ХІХ ғасыр қазақ әдебиетінің жаңа дәуірі



Даму барысы
БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ
ТЕАТР ЖӘНЕ ХОРЕОГРАФИЯ
КИНЕМАТОГРАФИЯ
СӘУЛЕТ ӨНЕРІ
Тоқсаныншы жылдардың басында Қазақстанның мәдени даму барысында ерекше серпіліс пайда болды. Мәдениет, өнер қайраткерлері өз шабыттары мен ұмтылыстарының тек өз шығармашы лық табыстары ғана емес, сонымен бірге бүкіл мәдениетіміздің даму жағдайы сол табыстармен байланысты екендігін түсінді. Көптеген қайраткерлер өздерінің жеке мектептерін аша бастады. Соның ішінде Қазақстан Республикасының халық әртісі Жәния Әубәкірованың музыкалық колледжі, өнертанушы Евгений Гуцалюктің көркемсурет мектебі, суреткер Бақыт Талқамбаевтың «Арттерапия» мектебі, »Қызғылт жал» атты халықаралық би фестивалінің қарамағындағы осы аттас би мектебі т. б. Сонымен бірге бірнеше жаңа творчестволық одақтар құрылды. Атап айтқанда:»Театр қайраткерлерінің одағы, »Хореографтар одағы», »Балетмейстерлер одағы». Галерея қозғалысы да жандана бастады, бұрынғы белгілі «Ұмай тәңірі», »Ұлар», »Вояджер», »Ретромен бірге жаңа «Арт-нават», »Ою», »Трибуна» галереялары өз жұмыстарын бастады. Жаңа әдеби қоғамдар құрыла бастады, солардың ішінде Рудный қаласында (Солтүстік Қазақстан облысы) жарық көретін «Пигмалион» әдеби-көркем журналы. Бұл басылым жаңа әдеби ағымдағы тәжірибелерге бағытталған. Еліміздің осы өңірдегі прогрессивті суреткерлерімен тығыз байланыстағы мәдени журнал «Тамыр» қазақ және орыс тілдерінде басылатын мәтіндерін парасатттылық ой-өріске бағыттайды.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
ДАМУ БАРЫСЫ

Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін жариялаған уақыттан бастап
мәдени өмірде үлкен, сапалы өзгерістер басталды. Біріншіден, тарихи мәдени
мұраларымыздың өзіндік орны мен қажеттілігі айқындалды, халықаралық
қатынастар дами бастады.

Бұл саланың күрделі мақсаттарының бірі - мәдениетті ұлттың рухани байлығы
ретінде дамыту және жандандыру.

Тоқсаныншы жылдардың басында Қазақстанның мәдени даму барысында ерекше
серпіліс пайда болды. Мәдениет, өнер қайраткерлері өз шабыттары мен
ұмтылыстарының тек өз шығармашы лық табыстары ғана емес, сонымен бірге
бүкіл мәдениетіміздің даму жағдайы сол табыстармен байланысты екендігін
түсінді. Көптеген қайраткерлер өздерінің жеке мектептерін аша бастады.
Соның ішінде Қазақстан Республикасының халық әртісі Жәния Әубәкірованың
музыкалық колледжі, өнертанушы Евгений Гуцалюктің көркемсурет мектебі,
суреткер Бақыт Талқамбаевтың Арттерапия мектебі, Қызғылт жал атты
халықаралық би фестивалінің қарамағындағы осы аттас би мектебі т. б.
Сонымен бірге бірнеше жаңа творчестволық одақтар құрылды. Атап
айтқанда:Театр қайраткерлерінің одағы, Хореографтар одағы,
Балетмейстерлер одағы. Галерея қозғалысы да жандана бастады, бұрынғы
белгілі Ұмай тәңірі, Ұлар, Вояджер, Ретромен бірге жаңа Арт-нават,
Ою, Трибуна галереялары өз жұмыстарын бастады. Жаңа әдеби қоғамдар
құрыла бастады, солардың ішінде Рудный қаласында (Солтүстік Қазақстан
облысы) жарық көретін Пигмалион әдеби-көркем журналы. Бұл басылым жаңа
әдеби ағымдағы тәжірибелерге бағытталған. Еліміздің осы өңірдегі
прогрессивті суреткерлерімен тығыз байланыстағы мәдени журнал Тамыр қазақ
және орыс тілдерінде басылатын мәтіндерін парасатттылық ой-өріске
бағыттайды.

Еліміздің негізгі мәдени орталығы Алматының шығармашылық өмірі түрлі мәдени
шараларға толы, апта сайын көркемөнер көрмелері, он жыл қатарынан
халықаралық ән фестивалі Азия дауысы, және оның жас орындаушыларға
арналған Жас қанат фестивалі, классикалық би өнерінің фестивалі, авторлық
әндер конкурсы, ақындар айтысы өткізілуде, шоу-бизнес белсенді түрде
дамуда.

Жалпы алғанда Қазақстанның кәсіби өнері еуропалық және жергілікті қазақи
қалып пен тақырыптарды біріктіре білді, сондықтан хх ғасырда ол өнердің
барлық саласында дамып, ойлау ұстанымында еуразиялық болып табылады. Бұның
негізінде біздің ұлттық қалып пен мәдени мұраларға толығымен сүйенген
орыстың академиялық білімді кәсіби мектебі жатыр. Кеңестік Қазақстанның
мәдениет саясатында әрдайым талантты қазақ жастарын Кеңес Одағының ең үздік
оқу орындарында білім алуын қамтамасыз ету шаралары болған. Екінші дүние
жүзілік соғысы кезінде Қазақстанға, соның ішінде Алматыға көптеген Кеңес
Одағының белгілі өнер қайраткерлері үкіметтік жеңілдіктермен эвакуациялануы
ұлттық өнеріміздің дамуына өз үлесін тигізді. Мосфильм киностудия\сының
негізгі бөлігі Алматыға көшірілді. Сол уақытта С. Эйзенштейннің
режиссерлігімен Иван Грозный фильмі түсірілді. Соғыс алдында ғана
құрылған Н. В. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесінде кеңестік
үздік профессура(А. Черкасски й, Д. Митрохин)дәріс берді. Сол кездерде
алғашқы балалар және жасөспірімдер театры шаңырақ көтерді. Оның негізгі
ұйымдастырушысы Наталья Сац есімімен бүгінде орыс балалар және
жасөспірімдер театры аталады. Осының бәрі бүгінгі Қазақстан мәдениетінің
аяғына тұруына, кәсіби биіктерге көтерілуіне себепкер болды.

Еліміздің мәдени өмірінің дамуыны өз үлесін қосып келе жатқан көптеген
мұражайлар мен галереялар бар. Бүгінгі таңда республикамызда 103
мемлекеттік әр бағыттағы, яғни тарихи-ө өлкетану, көркемсурет, әдеби
мемориалдық, музыкалық мұражайлар бар.

Астана еліміздің басты мәдени орталығына айналып келеді. Жаңа астанамызда
Президенттік мәдени орталықтың шаңырақ көтеруі оның өміріне үлкен жаңалық
әкелді. Бұл орталықтың өзгешелігі-өз құрамында мұражай, орталық кітапхана
және концерттік залдың болуы. Бұл ТМД мемлекеттеріндегі осы үлгідегі
алғашқы орталық.

Астанада халықаралыұ фестивальдар мен конкурстар өткізу әдетке айналды.
Атап айтсақ, Қазақстан халықтарының достығы фестивалі, талантты жастардың
республикалық Шабыт фестивалі, Қазақстанның жылдық ән конкурсы Алтын
диск, Республикалық ақындар айтысы, Тазша бала конкурсы, қазақ әндерінің
конкурсы т. б.

2004 жылдың қаңтарына Қазақстан мәдениет министрлігінің мәлімдемесі бойынша
халыққа мәдени қызмет көрсетуге 48 театр, 21 кинотеатр, 291 жылжымалы және
стационарлық киножүйе, 31 концерттік ұйым, 3399кітапхана, 154 мұражай, 1988
клубтық қоғам, 25 демалыс саяжайы, 4 зоопарк өз үлестерін қосты.

Барлық творчестволық үйымдардың материалдық негізі-мәдени құрылыстар
сақталып, қайта қалпына келтірілуде. Мәдениет саласында мемлекет аралық
қатынастар байланысы қайта жандана түсті. Бүгін Қазақстан өнердің әр
бағытында жоғары дәрежедегі халықаралық аренаға көтерілді.

Жақын арада Қазақстанда мәдениетті дамытуға бағытталған Мәдениет туралы,
Кино туралы заң жобалары қабылданды. Сонымен бірге осыған байланысты
заңды актілер де іске қосылмақ.

Елімізде білімді, терең ойлайтын мамандар даярлауға көп көңіл бөлінген. Осы
мақсатпен Қазақ мәдениет өлкетану ғылыми зерттеу институтында ауылдық
жерлердегі мәдени орталық қызметкерлерінің білімін арттыру курстары жұмыс
істеуде, курстар мен семинар жұмыстары қайта жандандырылуда.

Мәдени дамуымыздың басты мақсаты көп ұлтты Қазақстанда бірыңғай мәдени
ақпарат кеңістігін құру. Бұл кеңістіктің ұлтымызды әлемдік деңгейде
танытуда, оның рухани байлығын көтеруде, әлемдік қоғамдастықпен тең
дәрәжеде болуға қосатын үлесі зор.

Ауыл мәдениетін көтеру ең басты шаралардың бірі болып табылады. Министрлік
2004-2010 жылдары ауыл аймақтарын дамытуға бағытталған Мемлекеттік
бағдарлама жұмысына белсенді араласты. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты
ауылдағы мәдениет ошақтарына көмек көрсетуді қамтамасыз ету.

Қазақстан мәдениет министрлігі отандық мәдениет пен өнерді жандандырумен,
дамытумен бірге халықаралық мәдени қатынастарды жақсартуға да көп көңіл
бөлуде. Қазақстанның мәдени саясатының басты бағыты елімізді жалпыәлемдік
кеңістікте дұрыс дәрежеде таныту, әлемдік даму тенденцияна шығару. Жалпы
әлемдік процесске қатысу, еліміздің жеке хабарлама кеңістігінің болуын
қамтамасыз ету Қазақстанның, оның жалпы мәдениетінің қоғамда дұрыс пікірде
болуына өте қажет. Осы мақсатта Қазақстан Мәдениет министрлігі ЮНЕСКО-ны ң
ауызша және материалдық емес біртұма мұралар жөніндегі кезекті үшінші
Прокламациясына қатысу үшін қазақтың материалдық емес мәдени мұралық өнер
байлығы күй туралы түсініктеме ұсынды. Біріккен музыкалық ұлттар бас
консулдар таңдауы атты сериялық радиохабарға қатысу мақсатымен Қазақстан
Республикасының Мәдениет Министрлігі Гонконгтағы Қазақстанның Бас консулы
Б. Сәрсенбаевқа еліміздің музыкалық мәдениеті жөнінде хабарлама жіберді.

Айта кететін жайт, өткізіліп жатқан түрлі фестивальдар мен концерттер ішкі
және сыртқы мәдениет саясатына өз үлесін қосатыны. Бұл шаралардың нәтижесі
халықтың барлық тегіне өз әсерін тигізеді, яғни қатысушылардың орындаушылық
мәнерін көтереді, көрермендерді хабардар етеді, мәдениет институттарының
салаларын байытады. Сонымен бірге достықты нығайту мәдени өмірде тек
фестивальдар мен концерттер өткізумен ғана шектелмейді, сондай ақ еліміздің
халқын мәдени білімдар етуге де көңіл бөлінген. Қазақстан Республикасының
Білім және Ғылым Министрлігімен бірлесе мәдени, білім алу жұмыстарын
кеңейту мақсатында көптеген мемлекеттермен қарым қатынастар жүргізілуде.
Шет елдерде білім алуға бағытталған Президенттік бағдарлама бойынша өнер,
мәдениет саласы бойынша сұранымы көп мамандар дайындау ісі қолға алынған.
Қазіргі кезде Германиядағы, Ресейдегі(Сургут қаласы), Башқортстандағы,
Қырғызстандағы және т. б. мемлекеттердері қандастарымызбен мәдени, ғылыми
байланыстар жүргізу ісі де жақсартыла бастады.

Отандық музыка өнерін шет елдерге насихаттау мақсатында да жұмыстар
жүргізілуде. Аталған фестивальдар мен концерттерден өзге халықаралық
конкурстарға, ғылыми конференцияларға, шығармашылық жобаларға және бұрынғы
Кеңестік Одақ кеңістігіндегі ұрпақ пен мәдениет арасындағы өзара диалог
орнату туралы жобаға қатысу көзделуде.

Қазақстан мемлекетін толық дәрежеде таныту барысында компакт дискілер
жаздыру, бағалы музыкалық аспаптар сатып алу, шет елдерден белгілі өнер
шеберлерін шақырту және өз өнер қайраткерлерлерімізбен тәжірибе алмастыру
жұмыстары жолға қойылған.

Сондай-ақ Қазақстанда 2004-2006 жылдарға Мәдени мұрағат бағдарламасы
қабылданған. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты ұлттық мәдениетімізге елеулі
үлес қосар белгілі тарихи мәдени және сәулеттік ескерткіштерді сақтау,
қалпына келтіру , үлкен мәдени мұраларды, соның ішінде қазіргі ұлттық
мәдениетті. фольклорды, әдет ғұрыпты зерттейтін біртұтас жүйе құру, ұлттық
әдебиет пен жазбаның көпғасырлық тәжірибесін іске қосу. Әлемнің ең үздік
ғылыми, мәдени және әдеби жетістіктеріне сүйене отырып мемлекеттік тілде
гуманитарлық білім берудің сапалы қорын құру. Бұл бағдарламаны іске асыруға
республикалық бюджеттен 1933, 6 млн. аса теңге бөлінді.
ӘДЕБИЕТ

Қазақ халқының әлемді тануда, өз өзін сезінуде, рухани және эстетикалық
ұстанымында, халықтың кім екендігін танып білуінде халық ауыз әдебиетінің
алар орны орасан.

Дала тұрғыны әрқашанда әдеби сөз өнерін, ән айтуды, тыңдай білу қасиетін,
керемет шешендік сөз сөйлеу өнерін, сөйлеу шеберлігін жоғары бағалаған.
Қазақтың билері арасында өткен жиылысқа қатысқан поляктің ғалымы Адольф
Янушкевич былай жазған Біраз күн бұрын мен жауласушы екі партияның
арасындағы қақтығысқа куә болып, сөйлеушілердің шешендігіне шын жүректен
қол соққан едім. Бұлар ешқашан Демосфен, Цицеронды естімеген халық. Ал
бүгін мені оқи және жаза алмайтын, бірақ талантттарымен таң қалдырған
ақындар өнері сүйсіндірді. Жаратушының бұндай қасиеттерді бойына дарытқан
халықтың мәдениетке жат болмауы тиіс, әйтеуір біруақыттарда оның рухы қазақ
даласына еніп ұшқыннан жалын лаулатады және уақыт өте бүгінгі көшпенді
халық Индостанның байғұс парилеріне қараған жоғары кастасы секілді биіктекн
қарап тұрған халықтар арасынан өзінің құрметті орнын алады.

Қазақтың ауыз ақындық өнерінің тамыры өте ертеге кетеді. Ол қырықтан аса
жанрды қамтыған, олар аңыз ертегілер, мақал мәтелдер, әдет ғұрыпқа
байланысты ән жырлар, батырлар және лиро эпостық жырлар. Алғашқы қазақтың
ауыз ақындық әдет ғұрпын, фольклордық жанрларын барлық түркі тілдес халыққа
ортақ ерте түріктік жазбалардан көруге болады.

VІ - VІІ ғасырларда Орталық Азияның түркі тілдес тайпалары Түрік
қағанатының құрамында болды, бұлармен бірге Батыстүркілік, Төменгі
Поволжья, Придонья және Солтүстік Кавказ тайпалары Хазар мемлекетін құрып
өз жазбасын қолданған.

Жазба көздері ағаш тақтайшалар туралы хабардар етеді, бұл тақтайшаларда
қажетті адамдар, жылқы, салым, мал саны туралы белгілер көрсетілген . Түрік
Елшісі согдиялық Маннах Константинопольдегі Ю стин сарайына келгенде скиф
жазбасымен жазылған жолдау әкелген.

Алғашқы түрік қағанының бірі (572-581) Таспараның қорғанында сақталған
Бурғұт ескерткішіндегі жазбада қағанаттың алғашқы отыз жылындағы жаңалықтар
әңгімеленеді, әрі бұл согди жазбасының қағанатта көпшілікке түсінікті
болғанын, сол кездерде жоғары Түрік қоғамында көптеген білімдар адамдардың
болғандығының куәсі.

Сол жылдары, яғни Бурғұт ескерткіші көтерілген кезде алғаш рет түрік
тілінде будда шығармасы (Нирвана Сутра) аударылған, бұл түріктер арасында
буддизмді насихат тау мақсаты болған. Бұл шығарма согди алфавитінде
жазылған. Ғалымдардың жорамалдауынша олар согди тілін тек жазбаға ғана
қолданып қоймай, сонымен бірге өз тілін бекітуге де қолданған. Кейінірек
бұл алфавит ұйғыр алфавиті деп аталды. Ұйғырлар бұл алфавитті ІХ ХV
ғасырларға дейін қолданып келген. УІІ ғасырдың екінші жартысында түркі
ортасында согди жазбасына сүйене отырып, бірнеше жаңа белгілер қосыла жаңа
жазба пайда болды.

Ежелгі түрік жазбалары алғаш рет ХVІІІ ғасырдың жиырмасыншы жылдарында
Енисей даласында бірінші Петрдың қызметіндегі неміс ғалымы Д. Мессершмидт
пен онымен еріп жүрген шведтік қамаудағы офицер И. Страленберг арқылы
табылды.

Олар жазбаны скандинавтық руни мәтіндерінің ұқсастығына байланысты рунилік
деп атады.

1889 жылы орыс ғалымы Н. М. Ядренцев Солтүстік Монғолиядан, Орхон өзенінің
жазығынан руни жазбаларымен үлкен тас тапқан. Бұл жазбаны шешіп оқыған дат
ғалымы В. Томсен осы алфавиттің кілтін де таба білді, ал бұл жазбаларды
қосып оқуды орыстың түрік тілін зерттеуші ғалымы В. В. Радлов ашты. Бұл
жазбаларды шыққан жерлеріне сәйкес орхон енисейлік деп атады.

Руни жазба ескерткіштері Солтүстік Монғолия, Орта Азия, Қазақстан
жерлерінде табылған. Түрік қағанатындағы түркі тілдес халықтардың Монғолия
мен Енисейден табылған руни мәтіндері тек тарихи деректер ғана емес,
сонымен бірге бай әдеби мұра болып табылады.

Көптеген белгілі руни жазбалары Білге қағанның, оның бауыры Күлтегіннің (
732-735) және алғашқы қағандардың кеңесшісі болған Тонықақтың (716 )
құрметіне жазылған.

Қараханид дәуірінде кең байтақ Орта Азия мен бүгінгі Қазақстанның
өлкесіндегі түркі тілдес халықтардың әдеби тілінің қалыптасу процесі өз
шегіне жетті.

Қазақстанға мұсылмандықпен бірге араб жазбасы қоса енді. Осы дәуірде ежелгі
түркі тілінің бір диалекті саналатын қыпшақ тілінде білім алған әйгілі
ғалым энциклопедияшы Әбу Нәсір әл Фараби өмір сүрді. Әл Фараби керемет
пәлсапалық (философиялық) рубаилар, емле трактатын, көркем жазу, өлең
құрау, риторика туралы еңбектер жазды. Оның әйгілі Музыкалық(әуендік)
трактаты көптеген әлем тілдеріне аударылған. Фарабидің математикалық
еңбектерінен сәулет жобаларын құруға қажетті арифметикалық және
геометриялық есептер табылған. Бұл Орта және Таяу Шығыстағы сәулет өнерінің
негізі іспетті.

ӘЛ фараби шыққан түркі қыпшақ ортасынан көптеген керемет ақын жазушылар
ғалым тарихшылар тараған.

Махмұт Қашғаридің Диван лугат ат түрігі ХІ ғасырдағы халықтардың
мәдениеті жетістіктерінің айғағы. Бұл диванның мазмұны сол уақыттағы
филология ғылымының дәрежесі туралы пікір айтуға көмектеседі, сонымен бірге
ол көне орта ғасырлық түркі өмірінің энциклопедиясы, түркі тілдестердің
өмірінен хабар берер қайнар көз сияқты. Олардың тұрғылықты жерлерінің
жағрапиясын, тарихын зерттеуге қажет маңызды құжат.

Білімдар түркі ақын жазушыларының бірі Юсуф Баласасұнның Кутадгу Білігі
ХІ ғасырдың ғажайып туындыларының қатарына жатады. Бұл туынды тек этикалық
және моралистік трактат емес, сонымен бірге терең философиялық дидактикалық
шығарма. Шығарма 1069 жылы көнетүрік әдеби тілінде жазылып Қараханид
әулетінің атынан Боғраханға тарту етілген. Түркі тілдес халықтар тарихында
Ахмет Юнгнаки еңбектерінің алар орны өзгеше. Ол түркі әдебиетінде Ю.
Баласағұнның Кутадгу білігіненбасталған дидактикалық ағымның
жалғастырушысы.

Орта ғасырлық дәуірдегі оғыз қыпшақ әдебиетінің ең үздігінің бірі деп
Қорқыт ата кітабін атауға болады. Кітапта оғыздар м ен қыпшақтардың туған
жерлерін қорғаудағы ерен ерліктерін баяндалады.

Ақын, сопы, мұсылмандық оқу Хикметті насихаттаушы Қожа Ахмет Яссауидің де
диваны сақталған, бұның басқа түркі авторларынан ерекшелігі еңбегінің
көнетүркі тілінің қыпшақ оғыз диалектінде жазылуы. Ахмет Яссауи Мұхаммедтен
кейінгі әулие , ал оның Түркістан қаласындағы мешіт мавзолейі кіші Мекке
болып саналады.

Орта ғасырдағы жалпы түркілік әдеби ескерткіштердің бағалыларының бірі
ОғызнамеОның мазмұны оғыздар билік құрған кездегі аңызға сүйене жазылған.

Оғызнамені ңертедегі нұсқасының бірі Рашид Аддинде (УІІ І ғ. ),
кейініректегі және толық қолжазба нұсқасы тарихшы Әбілғазыда (ХУІІ ғ. )
сақталған. Қазақ ғалымы Шоқан Уәлиханов ( ХІХ ғ. ) және П. Пеллью мен В.
Бартольд Оғызнаменің соңғы нұсқасын қазақтарға жатқызады.

Қазақ әдебиетінің тарихына Қадырғали Жалаиридің Жамағат Тауарихы,
Мухаммад Хайдар Дулатидің Тарих и Рашиди шежірелерінің жинақтары үлкен
мән мағына береді.

Қазақ жазба әдебиетінің қалыптасуына және пайда болуына ең үлкен үлес
қосқан халық ауыз әдебиеті шығармашылығы. Ол жазба әдебиетінің пайда
болуына тек септігін ғана тигізіп қоймай, сонымен бірге өзінің сарқылмас
бай нәрімен сусындатып келеді.

ХV - ХVІІІ ғасырларда қазақ әдебиетінің поэзиясы ерекше өркендеп, шарықтау
шегіне жетті. Оның негізгі тақырыбы- қазақ хандығының құрылуы, қазақ
халқының сол кездегі басынан өткен тарихи оқиғалары. Оның басты
орындаушылары жыраулар, ақын -- айтыскерлер, жыршылар болды. Өз
шығармаларына олар орта ғасырдағы көшпенді жауынгерді, оның өмірге
көзқарасын, еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арқау етті. Олар халықтар
мен тайпалардың шыққан тегін, әдет- ғұрпын, салт- дәстүрін, жөн- жоралғысын
жақсы білетін болған. Жыраулар қырғын соғыстарға, көптеген жорықтарға
қатысып, өз араларынан да қолбасшы, батырлар шығарған. Олар көбінесе тек
әдебиетпен ғана шұғылданып қоймай, сондай- ақ хан, сүлтандардың ақылшы-
кеңесшілері болып, қоғамның саяси өміріне белсене араласқан. Олардың көбі
қазақ халқының саясатына өз мұраларын тастап кеткен.

ХІХ ғасыр қазақ әдебиетінің жаңа дәуірі.

Махамбет Өтемісұлы (1804-1846) қазақ халқының жалынды ақыны, ержүрек ,
қаһарман жауынгері. Ол қылышының , сөз өнерінің күшімен өз елінің рухын
көтеріп, оның бостандығы үшін күрескен. Жауынгер ақын өршіл мінезімен
ханның және патша билігінің қысымына шыдамай Бөекй ордасында болған
көтерілісті бастаған. Жалдаушы жандайшап қолынан мерт болған ақын
өлеңдерінен бостандық аңсаған азамат дауысын естиміз. Махамбет поэзиясы
қазақ әдебиетінде өзіндік із қалдырған.

Сөз өнерін қабылдауда қазақ тілінің өзіндік жазба дәстүрі бар, бірақ
жалпыұлттық әдеби тіл деңгейіне ХІХ ғасырда ұлы Абай (Ибрагим) Құнанбаев
(1845 – 1904 жж. ) арқылы көтерілді. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ әдебиет тарихын қай дәуірден, кімнен бастау керек деген мәселеде
Қазақ әдебиеті тарихын дәуірлеудің ғылыми негіздері
Кітаби ақындар шығармашылығындағы сопылық ілімнің жырлануы. Автораферат
Ежелгі дәуір әдебиетінің қазақ әдебиетінде алатын орнын анықтау
Шортанбай шығармашылығын жан-жақты талдау
ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің даму ерекшелігі
ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы мен зерттелуі
ХІХ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ ӘДЕБИЕТІНІҢ ТАРИХЫНДАҒЫ ШИЕЛЕНІС
ӘДЕБИЕТТАНУДЫҢ ЖАҢА БАҒЫТТАРЫ
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ТАРИХЫ. ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Пәндер