Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі бенилюкс елдерінің жағдайы



Кіріспе ... ... ... ... .. 3

І Тарау ІІ дүниежүзілік соғыстан кейінгі Бенилюкс елдері және КСРО
1.1 Соғыстан кейінгі Бенилюкс елдерінің экономикалық және саяси жағдайы ... ... 10
1.2 70 жылдардын бірінші жартысындағы Белгиядағы саяси тұрақсыздықтың күшеюі ... 24
1.3 Нидерландыда капитализмнің жалпы кризисының терендуі және Люксембурте «Вернер жоспарының» тарихы маңызы
Шағын территориялық жағдайына қарамастан, Еуропадағы ықпалы зор мемлекеттер қатарында Бенилюкс елдері тұр.АҚШ пен Батыс елдері «батысеуропалық ынтымақтастық үлгісіне»[1] теңеген Бенилюкс елдері Батыс Еуропадағы алдыңғы қатардағы елдердің қатарында тұр. Бенилюкс елдері одағы – Батыс Еуропадағы құрылған Бельгия, Нидерланды және Люксембург елдерінің арасындағы кедендік – экономикалық одағы. Бенилюкс елдері одағын құру туралы келісімге 1958 жылы Гаага қаласында қол қойылып, ол 1960 жылы күшіне енді. Одақтың негізгі мақсаты – жұмыс күшінің, капиталдың, тауарлар мен қызмет көрсетудің еркін орын ауыстыруын қамтамасыз етіп, басқа елдерге қатысты ортақ сауда және экономикалық саясат жүргізу болып табылады. Негізгі басқарушы органдарына министрлер кабинеті, жалпы және арнаулы кабинеттер, Бас хатшылық, экономикалық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі Кеңес жатады.
1. «Новейшая история. 1939 - 1975» Моска, Высшая школа под. Ред. Проф. 1977. В.В. Александрова.
2. «Всемирная история. Даты и события»Моксва 1968 г. «Международные отношения» под. Ред. В.П. Васина.
3. «Новейшая история стран Европы и Америки» 1945 – 1986 гг. Москва – 1988. под. Ред. Александров «Высшая школа»
4. «Бельгийская социалистическая партия: идеология и политика» Н. А. Неймарк. Моква. «Наука» 1976 г.
5. Вальков В.А. «Экономика и политика Голандии после второй мировой войны» Москва 1961 г.
6. Аксенова Л.А. «Бельгия» Москва 1982 г.
7. Панков Н.Ю. «Рабочее движение в Бельгии» 1945 – 1965 г.Москва 1966 г.
8. «Армии стран НАТО» под. ред. А.М. Шевченко. Моква 1974 г. «Военное издательство Министерство Обороны СССР»
9. «Внешняя политика Республики Казахстан» Г.Б.Хан, Л.С. Суворов, Г.Б. Рахманов. Алматы – 2001г.
10. «Новейшая история стран Европы и Америки» часть – 3. под.ред. А.М. Родригеса и М.В. Пономарева. Моква 2001 «Владос».
11. «Международные отношения после второй мировой войны». Том – 2 под.ред. А.А. Лаврищева и Д.Г. Томашевского, Москва 1963 г.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І Тарау ІІ дүниежүзілік соғыстан кейінгі Бенилюкс елдері және КСРО
1. Соғыстан кейінгі Бенилюкс елдерінің экономикалық және саяси
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 10
2. 70 жылдардын бірінші жартысындағы Белгиядағы саяси тұрақсыздықтың
күшеюі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... .24
3. Нидерландыда капитализмнің жалпы кризисының терендуі және Люксембурте
Вернер жоспарының тарихы маңызы ... ... ... ... ... ... 28

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Шағын территориялық жағдайына қарамастан,
Еуропадағы ықпалы зор мемлекеттер қатарында Бенилюкс елдері тұр.АҚШ пен
Батыс елдері батысеуропалық ынтымақтастық үлгісіне[1] теңеген Бенилюкс
елдері Батыс Еуропадағы алдыңғы қатардағы елдердің қатарында тұр. Бенилюкс
елдері одағы – Батыс Еуропадағы құрылған Бельгия, Нидерланды және
Люксембург елдерінің арасындағы кедендік – экономикалық одағы. Бенилюкс
елдері одағын құру туралы келісімге 1958 жылы Гаага қаласында қол қойылып,
ол 1960 жылы күшіне енді. Одақтың негізгі мақсаты – жұмыс күшінің,
капиталдың, тауарлар мен қызмет көрсетудің еркін орын ауыстыруын қамтамасыз
етіп, басқа елдерге қатысты ортақ сауда және экономикалық саясат жүргізу
болып табылады. Негізгі басқарушы органдарына министрлер кабинеті, жалпы
және арнаулы кабинеттер, Бас хатшылық, экономикалық және әлеуметтік
мәселелер жөніндегі Кеңес жатады.
Бенилюкс елдері одағы ГДР, Италия, Португалия, Франция
мемлекеттерімен бірігіп, 1985 жылы ортақ шекаралардағы бақылауды біртіндеп
жоюды қарастырған Шенген келісіміне қол қойды.
Бенилюкс елдері НАТО-ға қатысушы елдердің бірі болып табылады.
1949 жылы Бенилюкс елдері Солтүстік Атлантикалық келісім ұйыиына (НАТО)
кірді. Осы мақсатпен осы елдердің конституциясынан бейтараптық туралы бап
алынып тасталды. Бельгия, Нидерланды территориясында Солтүстік атлантикалық
блоктың орталық органдары, ядролық қару қоймалары, Натолық әскерді
қамтамасыз ету базалары орналасқан. Ал Люксембург және әскери әуе күшін
иемденбейді. Елдің территориясында НАТО-ның әскери-әуе күштерінің базасы
орналасқан.
Бенилюкс елдері – Батыс Еуропадағы мемелекеттер қатарына жатады.
Бенилюкс елдері – Конституциялық монархиялы мемелекеттер.
Бельгия корольдігінің жері – 30,5 мың шаршы км, халқы – 10,5
млн.астанасы – Брюссель, ірі қалалары – Антверпен, Гент, Шерлеруа, Льеж.
Әкімшілік жағынан 10 провинцияға бөлінеді. Ресми тілдері Француз,
Нидерланды (фламонд) және неміс тілдері. Халқының 70%-ы христиан-
католиктер. Ислам дінін 200 мың адамдай ұстанады.
Қазіргі конституциясы 1831 жылы қабылданып, оған бірнеше рет
өзгерістер енгізілді. Мемлекет басшысы – король. Заң шығару билігін король
мен парламент жүргізеді. Парламент өкілдер палатасынан (150 депутат) және
Сенаттан (71 мүше) тұрады. Атқарушы билікті парламент алдында есеп беретін
үкімет жүзеге асырады.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін 1947-1949 жылдары Спаак
үкіметі Бельгияны Маршалл жоспарына қосқаннан кейін, ел экономикасына
шетел капиталы (негізінен АҚШ) тартылды. 1970 жылы басталған конституциялық
реформа 1989 жылы 1 қаңтарда елді ресми түрде федеративтік мемлекет болып
құрылуға алып келді. Бельгия – БҰҰ-ға, НАТО-ға, ЕО-ға, Бенилюкс елдері
Одағына, т.б. халықаралық ұйымдарға мүше. Бельгия мен Қазақстан арасындағы
дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылдан орнай бастады. Бельгия Батыс Еуропа
елдерінің мемелекетаралық саяси, әскери және экономикалық одақтарының
Орталығы болып табылады. Брюссельде НАТО-ның ЕО-ның, Бенилюкс Елдері
Одағының штаб пәтерлері орналасқан. Бельгия - әлемдегі өнеркәсібі жоғары
дамыған елдердің бірі. ҚР-ның Президенті Н.Назарбаев Жолдауында атап
көрсеткендей Бельгияда шағын бизнес елдің экономикасының 90 %-ын құрайды[1]
Нидерланды Корольдігін солтүстігінен және батысынан Солтүстік
теңіз қоршайды. Теңіз жағалауымен есептегенде шекарасы 1 мың км шамасында.
Халқы – 16 млн., астанасы – Амстердам қаласы, парламенті мен үкіметі Гаага
қаласында орналасқан. Әкімшілік жағынан провинцияларға, олар қауымдарға
бөлінеді. Қазіргі конституциясы 1887 жылы қабылданған. Мемелекет басшысы –
король. Ол министрлер мен соттарды тағайындауға, парламентті таратуға
құқылы және қарулы күштердің жоғарғы бас қолбасшысы. Заң шығарушы орган
король мен парламент – екі палаталы бас штат. Ірі қалалары: амстердам,
Роттердам, Гаага, Утрехт, Харлем
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін 1940-1950 жылдарда
Нидерландыдың коалициялық үкіметін негізінен социалистер басқарды. 1946
жылы СДЖП негізінде Еңбек партиясы құрылды. 1946-58 жылдары Нидерланды
бейтараптық саясаттан бас тартып, капиталистік державалардың экономикалық,
әскери және әскери – саяси топтарына кірді. Нидерланды – НАТО-ға, Батыс
Еуропа Одағына, Ортақ рынокқа, Бенилюкс елдері одағына, т.б. халықаралық
ұйымдарға мүше болды.
Нидерланды 1962 жылы 15 тамызда Батыс Ирианды Индонезияға
қайтарып беру туралы келісімге қол қоюға мәжбүр болды.
ЕО-ның бірыңғай Конституциясынан Нидерланды азаматтары бас
тартты. Сайлаушылардың 61,7 %-ы құжатқа жоқ деп жауап берді, тек 38,3 %-ы
ғана оны қолдады. Бір қызықтысы бұл соңғы 200 жыл ішінде Нидерландыда
алғашқы референдум болды. [3] Голландықтар ЕО-ның қарқынды кеңеюіне,
экономикалық көрсеткіштердің нашарлауына разы емес. Голландықтардың
пікірінше, бұл бірыңғай валютаның енгізілуіне байланысты. Елдің тұрғындары
Еуропада құрылған Супермемлекет [4] либералды голланд саясатына
араласады деп қауіптенеді.
Опозициялық социалистік партиядан шыққан депутат Харри ван
Боммелдің пікірінше, евроконституцияның қабылдануы кіші елдердің ұстанымына
кері әсерін тигізеді. [5] Нидерландының ЕО-ның қабылдаған шешімдеріне
ықпал ету мүмкіндігі қысқарады. Ван Боммел голландиялық социалистердің
сөзсіз әскери шығындарды өсіретін европалық әскерді құруға қарсы шығатынын
айтты.
Люксембург Ұлы Герцогтігі Фрациямен, Бельгиямен, ГФР – мен
шектеседі.
Жері – 2586 шаршы км., халқы – 500 мың, астанасы – Люксембург
қаласы. Әкімшілік жағынан округтерге, олар – кантондарға, кантондар –
коммуналарға бөлінеді. Қазіргі конституциясы 1868 жылы 17 қазанда күшіне
енді. Мемлекет басшысы – ұлы герцог. Конституцияға сәйкес ол атқарушы
үкімет билігін бір өзі жүзеге асырады, үкімет құру тәртібін белгілейді,
заңдарды бекітеді. Бірақ нақты билік ұлы герцог тағайындайтын, құрамында
төраға және министрлер бар үкімет қолында. Заң шығарушы жоғары орган – бір
палаталы парламент (депутаттар палатасы) болып табылады.
1945 жылы ақпанда Люксембург неміс-фашистік басқыншыларынан
азат етілді, 1945 жылы күзде парламент сайлауы өткізіліп, үкімет құрамына
коммунистер де кірді. Люксембург соғыстан кейін негізінен АҚШ-тың ықпалымен
және тікелей қатысуымен Батыс Еуропа елдері құрған топтарға қосылды.
Бенилюксқа мүше болып, 1848 жылы Брюссель рактысына қол қойды. 1949 жылы
НАТО-ға кірді, Батыс Еуропа Одағына кірді. Люксембург аса маңызды
халықаралық мемлекеттік- монополистік бірлестіктерге, Еуропа көмір және
болат бірлестігіне (1957 жылы), Еуропалық экономикалық ортақ қоғамға (1957
жылы), Евратомға (1957) қатысты, ЕО-ға мүше болды.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Диплом жұмысын жазу барысында
Бенилюкс елдеріне арнайы әдебиеттер аз жазылғаны байқалды. Алайда, тарихи
оқулық және баспасөз беттерінен көптеп кездестіруге болады.
Бенилюкс елдерінің соғыстан кейінгі тарихын зерттеумен
айналысқан және соғыстан кейінгі Бенилюкс елдерінің жалпы экономикалық,
әлеуметтік, саяси жағдайы туралы қалам тартқан ғалымдар да бар. Олар: Ю.
Н. Панков, М.А. Неймарк, Л.А.Аксенова, А.М.Родригес, М.В Пономорев,
В.В.Александров, В.А. Вальков, т.б.
М.В. Пономаревтің Новейшая история стран Европы и Америки
еңбегінде Бенилюкс елдеріне мынадай сипаттама беріп өткен: соғыстан
кейінгі Европадағы кіші елдердің [6] дамуы әртүрлі деңгейде жүрді.
Фашистік Германияның басқыншылық әрекетінен соң бұл елдердің жағдайы
нашарлай түсті. Бельгия фашистік соққыны ең аз көргендіктен, ол соғыстан
кейін өз-өзіне тез келіп алды. Нидерланды керісінше, көптеген қиыншылықты
басынан өткізіп, бірқатар отар елдерінен айрылып қалды. Люксембург
Европадағы металл өндіруден алғашқы 10 елдің ішіне кіріп отырған елдің бірі
болып табылғандықтан, елдің жағдайы күрт төмен түспеді. [7]
М.А. Неймарктің Бельгийская социалистическая партия:
идеология и политика еңбегінде Бельгияның ішкі саяси өмірі, партияның
қызметі, идеологиясы мен саясаты сипатталған 50-жылдары елдің саяси
өмірінде үш негізгі партия қимылын жалғастырды: БСП, СХП, ЛП. 50-жылдары
коалициялық үкімет осы партия негізінде құрылды. Ұлы ереуіл [8] жоғарғы
шыңына жеткен уақытта үкіметке көмекке БСП-ның оңшыл лидерлері келді. Олар
ББЕФ өкілдерімен бірге үкіметпен келіссөздерге келді.[9]
В.В. Александровтың Новейшая история Европы и Америки атты
кітабында Бенилюкс елдерінің ішкі саясатындағы түрлі факторларды
қарастырған. 1945-1949 жылдары олардың жағдайына АҚШ пен Англия әсер етті.
Бұл елдер Бенилюкс елдерін батысевропа ынтымақтастығының үлгісі деп
қарады. [10]
Негізінен Бенилюкс елдерінің сыртқы саясатындағы тәуелділік
шетел капиталынан көрінді.
В.А. Вальковтың Экономика иполитика Голландий после второ
мировой войны еңбегінде Нидерландының экономикасының даму тенденциясын,
халықаралық ұйымдардағы жағдайын көрсеткен 50-жылдардың ортасынан
Нидерланды Батысевропа интеграция жүйесіне тартылды. Ол еуропалық көмір
және болат бірлестігіне, Ортақ рынокқа және басқа да капиталистік елдер
бірлестігіне кірді. 1960 жылы өнеркәсіп өндірісінің соғысқа дейінгі
көрсеткіші 2 есеге дейін жетті. [11]
А.А. Лаврищевтің Международное отношение после второй мировой
войны еңбегінде Бенилюкс елдері өздерінің экономикалық дамуын 50-60
жылдардан бастады. Алайда өндірістің жаңалануы және қайта құрулар Ортақ
рынокқа кіруі еңбегі әлеуметтік жағдайларды қиындата түсті делінген.[12]
Б.В. Хан, П. С. Суворов, Г.Б. Рахмановтың бірігіп жазған
Қазақстанның сыртқы саясаты деген еңбегінде халықаралық өмірдің барлық
салаларында Қазақстанның Люксембург Ұлы Герцогтігі, Бельгия, Нидерланды
қарым-қатынасын одан әрі дамытудың басым бағыттары туралы айтуға мүмкіндік
береді. Олардың қатарына Бенилюкс елдерінің тиімді географиялық жағдайы,
әлемнің ірі аймақтарының осы елдерге орналасуы, экономикалық саяси
құрылымы жатады. [13]
Н. Назарбаевтің Бенилюкс елдерімен қарым-қатынасы 1993 жылдан
бастап қаланды. Ол ең бірінші Бельгиядан бастап өтті. Бенилюкс елдерімен
ынтымақтастықта байқалған оң сипаттағы өзгерістермен қатар келеңсіз
сипаттағы мысалдар да бар. Бельгияның Трактебель электр энергетикасы
компаниясының газ саласындағы өзіндік инвестициялық міндеттерін орындаған
жоқ. Ал Бенилюкс пен Қазақстан арасындағы басты мүдделілік білдіретін
мәселенің бірі- инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы еді.
Курстық жұмыстың мақсаты
- Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Бенилюкс елдерінің жағдайын білу;
- Бенилюкс және КСРО елдері арасындағы қарым-қатынасты анықтау;
- 70-жылдардың бірінші жартысындағы Бенилюкстегі саяси тұрақсыздықтың
себебін білу;
- Әлемдік қауымдастықтағы Бенилюкс елдерінің рөлін анықтау;
- Еуропалық Одақтағы Бенилюкстің орнын білу;
Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін мынадай міндеттер қойылды:
- Соғыстан кейінгі Бенилюкс елдерінің экономикалық саяси жағдайын анықтау;
- Дүние жүзілік дағдарыс кезіндегі Бельгиядағы саяси тұрақсыздықты
анықтау;
- Нидерландыдағы капитализмнің жалпы кризисінің тереңдеуі және
Люксембургтегі Вернер жоспарының маңызын білу;
- НАТО-дағы Бенилюкс елдерінің орнын анықтау;
- Қазақстан мен Бенилюкс қарым-қатынастарын қарастыру;
- Қазақстан мен Бенилюкс жасасқан келісім-шарттарды қарастыру;

нның демократия, экономикалық бостандық жәнІІ Тарау. ІІ дүниежүзілік
соғысынан кейінгі Бенилюкс елдері және КСРО.
1.1 Соғыстан кейінгі Бенилюкс елдерінің экономикалық және саяси
жағдайы.
Бенилюкс елдері ұзақ уақыт фашистік Германияның оккупациясын басынан
өткізді, Бенилюкс елдерінің соғыстан кейінгі ішкі саяси өмірінде
консервативтік партиялар жетекші орынды алды; Бельгияда Социал-христиан
партиясы, Голландияда католик партиясы және люксембургте Христиан-социал
халық партиясы. Өз кезегінде бұл партиялар үкіметтік коалиция құрамына
кіріп отырды. Алайда Бенилюкс елдері бүтіндей саяси традиционализм
ұстанымын ұстанды және Римдік католиктік шіркеу ықпалында болды.
Бенилюкс елдерінің сыртқы саясаты әртүрлі ішкі және сыртқы
факторларға негізделді. 1945-1949 жж. Осы елдердің жғағдайына ел
саясатының АҚШ пен Англия көзқарасына тәуелді ерекше ықпал етті. АҚШ пен
Англия бұл елдерді батысевропалық ынтымақтастық үлгісі ретінде білді.
[14]
Соғыстан кейінгі экономикалық және саяси жағдай басқа европалық
елдермен салыстырғанда екінші дүниежүзілік соғыс Бельгияға аз зиянын
тигізді. Тікелей қирандылар аз көлемде болды, ал бүкіл шығын 35 млрд.
франкты – ұлттық құндылықтың 8%-ін құрады. [15] Конгодан алынатын үлкен
кіріс с. қ. ағылшындар әскерлерінің елдегі порттар мен байланыс жүйесінің
қолданудан түсетін кіріс Бельгияның экономикасының тез қалпына келуіне
ықпал етті.
1945 жылдың ақпанынан бастап билікте социалист Ван Акер басқарған
коалициялық үкімет тұрды. Оның құрамына екі коммунист кірді. 1945 ж.
Демократиялық күштердің талабымен Бельгия король Леополбд 111 отанға
оралуына тиым салынған заң қабылдадаы. Сайлаудан кейін, 1946 ж. Ақпанда
солшыл күштер парламентте өздерінің өкілдігін кеңейтті. Компартия өкілдер
палатасында 24 орынға, ал сенатта 17 орынға ие болды. Ван Акердің жаңа
үкіметінде 4 коммунист болды. Олардың үкіметке қатысуы қоғамдық өмірдің
демократизациялануына және елдің экономикасының қалпына келуіне оң ықпал
етті.
1947 жылдың өзінде-ақ өнеркәсіп өндірісі соғысқа дейінгі
көрсеткішке жетті. Экономиканың тез қалпына келуі белгиялық монополиялардың
басқа европалық елдерге товарлар экспорттау арқылы үлкен пайда табуына
ықпал етті.
Бельгияда соғыстан кейінгі алғашқы жылдарда демократиялық
қозғалыстар өріс алды, жұмысшы ұйымдарының позициясы күшейеді. 1945 жылы
Коммунистардің бастамасымен Бельгияның бүкілхалықтық еңбек операциясының
құрылтай конгресі шақырылды. Ол еңбекшілердің өмірлік күресінде маңызды
роль ойнады. Коммунистік партияның ықпалы кеңейді. Коммунистік партия көмір
шахталарын, электростанциялар мен банктерді ұлт меншігіне айналдыруды талап
етті. Коммунистер еңбекшілердің жалақысын көтеруге, капиталистердің
пайдасын шектеуге, еңбекшілердің өндірісті басқаруға тартуға қол жеткізді.
1945-1949 жж. Бельгиялық еңбекшілер маңызды әлеуметтік шараларға
қол жеткізді. Мемлекеттік және муниципалдық органдардан фашистермен
бірлескен тұлғалар кетірілді, шахтерлердің жалақысы көтерілді,
кәсіподақтардың хұқықтары біршама кеңейді.
1947 ж. қабылданған әлеуметтік сақтантандыру туралы заң қарттық
жәрдемақыны, мүгедектік жәрдемақы төлеуді, еңбекақыға және жыл сайынғы
демалысқа төленетін төлемдерді жоғарылатуды қарастырды. 1949 ж. әйелдер
сайлау құқығына ие болды.
Бельгиялық буржуазияның ықпалының әлсіреуіне қарамастан олар өз
қолдарында ел басқаруды ұстады. Ағылшын-америка әскерінің көмегімен
реакциялық күштер қарсыласу демократиялық күштерін қарусыздандырды. Социал-
христиан (СХП) және либерал партиясы (ЛП) (1961 ж. бастап Еркіндік және
прогресс партиясы (ЕПП) антикоммунистік компанияны құрады. 1947 жылғы
үкіметтік кризистен кейін коммунистер өкімет құрамынан кетірілді.
Жаңа коалициялық өкіметті социалистер лидері П.А.Спаак басқарды.
1947 ж. жазда өкімет Маршалл жоспарын қолдап, АҚШ-пен ынтымақтастығына
дайын екенін мәлімдеді.
Бельгиялық монополистік капитал өзінің елдегі ықпалын қайта
қалпына келтіріп демократияға, еңбекшілер өміріне өзінің ықпалын күшейтті.
Бұған ББЕФ-ны басқаруды өз қолдарына алған жұмысшы қозғалысының оңшыл
лидерлерініңсаясаты көмектесті. 1949 ж. олар өздерінің ұйымының БФП-дан
шығатынын мәлімдеді.
Жұмысшы тап монополияның енуіне батыл қарсылық көрсетті. 1948 жылы
Бельгияда баскөтерулер болып өтті. Еңбекшілер материалдық жағдайының
нашарлауына қарсылық көрсетті. Бір ғана жылдың ішінде 155 ереуіл болып өтті
және оған 334 мың адам қатысты. [16] Алайда оңшыл кәсіподақ
лидерлеріжұмысшыларды қолдамады, сондықтан өкімет баскөтерулерді заңсыз деп
жариялады. Еңбекшілердің экономикалық жағдайы одан әрә нашарлады. Халықтың
тікелей салықтары 1949 ж. 23,3 млрд. франкті құрады. 1944 ж. бұл көрсеткіш
9,5 млрд. франкті құраған болатын. Бельгияның Маршалл жоспарына қосылуы
елдің американ капиталына тәуелді болуына жағдай туғызды.
Бельгия қырғиқабақ соғысы кезінде американ саясатын қолдады.
1948 ж. наурызда Бельгия Батыс одағына кірді және АҚШ-тың лигасының
астындағы капиталистік елдердің әскери-саяси жүйесіне тартылды. Бельгияның
әскери блоктарға қатысуы нәтижесінде әскери шығындар өсті.
Коммунистер өкіметтен кеткеннен кейін СХП және оған қосылған
ұйымдар король Леопольд 111-тің таққа қайта отыруы үшін кампанияны
күшейтті. Оларды котолик шіркеуі қолдады. 1949 ж. сайлауда көпшілік дауысқа
ие болған СХП референдум өткізуге қол жеткізді. 1950 ж. 12 наурызда болған
референдумда дауыс берушілердің 57,8%-ы корольдің қайтуын қолдады және
парламент король Леопольд 111- ке ерекше құқықты қайтару туралы шешім
қабылдады.
Алайда 1950 ж. 22 шілдеде Леопольд 111-тің Брюссельге келуі
бельгиялық еңбекшілер тарапынан қарсылық тапты. Бүкіл елде баскөтерулер мен
демонстрациялар басталды. Баскөтеру 2 күннен кейін жалпыұлттық сипатқа ие
болды және оған жарты миллионнан астам адам қатысты. Елде жағдай ауырлай
түсті. Өкімет баскөтерушілерге қарсы жандармериялар мен әскери құрамаларды
қолданды. Осы сындарлы мезетте 1 тамызға жоспарланған антимапальдистердің
жорығының қарсаңында БСП лидерлері өкіметпен астыртын келіссөздер
жүргізеді. Келісім бойынша Леопольд 111 тақты өзінің ұлы ханзада Бодуэнге
беру керек болады. Бодуэн таққа 1951 ж. шілдеде келді. Бұл келісім
баскөтерушілерді ыдыратты, ереуіл қозғалысы азая түсті және бірнеше күннен
кейін тоқтады. Билеуші партиялар елде монархияны сақтап қалды. 1950 ж. 18
тамызда БКП-ның басшысы Ж. Ляо өлтірілді.
Бельгияның 50-жылдардағы дамуы оның әр түрлі экономикалық, саяси
және әскери одақтарға кіруімен байланысты болды. Ел Маршалл жоспарына,
Бенилюкс кеден-экономикалық одағына қатысыты, Европалық көмір және болат
бірлестігін ұйымдастырушылардың бірі болды, Европалық төлем одағына және
Ортақ рынокқа кірді.
Елдің саяси өмірінде үш негізгі партия қимылын жалғастырды: БСП,
СХП, ЛП. 50-жылдарда коалициялық өкімет осы партиялар негізінде құрылды.
1945 жылғы сайлауда СХП өзінің ұстанымын нығайтты, бірақ Ван Акер
басқарған үкіметке социалистер мен либералдар кірді. 1951 ж. сайлауда
құрылған өкімет СХП мен ЛП өкілдерінен құрылды. Премер-министр орнын СХП
лидері Эйкенс иемденді. Бұл үкіметтің реакциялық бағыты еңбекшілердің өмір
деңгейне және демократиялық құқықтарына жақындасудан байқалды. Ортақ
рынокқа кіру елдің эеономикалық құрылымын қайта құруды талап етті.
Үкіметтің көптеген бәсекеге қабілетсіз кәсіпорындарды табуды көздеген
экономиканы қалпына келтіру жоспары бельгиялық жұмысшылар жағдайына кері
әсер етті. 1958 ж. Бельгия экономикасы кризиске ұшырайды. Кризис
өнеркәсіптің дәстүрлі салаларын: көмір шығару, тоқыма және металлургияны
қамтыды. Мемлекеттік қарыз өсті, фламанд мәселесі шиеленісті.
50-жылдары Бельгиялық империализм Конгода отарлық тонаушылықты
күшейтті: жыл сайын бельгиялық монополия ол жақтан 10 млрд бельгиялық
франкқа дейін шығарып отырды. Конгодан Бельгия кобальт, алмаз, алтын,
марганец және уран рудаларын шығарды. Бельгиялық Юнион Миньер дю о-
Катанга тресті капиталистік әлемде мыс өндіруден 3-ші орындв иеленді. Оған
әлемдік өндірістегі кобальттың 60%, германийдің 80% тиесілі болды.
50-жылдың соңында басталған кризис Бельгияда мемлекеттік-
монополистік капитализм процесін күшейтті. Елдің ортақ рынокқа қатысуы
бельгиялық тауарлардың жекеге қабілеттілігін арттыруды талап етті. Осыған
байланысты монополистік орта өнеркәсіп құрылымын өзгертуге және жаңа
салаларға капитал салуды өсіру үшін іс-шаралар қабылдады. Әр түрлі
жеңілдіктер және айрықша кредит беру саясаты өнеркәсіп-қаржы капиталының
шоғырлануына және орталықтануының тездеуіне ықпал етті. Ел шетел капиталын
тартуға тырысты. Нәтижесінде шетел инвестициялары өсті, әсіресе,
өнеркәсіптің жаңа салаларына (электроника, химия өнеркәсібі, автомобиль
жасау) салынған американдық инвестиция.
Сонымен қатар көмір өнеркәсібінің, мақта, қағаз, кеме жасау
сияқты дәстүрлі салалардың жағдайы бірден нашарлады. Осыған байланысты
Эйскенс үкіметі темір жол құрал-жабдықтарын шығаратын бірқатар шахталарды,
тоқыма фабрикаларын және кәсіпорындарын жабу туралы шешім қабылдады.
Билеуші топтардың экономикалық қиындықтарды еңбекшілердің мойнына
ілуі ереуіл қозғалыстарының белсендеуін туғызды. 50 жылдардағы ірі қимылдың
бірі бельгиялық жұмысшы табының шахта мен өндіріс кәсіпорындарын жабуға
қарсы күресі болды. 1959 ж. ақпанда Боринаж кеншілері Эйскенстің 8 көмір
шахталарын жабу туралы шешіміне қарсы ереуілге шықты. Шахтерлерді басу қала
жұмысшылары, әсіресе Льеж және Шарлеру жұмысшылары қолдады. БКП
ереуілшілерге көп көмек және қолдау көрсетті. Осы сұрапыл ереуілдің
барысында полициямен қақтығыстар болды; жұмысшылар баррикадалар тұрғызды.
Ереуілшілер шахтаны жабу туралы шешімді өзгеріс алмағанымен, бельгиялық
кеншілердің табанды күресі тек елдің ішінде ғана емес, сонымен қатар басқа
елдерге де естіліп жатты.
1960ж. Эйскенс үкіметі парламентке әлеуметтік қажеттілікке қаржы
бөлуді қысқарта отырып халықтан алынатын салықты жоғарылатуды қарастырған
экономикалық даму, әлеуметтік прогресс және қаржыны қалпына келтіру заң
жобасын ұсынды. Бұл бақытсыздық заңы Бельгия халқының арасында қарсылық
туғызды. 1960 ж. желтоқсанда Шарлерудағы АСЕК фирмасының жұмысшылары
ереуілге шықты, оның артынша Льеж металлургтері, Боринаж шахтерлері де
қосылды. Жылдың соңында ереуіл миллионға жуық жұмысшылар мен қызметкерлерді
қамтыды. Эйскенс үкіметі жұмысшылармен күреске жандермерияны және әскери
бөлімдерді бағыттады.
Осы ұлы ереуіл жоғарғы шыңына жеткен уақытта үкіметке көмекке
БСП-ның оңшыл лидерлері келді. Олар ББЕФ өкілдерімен бірге үкіметпен
келіссөздерге келді. Сөйтіп 1961 ж. 13 қаңтарда бірыңғай заң қабылдады.
Осыдан кейін ереуіл азайды. 1960-1961 жж. Бүкілхалықтық ереуілдің нәтижесі
Эйскенс үкіметінің отставкаға кетуі және мерзіміненбұрын парламент сайлауы
болды. Жаңа кабинет басшысы Лефев болды. Бельгиялық экономикалық ғажайып
және таптық күрестің басылуы туралы аңыз түбегейлі жойылды. БКП Х1V
сьезінің шешімінде (1963) көрсетілгендей реакция жоспарларына айтарлықтай
шығын келтірді. [17] Ұлы ереуіл бельгиялық пролетариат күресінің
тарихында қиян кесті шайқастардың бірі болды.
Эйскенс үкіметі елді конголездік авантюраға тартқанымен де
атағы шықты. 1960 жылы 30 маусымда Конгот Республикасының Тәуелсіздігі
жарияланды. Бірақ бельгиялық монополиялар оны өз қолдарынан шығарғысы
келмеді. 1960 жылы 13 шілдеде Европалық қоныстанушыларды және тәртіпті
қолдауды қорғау [18] сылтауымен бельгиялық әскер жас африкалық мемлекетке
әскери қимылдар бастайды. Бұл әрекет 1963 жылға дейін созылды.
1960 ж. ұсынылған елдің экономикалық, әлеуметтік және қаржылық
даму бағдарламасы оның экономика құрылымының халықаралық еңбек балансы және
ғылыми-техникалық революция талаптарына бейімделуге бағытталды. Әлеуметтік
жоспарда әлеуметтік бағдарламалау саясаты көзделді (кәсіподақ-кәсіпкер-
үкімет). Бельгия буржуазиясы мемлекеттің экономикаға тез араласуын талап
етті.
60-жылдардың ортасына қарай елдің экономикалық дамуында
қиыншылықтар болды. Қөмір шығару едәуір қысқарды, тоқыма және металл өңдеу
өнеркәсіп өндірісі кеміді. Жұмыссыздар саны көбейді. Ірі әскери шығынның
нәтижесінде мемлекеттік бюджеттің тапшылығы өсті. 1965 жылдың аяғында
мемлекеттік қарыз 485 млрд. бельгиялық франкін құрады.
Елде инфляция күшейе түсті.
Льеж металлистерінің, Боринаж кеншілерінің, Темс кеме
жасаушыларының, Генттегі Арбед заводының жұмысшыларның ереуілдері сәтті
аяқталды. 1967 ж. Херсталь қаласындағы заводтың жұмысшылары заводты жабу
туралы шешімді жойғанша 114 күн завод территориясынан кетпей қойды.
Бельгияның жұмысшы қозғалыстарының дамуындағы жаңа факторлары
мыналар болды: антимонополистік күресте еңбекшілердің ынтымақтастығының
өсуі, елдің ірі кәсіподақ ұйымдарының – ББЕФ және КХП арасындағы бірлескен
іс-қимылдың орнығуы.
Лефев- Спаак үкіметінің саясатына бельгиялықтардың қарсылығы 1964
және 1965 жылғы 23 мамырда болған парламенттік сайлаудан кейін 2 айдан
кейін ғана жаңа үкімет (БСП және СХП) құрылды. Оны Армель (СХП) басқарды.
Алайда, елдегі қиыншылықтар бұл үкіметтің отставкаға кетуіне әкелді. 1966
жылы наурызда СХП мен еркіндік және прогресс партиясы өкілдерінен жаңа
коалиция құрылды. Үкіметті басқарған Ванден Буйнантс салықты өсіру,
жалақыны тоқтату (замораживание) әлеуметтік қажетке қаржы есебінен қаржыны
қалпына келтіру бағдарламасын ұсынды. 1967 ж. Үкімет көмір, тоқыма және
металлургия өнеркәсіп жұмысшыларын жаппай жұмыстан шығару істерін жүргізді,
әсіресе, бұл Валлонияда жүрді. Нәтижесінде жұмыссыздық 10%-ға өсті.
Сонымен қатар үкімет жұмысшыларға жеңілдіктер жасауға мәжбүр
болды: жұмыссыздық бойынша жәрдемақылар өсті, зейнетақы мен отбасы
жәржемақысы жоғарылады, жалақының кепілденген минимумы турала заң
қабалданды, әлеуметтік сақтандыру жүйесі жақсарды.
Барлық солшыл күштердің антимонополистік күресте бірігуінде БКП-
ның ықпалы зор болды. БКП проамерикандық сыртқы саяси бағытқа, жаппай
қарулануға, Бельгияның НАТО-дан шығуына қарсы болды. БКП бейбітшілік және
Европадағы ұжымдасқан қауіпсіздік жүйесінің құрылуы үшін белсенді түрде
күресті.
1945 ж. Мамырда Нидерланды территориясы неміс жаулап
алушыларынан толық азат етілді. Ұлттық байлықтың 13 бөлігі жойылды немесе
елден шығарылды. Жарты миллионнан астам голландықтар өлді немесе Германияға
мәжбүрлі жұмысқа қуылды. Платиналар мен дамбаларды жою нәтижесінде елдің
көптеген аудандары ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Интеграциялық процестердің қаржылық аспектілері
Бірікен ұлттар ұйымының жүйесі
Әлемнің ұлттық саябақтары және оның туризм дамуына әсері
Халықаралық ұйымдар жайлы
ӘЛЕМДІК ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ
Еуропалық Одақтың кеңею проблемаларын және оған қатысты Францияның ұстанымындарын және жүргізіп отырған саясаты
Европадағы тыныш революция
Әлемдік саясаттағы Еуропалық одақ
Еуропалық құқықтың құқықтық реттелуі
Франция туралы
Пәндер