Болашақ мұғалімдердің этнопедагогикалық мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық негіздері


ӘОЖ 378⋅124:39(574) Қолжазба құқығында
АЙДНАЛИЕВА НАЗГУЛЬ АМАНЖОЛОВНА
Болашақ мұғалімдердің этнопедагогикалық мәдениетін
қалыптастырудың педагогикалық негіздері
13. 00. 08 - Кәсіптік білім беру теориясы және әдістемесі
Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін
дайындалған диссертацияның
авторефераты
Қазақстан Республикасы
Астана, 2010
Жұмыс Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында орындалған
Ғылыми жетекшісі: педагогика ғылымдарының докторы
П. Б. Сейітқазы
Ресми оппоненттер: педагогика ғылымдарының докторы,
профессор К. М. Кертаева
педагогика ғылымдарының кандидаты,
доцент Т. К. Қазанғап
Жетекші ұйым: Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды
мемлекеттік университеті
Диссертация «26» қараша 2010 ж. сағат 10. 00 Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жанындағы Д 14. 61. 51 диссертациялық кеңесінің мәжілісінде қорғалады (010009, Астана қ., Қажымұқан көшесі, 13, №3 оқу ғимараты, 428 дәрісхана) .
Диссертациямен Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің кітапханасында танысуға болады.
Автореферат «___» қазанда 2010 ж. таратылды.
Диссертациялық кеңестің
ғалым хатшысы Т. Қ. Мусалимов
Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі. Келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени, ғылыми өресі озық азамат етіп тәрбиелеу қай кезеңнің де басты мақсаты. Ал ойлы-пайымды, білімді, мәдениетті, іскер жастарды тәрбиелеуді адамзаттың ақыл ойы мен мәдениеттің дамуындағы құнды байлықтың барлығын игере отырып, оны бүгінгі ұрпақтың санасына ұстаздық шеберлікпен біртіндеп сіңіру арқылы ғана жүзеге асыруға болады. Сондай-ақ, жасөспірімдердің бойында адамгершіліктік қасиеттерді қалыптастыруда мұғалімдердің этнопедагогикалық мәдениеттерінің озық болуының да ролі орасан зор. Тәрбиенің негізі - ұлттық тәлім-тәрбие екені сөзсіз. Себебі ұлттық салт-дәстүрімізді қайта жаңғыртып, қалпына келтірудің ең таңдаулы жолы жас ұрпаққа өз елінің халықтық педагогикасын оқыту болып табылады. Мұндағы алға қойылып отырған негізгі талаптар - Қазақстан білім беру жүйесінің бүкіләлемдік білім беру кеңістігіне толық енуінің алғашқы ұлттық даму стратегиясын жасап, моделін құру.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті Білім беру стандартында: «Қазіргі жағдайда қоғамның білім деңгейімен интеллектуалдық әлеуеті ұлттық байлықты құрайтын маңызды сипатқа ие, ал адамның білімділігі, кәсіби икемділігі, шығармашылыққа талпынысы және қолайсыз жағдайларда әрекет ете білуі еліміздің дамуына, тұрақтылығына және қауіпсіздігіне негіз бола алады» деп көрсетілген.
Білім берудің мемлекеттік стандарттары оларды этнопедагогикалық компоненттермен толықтыруға, әр халықтың этникалық және мәдени өзгешеліктерін, олардың теңдігін, жалпы дамуға және қолайлы жағдайын қосқан ерекше үлестері арқылы қарастыруды қамтамасыз ету мақсатында, оқу бағдарламаларын жүйелі түрде кеңейту мен жаңартуға жағдай жасады.
Олай болса, ұлттық білім беру жүйесінің қалыптасуы ұлттық тәрбие арқылы дамитыны сөзсіз.
Ұлы ғұлама әл-Фарабидің «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» деген ойының негізі ұлттық тәрбиенің аса маңыздылығын көрсетеді.
Мұғалім жеке басының рухани келбеті, жоғары кәсіби сапалары, әлеуметтік белсенділігі этнопедагогикалық даярлығы дәрежесімен де ерекшеленеді деп есептейміз. Өйткені, мұғалімнің этнопедагогикалық даярлығы, оның адамгершілік тұлғасын, парасаттылығы мен азаматтық биіктігін шыңдайды. Жалпы мұғалімнің жеке басының мәдениеті этнопедагогикалық мәдениет арқылы дамитыны сөзсіз. Мұғалімнің этнопедагогикалық мәдениеті - оның мәртебесін анықтайтын өлшемдердің бірі деп есептеуге болады. Жақсы мұғалім ең алдымен жақсы адам болуы тиіс. Ары таза, байсалды да төзімді, кешірімді де, әділетті мұғалім әрқашанда басқалардан айрықша тұрады. Мұғалімнің этнопедагогикалық мәдениеттілігі оның жоғары кәсіби педагогикалық деңгейін көрсетеді. Педагогтың кәсіби-педагогикалық бағыттылығын сипаттайтын жеке тұлғасының қасиеттері - оның беделінің көрсеткіші болып табылады.
Қоғамда болып жатқан өзгерістерге сәйкес Қазақстандық білім беру жүйесінде де оң жаңалықтар болуда. Соның бір көрінісі - мұғалімнің этнопедагогикалық мәдениетінің қалыптасу мәселесіне бет бұру болып табылады.
Мектеп алдында тұрған міндеттерді шешу үшін мұғалім өз пәнін терең білу ғана емес, сонымен қатар жоғары этнопедагогикалық мәдениетке ие болуы қажет. Бұл қазіргі кездегі мектеп қажеттіліктеріне, оның қалыптасқан проблемалары мен қайшылықтарына сәйкес келетін көзқарасы жаңа мұғалімді дайындау мәселесін тудырып отыр. Осыған байланысты біз диссертациялық жұмысымызда болашақ мұғалімнің этнопедагогикалық мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық негіздерін қарастыруды көздедік.
Қазақтың халық педагогикасы мұраларын тұтастай зерттеу ісіне республикамыздың тарихшылары, философтары, әдебиеттанушылары, өнертанушылары (М. О. Әуезов, Е. Б. Бекмаханов, С. Мұқанов, М. Ғабдуллин, С. А. Қасқабасов, К. Б. Бейсембиев, Ә. Марғұлан, Э. А. Масанов, Б. Р. Қазыханова, Н. Сарсенбаев, М. Базарбаев және т. б. ) қомақты үлес қосты.
Этнопедагогика және халықтық педагогика проблемаларын айқындауда Г. Н. Волковтың (Шувашия), Я. И. Ханбиковтың (Татарстан), А. Ш. Гашимовтың (Әзірбайжан), А. Ф. Хинтибидзенің (Грузия), К. Пирлиевтің (Түркіменстан), А. Э. Измайловтың (Қырғызстан) еңбектері ерекше ғылыми құндылыққа ие болып отыр. Сондай-ақ Қазақстанда да халықтық педагогика проблемалары бойынша бірқатар диссертациялар қорғалып (И. Оршыбеков, А. Х. Мұхамбаева, М. Х. Балтабаев, Ә. Қамақов, К. Сейсембаев, Е. Сағындықов, Т. А. Қышқашбаев, Р. К. Дүйсембінова) кітаптаптар шығарылды, мақалалар жарық көрді. Осы тұрғыда қазақ этнопедагогикасы ғылымы мен болашақ мұғалімдерді ұлттық тәрбиеге даярлаудың негізін жасағандар Қ. Жарықбаев, С. Қалиев, С. Ұзақбаева, К. Қожахметова, Ж. Наурызбай, Ә. Табылдиев, Ж. Асанов, Қ. Бөлеев, И. Халитова, Ш. Жанұзақова, Р. Дүйсембинова, Т. Әлсатов, С. Ғаббасов, Р. Төлеубекова, т. б. педагог-ғалымдар өз үлестерін кеңінен қосты.
Болашақ мұғалімдерді және тәрбиешілерді даярлауда қазақ халық педагогикасы мен этнопедагогика материалдарын пайдалану проблемасы Қ. К. Болатбаев, Т. Қуанышев, Е. С. Асылханов, Ж. С. Хасанова, Б. М. Досқараев, М. Т. Тәникеев, М. Х. Балтабаев, Ұ. М. Әбдіғапарова, С. Әбілдина, Б. И. Ижанов, Қ. Ералин, Қ. Бөлеев, Г. Р. Бахтиярова, Қ. А. Сарбасова, Н. М. Көшеров, Т. М. Қазанғап, Б. Ж. Мұқанова т. б. еңбектерінде қарастырылған.
Педагог кадрлардың мамандығын арттыру жүйесінде этнопедагогика материалдарын пайдалану проблемасы Л. Қ. Бөлеева, алыс шетелдердегі қазақ мектептерінде халықтық педагогика материалдарын пайдалану проблемасы Ә. Ашайұлы, Қ. Абыразақұлы т. б. еңбектерінде көрініс тапқан.
Қазақстанның дамуындағы жаңа жағдайлар жоғары кәсіптік білім беру жүйесінің алдына да жаңа міндеттерді қойып отыр. Осы орайда кәсіптік білім беру мәселелерімен айналысқан, яғни жоғары оқу орындарында мамандардың кәсіби даярлығын қалыптастырудың теориялық, ғылыми, әдістемелік негіздерін анықтау мәселелері Ш. Абдраман, А. Б. Абибуллаева, Б. Әбдікәрімұлы, С. А. Әбдіманапов, А. М. Әбдіров, Б. А. Әлмұханбетов, Н. А. Завалко, С. Т. Каргин, К. М. Кертаева, Б. Т. Кенжебеков, М. А. Лигай, А. С. Мағауова, М. С. Мәлібекова, Г. Ж. Меңлібекова, Т. К. Мусалимов, О. Г. Мусабеков, Б. К. Момынбаев, Ы. Ә. Нәби, С. Ж. Пралиев, А. П. Сейтешев, П. Б. Сейітқазы, О. Сыздық т. б. ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған.
Болашақ мұғалімдерді тәрбие үдерісіне дайындауда этнопедагогика материалдарының ерекшеліктеріне мән беру мәселесін зерттеген: В. В. Борисов, А. В. Қайсарова, Т. Н. Кондратьева, Е. В. Кузнецова, В. Д. Лобашев, Н. А. Муштакова, М. Б. Насырова, Н. А. Лобанова, В. Н. Скворцова, С. Я. Ооржак, О. И. Пономарева, К. С. Садыков, Л. И. Северинова, Н. И. Синявский, С. Г. Тишулина, Е. В. Андриенко, В. Ю. Штыкарева т. б. еңбектерінің маңызы зор. Бұл еңбектерде болашақ мұғалімдердің этнопедагогика материалдарын оқу-тәрбие үдерісінде пайдаланудың мән-мазмұнын, әдіс-тәсілдерін, ұйымдастыру формаларын, сабақта және сабақтан тыс тәрбие жұмыстарын жүргізу түрлерін қарастырып, тәрбие міндеттерін шешуге көңіл бөлінген. Бұл міндеттердің жүзеге асырылуы мектеп мұғалімдеріне жүктелгендіктен, болашақ мұғалімнің кәсіби даярлығын қазіргі қоғамның талабына сай, этнопедагогикалық мәдениеттілігімен ерекшеленетін мұғалімді қалыптастыру мәселесі туындайды. Аталған ғалымдардың ұлттық тәрбие жайындағы еңбектері біраз көкейкесті мәселелерді алға тартады. Мәселен, республикамызда ұлттық тәрбиеге көңіл бөлу жайы және болашақ мұғалімдер үшін этнопедагогиканың яғни, ұлттық мәдениеттің маңызы зор екендігі кеңінен қарастырылған. Ұлттық мәдениет мәселелері ғылыми тұрғыдан кеңінен қарастырылғанымен, біздің тәжірибеміз бойынша болашақ мұғалімдердің этнопедагогикалық мәдениеті мәселесін ары қарай зерттей түсу қажет етілуде. Мәселенің көкейкестілігі, болашақ мұғалімдердің этнопедагогикалық мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық негіздері теория жүзінде зерттеу және практикадағы маңыздылығы жоғары оқу орын оқытушыларына, мектеп мұғалімдеріне, ғылыми ізденушілерге, студенттерге арнап зерттеу қажеттілігін тудырып тұр. Сондықтан, болашақ мұғалімдердің этнопедагогикалық мәдениетін тек теориялық білімін жетілдірумен шектелмей, олардың мәдени деңгейін, педагогикалық шеберлігін, ізденімпаздығын көтеруге бағытталуы қажет. Сонымен, ғылыми зерттеулер мен философиялық, психологиялық-педагогикалық еңбектерді және жоғары оқу орнындағы педагогикалық үдерісті талдау барысында төмендегідей қарама-қайшылықтарды анықтауға мүмкіндік берді:
- мұғалім мамандығына деген қоғамдық қажеттілік пен болашақ мұғалімнің этнопедагогикалық мәдениетін қалыптастырудың ғылыми-теориялық негізделуінің жеткіліксіздігі арасындағы;
- болашақ мұғалімдердің этнопедагогикалық мәдениет мүмкіндіктері мен оны дамытуда педагогикалық жағдайлардың әлі де болса жүйелі ұйымдастырылмауы арасындағы;
- жоғары кәсіптік білім беру жүйесінде болашақ мұғалімдердің этнопедагогикалық мәдениетін қалыптастыру талаптары мен бұл мәселені іске асыруда оған негіз болатын шаралардың қажеттілігі арасындағы қайшылықтар зерттеу проблемасын анықтап, тақырыпты « Болашақ мұғалімдердің этнопедагогикалық мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық негіздері» деп таңдауымызға себеп болды.
Зерттеудің мақсаты: болашақ мұғалімдердің этнопедагогикалық мәдениетін қалыптастыру үдерісін ғылыми-педагогикалық тұрғыдан негіздеу және оны жүзеге асыру әдістемесін жасау.
Зерттеудің нысаны: жоғары кәсіптік білім беру жүйесі.
Зерттеудің пәні: жоғары кәсіптік білім беру үдерісінде болашақ мұғалімдердің этнопедагогикалық мәдениетін қалыптастыру.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер, болашақ мұғалімдердің этнопедагогикалық мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық негіздері анықталса, болашақ мұғалімдердің этнопедагогикалық мәдениетін қалыптастыру моделі және оларды жүзеге асыруға байланысты әдістеме дайындалып, оқу үдерісіне ендірілсе, онда болашақ мұғалімдердің этнопедагогикалық мәдениетін қалыптастыруға педагогикалық оқу орындарында кеңінен мән берілер еді, ал бұл үдеріс, студенттердің кәсіби-педагогикалық құрылымын байыта түсуіне әсер етеді және жасөспірімдер тәрбиесінде тиімділігін арттырады.
Зерттеудің міндеттері:
- болашақ мұғалімдердің этнопедагогикалық мәдениетін қалыптастыру мәселесін теориялық тұрғыдан талдау және педагогикалық негіздерін анықтау;
- «этнопедагогикалық мәдениет», «болашақ мұғалімдердің этнопедагогикалық мәдениетін қалыптастыру» ұғымдарының мәні мен мазмұнын нақтылау;
- болашақ мұғалімдердің этнопедагогикалық мәдениетін қалыптастыру моделін құру, өлшемдері мен көрсеткіштерін, деңгейлерін негіздеу;
- болашақ мұғалімдердің этнопедагогикалық мәдениетін қалыптастырудың әдістемесін жасап, оның тиімділігін тәжірибелік- эксперимент жұмыстары арқылы тексеру.
Зерттеудің жетекші идеясы: болашақ мұғалімдердің этнопедагогикалық мәдениетін қалыптастыруды олардың тұлғалық құрылымының элементі ғана емес, кәсіби-педагогикалық құрылымын байытудың ең қажетті факторы ретінде қарастыру, болашақ мұғалімдердің этнопедагогикалық мәдениетін қалыптастыруды нәтижелі етеді.
Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздері. Мәдениеттіліктің мәні туралы философиялық ілім, диалектикалық таным теориясы, жеке тұлғаның дамуы мен әрекет теориясы, жеке тұлғаны дамытуы мен әрекет теориясы жеке тұлғалық қатынас туралы философиялық қағидалар, педагогикалық тұжырымдамалар, жеке тұлғаны дамытудың тұлғалық-бағдарлық теориясы, құндылық теориясы.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңызы:
- болашақ мұғалімдердің этнопедагогикалық мәдениетін қалыптастыру мәселелері теориялық тұрғыдан қарастырылып және оның кәсіби даярлықтағы орны анықталды;
- «этнопедагогикалық мәдениет», «болашақ мұғалімдердің этнопедагогикалық мәдениетін қалыптастыру» ұғымдарының мәні нақтыланды;
- болашақ мұғалімдердің этопедагогикалық мәдениетін қалыптастырудың моделі құрылды, өлшемдері мен көрсеткіштері, деңгейлері негізделді;
- болашақ мұғалімдердің этопедагогикалық мәдениетін қалыптастырудағы даярлықтың мазмұны мен әдістемесі жасалып, оның тиімділігі тәжірибелік- педагогикалық жұмыстар арқылы тексерілді.
Зерттеудің практикалық мәнділігі:
- зерттеудің практикалық-әдістемелік нұсқауларын болашақ мұғалімдердің кәсіби даярлығын жетілдіру мақсатында жоғары оқу орнындағы оқу-тәрбие үдерісінде және жалпы орта білім беру мектептерінде, педагог-мамандар біліктілігін жетілдіру мекемелерінде қолдануға болады;
- « Этнопедагогикалық мәдениетті қалыптастыру әдістемесі » атты арнайы курс бағдарламасы жасалынып, практикада тексерістен өтті;
- болашақ мұғалімдердің этнопедагогикалық мәдениетін қалыптастыру бойынша әдістемелік ұсыныстар жасалынды.
Зерттеудің көздері : жоғары оқу орнындағы оқу-тәрбие үрдісін бағдарлайтын мемлекеттік құжаттар; философия, саясаттану, педагогика, этнопедагогика, жантану саласындағы ғылыми еңбектер; жалпы білім беретін мектептердің және жоғары оқу орны студенттерінің кәсіби даярлығын қалыптастырудағы озық тәжірибелері, оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар; автордың оқытушы ретіндегі өз іс-тәжірибесі; мектеп мұғалімдерінің озық педагогтік іс-тәжірибелері.
Зерттеудің кезеңдері: зерттеу жұмысы үш кезеңде жүзеге асырылды.
Бірінші кезеңде (2004-2006) педагогикалық институт студенттерінің этнопедагогикалық мәдениетін қалыптастырудың барысы, жалпы орта білім беретін мектептердегі мұғалімдердің этнопедагогикалық мәдениетінің жағдайы анықталды; зерттелетін проблема бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық әдебиеттерге талдау жасалынды, ғылыми аппарат және эксперимент бағдарламалары айқындалды.
Екінші кезеңде (2006-2008) мамандықтар бойынша білім беру стандарттары, оқу жоспарлары, бағдарламалар, оқу-әдістемелік құралдар талданды. Педагогикалық жоғары оқу орындарында болашақ мұғалімдердің этнопедагогикалық мәдениетін қалыптастырудың тәжірибелік-педагогикалық жұмыс бағдарламалары дайындалып, оқу-тәрбие үдерісінде пайдаланылды, тәжірибелік-эксперименттік материалдар жинақталып қорытындыланды.
Үшінші кезеңде (2008-2010) тәжірибелік-педагогикалық жұмыстар жалғастырылып, алынған қорытындылар педагогтік мамандар даярлайтын жоғары оқу орындарының оқу-тәрбие үдерісіне ендіріліп, жүйеленді, эксперимент қорытындылары бойынша әдістемелік ұсыныстар жасалынды.
Зерттеудің әдістері : зерттеу проблемасы бойынша кешенді зерттеу әдістері қолданылды: ғылыми-теориялық және психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді талдау; студенттермен, мектеп мұғалімдерімен әңгімелесу, сауалнама жүргізу; жалпы білім беретін мектептердің және жоғары оқу орындарының оқу-тәрбие жұмыстарын бақылау, олардың озық іс-тәжірибелерін жинақтау, қорыту, педагогикалық эксперимент, алынған нәтижелерді сұрыптау, олардың нәтижесін математикалық әдістер арқылы өңдеу.
Зерттеудің базасы: тәжірибелік-эксперименттік жұмыс Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында, А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде 233 студент қатысты.
Қорғауға ұсынылатын қағидалар:
1. Болашақ мұғалімдердің этнопедагогикалық мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық негіздері;
2. «Этнопедагогикалық мәдениет», «болашақ мұғалімдердің этнопедагогикалық мәдениетін қалыптастыру» ұғымдарының нақтыланған мәні мен мазмұны;
3. Болашақ мұғалімдердің этнопедагогикалық мәдениетін қалыптастыру моделі, өлшемдері мен көрсеткіштері, деңгейлері;
4. Болашақ мұғалімдердің этнопедагогикалық мәдениетін қалыптастыру әдістемесі, оның тиімділігін көрсетуге байланысты эксперименттік жұмыстардың нәтижесі.
Зерттеу нәтижелерінің дәйектілігі мен сенімділігі: талапқа сай теориялық және әдіснамалық тұрғыда, зерттеу нысанасына сәйкес әдістерді қолданумен, эксперимент нәтижелерінің педагогикалық мақсатқа сәйкестілігімен, алдыңғы және соңғы көрсеткіштердің қорытындылауымен, жоғары оқу орындарында олардың тиімділігін тәжірибелік эксперимент арқылы өткізілуімен және практикаға ендірумен қамтамасыз етілді.
Зерттеудің нәтижелерін сынақтан өткізу және ендіру.
Зерттеудің негізгі қағидалары ғылыми баяндама түрінде халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларда (Қостанай, 2005-2010; Тараз, 2007; Алматы, 2007-2010) ; аймақтық ғылыми-практикалық конференцияларда (Қостанай, 2005-2007) ғылыми жинақтарда жарық көрді.
Диссертацияның құрылымы. Диссертация кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.
Кіріспе бөлімінде зерттеудің көкейкестілігі мен ғылыми аппараты: мақсаты, нысанасы, пәні, болжамы, міндеттері, жетекші идеясы, теориялық -әдіснамалық негізі, әдістері, кезеңдері, базасы, ғылыми жаңалығы, теориялық және практикалық мәні, қорғауға ұсынылған қағидалары, зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі, негізділігі, сынақтан өткізілуі мен тәжірибеге енгізілуі беріледі.
«Болашақ мұғалімдердің этнопедагогикалық мәдениетін қалыптастырудың теориялық негіздері» деп аталатын бірінші тарауда халықтың ғасырлар бойы жинақтаған бай тәжірибесін тереңінен зерттеген ғұлама ғалымдар мен ағартушы педагогтардың жас ұрпаққа ұлттық тәрбие беру және болашақ мұғалімдерді кәсіби қызметке даярлау жайлы ой-пікілерін талдау арқылы болашақ мұғалімдердің этнопедагогикалық мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық негіздері анықталды. «Этнопедагогикалық мәдениетті қалыптастыру» ұғымының мәні мен мазмұны ашылып көрсетілді. Жоғары оқу орнындағы болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлауда этнопедагогикалық мәдениетін қалыптастыру ғылыми-педагогикалық проблема ретінде негізделді. Болашақ мұғалімдерге этнопедагогикалық білім берудің жайы зерттелді. Сонымен қатар болашақ мұғалімдердің этнопедагогикалық мәдениетін қалыптастырудың моделі ұсынылды.
«Болашақ мұғалімдердің этнопедагогикалық мәдениетін қалыптастыру бойынша тәжірибелік-эксперименттік жұмыстардың нәтижелері» деп аталатын екінші тарауда болашақ мұғалімдердің этнопедагогикалық мәдениетін қалыптастыруда ЖОО оқу-тәрбие үдерісінің мүмкіншіліктері көрсетіліп, әдістемесі ұсынылды. Болашақ мұғалімдердің этнопедагогикалық мәдениетін қалыптастыру бойынша тәжірибелік-эксперименттік жұмыстардың нәтижелері баяндалды.
Қорытынды бөлімінде теориялық және зерттеу жұмысының нәтижелері бойынша алынған тұжырымдар мен ұсыныстар берілді.
Қосымшада зерттеу жұмысының барысында қолданылған мәліметтер, студенттерге, мұғалімдерге арналған сауалнамалар, нұсқаулар, тапсырмалар ұсынылады.
Негізгі бөлім
Жоғары оқу орындарының алдындағы негізгі міндет жоғары сапалы маман даярлау. Қазіргі мектептердегі жас ұрпақтың тәрбиесі жоғары білімді, әрі сапалы, ұлттық тәрбиеден түсінігі мол маманды талап етеді.
Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның болашағы - қоғамның идеялық бірлігінде» - деген еңбегінде «ұлттық мәдениетке, ана тіліне еркіндік беру, оны тәлім-тәрбие құралына айналдыру, тәрбие мәселесінде ұлттық ізгілік пен өркениетті әлемдік имандылық үрдісінің ортақ мүддесін жаппай сезіну және оны кіріктіре пайдалану арқылы іске асыру керек» делінген .
Жоғары оқу орнында болашақ мұғалімдердің ұлтжандылық сезімдерін ояту арқылы этнопедагогикалық даярлықтан өткізуді міндет ете отырып, олардың этнопедагогикалық мәдениеттерін теориялық біліммен байыту басты мәселе болып табылады. Болашақ мұғалімнің этнопедагогикалық мәдениетін қалыптастыру тәуелсіздік алып, егемен ел болу жағдайында қоғам өмірін ізгілендіру мен демократияландыруға байланысты көкейкесті мәселенің біріне айналды. Болашақ мұғалімдер қандай да бір пән маманы болмасын жоғары педагогикалық оқу орнында білім алатын студенттер үшін педагогика пәні және оның салаларының пәндерінде студенттердің негізгі кәсіптерін шыңдайтын пән болып табылады. Жоғары оқу орны студенттерін болашақ мұғалімдік мамандықтарына кәсіби даярлауда төмендегі міндеттер қойылады:
- кәсіптік қызметтің ғылыми негіздерімен таныстыру;
- жоғары оқу орнында білім алу еңбегі мәдениетін игеруге жәрдемдесу;
- студенттердің алдағы уақытта болатын үздіксіз және кәсіби практикаларының жолдарын жеңілдету;
- студенттердің мұғалімдік кәсіби сапаларын дербес қалыптастыруға, яғни өзін-өзі тәрбиелеу деп аталатын ізгілікті іспен шұғылдануға үйрету.
Бұл пәндерде ең ізгілікті істер оқытылады және болашақ мұғалімдер ынта-ықылас білдіруге, өмір жолдарын дұрыс таңдауға әрі педагогикалық шығармашылықтың негіздерін толық меңгеруге көмектеседі. Студенттердің жоғарыда көрсетілгендей дайындықтан өтулері бүгінгі және келешектегі жас ұрпақ үшін маңызы зор.
Жоғары оқу орнында болашақ мұғалімдердің ұлтжандылық сезімдерін ояту арқылы этнопедагогикалық даярлықтан өткізуді міндет ете отырып, олардың этнопедагогикалық мәдениеттерін теориялық біліммен байыту бүгінгі күні басты мәселелердің бірі.
Болашақ мұғалімдердің ұлттық мәдениеттерін қалыптастырудың алғышарты - олардың этнопедагогикадан теориялық білімдерін жетілдіру. ЖОО-да оқылатын этнопедагогика және педагогикалық цикл пәндерінің болашақ мұғалімдер үшін тәрбиелік әсері аса қуатты, студенттің идеялық сенімін, адамгершілік бейнесін қалыптастырады, сонымен қатар олардың ұлттық кәсіби даярлықтан өтуге жағдай жасайды.
Этнопедагогикалық мәдениет этникалық тәрбиенің маңызды құралы болып табылады және оның мазмұнын толық қамтиды, осыған байланысты біз зерттеушілердің «этнопедагогикалық мәдениет» ұғымына берген анықтамаларын және жалпы сипатын қарастырғанды жөн деп есептейміз.
Отандық педагог-ғалым К. Ж. Қожахметова «Этнопедагогикалық мәдениет» ұғымы - өз халқының дәстүрлі тағылымдық мәдениетін сипаттайтын өлшемдерді меңгеріп, оның тәрбиелік маңызын құндылық деңгейінде қабылдап, заман талабындағы оқу мен тәрбие үрдісіне лайықты үйлестіре білген әлеуметтік - педагогикалық үлгі. «Этнопедагогикалық мәдениетті» біз «педагогикалық мәдениет» пен «мұғалімнің этикалық мәдениеті» деген ұғымдардың үйлесімі арқылы аша аламыз. Сондай-ақ, «Этнопедагогикалық мәдениетті» жаңа сапа деп қарастырар болсақ, бүгінгі заман сұранысына, педагогикалық талап пен іс-әрекетімен жауап береді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz