Гимнастика спорттың бір түрі



Кіріспе.
Негізгі бөлім.
Гимнастика.
1. Белгілі бір спорт жабдығында гимнастикалык жаттығуларды бірнеше оқушы бір мезгілде орындау кезінде жарақаттанып қалудан сақтану керек. Мысалы, 2-3 бала бірден барып кермеге асылуға болмайды.
2. Секіру кезінде секірушінің екпіндей жүгіретін жолында және оның секіріп түсетін жерінде тұруға болмайды.
3. Спорт құралдарында (үлкен және кіші ағаш ат, бөрене, керме, шығыршық, аркан, гимнастикалык қабырға т. б. жаттығу орындағанда) секіргенде жерге міндетті тұрде екі аякпен тізені бүгіп түсу керек.
4. Арқан бойымен төмен түскенде екі қолмен кезек ұстап, екі аяқпен демеп, асықпай түсіру керек.
5. Акробатикалық және гимнастикалық құралдарда орындалатын жаттығуларды мұғалімнің рұқсатынсыз немесе команда берілмей бастауға болмайды.
6. Гимнастикалық таякшамен немесе секіртпемен жаттығу орындағанда, оларды жакын тұрған балаларға тигізіп алмауды катты ескеру керек.
7. Мұғалімнің немесе әріптесіңнің көмегінсіз спорт құралдарында күрделі жаттығулар орындауға болмайды.
8. Спорт жабдықтарында жаттығуды орындамас бұрын
міидетті тұрде олардың дүрыстығын тексеріп алу керек.
Тексерілмеген спорт жабдықтарында жаттығулар орындмуға болмайды.
9. Сабақта, үзіліс кезінде және басқа да орындарда
мұғалімнің ақыл-кеңесін мұқият тыңдап алмай, күрделі
жаттығулар орындауға болмайды.

Пән: Спорт
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Белгілі бір спорт жабдығында гимнастикалык жаттығуларды бірнеше оқушы бір
мезгілде орындау кезінде жарақаттанып қалудан сақтану керек. Мысалы, 2-3
бала бірден барып кермеге асылуға болмайды.
1. Секіру кезінде секірушінің екпіндей жүгіретін жолында және оның секіріп
түсетін жерінде тұруға болмайды.
2. Спорт құралдарында (үлкен және кіші ағаш ат, бөрене, керме, шығыршық,
аркан, гимнастикалык қабырға т. б. жаттығу орындағанда) секіргенде жерге
міндетті тұрде екі аякпен тізені бүгіп түсу керек.
3. Арқан бойымен төмен түскенде екі қолмен кезек ұстап, екі аяқпен демеп,
асықпай түсіру керек.
4. Акробатикалық және гимнастикалық құралдарда орындалатын жаттығуларды
мұғалімнің рұқсатынсыз немесе команда берілмей бастауға болмайды.
5. Гимнастикалық таякшамен немесе секіртпемен жаттығу орындағанда, оларды
жакын тұрған балаларға тигізіп алмауды катты ескеру керек.
7. Мұғалімнің немесе әріптесіңнің көмегінсіз спорт құралдарында күрделі
жаттығулар орындауға болмайды.
8. Спорт жабдықтарында жаттығуды орындамас бұрын
міидетті тұрде олардың дүрыстығын тексеріп алу керек.
Тексерілмеген спорт жабдықтарында жаттығулар орындмуға болмайды.
9. Сабақта, үзіліс кезінде және басқа да орындарда
мұғалімнің ақыл-кеңесін мұқият тыңдап алмай, күрделі
жаттығулар орындауға болмайды.
10. Қандай да бір жаттығуды орындағанда, әсіресе, доп ойнап жүргенде
өріптестермен де, карсыластармен де өте әдепті, сыпайы қатынаста болу
керек. Себебі спортшы басқаға күш көрсетуден, мен спортшымын деп
мақтанудан, тағы басқа да жағымсыз қылықтардан аулақ болуға тиіс. Жағымсыз
қылықтар спортшының беделін түсіреді.
11. Спортпен шұғылданатын оқушылар өз ақылшылары дене тәрбиесінің мұғалімі
және ата-аналары екенін естен шығармауға тиіс.
12. Дене шынықтыру жаттығуларымен шүғылданатын, спортпен айналысатын бала
әр уақытта басқаларға үлгі болуы керек.
13. Гимнастика сабағында міндетті тұрде арнаулы киім
кию қажет екенін ұмытуға болмайды.
Дене тәрбиесіне қатысты "қимыл", "қозғалыс" немесе' "қимыл-қозғалыс"
деген сөздер үнемі қолданылып келгені белгілі. Бұл атаулардың әрқайсысының
өзіндік мәні бар. Мысалы, ойындар ойнау, жаттығулар орындау, жүгіру
кездерінде адам бір орыннан екінші орынға ауысады. Мұны дене тәрбиесінде
"козғалыс" деп атайды. Ал енді адамның бір орында тұрғанның өзінде оның
дене мүшелері түрлі қозғалыстар жасайды. Мұны дене тәрбиесінде "қимыл" деп
атайды. Мысалы, қол бүгіледі, жазылады, сермеледі, жазғанда саусақтар
қимылдайды; бас оңға, солға бұрылады; кеуде еңкейеді, шалқаяды; беломыртқа
оңға, солға бұрылады, тіпті белгілі мөлшерде айналады; аяқты сілтейді,
аяқпен тебеді, қолды сермейді және т. б. Қимыл мен қозғалыс қатар
пайдаланылғанда (мысалы, айналғанда), оны "қимыл-қозғалыс" деп қосып
атайды.
Сапка және қатарға тұру гимнастиканың алғышарты, бастамасы болып табылады.
Дене тәрбиесі сабағында сапка, лекке (колонна), қатарға (шеренга) тұрудың
негізгі жаттығулары мен команда беру және оны орындауды үйрену күрделене
отырып жалғасады

Бұл Президенттік сынаманың талаптарын орындауға мүмкіндік беретін дайындық
болып есептеледі.
"Гимнастика" сөзі грек тілінде "жалаңаш жүріп жаттығулар орындау" деген
ұғымды білдіретіні белгілі. Ертедегі Грецияда ата-ана өз балалары дене
шыныктыру жаттығуларымен шұғылдану үшін, оларды арнаулы гимнастикалык
мектептерде окытқан. Олар дене шынықтырумен шұғылданған кезде жаттығуларды
жалаңаш жүріп орындаған. Себебі, киіммен жаттығу орындау адамның күрделі
қимыл-козғалыстар жасауына кедергі келтіретін еді. Қазіргі кезде дене
шынықтыру жаттығуларын орындау кезінде киілетін неше түрлі арнаулы киімдер
бар. Мысалы, жеңіл атлетикаға табанында шегесі бар спорт шәркесі (тапочка)
киілсе, гимнастикаға былғарыдан тігілген жұқашәрке, спорт ойындарына
резеңке табанды шәрке киіледі. Батпан көтерушілердің арнаулы өз
бәтеңкелері, палуандар мен боксшылардың да арнаулы мәсі торізді
бәтеңкелері, футболшылардың бутсылары болады.
Гимнастика спорттың бір түрі ретінде спорттық гимнастика мен көркем
гимнастиканы, акробатика мен ырғақты (ритмикалық) гимнастиканы және еркін
жаттығуларды, сондай-ақ, жалпы дамыту жаттығуларын құрайды.
Сапқа және қатарға тұрудың негізгі жаттығулары мыналар: сапқа тұру,
қатарға тұру, лекке тұру, түзелу, түзу еркін тұру, оңға бұрылу, солға
бұрылу, артқа бұрылу.
"Сапка тұрыңдар!" деген команда естілісімен окушылар бойына қарай
саптағы өз орындарына тез барып тұра калуы керек. Команда беруші бағыттаушы
ретінде саптың орнын көрсетеді.
Команда негізінен екі бөлімнен тұрады: біріншісі - дайындык бөлімі,
екіншісі - орындау бөлімі. Мысалы, "Оңға бұрыл!", "Солға бұрыл!", "Артқа
бұрыл!" деген командалардың "оңға", "солға", "артқа" деген сөздері -
дайындық бөлімі де, "бұрыл" сезі -орындау бөлімі. Команданың дайындык
бөлімі созылыңқырап айтылып, орындау бөлімі тез әрі нык айтылады.
"Артка бұрыл!" деген команда беріліп, "бір" дегенде сол аяқтың өкшесі
мен оң аяқтың басын бірден артқа бұрып, "екі" дегенде, оң аяқты сол аяқтың
жанына әкеліп кою керек.
"Адымдап жүр!" деген команда берілгенде, жүруді сол аяктан бастайды.

Гимнастикалық таяқпен орындалатын жаттығулар.
11-12 жастағы оқушылар пайдаланатын гимнастикалық таяқтың ұзындығы 78-80
см, диаметрі 1-2 см болуы керек. Үйде орындайтын жаттығулар үшін мектеп
шеберханасында гимнастикалық таяқты оқушылар өздері даярлап алуына болады.
Таяқпен орындалатын жаттығулар көзбен мөлшерлей білуге және бұлшык етті
дамытуға көмегін тигізеді.
• Негізгі тұрыс - таяқты арқа сыртында тігінен ұстап тұрып, отырып,
тұру.
• Екі аяқты иық кеңдігі мөлшерінде қойып, ал таяқты прқа сыртында
тігінен ұстап тұрып, бір бүйірге қарай қисаю.
• Екі аяқты иық кеңдігі мөлшерінде қойып, ал таяқты го-риионталь бағытта
төмен түсіріп ұстап, оны сол қалыпта жоғары көтеру.
• Екі аяқты иық кеңдігі мөлшерінде, ал таяқты горизанталь қалыпта арқа
сыртында шынтақтың ішінен өткізіп
ұстап тұрып, кеудені бүйірге қарай ию.

• Негізгі тұрыс - таяқты горизонталь қалыпта төмен түсіріп ұстап, сол
қалыпта жоғары көтеріп, төмен түсіріп, арқа сыртына апарып, қайтадан
бастапқы қалыпқа келу.
• Таяқты горизонталь қалыпта төмен түсіріп ұстап, үстінен алға және
артқа аттап өту.
• Таяқты алаканға шаншыған сиякты тігінен ұстап, еденге сызылған
сызыктың бойымен немесе гимнастикалык орындықтың үстімен жүру.
• Таяқты алақанға шаншыған сияқты тігінен ұстап, орындыққа отыру және
кайта тұру.
• Таяқты алақанға шаншыған сиякты тігінен ұстап, 5-10 адым алға қарай
жүру.
• Тізерлеп тұрып, таяқты алақанға шаншыған сияқты
тігінен ұстап, оны құлатпай тұру және қайтадан тізерлеп
тұру қалпына келу.
Ескерту. Негізгі тұрыс калпында таяк оң аяқтың ұшы жанында тік тұрып,
ал жүрген кезде сол иықта ұсталуы керек. Таяқпен еркін тұрудың ең жақсы
қалпы екі аяқты алшақ койып, таяқты горизонталь қалыпта төмен түсіріп
ұстап тұру болып табылады.

Гимнастикалық орындықта орындалатын жаттығулар.

1. Орындыққа мініп отырып, қайық ескен сияқты қимыл
жасау.
2. Орындықтың үстімен еңбектеп жүру.
Орындыққа мініп отырып, қолды желкеге ұстап, солға және оңға тез-тез
бұрылу, еңкею және шалқаю.
Орындықтың үстіне аяқты созып отырып, қолды арт жақтан орындыққа тіреп,
аяқпен велосипедшінің кимылын орындау.
Орындыққа мініп отырып, қолды жоғары көтеру, бір жақ бүйірге иілу.
Орындыкқа мініп отырып, колды арт жаққа ұстап, денені оңға және солға бұру.
Қолмен орындықтың артқы қырынан ұстап, екі аяқты бүгу және тура созып
ұстап, жоғары көтеру. Жоғары көтерілген екі аяқтың арасын ашу және кайта
біріктіру.
8. Орындықтың үстінен оңға және солға секіріп өту.
Орындыққа мініп отырып, екі аяқты кезекпен жоғары көтеру және аякты алдыда
отырған адамның басынан асырып, кайтадан бастапқы қалыпқа келу.
Екі аяқты орындықтың үстіне соза, екі қолды арттан еденге тіреп отырып, екі
қолды алдан шапалақтап, қайтадан бастапқы қалыпқа келу.
Гинастика

1. Гимнастикалық қабырғаға қарап үшінші шабақта тұрып, кеуде тұсындағы
шабақтан ұстап, колға күш сала отырып, тұру; осы ретпен бір аяқты артқа
соза отырып, тұру.
2. Сол үшінші шабақта тұрып, оң колды жанға соза кеудені оңға және сол
қолды жанға соза кеудені солға бұру. 1бір қолды жанға созғанда, екінші қол
шабақтан ұстап тұрады. Осыдан кейін бір қолды жоғары көтеріп, кеудені шал-
қайту жаттығуы орындалады.
3. Қабырғаға қарап шабақтан ұстап салбырап тұру; екі аяқты тізеден бүгіп
жоғары көтеру; екі аяқты бір-бірінен алшақ ұстап, тізеден бүгіп жоғары
кетеру.
1. Гимнастикалық қабырғаға қол күшімен өрмелеу.
5. Арқаны қабырғаға қаратып асылып тұрып, екі аяқты кезекпен жоғары сілтеу;
кеудені бұрып, аяқтың ұшын бел түсындағы шабакқа жеткізуге тырысу.
6. Бір адым қашықтықта арқаны гимнастикалық қабырғаға қаратып тұрып, бір
аяқты үшінші шабаққа қойып, еңкею және шалкаю.
7. Бір адым қашықтықта қабырғаға қарап тұрып, бір
аяқты бел тұсындағы шабаққа қойып, екі қолды екі жаққа созып ұстау не
иыққа қою немесе жоғары көтеру; алға қарай еңкейіп, осы қалыпта қолды
жоғары көтеру.
8. Осы қалыпта қабырғаға бір қырынан тұрып, бір жақ жанына қисаю.
9. Бір адым қашықтықта қабырғаға қарап тұрып, еңкейіп, екі қолын бел
тұсынан шапалақтау; кеудені жоғары-төмен серпи бүгіп, жазу.
10. Қабырғаға арқасын қаратып асылып тұрып, екі аяқты
кезекпен тізеден бүгіп жоғары көтеру.

1. Орташа биіктіктегі кермеге асылып тұрып (ұл балалар), екі аяқты
бірдей сілтеп барып бір аяқтың қылтасын кермеге асу. Осыдан кейін екінші
аяқты серпу арқылы екпіндей көтеріліп барып екі қолды керменің үстіне
тіреп тоқтау. Кермеге асылған аяқты шығарып, екіншісінің жанына әкелу. Екі
қолды керменің үстіне тірей ұстаған қалыптан аяқты алдыға сермей кермеден
қарғып түсу.
2. Әр тұрлі биіктіктегі брусьяға асылып тұрып (қыздар), бір аяқты сілтеп
барып қылтаны брусьяға асу. Осыдан кейін екінші аяқты серпу арқылы екпіндей
көтеріліп, брусьяның үстіне екі қолды тірей ұстап тұра қалу. Брусьяға
асылған аяқты шығарып, екінші аяқтың жанына әкелу. Аяқты сермей брусьядан
қарғып түсу.
Қауіпсіздікті сақтау үшін және көмек беру мақсатында жанында тұрған адам
жаттығушының білегінен, қолтығынан немесе екінші қолымен бүгілген аяғынан
ұстап жәрдем береді.
3. Өрмелеп шығу жаттығулары. Гимнастикалық жабдықтарды пайдалану арқылы
өрмелеп шығу және асып түсу иық пен қол бұлшық еттерінің күшін
дамытуға мүмкіндік береді, өзіне-өзі сенімді, төзімді, батыл болуға
үйретеді
Арқанмен өрмелеу үшін екі қолды соза барып ұстап, тіземен арқанды қысады
да, жоғары үмтыла беріп, колын жоғарыдан ауыстырып ұстайды. Аяқты тағы жоға-
ры кетеріп, тіземен арқанды тағы қыса қойып, тағы да жоғары ұмтылады.
Осылайша біртіндеп өрмелей береді.
Арқанмен өрмелеуді бірден игеріп кету қиын. Сондықтан мынадай дайындық
жаттығуларын меңгеріп алған жөн:
баспалдақтың, орындықтың, ағаш аттың үстінде тұрып, арқаннан тек қолмен
ғана ұстап салбырап тұру, екі аяқты кезек сермеп тербелу және үстелдің
үстіне, еденге секіріп түсу;
тұрегеп тұрып, жүрелеп отырып және шалқадан жатып арқанға асылу;
шалқадан жатып арқанға асылу қалпынан еденге екі аяқты, соңынан бір аяқты
тіреу арқылы қолмен жоғары тартылу;
4) 45-50° көлбеу етіп қойылған гимнастикалық орындыққа тәрт тағандап
өрмелеп шығу;
5) арқаннан жасалған баспалдақпен өрмелеп шығу;
6) гимнастикалық қабырғаның үстіне ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Спорт жабдықтарында орындалатын гимнастика жаттығулары
Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі
Дене шынықтыру жүйесі қызметінің негізгі бағыттары мен шарттары
Сыныптан тыс дене шынықтыру туралы ақпарат
Мектептен тыс дене тәрбиесі және спорт жұмыстарын жүргізетін мекемелердің міндеттері
Мектепке дейінгі балалардың дене тәрбиесі
Мектеп жасына дейінгі баланы қалыптастырудағы дене тәрбиесінің ролі
Гимнастика - дене тәрбиесі әдісі
Сыныптан тыс дене шынықтыру
Дене тәрбиесінің жалпы мақсаты мен міндеттілігі жайлы жалпы
Пәндер