Жоғары оқу орнындағы интеллектуалды тұлғаның шығармашылық іс-әрекетін белсендіруді теориялық тұрғыда негіздеу


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
- Болашақ педагог-психологтардың интеллектуалдық қабілетін қалыптастырудың теориялық негіздері. Ғылыми - педагогикалық әдебиеттердегі болашақ мамандардың интеллектуалдық қабілетін қалыптастырудың педагогикалық - психологиялық жәйі және оның оқыту үдерісіндегі көрінісі . . . 5Жаңа білім заманына лайықты интеллектуалды тұлға дамуына психологиялық ықпал . . . 14
2. Болашақ педагог-психологтардың интеллектуалдық қабілетін қалыптастырудың педагогикалық-психологиялық шарттары.
2. 1. Болашақ педагог-психологтардың интеллектуалдық қабілетін қалыптастырудың әдістері мен түрлерін жетілдіру . . . 33
2. 2. Жеке тұлғаның интеллектуалдық қызығушылығын қалыптастыру
моделі . . . 48
- Болашақ педагог-психологтың интеллектуалдық қабілетін қалыптастыру бойынша жүргізілетін тәжірибелік-экспериметтік жұмыстардың нәтижесі . . . 54
Қорытынды . . . 57
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 58
Қосымшалар . . . 60
КІРІСПЕ
Қазақстанның әлемдік үрдістерге кірігуі, дамыған елдердің стандарттарына деген ұмтылысы еліміздің жаңа сапалық деңгейге жылдам өту қажеттілігін туындатуда. Осыған орай қазіргі кезде жасалып жатқан реформалар даму институттарының қалыптасуына немесе өсуден түрақты даму кезеңіне өтуге бағытталған. Қоғамның әлеуметтік-экономикалық және саяси бағыттардағы өрлеуіндегі осындай өзгерістер өмірдің барлык саласындағы интеллектуалды тұлғаның мәртебесін көтеріп, мерейін үстем етуде.
Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымды ойлай білетін мамандарсыз инновациялық экономика құра алмайтындығымыз жайлы еліміздің президенті Н. Ә. Назарбаевтың үстіміздегі жылғы Қазақстан халыктарына арнаған «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңынды» атты Жолдауында ерекше аталып өтіліп, Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін, экономикалық және қоғамдық жаңару кажеттіліктеріне сай білім керектігіне назар аударылған болатын. Осыған орай жүріп жатқан модернизациялау үрдісі - республикадағы білімнің сапасын арттырып, оның халықаралық білім кеңістігіне кірігуіне деген қажеттіліктерін қанағаттандырады, еліміздің өркендеген елдердің катарынан көрінеміз деген талабына түғыр болады деп күтілуде.
Интеллектуалдық білім - адамзаттың терең және үйлесімді дамуын бекітетін қүралдардың бірі, прогрестің, әлеуметтік тұрақтылық пен үлттық қауіпсіздіктің маңызды факторы.
Егеменді еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жасалынып жатқан талпыныстар оқытудың әр түрлі инновациялық әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, терең білімді, ізденімпаз, барлық іс-әрекетінде интеллектуалды әрекет ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеке тұлғаны қалыптастыру ісіне ерекше мән берілуде.
Интеллектуалды, білімді жастар ғана егеменді еліміздің ертеңін баянды етіп, қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қоса алады. Сондықтан студентттер оқытушы берген білімді, іс-әрекет тәсілдері мен бағалау өлшемдерін қамтитын қоғамдық және ұжымдық тәжірибе тағылымдарын игеріп қана қоймай, оны әрі қарай өзінің белсенді, нысаналы, зерделі интеллектуалды іс-әрекетімен сабақтастыруға тиіс. Осыған орай, студенттердің интеллектуалды белсенділігін қалыптастыруды арнайы ұйымдастыру - оқу үрдісін жетілдірудің негізгі шарты болып табылады. Оны жүзеге асыру студенттердің интеллектуалды белсенділігі мен ізденімпаздығын ынталандыруға септігін тигізетін оқу үрдісін ұйымдастырудың тәсілдерін, әдістері мен нысандарын іздестіруге өзекті сипат береді.
Студенттердің интеллектуалды белсенділігін, ақыл-ой қабілеттерін дамытуда, оқуға қажетті біліктер мен дағдылар, алған білімнің саналылығы және біліктілігін қамтамассыз етуде көрнекіліктер мен инновациялық технологиялардың маңызы зор. Интеллектуалды әрекеттің негізінде студенттерде креативтілік белсенділік қалыптасады. Интеллектуалды белсенділік - студенттің оқуға, білуге деген құштарлығының, ынта-ықыласының ерекше көрінісі. Студенттердің креативтілік және интеллектуалды белсенділігін қалыптастыруда оқу материалдарының маңыздылығы дәрежесіне қарай оның құндылығын анықтай білу, сабақ беру мен оқу үрдісін ұйымдастыра білудің маңызы зор.
Егер жеке тұлғаның өз тарапынан интеллектуалды және креативтілік белсенділікті қалыптастыру әрекеттеріне бақылау жасамаса, ізденіс нәтижесі бағаланбаса, жетістіктерге жетуге болады деп айту қиын. Өзгелердің тарапынан болатын бақылаудан гөрі, студент өз білім деңгейіне, біліктері мен дағдыларына сын көзбен қарап, бақылау жасауы, оның білімді сапалы меңгеруіне жұмыстың нәтижесін көруде барынша көмектесетіні белгілі .
Ғылыми психологиялық-педагогикалық еңбектерді және біліктілікті арттырудың нақты тәжірибесін талдау барысында төмендегі қарама-қайшылықтарды анықтауға мүмкіндік алдық: қазіргі біліктілікті арттыруды ұйымдастыру практикасы мен онда болашақ мамандарда өз интеллектуалдық пен шығармашылығының дамытуының мүмкіндіктерінің толық пайдаланылмауы арасындағы. Бұл қарама-қайшылықтар педагогикалық теория мен практикада болашақ мамандардың біліктілігін дамытудың тұғыры неде, қандай заңдылықтарға негізделеді; проблеманы тиімді шешудің педагогикалық шарттары мен тетіктері қандай деген мәселелерді туындатып, оны теориялық-әдіснамалық және технологиялық деңгейде қарастыруды талап етеді. Бүл зерттеу тақырыбын « Интеллектуалды тұлғаны қалыптастырудың педагогикалық-психологиялық негіздері » деп алуға негіз болды.
Зерттеу объектісі. Жоғарғы оқу орнындағы оқу үрдісі.
Зерттеу пәні. Жоғары оқу орнындағы интеллектуалды тұлғаны қалыптастырудың педагогикалық-психологиялық шарттар жиынтығы.
Зерттеудің мақсаты. Жоғары оқу орнындағы интеллектуалды тұлғаның шығармашылық іс-әрекетін белсендіруді теориялық тұрғыда негіздеп, жобасын жасау.
Зерттеудің болжамы.
Зерттеу міндеттері:
1. Интеллектуалды тұлғаның шығармашылық іс-әрекеттерін белсендіру проблемасын теориялық тұрғыда неіздеу және оны қазіргі кезең жағдайында дамытудың перспективалық бағыттарын айқындау.
2. Бәсекеге қабілетті болашақ мамандардың интеллектуалды шығармашылық іс-әрекеттерін белсендірудің педагогикалық - психологиялық шарттарын жасау :
- инновациялық технологиялар арқылы.
3. Жоғары оқу орнындағы студенттердің интеллектуалды белсенділігін қалыптастырудың нақты жобасын жасау және оның тиімділігін тәжірибе жүзінде тексеру.
Зерттеудің көкейкестілігі: Қазақстанның әлемдік үрдістерге кірігуі, дамыған елдердің стандарттарына деген ұмтылысы еліміздің жаңа сапалық деңгейге жылдам өту қажеттілігін туындатуда. Осыған орай қазіргі кезде жасалып жатқан реформалар даму институттарының қалыптасуына немесе өсуден түрақты даму кезеңіне өтуге бағытталған. Қоғамның әлеуметтік-экономикалық және саяси бағыттардағы өрлеуіндегі осындай өзгерістер өмірдің барлык саласындағы шығармашыл тұлғаның мәртебесін көтеріп, мерейін үстем етуде.
Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымды ойлай білетін осы заманғы мұғалімдерсіз инновацияльқ экономика құра алмайтындығымыз жайлы еліміздің президенті Н. Ә. Назарбаевтың үстіміздегі жылғы Қазақстан халыктарына арнаған «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңынды» атты Жолдауында ерекше аталып өтіліп, Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін, экономикалық және қоғамдық жаңару кажеттіліктеріне сай білім керектігіне назар аударылған болатын [1] .
Білім - адамзаттың терең және үйлесімді дамуын бекітетін қүралдардың бірі, прогрестің, әлеуметтік тұрақтылық пен үлттық қауіпсіздіктің маңызды факторы. Осыған орай бүрынғы мәдени тәжірибені жеткізуге бағытталған, үлгі бойынша оқытатын репродуктивті, жеке адамның қызығушылықтарынан мемлекеттік мүддені жоғары коятын білімнен адамның өзін танымның биік баспалдақтарына қарай жетектеп отыратын «өмір бойы» алатын білімге бағытталу жүзеге асырылуда. Білім беру үрдісі адамның ішкі табиғи мүмкіндіктерін ашып, әр адамның өзінің «Менін» сезінуге, толықтыруға көмектесетіқцей, сыртқы әлеммен әлеуметтік карым-қатынастарда өз орынын табуға, өзін шығармашылықпен өзгертуде белсенділік танытуға ықпал етуі тиіс деп есептелінеді.
Педагогикалық білім дәстүрге бай. Алайда, педагогика сол дәстүрліліктердің бүгінгі күннің мәселесін шеше алмайтын немесе шешудегі тиімділігінің төмен болып түрған кезеңіне өтті. Осыған орай жүріп жатқан модернизациялау үрдісі - республикадағы білімнің сапасын арттырып, оның халықаралық білім кеңістігіне кірігуіне деген қажеттіліктерін қанағаттандырады, еліміздің өркендеген елдердің катарынан көрінеміз деген талабына түғыр болады деп күтілуде.
Модернизациялаудың күқықтық негіздерін Мемлекеттік «Білім» бағдарламасы [2], Қазақстан Республикасы стратегиялық дамуының 2010-жылға дейінгі бағдарламасы [3], Қазақстан Республикасы білімді дамытудың 2005-2010-жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы [4], Қазақстан Республикасы білім беру жүйесін дамытудың 2015-жылға дейінгі тұжырымдамасы [5], Қазақстан Республикасы мамандар біліктілігін арттыру мен қайта даярлаудың ережесі мен тәртібі [6], Қазақстан Республикасы жоғарғы педагогикалық білім тұжырымдамасы [7], Қазақстан Республикасы педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау жүйесін дамыту тұжырымдамасы [8] және де басқа мемлекеттік нормативті құжаттар қүрайды. Білім саласына жүктеліп отырған осындай міндеттерді жүзеге асыратын, барлық реформалардың басты кейіпкерлері мұғалімдер - жаңа формация мұғалімі деп қабылданып, олар: рухани-адамгершілікті, азаматтық белсенді, рефлексияға қабілетті, шығармашыл, акпараттық, коммуникативтік, әлеуметтік-тұлғалық құзырлылықтары қалыптасқан, әдіснамалық, зерттеушілік, әдістемелік деңгейі жоғары тұлға ретінде сипатталады [9] .
Ал ондай мамандардың қалыптасуы жоғарғы оқу орындарында басталып одан кейінгі біліктілікті арттыру жүйесінде әрі қарай дамуы тиіс. Бүкіл адамзаттың бар білетіні әрбір төрт жыл сайын екі есе үлғайып отырады деген деректерге сүйенсек, онда казіргі адамның өмірінің соншалықты жылдамдығы біліктілікті арттыру жүйесінің дер кезінде және үнемі жетілдіріліп, мектеп тәжірибесінен озып отыруын талап етеді.
Жаңа жағдайда білім беру ұйымдары іс-әрекетінің негізгі нәтижесі тек білім, іскерлік және дағды жүйесі ғана емес, керісінше зиялы, саяси-қоғамдық, коммуникациялық, ақпараттық және басқа салаларындағы мемлекет тапсырыс беріп отырған негізгі құзырлылықтардың жиынтығы болуына назар аударылады, Білім беру қызметкерлерінің біліктілікті арттыру жүйесінің сапалы өзгерістерге қол жеткізуі үшін оларды әдістемелік-ұйымдастырушылық іс-әрекетінен зерттеу-әдістемелік іс-әрекетіне, Мұғалімді педагогикалық нақты жағдайларға тез бейімдеу, оның шығармашылық ұмтылыстарын қанағаттандыру ұстанымдарына көшіру өзекті болып отыр [10] .
Оқыту үрдісінде студенттердің ойлау қабілетін дамыту үшін осы кезге дейін мамандардың пәндік кәсіби аймақтары аясында қызмет етіп келген біліктілікті арттыру жұмысындағы тәжірибеге түбегейлі өзгерістер енгізу қажеттілігі күн санап артып отыр деуге болады. Сондықтан болашақ педагог-психологтар мен басқа да педагогикалық мамандардың біліктілігін арттыру ісімен айналысып отырған жүйенің де өз жұмысының мазмұнын, құрылымын өзгертіп, жаңа дидактикасын жасау кезек күттірмейтін өзекті мәселелер қатарына жатады.
Біздің ойымызша болашақ педагог-психологтардың білімін көтеру ісі ең алдымен оның өзіне қарай бағытталғанда ғана ұстаздардың өз санасын дамытып, атқарып отырған қызметінің мәнін терең үғынуы, соған сәйкес өзін - өзі жетілдіру интеллектуалдық қабілеттерін қалыптастыруды, кәсіби шығармашылықтың биіктеріне жетуді қамтамасыз ететін болады. Бұл мамандардың кәсіби шеберлігін арттыру жүмысын олардың «дамуының жақын аймағында» ұйымдастыру жағдайына көшіруді және сол арқылы әр педагог-психологты жаңа белеске көтеріп, педагогикалық еңбекті шығармашылық деңгейге шығаруды нәтижелі етеді.
Біліктілікті арттыру жүйесін кұрудың теориялық, әдіснамалық тұғырларын айқындау міндеттерін алдыңғы катарға шығарады. Адам бойындағы ашылмаған мүмкіндіктерін жетілдірудің мәні мен маңызы, шығармашылық бастаулардың көзін ашу сияқты көпқырлы, күрделі мәселе өзінің тамырын адамзат тарихының тереңінен алады. Зерттеу барысында антикалық дәуір философтары (Гераклит, Сократ), жаңару кезеңінің ойшылдарының (Ж. Ж. Руссо, К. Гельвеций, Д. Дидро, т. б. ), субъективті идеализм теориясы өкілдері (И. Кант, Л. Фейербах, И. Фихте, т. б), шығыстың көрнекті ойшылдары (Жүсіп Баласағүн, Әбу Насыр әл-Фараби, Ш. Уәлиханов), ақындар (А. Құнанбаев, Ш. Құдайбердиев, С. Торайғыров), ағартушылар (Ы. Алтынсарин, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, т. б. ) еңбектерінде адамның жеке басын дамыту, ішкі мәнді күштерін дамытуға ерекше мән берілгендігі анықталды [11] .
Болашақ мамандарды дайындаудағы тұтас педагогикалық үрдістің теориясы мен практикасы (Н. Д. Хмель, А. А. Бейсенбаева, С. Т. Каргин, Қ. К. Жампеисова, т. б) [12; 13; 14; 15] ; Мұғалімдердің зерттеушілік мәдениетін қалыптастыру (Ш. Таубаева, т. б. ) ; болашақ мамандардың креактивтілігін зерттеуге (Б. Оспанова) мәселелері кеңінен қарастырылады.
Сонымен ғылыми-философиялық, психологиялық-педагогикалық еңбектерді және біліктілікті арттырудьщ нақты тәжірибесін талдау барысында төмендегі қарама-қайшылықтарды анықтауға мүмкіндік алдық:
- қазіргі біліктілікті арттыруды ұйымдастыру практикасы мен онда болашақ педагог-психологтардың өз интеллектуалдық қабілетін дамытуының мүмкіндіктерінің толық пайдаланылмауы арасындағы.
Бұл қарама-қайшылықтар педагогикалық теория мен практикада студенттердің ойлау қабілетін дамытудың тұғыры неде, қандай заңдылықтарға негізделеді; проблеманы тиімді шешудің педагогикалық шарттары мен тетіктері қандай деген мәселелерді туындатып, оны теориялық-әдіснамалық және технологиялық деңгейде қарастыруды талап етеді. Бұл зерттеу тақырыбын « Болашақ мамандардың интеллектуалдық қабілетін қалыптастыру » деп алуға негіз болды.
Зерттеудің мақсаты: Оқыту үрдісінде студенттердің ойлау қабілетін дамытудың теориялық - әдіснамалық негізін жасау;
Зерттеудің объектісі: жоғары оқу орны үрдісі
Зерттеудің пәні: оқыту үрдісінде болашақ педагог-психологтың ойлау қабілетін дамытудың теориясы мен практикасы.
Зерттеу әдістері: зерттеу алдына қойған мәселелерді шешу және ғылыми болжамды тексеру - философиялық, психологиялық-педагогикалық еңбектерге теориялық талдау жасау, салыстыру, нақтылау мен жинақтау, сұрақ-жауап алу, сауалнама жүргізу, әңгімелесу, тестілеу, әдістері арқылы қамтамасыз етілді.
Диплом жұмысы екі тараудан, кіріспеден, қорытынды және пайдаланған әдебиеттерден тұрады.
І Болашақ педагог-психологтардың интеллектуалдық қабілетін қалыптастырудың теориялық негіздері.
1. 1Ғылыми- педагогикалық әдебиеттердегі болашақ мамандардың интеллектуалдық қабілетін қалыптастырудың педагогикалық - психологиялық және оның оқыту үдерісіндегі көрінісі
Білім берудің жаңа бағыттарының басты ерекшелігі - оқытудың нәтижесін алдын-ала болжап, тұлғаның қызығушылықтары мен ізденімпаздығы негізінде білімі мен біліктерін жетілдіріп, оны сана «сүзгісінен» терең зерделей отырып, интеллектуалды тұлғаны үнемі дамытуға және рухани толысуға ұмтылысын қалыптастыруды бағдар тұтады.
Білім беру процесін жаңаша ұйымдастыру оның философиялық, педагогикалық-психологиялық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді.
Болашақ педагог-психологтардыңт интеллектуалды қызығушылық - жеке тұлғаның ізденімпаздық шығармашылық қабілет сапасын дамытудың негізгі өзегі болып табылады. Сондықтан интеллектуалды тұлғаны дамуына, оның рухани жетілуінде мәні терең, мотивациялық, білімділік бағдар құндылығы ретінде танылуының маңызы зор. Көтеріліп отырған мәселенің өзектілігі ҚР«Білім туралы» Заңында, ҚР стратегиялық дамуының «Қазақстан - 2030», т. б мемлекеттік бағдарламаларында басты принциптері ретінде интеллектуалды тұлғаны дамыту, білім берудің дамытушы сипатын арттыру мәселелерінде басты міндеттер қатарында қойылған.
Демек, болашақ жастарымыздың кәсіби құзырлы, интеллектуалды болуын қамтамасыз ететін оқытудың жаңа парадигмасы оқытудың субъектін және оқушының әлеуетіне тікелей әсері мол шығармашылық қызығушылығын, интеллектуалдық қалыптастырудың теориялық, әдіснамалық, дидактикалық тұғырларын айқындау міндеттерін алдыңғы қатарға шығарады.
Жеке тұлға бойындағы ашылмаған, сыры мол мүмкіндіктерді дамытудың бастау көзі - интеллектуалдық қызығушылықты қалыптастыру мәселесі өзінің тамырын адамзат дамуы тарихының тереңінен алады.
Ежелгі дәуір философтары (Аристотель, Демокрит, Платон, Сократ, шығыстың көрнекті ойшылдары Әл-Фараби, Махмуд Қашқари, Жүсіп Баласағұн, Ибн-Сина, Қ. А. Иассауи), жаңару кезеңінің ағартушылары (Я. А. Коменский, Дж. Локк, Ж. Ж. Руссо, И. Г. Песталоцци, А. Дистервег т. б. ), орыс педагогтары (К. Д. Ушинский, А. С. Макаренко, В. А. Сухомлинский т. б. ), қазақтың ағартушылары (Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, Ш. Құдайбердиев, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, М. Дулатов, Ж. Аймауытов т. б. ) еңбектерінде адамның дара мүмкіндіктерін ашу, ішкі рухани күштерін дамыту мәселелеріне ерекше мән берілгені анықталды.
Болашақ педагог-психологтардыңт интеллектуалдық қабілетін қалыптастырудың жаңашылдығы (М. Н. Сарыбеков, Т. М. Әлсатов, Ш. Т. Таубаева, О. Салимбаев, , Қ. Бұзаубақова, т. б. ), қазақ педагогикасының негізінде жеке тұлғаның жан-жақты дамуы теориялық-әдіснамалық тұрғыдан қарастырылуы (Қ. Б. Бөлеев, Ж. Асанов, С. А. Ұзақбаева, К. Ж. Қожахметова, Қ. Б. Жарықбаев Х. Шалғынбаева, Ә. Табылдиев, Қ. Ыбыраимжанов, т. б. ), жеке тұлғаның креативтілік қабілетін дамыту және көркем өнер интеллектуалдық жетілдірудің бағыттары (Б. А. Оспанова, Қ. Ералин, Р. Омарова, т. б. ), зерттеулерінің маңыздылығы жоғары. Қазақстандық психолог Ж. И. Намазбаеваның жеке тұлғаны дамыту тұжырымдамасы ерекше назар аудартады. Л. С. Выготский бойынша тұлғаны дамытудың әлеуметтік мәнін ашып, А. Н. Леонтьевтің іс-әрекеттілік теориясы мен Д. В. Элькониннің танымдық теориясының тұлғалық аспектілеріне арқа сүйейді. Өзекті мәселені көре білетін, ой ұшқырлығы мен ізденімпаздық іс-әрекеті қалыптасқан білімі мен біліктерін өмірдің өзгермелі жағдайына қарай оңтайлы пайдалана алатын, танымдық дербестігі жоғары деңгейдегі интеллектуалды тұлға қазіргі білім беру стратегиясының мақсат-мұраты
Соңғы жылдардағы қоғамдық және әлеуметтік өмірде болып жатқан елеулі өзгерістер мектеп жағдайында білім берудің қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарға сын көзбен саралай отырып бағалауды, жастардың интеллектуалдық қабілетін әлеуетін дамытуды талап етеді.
Егеменді еліміздің білім беру жүйесі әлемдік деңгейге жету үшін жасалынып жатқан талпыныстар, оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, терең білімді, ізденімпаз, интеллектуалдық барлық іс- әрекетттерінде шығармашылық бағыт ұсынатын, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын маман етіп тәрбиелеу ісіне ерекше мән берілуде.
Білім беру және оқыту теориясының әдіснамалық негізі - таным теориясы, студент тұлғасын жан-жақты және үйлесімді қалыптастыру туралы ілімі болып табылады. Бұл теория интеллектуалдық қабілетін қалыптастыру және оқытуды арнайы ұйымдастырылатын іс-әрекет ретінде қарастырылады. Білім беру және оның оқыту үдерісіндегі теориясьшың студенттерді оқыту мәселесіндегі талаптарының бірі - интеллектуалдық белсенділік пен.
Бұл талаптың орындалуы студенттердің оқу материалын түсінуге, ескіні жаңамен байланыстыруға, негізгісі мен қосымшасын анықтауға, оған білімдерін тәжірибеде пайдалануға, өз пікірлерінде оларға сүйену ұмтылысынан көрінеді. Білімді саналы меңгеру өз бетімен жаңа білім алуға мүмкіндік беретін ақыл-ой еңбегінің өзіндік тәсілдерін игермейінше интеллектуалдық қабілетін қалыптастыру іске аспайды. Студенттердің белсенділік интеллектуалдық іс-әрекетінің көздейтін мүддесі - білімнің қоғамдық мәнін ұғыну, қоғамға қызмет ету қарқынын үдету қажеттігі негізінде дамиды. Белсенділіктің ең жоғарғы көрінісі студенттердің алған білімдерін өмірде, тәжірибеде нәтижелі пайдалана алуы болып табылады.
Студент ақпаратты, іс-әрекет тәсілдері мен бағалау өлшемдерін қамтитын қоғамдық және жеке адам игерген ұжымдық тәжірибенің фрагменті жөнінде оқытушының беретін білімімен шектеліп қана қоймай, оны әрі қарай өз бетінше белсенді, нысаналы когнитивті іс-әрекеті нәтижесінде игеруі тиіс. Осыдан келіп, оқыту барысында студенттің іс-әрекетінде интеллектуалдық қабілетін белсенділікті қалыптастыру талабы туындайды.
Интеллектуалдық іс-әрекет ұғымы мен интеллектуалдық белсенділікті қалыптастыру проблемасына педагогтар, психологтар, әдіскерлердің көптеген еңбектері арналған. Көне замандағы Антик дәуірдің өзінде-ақ ойшылдар мен педагогтар студенттердің өзіндік ой-түжырымын жасау оны дамыту үшін репродуктивті және эвристикалық әдістер жайлы мәселелерге көңіл бөлген. Студенттердің ақыл-ой тәрбиесіне негізделген тәрбие теориясында айналасындағы дүниені шынайы ақиқат тұрғыда танып-білуін қамтамасыз етуі мен қоғамға, адамдарға дұрыс қарым-қатынасын қалыптастырылуын қарастырады. Бұл идеялар Платон, Аристотель, сондай-ақ ежелгі Рим философтары Плутарх, Тапит, Квинтилин еңбектерінде одан әрі дами түсті
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz