АҚ «Шардара СЭС» (су электр станциясы) мәліметтерінің негізінде дебиторлық қарыздардың есебі мен аудитінің мәселелерін зерттеу
Кіріспе ... ... ... ... ... 3
I Дебиторлық қарыздың бухгалтерлік есебін ұйымдастыру ... ... ... .6
1. Дебиторлық қарыз — ағымдағы активтердің элементі ретінде ... .6
1.2 Дебиторлық қарыздың есебі ... 9
II Дебиторлық қарыздың аудиті ... .33
2.1 Дебиторлық қарыздарды түгендеу ... ... ... ... ... ... ... ... .33
2.2. Тапсырыс берушілер мен сатып алушылардың есептесу аудиті ... ... ... ... ... 39
2.3. Басқадай дебиторлық қарыздардың аудиті ... ... ... ... ... 42
III Дебиторлық қарызды талдау ... ..48
3.1. Дебиторлық қарыз құрылымы мен кұрамын талдау ... ... 48
3.2. Дебиторлық қарыздардың жағдайын талдау ... ... ... ..54
3.3. Дебиторлық және кредиторлық қарыздардың ара қатынасын талдау ... ... ...59
Қорытынды ... ... ... ... 62
Қолданылған әдебиеттер тізімі.

Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауында біздің еліміздің дамуының түпкі мақсаты экономикалық өсу және экономикалық өсу басымдылығы бүгін, ертең және келесі отыз жыл ішінде ең маңыздылардың бірі болатынын атап көрсеткен. Нарықтық қатынастардың қалыптасуы жағдайында дұрыс жолға қойылған бухгалтерлік есеп және қаржы шаруашылық әрекетті талдау экономикалық ақпаратсыз кәсіпорынның күрделі экономикалық механизмін басқару мүмкін емес. Бухгалтерлік есеп және қаржы шаруашылық әрекетті талдау мәліметтері шаруашылық субьект және оның құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын оперативті басқаруга экономикалық болжамдар мен ағымдағы жоспарларды жасауға, ел экономикасының даму зандылықтарын зерттеп білуге мүмкіндік береді.
Шаруашылық субьектінің алдында тұрған ең негізгі мәселе төлем есеп операцияларымен тікелей байланысты және осының салдары ретінде шаруашылық субъектінің жұмысын жалпы координациялайтын — дебиторлық қарыз қазіргі ең өзекті мәселе болып табылады.

1. О бухгалтерском учете Указ Президента Республики Казахстан, имеющий снлу Закона от 24 июня 2002 года № 2732.
2. Концептуальная основа для подготовки и представления Национальной комиссии Республики Казахстан по бухгалтерскому учету от 12 ноября 1996 г. №2. Стандарты бухгалтерского учета Республики Казахстан. -Алматы, 1996.
3. Стандарты бухталтерского учета. Национальная комиссия Республики Казахстан. - Алматы, 1996.
4. Методические рекомендации и стандарты и бухгалтерского учета Республики Казахстан. - 1997
5. Инструкция №37 «О порядке исчисления и уплаты НДС» Главной налоговой инспекцией Министерства финансов с изменениями и дополнениями от 14.01.97 г.
6. Финансовый анализ деятельности фирмы. - М.: Ист-Сервис. 1994.
7. Абрютина А. Анализ финансово-экономической деятельности предприятия: Учебное пособие. - М.: Изд-во "Дело и Сервис", 1998
8. Алборов Р.А. Аудит в организациях промышленности, торговли, АПК: Учебное пособие. 2000
9. А.нализ платежеспособности предприятий и организаций. Практическое руководство для государственных, совместных и малых предприятий.
10. Арен Э.А. Аудит: Учебное пособие
11. Артеменко В.Г. Финансовый анализ: Учебное пособие. - Издательство
"Дис". 1997
12. Байдибекова Б. Взаиморасчеты хозяйствующих субъектов: реалии и перспективы // Южный Казахстан. - 2001. - 23 мая
13. Булакбай Ж.М. Развитие производственной деятельности предприятия за счет рационального формирования и использования оборотных средств и умелого регулирования расчетной политики в области кредиторской и дебиторской задолженности// Каржы-каражат (финансы Казахстана) -2000 - №5-6
14. Барышников Н.П. В помощь бухгалтеру и аудитору: Справочно-методическое пособие. Нормативные документы, комментарии, проводки, примеры // Н.П. Барышников. -М.: ИЗД "Филинъ", 1998 г.
15. Глазунов В.Н. Анализ финансового состояния предприятия// Финансы. -1999-№2
16. Данилевский В. Практика аудита: учебное пособие.
17. Дюсембаев К.Ш. Аудит и анализ финансовой отчетности. Учебное пособие. - Алматы: Каржы-Каражат, 1998
18. Дюсембаева З.К. Методические основы финансового анализа в системе аудита // Бухгалтерский үчет и аудит. - 1999.-№4.
19. Ержанов М.С., Ержанова С.М. Учетная политика на казахстанском предприятии. - Алматы: Издательский дом "Бино", 1997.
20. Ефимова О.В. Как анализировать финансовое положение предприятия: Учебное пособие. - Ярославль. 1993.
21. Кеулимжаев К. Практическое пособие.по бухгалтерскому учету на промышленном предприятии /К.Кеулимжаев. -Алматы: Б.И., 1998.
22. Кеннинг Дж. Теория бухгалтерского учета: Учебное пособие.
23. Ковалев А.И., Привалов В.П. Анализ финансового состояния предприятия. - М.: Центр экономики и маркетинг. 1995.
24. Ковалев В.В. Финансовый анализ: Управление капиталом. Выбор инвестиций. Анализ отчетности. - М.: Финансы и статистика. 1997
25. Ковалева О-В. Бухгалтерскии учет и аудит бухгалтерской отчетности:
Учебное пособие. - 2000
26. Кондраков Н.П. Бухгалтерский учет, анализ хозяйственной деятелыюсти и аудит. - М. Перспектива. 1994.
27. Коровин А.В. Особенности финансового анализа в аудите// Финансы-2000 №8
28. Косой А.М. Дебиторско-кредиторская задолженность // Деньги и кредит. -1998.-№2
29. Кутеркин Ж. Реструктуризация кредиторской задолженности на предприятаях. Общие подходы// Предприниматель и право. - 1999- №-11
30. Лебедев К. Понятие, правовой режим и механизм реализации дебиторской задолженности // Хозяйство и право. - 1999. - №4. -
31. Лебедев К. Понятие, состав и правовой режим кредиторской задолженности // Хозяйство и право. - 1998. - №11
32. Лоханина И.М. Золкина З.К. Основы анализа финансового состояния предприятия: Учебное пособие. - Ярославль, 1993.
33. Маркарьян Э.А.. Герасименко Г.П. Финансовый анализ. М. 1996.
34. Медведев А. Исчисление НДС при списании на убытки дебиторской задолженности /Хозяйство и право. - 1999-№4.
37. Нитецкий, Кудрявцев. Аудит предприятия. Методология аудиторской проверки хозяйственно-финансовой деятельности предприятия: Учебное пособие. - М., 2001

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
I Дебиторлық қарыздың бухгалтерлік есебін
ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1. Дебиторлық қарыз — ағымдағы активтердің элементі
ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2 Дебиторлық қарыздың
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..9
II Дебиторлық қарыздың
аудиті ... ... ... ... ... ... ... . ... ..33
2.1 Дебиторлық қарыздарды
түгендеу ... ... ... ... ... ... ... ... ..33
2.2. Тапсырыс берушілер мен сатып алушылардың есептесу
аудиті ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ...39
2.3. Басқадай дебиторлық қарыздардың аудиті
... ... ... ... ... 42
III Дебиторлық қарызды
талдау ... ... ... ... ... ... ... . .48
3.1. Дебиторлық қарыз құрылымы мен кұрамын
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..48
3.2. Дебиторлық қарыздардың жағдайын
талдау ... ... ... ..54
3.3. Дебиторлық және кредиторлық қарыздардың ара қатынасын

... ... ... ... ... ... ..59
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .62
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... 65
Кіріспе
Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауында біздің еліміздің дамуының
түпкі мақсаты экономикалық өсу және экономикалық өсу басымдылығы бүгін,
ертең және келесі отыз жыл ішінде ең маңыздылардың бірі болатынын атап
көрсеткен. Нарықтық қатынастардың қалыптасуы жағдайында дұрыс жолға
қойылған бухгалтерлік есеп және қаржы шаруашылық әрекетті талдау
экономикалық ақпаратсыз кәсіпорынның күрделі экономикалық
механизмін басқару мүмкін емес. Бухгалтерлік есеп және
қаржы шаруашылық әрекетті талдау мәліметтері шаруашылық субьект және оның
құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын оперативті басқаруга экономикалық
болжамдар мен ағымдағы жоспарларды жасауға, ел экономикасының даму
зандылықтарын зерттеп білуге мүмкіндік береді.
Шаруашылық субьектінің алдында тұрған ең негізгі мәселе төлем есеп
операцияларымен тікелей байланысты және осының салдары ретінде шаруашылық
субъектінің жұмысын жалпы координациялайтын — дебиторлық қарыз қазіргі ең
өзекті мәселе болып табылады.
Дебиторлық қарыз — шаруашылық субъектілер активтерінің маңызды бөлігі.
Сонымен қатар ол қазіргі кез келген Қазақстандық кәсіпорындардың балансында
бірінші және екінші орындарды алады. Дебиторлық қарыз — шын мәнінде қазіргі
Қазақстанның нарықтық экономикасында дамып келе жатқан шаруашылық
субъектілердің ең күрделі күн тәртібінде тұрған мәселе.
Кәсіпкерлік қызметті іске асыра отырып, мүліктік айналымға қатысушылар
шаруашылық операциялар көмегімен салған қаржыларын қайтарып алумен қатар,
пайда түсіреміз деп үміттенеді. Бірақ шынайы өмір тәжірибесі, әсіресе
нарықтық қатынастар жағдайында әрдайым кәсіпорын өзінің контрагенттерінен
қарызын қайтарып алуга әрекет жасауы қажет. Дебиторлық қарыз айлап, жылдап
шешілмей қалуы мүмкін мәселе. Дебиторлық қарыздың өсуі кәсіпорынның қаржы
жағдайын нашарлатады, ал кейбір жағдайда банкроттыққа әкеледі. Бұл жағдай
дебиторлық немесе кредиторлық қарызды басқару жүйесінің болмауы нәтижесінен
туындайды.
Айналым құралдарының бір бөлігі бола отырып, дәлірек айтқанда айналым
қорларының бөлігі ретінде дебиторлық қарыз, әсіресе белгісіз болып тұрып
қалған қарыздар айналымды қысқартып, кәсіпорын пайдасын төмендетеді.
Сондықтан бүгінгі күндері шаруашылық
субъектілердің қаржы жағдайын жақсартуға ықпал ететін жағдайлар мыналар
болып табылады :
1. Бухгалтерлік есептің халықаралық стандартқа өтуіне
байланысты дебиторлық қарызды есептеуді дұрыс ұйымдастыру.
2. Дебиторлық қарыздардың өсуі және аяқталмайтын "тәуелді" қарыздардың
резервтері анықтауға бағытталған және оның өсуін төмендету факторларының
шығуына бағытталған дебиторлық қарыздың сараптамасы.
Осы мәселені зерттеу объектісі - АҚ " Шардара СЭС". (су электр
станциясы) Бұл кәсіпорын жарық шығару мен атап айтқанда: жарықты өндеп,
сату қызметімен айналысады.
Шардара су қоймасының жобасы 1955 жылы “Средазгипроводхлопок” институна
тапсырыс беріліп жасалды. ССРО (Советтік социолистік Республикалар
одағының ) Мемлекеттік құрылысында қаралғаннан кейін (№222267 4 қазан 1956
жылғы қорытынды) және Өзбек ССр-ң (қаулы №135 10 наурыз 1956 жылғы) және
Қазақ ССР-ң (қаулы №4-8 7 ақпан 1956 жылғы) Министрлер Кеңесінің
келісімімен, ССРО ауыл шаруашылық Министрлігінің №28 24 желтоқсан 1956
жылғы хаттамасымен бекітілді. №2765 – р 23 тамыз 1958 жылғы ССРО
Министрлер Кеңесінің жарлығымен Шардара су қоймасының бас жобалау
міндеттері “Гидроэнергопроект” Институтының орта Азиялық бөлімшесіне
жүктелді.
1960 жылы “Гидроэнергопроект” Институтының шешімімен Шардара су
қоймасының жобасының техникалық кем-кетік жұмыстары аяқталды. Содан кейін
жұмыс сызбалары беріліп, құрылыс жүргізілді Шардара құрылыс басқармасының
бірінші басшысы А:Қ: Қасымов болды, басқарма штабы Жаушықұм жерінде
орналасты.
Шардара су электр стансиасы су қоймасы мен құрылысы 1966 жылы 9
желтоқсанда толығымен бітті.
Кәсіпорынның жарғылық қорының мөлшері 3 000 000 тенге құрайды. АҚ
Шардара СЭС (су электр станциясы) бухгалтерлік есеп қабылданған есеп
саясаты бойынша, Халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес
жүргізіледі.
Дипломдық жұмыстың мақсаты – АҚ Шардара СЭС (су электр станциясы)
мәліметтерінің негізінде дебиторлық қарыздардың есебі мен аудитінің
мәселелерін зерттеу және оларды жетілдіру жолдарын қарастыру. Осыған
байланысты жұмыста келесі мәселелер қарастырылды:
- дебиторлық қарыздардың есебі мен аудитінің жалпы мәселелері;
- дебиторлармен есептесуді түгендеу;
- тапсырыс берушілер мен сатып алушылардың есептесу аудиті;
- дебиторлық қарыздың құрамы мен жағдайын талдау.
Тарау 1. Дебиторлық қарыздың бухгалтерлік есебін
ұйымдастыру
1.1. Дебиторлық қарыздар — ағымдағы активтердің
элементтері ретінде
Қарыз, дебитор (латынның "debit"— міндет сөзінен шыққан) екі немесе
одан да көп тұлғалар арасындағы мүліктік байланыстың азаматтық-құқықтық
міндеттерінің бірі болып табылады.
Дебиторлық қарыз — бұл өнеркәсіпке өзге занды тұлғалар мен азаматтардың
қоятын қарыз сомасы. Қолма-қол емес есептесу құрылымы барысында дебиторлық
қарыз өнеркәсіптің шаруашылық әрекетінің объективті процесін білдіреді.
Дебиторлық қарыз пайда болу ерекшелігіне байланысты нормальды және
шешуге жатпайтын немесе ақталмайтын болып екіге бөлінеді. Өнеркәсіптің
шешімін табуга болатын қарызы өнеркәсіптің өндіріс жоспарының орындалуы
барысындағы, белгілі бір есеппен құрылған формалар болып табылады (қойылған
талаптарға байланысты туындаған қарыздар артылып жіберілген тауарлар үшін
мерзімі келмей төлемі талап етілсе). Шешімін табу мүмкін емес немесе
аяқталмайтын дебиторлық қарыз есептік және қаржылық тәртіпті бұзған
жағдайда, есеп жүргізу кезіндегі кемшіліктер, материалдық құндылықтарды
босату кезіндегі бақылаудың әлсіреуі және ұрлық жасалу нәтижесінде пайда
болады. Дебиторлық қарыз Халықаралық және Қазақстандық бухгалтерлік есеп
стандарттарына сәйкес сатып алушының (дебитордың) Кәсіпорынға жатқызған
қарыз сомасы болып табылады. Дебиторлық қарыз — айналым капиталының негізгі
компоненті. Бір өнеркәсіп тауарларын екінші өнеркәсіпке сату барысында
сатылған тауардың төлемі тез арада жасалмайды деген сөз.
Дебиторлық қарыз — иелік ету құқығын ендіретін заңдылық құқықтармен
байланысты өнеркәсіптің активі болып табылады. Тұтас алғанда активке мүлік,
мүліктік заттар және субъект кұқығын құрайтын бағасы енеді. Активке
жатқызылатын болашақ экономикалық пайда субъектінің ақша құралдары құрамына
енетін потенциалды, тікелей немесе қосымша салым. Осыған байланысты
дебиторлық қарыз болашақ экономикалық пайда активке ендіріледі және иелік
ету құқығымен байланысатын заңды құқықтар. Дебиторлық карыз активтерінің үш
түрлі ерекше мінездемелері бар:
ол ақша құралдарын өсіруге жағдай жасайтын тікелей және жанама жағдайды
қамтамасыз ететін болашақ пайданы ендіру;
активтер шаруашылық субъектіні басқаратын ресурстарды
білдіретін активтер болып есептелінеді.
Пайдаға немесе потенциалды қызметтерге деген құқықтар заңды түрде
болуы керек немесе оларды алу мүмкіндігі заңды түрде дәлелді болуы қажет.
Мысалы, активті сату фактісі тұрғысында сатушының дебиторлық қарызы пайда
болады. Алып-сату келісім шарты мүмкін деген болашақ пайданы анықтауга
мүмкіндік береді. Бірақ сатып алу мен дебиторлық қарызды өтеу үшін белгілі
бір сома төлемесе, онда сатушы факт түрінде ресурстарды, яғни потенциалды
түсімдерді бақылау құқығынан айрылмайды, демек актив осыған байланысты
актив бола алмайды;
активтерге болашақта түсетін, осы шақта өнеркәсіп бақылауындағы емес
пайда жатпайды. Осы тұста бухгалтерлік немесе өзге де шаруашылық
операциялар өтеді деген шешімі шешуші сәт болып табылады.
Кәсіпорынның келісім-шартқа қоюын бухгалтердің бақылауындағы
кәсіпорынға болашақта пайда түсуі мүмкін деген фактісі болады. Тек
бухгалтер ғана фирма активінің көрсетілуін жеткілікті немесе жеткіліксіз
мағынадағы жағдай екенін анықтай алады. Егер бір жыл мерзімнің аралығында
сома толығымен алынбаса, дебиторлық қарыз ағымдағы актив құрамына
еңдіріледі. Сонымен қатар бір жылдан астам мерзім бойына есептелетін
дебиторлық қарыз ұзақ мерзімді активтер құрамына "дебиторлық қарыз"
статьясына ендіріледі. Шаруашылықтың жоспарлық әкімшілік құрылымы тұсында
Қазақстан Республикасында 1997 жылға дейінгі бухгалтерлік есеп құрылымында
актив деген түсінікке өнеркәсіпке жататын барлық шаруашылық құралдар
ендірілді. Қазақстанның қазіргі есепке қатысты етекшелігі — бұл болашақта
пайда болады делінетін белгілі шығындар болып табылады. Осыдан барып,
активтерге салынған шығындарды, соның ішінде дебиторлық қарыздарды өшіріп
тастаудың қажеттілігі туындайды. Осыған байланысты, бухгалтерлік есептерде
актіда төлеу емес осы төлемдерге пайда болу немесе жоқ құқықтар
қарастырылады. Берілген есептік кезеңнің кірістері барлық уақытта
шыгындармен сәйкес болуы керек, өйткені сол шығындарға байланысты пайда
алынады.
Қазіргі кезеңде дебиторлық қарыз есебінің халықаралық құрылымға өтуіне
байланысты төмендегі түрлерін атап көрсетуге болады : сатып алушылар мен
тапсырыс берушілердің дебиторлық қарызы, тәуелді серіктестіктердің заңды
тұлғалармен бірге бақыланатын және өзгедей дебиторлық қарыздар, болашақ
кезеңдер шығындары, берілген аванстар бойынша дебиторлық қарыздар.
1.2 Дебиторлық қарыздардың есебі.
Сатып алушылыр мен тапсырыс берушілердің есептесу есебі.
АҚ "Шардара СЭС"-те (су электр станциясы) дебиторлық қарыздың есебі
бухгалтерлік есептің типтік шоттар жоспарына сәйкес ұйымдастырылады. Бас
жоспардағы бухгалтерлік есеп шоттарында дебиторлық қарыз сомасын көрсету
үшін "Дебиторлық қарыз және өзге де активтер" қолданылып, оған төмендегі
шоттар кіреді:
1290. "Күдікті қарыздар бойынша резервтер"
1210 “Қысқа мерзімді дебиторлық қарыздар”
1280 "Өзге де дебиторлық қарыздар"
1610"Берілген аванстар"
1620 "Болашақ кезендер шығыны"
АҚ "Шардара СЭС"-те (су электр станциясы) сатып алушылар мен тапсырыс
берушілердің қарызы активті шоттың "Дебиторлық және кредиторлық"
ведомостарында немесе есепті компьютеризациялау барысында машинограммада
жүргізіледі. Осы бөлімше шоттары сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің
әр түрлі субъектілерге қарызы туралы ақпаратты толықтырып көрсету үшін
беріледі. Ол үшін мына шот қарастырылады.
1210 "Алынуға тиісті шоттар"
1210 шоты сатып алушы мен тапсырыс берушінің және артылған жүк үшін
төлем құжаттарды банктің қабылдауы туралы есептік ақпараттарды көрсету үшін
белгіленген. "Алынатын шоттарын" тұтас бейнелей отырып, олар тарату
қорытындысында қысқа мерзімді активтер ретінде пайда болатынын атап өту
керек. Сондықтан оларды саудалық міндеттемелер деп атайды. Жекелеген
жағдайларда олар тауарларды кредитке сату барысында туындайды. Шет елдерде
тауарларды кез келген адамға кредитке сатуга болады, онда сатып алу мен
төлемді бір айдан кейін немесе оны алып болғаннан соң жасауына құқық
беріледі. Мұндай несиені, әдетте, коммерциялық несие деп атайды. Фирмалар
тауарларды төлем мерзімі аяқталғанға дейін төлей алатын клиенттерге бақылау
шараларын қарастырады, сондықтан АҚШ-та клиенттердің төлем жасау қабілетін
зерттеу бойынша торап кеңінен қолданылады. Әр фирмада жеке тұлғаның немесе
компанияның несие алу барысы туралы есепті ендірілген несие бөлімі жасайды.
Сонымен қатар арнайы акпараттық бюро арқылы клиент туралы жеке ұсыныстар
мен өзге де анықтамаларды тексеруге болады. Осы ақпарат негізінде несие
бөлімі сол сатып алушыға тауарды сату немесе сатысу туралы шешім
қабылдайды. Ол төлем сомасын ұсына алады, кредит көлемін шектей алады
немесе клиенттің кредитті қамтамасыз етуі үшін белгілі құралдарды ұсына
алады.
Халықаралық тәжірибе негізінде Қазақстандық кәсіпорындар мен
кәсіпкерлерге, соның ішінде АҚ "Шардара СЭС"-те (су электр станциясы) осы
бөлімдер мен бюроны біздің республикамызда да ендіруді ұсынуға болады. Егер
әрбір өнеркәсіпте осындай бөлімдер ашылса немесе осындай сұрақтармен
айналысатын бір маман болса, онда өндіріс аз мөлшерде болса да дебиторлық
қарыздар мен банкроттыққа байланысты шығындардан сақтана алар еді.
Клиенттің төлемді жасау мүмкіншілігін зерттеу көптеген проблемалардан
қорғаган болар еді.
1210-шот бойынша сараптамалық есеп сатып алушының ұсынган әрбір шот-
фактурасы бойынша жүргізіледі. Вексельдермен қамтамасыз етілген бірақ төлем
мезгілі жетпеген қарыздар бойынша банктерде есепке алынган вексельдермен,
мезгілінде ақша құралдары келіп түспеген вексельдер. Сараптамалық есеп
бойынша "Әр түрлі дебиторлармен сараптамалы есеп шоты ведомостарын" немесе
әр түрлі "дебиторлар мен кредиторлардың" құралған есеп шоты типі бойынша
машинаграммалар қолданылады.
Сенімсіз талаптар бойынша резервтер есебі.
Сенімсіз талаптар бойынша резервтер есебі 1290 "Күдікті қарыздар
бойынша резервтердің" пассивті шотында есептелінеді. Сенімсіз талаптар
бойынша резервтер дебиторлық қарызды талап етуде үмітсіз болып
есептелінетін жағдайда туындауы мүмкін деген шығындарды жабу үшін
жасалынады. Сенімсіз талаптар болып қойылған мерзімде төленбеген дебиторлық
қарыздар есептелінеді егер де ол қойылмаса онда сол үшін қажетті уақыт
ішінде кепілдіктермен қамтамасыз етілген қарыз жағдайына байланысты.
Сенімсіз талаптар бойынша резервтер жылдың соңында берілген дебиторлық
қарыздардың инвентаризациясы негізінде жасалады. Өнеркәсіп орындары
сенімсіз талаптар бойынща резервтерді өзге өндіріс орындары мен ұйымдарының
есептері бойынша сонымен қатар жеке фирмалық тұлғалар бойынша жасайды.
Резерв көлемі сенімсіз талаптың әрбір сомасы бойынша қарыз тұлғаның
қаржылық жағдайымен оның қорығын толық мөлшерде немесе бөліктеп өтеу
жағдайына байланысты анықталады. Резервтерге бағытталған сенімсіз талаптар
сомасы жүргізу барысында 7211 "Жалпы және әкімшілік шыгындар" шотымен
көрсетіледі және 1290 "Сенімсіз қарыздар бойынша резервтер" шоты
қаржыландырады.
Сенімсіз талаптар бойынша резервтерді қалыптастыру барысында өнеркәсіп
өзінің жағдайына қарай есеп саясатында төмендегі әдістердің бірін тандауға
құкылы:
орындаған жұмыстары (көрсеткен қызметтері) өткізу көлемі пайызының
әдісі;
есеп шот әдістерінің төлем жасау мерзімі бойынша;
Орындаған жұмыстарды (көрсеткен қызметтерді) өткізу көлемі пайызының
әдісі- бұл әдістің мағынасы реализацияның жалпы көлемдегі сенімсіз
қарыздардың пайыздық анықталуында. Сенімсіз талаптар бойынша пайда болган
резерв пайызын анықтау үшін тауарлардың өткізу көлемін, орындалған
жұмыстардың (көрсеткен қызметтердің) және төленбеген шоттар сомасын
сараптап алу қажет.
Мерзім бойынша есептеу әдісі — бұл қарызды мерзімінде төлеу бойынша
сенімсіз талаптардың пайыздарын анықтауына байланысты. Осы пайызды анықтау
үшін барлық шоттарды төмендегі категориялар бойынша алу үшін
классификациялау қажет:
- төлем мерзімі жетпеген шоттар;
- бір күннен отыз күнге дейін төлем мерзіміндегі шоттар;
- отыз бір күннен, алпыс күнге дейін төлем
мерзіміндегі шоттар;
- тоқсан күннен артық төлем мерзіміндегі шоттар.
АҚ "Шардара СЭС" -те (су электр станциясы) екінші әдіс төлемді мерзім
бойынша есептеу әдісі қолданылады. Әрбір категория үшін сенімсіз
қарыздардың болжамдарынан пайызы анықталады. АҚ "Шардара СЭС" -тің (су
электр станциясы) балансынан жеделдетілген талаптарды жарамсыз деп алып
тастау барысында 1290-шот көрсетіледі және 1210 "Алуга арналған шоттар"
есеп шоты бойынша кредит беріледі, сонымен 1280 "Өзге де дебиторлық қарыз"
1610 "Орындаған жұмыстар мен көрсеткен қызметтер бойынша аванстар" кредит
беріледі. Сенімсіз талаптардың сомасын өшіріп тастау дебиторлық қарыздың
болашақ көлеміне әсер етпейді, өйткені дебиторлық қарыз бухгалтерлік
баланста сенімсіз талаптардың өшіру резервінің есебінен көрсетіледі.
Егер күдікті қарыздар немесе Қазақстан Республикасының заңдылығына
сәйкес жауапқа тартылатын мерзімі біткен сенімсіз талаптар бойынша субъект
резерв жасамайтын болса, онда қарыздардың сомасы кезең шығындарына қатысты
болмастан есептен шығарылады және қаржы шаруашылық белсенділігінің есебіне
ендіріледі.
Егер сенімсіз талаптар бойынша берілген жыл мерзімінің
соңына дейін құрылған резерв толығымен немесе бөліктеп қолданылмайтын
болса, онда шығындалмаған сома алынбайды.
АҚ "Шарадара СЭС" –тің (су электр станциясы) сатып алушысының қарызы
үмітсіз қарыз ретінде өшіріліп тасталынса, бірнеше уақыттан соң қарыз
сомасын төлесе (атап айтқанда есептен шығарып тастаған есептік кезенде
төлесе) онда сенімсіз талаптарға жатқызылған дебиторлық қарыз 1210 "Алуға
арналған шоттар", 1280 "Сенімсіз қарыздар бойынша резервтер" есептеу
шотының кредиті бойынша алынып тасталынады және 1010 Кассадағы ақша
қаражаттары", 1041 "Есеп айырысу шотындағы ақша қаражаттары" және 1210,
1280, 1610, шоттарының кредиті бойынша дебиторлық қарызды өшіруді
білдіреді.
Егер бұрын өшірілген дебиторлық қарыз төмендегі есептік кезеңінде
төленген болса, онда есептік кезең кірісі негізгі активті емес деп
қабылданады. 1290 шот бойынша сараптамалық есеп әрбір сенімсіз талаптың
резерві жасалынуы бойынша ведомоста немесе машинограммада жасалынады. АҚ
"Шардара СЭС" –ті (су электр станциясы) сенімсіз талаптарды
инвентаризациялау осы шотқа жатқызылатын сомаларды тексеру негізіне
байланысты. Түгендеу қарыздарының рас екендігін дәлелдеу үшін өнеркәсіп
орындарының есеп шотынан олардың қарызы туралы анықтама беріледі. Осы
резерв бойынша қалдықтарға жыл соңында тек дебиторлық қарыздар сомасын
ендіруі керек.
Есеп бойынша өзара байланысты жақтардың дебиторлық қарыз есебі.
Бір-бірімен ерекше қатынастардағы нарық субъектілері "байланысты
жақтар" болып есептелінеді. Олардың біреуі өзгелерінің қаржылық немесе
шаруашалық шешімдер қабылдауында үлкен әсерін тигізіп және бақылай алады.
Өзара байланысты жақтар туралы ақпарат тарату тәртібі бухгалтерлік есептің
№ 10 "Байланысты жақтар туралы ақпарат тарату" стандартында берілген.
Өзге дебиторлық қарыз есебі
АҚ "Шарадара СЭС" (су электр станциясы) басқа дебиторлық қарыздарының
есебі:
- 1421 "Өтелінетін ҚҚС"
- 1250 "Жұмысшылар мен өзге тұлгалардың қарызы"
- 1280 "Басқа да дебиторлық қарыздар"
Тұтас алғанда ашылган ақпарат ерекшелігі мұнда "сатып алушылар мен
тапсырыс берушілер" бөлімінің шотында көрсетілмеген деректер беріледі.
Қосылған құн салығы
ҚҚС-н тұтас қарастыра отырып , бұл тауарлар мен қызметтердің барлық
түрлерін қамтитын универсалды салық екенін атап өту керек. Ол тауар
бағасына еніп, оны көтереді. ҚҚС негізгі салықтардың бірі болып табылады,
ол жалпы түсім болжамының 61% алады. ҚҚС салымы 14% болып табылады. Ол 2007
жылдың 1-қаңтарынан бастап төмендетілді. ҚҚС салымының төмендетілуі отандық
тауар өндірушілерге өз пайдаларының айналым құралдарын толықтыруға
мүмкіндік берді.
Қазақстан Республикасы салық жүйесінің жалпы принциптерін "Бюджетке
төленетін салық және өзге де міндетті төлемдер туралы" Заң анықтайды. Ол
Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің негізін құрайды және өзге төлемдер
мен төлеушілерді, олардың құқықтары мен міндеттерін анықтайды. ҚҚС есепке
алу тәртібі, негізі мен салықтың осы түріне байланысты міндеттер №37 "ҚҚС
төлеу мен бөлу тәртіптері туралы" нұсқаулықта көрсетілген.
ҚҚС төлеу объектісі болып айналым сомасы мен импорт сомасы табылады.
Айналым сомасы - тауарлардың таратылуы бойынша Қазақстан Республикасы
деңгейіндегі іске асырылатын жұмыстар мен қызметтер, сонымен қатар
Қазақстан Республикасы мүшесі болып саналатын халықаралық келісім
шарттардағы жағдайларда қарастырылған айналымдар. Еңбек ақыны төлеу
барысында берілетін тауарлар бағамына ҚҚС ендіріледі.
Салық төлеушілер болып өнеркәсіптік әрекеттермен шұғылданатын және ҚҚС
бойынша есепке тұратын заңды тұлғалар табылады.
Тауарлардың экспорты Қазақстан Республикасы мүшесі болып саналатын
халықаралық келісім шарт жағдайлары ендірілген нольдік салымы табылады.
Сонымен қатар арнайы шетелдік дипломатиялық өкілдердің тауарларын,
жұмыстарын, қызметтерін өткізу нольдік салымға жатады, оған қоса алтын мен
платинаның алғашқы саудасы қарастырылған. Салық кодексінде ҚҚС төлемінен
босатылатын айналымдар мен экспорттың нөлдік салымы қарастырылған. ҚҚС
бойынша есепке тұрған салық төлеуші ҚҚС жүктеген тауарларды түсіргені,
жұмыс немесе көрсеткен қызметтері үшін тауарды алған тұлғаға салық шот
фактурасын беруі керек .Салықтық шот фактура мемлекеттік салық комитеті
бекіткен формамен құрылады және келесі мәселелерді қамтылады:
1 Салық төлеушінің аты-жөні және тіркеу нөмері
2 Артылган тауарлардың қысқаша мінездемесі.
3 Салынған айналым көлемі.
4 Аталған айналым бойынша салық сомасы.
5 Салық шот фактурасының қойылған мерзімі.
6 Салық шот фактурасының реттік нөмері.
ҚҚС бойынша есепке алынбаған тұлға салықтық шот фактурасын ҚҚС жоқ
деген белгімен міндетті түрде алуы керек. ҚҚС босатылған тауарлар,
жұмыстар, қызметтердің шот фактураларына да осындай белгі қойылады. Салық
шот фактурасы тауарлар артылатын күні жазылып беріледі. Әрбір салық төлеуші
әр есептік кезең үшін ҚҚС бойынша декларация тапсыруға міндетті.
Декларация тапсырғаннан кейін әр бір есептік кезең үшін қойылған мерзімге
дейін немесе сол күні бюджетке салық төлеуі тиіс. ҚҚС бойынша декларация
әр бір есептік кезең үшін айдың 20-на дейін тапсырылуы керек. Онда есептік
кезең үшін ҚҚС бөлінуі туралы деректер беріледі, есепке байланысты ҚҚС
сомасы есептік кезең үшін ҚҚС бойынша есептесу қосымша кестелерде беріледі.
Шаруашылық тәжірибеде ҚҚС сомалары есепке байланысты есептік кезең үшін
белгіленген салық сомасынан асып кететін жағдайлар кездесіп жатады. Мұндай
сомалар салық төлеушіге қайтарылып беріледі. ҚҚС-ның қайтарылуы төменгі
жағдайларда орындалады:
1. Салық ҚҚС нөлдік салым бойынша салық төлеушінің айналымдары
бойынша.
2. Бюджетке артық салық сомасы төленсе немесе қате бөлінген артық
сома болса, өзге жағдайларда ҚҚС сомаларының көтерілуі немесе ҚҚС-ы
бойынша есептеп алынады.
2001 жыл 1-шілдесінен бастап 62-статьясының 3 пунктінде көрсетілген
импортталган тауарлар бойынша 10% - тік ҚҚС алынып тасталынды. Қазіргі
заңда қосымша құн салыгы шаруашылық операцияларын жүргізу барысында күрделі
салық болып табылады. ҚҚС туралы салық төлеушілер өзгерістер болып тұрады.
Олардың көзқарасы бойынша Қазақстандагы ҚҚС айналымнан алынатын салыққа
айналған және өзінің экономикалық сипатына сәйкес келмейді, демек біздің
елімізде ҚҚС мағынасы жойылған. Оның себебі осы салық төлеуші объект болып
тауарлар, жұмыс және қызмет реализациясымен байланысты айналым болып отыр.
Бұл көзқарасты төмендегі себептер бойынша дұрыс емес деуге болады. Салық
Кодексіне байланысты ҚҚС тауарлардың өндірілу процесінде қосылған
бағалардан алынады және Қазақстан территорриясында импорт тауарлардың
бөлінуі түрінде алынуы тиіс. Осы негізге байланысты ҚҚС бюджетке төленетін
төлемге жатады, ол қосымша бағаның өткізілмеген тауарлар сомасы арасындағы
айырмашылық ретінде анықталады.
Бұл салық қосымша бағага салынған салық деп аталады, бірақ сонымен
бірге өткізілмеген өнім немесе көрсетілмеген қызмет бағасы көрсетіледі.
Тауарлардың бағасы еңбекке төлем жасау (шығын шығару) материалдық
шығындардан және өнеркәсіп қызығушылықтарынан қалыптастырады,
яғни рентабельділіктен байланысты.
Р= С+Ү+М
мұндағы Р-тауар бағасы.
С-материалдық шығындар (шикізат алу үшін материалдар, кешенді өнімдері,
қосалқы бөлшектер және басқа шыққан шығындар)
V- еңбекке төлем жасау шығыны (сонымен қатар еңбек ақы бөлу, басқару
аппараты бойынша шығындар, негізгі құралдардың амортизациясы, несие
үшін пайыздар)
Т- рентабельдік немесе кәсіпкерлік қызығушылық
Осындағы Р+У+М-ҚҚС салымына жататын қосымша өнім.
Республикамыздың салық жүйесіне ҚҚС ендіруінің себебі бұл салық
мемлекеттік кірістердің шектен тыс қалыпты және тұрақты көзі болып
табылады. Шаруашылық операцияларын жүргізудегі салық болып табылады. Бұл
салық түрі көптеген мемлекеттерде босқа қолданылып жүрген жоқ. Ол Ресей мен
ТМД елдерінде ғана қолданылмайды. Мысалы, Швейцариядағы қарапайым ҚҚС
салымы 25 пайызды құрайды. Төмендетілген салым 12 пайыз, ол азық түліктер
мен туризм қызметтері бойынша - 10. Газет басылымдарына төмендетілген салым
бойынша 6 пайыз ҚҚС бойынша есептер ай сайын ҚҚС төлемін анықтайтын
құжаттармен тапсырылады.
Есептелінген пайыздар - бұл шот есептелінген пайыздар бойынша
дебиторлық қарыз туралы ақпаратты жинақтайды. АҚ "Шардара СЭС" –тің (су
электр станциясы) пайыздар негізгі құралдардың жалға берілуі бойынша
есептеледі.
Келісім-шартта жалгерлік төлем көрсетіледі – жалгерлік келісім-шарт
бойынша жалға алған мүлік үшін төлемді жалгерлік мерзімі өткенше төлейді.
Жалгерлік төлемі мен оның төлеу тәртібі келісім-шартында көрсетіледі. АҚ
Шардара СЭС (су электр станциясы) жалгерлік төлемге мүліктің бағаланған
амортизациялық төлемді ендіріледі, сонымен қатар жерді жалға беру, өзгеде
табиғи ресурстарды жалға беру мерзімінің аяқталуына байланысты жөндеу
құралдары, сонымен қатар жалға беру пайызы жалға берушінің кірісіне
жатқызылады. Жалгерлік пайыз -бұл жалға берілетін мүлік бағасының
жалгерлік келісімінде берілген акша сомасы. Экономикалық табиғатта ол
банктік несиені қолданғаны үшін пайызга жатады.
Жалға беруші мен жалға алушы арасындағы арендалық төлем бойынша
есептесулер минималдық жалгерлік төлемнің негізделуі керек те, оны жалға
алушы жалгерлік мерзімі барысында іске асыруға міндетті, сонымен қатар
жалға алушы жағынан кез -келген соманы , жалга беруші жағынан кез-келген
қалдық сомасын.
Жалгерлік барысында қарастырылған пайыздық салым -дисконт салымы. Ол
минималды жалгерлік төлемді және жалгерлік барысындағы кепілдіктегі қалдық
бағаны жалға алынған активтің ағымды бағасы бойынша анықтау үшін мүліктің
дисконтталған бағасын анықтайды. Жоғарыда қарастырылған пайыздық салымдарды
мына жағдайлар бойынша анықтауға болады:
1. статистика органдары есептеген активтердің бағасының инфляция
коэфиценттерінің деңгейімен ;
2. осындай активтердің нарықтық бағаларының қозғалысымен;
З. баға индекстерінің сәйкестілігі бойынша.
Минималды жалгерлік төлемдер кіріс ретінде қарастырылады. Қаржыланған
жалгерлік бойынша операцияларды есептеу үшін жалға берудің синтетикалық
шоттарды қолданылады. Мысал үшін минималды жалгерлік төлемдердің есептік
тәртібін қарастырылған пайыздық ставка бойынша және бухгалтерлік есептік
шоттарында көрсетілуін қарастырайық. АҚ "Шарадара СЭС" –те (су электр
станциясы) құралдарды қаржыландыру келісім-шарты төмендегі ережелер бойынша
жасалған.
1. жалгерлік мерзімі- 5 жыл
2. өткізу бағасы жалгерлік басында 110 000 теңге.
3. жалгерлік мерзімінің соңында жеке меншік құқыгы жалға берушінің
қолында қалды.
4. қондырғылардың кепілденбеген қалдық багасы 10 000 теңге .
6. жалға алушы қондырғыны есепке алған бағасы 10 000 теңге.
7. қарастырылган пайыздық салым минималды жалгерлік төлемдерінің
дисконтталмаған бағасын анықтау үшін дисконт салымы 12,5 пайыз.
Әрбір есептік кезеңде пайыздардан түскен пайда төлем түсуіне байланысты
емес екенін ескеру қажет. Егер жалга алушы жалдық активті ұзақ мерзімге
салса, онда жалға беруші алынбаған кірістің сомасына жазуларды аренданың
пропорционалды мерзіміне жүргізеді. Осылайша, арендалық операциялар
бухгалтерлік есепте олардың негізіне байланысты көрсетеді. Жалға алушы
экономикалық пайданы активті есептік қаржы төлемінің қолданылуымен алады
және осы төлемдер жалға беруші үшін 1260 шотына сәйкес бөлек көрсетіледі.
Мекеменің әкімшілік жүйесін іске асыру кезеңінде кәсіпорын ақшаны қарызға
беру құқығынан айырылады. Экономиканы несиелеудің барлық механизмі
банктерде жинақталған. Нарықтық қатынастардың ендірілуіне байланысты
экономикадағы істер күрт өзгерді. Мемлекет кәсіпорындарға ақша құралдарын
еркін жұмсауына рұқсат берді, соның ішінде ақша құралдарын қарызға беру,
міндеттемелерді қамтамасыз ету үшін үшінші тұлғалар кепілдікке алына
бастады. Кепілді кәсіпорын кредиторға дер кезінде қарызы бар жақтың қарызын
өтеу үшін береді. Кепілдерді банктер, кәсіпорындар мен ұйымдар береді.
АҚ "Шардара СЭС" (су электр станциясы) есеп беруші тұлғалармен есеп
айырысу жағдайында өндірістік шаруашылық процесінде өз қызметкерлерін іс
сапарға жібереді, олар дүкендерден кеңсе бұйымдарын сатып алады, пошта
аударылымдарын және өзгеде шығындарды төлейді. Бұл шығындарды әр кезде
нақты емес есептесу жолымен банкі арқылы жасау мүмкін емес. Сондықтан да
қызмекерлерге есеп беру арқылы нақты ақшалар беріледі. Есеп беру арқылы
берілген сомалар құжаттар арқылы бекітіліп, аванстық есепте қортындыланады,
ол бухгалтерияға көрсетілген 3- күн мерзімде тапсырылады. Есептерді
тексертпеген және жұмсалынған ақшалардың қалдығын тапсырмаған тұлғалар
тәртіптік, ал қажет болған жағдайда қылмыстық жауапқа тартылады. Аванстық
есеп бойынша жұмсалған сомалардың есебі қызметкерге кассадан беріледі.
Бухгалтерия аванстық есептерді тексеріп, одан кейін оны кәсіпорын
жетекшісі бекітеді.
Іс-сапарлар бойынша есепке тоқталатын болсақ, қызметтік іс-сапар 1993
жылдың 24 тамызында Министрлер кабинеті шешімінің негізінде шығарылған
Казақстан Республикасының мемлекеттік ұйымдар, кәсіпорындар және мекемелер
қызметкерлерінің қызметтік іс-сапарларының нұсқауы бойынша жүзеге
асырылады. Іс-сапар шығындарды толықтыру жұмысшының міндетті шарты емес,
тек құқығы болып табылады. Қызметші өтемақы алудағы өз құқығын қолданады
ма, жоқ па, оған қарамастан жетекшінің тапсырмасын орындау барысында пайда
болған шығындар кәсіпорынның емес, қызметкердің жеке шығындары болып
табылады. Олардан жұмысшының тиісті жерге жетуі мен тұрғылықты жұмыс орнына
дейінгі жолына кеткен шығындарды есептеп шығару керек.
Іс-сапарға жіберілген қызметкерге төменде көрсетілген шығындар
төленеді:
1. тәуліктік шығындар;
2. іс-сапар орны мен кері қайтқанға дейінгі жол шығындары;
3. тұрғын үйді іс-сапар мезгіліне жалдағаны үшін шығындар.
Соның өзінде қымбат бағалы тұрғын мекендерді жолдау бойынша
тұрғындардың орнын толықтыру, қонақ үйлердің жоғары санатты нөмерлері, люкс
тек бірінші жетекшінің қағаз жүзіндегі шешімі арқылы жасалады.
Іс-сапар мерзімін кәсіпорын жетекшісі белгілейді, ол жолға кеткен
уақытты есептемегенде 40 күннен аспауы керек, монтажды қалпына келтіру
үшін, құрылыс жұмыстарын орындауға арналған жұмысшылардың, басшылардың және
мамандардың іс-сапар мерзімі бір жылдан аспауы керек. Іс-сапарда болған іс
жүзіндегі мезгіл іс-сапарлық куәліктегі көрсетілген жерге жеткен және
шыққан күні туралы белгімен есептелінеді .
Қазіргі жағдайларда қонақ үйлерде тұру үшін төсеніш заттары мен өзге де
шығындар тұрақты болмагандықтан шығындарды іс-сапар бойынша толықтыру
Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекіткен нормалары бойынша жасалады.
Қызметкердің іс-сапардағы тәуліктік мөлшері бір еселенген минималдық
есептік көрсеткіш мөлшерінде төленеді.
Іс-сапар орнына және кері жолға жылдық құжаттар болмаған жағдайда оны
толықтыру жалпы қолдануға арналған әуе, темір жол, су, авто көліктердің
минималды бағасы бойынша жасалынады.
Көптеген кәсіпорындар мен ұйымдар жоспарлық шыгындардың өтелуі туралы
мемлекеттік нормативтерді жеткіліксіз деп есептейді және оны жоғары
мөлшерде төлейді, ол үшін салық төлеуден қалган кәсіпорынның еркіндегі
кірістерді қолданады. Бұл кәсіпорындарға мемлекеттікке қосымша тәуліктік
және пәтерлік төлемнің ішкі нормативтері іс-сапар бойынша бекітіледі.
АҚ Шардара СЭС (су электр станциясы) шетелдік іс-сапарлар іс-сапарлық
куәліктермен толтырылмайды. Оларды дайындау фирма басшысының белгілеген
құжат негізінде іс-сапар мақсаты, мерзімі және баратын елдің көрсетілуімен
жасалады.
Шетелдік іс-сапар шығындарын қабылдаушы жақтың есебінен тәуліктік шығын
нормасынан 30 пайыз көлемінде жасап отырады.
Шетелдік іс-сапарлар қорытындысы бойынша аванстық есеп беру
бухгалтерияга іс-сапардан оралғаннан кейін 3 тәулік ішінде тапсырылуы
керек. Аванстық есеп беруде іс-сапарда болған ел және онда жеткен, болган
мерзімі көрсетіледі. Шетелдік валютамен есеп бойынша қолга берілген жалпы
сома Казақстан Республикасының валютасына айырбасталғандағы сомасына
берілген күнімен, шығын болған мөлшері және шығын болған мөлшерден қалған
қалдық Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің курсы бойынша саналып,
есеп беру мерзімі бекітіледі. Осы тұста пайда болған курстық айырмашылық
жалпы көрсетілген тәртіптегі есепте беріледі.
1250 Жұмысшылар мен өзге де тұлғалардың қарызы шотында жазулар
төмендегідей шоттармен корреспонденцияда көрсетіледі.
1010 - Кассадан аванстық есеп бойынша ақша қаражатын төлеген
кезде;
1040 - Есеп айырысу шотынан аванстарды пошта арқылы аударған
кезде;
1070 - Аванстың чектік кітапшалары бойынша ақша қаражаттарын берген
кезде;
1250 Жұмысшылар мен өзара тұлғалардың қарызы шотының
кредиті келесі шоттардың дебеті бойынша көрініс табатын операциялар:
Мына шоттарында (1310-1315,1317 шоттар) 1317, – ТМҚ (тауарлы
матералдық құндылықтар) жауапты тұлғалардың есебіне жатқызылған жағдайда;
7211- іс-сапар, пошталық, телеграфтық және өзі де шығындар;
1010- кассаға аванстың қайтарылуы;
3351 - авансты жалақы төлемінен ұсталуы кезде;
1250 - есеп беруші тұлға есептелген сомаларды шығындап,
жауапқа тартылуы барысында, егер де олар еңбек ақысын жүргізу
сомасынан ұсталынбайтын болса.
Есеп беретін түлгалармен есеп айырысу шетел валюталармен де жасалына
береді. Валютаны беру барысында 1250 шотты, есеп арқылы шетелдік валютамен
есептеудің субшотын дебеттейді және 1020 шотты кредиттейді. Шығындарды
есептен шығару 7211, 8046 шоттарының дебеті және 1250 шотының кредиті
бойынша жүргізіледі.
Валюта операциясы теңге эквивалентінде көрсетеді. Есеп беруші
тұлгалармен шетелдік валютада жүргізілген есеп беру, тәртіп бойынша жеке
ведомостта немесе 1250 шот бойынша машинограммада жүргізіледі.
АҚ Шардара СЭС (су электр станциясы) бухгалтериясы кез-
келген кәсіпорындағыдай ақша қүралдарының, тауарлы-материалдық
және өзге де құндылықтардың сақталуы үшін қатаң бақылауды іске
асыруға міндетті. Кем шыққан, ұрланған және бұзылған жагдайларды кінәлі
тұлғаларды жауапқа тарту керек.
1250 шоттың Материалдық шығындардың орнын толықтыру есептері
субшотында жеткіліксіз және ұрланған ақша құралдарын толықтыру туралы
есептер көрсетіледі.
Кәсіпорында бағалы заттарының жетіспеушілігі немесе бүлінуімен
келтірілетін шығын сомасы жеке бағаларымен бөлінеді, оған заң жүзінде
қарастырылған өзге тәртіптің анықталуы енбейді.
Жауапты тұлғалардан өндірлетін сомалар 1250 шоттың дебеті (1310-1315,
шоттар) шоттарының кредиті бойынша факт түрінде жетіспейтін сомалар;3520-
субшот айырмашылық көрсетілген сома. Қарыздарды өтеу барысында 1010, 1040,
3351 шоттар дебеттеледі және 1250 шот кредиттеледі. Алыну сомасы мен факт
түрінде жетіспейтін, ұрланған немесе бүлінген бағалы заттардың
толықтырылған айырмашылығын 3520 шоттың дебеті және 6281 шоттың кредиті
бойынша көрсетеді.
Кінәлі тулғалардың төлем жасай алмайтын жағдайы немесе өзге себептерге
байланысты жетіспейтін ұрлану сомалар қажетті түрде толтырылған құжаттардың
негізінде Кт 1250 шотынан Дт 1290 - де есептеп шығарылады.
Егер есепке алу сенімсіз қарыздар бойынша резерв қарастырылмаган болса,
онда жетіспейтін соманы дебет 7211 кредит 1250 - дан есептеп шығарады.
Қарыз түлғаның төлем қабілеті жоқтығынын салдарынан қарызды есептен шығару
оның толық жойылуын білдірмейді. Бүл сомалар 007 баланстан тыс шотта 5
жылға дейін есептелінеді. Бухгалтерия қарыз тұлғаның мүліктік жағдайы
өзгерген жагдайда қарызын өндіріп алуға тиісті.
Бұрын есептеп шығарылған қарыздардың өтелуі 1010, 1040 шоттарының
дебеті, 6281 шоттың кредиті бойынша көрсетіледі. Сонымен сәйкес бұл
сомалар 007 баланстық шотынан шығарылады. Егер сомалар 5 жыл ішінде толық
немесе жартылай өндірілмеген болса, оларды баланстан тыс есептен толық
шығарып тастайды. Өзге де дебиторлық қарызды 1250 шот бойынша есепке алу
айналым - сальдо ведомосында құрылады. Кәсіпорындардың талаптары бойынша
қарыздарды толық және мерзімінде өндіріп алу үшін қажетті шараларды
қолдануға тиісті. Талаптарда келесі ақпарат көрсетілуі қажет:
1. Талап қоятын кәсіпорынның аты.
2. талаптың номері мен мерзімі
З. Талапта көрсетілген міндеттер мен дәлелдердің растығын дәлелдейтін
деректер.
4. Сәйкес нормативті актілерге сүйену.
5. Арызданушының талаптары.
6. Талап сомасы мен оның есебі.
7. Арызданушының төлемдік және есептік реквизиттері.
8. Ұсынылған қаражаттардың реті.
9. Кәсіпорын жетекшісінің қолы.
Жетіспейтін өнімдер сомасына жатпайтын өнімдер немесе кешенді емес
бағаларын өндіру туралы талаптар. Осындай өнімдерді жеткізгені үшін айып
төлемін ендіре отырып, бір айдың ішінде тапсырылады, ал өзге себептер мен
туындаган талаптар - екі ай ішінде тапсырылады.
Бүл шотта жабдықтаушының шот фактураларында жіберген арифметикалық
қателері мен бағалардың сәйкес келмеуіне байланысты талаптар ескеріледі,
жеткізілген бағала заттардың сапасының ГОСТ пен және техникалық шарттарга
сәйкес келмеуі, тауарлардың фактураланған сандары мен салыстыру бойынша
жетіспеуі. Бұл жерде транстық және өзге ұйымдарға талаптар есептелінбейді.
Сәйкес келетін құжаттардың негізінде 1280 Өзге дебиторлық қарыз шотының
дебетінен келесі шоттардың кредитіне есептеп алып тастайды.
Айып пұл, өсім мердігерлер мен жабдықтаушылардың келісім шарттағы
міндеттерді сақтамағандығынан болған шығын сомалары шотта Негізгі емес
қызметтен түскен кірістер болып есепке алынады.
Қойылған талаптар бойынша төлем түскен жағдайда 1043 Есеп айырысу
шотындағы ақша қаражаттары шоты дебеттеледі және 1280 шоты кредиттеледі.
Төлеуден бас тартқан сомалар сенімсіз қарыздар бойынша резервте қаралмаған
жағдайда 1280 шоттың кредитінен 7211 Жалпы және әкімшілік шығындар
немесе қаралған резервтің есебінен 1280 шоттың кредитінен 1290 “ Сенімсіз
қарыздар бойынша резеревтерді” шотының дебетіне есептеп шығарылады.
Өзге дебиторлармен есептесу
Бұл шотта өзге дебиторлармен өзге шоттарда есеп үшін қарастырылмаған
есептеулер заңды және жеке тұлғалармен қарастырылады.
АҚ Шардара СЭС (су электр станциясы) 1280 шотында келеңсіз
жағдайлардан туындаған шығындарды өтеу бойынша дебиторлық қарыздың пайда
болуы туралы ақпарат көрсетіледі.
Жалгерлік міндеттердің есебінен түскен пайда туралы жеке түрде айтуға
болады. Олардың есебі 1260 Түсетін жалгерлік міндеттемелер шотында
жүргізіледі. Бұл шот негізгі активті есептің 1260 шотты жалға беруші
кәсіпорындар қолданады. Шот дебеті бойынша кәсіпорын жалға берушілердің
айдың соңы мен басына жалгерлік төлем бойынша қарыздың қалдығы
көрсетіледі.
Кесте 1
АҚ Шардара СЭС (су электр станциясы) қаржыландыратын жалгерлік
бойынша шоттар корреспонденциясы
№ Шаруашылық операциялардың Сома Дт Кт
мәні
1. Жалгерлікке осы үшін арнайы алынган
активтер беріледі
- келісім бағасына 420 000 1260 2410
2. Егер субьект жалгерлікке
жұмыс жасап тұрған
негізгі құралдарын берсе,
онда төмендегі
корреспонденция
беріледі.
- активтің қалған 360 000 7410 2410
багасына
- тозған сомасына 40 000 2420 2410
- келісім бағасына 420 000 1260 6260
3. Жалгерлік төлем түсті
- жалға берілген объект 420 000 1043 1260
бағасына
Кесте 1а
АҚ Шардара СЭС қаржыландыратын жалгерлік бойынша шоттар
корреспонденциясы (халықаралық стандарттарға сәйкес жұмыс шот жоспары
бойынша)
№ Шаруашылық операциялардың Сома Дт Кт
мәні
1. Жалгерлікке осы үшін арнайы алынган
активтер беріледі
- келісім бағасына 420 000 1260 2410
- есептелетін пайыздар 80 000 1280 6260
сомасына (20%)
2. Егер субьект жалгерлікке
жұмыс жасап тұрған
негізгі құралдарын берсе,
онда төмендегі
корреспонденция
беріледі.
- активтің қалған 360 000 7410 2410
багасына
- тозган сомасына 40 000 2420 2410
- келісім бағасына 420 000 1260 6210
3. Жалгерлік төлем түсті
- жалға берілген объект 420 000 1040 1260
бағасына
- аренда үшін пайыз 80 000 1040 1280
беруіне
- алынған пайыздар 80 000 1280 6260
сомасына бір мезгілде
Кесте 2
Ағымдағы жалға алу барысындағы шоттар корреспонденциясы
№ Шаруашылық опрерациялардың Сома Дт Кт
Маңызы
1. Жасаған келісімге сәйкес
есептелінген жалгерлік төлем 15 117 1260 6260
2. Егер жалгерлік қызметтің
негізгі түрі болатын болса, 10 434 1260 6140
онда- (жер)
шоттың келесі
корреспонденциясы
беріледі
3. Жалға берілген мүліктің 3 482 2420 2410
амортизациясына
4. Жалгерлік төлем түсті
(шартты түрдегі барлық 25 551 1040 1260
сома)
Тауарлы материалдық қорлар сомаларын сақтауын бақылауды күшейту
мақсатында жойылу мен жоғалту, сыну, бағалы заттардың бұзылуы салдарынан
олар субъект немесе кінәлі тұлғалар есебінен шығарылып тастауына қарамастан
жеке шотта міндетті түрде көрсету қажет. Шоттардың типтік жоспарында мұндай
шот қарастырылмаған. Сондықтан да мұндай жағдайларда 1680 шотты қолдану
керек және Бағалы заттардың жоғалуы мен жетіспеушілігі субшотын ашу
керек.
Жетекші түгендеу қорытындысында қарастырылған және шешім қабылданғанға
дейін тауарлардың жетіспеушілігін көрсетеді.
Дт 1250 Материалдық шығындарды толықтыру бойынша есептер субшоты;
Кт 1631 Құндылықтардың бұзылуы, жетіспеушіліктер және жоғалулар.
Кінәлілер болмаған жағдайда, сот негізсіз деп тауып ол туралы іс
қозғаудан бас тартқан жағдайда №7 бухгалтерлік есептің стандартына
сәйкес жетіспеушіліктер 7211 Жалпы және әкімшілік шығындар шотына
жатқызылады.
1630 шот бойынша АҚ Шардара СЭС (су электр станциясы) ішкі шаруашылық
есептерінің бөлімінде төмендегі шоттар корреспонденциясы құрастырылады.
Кесте 4
№ Шаруашылық операциялардың ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz