Мақтаарал ауданының топонимиясына тарихи — лингвистикалық және сөзжасамдық сипаттамасын, тілдік ерекшеліктері


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 50 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Лексикологияның семасиология тарауымен тығыз байланысты бір саласы- ономасиология деп аталады. Ономасиология - грек тілінің - «ат, есім, атау» деген мағынадағы оnоmа деген сөзімен «сөз, білім» деген мағынадағы logos деген сөзінен құралған термин. Семасиология сөздің мағыналарын, семантикалық заңдарды зерттесе, ономасиология зат немесе құбылыс ұғымының белгілі бір сөзбен аталуының себебі неліктен екендігін қарастырады. Анығырақ айтқанда сөз семасиологиялық тұрғыдан қарастырғанда, ұғымның сөзбен аталу, белгілену жағына назар аударылады. Сонымен, ономасиология заттар мен құбылыстардың аталуы, белгіленуі туралы ілім дегенді білдіреді [1, 81-6] .

Ономасиология - бүкіл тіл бірліктерін олардың аталу немесе репрезентативтік қызмет атқаруы тұрғысынан зерттейді, атау техникасы мәселелерімен де айналысады. Қазіргі лингвистикада ономасиологияның тар мағынасындағы түсінігі бар. Онда ономасиаолгия атау процестері туралы ілім ретінде қабылданады, ал кең тұжырымдамада тілдегі бүкіл номинативті қызмет саласын зерттеу деп қарастырылады.

Теориялық ономасиология өз бастауын антикалық дәуірден алады. Атау теориясы антикалық философияда маңызды орын алғаны белгілі. Одан кейінгі ғасырларда логикалық - философиялық тартыстар номиналистер мен реалистер арасында болды. Олар заттың аталуы калай жасалады, «табиғаттан ба» әлде «жасалуынан ба» деген сұраққа жауап іздеді [2, 158-6] .

Жалпы және орыс тіл білімінде ономасиология XX ғасырдың 60-70 жылдарынан бастап жеке сала ретінде зерттеліп жүр. Оны кейде грамматиканың ономатология атты бір саласы ретінде де қарастырады. Бұл тәжірибе ономасиологияның жүйелі түрде зерттелуіне мүмкіндік беріп, оның барлық мәселелерінің толық қамтылуына жағдай жасалды. Қазір орыс тіл білімінде ономасиологияның жалпы теориялық мәселелері жан - жақты зерттелді. Ономаиологияның тіл білімінің жеке саласы ретінде танылуын В. Виноградов, Г. О. Винокур, С. Д. Кацнельсон, В. Г. Гак, Г. С. Щур, И. С. Торопцев сияқты ғалымдар теориялық тұрғыдан дәлелдеді.

Қазақ тіл білімінде бұл мәселенің беті әлі толық ашылған жок, негізінен ономасиология этнолингвистика, этимология, лексикология, семасиология көлемінде зерттеліп жүр. Қазақ тіліндегі түрлі тақырыптық, лексика -семантикалық топтардың, тілдік бірліктердің аталу ерекшелігі әр сөз табымен байланысты лексикологияда беріліп келеді. Ол ғылыми жұртшылыққа түрлі түркі тілдерінің лексикология салаларынан белгілі. Сондықтан оны бұрыннан келе жатқан, дағдыға айналған құбылыс деуге болады. Сонымен бірге біраз еңбектерде атаулардың шығу төркінін, жаңа сөз жасау процесінің нәтижесі сөздің сөзжасам негізінде пайда болатынын негізге алып, ғалымдар ономасиологияны грамматикаға жатқызады. Алайда тіл біліміндегі аталым, атаулану процесіне қатысты мәселелердің бәрі тіл білімінің өзінше дербес саласы ретінде жеке қаралу керек деген ғалымдардың, оның ішінде әсіресе, орыс тіл білімі ғалымдарының ұсыныстары қазақ тілшілеріне де әсер ете бастады [3] .

Осымен байланысты белгілі ғалым Л. В. Щерба өзінің зерттеуінде «грамматиканы актив және пассив түрлерге бөліп қарастыру негізінде семантикалық жақтарды зерттейтін идеологиялық грамматиканың жасалуы қажет» - деп санайды[4] . Ғалымның пікірі бойынша белгілі бір ойдың тілде берілу жолдарын тек белсенді синтаксис саласы ғана қарастыра алады. Ал бұл мәселе кез-келген тілдер грамматикасының өз шешімін таппаған, күрделі де қиын проблемасы болып табылады.

Осы ретте зерттеуші И. И. Мещаниновтың еңбектеріндегі ұғымдық және грамматикалық категориялардың ара қатынасы жайлы ой - тұжырымдары біздің зерттеуіміз үшін өте маңызды: «тілдегі кез - келген ұғым - ұғымдық категория бола бермейді. Ұғымдық категория дегеніміз - тілдік деңгейде белгілі бір құрылымы бар, лексикалық, морфологиялық немесе синтаксистік жүйелерде берілген ұғым»[5, 15-б] . Демек, лингвистер үшін ең маңызды мәселелердің бірі ұғымның тілдік жүйеге қалыптасуы мен берілуі болып табылады.

Осыған орай, грамматикалық және ұғымдық категориялардың айырмашылығы «белгілі бір тұтас құрылым ретінде танылатын тілдік категорияның айырым белгілері грамматикалық категорияларды, ал оның семантикалық негіздері ұғымдық категорияларда беріледі», - деген тұжырым арқылы анықталады [5] .

Ономасиология тіл білімінің жеке, дербес саласы, оның өзіндік зерттеу нысаны бар. Бұл саланың зерттеу нысанына атаулар табиғатына қатысты тілдік бірліктердің туу, пайда болу процесі, аталым түрлері, туында сөздер, аталымдық заңдылықтар мен мағына, ұғым қалыптасуы сияқты күрделі мәселелер жатады. Басқаша айтқанда ономасиология тілдегі аталым теориясымен байланысты барлық құбылыстар мен заңдылықтарды зерттейді.

Ономасиологияның диалектиологияға да қатысы бар. Онамасиологияның диалектологияға қатысы әсіресе лингвистикалық географиядан айқын аңғарылады. Әр түрлі тілдердің диалектологиялық атластарының лексикологиялық картасы ономасиологиялық негізге сүйеніп жасалады да, бір заттың немесе құбылыстың диалектілердегі әр түрлі атауларының таралу шегі көрсетіледі.

Ономасиологияның айрықша бір саласы - ономастика. Ономастика (гректің Опута - есім, ат) - тіл білімінің жалқы есімдерді, жер - су аттары, кісі есімдері мен фамилиялары, жан-жануарлардың аттары, астрономиялық атаулар жатады. Ономастиканың басты бөлімдері: топонимика, антропонимика, этнонимика, космонимия, зоонимия т. б.

Қазіргі уақытта ономастика Қазақстан Республикасындағы ұлттық тіл саясатының жетекші бағыттарының бірі ретінде тек ғылыми - практикалық, мәдени - тарихи ғана емес, сондай - ақ қоғамдық - саяси маңызға да ие болып отыр. Қоғам дамуының кез - келген кезеңінде ономастикалық атаулардың тарихи маңызы зор болды. Адам қоғамдастығының бірде - бірі мемлекет даму процесінде өзінің антропонимдері мен топонимдерінің жинағынсыз өмір сүрген емес. Сондай-ақ, Қазақстандық қоғамдастықтың да ежелгі тарихи дәуірде қалыптасқан ұлттық ономастикалық жүйесі бар. Қазақстанның көптеген ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық ономастика жүйесі XIX - ғасырдың екінші жартысынан бастап түбегейлі өзгерістерге ұшырады және патша үкіметінің отаршылық мүдделеріне қызмет етуге мұқтаж болды.

Ономастиканың топонимика саласы - (гректің topos - орын, жер және omona - атау) жер-су атауларының пайда болу, қалыптасу, даму және қызмет ету заңдылықтарын зерттейді. Топонимика география, тарих және тіл білімі ғылымдарының түйіспесінде дамып келе жатқан жаңа ғылым деген тіркес ұғым қалыптасқан. Топонимика жаңа ғылым емес, лексикологияға жататын ономастика саласының ірі, басым бөлігі.

Тіл қоғамдық құбылыс көрсеткіші ретінде танылатындықтан сол қоғамда тіл бейнелейтін кез - келген құбылыста қоғамдық таным - түсінік арқылы таңбаланады. Сол қоғамдық құбылыстың бірі - жер бедерлері, яғни топонимдер. Жер атты планетамыздағы жер бедерлері (тау, орман, көл, арал т. б) бір - біріне ұқсас болғанымен жекелеген ендіктерді мекендеуші халықтар өз таным түсініктеріне сәйкес оларды әр тілде, әр текті атап келген. Ол атаулардың қашан, қалай, қандай себептерге байланысты аталғанын анықтау әлем лингвистерінің қашаннан да басты қызығушылығын арттыра түскен. Себебі адам баласы ежелден - ақ білмегенді білуге, өмірдегі сыры жұмбакқ құбылыстардың сырын ашуға ұмтылған. өмірдегі табиғаттың тылсым құбылыстарын өз түсініктері деңгейінде қабылдап, оған анықтама беруге тырысқан. Соның бірі қашан, қалай қойылған белгісіз, мағынасы түсініксіз жер - су атауларына қатысты аңыз - әңгімелердің туындауына себеп болған. Бұл құбылысты тіл білімінде халықтық немесе жалған этимология деп атай береді. Кейбір ғалымдар оны этимологияның алғашкы сатысы, баспалдағы деп те таниды.

Топонимиканың зерттеу обьектісі топоним ең алдымен сөз, лексема болғандықтан ол лингвистикалық тәсілдермен зерттеледі. Жер - су атауларын зерттеу барысында тарих, археология, этнография, география, ландшафттану тағы басқа ғылым салаларының деректері кеңінен қолданыс табады және өз кезегіндегі осы салаларға құнды материал бере алады. Топонимикалық атаулардың оның ішінде өзен, су атаулары ең көне де, ең тұрақты ономастикалық категория болып саналады. Топонимика нақты аймақтық өңірдің ертедегі әртүрлі тарихи кезеңдердегі жер бедері сипаты, табиғи ерекшеліктері, жан-жануарлар дүниесі, қандай тайпалар, халықтар мекендегені туралы мәліметтер бере алады. Топонимика терминімен қатар топонимия сөзі де қатар қолданылады, сондықтан оларды дұрыс ажырата білу керек. Топонимия - нақты өңір территориялық немесе белгілі бір тарихи дәуірдің жер-су атаулары жүйесі, жиынтығы. Қазақстандағы алғашқы топономистер Н. Баяндин (1941) мен Ғ. Қонқашпаевтар (1951) болды. Қазақ жер атауларын тілдік тұрғыдан жүйелі түрде алғашқы рет диссертация (1954) монография (1959) түрінде зерттеген А. Әбдірахманов. Содан бері топонимиканың түрлі мәселелеріне арналған бір қатар докторлық, елуге жуық кандидаттық диссертация қорғалып, монография, сөздік, жинақтар жарық көрді.

Қазақ топонимикасы бойынша зерттеулер қазіргі таңда негізінен аймақтық принципке жүгініп, бірнеше облыстың жер - су атаулар жүйесі ғылыми тұрғыдан сараланды. Қазақ тіл білімінде академик Ә. Қайдар бастауымен бой көтеріп келе жатқан этнолингвистикалық бағытта қазақ топонимдері ұлттық - мәдени тұрғыдан сипаттала бастады, яғни жер - су атауларының жасалуындағы уәж, номинациялары, олардың мән - мағынасындағы ұлттың негіздер. Қазақ халқының салт - дәстүр, наным - сенім, болмыс - тіршілік, дүниетаным, жалпы ұлттық менталитет тұрғысынан зерттеле бастады.

Аймақтық топонимика бағытында біраз жұмыстар жасалғанымен, толып жатқан ғылыми теориялық қолданбалы мәселелері әлі күнге өз шешімін таба қойған жоқ, олар: мемлекет дәрежесінде шешімін қажет ететін мәселе -идеология, тың игеру т. б отаршылдық әсерінен пайда болған атауларды жойып, тарихи атауларды қалпына келтіру топонимдерді жинау жұмыстары көптеген ғылыми ізденісті қажет етеді. Топонимика қазақ ономастикасының басым саласының бірі ретінде едәуір зерттелгендігін және оның өзіндік ерекшеліктері бар ойконимика, гидронимика, оронимика тармақтары бойынша жеке зерттеудің тым аз екендігін айту керек.

Кез - келген географиялық атау ең алдымен әр бір халықтың тарихи және мәдени ескерткіші. Жылдар, оның иіріміндегі адамдар, олардың өміріндегі адамдар осының бәрі өткінші. Олар қашанда болса да тарихтың үлесіне тиіп, кейінгі ұрпаққа көбінесе топонимдер арқылы ғана жетеді. Тіпті ең жаңа топонимнің өзі көп кешікпей - ақ тарих қойнауына кіреді. Кез - келген аймақтың макротопонимдері сол жерге келіп қоныстанған халықтың тілінде емес, керісінше, сол жердің тұрғылықты халық тілінде қалыптасады. Сондықтан белгілі бір аймақтың жер - су атауы сол өлкені өте ерте замандарда мекендеген адамдар, этнос, ұлт өмірінен, олардың тұрмыс - тіршілігі мен салт -дәстүрінен аса құнды мәлімет береді. Мақтаарал ауданында да талай сырды бойына бүккен атаулар жеткілікті.

Тақырыптың өзектілігі: Еліміздің тәуелсіз мемлекеттер қатарында XXI ғасырға аяқ басуы еліміздің тарихын, сол тарихтың құрамдас бөлігі болып табылатын ұлттық тарихын, жан - жақты және терең зерттеуді талап етіп отыр. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев өзінің 1998 жылғы наурыз айында зиялы қауым алдындағы сөйлеген сөзінде жер - су аттарының тарихилығы мен көнелігіне мейілінше мән беріп, оны зерттеудің маңызы зор екендігін атап көрсетті. Бұл тұрғыдан Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтаарал ауданының топонимиясын зерттеу бір жағынан қазақ тілінің лексика, этимология саласын тың деректермен толықтырса, екінші жағынан ұлттық сананың дамуындағы жер - су атауларының рөлі секілді бұрын терең анықталмаған мәселелерді шешуге бағытталады.

Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеті: Диплом жүмысының негізгі мақсаты Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтаарал ауданының топонимиясына тарихи - лингвистикалық және сөзжасамдық сипаттамасын, тілдік ерекшеліктерін беру болып табылады. Осы мақсатқа сәйкес Мақтаарал ауданының топонимиясын зерттеуде мынадай міндеттерді шешу қажеттілігі пайда болды:

- аудан топонимдерін жинау;

- жиналған жер - су атауларын жүйелеу;

- топонимдердің құрлысын тілдік тұрғыдан сипаттау;

Дипломдық жұмыстың негізгі материалдары мен деректері: Дипломдық жұмысқа негізгі топонимиялық материалдар жер жайын қанық білетін, ел тарихымен терең таныс ауыл ақсақалдарынан, малшылар мен дихандардан алынды. Сондай - ақ ол материалдар Мақтаарал ауданының кеңшарлары мен ұжымшарының карталарындағы, аудандық статистикалық комитетке жолданған топонимиялық деректермен толықтырылды. Топонимиялық материал алғашқыда жаппай жиналып, кейіннен арнайы карточкаларға түсірілді. Осының нәтижесінде 80-ге жуық топонимиялық атау жинақталып, түрлі топонимиялық аңыздар мен жалған этимологияға негізделген сюжеттер қағазға түсірілді.

Зерттеудің әдістері: топонимиялық материалдарға тарихи лингвистикалық талдау жасау барысында дескриптивтік (баяндау) құрылымдық, сөзжасамдық, салыстырмалы тарихи, лексика - семантикалық әдістер қолданылды.

Дипломдық жұмыстың ғылыми - теориялық негізі: Ғылыми теориялық негізі ретінде Т. Жанұзақовтың, Ә. Кембаевтың, О. Сүттібаевтың, С. Зиябековтың, Э. Мурзаевтың, Е. Қойшыбаевтың, А. Әбдірахмановтың, т. б зерттеулері алынды.

Дипломдық жұмыстың құрылымы: Диплом кіріспеден, екі тараудан және қорытындыдан тұрады. Соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен Мақтаарал ауданы картасы, қосымшалар берілген.

І-тарау

МАҚТААРАЛ АУДАНЫ

Орталығы Мақтаарал ауданы 1931 жылдың мамырынан Славянка ауылы 1997 жылдың сәуірінен Жетісай қаласы.

Аудан 1930 жылы Иіржар ауданынан құрылды. Аудан құрылғаннан кейін уақыт талабына сәйкес әкімшілік бөліністе белгілі өзгерістер болды. 1936 жылы мамырда Асықата алуылдық кеңесі құрылды.

1937 жылы Қызылтоғай, Тегістік, Асықата, Бейнет, Покровский, Қызылкүншығыс және Елтай ауылдық кеңестері таратылды.

Осы жылы ауданда келесі ауылдық кеңестер болды: Алғабас, Бірлік, Граждан, Кеңесшіл, Қызылту, Новорождественский, Октябрь, Первомай, Прогресс, СаккоВанцетти, Славян, Сталин, Трудовой, Өргебас және Ұйымшыл.

1938 жылы тамызда Новорождественский ауылдық кеңесі Краснооктябрьский болып өзгертілді. 1944 жылы мамырда Сакко Ванцетти, Прогресс ауылдық кеңестері және Ильич жұмысшы поселкесі жаңадан құрылған Ильич ауданының құрамына берілді. 1954 жылы шілдеде Первомай және Трудовой ауылдық кеңестері орталығы Қоңырат ауылында орналасқан Алғабас ауылдық кеңесі болып, Краснооктябрьский және Трудовой ауылдық кеңестері орталығы Коммунизм ауылында орналасқан Трудовой ауылдық кеңесі болып біріктірілді. 1956 жылы сәуірде таратылған Қызылқұм және Шымқорған ауылдық кеңестері Мақтаарал ауданына берілді.

1957 жылы қаңтарда Велико Алексеевский мақта өсіретін кеңшарының аумағында ауылдық кеңес құқығындағы осы аттас поселкелік Кеңес құрылды.

1957 жылы шілде Граждан ауылдық және Велико Алексеевский поселкелік кеңестеріауылдық кеңес құқығындағыбір Велико Алексеевский поселкелік кеңесі, Өргебас және Қызылту ауылдық кеңестері бір Қызылту ауылдық кеңесі болып біріктірілді, Қарақыр және Мақталы елді мекендері Велико Алексеевский поселкелік кеңесінен Қызылту ауылдық кеңесінің құрамына берілді. 1958 жылы Шымқорған және Қызылқұм ауылдық кеңестері Киров ауданының құрамына берілді. 1962 жылы сәуірде Велико Алексевский поселкелік кеңесі Свердлов ауылдық кеңесі болып өзгертілді.

1963 жылы қаңтарда орталығы Славянка ауылында орналасқан құрамында келесі ауылдық кеңестері бар Мақтаарал ауылдық ауданы құрылды: Алғабас, Бірлік, Кеңесшіл, Қызылту, Прогресс, Свердлов, Славян, Трудовой және Ильич поселкесінің кеңесі.

1963 жылы 11 қаңтарда Киров ауданынан Иіржар және Центральный ауылдық кеңестері жаңадан құрылған Жетісай ауданының құрамына берілді.

1963 жылы қаңтарда аудан Өзбек КСР інің құрамына берілді.

1971 жылы шілдеде Өзбек КСР інің Сырдария облысы құрамынан аудан Шымкент облысының құрамына қайтарылды.

1972 жылы қыркүйекте Жаңажол ауылдық кеңесі құрылды.

1986 жылғы 1 қаңтардағы мәлімет бойынша аудан құрамында елді мекендерімен келесі ауылдық кеңестер болды:

1. Бірлік орталығы Қоңырат ауылы, Қоңырат, Алғабас, Еркінабад, Интерноционал, Соцқұрылыс елді мекендері.

2. Жаңажол о. Политотдел а. Политотдел, Жеңіс, Киров, Найман, Бұқарбай, Новый путь, Фирдоуси, Целинный е. м.

3. Кеңесшіл о. Кеңесшіл а. Кеңесшіл, Андреево, Жамбыл, Октябрь, Прогресс, Тегістік е. м.

4. Қызылту о. Қызылту а. Қызылту, Қарақыр, Ленин, Мақталы, Қазақ КСР інің 30 жылдығы, Юбилейный е. м.

5. Мақтаарал о. Ильич ж. п. Ильич ХХІІ Партсъезд, Дзержинский, Коминтерн, Октябрь революциясы, Первое мая, Правда, Қазақ КСР інің 40 жылдығ е. м.

6. Свердлов о. Свердлово, Абай, Қазақ КСР інің 20 жылдығы, Красный Авангард, Мақтажан, Маяк, Первое Мая, Победа, Рахимова, Чкалово е. м.

7. Трудовой о. Трудовой а. Трудовой, Жантақсай, Красный Октябрь, Қызыл күншығыс, Фрунзе е. м.

Аудан құрамында 1932 жылы құрылған Ильич жұмысшы поселкесі бар.

1986 жылы 30 сәуірде келесі елді мекендер біріктіріліп, жаңа атауларға ие болды:

1) . Бірлік ауылдық кеңесінің МТФ 1 елді мекені Алғабас ауылымен Алғабас;

Бірлік ауылдық кеңесінің МТФ 2 елді мекені Ленин жолы ауылымен Ленин жолы;

Жаңажол ауылдық кеңесінің Қарақожа е. м. Жеңіс ауылымен Жеңіс е. м;

Жаңажол ауылдық кеңесінің жем шөп базасы е. м. Новый путь ауылымен Новый путь е. м;

Кеңесшіл ауылдық кеңесінің МТФ е. м. Кеңесшіл ауылымен Кеңесшіл е. м;

Қызылту ауылдық кеңесінің Қызыл жұлдыз және Соц. Қазақстан е. м. Қызылту ауылымен Қызылту е. м;

Қызылту ауылдық кеңесінің МТФ е. м. Қарақыр ауылымен Қарақыр е. м;

Қызылту ауылдық кеңесінің Ынталы е. м. Қазақ КСР інің 30 жылдығы ауылымен Қазақ КСРінің 30 жылдығы е. м;

Мақттарал ауылдық кеңесінің №1 ауыл және №2 е. м. Дзержинское ауылымен Дзержинское е. м;

Мақтаарал ауылдың кеңесінің №3 ауыл, №3 База, №2 МТФ е. м. Коминтерн ауылы мен Коминтерн е. м;

Мақтаарал ауылдық кеңесінің №23, 24 және 104 База е. м. ХХІІ Партсъезд ауылымен ХХІІ партсъезд е. м;

Мақтаарал ауылдық кеңесінің №7, 33, 43, 48, Механизаторлар және Техникум е. м. Ильич жұмысшы поселкесімен;

Свердлов ауылдық кеңесінің Октябрдің 15 жылдығы е. м. Мақтажан ауылымен Мақтажан е. м;

Трудовой ауылдық кеңесінің №40, 43 Будка е. м. Красный Октябрь ауылымен Красный Октябрь е. м;

Трудовой ауылдық кеңесінің Скотбаза е. м. Жаңа жол ауылдық кеңесінің Жеңіс ауылымен.

Мақтаарал ауылдық кеңесінің Рисовое елді мекені таратылды.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі Төралқасының қаулысымен 1993 жылы мамырда Мақтаарал ауданының орыс тіліндегі атауы қалпына келтірілді.

2) . 1993 жылы 9 желтоқсанда Қазақстан Республикасының «Жергілікті Кеңестердің өкілеттігін шұғыл тоқтату туралы» Заңына сәйкес Мақтаарал ауданының барлық ауылдық кеңестері өз қызметін тоқтатты.

1994 жылы 5 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің қаулысымен өзіне бірнеше елді мекендерді қамтитын селолық кеңестердің шекараларында төмендегі селолық округтер құрылды.

1. Абай 6. Иіржар

2. Алғабас 7. Қызылту

3. Жамбыл 8. Ленин жол

4. Жаңа жол 9. Мақтаарал

5. Жеңіс 10. Еңбекші

3) . 1994 жылы 29 қарашада Оңтүстік Қазақстан облыстың мәслихаты мен Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірлескен шешімімен ауданның әкімшілік орталығы Славянка ж. п. Мырзакент пос. болып қайта аталды.

4) . 1997 жылы 17 сәуірдегі Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты мен облыс әкімінің бірлескен шешімімен:

5) . Абай ауылдық округі Жамбыл селолық округінің құрамына;

Алғабас ауылдық округі Бірлік ауылдық округінің құрамына;

Жеңіс ауылдық округі Жаңажол селолық округінің құрамына берілді.

1997 жылы 24 сәуірде ҚР Президентінің Жарлығымен Мақтаарал ауданы таратылды. Аталған жарлықпен таратылған Асықата, Жетісай, Мақтаарал аудандарының аумағында орталығы Жетісай қаласында орналасқан, жаңа Мақтаарал ауданы құрылды.

6) . 2001 жылғы 1 қаңтардағы мәлімет бойынша Мақтаарал ауданының құрамында елді мекендерімен төмендегі ауылдық округтер мен поселкелер болды:

1. Асықата

2. Атакент

3. Мырзакент поселкелері

4. Абай ауылдық округі 1. Бескетік

2. Водное

3. Достық

4. Интерноциональное

5. Бостандық

6. Гүлстан ауылдары

5. Абай ауылдық округі 1. Халықтар достығы

2. Плодовиноградное

3. Прибрежное

4. Отан

5. Бейбітшілік ауылдары

6. Алғабас ауылдық округі 1. Алғабас

2. Еркінабат

3. Табысты ауылдары

7. Атамекен ауылдық округі 1. Жеңістің 40 жылдығы

2. Әлімбетов

3. Ғабдуллин

4. Гагарин

5. Жемісті

6. Атамекен

7. Мақташы

8. Талапты

9. Жібекші

10. Қалпақсай

11. Қоғалы

12. Пірәлі

13. Тамды

14. Тыңдала ауылдары

8. Арай ауылдық округі 1. Абай

2. Амангелді

3. Әуезов

4. Ақжайлау

5. Жамбыл

6. Достық

7. Жданов

8. Шұғыла

9. Қызыләскер

10. Мұратбаев

11. Арай

12. Сейфуллин

13. Үтіртөбе ауылдары

9. Еңбекші ауылдық округі 1. Жантақсай

2. Жаңатұрмыс

3. Шұғыла

4. Тәңірберген Жайлыбаев

5. Нұрлытаң

6. Қазақстанның 60 жылдығы

10. Жамбыл селолық округі 1. Жалын

2. Жамбыл

3. Кеңесшіл

4. Прогресс

11. Жамбыл ауылдық округі 1. Бірлік

2. Большевик

3. Жамбыл

4. Достық

5. Жеңіс

6. Жданов

7. Жаңадала

8. Кәрісауыл

9. Кирпичное

10. Қызылтаң

11. Ленин абат

12. Сайлау

13 Чкалов ауылдары

12. Жаңаауыл ауылдық округі 1. 22 партсъезд

2. Мырзашөл

3. Қараой

4. Жаңаауыл

5. Ынтымақ

6. Красная звезда ауылдары

13. Жаңажол ауылдық округі 1. Достық

2. Жеңіс

3. Өргебас

4. Найман Бұқарбай

5. Арайлы

6. Ақжол

7. Фердауси

8. Нұрлыжол

9. Қарақожа ауылдары

14. Жылысу ауылдық округі 1. Әл Фараби

2. Минеральные воды

3. Мырзашоқы

4. Сейфуллин

5. Баққоныс

6. Байқоныс ауылдары

15. Иіржар ауылдық округі 1. Қазақ КСР нің 40 жылдығы

2. Абай

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оңтүстік Қазақстан облысы топономиясының физикалық-географиялық астарлары
Қазақстан Республикасында топонимика ғылымының дамуындағы қазіргі теориялық мәселелер
Оңтүстік Қазақстанның географиялық атауларының шығу тегі мен мағыналық жүктемесінің физикалық-географиялық негіздері
Қазығұрт өңірі топонимиясының этнолингвистикалық сипаты
Идеографиялық оқу сөздігінің тілдік жүйені меңгертудегі орны
Сөзжасам ұғымы және оның құралдары туралы
Солтүстік Қазақстан аймағы топонимдерінің ерекшеліктеріне шолу
Абайдың қара сөздеріндегі көсемшенің синтаксистік қызметі
Тіл біліміндегі жүйе және құрылым терминдерінің түсіндірілуі
Қысқартулардың қазіргі қазақ баспасөзінде қолданылуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz