Болашақ тәрбиешілердің шығармашылық қабілетін қалыптастыру


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 102 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . .1.БОЛАШАҚ ТӘРБИЕШІЛЕРДІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.:

КІРІСПЕ . . .

1. БОЛАШАҚ ТӘРБИЕШІЛЕРДІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.

3: 3
КІРІСПЕ . . .1.БОЛАШАҚ ТӘРБИЕШІЛЕРДІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.: 1. 1
3: Болашақ тәрбиешілердің шығармашылық қабілетін қалыптастырудың педагогикалық мәні . . .
8
КІРІСПЕ . . .1.БОЛАШАҚ ТӘРБИЕШІЛЕРДІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.: 1. 2
3: Болашақ тәрбиешілердің шығармашылық қабілетін қалыптастыртырудың мүмкіндіктері мен құрылымы . . .
13
КІРІСПЕ . . .1.БОЛАШАҚ ТӘРБИЕШІЛЕРДІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.: 1. 3
3: Тәрбиешілердің шығармашылық қабілетін қалыптастырудың педагогикалық шарттары.
27
КІРІСПЕ . . .1.БОЛАШАҚ ТӘРБИЕШІЛЕРДІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.:
3:
КІРІСПЕ . . .1.БОЛАШАҚ ТӘРБИЕШІЛЕРДІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.:
3:
КІРІСПЕ . . .1.БОЛАШАҚ ТӘРБИЕШІЛЕРДІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.:
3:
КІРІСПЕ . . .1.БОЛАШАҚ ТӘРБИЕШІЛЕРДІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.: 2 БОЛАШАҚ ТӘРБИЕШІЛЕРДІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
3:
КІРІСПЕ . . .1.БОЛАШАҚ ТӘРБИЕШІЛЕРДІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.: 2. 1
3: Болашақ тәрбиешілердің шығармашылық қабілетін қалыптастырудың әдіс-тәсілдері . . .
39
КІРІСПЕ . . .1.БОЛАШАҚ ТӘРБИЕШІЛЕРДІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.: 2. 2
3: Тәрбиешілердің шығармашылық қабілетін қалыптастырудағы педагогикалық-тәжірибелік жұмыстар . . .
64
КІРІСПЕ . . .1.БОЛАШАҚ ТӘРБИЕШІЛЕРДІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.: 2. 3
3: Тәжірибелік жұмыстардың нәтижелері . . .
77
КІРІСПЕ . . .1.БОЛАШАҚ ТӘРБИЕШІЛЕРДІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.:
3:
КІРІСПЕ . . .1.БОЛАШАҚ ТӘРБИЕШІЛЕРДІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.:
3: ҚОРЫТЫНДЫ . . .
81
КІРІСПЕ . . .1.БОЛАШАҚ ТӘРБИЕШІЛЕРДІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.:
3: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
83
КІРІСПЕ . . .1.БОЛАШАҚ ТӘРБИЕШІЛЕРДІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.:
3: ҚОСЫМШАЛАР

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі. Білім және кәсіби машық - заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары.

Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек. Қазіргі әлемде жай ғана жаппай сауаттылық жеткіліксіз болып қалғалы қашан. Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс [1] .

Шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту мәселесі Қазақстан Республикасының Орта білімді дамыту тұжырымдамасында да білім беру мекемелерінің ең негізгі мақсаты дүниетанымдық, құзырлық, шығармашылық деп атап көрсетілген. Осы “шығармашылық” ұғымына “… адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі” ретінде сипаттама берілген. Білім беру жүйесіндегі оң өзгерістер біздің елімізде орын алып қалыптасып келеді. Жеке тұлғаның қасиеттерін, қабілеттерін дамытып, шығармашылығын, талантын ұштаудағы оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруды, білім берудің озық технологияларын пайдалануды жатқызуға болады. Оның себептерінің бірі қазіргі таңда ғылым мен техниканың дамуына, технология ғылым саласының озық жетістіктерінің өндіріске көптеп өзгерістер енгізуіне байланысты мектепке дейінгі мекемеде шығармашылық тұлғаға тән білім беру қажеттігі[2] . Шығармашылық - мәдени немесе материалдық құндылықтарды өз ойы бойынша жаңадан жасау ретінде жинақталғаны, әрі ол ойлаудың жоғары формасы болып табылады. Болашақ тәрбиеші әлеуметтік-экономикалық жаңарулар тұсында қол жеткізген жетістіктерін меңгерумен қатар өз іс-әрекетінде сол жетістіктерді жаңа жағдайға бейімдей, жетілдіре отырып, барлық салада мол табыстарға қол жеткізеді. .

Бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылуда жастарға білім берудің маңызы ерекше. Осыған орай оқушылардың білім жетістігін өркениетті елдердің білім деңгейіне көтеру, нәтижеге бағдарлап оқыту, ұлттық құндылықтарды білімгерлер бойында қалыптастыру, білім беруді ізгілендіру, о жас ерекшеліктерін ескеру, фундаментальді білім беру, қазіргі оқыту технологиясын жетілдіру және т. б. басым бағыттарды 12 жылдық мектептің бастауыш сатысындағы пәндер бойынша мемлекеттік міндетті білім стандартын, оқу бағдарламасын жетілдіруде басшылыққа алудың қажеттігі туындап отыр.

Осыған сәйкес болашақ тәрбиешіге белгілі - бір көлемдегі білім, білік - дағдыларды меңгертумен бірге табиғат, қоршаған дүние туралы түсініктерін кеңейте отырып, оларды шығармашылық бағытта жан - жақты дамыту - бүгінгі күннің талабы.

Шығармашылық қабілеттілік - өз бетінше жаңа, бір бейне құруымен сипатталады, яғни іс-әрекеттің қандай түрінде болмасын жаңалық ашу арқылы, жасампаздық бейне жасау арқылы өзіндік жеке даралық дамудың бір көрінісін байқатқан жағдаймен түсіндіріледі.

Б. М. Теплов қабілетті адамдар арасындағы жеке даралық психологиялық өзгешілік деп қарастырады. Б. М. Теплов қабілеттілікке анықтама бере отырып, қабілеттіліктің үш белгісін көрсетеді. Біріншіден қабілеттілік бір адамды екінші адамнан ажыратуға негіз болатын жеке даралық психологиялық ерекшелік; екіншіден, қабілеттілікке барлық жеке даралық ерекшеліктерді жатқыза беруге болмайды, тек қандай да бір немесе бірнеше іс-әрекетті орындау барысында нәтижесі табысқа сәйкес жететін ерекшеліктерді, қабілет деп атауға болады; үшіншіден, «қабілет» түсінігі адамда бар білім, ептілік және дағдымен ғана шектеліп қоймайтындығын айтады, яғни тек ептілік, білім, дағды ғана бар деп айтуға болмайды, керісінше, сол ептілік, білім, дағдыны меңгеруге қабілетті деп санайды. Б. М. Теплов қабілеттіліктің дамуы - бір жақты ғана болмайды, оның қозғаушы күші қарама-қарсы ойлардың күресі деп көрсетеді [3] .

Б. Г. Ананьев қабілет мәселесін жетілдіре отырып, қабілет тек индивидтің белсенді іс-әрекетінде қоғамдық тәжірибені меңгерудегі психологиялық аспектісі ретінде ғана көрсетпей, сонымен қатар психологиялық құрылым ретінде жеке адамның қабілетке байланысын көрсетеді. Оның айтуы бойынша, қабілеттілік - ақылдың шығармашылық дамуының көрінуі. Тек білімдердің жинақталуы, әрі бұл білімдерді шығармашылық көрсетуінде ғана емес, жаңа бейне, жасампаздық әрекет құра алуы деп көрсетеді [4] .

ІІІығармашылық - бүкіл тіршілік көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі. Ал, бүгінгі күрделі жаңарулар тұсында білімгерлердің шығармашылық бастамасы басты нысанасы болып отыр. Мұндай күрделі мәселені шешуде оқу орындарының алар орны ерекше. Болашақ тәрбиешінің шығармашылық бастамасын дамытудың жолдарын, құралдарын анықтау психология мен педагогика ғылымдарында өте ертеден зерттеліп келеді. Шығармашылық ұғымы мәдениеттің барлық дәуіріндегі ойшылдардың назарында болған. Ежелден-ақ ойшылдарымыз Жүсіп Баласұғын [5], Әл-Фараби [6], Абайды ерекше толғандырып, өз еңбектерінде адамның жеке басын, қабілеттерін дамытуды үнемі көтеріп отырған [7] . Педагогтар К. Д. Ушинский [8], Ы. Алтынсарин [9], А. С. Макаренконың [10] шығармаларында шығармашылықты дамытудың жолдары қарастырылса, оқушы шығармашылығына бағыт-бағдар беруді ең алғаш мазмұнына енгізген М. Жұмабаев болатын [11] . Психологтар мен ғалымдар Л. С. Выготский [12], В. В. Давыдов [13], Л. В. Занков [14], В. А. Крутецкий [15], өз республикамыздағы көрнекті ғалымдар Т. Тәжібаев [16], М. Мұханов [17], Ж. М. Әбдилдин [18], Қ. Б. Жарықбаев [19], Т. С. Сабыровтың еңбектері жеке тұлғаны дамыту мәселесінің теориясы және практиканың алтын қоры деп білеміз [20] . Бәсекеге қабілетті болашақ тәрбиешіні қалыптастыру ұстаздың білімділігін, жан-жақтылығын және кәсіби шеберлігін талап етеді. Тәуелсіз мемлекетіміздің бүгіні мен ертеңі тәрбиеленушілерді тәрбиелеуде болашақ тәрбиеші қолында екенін ескере отырып, жан-жақты дамыған тұлға тәрбиелеу - кезек күттірмейтін мәселелердің бірі. Осы ретте мамандар даярлайтын жоғары оқу орындары алдында үлкен міндеттер тұр. Бұл міндеттердің шешімі студенттерге мемлекеттік стандартқа, оқу бағдарламаларына сәйкес ғылым салаларынан білім берумен ғана шектелмей, болашақ тәрбиешілер кәсібін терең түсінетін, меңгерген білімін мазмұнды, дәлелді түрде, әдеби тілмен шебер жеткізе алатындай, тіл байлығы мол маман болып шығуы тиіс. Жоғары оқу орнында оқытылатын пәндер арқылы студенттерді өз ойларын жүйелі, түсінікті етіп, шебер сөйлеу үрдісіне дағдыландыру маңызды болып табылады. Осы тұрғыдан келгенде, болашақ тәрбиеші кәсіби білімімен бірге, шығармашылық ойлау қабілеті жоғары, өз ойын, пікірін жүйелі түрде жеткізе алатын маман болуы тиіс.

Ел Президенті Н. Назарбаев өз Жолдауында: «Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады»- деген [21] .

Болашақ тәрбиеші - кең білімді, мәдениетті, ізгілікті, зиялы, адал, жас ұрпақты дамыту, оқыту мен тәрбиелеудегі инновациялық бағытта жұмыс жасайтын тұлға.

Еліміздің болашағы бүгінгі мектеп қабырғасындағы ұрпақ екені даусыз. Ертең ел тізгініне ие болар жеткіншектеріміздің білімді, тәрбиелі, жан-жақты болып қалыптасуының қамтамасыз етілуі - мемлекеттік маңызы бар іс. Бүгінгі таңда білім саласында түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. Осы өзгерістерді жүзеге асыру, әсіресе, болашақ тәрбиешілердің біліміне, кәсіби шеберлігіне көп байланысты.

Шығармашылық - өте күрделі психологиялық процесс. Ол іс-әрекеттің түрі болғандықтан тек адамға ғана тән «Шығармашылық» сөзінің төркіні - шығару, ойлап табу, сол арқылы жетістікке қол жеткізу деп түсіну керек. Философиялық сөздікте «Шығармашылық - қайталанбас тарихи қоғамдық мәні бар, жоғары сападағы жаңалық ашатын іс-әрекет» деп түсіндіріледі. Ұзақ жылдар бойы шығармашылық барлық адамның қолынан келе бермейді деп қарастырылып келсе, қазіргі ғылым жетістіктері кез-келген баланы шығармашылық деңгейге көтеруге болатындығын айтуда.

Білім берудің шығармашылық бағыттылығын күшейту, болашақ тәрбиешінің қабілеттілігін дамытуға басшылық жасаудың мақсатты - бағыт-бағдар беру. Ал оларға педагогикалық ықпал ету - педагогикалық ғылымның негізгі мәселелерінің бірі. Шығармашылық қабілеттердің өзі де білім базасына, іс-әрекеттердегі технологиялық процестерді жүзеге асыратын іскерліктерге байланысты болып табылатыны белгілі. Осы тұрғыдан қарастырғанда пәндік білімдер мен іскерліктердің болашақ тәрбиешілердің шығармашылық қабілеттерін дамытуға маңызы ерекше болары айқын. Болашақ тәрбиешілердің шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту мәселесі Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасын Білім туралы заңында білім беру мекемелерінің ең негізгі мақсаты дүниетанымдық, құзырлық, шығармашылық деп атап көрсетілген [22] . Аталмыш құжатта “шығармашылық” ұғымына “… адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі” ретінде сипаттама берілген. Қазақстан Республикасы гуманитарлық білім беру тұжырымдамасында былай делінген: “Білім берудің гуманитарлық сипаты, онда адам жай зерттеу объектісі ретінде ғана емес, ең алдымен шығармашылық пен таным субъектісі, құдіретті мәдениет үлгілерін дүниеге әкелген әрі өзінің шығармашылыққа деген құлшынысымен болашақ тәрбиешілерді баурап әкететін субъект ретінде бедерленеді” [23] . Бұл айтылғандар білім берудің басты мақсаты тәрбиешілерге дүние заңдылықтарын, фактілерін таныту дегенді аңғартады. Оқу-тәрбие үрдісінде болашақ тәрбиешілердің шығармашылық қабілетін арттыру жағын ойластыруды алға тартады. Елімізде білім беру жүйесіндегі оң өзгерістер орын алып қалыптасып келеді. Солардың қатарына тәрбиешілердің қасиеттерін, қабілеттерін дамытып, шығармашылығын, талантын ұштаудағы оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруды, оқытудың озық технологияларын пайдалануды айтуға болады. Оның себептерінің бірі қазіргі таңда ғылым мен техниканың дамуына, технология ғылым саласының озық жетістіктерінің өндіріске көптеп өзгерістер енгізуіне байланысты жоғары оқу орындарында шығармашылық тұлғаға тән білім мен іскерлікті беру қажеттігі. Шығармашылық тұлға қабілеттер арқылы көрініс табады. Ол көріністер адамның қасиеттерінің психологиялық ерекшеліктері, немесе адамның психологиялық қасиеттерінің жиынтығы ретінде айқындалады. Шығармашылық қабілет жөнінде өз ойларын көптеген ғұламалар еңбектерінде жазып қалдырған. . Қабілеттер жайлы, оның адамның еңбектік сферасына байланысты зерттеулер жүргізілді. Мәселен, математикалық қабілеттер педагогикалық қабілеттер. Сондай-ақ оқушылардың шығармашылық қабілеттіліктерін дамыту және т. б. мәселелер бойынша зерттеудің жаңа бағыттары белгіленді . Республикамызда шығармашылық қабілеттерін дамыту бойынша бірқатар зерттеулер жүргізілді. Олардың ішінде жоғарғы сыныптарға шығарма жазғызу (Ә. Қоңыратбаев [24], С. Тілешева [25] ), оқушыларды сөз өнеріне баулу арқылы көркем-шығармашылық қабілеттерін дамыту (Қ. Ә. Жаманбаева [26] ), оқушы шығармашылығын дамытудың дидактикалық мүмкіндіктерін ғылыми-педагогикалық тұрғыдан тұжырымдау (А. Б. Мырзабаев [27] шығармашылық іс-әрекетке оқытудың ғылыми-дидактикалық негіздерін анықтау, шығармашылық қабілеттерін дамыту (Б. А. Тұрғынбаева [28] ) мәселелері тереңінен зерттелген. Оқытудың шығармашылық бағыттылығын күшейту, болашақ тәрбиешінің қабілеттілігін дамытуға басшылық жасаудың мақсатты - бағыт-бағдар беру. Ал оларға педагогикалық ықпал ету - педагогикалық ғылымның негізгі мәселелерінің бірі. Жоғары оқу орындарында болашақ студенттің интеллектуалды әлеуетін, шығармашылық, патриоттық мәдениетін қалыптастыру қажеттілігі туындайды. Жоғары оқу орындарында болашақ тәрбиешілердің шығармашылық қабілетін қалыптастыру авторлардың еңбектерін зерттей келе, шарттарын жүйелі түрде қайта құру қажеттілігі айқындалды. Қазіргі уақытта жоғарғы оқу орындарында оқыту кредиттік технология жүйесіне көшу жағдайында заман талаптарына сәйкес болашақ тәрбиешілердің шығармашылық қабілетін қалыптастыру мәселесі арасында қойылатын шарттарының жетілдірілуі мәселесінің теориялық және практикалық тұрғыдан толық қарастырылмауы арасында қарама-қайшылықтар бар екендігі анықталды. Қазіргі дамып жатқан заманымызда жан-жақты, білімпаз болып жоғары оқу орындарына келген жастардың шығармашылық қабілетін қалыптастыруды теориялық-әдіснамалық тұрғыдан зерттеп, оның педагогикалық шарттарын анықтау, ғылыми-әдістемелік жүйесін құру мәселесі жаңа, тың тақырып екені анықталды. Сондықтан жоғарыдағы проблемалар зерттелуі қажет тақырыпты нақтылап, айқындауға және «Болашақ тәрбиешілердің шығармашылық қабілетін қалыптастыру» атты диссертация тақырыбын таңдауға негіз болды.

Зерттеу нысаны - жоғары оқу орындарында болашақ тәрбиешілердің шығармашылық қабілетін қалыптастыру үрдісі.

Зерттеудің мақсаты: Болашақ тәрбиешілердің шығармашылық қабілетін қалыптастыруды ғылыми тұрғыда айқындау және оның тиімділігін тәжірибе арқылы дәлелдеу.

Зерттеудің ғылыми жаңалықтары:

- Болашақ тәрбиешілердің шығармашылық қабілетін қалыптастырудың ғылыми педагогикалық негізінің айқындалуы;

- Болашақ тәрбиешінің шығармашылық қабілетін қалыптастырудың педагогикалық шарттарының анықталуы;

Қорғауға ұсынылатын ғылыми тұжырымдамалар мен нәтижелер:

- Болашақ тәрбиешінің шығармашылық қабілетін қалыптастырудың моделі;

- Болашақ тәрбиешілердің шығармашылық қабілетін тіл дамыту пәндері арқылы қалыптастырудың жолдары;

Диссертация құрылымы. Диссертация кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.

Қорытындыда диссертациялық зерттеудің негізгі нәтижелері баяндалды.

1 БОЛАШАҚ ТӘРБИЕШІЛЕРДІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Болашақ тәрбиешілердің шығармашылық қабілетін қалыптастырудың педагогикалық мәні

Бүгінгі таңда кез келген өндіріс саласының даму кезеңінде адамдардың шығармашылықты игеруі тек экономикалық ғана емес, сондай-ақ әлеуметтік прогрестің жетекші факторы болып табылады.

Бүгінгі таңда еліміздегі білім беру ісі болашақ тәрбиешілердің білім алу деңгейіне

сай бағытталуы, ортаның әлеуметтік - мәдени өзгеруіне икемделіп отыруы, ең алдымен студенттердің жеке тұлғалық дамуы мен жалпы дамуға дайындығы мәселелерінің бірлігін шешуі керек. Мемлекеттік күш-қуаты ең алдымен өз ісіне шығармашылықпен қарайтын, ғылымның, техниканың, өнердің, өндірістің ойдағыдай дамуына өзінің жекелей еңбегімен ықпал етуге қабілетті адамдардың санымен анықталады.

Білім беру жүйесінде жаңа технологияларды қолдану арқылы болашақ тәрбиешілердің білім деңгейін арттыру, шығрмашылықпен жұмыс істей отырып, заман талабына сай оларды жан-жақты, терең білімді, интеллектуалды деңгейі жоғары жеке тұлғаны тәрбиелеу.

Шығармашылық- бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі, еңбек етуге құлшынысы. Өмірге дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі керек.

Біздің ойымызша, шығармашылық деп адамның алдағы міндеттерді (тапсырмаларды) шешу кезіндегі мақсатты еңбек іс-әрекетінің түрі аталады және біріншіден, қандай-да бір бар нәрсе жетілдіріледі, екіншіден, оң нәтиже беретін табиғатта кездеспеген қандай-да бір жаңа объекті, құбылыс, т. б. пайда болады.

Болашақ тәрбиешінің шығармашылық қабілеттері олардың өз бетімен меңгерген білімдерін, іскерліктерін, дағдыларын пайдалана отырып өзіне бұрыннан белгілі жаңадан бір нәтиже алуы. Студенттің жаңа нәтижеге қол жеткізуі жалпы білімдерімен қатар олардың осы нәтиже алу жолында пайдаланылатын әдіс-тәсілдердің тиімдісін таңдай алуына, тапқырлықтарына және жеке психологиялық қабілеттеріне байланысты.

Білім берудің басты міндеттернің бірі білімін әрі қарай жалғастыруға дайындығын сипаттайтын белгілі бір деңгейдегі эрудициясының болуын қамтамасыз ету. Осыған сәйкес студент белгілі көлемдегі білік дағдыларды меңгертумен бірге табиғат, қоршаған орта туралы түсініктрін кеңейте отырып, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты шыңдау. Бұл - бүгінгі күннің басты проблемасы ғана емес, сонау ерте заманнан бастау алған.

Ұлттың болашағы оның жастарының білім және рухани даму байлығымен тікелей байланысты. Жастардың интелектілік байлығының көп мөлшері ұстаз сепкен ізгіліктер мұраты мен білім байлығына негізделеді.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың биылғы жылғы халыққа Жолдауында «Қазақ тілі, біздің мемлекеттік тіліміз өсіп-өркендеп келеді. 2020 жылға қарай мемлекеттік тіл меңгергендердің қатары 95 пайызға дейін жететін болады» деген болатын. Жаңа ғасыр, жаңа мыңжылдық басында бүгінгі қоғам талабы, әлеуметтік сұраныс өз ойын еркін жеткізе алатын, қабілетті, айналасындағы адамдармен тіл табысып жұмыс істеуге бейім іскер азаматарды қажет етеді. Ал мұндай талапқа жауап беру мектеп қабырғасында шәкірттің білім алуына келіп тіреледі. Мемлекеттік тілді оқытудың негізгі міндеттері - қазақ тілінің тілдік білім негіздерінің жүйесін танып білу, яғни тілдік біліктілікті қалыптастыру.

Студент білмеуден білуге қадам басқанда әртүрлі қайшылықтар мен қиындықтарға кездеседі, оларды шешу, жеңу нәтижесінде оқу міндеттері жүзеге асады. Оқу үрдісіндегі ең негізгі қайшылықтармен студенттің мүмкіндіктерінің (білімі, дағдысы, дамуының қазіргі деңгейі) арасындағы қайшылық. Бұдан тағы да студенттің білімі мен біліктілігі арасындағы және шығармашылық ойлауы мен репродуктивті ойлау арасындағы т. б. қайшылықтар жатады. Осындай қайшылықтарды шешу студенттің саналы түрде көп күш-жігер жұмсауын керек етеді [29] .

Оқытушы студенттің білім, білік деңгейлерін анықтап, олармен жеке дара жұмыстар жүйесін пайдалануы керек.

Жүйелі, дұрыс ұйымдастырылған шығармашылық әрекет түрлері нәтижесінде шәкірттің білімі, біліктілігі кеңейіп, шығармашылық ізденімпаздығы қалыптасады.

Болашақ тәрбиешінің жұмысты шығармашылықпен ойлауы, оны ұйымдастыра білуі, танымдық іс-әрекет түрлерін таңдап, оны жоспарлай білуі, ізденімпаздығын арттыру маңызды жұмыс. Студенттердің шығармашылық іс-әрекеттерді жоспарлау және іске асыру біліктерінің қалыптасуына оқу-танымдық тапсырмаларды шығармашылық тұрғыда шешудің маңызы зор.

Болашақ тәрбиеші - өз пәнін оқытудың әдістерін жете игерген, шығармашылық еңбек ететін, педагогикалық шеберлігін үнемі жетілдіретін маман. Педагогикалық шеберлік - идеялық-саяси бағыттың, жалпы мәдениеттің кәсіптік білім, іскерлік дағдының, ұстаздық тәжірибенің жиынтығы.

Қазіргі кезде халық назарын аударып отырған басты мәселе - мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбие - білім беру жұмыстарының мазмұнын, міндетін жаңарту, ұлттық негізде құру. Сондықтан болашақ тәрбиешілерге сапалы білім берудің тиімді жолдарын іздестіру - өзекті мәселелердің бірі .

Педагогика ғылымының бүгінгі таңда алатын орны ерекше. Заманауи талаптарына сай болашақ тәрбиешілердің кәсіби даярлығын арттыруға байланысты қай салада болмасын белгілі бір деңгейде білімдермен қаруландыру бүгінгі күннің талабы.

Жас ұрпаққа саналы тәрбие және сапалы білім беру деңгейі ең алдымен, студенттің даярлығына, оның іс тәжірибесінің қалыптасып шыңдалуына байланысты.

Болашақ тәрбиешінің шығармашылық қабілетін тәрбиелеу үшін жүргізілетін жұмыстардың мазмұны мен түрлері сан алуан. Бұларды нақты жағдайларға байланысты жүргізе білу - әрбір мұғалімніңнің жеке шығармашылық ісі. Мұғалімнің жүргізетін осындай жұмыстардың бірі - студенттердің оқу әрекетін тартымды, мазмұнды, қызықты етіп ұйымдастыру.

Мұғалім студент шығармашылығын дамыту, бағыт-бағдар беру ісінде мыналарды ескеруі керек деп ойлаймын:

  • шығармашылық тапсырмалырдың мазмұн-түрін ойлап табу;
  • шығармашылық міндеттерді студентке ұсынудың әдіс-тәсілін меңгеру;
  • көркемдік шешім табу, оқиға құру, образ жасау үшін кілт боларлық жағдайларды тудыра білу;
  • шығармашылық процесті фактілер мен мәліметтерге педагогикалық, әдістемелік тұрғыдан баға, қорытынды бере білу, теориялық, практикалық тұжырымдар жасау.

Шығармашыл тұлғаға қажетті сапаны зерттеудің алғашқы кезеңінде психологтар және басқа да ғылым саласының ғалымдары мен ойлап табушылардың өмірбаянын, мемуарын және олардың шығармашылық лабораториясы жөніндегі айтылғандарды талдады. Осы талдау мен талдап қорытудың арқасында шығармашыл жеке тұлғаға тән сипатты белгілер бөлінді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
БОЛАШАҚ ТӘРБИЕШІЛЕРДІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІ
Болашақ тәрбиешілердің шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру
Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін қалыптастыруды ғылыми тұрғыда айқындау
Болашақ тәрбиешілердің кәсіби шығармашылық белсендігін қалыптастыру
Болашақ тәрбиешілердің шығармашылық қабілетін қалыптастыруда ұлттық тәрбиеің мәні
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Мектепке дейінгі дайындық пен бастауыш сынып арасындағы математикалық білім мазмұнындағы сабақтастық
Білімдендіру философиясы дүниетанымының жаңа үлгісі (ғылыми мақалалар жинағы)
Балабақша мен мектеп жұмысының сабақтастығы
Балабақшадағы оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудағы әдіскердің рөлі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz