Бейнелеу өнерін оқытудағы технологиялық қатынасты ұйымдастырудағы дидактикалық шарттардың бағыттаушы қызметі


Бейнелеу өнерін оқытудағы технологиялық қатынасты ұйымдастырудағы дидактикалық шарттардың бағыттаушы қызметі
Болашақ мұғалімдердің қазақ халық дәстүрлері негізінде бастауыш сынып оқушыларын әдепке тәрбиелеуге даярлығын қалыптастырудың педагогикалық шарттарын анықтау педагогикалық заңдылықтар мен педагогикалық принциптерді талдаудан туындайды. Педагогикалық заңдылықтар, біріншіден , оқытудың қоғамның мұқтажына, қажеттілігіне және жағдайына байланысты, екіншіден , оқытудың, білім берудің және дамудың өзара байланысына; үшіншіден , оқу үрдісінің міндеттері, мазмұны, формалары және әдістерінің өзара байланысына қатысты болып келеді[1] . Бұл заңдылықтар педагогикалық принциптерді ажыратуға негіз болады. Педагогикалық принциптер бірінен кейін екіншісі орындалатындай реттілікте немесе тізбектілікте жүзеге аспайды, ол бір кешенді түрде орындалады. Педагогикалық принциптердің мақсаттылық және ғылымилық, жүйелілік және бірізділік, саналылық пен белсенділік, педагогикалық үдерістің бағыттылық принципі, пәндердің өзара байланыс принципі деген түрлері белгілі. Принциптердің негізгісін немесе қосалқысын ажыратуға болмайды, дегенмен, олардың арасындағы пәнаралық байланыс принципіне басымдық беру арқылы біз алға қойған мақсатты шешудің тиімді жолын іздемекпіз.
Болашақ мұғалімдердің қазақ халық дәстүрлері негізінде бастауыш сынып оқушыларын әдепке тәрбиелеуге даярлығын қалыптастыру мақсатында ұсынылған элективті курс пен оқу құралдарын жеткілікті дәрежеде меңгеру үшін педагогиканы оқыту әдістемесі, этнопедагогика, тәрбие жұмысының әдістемесі, педагогика тарихы, философия пәндерінің мазмұнына толықтырулар енгізілуі керек. Ал педагогикалық шарттарды ішкі байланысына сүйене отырып белгілі бір реттілікте келтірдік, себебі, жүйелі түрде ұсынылған оқу материалы негізінде ғана қажетті құзырлылықтар қалыптасады.
Педагогикалық шарт оқу-тәрбие процесін тиімді ұйымдастыруға бағытталады. Жоғары оқу орындарында болашақ мұғалімнің қазақ халық дәстүрлері негізінде бастауыш сынып оқушыларын әдепке тәрбиелеуге даярлығын қалыптастыру факторының бірі оқу-тәрбие үдерісі болып табылады.
Жоғары оқу орнындағы оқу және тәрбие үдерісін болашақ мұғалімнің қазақ халық дәстүрлері негізінде бастауыш сынып оқушыларын әдепке тәрбиелеуге даярлығын қалыптастыру үдерісінде негіздерді айқындаушы ретінде қарастыру жоғары оқу орнының оқу-тәрбие үдерісіне талдау жасау үшін өлшемдерді саралауға мүмкіндік береді. Өлшемдер болашақ мұғалімнің қазақ халық дәстүрлері негізінде бастауыш сынып оқушыларын әдепке тәрбиелеуге даярлығын қалыптастыру олардың сапалық және сандық көрсеткіштерін айқындауға бағытталады:
-болашақ мұғалімнің қазақ халық дәстүрлері негізінде бастауыш сынып оқушыларын әдепке тәрбиелеуге даярлығын қалыптастыру оқу-тәрбие үдерісінің мақсатты бағыттылығы;
- әдеп дәстүрлердің педагогикалық пәндер мазмұнында және оқудан тыс тәрбие жұмыстарында көрініс табуы, олардың сандық және сапалық сипаты;
- болашақ мұғалімнің қазақ халық дәстүрлері негізінде бастауыш сынып оқушыларын әдепке тәрбиелеуге даярлығын қалыптастыру даярлығының деңгейі.
Бұл өлшемдерді анықтаудағы негізгі әрекеттер мыналар: педагогикалық пәндер оқулықтары мен бағдарламаларын талдау; болашақ мұғалімдердің дербес жұмысындағы тақырыптық тапсырмаларды талдау; болашақ мұғалімдердің педагогикалық тәжірибе бойынша орындаған есебін талдау; тәрбие жұмыстарының құжаттарын талдау; сауалнамалар, анкета жүргізу; сабақтарға қатысу, әңгімелесу; кураторлық сағаттар, дөңгелек столдар, диспуттар, рөлдік және іскерлік ойындар, тринг т. б. өткізу.
Болашақ мұғалімнің қазақ халық дәстүрлері негізінде бастауыш сынып оқушыларын әдепке тәрбиелеуге даярлығын қалыптастырудың негізгі педагогикалық шарты болып әлеуметтік-гуманитарлық пәндердің мазмұны саналады. Оны осы пәндер саласындағы оқу бағдарламалары мазмұнына жасаған контент-талдау дәлелдейді. Қазақ халық әдеп дәстүрлері туралы педагогикалық ақпаратты көбінесе мынадай оқу пәндерінен алуға болады:мамандыққа кіріспе, педагогика, этнопедагогика, педагогика тарихы, тәрбие жұмыстарының әдістемесі, т. б.
Сондықтан мектептерде, басқа да білім беру мекемелерінде осы білімді үнемі толықтырып отыруға қажетті жағдайлар, атап айтқанда, үйретуден «білім беруге», өз бетінше білім алуға, қазақ халық дәстүрлері негізінде оқушыларды әдепке тәрбиелеу қажеттілігін саналы да тұрақты ету керек. Бұл жүйе мұғалімдердің шығармашылық қабілеттерін дамытуға, педагогикалық қызметте қазақ халық дәстүрлері негізінде оқушыларды әдепке тәрбиелеу технологияларын қолдану дағдысын қалыптастыруға бағытталып, педагогикалық технологияларды меңгеруге ықпал етуі керек. Мұндай көзқарас нәтижесінде қазақ халық дәстүрлері негізінде оқушыларды әдепке тәрбиелеудің педагогикалық технологиясына негізделген сабақтарды өткізу әдістемесі, қажетті ғылыми-әдістемелік материалдарды құру, сонымен бірге педагогикалық үдеріс, сабақ құрылымы, мотивтері өзгеріп, салдары ретінде болашақ мұғалімнің кәсіби сапалары молығады, артады. Оқытудың мұндай жүйесі сырттан танылмауы керек, ол мектептегі, жоғары оқу орнындағы жалпы әдістемелік жұмыс нәтижесі бола отырып, мұғалімнің кәсіби сұраныстарына сай келуі қажет.
Болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін өнер пәнін оқытуға дайындаудың дидактикалық шарттары оқытудың мазмұндық, ұйымдастырушылық, әдістемелік, материалдық жағынан қамтамасыз етуді көздейді. Мазмұндық қамтамасыз ету: «Бейнелеу өнері тарихы мен теориясы», «Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі» пәндерінің бағдарламасын жасау сол бойынша дәрістік, тәжірибелік сабақтар өткізу; «Педагогикалық іс тәжірибе» бағдарламаларына қосымшалар енгізу арқылы мектептегі өнер пәнінен сабақтар мен сабақтан тыс тәрбиелік іс шаралар ұйымдастыру; «Өнер пәнін оқыту әдістемесі» атты элективті курс бағдарламасын жасау және оның сабақтарын өткізуді қамтамасыз ету карастырылады. Ұйымдастырушылық қамтамасыз ету бойынша: дипломдық жұмыс, курстық жұмыс, өнер мұражайларына экскурсиялар ұйымдастыру, тренинг, тест тапсырмалары, өнер туралы пікір алысу, баяндама, нұсқау, кеңес беру, сауалнама, конференция, семинар, дебат, көрме жұмыстарын ұйымдастыруды қамтамасыз ету танылады. Әдістемелік қамтамасыз ету бойынша: оқу бағдарламалар, оқулықтар, көрнекілік құралдар, электрондық оқулықтар, дидактикалық материалдар, оқытудың инновациялық технологияларын қолданудың қамтамасыз етілуі көзделеді. Материалдық қамтамасыз ету: оқу үдерісі кітапхана қорымен, интерактивті тақта, видео, компьютерлік кластар оқу материалдарымен жабдықталуының қамтамасыз етілуі жоспарланады[2] .
Болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін өнер пәнін оқытуға дайындау әдістемесінде келешек маманның бойында жалпы көркемдік білім, өнер пәнін оқыту әдістемесі пәнінен теориялық білімдерін қалыптастыру және практикалық тұрғыдан іс шаралар ұйымдастыру қажеттігін көрсетеді. Ол үшін болашақ мұғалімдердің өнер пәнін оқыту әдістемесі пәнінде игерген теориялық білімдерінің нәтижесін дағды мен іскерлікті қалыптастыратын семинарлық, тәжірибелік, элективті курс, оқытушы мен студенттің өздік жұмысы және өнер пәнінен жаңа буын оқулықтары мен бағдарламалардағы теориялық материалдардың берілуіне назар аудару, студенттерді мектеп тәжірибесіне толық енгізу қажет екендігі көрінді.
Бейнелеу өнерін оқыту теориясы мен практикасы туралы психологиялық, педагогикалық зерттеулерде «бейнелеу өнері мұғалімінің кәсіби-педагогикалық қызметі» ұғымы дәйектелді және оның құрылымдық мазмұнын анықталынған. Бұл мазмұнға сәйкес бейнелеу өнері мұғалімінің кәсіби-педагогикалық қызметі мұғалім мен оқушының «субъект-субъект» қарым-қатынасының интегральды жүйесі болып табылатыны, ал оның басты мақсаты талғамын түзету, денсаулық мәдениетін, салауатты өмір салтын қалыптастыру, эстетикалық таным іскерліктері мен дағдыларын меңгерту болып саналатыны ғылыми-теориялық тұрғыдан негізделді. Осы тұрғыдан бейнелеу өнері мұғалімінің кәсіби-педагогикалық қызметінің құрылымдық мазмұны, оның құрылымдық және құзыретті құраушыларын айқындау нақты педагогикалық технологияны ұйымдастыруға жетекші болатынын көрсеткен жөн.
Бейнелеу өнерінің теориясы мен практикасында мұғалімнің кәсіби педагогикалық қызметі күрделі, көпқұзыретті (полифункциональды) жүйе ретінде түрлендіруші, тасымалдаушы, басқарушы, субъект-субъектілі қатынас қалыптастырушы түрлерде қарастырылады. Сондықтан әрбір сабақ-тың мазмұнын жоспарлағанда мұғалімнің кәсіби-педагогикалық қызметінің көпқұзыреттілігі кәсіби қызметтің ерекше түрі ретінде мұғалім ұйымдасты-ратын және оқушы тұлғасын дамыту, олардың талғамдық, танымдық іскерліктері мен дағдыларын тәрбиелеуге бағытталған үрдіс болып сипатталатынын растауды дидактикалық шарттар қатарына қосқан жөн. Яғни, мұғалімнің кәсіби іскерлігі мен дағдысы оның кәсіби педагогикалық қызметінің нәтижесі ретінде оқыту үрдісінде қалыпта-сатыны және оның көрінісі тәрбие тәсілдерінен, қатынастар жүйесінен, өзін-өзі таныту құралдарынан және субъектінің табиғи белгілерінен анықталынатыны ғылыми-педагогикалық тұрғыдан дәлелденді.
... жалғасыТеориялық материалдарды талдау және зерттеу мәселесі бойынша жасалынған тұжырымға сәйкес зерттеуге алынған педагогикалық үрдісті технологияландырудың мынадай ұстанымдарын көрсетуге болады: зерттеу мәселесін өрнектеу және педагогикалық жағдаяттың дамуын талдау; белгілі бір құндылықтар және келістер жүйесінде ойлар ұсыну; жетекші ойларға және құндылықтарға сәйкес қажет деп саналатын педагогикалық нысананы құрудың нобайын әзірлеу; мақсатқа жетудің тәсілдері туралы ұсыныстарды өрнектеу; қызмет, әрекеттің кезеңдерін сипаттау; күтілетін нәтижелерді бағалау критерийлерін айқындау; педагогикалық қызметтің оңтайлы варианттарын таңдау; ойды жүзеге асыру үшін қажетті міндеттерді нақтылау; диагностика және түзету қызметтерін жүзеге асыру кезеңдерін анықтау; қорытынды кезең: нәтижелерді түйіндеу, қорытындылау.
Сол себепті технологиялық талаптардың мұғалімнің кәсіби-педагогикалық қызметінің құрылымдық және құзыреттілік (функцио-нальды) ерекшеліктері есепке алуы міндетті деп саналады. Олай болса беәнелеу өнері сабақтарында болашақ мұғалімдерді педагогикалық технологияларды ұйымдастыруға даярлау бірнеше психологиялық-педагогикалық принциптерге: жүйелілік принципі, диалог принципі, білімгерлердің даралық ерекшеліктерін есепке алу принципі, ғылымилылық принципі, үздіксіздік принциптеріне сүйенуді қажет ететін дидактикалық шарттарға сүйенеді.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz