Демографиялық соғыс: жеңістер мен жеңілістер



1 Сандар мен пайыздар
2 Қазақстандағы демографиялық жағдай мен отбасы мәселелері
2 Ұлтты «кайфпен» жоюшылар: алкоголь, темекі, есірткі
Қазіргі таңда әлемде бомба жарылып, оқ атылмай-ақ ұлтты күйрететін екі алапат соғыс қызу жүріп жатыр. Оныңбіріншісі – ақпараттық соғыс болса, екіншісі – демографиялық соғыс. Ақпараттық соғыс ұлттың сана-сезімін күйретіп, әдет-ғұр¬пын, ділі мен дінін жойып, қадір-қасиетінен айырса, демографиялық соғыс ұлттың саны мен сапасына барынша кері ықпал ететін қатерлі құбылыс. Біз бұл мәселеде, әзірше, ақпараттық соғысты қозғамай тұрып, демографиялық соғыстың еліміздегі жағдайын тілге тиек етпекшіміз. Демография – ұлт тағдыры.
Бүгінгі таңда өркениетті даму жолына түскен Қазақстан Республикасы қоғамның барлық саласында аса маңызды реформаларды жүзеге асыруда. Бұл реформалардың ішіндегі ең күрделісі әрі өте ұқыптылықты қажет ететін бағыты – әлеуметтік саладағы реформалар болып табылады. Оның себептері көп, негізгі деген екеуіне тоқталғанның өзінде көп нәрсенің мәнін ашуымызға болады. Біріншіден, әлеуметтік мәселе адамдардың өмірі мен тұрмыс-тіршілігіне тікелей қатысты болғандықтан үнемі күн тәртібінде тұрады;екіншіден, мемлекеттік әлеуметтік саясатының басым бағыты – адам және отбасы болып табылады, ол әрқашан үкімет пен халықтың назарында.
Жалпы, қазақтар үшін демография мәселесі ерекше орында, оған түрлі тарихи кезеңдердегі қиындықтар, ұлттық салт-дәстүр, рухани-мәдени құндылықтар сан ғасырлар бойы ықпал етіп отырған. «Отан отбасынан басталады» деген аталы сөздің мәні терең. «Бірінші байлық – денсаулық, екінші байлық – ақ жаулық», «Бас екеу болмай, мал екеу болмайды» және өзге де даналық сөздер өмірлік тәжірибеден туындаған.

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ СОҒЫС: ЖЕҢІСТЕР МЕН ЖЕҢІЛІСТЕР

29.03.2013   Ащы да болса...   0 пікір http:akikatkaz.kz?p=1283
Сейілбек Мұсатаев,
саяси ғылымдарының
докторы
Қазіргі таңда әлемде бомба жарылып, оқ атылмай-ақ ұлтты күйрететін екі
алапат соғыс қызу жүріп жатыр. Оныңбіріншісі – ақпараттық соғыс
болса, екіншісі – демографиялық соғыс. Ақпараттық соғыс ұлттың сана-сезімін
күйретіп, әдет-ғұрпын, ділі мен дінін жойып, қадір-қасиетінен айырса,
демографиялық соғыс ұлттың саны мен сапасына барынша кері ықпал ететін
қатерлі құбылыс. Біз бұл мәселеде, әзірше, ақпараттық соғысты қозғамай
тұрып, демографиялық соғыстың еліміздегі жағдайын тілге тиек етпекшіміз.
Демография – ұлт тағдыры.
Бүгінгі таңда өркениетті даму жолына түскен Қазақстан Республикасы қоғамның
барлық саласында аса маңызды реформаларды жүзеге асыруда. Бұл реформалардың
ішіндегі ең күрделісі әрі өте ұқыптылықты қажет ететін бағыты – әлеуметтік
саладағы реформалар болып табылады. Оның себептері көп, негізгі деген
екеуіне тоқталғанның өзінде көп нәрсенің мәнін ашуымызға
болады. Біріншіден, әлеуметтік мәселе адамдардың өмірі мен тұрмыс-
тіршілігіне тікелей қатысты болғандықтан үнемі күн тәртібінде
тұрады;екіншіден, мемлекеттік әлеуметтік саясатының басым бағыты – адам
және отбасы болып табылады, ол әрқашан үкімет пен халықтың назарында.
Жалпы, қазақтар үшін демография мәселесі ерекше орында, оған түрлі тарихи
кезеңдердегі қиындықтар, ұлттық салт-дәстүр, рухани-мәдени құндылықтар сан
ғасырлар бойы ықпал етіп отырған. Отан отбасынан басталады деген аталы
сөздің мәні терең. Бірінші байлық – денсаулық, екінші байлық – ақ жаулық,
Бас екеу болмай, мал екеу болмайды және өзге де даналық сөздер өмірлік
тәжірибеден туындаған.

Жаугершілікті көп көріп, Ақтабан шұбырынды, Алқа көл сұлама, ашаршылық,
тәркілеу, репрессия, Ұлы Отан соғысы сияқты толып жатқан тарихи кезеңдердің
нәубеттерін бастан өткізген қазақ халқы үшін, отбасы құру мен ұрпақ
жалғастырудың мәні аса зор. Соңғы жүргізілген халық санағына сүйенсек те,
бұл демографиялық қажеттілік әлі күнге дейін өзекті болып отырғанын
байқаймыз. Бүгінгі әлемде Қазақстан жер көлемі бойынша 9 орын алса, халық
саны жағынан 62 орында. Жері – кең, халқы – аз.
Биылғы ақпан айының басында Евроньюс каналы АҚШ Орталық барлау орталығының
(ЦРУ) 2030 жылға дейінгі болжамдық баяндама-есебін жариялады. ЦРУ болжамы
бойынша, 2030 жылы жер шарының халқы 8,5 млрд. адамға жетіп, қалалардың
саны мен көлемі артып, мегаполистердің заманы туады. Халқы көп елдердің
ішінен, әсіресе, Қытай күшті дамып, артынан бүкіл Азияны ертпек. ЦРУ есебі
жайдан-жай жасалмайтыны белгілі, АҚШ әлемдік дамудың тенденциясына
дайындалары сөзсіз. Ал, біз ше? Осынау жақын келешектегі әлемдік ұлы көш
пен барша адамзаттың 1,5 млрд. өсуінде Қазақстанның алатын орны қандай
болмақ?

Болашақ бүгіннен басталса, жалпы Қазақстан халқы, оның ішінде қазақ ұлтының
саны өсуі қалай өрбуде, елдегі халықтың табиғи өсімі мен өлім-жітімінің
арасалмағы, демографиямызға қандай факторлар кері әсер етуде деген сұрақтар
бізді қатты ойландыруы тиіс.
 

Сандар мен пайыздар

1999 жылы өткен алғашқы ұлттық халық санағының қорытындысы бойынша елімізде
14 миллион 953 мың адам тіркелген еді. Ол кезде қазақ ұлтының алатын үлес
салмағы 53,4 %, немесе 7 миллион 985 мың адам болған. Бұл Қазақстан
халқының жартысынан сәл ғана асатын көрсеткіш болатын... Қазақ – мемлекет
құрушы кіндік ұлт болғандықтан, ел-жұртымызда қоян-қолтық араласқан
диаспоралардан үлес салмағы артқан сайын бағымыздың баянды болары сөзсіз.

Қазақстан тәуелсіздігін алғалы екінші рет жүргізілген 2009 жылғы санақтың
ресми қорытындысы бойынша, 2010 жылдың 1 қаңтарына Қазақстан халқының саны
16 миллион 196,8 мың адамды құраған. Оның ішінде қазақтардың үлесі 63,6 %
деп хабарланды. Сөйтіп, 1999 жылғы санақпен салыстырғанда халық санының
өсімі 6,8 % құрап, республика халқының саны 1022,9 мың адамға артқан. Ал,
қазақтар саны өткен санақпен салыстырғанда 26,1 % артып, 10098,6 мың адамды
құрайды. Демек, бұл Қазақстан халқының 63 % қазақтар екенін көрсетеді.

1990 жылдардың басында қазақтар 40% қамтыған. Ал, 1911 жылы ең алғашқы
санақ жүргізілгенде қазақтардың үлесі – 67% еді. Кейін елдегі әр түрлі
ахуалдарға байланысты, жергілікті ұлттың саны күрт азайғаны белгілі. Бұл
қазақ ұлты бір ғасыр бұрынғы үлес салмағына жете алмай отыр деген сөз.

Тақырыпқа тікелей қатысты болғандықтан, соңғы халық санағының деректеріне
қысқаша тоқтала кеткеніміз жөн: өзбектердің саны – 457,2 мың, яғни, 23,3 %
өскен. Ұйғырлар 6 % өсіп, 223,1 мың адамға жетсе, орыстардың саны 15,3 %
азайған, яғни 3 миллион 797 мың адам. Немістер – 49,6% азайған – 178,2 мың,
украиндар – 39,1% азайған – 333,2 мың, татарлар — 18,4% кеміген – 203,3 мың
адам болды. Басқа этностар 5,8 % азайып, 714,2 мың адамды құраған. Сонымен,
соңғы халық санағы бойына еліміздегі қазақтардың үлесі — 63,6 %, орыстар –
23,3 %, өзбектер – 2,9 %, украиндар – 2 %, ұйғырлар – 1,4 %, татарлар – 1,2
%, немістер – 1,1 %, басқа диаспоралар – 4,5 %.Жалпы, Қазақстанда 130
(тіпті, кейде 140 делінеді) астам ұлт өкілдері тұрады деп көп айтылып-
жазылса, соның 123 (133) осы 4,5 % ішінде болғаны...
Қазақстандағы ерлердің саны 7 миллион 722,8 мың, яғни өткен санақпен
салыстырғанда 507,1 мың адамға немесе 7 % өскен, әйелдер – 8 миллион 282,0
мыңға жетіп, 515,8 мың адамға немесе 6,6 % артқан. Демек, Қазақстанның 51,7
% әйелдер болса, 48,3 % ерлер. Мәселен, 1999 жылғы санақ көрсеткіші бойынша
әрбір мың әйелге шаққанда 929 ер адамнан келсе, қазір мың әйелге шаққанда
932 ер адамнан келеді екен.

Қалалықтардың саны 8 миллион 639,1 мың адамға, ауылдықтар – 7 миллион 365,7
мың адамға жеткен. Соңғы он жылда қалалықтардың саны 195,1 мың адамға
немесе 2,3 %, ауылдықтардың саны 827,8 мың адамға немесе 12,7 % өскен.
Елдегі қалалықтардың үлесі – 54 %, ауылдықтар – 46 %. Ал, өткен санақта
қалада тұратындар 56,4 % болса, ауыл тұрғындары – 43,6 % болатын.
Қазақстандағы демографиялық жағдай мен отбасы мәселелері туралы ғылыми
зерттеулерімен танымал демограф-ғалым Мақаш Тәтімов өз есептеріне сүйене
отырып, соңғы өткен жалпы ұлттық санақтың қортындысындағы көрсеткіштердің
шамамен 3 % артық-кем болуы мүмкін екендігін айтады.

Қазақстанның Статистикалық агенттігінің соңғы таратқан мәліметінше, 2012
жылғы 1 желтоқсандағы Қазақстан халқының саны 16 896 900, оның ішінде
қалалықтар – 9 254 700 (54,8%), ауылдықтар – 7 642 200 (45,2%)
жетіпті (салыстыру: Шанхай, Карачи, Мумбай сияқты қалалардың әрқайсында 18-
20 млн. тұрғын бар). Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары эмиграцияның артуы мен
табиғи өсімнің құлдырауынан халқымыздың саны азайып кеткені белгілі. Осының
салдарынан Қазақстан тәуелсіздік алған кезеңдегі халық санына енді ғана
жетейін деп отыр. Ал, көрші Өзбекстан соңғы жиырма жылда 10 миллион адамға
көбейген (1991 жылы – 20 708 000, 2012 жылы – 29 874 000). Бізде аз болса
да, халық саны өсуде, бірақ, түрлі ауру-сырқау, техногендік апаттар,
ажырасу, аборт жасау, жаңғызбастылық, маскүнемдік, нашақорлық, темекі шегу,
экологияның нашарлауы сияқты жағымсыз факторлар мен себептерден болатын
өлім-жітімнің артуы халқымыздың демографиялық өсіміне кері әсер етіп,
адымын аштырмай отыр. Шетелдегі қазақтардың атамекенге оралуына бөлінетін
квотаның тоқтатылуы да Нұрлы көшті едәуір кідіртті.
Себебі сан-түрлі өлім-жітім...

БҰҰ Адамзат дамуы жөніндегі 2011 жылғы есебі бойынша, өзге орталық азиялық
мемлекеттерге қарағанда Қазақстанда өлім-жітімнің деңгейі жоғары. Сөйте
тұра, Қазақстан Орталық Азиядағы экономикалық дамуы жағынан көш басында
тұр... Жан басына шаққандағы ІЖӨ (ішкі жалпы өнім) Қазақстанда 12700,
Қырғызстанда – 2200, Тәжікстанда – 2000, Өзбекстанда – 3100, Түркменстанда
– 7500 АҚШ долларына тең. Батыстық дамыған елдерде адамдардың табысы мен
тұрмыс деңгейі жоғарылаған сайын, өлім-жітім азайып, өмір сүру ұзақтығы да
өседі, ал, Қазақстанда болса керісінше болып тұр. 2010 жылғы дерек бойынша,
1000 адамға шаққандағы өлім-жітім деңгейі төмендегі таблицада берілген:
БҰҰ дерегі бойынша, ІЖӨ денсаулық сақтау саласына бөлінетін жалпы шығын
Қазақстанда 4,5 %, Қырғызстанда – 6,8 %, Тәжікстанда –5,3 %, Түркменстанда
– 2,3 %, Өзбекстанда – 5,2 % екен. Мұнайға бай Қазақстан мен Түркменстан
халқының денсаулығын сақтауға ІЖӨ бөлетін қаржысы өздерінің кедей
көршілеріне қарағанда азырақ. Ал өмір сүру ұзақтығы болса Қазақстанда –
68,5 жас, Өзбекстанда 72,5 жас, Қырғызстанда – 70,0, Түркменстанда – 68,52,
Тәжікстанда – 66,03 жас. БҰҰ есебінде берілген бұл көрсеткіштер бізді
ойландыруы тиіс.

2012 жылғы қаңтар-қараша айлары аралығында Қазақстандағы статистикаға
қысқаша тоқталсақ: табиғи өсім 222,9 мың адам; өлген адам саны 133,7;
шетінеген сәбилер саны 4 810; тіркелген неке 153 мың; ажырасу 45,1 мың;
миграция сальдосы минус 1 447 адам (елге келушілер 26530, кетушілер 27977
адам). Халқымыздың өлім-жітімінің көлемі табиғи өсімінің жартысынан асып
тұр. Өлген адамдарды ұлттық құрамына қарай жіктесек,қазақтар (60 мыңнан
астам), орыстар (50 мыңнан астам), украиндар (10 мыңнан астам), татарлар (3
мыңнан астам), өзбектер (2,5 мыңнан астам), немістер (2 мыңнан астам),
ұйғырлар (1,5 мыңнан астам), қалғаны өзге диаспора өкілдері. Көріп
отырғанымыздай, қазақтар арасында өлім-жітім мен нәрестенің шетінеуі көп
болып тұр. Бұған қоса, шетелдердегі қазақтарды көшіруге арналған Нұрлы
көш бағдарламасы да саябырсып, оралмандарға квота берудің тоқтатылуы
Қазақстандағы қазақтардың саны өсуіне кері әсер етіп отыр. Осы мәселе оң
шешімін тауып, Нұрлы көш шындап нұрын шашса игі еді.
Қазақстан билігі денсаулық сақтау ісіне барынша көңіл қоюға тырысуда. 100
мектеп, 100 аурухана, Саламатты Қазақстан сияқты мемлекеттік
бағдарламалар да қабылданған. Бірақ әлі де болса атқаратын істер мен шешімі
табылмаған мәселелер жетерлік. Мысалы, түрлі ауру-сырқаулар өршіп тұр.
Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігінің ресми статистикасына сәйкес
еліміздегі өлім-жітімнің негізгі себебі болып саналатын жүрек қан тамыр
ауруларымен республика бойынша екі миллионға жуық адам тіркелген. Бұл
еліміздің экономикалық белсенді тұрғындарының 12 % құрайды екен.

Аурудың өліммен аяқталуына көбінесе жүректің ишемиялық ауруы мен жоғары қан
қысымы себеп болуда (оның ақыры инсульт пен инфаркт), және ең өкініштісі –
бұл ауру жылдан жылға жасарып, 30-40 жас аралығындағыларды жайлап барады.
2006 жылы ресми тіркелген онкологиялық дертке шалдыққандар саны 28 мың 573
болса, 2012 жылдың соңында 30 мың 299 адамға жеткен. Мамандар болса аурулар
саны бұдан едәуір көп дейді... Яғни, қатерлі ісіктің тырнағына іліккен
сырқаттар саны жыл сайын артып отыр. Өлім-жітімнің артуына себепші тажал —
онкологиялық аурулардан елімізде жыл сайын 17 мың адам жан тәсілім етеді
екен. Статистикаға сенсек, олардың 42 % еңбекке қабілетті тұрғындар.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының статистикасы бойынша туберкулезбен
аурудың эпидемиясы 100 мың адамға шаққанда 50 ауру адам болып есептеледі.
Қазақстанда болса, бұл көрсеткіш 3,5 еседен де көп болып (180 ауру адам),
ТМД мен Еуропа елдері арасында алдыңғы орында тұр.

100 мың адамға шаққанда Молдова Республикасынада – 170, Қырғызстанда – 160,
Румынияда – 130, Өзбекстанда – 130, Ресей Федерациясы мен Грузияда 110 ауру
адамнан келеді. Салыстыру үшін: Израильде – 6, Чехияда – 9, АҚШ пен
Германияда – 5 ауру ғана. Туберкулез мәселесі жөніндегі ұлттық орталық
директоры Т. Абилдаев, қазір, Қазақстанда туберкулездің ашық түрімен
ауыратын 25 500 астам адам тіркелгенін, олардың дені еңбек жасындағы – 18-
54 жас аралығындағы, ал, тең жартысынан астамы 34 жасқа дейінгі
қазақстандықтар екенін айтады. Бұған түрмелерде отырған ауруларды қоссақ,
30 мыңнан асады. Бұған қоса 8000 астам туберкулездің мультирезистенттік
формасымен (мутацияланған) ауыратындар тағы бар. Қарапайым туберкулезге
қарағанда оның мутацияланған түрін емдеу қиын әрі 15-20 есе қымбат екен.
Отанымызда жыл сайын 15000 адамға туберкулез диагнозы алғаш қойылуы оны
жұқтырғыштардың көптігін білдіреді. Қазақстан бойынша туберкулез Атырау,
Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан облыстарында өршіп
тұр. Ауру деңгейі Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарында ғана төмен,
қалған аймақтарда орташа және ортадан жоғары деңгейде. Туберкулезден
болатын өлім-жітім көп, олардың
52% – өкпенің созылмалы ауруынан, 8% – жаңа жұқтырғандар, 14% — қайта
жұқтырғандар, 12% – түрмеден шыққандар, 14% – үй-күйі жоқ қаңғыбастар.
Қазақстанның демографиясын дендеген аурудың қауіптісі

ВИЧ-инфекция мен СПИД. Әлем бойынша әрбір он секундта бір адам СПИД-тен
өлсе, жыл сайын 5 млн. адам ВИЧ-инфекция жұқтыратыны дәлелденген фактіге
айналды. Әлемдік қауымдастық 1 желтоқсанды СПИД-пен күрес күні деп
жариялауы осыдан. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі СПИД алдын алу және
күресу жөніндегі республикалық орталығының мәліметі бойынша, 2010 жылмен
салыстырғанда (14 812 ВИЧ-инфекция жұқтырғандар, 1 102 СПИД ауыратындар),
2012 жылы Қазақстандағы ВИЧ-инфекция жұқтырғандар – 18 830, СПИД-пен
ауыратындар саны – 1595 адамға жетіп, едәуір өскен.
Жалпы, ВИЧСПИД-пен ауыратын қазақстандықтардың 70,1% ерлер, 27,6% әйелдер,
қалғаны жас балалар. Жас балалардың 200 астамы қазақ ұлты көп шоғырланған
Шымкент өңірінен. Ересектер арасында бұл дерт Алматыда ең көп тіркелген – 3
мыңнан астам, ең азы Қызылорда облысында – 59 адам. ВИЧ-инфекция жұқтырудың
67,1% стерильді емес шприцпен тамырға наркотик егу арқылы, 24,4% жыныстық
жолмен, қалғандары медициналық салғырттықтан (дәрі егу, қан құю кезінде)
болған. Ал, барлық аурулардың 58,3% Қарағанды облысында тіркеліпті. 2010
жылы 2507 қазақстандық ВИЧСПИД жұқтырғандар өлген және бұл тенденцияға
айналуда.
ВИЧСПИД-пен күресуге жыл сайын республикалық және жергілікті бюджеттен 1,2
млрд. жуық теңге жұмсалуда. Бір пациентті жеңіл емдеуге 1000 $, ауыр түрін
емдеуге 5-7 мың $ қажет. СПИД күрес жөніндегі ғаламдық қор Қазақстанға 2011-
2013 жылдарға 18,8 миллион доллар грант бөлген. Көріп отырғанымыздай, басты
себептерінің бірі – адамдардың немқұрайлығы мен жауапсыздығы болып
табылатын, емі жоқ бұл аурумен күресуге қыруар қаржы жұмсалуда. Бұдан бөлек
гепатит, бруцеллез, қырым безгегі, бауыр-бүйрек сияқты толып жатқан ару-
сырқаулар да қазақстандықтардың бойында жетерлік. Әсіресе, зәр мен өт
жолдарына тас жиналу салдарынан ота жасау арқылы бүйрек пен өтті сылып
тастаудан жыл сайын әрбір жүздеген қазақстандық жарымжан болып қалуда
(статистика бойынша барлық аурулардың 9,5 %). Оның басты себептерінің бірі
– ауыз судың сапасыздығы болып табылады. Ауыз су мемлекеттік бағдарламасы
толық жүзеге аспауда: түрлі келеңсіздіктер мен жемқорлықтың салдарынан
халық әлі күнге дейін сапасыз су ішуде, алаяқ жылпостар өз пайдасы үшін
қоғамға үлкен зиян келтіріп, ел игілігіне жұмсалуы тиіс бюджет қаржысын
желге ұшыруда.
Ауру-сырқаулармен қатар, соңғы кездері суицид те көбейіп барады. Денсаулық
сақтау министрлігінің жауапты хатшысы Серікбол Мусиновтың
көрсетуінше, Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы барлық елдердегі суицид
көрсеткішін үш топқа бөліп қарастырады. Біріншісі: жоғары және өте жоғары
деңгей (100 мың адамға шаққанда 20-дан). Ол елдердің қатарына Қазақстан да
кіріп үлгерген. Нақтырақ айтсақ, 1-орында – Литва (42), 2-орында – Беларусь
(37), 3-орында – Ресей (36), 4-орында – Қазақстан (30), 5-орында –Венгрия
(26), 6-орында – Украина (25), 7-орында – Жапония (24). Өкінішті-ақ,
біздің елде 100 мың адамға шаққанда 30 адам өз-өзіне саналы түрде қол
жұмсайды екен. ҚР Бас прокуратурасының арнайы есебі бойынша, 2011 жылы
Қазақстанда 257 нақты суицид пен 592 суицид жасауға тырысу болған. ҰБТ
енгізілгелі мектеп бітіруші оқушылар арсында суицид саны артқан (2009 жылы
209, 2010 жылы 237...). Тіпті Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы Қазақстанды
суицид ауруы ушыққан елдердің санатына енгізіпті. АҚШ, Англия,Франция,
Италия, Армения, Әзірбайжан халқы өз-өзіне қол жұмсау әрекеті
бойынша орташа және төмен елдердің қатарына енсе, Мысыр, Гаити, Ямайка
жұртында бұл  көрсеткіш нөлге тең екен. 
Отандастарымыздың өз-өзіне қол жұмсауына ең алдымен психикалық жағдай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Аңырақай», «Орбұлақ» және өзге де шайқастар
Қ.Жұмаділовтің романдарының тарихилығы
Жаңа қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу
Жеткіншектің өміріндегі жолдастарымен қарым - қатынасы
Созақ жерінің тарихы
Тарихи романдардың басты идеялық-көркемдік ерекшелігі. Қ.Жұмаділовтің "Дарабоз" романына, Шерхан Мұртазаның "Ай мен Айша" роман-диологиясына, А.Кемелбайдың "Қоңыр қаз" шығармасына әдеби талдау
Саяси лидерлік және оның типтері жайында
Қазақстанның даму жолдары және перспективалары: «Мәңгілік ел» идеясы
Қабдеш Жұмаділов
Жастардың даму кезеңдері
Пәндер