Ғылым мен техника дамуының экологияға әсері


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:
Ғылым мен техника дамуы
Ғылым мен техниканың дамуы, қоғамдағы адам өмірінің жақсаруына өте үлкен әсерін тигізеді. Сол себептен, ғылым мен техниканың жетістікгері, адамзат қоғамы дамуының негізі болып табылады. Солай болса да, ғылыми техникалық революция, адамзат қоғамы мен табиғат арасындағы қарым-қатынастарды қиындататын күштерді дүниеге әкелді, ал олар, қоршаған ортаның бүлінуіне және ластануына әкеліп соқты. Қазіргі заманғы өндіріс қарқынының құрт дамуы, биосферада зиянды заттардың мөлшерінің көбеюіне, табиғи тепе-теңдіктің бұзылуына әкеліп, адамдардың денсаулығына үлкен қауіп төндіріп отыр.
Ғылымның өндіргіш күшке айналып, өндіріс орындарының жаңа техникамен жабдықталуы, өндіріс қарқыны одан әрі дамуы, жер қойнауынан пайдалы кен қазбаларын, шикізаттарды өндіру, оларды өңдеу - бәрі де, биосфера құрылымына, олардың химиялық кұрамына біршама дәрежеде әсер етеді. Өндірістен босаған шайынды және сарқынды (сточные) сулар өзен-көл су қоймаларының құрылымына орасан зор зардабын тигізіп отыр.
Қалдықсыз өңдеу жүйесінің жоқтығынан, өндірістің технологиялық процесінің нашарлығынан, шикізатгарды толық пайдалана алмау нәтижесінде, жылына 30 млрд. тоннадай енеркәсіп қалдықтары - атмосфера, гидросфера және мезосфера жүйесіне келіп қосылады.
Керісінше, өнеркәсіптің қарқынын одан әрі жоғарылату -адам санының өсуіне тікелей байланысты (3-кесте) .
Біздің жыл санауымыздың басында, жер шарында шамамен алғанда - 230 миллион адам, бір мыңыншы жылдардың аяғында - 275 миллион, 1850 жылы - 1 миллиард, 1900 жылы - 1, 6 млрд., болса, адам саны 1930 жылы - 2 миллиардқа, 1976 жылы - 4 миллиардка, 1987 жылы - 5 миллиардқа, XX ғасыр соңында бұл көрсеткіш - 6 миллиардқа жетті. Бұл қарқын арта тұепек. Соған сәйкес, халықгы азық-түлікпен, тіршілікке қажетті бұйымдармен қамтамасыз ету деңгейі де жоғарылайды. Бұл проблемаларды шешу - табиғы қорлорды тиімді пайдалану, қоршаған ортаға қамқор көзқарастарды қалыптастыру арқылы ғаңа мүмкін болмақ. Өзін құтқару үшін, адамзат, энергетикалық және басқа да, қолда бар мүмкіндіктерін сараптар кез жетті.
Қазіргі кезде, өндіріс орыңдары атмосфераға өте көп мөлшерде шаң-тозаңдар мен әртурлі зиянды қоспаларды шығарып тастап жүр. Мысалы, адамзат іс-әрекеті нәтижесінде атмосфераға жылына 150 млн. т. күкірт тотыга ұ шып шығуда; оның 15 млн. тоннасы ғана әр түрлі қондырғыларда ұсталынып, одан күкірт қышқылы алынады. Қоршаған ортаны улауда зияны мол бұл газдың көпшілігі, жылу электр станцияларынан және тусті металлургия өндірісгерінен бөлінеді. Ғылыми білім ғылыми қиындықтары мен қайшылықтары мол ізденістің, шығармашылық іс-әрекеттін барысында туындап, жинақталып, жүйеленеді. Ол таным процесінің мақсаты әрі күрделі нәтижссі болып табылады.
Ғылыми таным мен ғылымның пайда болуына әлеуметтік және логикалық факторлар да әсер етті. Практикалық қызмет, қоғамдық қатынастар, қоғамдық еңбек бөлісінің өндірістік, техникалық талаптары - әлеуметтік ғылымдардың өмірге келуіне түрткі болған факторға, ал ғылыми таным дамуының ішкі логикасының қажеттері - логикалық ғылымдарды талап ететін факторға жатады. Ғылымның әлеуметтік мәнін, негізгі ерекшеліктері мен заңдылықтарын ашуда әлеуметтік және логикалық факторлардың бірлігі қажет. Осы тұрғыдан алғанда ғылым дегеніміз қоғамдық-тарихи практика дамуының белгілі бір сатысында пайда болатын айрықша әлеуметтік институт, адамның танымдық қызметінің ерекше формасы, адамзат мәдениетінің бір саласы.
Ғылыми танымдағы негізгі мақсат - толық емес, дәл емес білімнің толығырақ, дәлірек білімге айналуы, жаңа теорияны жасау мен дамыту, ескі теориядан жана теорияга көтерілу, яғни ғылыми таным - қайшылықты, күрделі әлеуметтік процесс.
Ғылыми танымның методологиясы - адамның танымдық және практикалық қызметінің әдістері мен тәсілдері туралы теориялық ілім. Әдіс дегеніміз таным туралы тарауда айтылғандай, танымдық немесе практикалық мәселелерді шешудің амалы. Егер теория белгілі бір заттық саланы түсіндіруге, не оның заңдылықтарын ашуға бағытталған болса, әдіс адамның танымдық және практикалық әс-әрекетінде реттеушілік қызмет атқарады. Кез келген әдіс ғылыми теорияға негізделген, сондықтан ғылыми әдістің қалыптасуында теория елеулі рөл атқарады және оның қажетті шарты болып табылады.
Эмпириялық және теориялық ғылыми танымның негізгі формаларын, сондай-ақ ғылыми білімнің құрылымдық компонентері мен деңгейлерін сипаттайтын категориялар. Ғылыми таным эмпирикалық және теориялық зерттеулерге бөлінеді, өзіндік ерекшеліктері мен әдістері бар. Эмпирикалық зерттеу тікелей объектіге бағытталған және бақылау мен тәжірибе деректеріне сүйенеді, таным объектісінің қасиеттері мен қырлары сезімдік қабілет тұрғысынан қабылданады. Теориялық зерттеу ғылымның түсінік аппаратын жетілдірумен және дамытумен байланысты және объективті ақиқаттың нақты байланыстары мен заңдылықтары тұрғысынан алғанда оны жан-жақты танып білуге бағытталған. Зерттеудің екі түрі де бір-бірімен табиғи байланыста және бірін-бірі ғылыми танымның біртұтас құрылымында деп біледі. Эмпирикалық зерттеу бақылау мен тәжірибенің жаңа деректерін анықтай отырып теориялық зерттеудің дамуына жәрдемдеседі, оның алдына жаңа міндеттер қояды. Екніші теориялық зерттеу ғылымның мазмұнын байыта, оған нақты сипат бере отырып, фактілерді түсіндіру мен көріп білудің жаңа перспективаларын ашады. Ғылым эмпирикалық деректермен байы отырып дамиды. Өмірде ғана көрінетін қозғалысты шын мәтіндегі ішкі қозғалысқа айналдыруды көздеген ғылым міндетін эмпирикалдік таныммен тығыз байланысты теориялық, ойлау жүйесі шешеді.
Эмпиризм мен рационализм арасындағы негізгі қайшылық білімнің шығу тегі туралы немесе көзі туралы мәселеде емес, кейбір рационалистер бұдан бұрын сезім түйігінде болмаған нәрсе ой санада болмайтынымен келіседі. Кейбір импуриктер рационализмнің ықпалымен тәжірибе білімге қажетті жеке жалпыға бірдей маңыз бере алмайды деген тұжырымға келді.
Эмпирикалық білім тек сезімдік таныммен шектелмейді, ол ойлаумен де қолданылады. Эмпирикалық білімге техникалық көсеткішін немесе қыңырын, ол мен көрмейтін заттың қалпы туралы. Ақпарат береді, басқаш айтсақ, эмпирикалық білімнің деңгейі әртүрлі техникалық қолдануымен байланысты, ол бақылауды ұйғарады, хаттаманы жүргізу, іс қағаздарды қолдануы. Мысалы, тарихшы архивпен және басқа да негіздерді қолданады. Эмпирикалық білім сезімдік танымнан жоғары деңгей болып табылады.
Ғылыми танымның эмпирикалық деңгейінде қолданылатын ең қарапайым әдіс -бақылау деп аталады. Оның мәні-зерттеу объектісін белгілі бір мерзім аралығында нысаналы ұйымдасқан түрде жүйелі бақылай отырып, ондағы өзгерістерді қадағалау.
Кейінгі жылдары болат, шойын, цемент т. б. затгардың орнына синтетикалық материалдар қолданылып жүр. Синтетикалық заттардың, қоршаған ортаны бүлдірудегі орны бір бөлек. Олар шірімейді, сол себептен табига ортаны (суды, топырақгы) пәрмеңді түрде ластап отырады.
Ғалымдардың болжауынша, егер қажетті шаралар дер кезінде қолданылмаса, 50 жылдан соң казіргі карқыңдағы өндіріс нәтижесінде темір тотығының топырақгағы және судағы мөлшері екі есе, ал мырыш пен қорғасындікі 10 есе, сынап, кадмий, стронций 100 есе, ал мышьяк - 250 есе көбейеді екен. Бұл элементтердің және олардың қосылыстарының, биосфераның белгілі бір бөлігінде көп мөлшерде жинақталуы, адамзат үшін қандай теріс өзгерістер туғызатынын болжау қиын емес.
Қалалардың саны мен олардың тұрғындары тез өсүіне байланысты, экологиялық жүйеге түсетін ауыртпалық үнемі күшейіп келеді. "urbs" латынша қала деген сөз ертеден белгілі болғанымен, " Урбанизм " немесе "урбанизаиия " түсінігі соңғы жылдары жиі қолдана бастады.
Халықтың қалада тұруға ұмтылуы, қаладағы тұрмысты ұнатуы урбанизация процесінің күшеюіне алып келді. Қазакстан республикасы да, дүниежүзілік урбанизация әсерінен тысқары қалған жоқ. Әсіресе, өнеркәсіп және қатынас кәсіпорындарын көптеп салу меи тың және тыңайған жерлерді игеру кезінде, қала саны, оның ішінде ірі қалалар саны тез өсті. Олардың тұрғындары, 45 жылда 5 еседен артық өсіп, халықтың басым көпшілігі қалада тұратын болды. Болжам бойынша, қалалар саны жақын арада көп өзгере қоймайды, ал қаладағы тұрғындар саны көп артуы ықтимал. Қала халқының тығыздығы, әсіресе Алматы, Қарағанды, Шымкент қалаларында бір шаршы километрге 200-ден аса адамнан келіп, экологиялық жағдайдың үнемі нашарлауына себеп болуды.
Дүние жүзінде 1850 жылы, халқының саны миллионнан астам 4 қала болса, 1920 жылы олардың саны 25-ке өсті; 1950 жылы олардың саны 90-ға, 1960 жылы 140-ка, 1970 жылы 160-қа жетті.
Қазақстан Республикасы 2717 мың шаршы км территорияны иемденіп жатыр. Қазақстанда - 14 облыс, 84 қала және 210 - дай қала типтес елді мекендер бар.
Ластану ұғымына, карастырылып отырған ортаға тән емес сипаттағы - физикалық, химиялық және биологаялық заттардың қосылуы немесе ұзақ жылдар бойы қалыптасқан сол зат мөлшерінің табиғи дәрежесінен артып кетуі жатады.
Тікелей ластанушы объектілер қатарына (ластайтын заттар
акцепторы) биотикалық қоғамдастықгың (экотоптық) негізгі
компоненттері: атмосфера, су, жер қыртысы кіреді. Ал, жанама
ластанушы объектілер қатарына, биоценоз қураушылары -
өсімдіктер, жан-жануарлар және микроорганизмдер жатады.
Ластаушы жүйе болып, тек қана өнеркәсіп немесе жылу-
энергетикалық комплек, орындары ғана саналмайды, сонымен
қатар, кунделікті тұрмыстағы тіршілік, мал шаруашылығы да
ластаушылар көзі болып табылады.Ластаушы заттар алуан түрлі: сан мыңдаған химиялық қосылыстар, оның ішінде металдар және оның тотыктары, улы заттар, газдар. Бір түрлі ластаушы заттар, әр түрлі ластаушы көздердің, ондағы іс-әрекеттер нәтижесі болуы мүмкін. Мысалы, атмосфераны ластайтын көмірсутектер - отынды жандырғанда, мұнай өңдеу және газ өндіру барысында пайда болады.
Ластаушы заттар мен оны қоршаған ортаға қалдық күйінде бөлетін ластаушы жүйелерді классификациялауды Р. Парсон ұсыңды. Бұл классификациялау - ластаушы зат түрін, оны бөлетін жүйені, оның салдарын және бақылау шамаларын қамтиды. Оның пайымдауынша, ластаушы түрлер болып негізінен мыналар саналады:
- сарқынды сулар және оттегін жугатын өзге қалдықгар;
- инфекцияны тасымалдаушы жүйелер;
- өсімдіктерге бағалы қоректік зат болып табылатын дуниелер;
- органикалық қышқылдар мен тұздар, минералдар;
- шайылу барысында түзілген шөгінділер (твердый сток) ;
- радиоактивті заттар;
Қоршаган ортаның бүлінуі табиғи апаттардан, атап айтқанда жер сілкініс, өрт және т. б. орын алса, оны табиғи (природные) деп, ал адамзат баласыңың іс-қимыл қарекегі барысында ластанса, оны а н т р о п о г е н д і деп атайды.
Антропогенді ластаушыларды мынадай түрге бөледі:
1) . Биологиялық - кездейсоқ, не адамзат іс-қарекеті нәтижесіңде ластануы;
2) . Механикалық - қоршаган ортаның, тек механикалық әсерлердің нәтижесінде ластануы;
3) . Химиялық - қоршаған ортаның химиялық құрамының өзгеріп, ұзақ жылдар бойы қалыптаскан әр түрлі зат мөлшерінің, қалыпты жағдайдан артып кетуі;
4) . Физикалық ластаңу - бұл бес түрге бөлінеді:
а) . Өнеркәсіп және жылу-энергетикалық комплекстердің жұмысы барысында қоршаған орта температурасының бұзылуы, мұны жылулык, немесе термальды - деп атайды.
ә) . Жарықтық - жергілікті жерлердің табиғи жарык көздерінен басқа, жасанды жарық көздері арқылы, өсімдік және жануарлар дүниесінің тіршілік ету жағдайының өзгеріске ұшырауы;
б) . Шу, дабыл нәтижесінде;
в) . Электромагнитті толқындардың шектен тыс артуы;
г) . Радиоактивті ластану.
5) . Микробиологиялық ластану - адамның тіршілік етуі барысыңда, антропогенді жүйелерде немере ортада әр тұрлі ауру тарататын зиянкес микроорганизмдердін көбеюі.
Сонымен, экологиялық тұрғыдан, ластану ұғымына мынадай анықтама беруге болады: Қоршаған ортаның ластануы - кез келген экологиялық жүйеге, оған тән емес сипаттағы жанды жансыз компоненттердің қосылуы немесе құрылымының өзгеруі нәтижесінде, экожуйенің - зат, энергия алмасуы бұзылып, өнімділігінің төмендеуі.
Кең ауқымдағыы кедергілер ілімі (теории помех) тұрғысынан ластану кұбылысын топтауға болады. Атом бомбаларын сынау, атом электр станцияларын пайдалану көбейген сайын, радиоактивті қалдықтар саны да арта түсуде.
Бір элементтің ауыр ядросы ыдырау нәтижесінде басқа элементтердің екі жеңіл ядросын түзуі ядролық реакцияның негізін құрайды (14-сурет) . Екі жеңілдеу адро қосылып басқа элементпң бір ауыр ядросын түзуін ядролық синтез дел атайды. Екі жағдайда да, реакция өнімдері массаларының қосыңдысы бастапқы материалдар массасынан аз. "Жоғалған" масса, А. Эйнштейн ашқан Е=тс 2 қатынасы арқылы анықталатын фундаментальды заңдылыққа сәйкес энергияға айналады. Ядролық реакция кезінде бөлініп шыққан энергия мөлшері орасан үлкен. 1 кг заттың ядроларының кезде ыдыраған немесе қосыжан эффекгісі атом бомбасының жарылысы шамасындай болады. АЭС-терде жүрегін негізгі процесс - басқару арқылы жүргізілетін ыдырату; бұл кезде энергия біртіндеп жылу түрінде бөлініп шығады да, суды буландыруға жұмсалады, ал ол өз кезенде турбогенераторларды қозғалысқа келтіріп, электр энергиясын алуға мумкіндік береді.
Қоршаған ортаның радиоактивті заттармен ластануы, әсіресе осы уақытқа дейін, жарылыс жасайтын полигондардағы радионуклидтер есебінен болып келді. Бір ғана Семей полигонында - 260-тай ауада, 300-ден аса жер астында жарылыстар жасалды. Бұл өлкеде 1949 жылдан бері сутегі бомбалары, әр түрлі әскери қарулар үшін жарылыссынактар құпия турде жүргізіліп келді. Мұнан басқа да - Батыс Қазақстанда, Атырауда, Маңғыстауда, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан облыстарында үлкенді-кішілі 20-дан аса жарылыстар болды. Тіпті, жер астынан газ сақгайтын қоймалар жасау үшін де жарылыстар жүргізілді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz