Бірлестік экологиясы–синэкология



1 Биоценоздың түрлік құрылымы
2 Биоценоздың кеңістіктік құрылымы
3 Организмдердің өзара қарым.қатынасы
Биоценоздың түрлік құрылымы– белгілі бір биоценозды құрайтын түрлердің саны мен биомассасының арақатынасы, яғни, биоценозда тіршілік ететін организмдердің әртүрлілігі және олардың саны мен салмағының арақатынасын көрсетеді. Биоценоздың түрлік құрылымы негізі лимиттеуші (температура, ылғал және қоректің жетіспеушілігі) факторларға тәуелді. Мысалы жоғары ендікте, шөлдала және жоғары таулы аймақты экожүйе биоценоздарда түрлер саны аз болады. Яғни, осы эклжүйелердің табиғатына бейімделген организмдер ғана өмір сүре алады. Ал түрлерге бай биоценоздарға–жануарлар мен өсімдіктер әлеміне бай тропикалық ормандар жатады.
Түрлерге бай биоценоздардағы жануарлар мен өсімдіктердің түрлер саны жүзден ондаған мыңға дейін жетсе, ал түрлерге жұтаң биоценоздарда жануарлар мен өсімдіктердің әртүрлілігі оннан жүзге дейін ғана жетеді. Түрлерге бай бірлестіктер салыстырмалы немесе абсолютті түрлер санымен және олардың жас ерекшелігімен сипатталады. Жаңадан құрылған жас бірлестіктерге қарағанда кемеліне келген немесе климаксты бірлестіктер түрлерге бай болады.
Түрлердің әртүрлілігі–белгілі бірлестіктегі түрлердің саны. Бірлестіктер араларындағы шекараларды–экотондар деп атайды. Экотондарда түрлердің әртүрлілігі жоғары болады. Түрлердің әртүрлілігінің жоғарылауын «шекті әсер» деп атайды.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Бірлестік экологиясы–синэкология
Мақсаты: Популяциялар, бірлестіктер және экожүйелердің өзара және
қоршаған ортамен байланысының мәнін ашу.

Синэкология (биоценология)–әртүрлі түрлерге жататын популяциялар
(өсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдер) жиынтығы біртұтас организмдер
деңгейінде зерттейтін ілім.
Биоценоз–белгілі бір территорияда тіршілік ететін әртүрлі
популяциялардың жиынтығы.
Биоценоз терминін алғаш рет ұсынған неміс зоологы К.Мебиус (1877 ж).

өөөөөөөөөөөөө

Биоценоздың түрлік құрылымы– белгілі бір биоценозды құрайтын түрлердің
саны мен биомассасының арақатынасы, яғни, биоценозда тіршілік ететін
организмдердің әртүрлілігі және олардың саны мен салмағының арақатынасын
көрсетеді. Биоценоздың түрлік құрылымы негізі лимиттеуші (температура,
ылғал және қоректің жетіспеушілігі) факторларға тәуелді. Мысалы жоғары
ендікте, шөлдала және жоғары таулы аймақты экожүйе биоценоздарда түрлер
саны аз болады. Яғни, осы эклжүйелердің табиғатына бейімделген организмдер
ғана өмір сүре алады. Ал түрлерге бай биоценоздарға–жануарлар мен
өсімдіктер әлеміне бай тропикалық ормандар жатады.
Түрлерге бай биоценоздардағы жануарлар мен өсімдіктердің түрлер саны
жүзден ондаған мыңға дейін жетсе, ал түрлерге жұтаң биоценоздарда жануарлар
мен өсімдіктердің әртүрлілігі оннан жүзге дейін ғана жетеді. Түрлерге бай
бірлестіктер салыстырмалы немесе абсолютті түрлер санымен және олардың жас
ерекшелігімен сипатталады. Жаңадан құрылған жас бірлестіктерге қарағанда
кемеліне келген немесе климаксты бірлестіктер түрлерге бай болады.
Түрлердің әртүрлілігі–белгілі бірлестіктегі түрлердің саны.
Бірлестіктер араларындағы шекараларды–экотондар деп атайды. Экотондарда
түрлердің әртүрлілігі жоғары болады. Түрлердің әртүрлілігінің жоғарылауын
шекті әсер деп атайды.
Бірлестіктегі жоғары санды түрлерді– доминанттар деп атайды. Олар
топтағы басқа түрлерге басымдылық көрсетеді. Олардың ішіндегі белгілі бір
түрлерді эдификаторлар құрылысшылар деп атайды. Эдификаторлар бүкіл
біллестіктердің микроортасын (микроклиматын) анықтайды, олардың ортадан
жойылып кетуі биоценоздың толық бұзылуына әкеп соғады. Эдификаторларға
негізінен өсімдіктер (қарағай, шырша, бал қарағай, бетеге) және симрек
жағдайларда жануарлар жатады.
Толықтырушы түрлер– бірлестікте өте маңызды, сирек санды организмдер.
Олардың ортада өмір сүруі бірлестіктің даму тұрақтылығын көрсетеді.
Құрылымы бай биоценоздарда барлық түрлердің саны сирек болады, ал биоценоз
құрылымы неғұрлым жұтаған сайын, ондағы доминант түрлердің саны соғұрлым
жоғары болады.
Әртүрлілікті сипаттайтын басқа да көрсеткіштер:
Түрлердің молдығы–белгілі бір кенңістік ауданындағы немесе
көлеміндегі түрдің саны. Мысалы, 1 см3 судағы шаянтәрізділердің саны.
Түрдің жиілігі– биоценоздағы барлық түрлер санына белгілі бір ғана
түр санының қатынасын айтады, оны пайызбен анықтайды. Кездесу жиілігі
биоценоздағы түрдің таралуын көрсетеді. Мәселен, түрдің саны көп, бірақ
биоценоз кеңістігінде сирек кездеседі, немесе түрдің саны аз болғанымен
биоценозда таралу жиілігі жоғары болуы мүмкін.
Биоценоздың кеңістіктік құрылымы–әртүрлі түрлерге жататын
организмдердің кеңістікте вертикалды және горизонталды орналасуын
көрсетеді. Кеңістіктің құрылымдық негізін өсімдіктер құрайды. Биоценоздың
кеңістіктік құрылымы: ярусты және мозайкалы болады.
Ярусты құрылым– биоценоздың вертикалды құрылымы. Оны биоценозды
биіктік бойынша жіктеу арқылы анықтайды. Мысалы, орман 6 ярустан тұрады.
Олар: ең ұзын ағаштар (шырша, қарағай, емен); екінші қатарлы ағаштар
(шетен, ырғай); бұталы ағаштар (шие, итмұрын); жартылай бұталы ағаштар
(тобылғы, сасыр); шөптесін өсімдіктер; қыналар мен мүктер.
Мозайкалы құрылым–биоценоздың горизонтальды құрылымын айтады. Ол
жануарлар мен өсімдіктердің горизонтальды өзгеруінен байқалады. Аудандық
мозайкалы құрылым (түрлердің әртүрлілігі, саны және олардың өзара қарым-
қатынасы) топырақ пен ландшафттағы өзгерістерге тәуелді. Сондай-ақ адамның
іс-әрекетінен де (орманды кесудің нәтижесінде жаңа бірлестіктің түзілуі)
құрылуы мүмкін.
Биоценоздың экологиялық құрылымы– әртүрлі экологиялық топтардың
арақатынасы.
Биоценозды сипаттайтын негізгі көрсеткіштер: консорция, синузия және
парацелла.
Консорция–кеңістіктік (топикалық) және қоректік (трофикалық)
байланыстардың негізінде автотрофты және гетеротрофты организмдердің
бірлесіп бір биоценозда тіршілік етуі. Консорция терминін ХХ ғасырдың 50-
жылдары В.Н.Беклемишев пен Л.Г.Раменский ұсынған.
Синузия–кеңістік немесе уақытпен шектелген, кішігірім аудандарды алып
жататын бірлестіктіктердің вертикальды бағыттағы шағын бөлігі.
Парацелла–биоценозды горизонтальды бағытта жіктелгенде ондағы
организмдердің құрылысы мен қасиеті. Негізгі экологиялық топтарға биомдар
мен ассоиациялар жатады.
Биомдар– өсімдіктердің құрамына тәуелсіз біртектес организмдердің тобы.
Мысалы, акациялар мен боабобтар өсетін Африка саванвсыеда ірі шөпқоректілер
(антилопа, жираф, зебра) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бесінші бағытымыз - қолданбалы экология
Экологиялық мектептердің қалыптасуы. Осы күнгі экологияның негізгі бөлімдері. Экологияның қатысуымен шешілетін теориялық және қолданбалы мәселелер
Қауымдастықтар мен экожүйелер экологиясы – синэкология
Бірлестіктер мен экожүйелердің экологиясы (синэкология)
Биоценез, биогеоценоз туралы түсініктер
Геоботаник. Геоботаниканың зерттеу объектісі - фитоценоз
Биоценоза, биогеоценоза және экожүйе түсініктері
Бірлестіктер экологиясы
Экология пәні бойынша Обсөж сабақтарының әдістемелік нұсқауы
ҚАУЫМДАСТЫҚТАР ЭКОЛОГИЯСЫ – СИНЭКОЛОГИЯ
Пәндер