықтары бекітіледі. Осы құндылықтар
тікелеи Қазақстан халқы немесе Қазақстан қоғамы атынан емес, Қазақстан мемлекеті атынан жария етіледі. Конституцияның 1-бабының бірінші тармағында былай делінген: "Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы — адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.
Бұл жерде арнайы назар аударуды талап ететін жәйт — біздің Конституцияның адамды ен жоғары әрі ең басты құндылық деп есептеуінде. Себебі, біз соңғы кездері адам құқығы және бостандықтары деп жар салып жүріп, адамның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының конституция лық құқығы туралы түсінік және оның мәні
Еңбек құқығы қағндаттарының ұғымы және оны топтастыру
Еңбек құқығы қағидаттарының ұғымы және оны топтастыру
Әділет органдары
Сот жүйесіндегі судьяның тәуелсіздігі және оның маңызы
Мемлекеттік басқару экологиялық мемлекеттік-құқықтық механизм ретінде
Конституциядан қылмыстық құқық
Құқық қорғау органдарының жалпы сипаттамасы
Қылмыстық процесс принциптері
Құқық. ҚР конституциялық құқығы
Пәндер