12 жылдық білім берудің мазмұны, пайдасы, ерекшелігі


Жоспар
І. Кіріспе
1) Білім берудің маңызды мәселелері
2) Білім беру сапасын жетілдіру
ІІ. Негізгі бөлім
- 12 жылдық мектепке көшу
- 12 жылдық білі беру және педагогикалық технологиялар
- Нәтижеге бағытталған білім беру жүйесіне көшу кезеңі
ІІІ. Қорытынды
1) 12 жылдық білім берудің мазмұны, пайдасы, ерекшелігі
Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев өзінің халыққа арналған Жолдауында "XXI ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық" дей келе, кадрлар қорын жасақтаудың қажеттігін айтты. Сонымен қатар бұл мәселенің негізінің мектептен басталатынын, сондықтан да 2008 жылдан бастап 12 жылдық жалпы орта білімге көшудің керектігін айқын көрсетті.
Осыдан-ақ, мемлекетіміздің өркениетті елдер қатарына ұмтылуына байланысты әлемдік білім кеңістігіне кіру қажеттігі туындап отырғанын көруге болады. Мұның өзі егемен еліміздің білім мазмұны мен құрылымының әлемдік елдер деңгейіне сай болуын меңзейді.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының мақсатында көрсетілгендей, әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдастырылған және жеке тұлға мен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын көп деңгейлі үздіксіз білім берудің ұлттық моделін қалыптастыру үшін білім беруді дамытудағы стратегиялық басымдықтарды белгілеу болып табылады.
Қазіргі таңда қоғам алдына қойылып отырған басты міндеттердің ең бір өзектісі - бүкіл білім жүйесін түбегейлі жаңартып, дүниежүзілік деңгейге сәйкес келетін, жастарға сапалы білім беруге жағдай жасайтын және олардың үйлесімді дамуына, жеке бастың тұлға ретінде қалыптасуына бағытталған жаңа үлгідегі мектеп құру болып отыр. Бұл мақсатты орындау орта білімнің 12 жылдық мерзімге өтуімен астасып жатыр.
Еліміз 12 жылдық орта білім беруге көшу мәселесін шешуде алыс-жақын шетелдердің іс-тәжірибелеріне және соңғы кездегі педагогика мен психология ғылымдарының алдыңғы қатарлы зерттеу нәтижелеріне сүйенуде. 12 жылдық орта білімге көшу аз уақыт ішінде, жеңіл түрде іске аса қоятын мәселе емес. Бұл білім беру орындарының үйлесімді дайындығын, әрбір мұғалімнің өз ісін қайта қарауды, білімінің теориялық және әдістемелік тұстарынан жетілдіруді талап ететін мәселе. Сонымен қатар, 12 жылдық орта білімге көшу осыған байланысты жарық көретін әрбір мемлекеттік құжаттар талаптарының өз кезінде орындалуын және мұғалімдер мен оқушылар қауымына ұсынылатын оқулықтардың, оқу құралдарының педагогикалық, әдістемелік, психологиялық тұрғыдан негізделуін керек етеді.
Осылардың негізінде ғана 12 жылдық орта білім бағдарламаларын, сапалы оқулықтарды, оқушылар белсенділігін тудыратын жаңа технологияларды, әдістемелерді, көмекші құралдарды яғни, оқу-әдістемелік кешендерді өз дәрежесінде дайындау мүмкіндігі тумақ.
Орта білім жүйесін жаңарту мәселесі баланы алты жастан бастап мектеп жағдайында оқытып, тәрбиелеуді жүзеге асырғалы отыр. Бұл 12 жылдық орта білімге көшудің ең басты мәселелерінің бірі және бірегейі. Себебі, бұрын балабақша жағдайында мектепалды дайындығынан өтетін не отбасы жағдайында үйде дайындалатын ойын баласы енді мектепке келіп, партаға отырып, оқушылар қатарына өтпек. Әрине алты жастағы баланың мектепте оқуға физиологиялық, психологиялық тұрғыдан дайын екенін көптеген ғалымдар зерттеулер негізінде дәлелдеп отыр.
Орыстың алдыңғы қатарлы бала тәрбиесімен және оны дамыту жолдарымен айналысқан ғалымдары Л. С. Выготский, В. В. Давыдов, Л. В. Занков, Д. Б. Элькониндармен қатар қазақстандық педагог психологтар: В. К. Павленко, Қ. Т. Шериязданова, Б. Баймуратова зерттеулері бойынша баланың ең дамуға ыңғайлы да, қолайлы да кезеңі бес пен алты жастағы шақтары екендігі айқындалған. Мәселен, психолог А. А. Люблинскаяның пікірінше алты жасар бала мектеп жағдайында оқуға дайын, себебі, ол қимыл-тірек қозғалысы жағынан саналы әрекет етеді. Ол үлкендер ұсынған тілек-талаптарды өздігінен орындай алады. Ойын барысында да ойлы әрекет ету арқылы өзінің не істегісі келетінін біліп, соны дұрыс атқаруға тырысады, өз әрекетінен белгілі дәрежеде қорытынды шығарады, ойлай, қиялдай біледі деп түйіндейді. Ал, Д. Б. Эльконин алты жастағы баланың ана тілінің дыбыстау жүйесін білетіндігін, есту, көру қабілетінің жақсы дамығандығын, сөз қорының жеткіліктілігін, олармен әңгімелесуге, сұрақтарға жауап алуға толық мүмкіндік болатынын айтады. Сонымен қатар алты жастағы бала маңайындағы адамдардың көңіл-күйіне ортақтаса алады. Белгілі дәрежеде өздерінің мінез-құлқын да басқара алады. Жақсы-жаман қылықтарды ажыратып, нені істеуге болатынын, нені істемеу керектігін де біледі. Міне, мұғалім сабақ берген кезде олардың осы сапаларына сүйенеді.
Физиологтар болса, алтыдағы баланың ми жасушаларының, құрылысының үлкен адамдарға ұқсас қалыптасқандығынан, олардың психологиялық және физиологиялық тұрғыдан мектепте оқуына мол мүмкіндігі барлығын дәлелдейді.
Сонымен қатар он екі жылдық мерзімді орта білімге көшуде алты жастан бастап оқытудың тағы да айта кетерліктей саяси да, әлеуметтік те мәні бар. Ол ең бірінші, соңғы кезде мектепке дейінгі мекемелердің жабылып, Республика бойынша санаулы ғана балабақшалардың қалуынан туындап отырған жағдай. Әсіресе, ауылдық жерлерде мектепке дейінгі мекемелердің азаюына, тіпті кей жерлерде болмауына байланысты көптеген мектеп алды балаларының ұжымдық тәрбиеден сыртта қалып отырғандығынан, бұл жағдай олардың өз кезеңінде дамуына біраз кедергі тудыратындығы мәлім. Себебі, отбасы тәрбиесінің алатын орыны ерекше болғанымен, балаға ұйымдасқан түрде, арнаулы бағытталған оқыту мен тәрбие берудің жөні мүлде басқа. Екінші жағынан, егемендік алған жылдардың алғашқы кезеңдерінде шаруашылықты нарықтық тұрғыда ұйымдастырудың әдіс-тәсілін меңгере қоймаған халықтың біраз тығырыққа тірелгені өтірік емес. Осы тұста ата-аналар күнкөрістің қамымен жүргенде бала тәрбиесімен айналысу тұстарының төмендеп кеткендігінің де кепілі болдық. Соның салдарынан мектепке көптеген балалар мүлде дайындықсыз келіп, оқу үлгірімінің төмендеп кетуіне де әкеліп соққандығы белгілі.
Сонымен қатар, қазіргі таңда баланы алты жастан бастап мектеп жағдайында оқыту ата-анаға әлеуметтік жағынан да, моральдық тұрғыдан да біраз көмек қажет екені белгілі.
Міне, осы жоғарыда айтылған жағдайлардың бәрі ескеріліп, орта білімді он екі жылдық мерзімге көтере отырып, енді оның мазмұны мен құрылысын анықтау мәселесі Республиканың алдыңғы қатарлы педагог ғалымдары мен әдіскерлерінің және тәжірибелі мұғалімдерінің үлесіне тиіп отыр.
Бұл мәселе әдіскер педагогтардың бірігіп, ақыл қосып, баланы оқыту мен дамытудағы осы кезге дейінгі іс-тәжірибенің сынақтан өткен тұстарын саралауға мәжбүр етті. Осыған орай, 2001 жылдан бастап сол кездегі 12 жылдық білім беру проблемаларының республикалық ғылыми-практикалық орталығының басшылығымен оның ішінде профессор А. Әбілқасымованың жетекшілігімен бұл жауапты мәселеге кірісу үшін бұрын-соңды оқулық жазумен айналысып келген авторлар өкілдері, жаңаша сабақ беріп, оқушыларды дамытудың тиімді тұстарына баса көңіл бөліп келген тәжірибелі мұғалімдер және белгілі әдіскерлер қауымы бірігіп іске кірісті. Осының нәтижесінде қазіргі таңда 1 -4 сыныптардың барлық пәндері бойынша оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерінің байқауға арналған нұсқалары жарық көріп, олар Республикамыздың 100-ден астам сыныптарында мектеп жағдайында эксперименттік байқаудан өтуде.
12 жылдық орта білім мазмұнының ең алғашқы бастамасы бастауыш буында жүзеге асатыны белгілі. Себебі бас-тауыш буында жоғары сыныптарда оқылатын бүкіл пәннің іргетасы қаланып қана қоймайды, сонымен қатар білім алуға талпынушылық, яғни балалардың оқу әрекеті, танымдық белсенділік, жеке бастың адами қасиеттерінің негізі осы кезеңде қаланады. Сонымен қатар осы кезеңде баланың белсенділігі, оның рухани және дене күші де дами бастайды. Осы жасқа лайықты мазмұн мен оны оқытудың әдісін саралау, бала жанына жақын қарым-қатынас арқылы оларды дамыту мәселесін ғылыми жолға қою оңай мәселе емес.
Осыны ескере отырып, 12 жылдық мектептің бастауыш буын бағдарламасында әр пән бойынша дайындық кезеңі жеке қарастырылып, оған арнаулы сағат бөлініп, ерекше көрсетілді. Мұндағы мақсат - психологиялық тұрғыдан мектепке жаңа келген алты жасар баланың ойын әрекетін жалғастыра отырып, біртіндеп оқу әрекетіне көшуін қамтамасыз ететін әдістерді қарастыру. Алты жасар бала үшін жаңа рөл-оқушы, жаңа әрекет - оқу болса, осы мәселелерге олардың шаршамай, жалықпай, қызығушылықпен араласып кетуіне, маңайымен қарым-қатысының күшеюіне жағдай жасау мұғалімнің шеберлігін және осы жастағы оқушының психологиялық ерекшелігін жете білуін керек етеді.
Бастауыш мектепті бітіргенде 9 (тоғыз ) жастағы бала XX ғасырдағы өзінің замандастарымен салыстырғанда оқу, ойлау, қарым-қатынас сияқты іс-әрекетінің жоғары деңгейімен, білімді өздігінен ізденуге ұмтылушылығымен, өзін-өзі дамытуға икемдігімен, адамгершілік және отанжандылық құндылықтарының жоғарылығымен, яғни тұлғаның барынша жан-жақты даму үрдісін сезіну біліктілігімен ерекшеленуге тиіс.
Сондықтан бағдарлама талаптары тек жеке пәндерден білім беріп қана қою емес, оқушылардың жалпы дамуына жол ашуға бағытталған.
Олардың қатарына:
- баланың жас ерекшеліктері мен жеке мүмкіндіктеріне сәйкес оны тұлға ретінде біртұтас үйлесімді (білім беру мен тәрбиелеу) түрде дамыту;
- оқу іс-әрекеттерінің негізгі компоненттерін меңгерту (оқу міндетін түсіну, оқу операцияларын орындау, өзін-өзі бақылау, өзін-өзі бағалау, өзін-өзі басқару, маңайымен дұрыс қарым-қатынаста болу т. б. ) ;
- адам тұлғасына тән азаматтыққа, рухани және адамгершілік құндылықтарға, танымдық іс-әрекетке, өздігінен іс-әрекет жасауға, оқуға және өзін-өзі тәрбиелеуге ұмтылу;
- баланың ойын, тілін, дыбыстық есіту, көру кеңістігін, математикалық аңғарымын, интелекті мен қарым-қатынас дағдыларын, яғни пәнді оқып үйренуге тілдік дайындығын дамыту;
- ақыл-ой іс -әрекеті тәсілдерін (бақылау, салыстыру, талдау, жалпылау классификациялау) жадының, зейіннің, қабылдауының, ойлауының, қиялының дамуына байланысты танымдық процестерді меңгерту;
- интеллектуалдық рухани адамгершілік, еңбек, эстетикалық, және дене тәрбиесі және шығармашылық дағдыларын дамыту енеді.
Дайындық кезеңдегі материалдар алты жасар баланың жас ерекшелігіне, өмір тәжірибесінің кәлеміне лайықты, олардың ой дүниесіне қызығушылық тудыратын мазмұнда және пәнаралық байланысты жүзеге асыра отырып, ойын әрекеттері барысында беріледі.
Мұнан әрі пәндердің негізгі бөлімі, яғни білім, білік, дағдыларын жетілдіретін, оқушылардың дамуын іс жүзінде қамтамасыз ететін мазмұнға көшеді.
Оқыту мазмұнын жетілдірудің философиялық әдіснамалық негізін қажеттік пен мүмкіндік, жүйелілік пен құрылымдық, тұрақтылық пен тұтастық, ықпалдастық және саралау сияқты қарама-қайшылықтарды алдын ала анықтайтын таным теориясының обьективті заңдылықтары құрайды.
Оқыту мазмұнын жетілдірудің психоло-гиялық негізіне психолог ғалымдардың "Дамудың жақын аймағы", "Ақыл ой әрекеттерін кезең бойынша қалыптастыру", " Мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы балаларды дамыта оқыту" сияқты ғылыми теориялық қағидалары жатады.
Оқыту мазмұнын жетілдірудің дидакти-калық негізіне оқытуды ұйымдастыруға тұлғалық бағдарлылық және шығармашылық іс-әрекет тұрғысынан балаға іс-әрекет субьектісі ретінде (әрекетінің себептерін, қызығушылығын, мақсаттарын т. б. ) қарап, оны қалыптастыру туралы теориялық қағидалар жатады.
Осы жоғарыда көрсетілген ғылыми тұжырымдарға сүйене отырып, бастауыш сынып бағдарламаларының мазмұны бойын-ша бірнеше дидактикалық принциптер жүзеге асады:
Ғылымилық және жас ерекшелік принципі. Берілетін білімді мұқият іріктеу, қазіргі таңда ғылыми тұрғыдан айқындалған қағидалар, ғылымда нақты қолданылатын терминдердің енгізілуі. Сол берілген материалдың оқушылардың оқуға дайындық деңгейіне, олардың дене дамуы мен психикалық процестерінің (зейіннің, қабылдаудың, ойлауы, жадының, еркінің т. б. ) даму деңгейіне сәйкес келуі.
Ықпалдастыру принципі Сауат ашу, математика, қоршаған дүние, технология, бейнелеу өнері пәндерінің сабақтары мазмұнына қарай бір-бірімен ықпалдасып келеді. Ықпалдасу бұл бірнеше жақын мазмұнды, оқу пәндерінің біреуінен берілетін білімді бірі толықтыруға ыңғайлы болып, олардың мазмұндық жүйесінің кірігуі. Ықпалдасқан мазмұнды меңгеру кезінде балалардың іс-әрекетінің алмасып отыруы (ойын, оқу), қызығушылықтың тууына және шаршамауға себеп болады. Ықпалдастыру приципі арқылы дүниенің біртұтастығы, оның құбылыстарының өзара байланыстылығы туралы түсініктер қалыптастыру мүмкіндігі туады.
Пәнаралық байланыстар принципі. Бұл әр пәннен алған білімді кез келген сабақ барысында кешенді түрде пайдалануды көздейді. Бұл оқу пәндерінің мазмұнын сәйкестендіруге, пәндердің өзара байланысын іздестіруге сол арқылы оқушылардың логикалық ойын дамытуға жағдай жасайды.
Әр түрлі деңгейде оқыту мен тәрбиелеу жүйесінде бала тұлғасын дербес дамыту принципі. Бұл барлық жағынан баланың дербес ерекшеліктерін ескере отырып, әр түрлі міндеттерді шешу мүмкіндіктерін, алға қойған мақсатты шешудегі қарқындылығын дамыту.
Нәтижелі шығармашылық қызмет принципі.
Бағдарлама мазмұны тек әр пән бойынша білім мен тәрбие беруге және оны меңгертуге ғана емес, сонымен қатар оқушылардың шығармашылық қызметін дамытуға бағытталған. Бұл әр уақытта балалардың эвристикалық қабілеттерін дамыта отырып, оқу іс-әрекетін, оқушылардың қызығушылығы мен бейімділігін дамыту, ойлан тап, ойдан шығар, орында, қиялда, құрастыр, дайында т. с. с жаңа нәтижелер жасауға бағыттайтын тапсырмалар беру арқылы жүзеге асады.
Мадениеттендіру принципі. Кез кел-ген пәннің мазмұнында оқушылардың жеке басынан бастап оның жалпы мәдениетін көтеру, ол үшін отбасының гигиенасынан басталатын түрлі қатынастың біртіндеп, мәдени орталықтарды, адам баласының қай салада болсын Республикамыздың ғана емес, адамзат тарихынан бастап, қолы жеткен жетістіктерін қамту көзделген.
Экологиялық принцип. Әр сынып сайын оқушының өзін-өзі байқауы, өз әрекетін басқаның тиімді әрекетімен салыстыруы, қоршаған ортаға, табиғатқа адами, мәдени қатынас жасауға мүмкіндік беру жағы қарастырылады.
Өлкетану принципі. Әр пәннің әр тарауы жергілікті материалдармен байланыстыра оқытуды талап етеді. Бұл әрине мұғалімдердің әдістемелік ізденістерін, қосымша материалдардың молдығын керек етеді.
Осы сияқты білім берудің дидактикалық принциптерін сақтай отырып бағдарламаны жүзеге асыру арқылы 12 жылдық білімнің бастауыш буынындағы оқыту мен тәрбие талаптарын қамтамасыз етуге жағдай тумақ. Білім беру барысында осы дидактикалық принциптердің жүзеге арсырылуы негізінде баланың жалпы дамуын қамтамасыз ету мәселесі жүзеге аспақ. Олар: баланың жеке бастық іс-әрекетінің, әлеуметтік, зейінінің, тілі мен ойының, қимыл әрекетінің т. б. дамуы қамтамасыз етіледі. Бірақ бұл дамулардың бәрі де бала мүмкіндігінен асып кетпеуге тиісті. Ең басты көңіл аударылатын мәселе - бұл баланың денсаулығын сақтау. Баланың ақыл-ой резервтері мен мүмкіндіктерін асыра бағалап алмай, оларды дамытуға лайықты қарым-қатынас әдістерімен қарулану.
Қазіргі таңда бастауыш буында білім берудің ерекшелігін ескеріп, оны жүзеге асыру үшін мектел жағдайында елде де болса, бірнеше мәселелердің шешімін табу міндеттері туындайды:
Біріншіден, мектеп мұғалімдерін қайта дайындау. Оларды теориялық тұрғыдан да, әдістемелік тұрғыдан да қаруландыру. Бұл тұрғыдан Республикада азды -көпті жағдайлар жасалуда. Әсіресе, эксперименттік мектептер мұғалімдері соңғы 3 жыл ішінде бірнеше рет дайындықтардан өтті. Бұл жағынан Республиканың бүкіл облыс орталықтарының және эксперименттік сыныптары бар аудандары мен ауылдарындағы мұғалімдердің бәрі дерлік авторлар қауымымен тікелей кездесіп, бағдарлама мазмұны мен оқулықтар жайында өз пікірлері мен ойларын еркін ортаға салу дәрежесіне жетіп отыр. Олар алты жасар балалармен жұмыс істеудің біраз ерекшеліктерін меңгеріп қалды десек, артық емес.
Екіншіден, мұғалімдер қауымын оқулықтар мен оқу әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету. Бұл тұрғыдан да біраз мәселе бастауыш сыныптарға байланысты жасалды. Әр пән бойынша оқу әдістемелік кешендер дайындалды. Осы тұста айта кетерлік жағдай, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтының "Мектепке дейінгі және бастауыш білім" кафедрасының бір топ оқытушылары 12 жылдық білімнің бастауыш буын стан-дарты, бағдарламасы, оқулықтары және оқу-әдістемелік құралдарының авторлары ретінде көптеген ғылыми әдістемелік еңбектер беріп қана қоймай, Республика бойынша келешекте жаңа жүйемен жұмыс істейтін мұғалімдерді әдістемелік тұрғыдан дайындау ісіне белсенді түрде атсалысып отыp.
Үшінші, яғни 12-жылдық білімге көшудегі басты мәселелердің бірі-оқушыларды керекті оқу құралдарымен қамтамасыз ету. Бұл мәселе бойынша әр сыныптың әр пәніне арналған оқулықтар мен оқушыларға арналған дәптерлер берілді. Бірақ, мұнымен оқу әдістемелік кешендер қамтамасыз етілді деп қарау қиын. Себебі, әлде де болса оқу ісін күшейтуге, білім берудің тиімді жолдарын іздестіріп, белсенді әдістерді қолдануға жол ашатын көмекші көрнекі құралдар жеткіліксіз.
Бұрынғы кеңес үкіметі кезінде Қазақстанның киностудиясының көмегімен талай оқу фильмдері, диафильмдер әр пәннен жарық көрген болатын. Қазір олар оралмасқа кетті, тозды, мазмұны ескерді т. б.
Ал осы таңда, бейнелі суреттер, таратып беретін дидактикалық материалдар, қазақ тілінде лотолар (зоологиялық, биологиялық т. б. ), диафильмдер мен кинофильмдер, хрестоматиялар шығаруға көңіл
бөлінбей отыр. Оқу кешеніне оқулықпен бірге дәптер, әдістемелік нұсқау, ең жақсы деген жағдайда, кейбір пәндерден хрес-томатия берілсе, соған қанағат етудеміз. Білімге аямай қаржы бөліп отырған жағдайда керекті құралдарға мұндай немқұрайлы қарауға болмайтындығы белгілі. Сондықтан
да, бұл мәселеге Білім және ғылым министрлігі тарапынан көңіл бөлінуге тиіс деп ойлаймыз.
Қазіргі таңда республикамызда 12 жылдық білім беруге көшуге дайындық жұмыстары жан-жақты талқылануда. Мұндағы біздің басты ұстанымымыз - тұлғаның жеке дамуына негізделген, жан-жақты зерттеліп, сараланған білім беру үлгісінің басым бағыттарын айқындау, нәтижесінде еліміздің әлемдік өркениетке негізделген білім саясатындағы стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыру.
12 жылдық білім беру жүйесіне көшу -қоғамдағы елеулі өзгерістер мен адамдар арасындағы қарым-қатынас құралдарының қарыштап дамуына байланысты жаңа адамды қалыптастыруды көздеген заман талабы. Әлемдік білім кеңістігіндегі оқытудың озық технологияларын камтитын жаңа білім мазмұны шынайы жарыс, адал бәсекеге қабілетті адам тәрбиелеуді қамтамасыз етуі тиіс.
12 жылдық оқытудағы басты мақсат -қарқынды дамып келе жатқан ортада өмір сүруге қабілетті, өзін өзі дамытуға, өз ойын еркін айта білуге, өз қалауымен қоғам талабына сай өзін көрсете білуге бейім, жоғары білімді шығармашыл дамыған тұлғаны қалыптастыру.
Қазір еліміздегі жалпы білім беретін 155 мектептің бастауыш сыныптары сынақ-тәжірибеден өтуде, Білім мазмұнын жаңартудағы бұл үрдіс барша педагог қауымға, сондай-ақ ата-анаға да үлкен жауапкершілік жүктейді. Мектепке баланы 6 жастан қабылдау дұрыс болып отыр, өйткені осы жастағы балалардың білуге деген құштарлығы мен қызығушылығы басым. Сонымен қатар мектепке дейінгі тәрбие жүйесін сақтау орынды. Ал, егер 5 жастағы балалар мек-тепке даярланар болса, онда балабақшадағыдай жағдайы болуы керек.
1 "а" сыныбыма 25 оқушы қабылданды. Оның 13-і ұл бала, 12-сі қыз бала. Жас ерекшеліктері бойынша:
5, 5жас(3) - 12%,
6 жас (5) - 20%,
6, 5 жас (17) - 68%-ті құрайды.
Оның ішінде даярлықтан өткені (17) -68%, балабақшадан өткені (6) - 24%, даярлықсыз келгені (2) - 8%.
Бұл балалардың мектепке дайындығы тексерілді. Ол үшін "12 жылдық мектептің бірінші сыныбына қабылданатын балалардың оқуға дайындық деңгейін анықтау" атты әдістемелік құрал басшылыққа алынды. Ол бойынша "Әлеуметтік зерттеу", "Ата-аналар туралы мәліметтер", "Ата-аналарға арналған сауалнама", "Медициналық зерттеулер", "Балалардың денсаулық, құжаты", т. б. жинақтай келе оқушының психологиялық, мінездемесі, психологиялық дайындық ерекшеліктері, таным деңгейлері, ортаға қатысы, дамуы анықталды. І-ші жарты жылдықта, жылдық қорытынды тексеру жұмыстары алынды. Эксперимент барысында сынып пен салыстырмалы сынып арасында айырмашылық, байқалды. Айырмашылықтың болуы яғни экспериментттік сыныптағы білім, білік және оқу дағдыларының сапасы жоғары болуы, біріншіден, бала санының аздығына, екіншіден, сабақтағы жұмысбастылықтың болмай, сабақ ұзақтығының 35 минут болуында және оқулық материалдарының балаға тусініктілігінде деуге болады. Білім сапасының жақсы болуына себептер көп. Отбасы, ұстаз, балалар қауымдастығы осының тетігі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz