Орта мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмысын ұйымдастырудағы педагог-психологтың қызметі


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ түрік университеті
Қарымсақова Гүлбану Мұратқызы
Тақырыбы : Орта мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмысын ұйымдастырудағы педагог-психологтың қызметі
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В010300 - Педагогика және психология
Қазақстан Республикасы
Түркістан 2014
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ түрік университеті
«Қорғауға жіберілді»
Кафедра меңгерушісі
п. ғ. д., профессор . . . Ж. Торыбаева.
« . . . » . . . 2014ж.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы : Орта мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмысын ұйымдастырудағы педагог-психологтың қызметі
5В010300 - Педагогика және психология
Орындаған: Қарымсақова Г.
Ғылыми жетекшісі: п. ғ. д.,
профессор Торыбаева Ж. З.
Қазақстан Республикасы
Түркістан 2014
Кіріспе
Бүгінгі таңда қоғам алдына қойылған негізгі міндеттердің бірі жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру. Қазіргі жаңа кезеңдерде ғылымдар жүйесінде, кәсіби өзіндік анықталу мәселесін зерттеу өзектілігі қоғам талаптарына орай еңбек сипаты мен мазмұнының аумақты, жылдам өзгеруіне байланысты кәсіби бағдар мен мамандық таңдауға психологиялық дайындықты қалыптастырудың теориялық және әдіснамалық өңдеулерін жүзеге асыру мәнді сұрақтардың бірі. Кәсіби бағдарлану мен кәсіби анықталу, соған байланысты іс-әрекетті саналы өзіндік реттеу мәселелерінде дәстүрлі және диагностикалық зерттеуді қолдану, психологиялық, педагогикалық, практикалық кеңес беруді, мамандыққа дайындауды, еңбек субьектісі ретінде болашаққа бағыт бағдар беруді кеңінен қолдануды күшейтіп негіздейді [1] . Елбасымыз, Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына кезекті жолдауында былай деген болатын: Білім беруді жаңартуды жалғастыру қажет. Осыған байланысты Президент Үкіметке мынадай тапсырма берді:
- білімнің сапасын көтеру және қол жетімділігін кеңейту үшін білім беруді қолдаудың жаңа қаржылық-экономикалық құралдарын енгізу;
- техникалық және жоғары білім беру деңгейі үшін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіде ипотекалық құрылысты қазір іске асырылып жатқандай, соған балама жинақтау жүйесін әзірлеу;
- бизнес қоғамдастығы мен жұмыс берушілер қоғамдастығы өкілдерінің қатысуымен кәсіптік-техникалық мамандар даярлау жөніде Ұлттық кеңес құру[2] .
Кәсіби бағдар беру мақсаты жас ұрпақты саналы түрде мамандық таңдауға дайындау, үйрету екендігі белгілі. Қоғамның әлеуметтік және ғылыми-техникалық прогресі жылдамдап отырған заманда адамның интелектуалдық еңбек үлесі өседі және білім деңгейіне, шығармашылық даралығының дамуы мен кәсіби бағыттылығына қойылатын талап жоғарылайды. Кәсіби бағыттылық оқушының кәсіптік жағынан өзін-өзі айқындауының маңызды бөлігі ретінде мамандық таңдауға белсенді қарым-қатынасынан көрінеді [3] .
Проблеманың теориялық және практикалық өзектілігі, “оқушылардың жұмыстық мамандықтарға кәсіби бағыттылығын қалыптастыру” деген сауалға жауап табуға итермеледі. Оқушыларға кәсіби бағдар беру және болашақ мамандығын анықтап алуға ықпал жасау мектеп алдында тұрған міндеттердің бірі. Сондықтан психология мен педагогикада осы мәселеге үлкен көңіл аударылады. Әр мектептің оқушыларды мамандыққа баулу және кәсіби бағдар беру жұмысының жоспары құрылып, оны жүзеге асыруға психологтың қосатын үлесі мол болуға тиіс.
Балаларға мамандық таңдату оңай жұмыс емес. Бұл проблеманы зерттеушілер П. П. Блонский, Г. Н. Стычинский, В. А. Сухомлинский, Ю. П. Сокольников, А. П. Сейтешов Г. А. Уманов, Л. К. Кермов және олардың шәкірттері баланы жас кезінен болашақ мамандығын саналы түрде анықтауға ата-аналар, психологтар мен педагогтар өз үлестерін қосуы керек екенін атап көрсеткен [4] .
Қазіргі кезде көптеген психологиялық зерттеу әдістемелері көмегімен баланың психофизиологиялық ерекшеліктерін зерттеп, қай салада қызмет атқаруға икем екенін болжамдап береуге болады. Атап айтсақ, темпераментті зерттеуге арналған Айзенк, Стреляу тестері, Басса-Дарки, Шмишек, Филипс жасаған мінез-құлық ерекшеліктерін анықтау әдістемелері, таным процестерін зерттеу және қабілеттіліктің түрлерін анықтау әдістемелері көмегімен әр адамның жеке даралық психофизиологиялық ерекшеліктерін нақты анықтауға болады [4] .
Жоғарыда айтылғанды басты назарға ала отырып, жұмысымыздың мақсатын анықтадық. Бұл - орта мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмысын ұйымдастырудағы педагог-психологтың қызметі. Мақсатқа сәйкес төмендегідей міндеттер қойылды:
- Алдын-ала тұлғаның белгілі бір мамандыққа деген қызығушылығы мен қабілеттілігінің кәсіби диагностикасын анықтау.
- Оқушылардың бойында ішкі психологиялық-әлеуметтік мәнділікті реттейтін қызмет түрлеріне түсінік беру.
- Кәсіпті өз бетінше, саналы түрде жеке қасиеттерін есепке ала отырып таңдау бағытын жетілдіріп, тірбиелеу.
Зерттеу пәні - орта мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру жүйесі.
Зерттеу объектісі - орта мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру процесі.
Зерттеу болжамы - орта мектеп оқушыларының мамандық таңдау қабілеттілігін зерттеп, оларға нақты оқу орнының жағдайында, сол маман бойынша кәсіптік-техникалық білім беру мен кәсіби бағдар беруге арналған кеңестер арқылы олардың мамандыққа деген жағымды көзқарастары қалыптасады.
Зерттеу жұмысының практиклық маңызы: Орта мектеп оқушыларына жүргізілген әдістер нәтижелерінде мамандық таңдауындағы қызығушылығы мен өзін-өзі кәсіби тұрғыда анықтаудың актуалді мәселелерін зерттеу.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы: Жүргізілген тәжірибелік әдістер бойынша алынған қорытындысына байланысты нәтижелік сапасы.
Зерттеу жұмысының негізгі әдістері:
- Е. А. Климовтың “Мамандыққа қатысты өзін бағалау қабілеттілігі”
сұрақнамасы (1-2 нұсқалары) ;
- «Мамандыққа эмоционалдық қатынасын анықтау» әдістемесі. т. б.
Зерттеу жұмысының күтілетін нәтижесі: Психологиялық практика сферасында тұлғаның мамандық таңдауы мен кәсіби қызығушылықтарын бекіту, мамандыққа байланысты ақпараттандыру барысында іс-әрекетті өзіндік саналы реттеу жүйелерінің (жеке бастық сапалар-саналы белсенділік, мақсатқа ұмтылу, өз әрекетін қадағалау, жинақылық, ойдың икемділігі және т. б. сапалар) маңыздылығы.
Зерттеу базасы Түркістан қаласы, №31 орта мектептің 9 және 11 сынып оқушылары.
Кіріспе бөлімінде, тақырыптың актуалдығы, жұмыстың теориялық және практикалық мәнділігі айтылады.
Бірінші бөлімде орта мекте оқушыларына кәсіби бағдар беру жүйесінің психологиялық негіздер және кәсіби бағдар беру жұмысын ұйымдастырудағы педагог-психологтың қызметі қарастырылды.
Екінші бөлімде сараптау-эксперименттің жұмыстарды ұйымдастыру, сараптау-эксперименттік жұмысты жүргізу сипатталады.
Қорытынды бөлімде зерттеу нәтижелері шығарылады.
І Орта мектеп оқушыларына кәсіби бағдар берудің өзекті мәселелері
1. 1 Психологиядағы кәсіптік бағдар беру жұмысына теориялық шолу
Жалпы білім беретін мектептерде оқушыларға кәсіптік бағдар беру, олардың экономикалық ой-өрісінің қалыптасуына, еңбектің жетілдірген жаңа тәжірибелерін игеруге ықпал етеді. Мамандық таңдауға кәсіптік бағдар беруде әрбір оқушының психофизиологиялық, жеке қасиеттері, мамандық таңдаудағы басты себептері назардан тыс, қалмауы керек. Кәсіптік білім беру жүйесінде жоспарлы кәсіби бағдар беру ісін дұрыс ұйымдастырғанда ғана инженер педагог-психолог жұмысын жеңілдетіп, көптеген тәрбие мәселелерін ұтымды шеше алады.
Кәсіби бағдар беру оқушыларды мамандықтар әлемінде, олардың мазмұны, ерекшеліктері, жеке тұлғаға қоятын талаптарын өз бойындағы қасиеттерімен ұштастырып, өндіріс, шаруашылық салаларының даму міндеттеріне, оның нарықтық экономика жағдайындағы рөліне сай саналы таңдалып алынған мамандыққа мүдделілігін тәрбиелеуді қажет етеді. Кәсіби бағдар беру жүйесі қазіргі таңда жастарды өз бетінше кәсіп үйренуде ғылыми-теориялық және практикалық қабілеттерін, ел экономикасындағы қажеттілікпен ұштастыру болып табылады.
Кәсіби бағдар мақсаты жас ұрпақты саналы түрде мамандық таңдауға дайындау, үйрету екендігі белгілі. Ол үшін мынадай нәрселер қажет:
- Оқушылардың бойында ішкі психологиялық-әлеуметтік мәнділікті реттейтін қызмет түрлерін тәрбиелеу.
- Түрлі еңбек қызметтері мен сыйластық қатынастарын тәрбиелеу.
- Кәсіпті өз бетінше, саналы түрде жеке қасиеттерін есепке ала отырып орындау бағытын жеңілдетіп, тәрбиелеу.
Кәсіби бағдар берудің негізгі компоненттері:
- Кәсіби бағдар беруді ақпараттандыру.
- Қоғамдық пайдалы өнімді еңбекке жас кезінен бастап үйрету;
- Кәсіби бағдарға арналған кеңестер беру.
- Кәсіптік бейімделу.
Кәсіби бағдар беруге арналған кеңестер - м ұндағы басты нәрсе - кәсіп таңдауда негізгі қоғамдық және идеялық сананы қалыптастыру. Оқушылардың жеке қасиеттері кәсіп талаптарына сай келуі қажет. Мұндай кеңестерге қазіргі оқып жүрген жастардың тең жартысы зәру
- Өз бетінше мамандық таңдай алмаған оқушылар.
- Мамандық таңдауда ата-аналарымен келісе алмаған жастар.
- Өзі таңдаған мамандықтың дұрыстығына көз жеткізгісі
келген жасөспірімдер.
- Тәртібі нашар, толқу үстінде жүрген жеткіншектер.
- Кәсіби бағдарға ұсыныс беру түрі:
- Ақпаратты-анықтамалық.
- Психологиялық-педагогикалық.
- Медициналық тұрғыдан.
Кәсіби бейімделу - өзі таңдап алған мамандыққа бейімділігін оқу кезінде сақтап, дамытып өндірістік салада істеп жүргенде біліктілігін көтеру, шеберлігін арттыру. Бұл қасиеттер:
- Кәсіпке қызығушылығына;
- Еңбек мазмұнына;
- Отбасы әсеріне;
- Қызмет ортасына байланысты болады.
Кәсіби бағдар берудің мақсат мүддесі тек кәсіби бағдар дамыған теориямен әдісіне сүйенгенде ғана толық қанды іске асады. Бұл әрине кездейсоқ емес себебі теория мен әдістеме түсініктер, идеялар, көзқарастар, әдіс және принциптер тексеріледі, ал бұлар практикалық жұмыстың алға басуына көмектеседі.
“Кәсіби бағдар” түсінігі барлығына түсінікті сияқты, яғни ол-оқушылардың мамандық таңдау бағдары. Дәл осы сияқты анықтамаларды, әдістемелерді құралдарда да береді, мұнда кәсіби бағдарды жастарға мамандық таңдауда берілетен көмек ретінде қарастырыды. Сондай-ақ кәсіби бағдар ретінде адамның үлкен өмірге қадам басып мамандық таңдауын немесе кәсіби бағдарды дамыту мақсатындағы тәрбие жұмысының жүйесін түсінеді.
Осылайша бұл түсініктің анықтамалары өте көп және олар кәсіби бағдардың дамуының жолында пайда болған. Себебі уақыт ағымында қажеттілік өзгеріп отырды, сонымен қатар мазмұнымен түсінікте өзгерді. Бұл әрине заңды құбылыс.
Көптеген ғылыми түсініктер сияқты “кәсіби бағдар” түсінігі деп тұрақты, өзгеріссіз болып қала алмайды. Ол қоғамның кәсіби бағдар туралы түсінігіне, мақсатына, әдісіне қарай өзгеріп отырады. Бұл түсініктің өзгеріске ұшырап отыруындағы берілген анықтамалардан көрінеді. Әр анықтама кәсіби бағдардың әртүрлі аспектісін қамтиды, яғни теориялық немесе практикалық даму дәрежесін көрсетеді, педагогика позициясынан қарастырады, басқару теориясы т. б.
Сондықтан кәсіби бағдарға бір жалпы анықтама беру үшін алдымен негізгі үш қараушысын анықтайық, яғни: “іс-әрекет”, “мамандық”, “бағыт”.
Іс-әрекетті философиялық энциклопедиялық сөздікте адамның қоршаған әлемге қатынасы, деп қарастырады. “Кәсіби бағдар” түсінігіне “іс-әрекет” категориясының енгізілуі кәсіби бағдарды тек практика жүзінде ғана емес, сондай-ақ теория жүзінде қарастыруға мүмкіндік береді, яғни пәнаралық ғылыми бағдар ретінде.
Практикалық іс-әрекет ретінде пайда бола отырып кәсіби бағдар теориялық толығады, бұл дегеніміз кәсіби бағдарды теориялық және практикалық іс-әрекет бірлігі ретінде қарастыруға әкеледі.
Атақты ғалым, академик С. Г. Струмилиннің көз-қарасында туыстас мамандықтар ортақ топқа бірігуіне болады, мысалы металистер, ағаш өңдеушілер, музыканттар. Оның ойынша кейбір мамандықтар мамандандыруға бөлінеді. Мамандандыру мамандыққа қарағанда нақты түсінік, ол дгеніміз белгілі бір адамның еңбек іс-әрекетін анықтайды.
Егер жасөспірім мамандық әлемінде бағдар іздеуге әрекеттенсе және белгілі бір мамандық оның өмірлік ұмтылыстарына сәйкестігін анықтауға тырысса онда бұл жағдайда оның мамандыққа бағдары туралы айтқанымыз жөн болады. Ал егер оған және қоғамға сәйкес мамандық таңдау мақсатында ол педагогикалық немесе басқа да бір әсер обьектісі болса, онда оны мамандыққа бағыттау деп қарастыруға болады.
Кәсіби бағдар туралы жалпы түсініктің жоқтығының басқа да себептерін көрсетуге болады. Мысалы, оны комплексті мәселе десек, оның анықтамалары әртүрлі болуы әбден мүмкін. Егер кәсіби бағдарды педагогикалық практика тұрғысында қарастырсақ, онда бұл көзқарас бірдей және негізгі кәсіби бағдар берудегі педагогикалық образ болып қалыптасады. Ал егер бұл процесті психология ғылымы тұрғысында қарастырсақ, онда бірінші орынға психологиялық түсініктер мен концепсиялар шығады, олар таңдаудың ерекшеліктеріне түсінік береді.
Осы тұрғыда кәсіби бағдар психологиялық процесті қалыптастырады, және ол екі жақты өзара байланыстан тұрады:
а) Оқушының өзіндік кәсіби таңдауы туралы шешімін қабылдауы;
б) Оқушының психикасына кәсіби таңдауды қалыптастыру мақсатында әсер ету, яғни тұлғаның қызығушылығына, икемділігіне, сәйкес сондай-ақ қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыратын мамандықты таңдауға итермелеу.
Сондай-ақ кәсіби бағдарды әлеуметтік тұрғыда қарастырсақ, бұл жағдайда жастардың әлеуметтік бағытының бір бөлігі болып табылады. Сәйкесінше мамандық таңдауда, жалпы өмірлік бағдарының, қоғамының әлеуметтік құрылымынан орын алуының бір бөлігі ретінде қарастырылады. Осыдан барып пәнаралық байланыс қажеттілігі туындайды, яғни кәсіби бағдар түсінігі турасында да сондай-ақ жастарға мамандық таңдау бағдарының практикалық жұмысында да. Кәсіби бағдар турасында жоғарыда берілген түсініктер келесі анықтамаға тіреледі.
Кәсіби бағдар дегеніміз - жастарды жеке қызығушылығы мен икемділігін, сондай-ақ қоғамның әртүрлі мамандықтарға деген сұраныстарын, әртүрлі квалификациялық дәрежесін ескере отырып мамандық таңдауға дайындау. Ол практикалық іс-әрекетпен дамушы пәнаралық байланыс бірлігі ретінде қарастырылады және тек оқушылардың оқу-тәрбие процесінде ғана іске аспайды. Мұнда теория негізгі мәнге ие, себебі мұнда туындайтын идеялар кейіннен практикалық жұмысты ғылыми-практикалыққа әкеледі. Теорияның қалыптасуына көптеген жылдар жүргізілген зерттеулер, бақылаулар қажет болады, бұлар кәсіби бағдардың практикалық дамуына себепкер болады.
Практикалық жағы мемлекеттік және қоғамдық ұжымдардың, өндірістің, мектептің және жанұяның тұлғаның қызығушылығын ескеріп кәсіби және әлеуметтік дамуындағы іс-әрекеті деп қарастырамыз.
Кәсіби бағдар теориясын келесі анықтама беруге болады: кәсіби бағдардың эффективті пайда болуындағы көзқарастар комплексі, идеялар мен түсініктер жиынтығы. Бұл қарапайым және жалпы анықтама теория әлемі туралы түсінік бергенімен ғылыми тұрғыда жеткіліксіз. Келесі анықтаманы нақтырақ деп көрсетсек болады: кәсіби бағдар теориясы - бұл ғылыми білімді ұйымдастыру формасы, ол екі процесс - жастардың кәсіби өзін-өзі анықтауымен және жастарды кадр жеткіліксіздігі бойынша мамандықтарға бағыттаудан тұрады.
Оқушылардың кәсіби бағдар теориясының негізгі компоненттерін қарастырайық: принцип заңдылығы, факты. Кәсіби бағдарда ғылыми әдіс көмегімен алынған нақты фактілер өте аз. Сондықтан негізгі мақсаттардың бірі - жаңа фактілер жинау және оларға дұрыс интерпретация беру. Бұл тек жаңа фактілерді іздеу де бір немесе бірнеше гипотезаға жүгінгенде мүмкін болады. Соңғылары сондай-ақ теорияның бөлігін құрайды. Мысалы, барлық аймақтарда белгілі бір мамандық таңдауға өзіндік факторлары туралы гипотеза зерттеу әдістерінің пайда болуына көмектеседі.
Кәсіби бағдар психологиясының негізгі компоненті - белгілі бір заңдылықтар. Оларды іздеу ғылыми іс-әрекетінің жалпы мақсаты. Заңдылықтарды тану ғылыми зерттеулер негізі болып табылады. Әр теорияның даму дәрежесі оның құрылымы мен принципінің сапасымен анықталады. Кәсіби бағдар принціпінің қалыптасуына аз көңіл бөлінбейді. Бірақ кәсіби бағдар прициптерінің жүйесін жасау аяқталды деп айта алмаймыз барлық сұраныстарды қанағаттандыратын, қарама-қайшылықсыз жүйені құру үшін әлі көп жұмыс жасау керек.
Кәсіби бағдар іс-әректінің обьектісі адамның өзін-өзі анықтауының кәсіби-әлеуметтік процесі болғандықтан, ең бірінші жастар мамандық таңдауда және қоғамда өзінің орнын табуда сүйенетін принциптер тобын құру қажет.
Мамандық таңдаудағы ақыл-ой принципі өзінің таңдауымен еңбек етудегі жеке басының қажеттілігін ғана қанағаттандыру емес, сонымен қатар қоғамға неғұрлым көбірек пайда әкелу. Бірінші орында халық шаруашылығында қажетті мамандықтарды таңдау, қазіргі таңды тұлғаның ақыл-ойының дамығандығының бір көрсеткіші болып табылады.
Таңдалған мамандықтың қызығушылығына, икемділігіне, тұлғаның қабілеттілігіне, сонымен қатар қоғамдағы кадр қажеттілігіне сәйкестік принципі мамандық таңдаудағы өзіндік және қоғамдық аспектілер арасындағы байланысты көрсетеді. Қоғаммен санаспай тек өзіндік қызығушылығымен мамандық таңдауға болмайды. Тұлғалық және қоғамдық қажеттіліктерінің сәйкестік принциптерінің бұзылуы кәсіби кадр структурасында тепе-теңсіздікке әкеледі.
Мамандық таңдаудағы белсенділік принципі тұлғаның кәсіби өзін-өзі анықтау процесіндегі іс-әрекетін сипаттайды. Мамандықты тұлғаның өзі белсенді түрде іздеуі қажет. Мұнда шешуші рөлді оқушылардың еңбек және кәсіби дайындығының дәрежесімен ата-аналарының кеңесі, олардың тәжірибесі т. с. с. алады.
Осы топтағы соңғы принцип даму принципі болып табылады. Бұл принциптің мамандық таңдау идеясына ол болашақта квалификациясын көтеретін, тәжірибесі мен кәсіби шыңдалысына сәйкес жоғарылайық, қоғамдық жұмыстарға белсенді араласу, баспана, демалыс т. б. мәдени шараларды қанғаттандыруға тіреледі.
Кәсіби бағдарға сондай-ақ жаппы педагогикалық прициптермен тығыз байланысты принциптер тобы бар. Олар келесі принциптер:
- Кәсіби бағдардың өмірмен, еңбекпен, қоғаммен байланысты принципі. Мұнда жастарға болашақ мамандық таңдауға халық шаруашылығына қажетті білімді мамандар кадрін дайындауға көмектесу көзделеді.
- Кәсіби бағдар оқушылардың еңбекке дайындығына байланысты принципі. Мұнда еңбекке баулу, білім алу, политехникалық білім алу көзделеді, яғни қоғамдық жұмыс, өндірістік жұмысқа баулу.
Кәсіби бағдардың жүйелілігі мен жалғасы принципі. Мұнда кәсіби бағдардың І-сыныптан XI-сыныпқа дейін жалғасын табуды көздейді;
Оқушыларға кәсіби бағдар берудегі мектеп, жанұя, басқарушы өндіріс, орта кәсіби оқу орындарының өзара байланысы. Мұнда жастарға мамандық таңдауға көмек берудегі тығыз байланыс көзделеді;
Кәсіби бағдардың тәрбиелік сипаты. Мұнда кәсіби бағдар жұмысы жан-жақты тұлғаны қалыптастыруды көздейді, яғни еңбекке тәрбиелеу экономикалық, эстетикалық, құқықтық және дене тәрбиесінің жиынтығы.
Диагностикалық және тәрбиелік қатынастардың өзара байланыс принципі. Кәсіби бағдар жұмысында осы екі қатынастың бір-біріне қарсы болмау принципі. Олардың әрқайсысының өзіндік мақсаттары бар:
Дифференциалды және жеке қатынас принципі. Бұл оқушыларға жас ерекшелігіне қарай және олардың кәсіби қызығушылығының қалыптасу дәрежесіне қарай, өмірлік жоспары мен үлгерім дәрежесіне қарай қатынас болып табылады. Оқушыларды топқа дифференциалды түрде бөлу әр топқа мамандық таңдаудағы әсер ету жағдайын толық әрі нақты анықтауға мүмкіндік береді, яғни бір топқа әсер ету жағдайлары нәтижелі болса, келесі бір топқа нәтижесіз болуы мүмкін. Сондай-ақ дифференция жеке қатынастың іске асуына жағдай туғызады;
Кәсіби бағдар жұмысының оқушылармен және ата-аналармен топтық, жеке, жалпылама түрде жүргізілу принципі.
Кәсіби бағдар жұмысының құрылымының негізіне концептуалды идеялар сипаты жатады. Соның бірі - мамандықты дұрыс таңдау үшін тұлғаны диагностикалық зерттеу, қызығушылығы мен қабілетінің ескеру идеясы. Бұл идея 30-шы жылдардың ортасына дейін таралып, “диагностикалық концепсия” деп аталды. Мұнда тест кеңіннен қолданылды. Осы тесттердің дұрыс қолданылмауы, дұрыс құрылмауы тағы да басқа себептер диагностикалық зерттеу идеясының “тәрбиелік концепсиясы” болып өзгеруіне әкелді. Алайда сол кездің өзінде-ақ диагностикада, тәрбиеде оқушыларды кәсіби бағдарлауда өзара байланысты және негізгі бағыттар екендігі түсінікті болды. Қазіргі кезде диагностиканың маңызы мектеп реформасының қабылдауынан кейін өсе түсті, онда кәсіби бағдар орталықтарының ашылуы қарастырылған еді. Бұл орталықтардың негізгі функцияларының бірі-оқушылардың қабілеттілігі мен қызығушылығы диагностикасын ұйымдастыру жұмысы.
Әдістемелік сипат идеясына оқушыларға кәсіби бағдар беру жұмысына дифференциалды қатынас жатады. Мұнда оқушыларды өмірлік және кәсіби жоспарларына орай алдын-ала топтарға классификациялау және осы топтардағы сәйкес тәрбие жұмыстары қарастырылады. Дифференциялды қатынас кәсіби бағдар жұмысын дұрыс әрі жемісті болуына септігін тигізеді.
Сондай-ақ кәсіби бағдардың әдістемелік сұрақтарына кәсіби бағдар жүйесін дамыту мен анықтау сұрақтары да жатады. Жалпы білім беретін және кәсіби мектептердің реформасының негізгі бағытының көртеген мақсаттарының ішінде оқушылардың кәсіби бағдарын жақсарту мақсаты да көзделген.
Реформа жалпы білім беретін мектептердегі экономикалық және әлеуметтік қызметтің толықтыруына арналған курс кәсіби бағдар жұмысының жүйелі түрде ұйымдастыру қажеттілігіне әкеледі қысқа уақыттың ішінде кәсіби бағдардың қоғам қажеттілігін қанағаттандыратын жүйесін құру керек.
Кәсіби бағдар жүйесінің жалпы анықтамасын бермес бұрын, одан шығатын бір қатар жағдайларды қарастырайық:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz