Девиантты мінез-құлық -әлеуметтік педагогика мәселесі


ДЕВИАНТТЫ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ -ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГИКА МӘСЕЛЕСІ
ЗЛ. Девиантты мінез-құлық туралы түсінік және оның туындау себептері
Қазіргі уақытта әлемдегі барлық проблемалар түптеп келгенде экономикалық қал-жағдайға келіп тіреледі. Бұл ретте, экономикалық жақтан гүлденіп, дамыған, дамып келе жатқан және даму жолына түскен, не болмаса артта қалған мемлекеттердің қай-қайсысында болмасын ерекше мән беруді талап ететін жеке адамдар мен топтар кездеседі. Олардың қатарына психикасына зақым келген, дене мүмкіндігі шектеулі, мүгедек адамдармен қоса, мемлекет тарапынан әлеуметтік қолдауды қажет ететін адамдар да бар. Оларға деген көзқарас пен қарым-қатынас әр дөуірде, әр елде әр түрлі болған. Айталық, ертедегі Спарта қоғамында әлсіз не ауру туған балаларды "өзіне де, басқаларға да зияннан басқа пайдасы жоқ" - деп дереу көзін жойып жіберген.
Батыс Еуропа мемлекеттерінде және АҚШ-та ерекше көмекке мұқтаж адамдарды бір ұйымға біріктіріп, "проблемалы адамдар" не болмаса "мүмкіндіктері шектеулі адамдар" деген мәртебемен барлығына бірдей өмір сүру шарттарын түзіп, кемістіктері мен ауытқуларына қарай әр түрлі іс-шаралар қарастырылады. Көп жағдайда бұл көмек жеке тұлғаға бағытталады. Онда барлық қамқорлықты мемлекет өз қолына алып, қызметкерлерге еңбекақы төлеп, еңбек өтілін де есепке алып отырады.
ЮНЕСКО-ның есептеуіне сүйенсек, әлеуметтік көмекке мұқтаж адамдардың саны жылдан-жылға көбеймесе, кемімейді екен. Белгілі бір ахуалдардың, не болмаса туа біткен ауытқулар мен аурулар салдарынан әлеуметтік мәселелер кез келген қоғамда болып тұрады және оған қатысты жоспарлы түрде әлеуметтік көмек пен құқығын қорғау, бас амандығына пана болу секілді жұмыстар атқарылып отырады. Осылайша қоғамда әдеттегі “қалыпты” дамыған адамдармен қатар, одан ауытқыған адамдардың болуы заңдылық ретінде қарастырылады. Әр түрлі теріс әрекеттерге душар болған, мысалы, қылмысқа барған, ұрлық, қарақшылық, зорлық, маскүнемдік, нашақорлыққа салынған. Сонымен қатар, туа біткен мүгедектер, ауруға ұшырағандар, еңбекке жарамсыз адамдарды "қалыптан" (нормадан) тыс, теріс (негативті) ауытқыған адамдар қатарына жатқызсақ, дарынды, іскер, ғылым және техникада зор игіліктер мен табысқа жеткендер, әдеби шығармашылықта, өнерде басқалардан озық туындылар жаратқан адамдарды "қалыптан" тыс, оң (позитивті) сипатта ауытқыған адамдар деуге болады. Бұлардың өр қайсысы мемлекет тарапынан әлеуметтік қамқорлық пен қолдауға ие. Алғашқылардың арасында қоғамға пайдасынан зияны көп тиетіндері ерекше әлеуметтік қадағалау мен тәрбиені талап етеді. Сондықтан бұл жерде сол қалыптан тыс теріс ауытқудағы адамдармен жұмыс істеу қарастырылады.
Осылардың ішінде аса қауіпті қылмыскерлер, өз басына не басқаларға қауіпті істерге баратындар, қоғамдық тәртіпті бұзушылар, заңсыз әркеттерге баратын алаяқтар мен ұрылар басқа да заң бұзушылар "қалыптан" ауытқушылар қатарына қосылады. Әлеуметтану ғылымында бұндай әрекеттерді "девиация" (ауытқу-отклонение) деп атайды. Ол өз кезегінде істелген іс-әрекеттің сипатына және іс қоғамға тигізген зиянына байланысты бірнеше топқа жіктеледі: девиантты, делинквинтті және криминалды жүріс-тұрыс.
Девиантты жүріс-тұрыс - бұған қалыптан ауытқудың бір түрі ретінде әлеуметтік жүріс-тұрыс ережелерін бұзған балалар мен ересек адамдар, жастар мен жасөспірімдер және жеткіншектер тарапынан істелген тәртіпсіздіктерді жатқызады. Олар: біреуге жамандық істеу, кастық қылу, ерегесіп егесу, тәртіпке шақырғандарға қарсылық көрсету, тілазарлық, жұмыстан бас тарту, оқуға бармай өз бетімен кету, ешкімге айтпай үйден кетіп қалу, маскүнемдік, мінезінің бұзылуы, көпшілік орындарда өзін ұстауға бейімделмеген, ұрыс-керіске, төбелеске бару секілді халықтың мазасын кетіретін және тыныштыққа нұқсан келтіретін істер жатады.
Делинквинтті жүріс-тұрыстың девиантты қылықтардан айырмашылығы - тәртіп бұзушылық әдетке айналып, үнемі қайталанып, тұрақты мінез-құлық стереотипіне айналуы және соған қарамастан қылмысқа тартуға не жазалауға істеген күнәсін дәлелдеуге факты жетпеуі, не болмаса жасының жетпеген жеткіншек балалар кіреді. Делиңквинтті жүріс-тұрыс түрлерін төмендегідей топтастыруға болады:
- белгілі бір тұлғаны кемсіту мақсатында істелген қас-күнемдік пен зорлық, қорлау, ұрып-coғу, кемсіту, өртеу, сындырып, бүлдіру;
- жеке басының мүддесі үшін ұсақ-түйек қылмыстар жасау, мысалы, ұрлық істеу, біреудің машинасын не басқадай мүлкін тартып алу, не алып қашып кету, үйлерді тонау, қарақшылықпен айналысу, қорқыту арқылы бағалы бұйымдарын тартып алу арқылы пайда табу;
- наша секілді зиянды заттарды тарату және сату;
Криминалды (қылмысты) жүріс-тұрысқа құқық бұзғандар
жатқызылады. Қылмыстары девиантты не болмаса делинквинтті сипатта жіктелетін балаларды жас ерекшелігіне қарай заң бойынша жазалау қарастырылған. Бұл жасы жетпеген балалардың жасы толған кезде қылмыстық кодекстің баптарына сай жауапқа тартып, қылмыстық іс қозғау дегенді білдіреді.
Қалыптан тыс, теріс девианттар көбінесе әлеуметтік ауруға душар болғандар қатарына жатқызылады, мысалы, маскүнемдік, нашақорлық, заң бұзушылық, қылмыс, қастық, суицид (өзін-өзі өлтіруге бейімділік) секілді теріс әрекеттер тұлғаның жақсы қасиеттеріне тосқауыл болып, қоғамдық тәртіпке қайшы келеді. Сол себепті заң тұрғысынан жазалауға лайық деп есептелінеді. Қоғамдық тәртіптің қалыбынан шығу, ауытқуына қарай төмендегідей сипаттамалар беруге болады:
- қылмыс түрлері мен сипатына қарай; (мысалы, жазалау және әкімшілік, құлықтық; )
- деңгейі және көлеміне, немесе масштабына қарай -жеке, ұйымдасқан топтық, көпшілік болып бөлінеді;
- құрылымына қарай - әлеуметтік топ, балалар, жеткіншектер, қыздар, қылмыстық топтар;
- қоршаған ортаға байланысты - отбасындағы келісе алмаушылықтан, зорлық пен жәбірлеу, ұрып-соғу, не болмаса өз басына ғана байланысты, мысалы, маскүнемдік, суицид, психикалық ауытқу, ұрлық т. б.
Әр түрлі қылмыстың, не қалыптан ауытқудың өзінен-өзі туындамайтыны, олардың барлығынын шығу себептерінің бар екендігі және олардың сипатына қарай сыртқы және ішкі себептерге байланысты болатыны белгілі.
Девиация типтері және басты тұжырымы. Әлеуметтік педагогиканы зерттеушілер, заңгерлер мен әлеуметтік медицина қызметкерлері, психолог-практиктер мен осы мәселені зерттеуші ғалымдар девиацияны мынадай төрт топқа бөліп қарастырады: дене кемістігі барлар, психикалық ауытқуы байқалғандар, педагогикалық түзетуте жататындар және әлеуметтік қамтамасыз етуді талап ететіндер.
Дене кемшілігі барлар қатарына: туа біткен дене кемшілігі бар, техногенді не болмаса тұрмыстық жағдайлардан
мүгедектер қатарына қосылғандар, тұқым қуалайтын не жұкпалы ауруларға ұшырағандар, табиғи апаттар мен құбылыстардың салдарынан денесі не психикасы зақымдалатындар кіреді.
Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымы 1980 жылы қабылдаған тұжырымдаманың британдық варианты бойынша дене кемсітігіне қарай топтастырудың үш түрі бар:
- Туа біткен және созылмалы ауруға ұшыраған адамдар - физиологиялық, анатомиялық және психикалық қызметі бұзылып еңбекке жарамсыз болып қалғандар.
- Қабілеті шектеулі адамдар - өз алдына іс-әрекетке бара алмайтындар мен кемтарлық нәтижесінде іс-қимылы шектеулі, адамдар (мысалы, бір қолы жоқ, аяғы ақсақ, құлағы нашар еститіндер т. б. )
- Мүгедектер - өз алдына күн көре алмайтын, басқа бір адамдардың көмегіне күнделікті мұқтаждар.
Бұлардан басқа ақыл-есі, түсіну, сезінулері дамымай қалған, не болмаса іштен осындай кемтарлықпен туғандар психикалық ауытқулары бар адамдар қатарына жатады. Оларды ақыл-ой еңбегіне жарамсыз болғандықтан олигофрендер (грек сөзінен аударғанда олигос - кішкене, френ - ақыл) немесе ақылы кем адамдар деп топтастырады. Оларға жүйке жүйесіне әр түрлі себептерден зақым келгендер, не болмаса сондай ауытқулармен дүниеге келгендер, жұқпалы аурулардың салдарынан ақыл-есі нашарлағандар, түйсіну, сезіну, қабыл алу, көңіл қою үрдістері шектеліп, ырық-эмоциялық орталығы зиянға ұшырағандар, мысалы, ақылы ауысқандар, аутистер, суициддер, жындану ауруына ұшырағандар жатады.
Әлеуметтік көмек мөлшері мен түрлерін анықтау мақсатында, аурулардың сипаты, күрделілігі, қажетсіну дәрежесі, мүмкіндіктері мен шектеулерін анықтап, топтастыру мақсатында диагностикалау жұмыстары ұйымдастырылады. Ол үшін мекемелер арасында арнайы комиссия құрылып, оның құрамына психолог, медицина кызметкері, әлеуметтік педагог кірген медико-психика-педагогикалық комиссия құрылады. Мұнда 10 мың балаға бір комиссия есебінен жұмыс жүргізіледі. Комиссияның басты қызметі балаларды тексеруден өткізіп, даму деңгейін, мүгедектік сипатын, еңбекке жарамдылығын, қажеттіліктерінің сипатын және түрлерін т. б. анықтайды. Осы жұмыстан кейін ғана баланың ата-анасы, туысқандарымен кеңесе отырып оны әр түрлі мекемелерге орналастыру, әлеуметтік көмек түрі, медициналық, педагогикалық, психологиялық жәрдем беру жолдары қарастырылады.
Осындай балалардың ішінде педагогикалық көмекке мұқтаждар да кездеседі. Олардың қатарына материалдық,
жетіспеушіліктен мектепке бармай қалған, оқуға мүмкіндігі болмағандар, білім алу мүмкіндігі жоқ балалар жатады.
Мемлекеттік стандарт бойынша әрбір бала бастауыш мектепке барып білім алуы, оны 9-сыныпқа дейін жалғастыруы, не болмаса мүмкіндігіне карай 11-12 сыныпқа дейін оқуы тиіс. Егер бала 9-сыныптан кейін орта мектепке барғысы келмесе, онда ол колледж не кәсіптік мектепте оқуы, одан соң жұмыс істеуі керек. Балалар мектепте не басқа да оқу орындарында оқымай қалса, оның себептерін де комиссия зерделеп, оқуын қалай жалғастыруға болатынын қарастырады.
Балалардың оқымай қалу себептері өте көп: сабаққа өздігінен бармай қою, кешігу, үлгере алмауы, оқуға қызықпауы, үйден, мектептен қашу, жетімдік, киім-кешек жеткіліксіздігі, ата-анасының теріс әрекеттері секілді көптеген жағдайларды атауға болады. Осындай кемшіліктерді жойып, баланың мектепке баруына көмектесу, әлеуметтік ахуалын жақсартуға жәрдем беру мәселелері жоғарыда көрсетілген комиссияның әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекеті арқылы шешіледі.
Әлеуметтік проблемалардың туындауына өмір сүру жағдайының болмауы, қоршаған ортаға теріс әсері, жүріс-тұрыс ережелерін бұзылуынан қоғамда және табиғатта болып тұратын теріс көріністер мен құбылыстардың әсерін тигізетіні белгілі. Оларды дене кемістігі немесе мүгедек, психикасына зиян келгендер немесе психикалық ауытқулары барлар, педагогикалық және әлеуметтік ауытқулар деп мына кестедегідей топтастыруға болады (7-кесте) :
7-кесте. Қалыптан ауытқудың типтерін
Дене
ауытқулар
Бұлардан басқа экологиялық ахуалдар мен табиғи апаттарға душар болғандар, соғыс және мемлекеттер мен ұлттар, халықтар арасындағы қарама-қайшылыктан туындаған әр түрлі кақтығыстар мен лаңкестік пен каскүнемдіктен жапа шеккен, ерекше тұрмыстық жағдайларға ұшыраған, колониялар мен түрмелердегі адамдар т. б. әлеуметтік күйзеліске ұшырағандардың қатарына қосылады. Өйткені, осы санаттағы адамдардың барлығы әлеуметтік көмек пен қолдауға мұқтаж. Сондықтан әлеуметтік педагогтың жұмыс ауқымы күйзеліске ұшыраған адамдарға көмектесу ғана емес, оларды әр түрлі қиыншылықтан сақтануға үйрету, алдын алу шараларына жаттықтыру, осындай ахуалдарды түзетуге, қалыбына келтіруге ат салысу, қолдау көрсету болып табылады. Бұл аса маңызды және күрделі жұмыс, өйткені көрсетілген ахуалдардың салдарынан қалыпты ахуалдан ауыткыған адамдарды қайта қатарға косу, калыпты өмір сүруге бейімдеу - әлеуметтік педагогтан жігер, қайрат пен күш, қуатты ең бастысы терең білімді және оны іс жүзінде қолдана алатын біліктілікті талап етеді.
Кеңес Одағы ыдырағаннан кейінгі ТМД елдерінде әлеуметтік педагогика енді ғана қолға алынып, зерттеліп келеді. Алайда бұрынғы кезеңдерде жинақталған әлеуметтік-педагогикалык тәжірибелерге негіздей отырып девиацияның туындауына ықпал ететін көптеген факторларды мынадай үш топқа жинактауға болады. Олар: биогенді, әлеуметтік, және психогенді.
Жеке адамның тұлға ретіндегі дамуындағы әр түрлі шектеулер, олардың үлкен, кіші болуына қарамастан бүкіл өміріне, қалыптасуына, әлеуметтік ортадағы алатын орнына, күн көріс ахуаддарына ықпал етеді. Бұл мәселелерді медицина, әлеуметтік педагогика, әлеумсттік психология, әлеуметтану және демография ілімдері зерттейді және оларды реттеу жолдарын қарастырады.
Айталық, ХІХ-ХХ гг. аралығында бұл проблемаларды алдымен медицина ғылымы зерттеп, әлеуметтік қалыпты ахуалдан ауыткудың басты себебі "денсаулықтың бұзылуы не болмаса ауру болып туғандығы" деп есептеген. Осындай ауру не қалыптан тыс ауытқулармен туған, не белгілі бір жағдайлардың салдарынан күйзеліске ұшыраған адамдарды емдеу, өзіне қызмет етуге уйрету, жеңіл-желпі жұмыстарға тартумен қатар, арзан жұмыс күші ретінде пайдалану жолдарын да іздестірген.
Өткен дөуірде-ақ ауру, не болмаса кемтар, мүгедек адамдарды, өздерін қамтамасыз ете алмайтын және ешнәрсеге жарамсыз болғандыктан мемлекеттің қарауына және дені сау адамдардың көмегіне мұқтаж деп санаған. Әлеуметтанушы ғалымдар қазіргі кезде мұны әлеуметтік мәселелерді медициналық жолмен шешу моделі ретінде танып-білуде.
Өткен XX ғасырдың 60 жылдарынан бастап күйзеліске ұшыраған адамдарға көрсететін көмектің медициналық моделінің орнына әлеуметтік моделін қарастыра бастаған. Сондай шаралардың бірі - қабілеттері шектеулі адамдарды топтастырып, өз құқықтарын қорғайтын ұйым құру жұмыстары болды. Сол сәттен бастап әр түрлі себептермен күйзеліске ұшыраған адамдарға деген көзқарас өзгеріп, олармен қарым-қатынастың сипаты да жаңа деңгейге көтерілді. Мысалы, олардың тұрмыстық жағдайын жақсартуға деген ұмтылыстарына қойылатын тосқауылдар біртіндеп алынып, олардың қоғамның мүшесі ретінде өз тағдырын шешуге арналған әрекеттері қолдау тауып, мүмкіндігінше көмектесу жолға қойыла бастады.
Қазіргі кезде бұл мәселе шешілетін сипатқа ие болды, мысалы, мұндай адамдарға қандай жедел көмек және қолдау қажет екендігін әлеуметтік педагогтар арнайы құрылған комиссиямен бірлікте шешіп, оның жүзеге асуына ат салысады. Атап айтсақ, олар: отбасына, белгілі бір қауымдастық адамдар тобы не ұлт, бүкіл бір халыққа материалдық, құлықтық психологиялық көмек беру, патронаждық. Мұндай көмек беру мұқтаждық сипаты, оның шығу себептері т. б. байланысты бір рет немесе бірнеше рет, кейде мерзімді, кейде аракідік болып бірнеше санаттарға бөлінеді. Кейбір жағдайларда өз басына түскен ауыртпалықты отбасы өзі-ақ шешу мүмкіндігіне ие болса, кейбір жағдайларда мемлекеттік ұйымдар мен мекемелер арқылы, құқық қорғау, медицинасының араласуымен шешілсе, кей жағдайларда кәсіби мамандардың ақыл-кеңесі, қолдауы ғана жеткілікті болады.
Жоғарыда келтірілген девиацияға душар болу себептері және оны реттеу, қалыбына келтіру шарттары, т. б. ахуалдар зерделеніп, қалыптан ауытқу теориясы мен тұжырымдамасы зерттеліп, ғылыми тұрғыда анықтау мүмкіндігі туды. Осының негізінде ауытқулардың биологиялық, психологиялық және әлеуметтік теориясы жасалды.
Девиацияның биологиялық теориясын қуаттайтындар жеке бастың (индивид) қалыптан тыс ауытқуының басты себептері - оның туа біткен жеке құрылымына, биологиялық ерекшеліктеріне байланысты деседі. Мысалы, XIX ғасырда өмір сүрген италиялық дәрігер Ч. Ломброзо қылмыстық істерге баратын адамдардың дене құрылысы ерекше болады, айталык, "қылмысқа бейімді адамнын иегі мен жақ сүйегі шығыңқы, сақалы сұйық, денесінің ауырғанын сезбейді" деген пікірде болған.
Белгілі америкалық психолог және дәрігер У. Х. Шелдон девиацияға бейімді адамның денесі "салмағы ауыр", "бұлшық еттері нығыз" және мүсіні "атлетикалық сипатта" болады деген.
Девиацияның исихологиялық және психикалық тұжырымдамасын түзеушілер оны адамның жеке қасиеттерімен байланыстырып, қалыптан ауытқуды тек қана адамның дене құрылысына байланысты деп қарастыруға болмайтынын дәлелдеуге ұмтылған.
Өткен ғасырдың 50 жылдарында Шуэсслер мен Крессли қылмыскерлердің психикалық ерекшеліктерін анықтауға ұмтылғанмен, оны нақты, айқын көрсете алмаған.
Әлеуметтану теориясын жасаушылар девиациялық мінез-құлықтың пайда болуын адамның өміріндегі атқаратын міндеттеріне, қоғамдағы орны мен рөліне байланысты деп ойлаған. Олар мұны дәлелдеу барысында егер адам әлеуметтік ортада тиісті орынын ала алмай қалса, онда ол әлеуметке қарсы әрекеттерге, қоғамдык тәртіпке қайшы келетін қылықтарға барады, мысалы, ұрлық, нашақорлық, маскүнемдік, ұрыс-керіске әуес, қырсық, төбелескіш т. б. қылықтарға жақын болады деген пікірге келген. Әлеуметтік психологтар, балалардың бойында мұндай мінез-құлық көбінесе өзін корғау, не болмаса жолдастарының назарын өзіне тарту, өзін басқаларға "көрсету" үшін болған әрекеттерден байкалады, сөйтіп алғашқы қылмыс үнемі қайталана бергендіктен әдетке айналып, кейін келе ол кәсіп ретінде қалыптасатынын анықтаған.
Девиациялық мінез-құлықтың қалыптасуына қоғамдық ортаның әсерін зерттеген француз психологы Э. Дюркгейм (1858-1917 ж. ж. ) "анома" теориясын жасаған. Анома - мемлекеттің өз азаматтарының жүріс-тұрысын басқара алмай қалуын білдіреді, мысалы, бұрынғы ережелердің маңызы жойылып, жаңасы әлі жасалып қалыптаспаған жағдайды сипаттайды. "Анома" сөзі грек тілінен аударғанда заңсыз, қалыпсыз, басқарусыз деген мағына береді. Бұл теория бойынша, қоғамның тұрақтылығын қамтамасыз ететін басты фактор - ондағы адамдардың береке-бірлігіне байланысты. Зерттеуді психолог ғалым Э. Дюркгеймнің пайымдауынша ауылды жерде өмір сүретін католиктердің арасында суицид
аз, ал қалада өмір сүретін протестанттарда бұл көбірек кездеседі деп дәріптейді.
Мұндай жағдайлар бұрынғы мығым мемлекет КСРО күйреген кезде де байқалған, мысалы, 1991 - 1994 жылдар аралығында Қазақстандағы ахуалды осыған сәйкес болды деуге болады. Сол кезде мектептегі жөне басқа да оқу орындарындағы тәрбие жұмыстары дағдарысқа ұшырады. Халық арасында үкіметке, болашаққа, өзіне деген сенім азайып, әр түрлі қылмыс көптеп көрініс тапты. Сол себепті халық арасында ұрлык, қарақшылык, қорқыныш, үрей, кедейлік, қайыршылық көбейіп, адамдар арасындағы сенім азайып т. б. қалыптан ауытқу көріністері көптеп орын алған.
Әлеуметтанушылар девианттың алғашқы кезеңін мемлекеттегі әлеуметтік-экономикалык жағдайға байланысты, бұрынғы "барлығы бірі үшін, бірі барлығы үшін" немесе "барлығы халық үшін", "еңбек, достық, ниеттестік" деген ұғымдардың орнына "барлығы мен үшін", "тек қана өзім үшін" деген дүниеқорлық, жеке байлық жинау, ақша жинау, өз мәртебесін көтеру деген секілді дүниеқоңыз ниеттер пайда болуымен байланыстырады.
Бұлардан басқа "мәдениеттану" сипатындағы теорияны қолдайтын Селлин, Миллер, Сутер, Леид секілді ғалымдар девиацияның туындау себебін қоғамдағы жалпы мәдени нормалармен әлеуметтік топтардың субмәдениеті арасындағы қайшылықтар деп санаған.
Қазіргі кездегі әлеуметтанушылар мен саясаттанушылар, заңгерлер мен әлеуметтік психологтар және педагогтар девиацияның пайда болуын қоғамдық орта мен адамдар арасындағы келісе алмаушылық деп түйіндеуде. Осыған орай девиацияны болдырмаудың басты жолы - адамдардың сана-сезімін, мәдени, рухани деңгейін көтеріп жетілдіру, құлықтық құндылықтарды дамыту, әлеуметтік тепе-тендікті сақтау, мәміле мен қарым-қатынас мәселелерін реттеу екендігін ескеру.
Жеткіңшек балалар арасындагы девиант және оларга әлеуметтік-педагогикалық көмек. Әлеуметтік педагогикада жасөспірімдер арасындағы девиацияның басты себептерін осы жас кезеңіндегі ерекшеліктерімен байланыстырады. Өйткені, жеткіншектер қоғамдағы жақсы-жаман нәрселердің барлығьн лакмус қағазындай өз бойына жылдам сіңіріп алады. Педагогикалық және жас ерекшеліктері психологиясында осы жас кезеңін "өтпелі", "тұрақсыз", "күрделі" дейді. Себебі бұл кезең баланың ересектер қатарына қосылу алдындағы жетілу, өсу, есею, "бойжету" шағы, анатомиялық және
физиологиялық, психология лық дамуы, әлеуметтік ахуалының өзгеруімен сипатталады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz