Болашақ педагог-психолог мамандардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру жолдары



1 Кәсіби құзыреттілік ұғымы
2 Оқудағы құзыреттілік тәсілді жүзеге асыру
Еліміздің болашақтағы дамуы, өсіп-өркендеуі, әлемдік кеңістіктегі орны білімнің бағыт-бағдарына, оның тиімділігіне байланысты болмақ. Осы бағытта білім беру жүйесінің орны маңызды, себебі кәсіптік құзыреттілігі жоғары мамандар – мемлекет дамуының кепілі. Демек, студенттерді үздіксіз өз бетімен білім алуға, білімін жетілдіруге баурап, өмірлік белсенді ұстанымы бар шығармашыл әрі жауапкершілік, ізденімпаз, дербес тұлға тәрбиелеу міндеті қойылып отыр. Яғни студенттердің оқу-танымдық іс-әрекетінде субъективті шығармашылық дербестігін дамытатын оқу үрдісін ұйымдастыру, тиімді әдіс-тәсілдерін пайдалану, өзіндік жұмыс істеу, біліктерін қалыртастыру, іздену аясын кеңейту кәсіптік орта білім беретін оқу орындарында өзекті мәселе болып табылады.
«Құзыреттілік» сөзі француз тілінен «заңға сай», ал латын тілінен «сай болу», «қабілетті», «талап қою», ал ағылшын тілінен «қабілетті», «жетік» деген мағынаны білдіреді. Сонымен қатар құзыреттілік ұғым «білім», «біліктілік», «әдет» сияқты ұғымдарды қамтиды. Құзыреттілік оқу нәтижелерімен қатар, студенттердің шығармашылық іс-әрекеттері мен құндылық бағдарларының жүйесін көрсетеді.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
БОЛАШАҚ ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГ МАМАНДАРДЫҢ КӘСІБИ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
ЖОЛДАРЫ

Нұрмағанбетова А.
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ МПК-011 тобының магистранты

Еліміздің болашақтағы дамуы, өсіп-өркендеуі, әлемдік кеңістіктегі орны
білімнің бағыт-бағдарына, оның тиімділігіне байланысты болмақ. Осы бағытта
білім беру жүйесінің орны маңызды, себебі кәсіптік құзыреттілігі жоғары
мамандар – мемлекет дамуының кепілі. Демек, студенттерді үздіксіз өз
бетімен білім алуға, білімін жетілдіруге баурап, өмірлік белсенді ұстанымы
бар шығармашыл әрі жауапкершілік, ізденімпаз, дербес тұлға тәрбиелеу
міндеті қойылып отыр. Яғни студенттердің оқу-танымдық іс-әрекетінде
субъективті шығармашылық дербестігін дамытатын оқу үрдісін ұйымдастыру,
тиімді әдіс-тәсілдерін пайдалану, өзіндік жұмыс істеу, біліктерін
қалыртастыру, іздену аясын кеңейту кәсіптік орта білім беретін оқу
орындарында өзекті мәселе болып табылады.
Құзыреттілік сөзі француз тілінен заңға сай, ал латын тілінен сай
болу, қабілетті, талап қою, ал ағылшын тілінен қабілетті, жетік
деген мағынаны білдіреді. Сонымен қатар құзыреттілік ұғым білім,
біліктілік, әдет сияқты ұғымдарды қамтиды. Құзыреттілік оқу
нәтижелерімен қатар, студенттердің шығармашылық іс-әрекеттері мен құндылық
бағдарларының жүйесін көрсетеді.
Кәсіби құзыреттілік ұғымы Б.С.Гершунский еңбектерінде сауаттылықтан
басталып, менталитеттен аяқталатын даму сатысының қандай да бір деңгейін
белгілейтіндігі туралы айтылса, В.А.Сластинин кәсіби құзыреттілікті жеке
тұлғаның кәсіби іс-әрекетті атқаруға теориялық және практикалық әзірлігі
мен қабілетінің бірлігі деп түсіндіреді. Осы айтылғандарды түйіндей келе,
кәсіби құзыреттілік сонымен қатар адамның өзіндік кәсіби деңгейімен,
тәжірибесімен және өзіндік қабілеттерімен ерекшеленіп, оның түрткі болған
талпынысы, үздіксіз өз бетімен білім алу, білімін жетілдіру, іске деген
шығармашылық, жауапкершілік қатынасымен анықталатындығын және
құзыреттілікті кәсіби білімімен, негізгі мамандығымен сәйкестендірмей,
керісінше құзыреттілік студенттің мамандықпен ғана шектеліп қалмай, ауқымды
сұрақтар төңірегінде бағытталуын, кәсіби мобильділігін, өзгерістерге
ашықтығын, өз білімін дамытуға дайындығын қамтамасыз ететінін де көрсетеді.
Құзыреттілік жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайда аман қалуды
қамтамасыз етеді және олар бәсекеге қабілетті маманмен қамсыздандырады.
Көптеген елдерде құзыреттілікке жаңаша мән берілгендіктен, білімді жоғары
дәрежеге көтергені жақсы мәлім. Құзыреттілік еңбек базарында тұрақты өсіп
отырған талаптармен, шапшаң технологиялық өзгертулермен, жаһандастырумен,
соның ішінде академиялық және еңбектегі мобильділіктің өсуімен негізделген.
Жалпы түрде кәсіптік құзыреттілікті жалпыланған білімнің, дағдының
және қабілеттіліктің біртұтас және жүйеленген жиынтығы ретінде қарастыруға
болады. Өйткені ол студенттің алған білімі мен дағдыларын іс жүзінде, кез-
келген ортада кәсіби міндеттерді шешу немесе күнделікті өмірде қандай да
бір теориялық және практикалық үрдістерді шешу үшін қолдана алу
қабілеттілігі мен дайындығы, яғни өзгермелі еңбек нарығы жағдайында қисынды
болу қабілеттілігі мен дайындығы болып табылады.
Неғұрлым кең қолданылатын әмбебап құзыреттіліктерді түйінді
құзыреттіліктер деп атайды. Олар қазіргі заманғы ғылыми білім негіздерін,
көптеген нәрселер мен нақты құбылыстардың қағидалары мен заңдылықтарын
қамтиды.
Кәсіптік құзыреттілік теориялық және практикалық мәселелерді шешу үшін
іс-әрекеттің алуан түрін орындау үрдісінде жүзеге асады, сондықтан олардың
құрамына іс-әрекеттік білім\, білік дағдылармен қатар, мотивациялық және
сезімдік – еріктік салалар да енеді. Кәсіптік құзыреттіліктің маңызды
құраушысы тәжірибе, яғни адамның түрлі мәселені шешудегі меңгерген жеке
әрекеттері мен әдіс-тәсілдерінің тұтас бірлікке жаңалануы болып табылады.
Білім мен ақпарат үстемдік құрған қоғамда білім беру жүйесі инновациялық
экономиканың негізгі бөлігі болып табылады. Қатаң талаптары қалыптасып келе
жатқан инновациялық экономика қай салада болса да, бүгінгі маманның
құзыреттілігін, яғни өз саласы бойынша ой-пікірінің қалыптасуын,
кәсібилігін, өмірдің өзгермелі жағдайына бейімділігін, оған сай өз білімін
пайдалану ғана емес, оны қажеттікке қарай толықтырып отыруды талап етеді.
Сонымен қазіргі кезде кәсіптік білім беретін оқу орындарында білім
беруді жетілдірудің негізіне құзыреттілік тәсілді қолдану ұсынылып жатыр.
Оқытудағы құзыреттілік тәсіл Қазақстан, Ресей педагогтері мен
психологтарының еңбектерінде жан-жақты қарастырылып жүр, онда жалпылама
білімдер, біліктіліктер мен іс-әрекет тәсілдерін меңгеруге баса назар
аударылады.
Жалпы алғанда, дәстүрлі оқыту әдістемесінде құзыреттілік жаңа ұғым
емес. Мысалы, лингвистикалық құзыреттілікті орыс, қазақ тілдерін оқыту
әдістемесінің мамандары бұрыннан қолданып келеді. Ал тіл мен информатикада
коммуникативтік құзыреттілік жиі қолданылады.
Студенттердің кәсіптік құзыреттілігі, ең әуелі, орта кәсіптік білім
беретін оқу орындарында оқыту үрдісі кезінде қалыптасады. Ол оқу үрдісінің
негізгі сапа көрсеткіші болып табылады және қойылған мақсатқа жетуді
көздейді.
Оқудағы құзыреттілік тәсілді жүзеге асырудағы мақсат- білім беру
сапасын қамтамасыз етеді және студенттердің теориялық білімдерді игеріп
қана қоймай, оны нақты мәселелер мен проблемалық жағдайларды шешуге қолдана
алатындай болуын талап етеді. Педагог пен студент арасындағы авторитарлық
қарым-қатынастар құзыреттілік тәсіл кезінде оқу іс-әрекетіндегі субъектілер
арасындағы бірлестік пен жұптастық қарым-қатынастарға айналады.
Бүгінгі қоғамда мамандардың әлеуметтік кәсіби қызметі елеулі өзгерімке
ұшырады. Қазір өз бетімен білім алу, өз жұмысын ұйымдастыра білу, өзін-өзі
реттей білу, жауапкершілік, практикалық интеллект, сенімділік, жоспарлауға
қабілеттілік, өзін-өзі бақылау сияқты сапалар мен қасиеттер сұранысқа ие
болып отыр.
Қазіргі бәсеке заманында қажыр-қайратың, ынта-жігерің, тынымсыз
ізденісің болмаса, көштен қалу оп-оңай екендігін де атап көрсеткен болатын.
Білім беру жүйесінің міндеті белгілі бір көлемдегі білім беруді көздеу
емес, алынған кәсіптік білімді адамның өзінің қызметінде қолдана білуге
үйрету болуы тиіс. Осыған байланысты бүгінгі күні жеке тұлғаның, яғни
студенттің, өз бетінше дербес білім алуында болып жатқан оқу үрдісі –
күрделі, жеке психофизиологиялық үрдіс деп қарастырылады. Бұл жерде студент
оқу объектісі емес, оқу субъектісі болып табылады. Ол ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаһандану әлеміндегі педагог-психолог мамандарының кәсіби құзіреттілігін білім беруде қалыптастыру
Болашақ педагог-психолог мамандардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру
Болашақ педагог-психолог мамандардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастырудың теориялық негіздері
Көптілді білім беру жағдайында болашақ педагог - психологтардың кәсіби құзіреттілігінің әдіснамалық тұғырлары
Болашақ педагогтің құзіреттіліктерін қалыптастырудың педагогикалық негізі
Қазіргі болашақ мұғалімдердің жаһандану жағдайындағы кәсіби құзыреттілігін дамытудың педагогикалық мәселелері
Жұмыстың жалпы сипаттамасы
Болашақ мамандарды бағалау және оның түрлері
Мультимедиялық технология бастауыш сынып оқушыларының ой-өрісін кеңейту құралы ретінде
Кәсіби құзыреттілік мәселесі
Пәндер